Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі



Мазмұны

Кіріспе

I.Тарау. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
1.1. Маркетингтiң әлеуметтiк .экономикалық мәнi және мазмұны
1.2. Маркетингтің негізгі көрсеткіші мен принциптері
1.3. Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу

II.Тарау. Қазақстандағы «Рахат» акционерлік қоғамының маркетингтік қызметіне талдау
2.1. «Рахат» акционерлік қоғамына технико.экономикалық талдау
2.2. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары
мен ұсыныстар.

III.Тарау. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркетиниеті ел болу. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың осындай принципі кәсіпкерлерді тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын. Оның мақсаты- Қазақстан Республикасының кәсіпорында қолданылып жүрген маркетингтік технологиялары, соның ішін ,де бүгігі таңда Қазақстандағы байланыс жүиесі болып табылатын (коммуникациялық байланыстар хат алмастыру және тіиімді интернет жүиесіне қосу яағни т.б) тамақ өнер кәсібінің бірі болып саналатын «Рахат» АҚ жұмысын қарастырып, оның ішінде қолданылып жүрген маркетингтік технологияларымен танысу. Осы атаған мақсаттан келесідей міндеттер туындайды, осы міндетерді курстық жұмыстың әр тарауында қарастырып кеткенді жөн көрдім.
Курстық жұмыстың объектісі - “Рахат” Акционерлік Қоғамы.
Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
Біріншіден, курстық жұмыстың теориялық негіздерін қарау, ондағы негізі ұғымдардың мазмұнын ашу, талқылау;
Екіншіден, Қазақстан Республикасының бір кәсіпорның алып, менің жағдайымда бұл курстық жұмыстың объектісіне сәйкес “Рахат” Акционерлік Қоғамы болғандықтан, осы компанияның технико-экономикалық құрылымын, көрсеткіштерін, осы кәсіпорындағы қолданылатын маркетингтік технологияларды қарастыру.
Ал үшіншіден, объект ретінде алынған кәсіпорынның, яғни “Рахат” Акционерлік Қоғамының, жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар қарастыру.
Осы жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Елбасының халыққа Жодаулары, тақырыпқа қатысты оқу-құралдар, газет-журналдар, сонымен қатар “Казпочта” Акционерлік Қоғамының маркетингтік бөлімінен алынған арнайы құжаттар қолданылды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Елбасының “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына Жолдауы
2. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 жыл 19 наурыз
3. «Рахат» акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есебі (2002-2003ж.ж.)
4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы, Алматы “Экономика” 2003
5. Қаржы-қаражат 2003 жыл, №4
6. Рынок Ценных Бумаг Казахстана (РЦБК) 2003год, май
7. Мир Евразии 2004 год, №1 (4) январь,
8. Вестник университета “Туран” 2003год, №3-4
9. Кеворков В.В., Леонтьев С.В. План маркетинга и контроль его исполнения. “Корпоративный маркетинг”, 2001
10. И.М. Синяева Паблик рилейшнз в коммерческой деятельности, М., 1998
11. Игнатьев Д., Бекетов А., под. ред. Харейонова Е. Настольная энциклопедия PR. -М.: Альпина паблишер, 2002
12. Савицкая В.Г. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, Минск, 2000
13. Саясат 2002 жыл, №1
14. Вестник университета “Кайнар” 2002год, №3
15. Жолдасбаева Кәсіпорын экономикасы, Алматы: “Экономика” 2003
16. Сатыбалды С. Маркетинг –нарықтану. Оқулық, -Алматы: Білім, 1994
17. Бурцев В.В. Сбытовая и маркетинговая деятельность.-М.:Экзамен, 2001
18. .Жумина Г.Е. Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтің орны:/ стратегия экономической стабилизации Казахстана: Алматы, “Экономика”, 2000

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

____________________________ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу
тәжірибесі

Орындаған:
___________________________________ ____
________________________

Тексерген:
___________________________________ ____
_________________________

Мазмұны

Кіріспе

I-Тарау. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
1.1. Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны
1.2. Маркетингтің негізгі көрсеткіші мен принциптері

1.3. Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу

II-Тарау. Қазақстандағы Рахат акционерлік қоғамының маркетингтік
қызметіне талдау
2.1. Рахат акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау
2.2. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары
мен ұсыныстар.
III-Тарау. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары мен
ұсыныстар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары
әлі білінуде.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни,
нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен,
кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің
қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-
ауқатын арттырып, әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған
өркетиниеті ел болу. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің
халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз
азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын
қызметтер сапасының артуынан көрінеді деп атап айтқан. Яғни ол
мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген
ұсыныспен халыққа жеткізді.
жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен
ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан,
өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың осындай принципі кәсіпкерлерді
тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде
болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана
шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда
өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға
қояды.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала
береді деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
айтқан.
болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге
қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол
жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай
ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі
кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан
жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы
мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын. Оның
мақсаты- Қазақстан Республикасының кәсіпорында қолданылып жүрген
маркетингтік технологиялары, соның ішін ,де бүгігі таңда Қазақстандағы
байланыс жүиесі болып табылатын (коммуникациялық байланыстар хат алмастыру
және тіиімді интернет жүиесіне қосу яағни т.б) тамақ өнер кәсібінің бірі
болып саналатын Рахат АҚ жұмысын қарастырып, оның ішінде қолданылып
жүрген маркетингтік технологияларымен танысу. Осы атаған мақсаттан
келесідей міндеттер туындайды, осы міндетерді курстық жұмыстың әр
тарауында қарастырып кеткенді жөн көрдім.

Курстық жұмыстың объектісі - “Рахат” Акционерлік Қоғамы.

Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
Біріншіден, курстық жұмыстың теориялық негіздерін қарау, ондағы
негізі ұғымдардың мазмұнын ашу, талқылау;
Екіншіден, Қазақстан Республикасының бір кәсіпорның алып, менің
жағдайымда бұл курстық жұмыстың объектісіне сәйкес “Рахат” Акционерлік
Қоғамы болғандықтан, осы компанияның технико-экономикалық құрылымын,
көрсеткіштерін, осы кәсіпорындағы қолданылатын маркетингтік
технологияларды қарастыру.
Ал үшіншіден, объект ретінде алынған кәсіпорынның, яғни “Рахат”
Акционерлік Қоғамының, жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар қарастыру.
Осы жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Елбасының
халыққа Жодаулары, тақырыпқа қатысты оқу-құралдар, газет-журналдар,
сонымен қатар “Казпочта” Акционерлік Қоғамының маркетингтік бөлімінен
алынған арнайы құжаттар қолданылды.

I-Тарау. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
1.1. Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны

Еліміздегі халық шаруашылық құрылымын қайта құру процесінде
болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру
кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын нарықта Кәсіпорынның
белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық
іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану
нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал.
Маркетинг ұғымының өзін де әр түрлі қабылдау байқалуда, яғни
авторлардың бұл түсінікке әр қилы мағыналық және мәндік салмақ берулеріне
қарай маркетингтік теориялық проблемаларын зерттеу оның түсініктік
аппаратын талдауды талап етеді. ХХ ғасыр басында п.б. маркетинг категориясы
өзінің әрекет етуі уақытында кешенді кәсіпорын тауар нарықтары дамуы
мөлшері бойынша нарықтық ортамен өзара әрекет етуіне біртіндеп көшу мен
байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда маркетингтің
дамуында келесі сипатты тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:
➢ маркетинг ғылыми-техникалық прогресстің айтарлықтай әсерінде
болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай
ақпараттық технологиялар ерекше орынға ие;
➢ тұрғындар топтарының әлеуметтік белсенділігінің өсуі маркетинг
сипатын анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;
➢ қазіргі уақыттағы маркетинг ашық инновациялық сипатта болып,
үнемі жаңартуға негізделген;
➢ маркетингтің кең тарауы тек салалық, коммерциялық аумақта ғана
емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда.
Отандық кәсіпорында маркетинг әлі де кең тарала қойған жоқ, бірақ
соңғы уақытта нарығы дамыған ірі қалаларда орналасқан кейбір кәсіпорында
маркетинг бөлімдері ұйымдастырылуда. Басшылардың маркетингке көп мән
бермеуінің себебі, шығарылатын өнімдері адам үшін бірінші қажеттіліктегі
нәрсе болуымен қатар, кейбір жекелей басшыларда маркетинг рөлі және мәні
шамалы деген ой туындауымен түсіндіріледі. Мұндай ой кәсіпорында
маркетингтік және өндіріс- өткізу негізделуі кезінде оның ұйымдастырылуы
мен іскерлік белсенділігі философиясы, мақсатты бағытталуы бойынша
айырмашылықтары болғандықтан дұрыс емес. Мәселен, маркетингтік негізделу
кезінде кәсіпорын ұжымының мақсаты-тұтынушылардың қажеттілігі,
тұтынушылығы, мүдделерін қанағаттандыру, ал өндіріс-өткізу кезінде
өндірістік бағдарламаны орындау болады. Осыған қарай ұжымдағы мамандар
ролі, мәртебесі және артықшылықтары әртүрлі сипат алады. Егер І-ші
вариантта неғұрлым жоғары мәртебеге менеджерлер, маркетологтар,
экономистер ие болса, ал ІІ-ші технологтар, өндірістік цех басшылары,
техникалық бақылау бөлімі және басқа да бөлімшелер басшылары тұрады.
Маркетингтік негізделу кезінде көңіл негізінен тұтынушылардың
мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен мүдделеріне аударылып, ал өндіріс-
өткізуде- жоспарылық бағдарламаны орындау және ресурстарды пайдалануға
бөлінеді. Сол себепті өндірісті басқару жүйесі І-ші вариантта нарық
қатынастарына бейімділік, икемділік, тез қабылдаушылықпен ерекшеленеді. І-
ші жүйе әртүрлі жаңа енгізілімдер мен жекелей нарық конъюнктурасына
неғұрлым бейімді келеді. Ол ұйымдастыру және басқаруда баға мен тауар
саясатының қазіргі жаңа замандық әдістерін кеңінен қолданылады. Жүйе ұжымы
нарыққа өндіріліп шығарылған тауарларға үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен
қарайды. Ең бастысы, ұжымдар мен басшылар философиясы әртүрлі сипат алады.
І-ші вариантта- тұтынушы сұранысы, мүдделерін қанағаттандыру, ІІ-де- өндіру
және сату көзделеді. Қорытындылай келгенде, осының барлығы бизнес
нәтижелерінде көрініс алады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсiпорынның рыноктың
және өндiрiстiк стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесi ретiнде
құралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу
мен болжау негiзiнде мол табыс табуға, сыртқа өнiм шығарушы кәсiпорыннның
iшкi және сыртқы рыноктың қазiргi жағдайын және оның болашағын бiлуге
бағытталады. Сонымен бiрге, кәсiпорынның маркетинг қызметiне бәсекелестi
зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнiмдi өткiзу мен жарнамалауды
ынталандыру, тауарды өткiзудi тиiмдi ұйымдастыруды жолға қою, т.б. шаралар
жатады.
Маркетингтiң негiзi болып табылатыны- бұл бiрiн-бiрi толықтыратын
тәсiлдеме. Бұл дегенiмiз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол
сияқты нарыққа белсендi ықпал ету, қажеттiлiктi және тұтынушының
артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және
олардың бiрiн-бiрi табуға жәрдем беру– кез келген маркетинг қызметiнiң
басты мақсатына жатады. Елiмiзде болып жатқан нарықтық қатынастардың
ықпалымен үнемi қозғалыста болатын маркетинг қызметi нарықтың шарттары мен
талаптарына толық бағынышты.
Маркетинг – бұл шын мәнiнде, кәсiпорынның кез келген шаруашылық
қызметiн басқару жүйесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады.
Маркетинг- бұл нарықты талдау, кәсiпорындар қызметiнiң әр қилы
түрлерiнiң өзара iс-қимылдарын қамтитын өндiрiстi ұйымдастыру және өнiмдi
өткiзудегi кешендi жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату, сатып алу,
шикiзаттарды жеткiзу, өнiм тауарлар және қызмет көрсету.
Маркетингтiң негiзгi мақсаты-сатып алу, сату процесiнде ең жоғары
мөлшерде пайда табуды,сонымен бiрге оның мiндетi- кәсiпорын қызметiнiң
тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетудi
қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметi жүйесiнде, сол сияқты кәсiпорынның басқа да жеке
мiндеттерi де шешiледi:
• Нарық, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнiнде сенiмдi,
дер кезiнде және шынайы жарнамамен қамтамасыз ету.
• Кәсiпорынның тауар өндiрудегi мүмкiншiлiгi
• Тұтынушыларға ықпал ететiн сұраныс, нарық, бәсекелестер.
Маркетингтiң экономикалық мәнi мына төмендегi нәтижелiктi
тұжырымдайды:
• Тауарлардың бәсекеге жарадылығын жасау
• Тауарларды жылжытуды жеделдету
• Сатып алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру
• өндiрiстiң тиiмдiлiгi және тауар сату
Маркетинг қызметi жағдайында нарық екi түрге ажыратылады:
• сатушы нарығы
• сатып алушы нарығы
Сатушы нарығы- бұл шын мәнiнде, тапшылық нарығы, онда сатушылар
үлкен билiкке ие. Сатып алушы нарығы-бұл шын мәнiнде толықтырылған нарық,
мұнда сатып алушылар үлкен билiкке ие.
Нарықты зерделеу екi жайғасымда жүзеге асады: оның ерекшелiк
сипаты, сиымдылыққа қажеттiлiгi және мүмкiншiлiгi, молықтыру деңгейi,
бәсекелестiң жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдылығы, т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнiмге бағдарланған
маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келдi.
Өнiмге бағдарланған маркетинг, мынадай жағдайда қолданылады, егер де
кәсiпорынның қызметi жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды
жетiлдiруге бағдарланса. Мұның негiзгi мақсаты- тұтынушыларды жаңа немесе
жетiлдiрiлген тауарды алуға ынталандыру болып табылады.
Егер де кәсіпорынның қызметі тікелей нарықтың өзінен шығатын
мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталса, тұтынушыға бағдарланған макетинг
пайдаланылады. Мұндағы маркетингтің басты мақсаты- әлуетті мұқтаждықты
зерделеу, рынок тауашасын іздестіру. Маркетингтің бұл үлгісі- жалпы
коммерциялық қызметтің маңызды бөлігі, себебі, тұтынушылардың сұрау салуды
зерделеусіз кәсіпкер үшін мүмкін емес.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі үшін маркетингтің осы екі үлгісі де
бір жолғы болу керек. Тек кәсіпорынның өндіріс және рынок жағынан
мүмкіншілікке жан-жақты талдау нағыз коммерциялық табысқа жеткізеді.

2. Маркетингтің негізгі түрлері мен принциптері.

Маркетингтің негізгі принципі- жалпыға бірдей нысаналығы, яғни
тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті
нәтижелеріне бағдарлануы.
Маркетингтің принциптік әдіснамалына сәйкес кез келген процестерге
тән басқару және өткізудің рыноктық тұжырымдамасының бернесін
анықтайық.Төменде №1 кестеде, мен, маркетингтің негізгі бернелерін
қарастырып кеткенді жөн көріп отырмын.

№1 кесте. Маркетингтің негізгі көрсеткіштері [3]
Көрсеткіш Қызмет түрлері
Таңдамалық Маркетингтік ортаны талдау, тұтынушылар, тауар
құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы,
бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу,
жарнама саласы.
Өндірістік Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру,
әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру,
олардың ерекшелігі, орама, баға, пайдалану сапасы.
Өткізушілік Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу арналарын
таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті
ынталандыру және баға саясаты.
Басқару және Маркетинг жоспарын әзірлеу (бағдарламалар), оларды
бақылау қаржыландыру, маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету,
кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының
жетістігі, тәуелділікті бағалау, т.б.

Талдамалық арнаны шартты екі қосылқы бернеге бөлуге болады: нарықты
кешенді түрде зерттеу және кәсіпорынның ішкі ортасын талдау. Бұл екі
қосалқы берне бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда
кәсіпорын маркетингтік зерттеуді үнемдеуге тиіс емес, өйткені, мақсатқа
жетуді қамтамасыз ету үшін жұмысты көз жұмып істеуге болмайды.
Маркетингтің талдамалы берненің нәтижесі оның өндірістік бернесін
және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады.
Шығарылған тауарлар, өндірілген өнімдер нарыққа келіп түседі.
Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға
жеткізу.
Өткізім тұжырымының тәсілі және маркетинг мына төмендегі бейнемен
көрінеді:

Схема 1. Өткізу тұжырымдамасы [3]

Тауарлар Өткізім және сатуды ынталандыру Сату көлемінің

өсуінен алынған пайда
Схема2. Маркетинг тұжырымдамасы

Қажетсіну Біріктірілген маркетинг Сатып алушылардың
қажеттілігін қанағаттандыру есебінен
алынған пайда
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс қызметінің табысы басқару және
бақылау бернесіне байланысты болады. Маркетингтің барлық бернелерін іске
асыру, ойластырылмаған жоспарлау, маркетингтің ақпарат және коммуникациямен
қамтамасыз етілмеуі, сол сияқты маркетингтік басқарудың соңғы сатысы –
бақылаусыз мүмкін емес.
Маркетингтің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
➢ тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты
мүмкіндіктерін дәлме-дәл білу арқылы өнім өндіру;
➢ тұтынушы мұқтажын мейлінше толық қанағаттандыру, нақтылы
проблемаларды шешу үшін оны құралдармен немесе құрал-жабдықтар
кешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип- өнім өткізетін
орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету;
➢ нақтылы бір нарық жағдайына жоспарланған мөлшерде және белгілі
мерзімде өнімді өткізумен қызмет көрсетуді тиімді жүзеге асыру;
➢ ғылыми-техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып,
тауарларды өткізуді дайындау үшін зерттеулерді ұдайы қорыта
отырып, кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің ұзақ
мерзімді нәтижелілігінің пайдалылығын қамтамасыз ету;
➢ сұранысты қалыптастыру мен оған жағдай жасауға бір мерзім
ішінде ықпал ете отырып, тұтынушылардың үнемі өзгеріп отыратын
талаптарына дағдыланудағы өндірушінің жүріс-тұрыс стратегиясы
мен тактикасының тұтастығы.
➢ Маркетингтегі бастысы – ол, мақсатты бағдарлану және
кешенділік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу
қызметтерінің қосылуы. Маркетингтің мақсаты- өндірістің жоғары
тиімділігін және өндірістік тауарларды сатуды қамтамсыз ету.
Кешенділік- маркетингті қолдануды іске асыру нәтижелікке жеткізуді
көрсетеді, егер де ол жүйе ретінде пайдаланылса, ал маркетингтің жекелеген
әрекетері шын мәнінді, оң нәтижелікке жеткізбейді.

3. Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу

Жеткізушілер, делдалдар, бәсекелестер және қоршаған жағдайларды
зерделеу, фирма өзінің маркетинг мақсатын орындау үшін не істеу
керектігін анықтауға себепкер болады. Өндірісті, қаржыларды, жабдықтарды,
оның осылар үшін қолда қандай мүмкіншіліктерінің бар екендігін, қандай
ресурстардың қолда бары, олардың қандайлары қажетті, керектілерін қандай
бағамен сатып алуын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді.
фирманың мүмкіндігін зерделеу оның әлеуетін, қызметінің күшті және
әлсіз жақтарын ашуға бағытталады. фирманың күшті және әлсіз жақтарын
зерделеу, оның қол жеткен табыстары және нарық көрсеткіштерін жақсартудың
мұқтаждығына байланысты кәсіпорын қызметі мен бернелерін анықтауды
болжайды.
Фирманың әлеуеттілігін зерделеу мына төмендегі мақсатқа сай
бөлімдерден жүргізіледі:
І Өндіріс
➢ Өндірістің көлемі, құрылымы, қарқыны.
➢ Фирманың сұрыпталым номенклатурасы, жаңарту деңгейі,
сұрапталымның кеңдігі мен тереңдігі.
➢ Шикізаттар және құралдармен қамтамасыз етілуі.
➢ Жабдықтар паркінің қолда бары және оны пайдаланудың деңгейі,
босалқы қордың деңгейі, оларды пайдаланудың жылдамдылығы.
Технологиялық жаңалықтар
➢ Өндірістің орналасқан жері және қолда бар инфрақұрылымы.
➢ өндіріс экологиясы.
ІІ Өнімді бөлу және өткізу
➢ Өнімді тасымалдау. Тасымалдау мүмкіндігі және шығындарды
бағалау
➢ Тауарлардың босалқы қорларын сақтау, босалқы қорлар деңгейі,
оларды орналастыру және айналыс жылдамдығы. Қолда бар қойма, үй-
жайы және сақтау орындар, олардың сиымдылығы.
➢ Жетілдіру мүмкіндігі, тауарларды өлшеп орау және орамалау.
➢ Сату. Жекелеген тауарлар бойынша, сату аймағы, құндары,
сатушылар тұрпаты, делдалдар және өткізу арналары.
ІІІ Ұйымдық құрылым және менеджмент
➢ Ұйымдастыру және басқару жүйесі.
➢ Қызметкерлердің сандық және кәсіптік құрамы.
➢ Жұмыс күшінің құны, кадрлардың тұрақтамауы, еңбек өнімділігі
➢ Менеджмент деңгейі
➢ Фирманың мәдениеті.
IV Маркетинг
➢ Рынокты, тауарларды, өткізу арналарын зерттеу.
➢ Өткізу және жарнамаларды, баға құрылымын ынталандыру
➢ Жаңа енгізілім
➢ Коммуникациялық байланыстар және ақпарат
➢ Маркетингтік бюджет және оның орындалуы
➢ Маркетингтік жоспарлау және бағдарламалар
V Қаржылар
➢ Қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігі.
➢ Пайдалылық және табыстылық (тауарлар, аймақтар, өткізу арналары
және делдалдар бойынша).
➢ Меншік және қарыз қаражаттары. Арақатынас.
Ішкі кәсіпорындық ақпарат шындықты, пайдалылықты, жеңіл алынатын
және жүйелеуге ықшам келетіндігін білдіреді. Бірақ, кәсіпорынның әлуетін
анықтау үшін ол жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда сыртқы ақпаратты
таңдау түрлі белгілі үлгілер мен әдістерді пайдалана отырып, салыстырмалы
көрсеткіштерді қолданған жөн.
Кәсіпорынның мүмкіндігіне іріленген талдау кәсіпорын үшін үлкен
мүддеге сенім білдіретін қосымша нықтылы бағытта болуы керек.
Ал егер өнімдер бойынша қарастыратын болсақ,онда қандай бұйымдар
ең көп немесе ең аз айналым береді, қандай бұйымдарды сату ең көп немесе
ең аз табыс әкелетіндігіне назар аудару керек.
Рыноктар бойынша- қандай рыноктар кәсіпорын өнімі үшін ең көп немесе
ең аз басымдылықта болады.
Салалар бойынша- қандай салаларда кәсіпорынның өнімдері сатылады,
бұл салаларда рыноктың қандай үлесі кәсіпорында орын алады.
Тұтынушылар бойынша- кәсіпорынның өнімдерін тұрақты тұтынушылар-
кімдер, кәсіпорын өнімдері олар үшін несімен қызықтырады, жаңа
тұтынушыларды жұмылдыру үшін не істеу керек?

II-Тарау. Қазақстандағы Рахат акционерлік қоғамының маркетингтік
қызметіне талдау
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық анализі.

Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды [4].
Москва және Харьковте ескіден сақталған кондитер кәсіпорындарының Алматыға
көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-
дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам
дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді.
Жарты ғасырлық уақыт ішінде осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында
фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының саналуан сұраныстарын
қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.
,,Рахат” АҚ бұрынғы кондитер кәсіпорыны ретінде Алматыда құрылған.
Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік жариялауымен бірге 1991 жылы
егемендік алып, нарықтық экономикаға көшіп, көптеген салаларға өзгеріс
жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік түрін өзгермеуімен айналысып, соңғы
негізінде еңбек коллективімен кәсіпорын жекешелендіру жүргізіліп
акционерлік қоғам құрылды.[5]
Ал 1994-1995 жылдары кәсіпорын жаңа және жаңартылған құралдар мен
техникалық қайта жабдықтау жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс көлемі
5,3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы мемлекет экономикалық реттейтін заңдылық
жүйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін
тигізді. Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистік шаралар
қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі
бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе өсті және бұл қарқын қазіргі
уақатта да байқалуда. Кәсіпорынның қызметінің негізі- кондитерлік өнімдер
өндіру және оларды сату болып табылады.
Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден
аса мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. “Рахат”АҚ
кондитерлік тағамдардың шамамен барлық түрлерін шағарады. Қазіргі уақытта
“Рахат” АҚ-мы-170-тен астам тауар түрін өндіреді.
Сонымен қатар дәстүрлі тағам- тәттілер шағарады: Шоколад, Карамель,
Печенье, Вафли, Мармелад, Зефир, Ирис, Драже және сондай-ақ тамақ
өнеркәсібіне қажетті әртүрлі жартылай фабрикаттар ұсынады.т.б. Қазіргі
кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс істейді мысалы: бисквит, карамель, ирис,
шоколад кәмпиттері, зефир, драже цехтары. Өзінің өнімінің тең жартысын
Алматы қаласы мен Алматы облыстарына өткізумен айналысады.
Бұдан басқа, фабрика мамандары шырындары, подварка, майлы глазурьді
шебер дайындаудың сырына әбден жетік.

Кесте 2. “Рахат” АҚ бойынша 2002-2003 жылдар арасындағы технико-
экономикалық көрсеткіштер [6]
№ Көрсеткіштер өлшем 2002 2003   %
бірлігі
1 2 3 4 5 6 7
1 өткізілген өнімнен мың теңге1325668 1599272 273604 20,639
түскен пайда
2 өткізілген өнімнің мың теңге1215814 1422713 206899 17,0173
өзіндік құны
3 жалпы табыс мың теңге109854 176559 66705 60,7215
4 кезендік шығындар мың теңге68875 123958 55083 79,9753
5 негізгі қызметтен мың теңге40979 52601 11622 28,3609
түскен табыс
6 негізгі емес қызметтенмың теңге1015 14019 13004 1281,18

түскен табыс
7 салық салғанға дейінгімың теңге41994 66620 24626 58,6417
табыс
8 корпоративті салық мың теңге19878 27160 7282 36,6335
9 салық салғаннан мың теңге22116 39460 17344 78,4229
кейінгі
табыс
10ТЖ табыс немесе шығын мың теңге_      
11таза табыс мың теңге22116 39460 17344 78,4229
12жұмысшылар саны адам 1500 2000 500 33,3333
13еңбекақы қоры мың теңге22203000030230400080274000 36,1546
14еңбек өнімділігі   883,77867799,636 -84,1427-9,5208
15бір жұмысшының мың теңге12335 12596 261 2,11593
еңбекақысы
16сату рентабельділігі   0,01819030,02773570,00954552,47 56
17өнім рентабельділігі   0,01668290,02467370,00799147,89 82

Осы кестеден біз мынандай қорытындыға келе аламыз:
Осы есптеулерден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс
273604 мың теңгеге немесе 20,36 %-ға өскенін байқаймыз. Бұндай табыс өсуі
өткізілген өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты.Ал бұл өткен жылмен
салыстырғанда 206899 мың теңге немеес 17 пайызды құрап отыр. Ал осы екі
көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның жалпы табысын береді. Ол өз
кезегінде 66705 мың теңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Фирманың басқару жүйесіндегі маркетинг
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингітің рөлі
Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Пәндер