Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД)



1 Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД) дерті
2 СПИД.тің емі кеңес беру
9 Мамыр: Жеңіс күні !
Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД) дерті алғаш тіркелген 1987 жылдан бері қауіпті вирустың таралуын азайту үшін онымен күресу және алдын алу шараларын жасау әдісі әлі өз деңгейіне жеткен жоқ.
Республикамызда АҚТҚ (ВИЧ) жұқтыратындар саны кему былай тұрсын, жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан да ЖҚТБ-пен (СПИД) ауратындар санының өсуі біздегі өзекті проблема. Әлемдік сарапшылардың айтқан Орталық Азияда АҚТҚ (ВИЧ) қоздырғышын жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін деген қауіпі шындыққа айналып отыр.
Республикалық ЖҚТБ (СПИД) орталығының 2006 жылдың 1 маусымындағы мәліметіне сүйенсек, Қазақстан да тіркелген АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырғандар саны 6 363 болса, соның 745-сі АҚТҚ/ЖҚТБ (ВИЧ/СПИД) дертінен қаза болған. Бұл тек ресми тіркелгені ғана. Ал БҰҰ –ның мәліметі бойынша Қазақстанда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны әлдеқашан 50 мыңнан асып кеткен. Егер осы дерттің еліміздің барлық аймағын қамтып алғанын ескерсек, дабыл қағып, алдын алу шараларын күшейтуіміз қажет. Бүгінде эпидемиологтардың қатты алаңдаушылығын тудырып отырған Алматы қаласы. Тіркелгендердің 10% көбін осы алматылықтар құрайды. 1 млн. 200 мың тұрғылықты, 1,5 млн. жуық сырттан келуші халқы бар алып қаланың кейінгі бес-он жылда нашақорлар мен жезөкшелердің, әйтеуір ақша табу үшін қылмыстық әрекет болса да «кәсіп» қылып жүргендердің ордасына айналып кетуі де себеп болып отыр.
Қазіргі кезде АҚТҚ-н (ВИЧ) жыныстық қатынас арқылы жұқтыру жылдан жылға артып келе жатқандығы шындық. 2001 жылы жыныстық қатынас жолымен жұқтырғандар 5 % құраса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 22 % жетіп отыр.
Республикалық ЖҚТБ (СПИД) орталығының мәліметтері бойынша, барлық тіркелгендердің 76,1% - ерлер, 23,9% әйелдер құрайды екен. ҚР Үкіметінің 2001-2005 жылдарға арналған АҚТҚ/ЖҚТБ –ге (ВИЧ/СПИД) қарсы мемлекеттік бағдарламасы өткен жылы аяқталды. Ал ұсынылған 2006-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама Үкіметтің жайбарақаттығынан әлі жұмысқа қабылданған жоқ.
Мемлекетімізге Ғаламдық қордан ЖҚТБ (СПИД), туберкулез, малярия ауруларына қарсы күрес жүргізу үшін 22,4 миллион доллар және Дүниежүзілік банктен 27 миллион доллар грант бөлінген. Сол қаржы өз орнына есеппен жұмсалмады деген заңды сұрақ бас көтеретіні анық.
Қазақстанда 22 ЖҚТБ (СПИД) орталығы жұмыс істейді. Есепке алу, кеңес беру, емдеу істерімен айналысатын осы орталықтың мамандары АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырушыларды емдеу ісінің жеткіліксіз екенін айтады. ЖҚТБ (СПИД) ауруымен ауыратын бір адамды «Зидовудин» деген қоздырғышқа қарсы препаратпен емдеудің құны 6,5-7 мың АҚШ доллары тұрады. Балалар мен жүкті әйелдерге ғана тегін берілетін бұл препаратты Қазақстанда елу-ақ ауру тұтынады екен. Осыдан кейін біздегі АҚТҚ/ЖҚТБ-ге (ВИЧ/СПИД-ке) қарсы күрестің жағдайын пайымдауға болады...
Соның салдарынан болу керек, осы қатерлі жұқпалы ауру екі миллионнан астам тұрғыны бар еліміздің Оңтүстігінде бас көтерді.
19 шілдеде АҚТҚ (ВИЧ)-жұқпалы қоздырғышымен ауырған балалар 6 болса, 17 тамызда 27 бала, 31 тамызда – 40, 4 қыркүйекте олардың саны 43-ке жетіп отыр. Келешекте олардың саны канша болатынын ешкім білмейді.
Үкімет басшылары кінәлі адамдарды іздегенше, мемлекеттік деңгейде осы обаны тоқтатудың шұғыл тұжырымдамасын іске асыруы қажет. Уақыт күтпейді. Бұл аурудың бүкіл елге тарау қаупі төнгенін мойындамасқа болмайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД) дерті алғаш тіркелген 1987 жылдан бері қауіпті
вирустың таралуын азайту үшін онымен күресу және алдын алу шараларын жасау
әдісі әлі өз деңгейіне жеткен жоқ.
Республикамызда АҚТҚ (ВИЧ) жұқтыратындар саны кему былай тұрсын, жыл сайын
өсіп келеді. Сондықтан да ЖҚТБ-пен (СПИД) ауратындар санының өсуі біздегі
өзекті проблема. Әлемдік сарапшылардың айтқан Орталық Азияда АҚТҚ (ВИЧ)
қоздырғышын жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін деген қауіпі шындыққа
айналып отыр.
Республикалық ЖҚТБ (СПИД) орталығының 2006 жылдың 1 маусымындағы мәліметіне
сүйенсек, Қазақстан да тіркелген АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырғандар саны 6 363 болса,
соның 745-сі АҚТҚЖҚТБ (ВИЧСПИД) дертінен қаза болған. Бұл тек ресми
тіркелгені ғана. Ал БҰҰ –ның мәліметі бойынша Қазақстанда қауіпті вирусты
жұқтырғандар саны әлдеқашан 50 мыңнан асып кеткен. Егер осы дерттің
еліміздің барлық аймағын қамтып алғанын ескерсек, дабыл қағып, алдын алу
шараларын күшейтуіміз қажет. Бүгінде эпидемиологтардың қатты алаңдаушылығын
тудырып отырған Алматы қаласы. Тіркелгендердің 10% көбін осы алматылықтар
құрайды. 1 млн. 200 мың тұрғылықты, 1,5 млн. жуық сырттан келуші халқы бар
алып қаланың кейінгі бес-он жылда нашақорлар мен жезөкшелердің, әйтеуір
ақша табу үшін қылмыстық әрекет болса да кәсіп қылып жүргендердің
ордасына айналып кетуі де себеп болып отыр.
Қазіргі кезде АҚТҚ-н (ВИЧ) жыныстық қатынас арқылы жұқтыру жылдан жылға
артып келе жатқандығы шындық. 2001 жылы жыныстық қатынас жолымен
жұқтырғандар 5 % құраса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 22 % жетіп отыр.
Республикалық ЖҚТБ (СПИД) орталығының мәліметтері бойынша, барлық
тіркелгендердің 76,1% - ерлер, 23,9% әйелдер құрайды екен. ҚР Үкіметінің
2001-2005 жылдарға арналған АҚТҚЖҚТБ –ге (ВИЧСПИД) қарсы мемлекеттік
бағдарламасы өткен жылы аяқталды. Ал ұсынылған 2006-2010 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарлама Үкіметтің жайбарақаттығынан әлі жұмысқа қабылданған
жоқ.
Мемлекетімізге Ғаламдық қордан ЖҚТБ (СПИД), туберкулез, малярия ауруларына
қарсы күрес жүргізу үшін 22,4 миллион доллар және Дүниежүзілік банктен 27
миллион доллар грант бөлінген. Сол қаржы өз орнына есеппен жұмсалмады деген
заңды сұрақ бас көтеретіні анық.
Қазақстанда 22 ЖҚТБ (СПИД) орталығы жұмыс істейді. Есепке алу, кеңес беру,
емдеу істерімен айналысатын осы орталықтың мамандары АҚТҚ (ВИЧ)
жұқтырушыларды емдеу ісінің жеткіліксіз екенін айтады. ЖҚТБ (СПИД) ауруымен
ауыратын бір адамды Зидовудин деген қоздырғышқа қарсы препаратпен
емдеудің құны 6,5-7 мың АҚШ доллары тұрады. Балалар мен жүкті әйелдерге
ғана тегін берілетін бұл препаратты Қазақстанда елу-ақ ауру тұтынады екен.
Осыдан кейін біздегі АҚТҚЖҚТБ-ге (ВИЧСПИД-ке) қарсы күрестің жағдайын
пайымдауға болады...
Соның салдарынан болу керек, осы қатерлі жұқпалы ауру екі миллионнан астам
тұрғыны бар еліміздің Оңтүстігінде бас көтерді.
19 шілдеде АҚТҚ (ВИЧ)-жұқпалы қоздырғышымен ауырған балалар 6 болса, 17
тамызда 27 бала, 31 тамызда – 40, 4 қыркүйекте олардың саны 43-ке жетіп
отыр. Келешекте олардың саны канша болатынын ешкім білмейді.
Үкімет басшылары кінәлі адамдарды іздегенше, мемлекеттік деңгейде осы обаны
тоқтатудың шұғыл тұжырымдамасын іске асыруы қажет. Уақыт күтпейді. Бұл
аурудың бүкіл елге тарау қаупі төнгенін мойындамасқа болмайды.
Біздіңше мына шұғыл шаралар жүзеге асуы керек:

1. Бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының халқын диспансеризациялау қажет
(балалар мен есейгендерді);
2. Қосымша ВИЧ-инфекцияны диагностикалау лабораториясын ашу (мүмкін,
қозғалатын лаборатория – аудандардағы халықты тексеру үшін);
3. Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары дәрежелі маманы Оңтүстік
Қазақстан облысында осы індет аяқталғанша тұрақты жұмыс істеу керек, (ҚР
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық – гигиеналық және жұқпалы
ауруларды бақылау Комитетінің маманы);
4. Оңтүстік Қазақстан облысын ВИЧ жұқпалы ауруын зеріттейтін және сапалы
медициналық жәрдем беретін кадрлармен қамтамасыз ету;
5. Оңтүстік Қазақстан облысы халқына ВИЧ-жұқпалы ауруынан сақтандыру
шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-аналитикалық
орталықтарды құру;
6. Тұрақты жергілікті БАҚ-тар арқылы орын алған зардапқа қарсы жүргізіліп
жатқан жұмыс жайында халықты хабардар ету;
7. Барлық ауырған балаларды бір ортақталған емханаға орналастырып, толық
құнды ем беруді жүзеге асыру;
8. ВИЧ-ауруына шалдыққан балалардың ата-анасы тартқан материалдық және
моральдық зардаптың орнын толтыру;

Құрметті Даниал Кенжетайұлы!
Қазақта Денә саудың, жаны сау, ден саулық, зор байлық дейді, олай болса
Сіздің Республика көлемінде АҚТҚЖҚТБ-ға (ВИЧСПИД) қарсы шұғыл шара
қолданатыныңзға сенеміз.
Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан
Республикасының Конституциялық Заңының 27 бабына сәйкес жауапты маған
жазбаша түрде жіберуіңізді өтінемін.

СПИД-тің емі кеңес беру

20-сыншы ғасыр індетіне айналған СПИД пен ВИЧ қоздырғыштарын ақыл-кеңес пен
достық қарым-қатынас арқылы жеңуге болады. 3 жылдан астам уақыт бұрын
қазақстанда өз өкілеттілігін ашқан голландиялық "Спид шығыс-батыс" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒАСЫР ІНДЕТІ - СПИД
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
АИВ инфекциясының асқынулары
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
ЖИТС - XXI ғасыр дерті
Қауіпті ауруларды және ғасыр дертін күштеп емдеу
Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Спидтің алдын алу жолдары
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
АҚТҚ/ЖҚТБ жұғу көздері және жолдары
Пәндер