Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Сұлтанғалиев Ардақ Ғалымжанұлы

Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В020600 - «Дінтану» мамандығы

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Дінтану кафедрасының меңгерушісі, теол. ғ. д.,

профессор Идрис Шенгул

«___» 2015 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық

5В020600 - «Дінтану» мамандығы

Орындаған: Сұлтанғалиев А. Ғ

Ғылыми жетекшісі, филос. ғ. к., аға оқытушы: Мырзабеков М. М

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

I Тарау. Ислам ойлау жүйесіндегі бағыттардың дамуы мен ерекшеліктері

1. 1 Ислам ойлау жүйесінің қалыптасуы . . .

1. 2 Исламда теологиялық мектептердің қалыптасуы және олардың даму ерекшеліктері . . .

II Тарау. Ислам ойлау жүйесіндегі пайғмбарлық түсінігі

2. 1 Кәлам және философия ілімдеріндегі пайғамбарлық мәселесінің пайда болуы . . .

2. 2 Тасаууфтағы пайғамбарлық . . .

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттелу жұмысының өзектілігі. Ислам әлемінде пайғамбар қайтыс болғаннан кейін діни проблемалар туындай бастады. Сол проблемалардың бірі пайғамбарлық мәселесі болды. Жалпы бұндай проблемалардың шығуына саяси, әлеуметтік және ислам халифалығының жайылуы кезеңіндегі басқа дін мен мәдениет өкілдерімен диалогқа түсуі себеп болды. Мәселен Шиилік халифалық мәселесінде пайда болған ағымның пайғамбарлыққа қатысты көзқарастары, Мутазила мазхабының өкілдері, философтардың және басқа да каламдық мазхабтардың ойлары басқа дін өкілдеріне немесе пайғамбарлыққа қатысты сыни пікірлерді айтудан пайда болды. Бірақ ең алғашықы себеп болып тарих сахынасына жалған пайғамбарлардың шығуынан басталды. Міне қазіргі таңда да білетініміздей жалған пайғамбарлық мәселесі көп болмаса да, мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Қазіргі таңда да басқа да дін өкілдерінің әсіресе христиан дінінің өкілдерінің Мұхаммед пайғамбардың Алладан келген елші екендігіне, діни ағымдардың және философиялық ағымдардың жалпы пайғамбарлыққа қатысты сыни пікірлері мен ислам дінінің ішіндегі ағымдар мен бұрмаланған көзқарастарына ақли және нақли түрде ұтымды жауап беруіміз тиіс.

Зерттелу жұмысының мақсаты мен міндеті: Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық мәселесін жалпы сопылық, калам, философиядағы пайғамбарға деген көзқарастарды зерттеп, салыстырып арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарын жазғым келді.

- Калам іліміндегі пайғамбарлыққа қатысты айтқан Ахли Сунна мазхабының Матуридилік мектебінде пайғамбарлық мәселесінде қандай ой айтқандарын көрсету.

- Ислам философтары мен жалпы философтардың пайғамбарлық пен мұғжизаға қатысты пікірлері қандай болғанын көрсету және де басқа дін өкілдерінің Мұхаммед пайғамбарға деген көзқарастары.

- Сопылық философтардың нубууатқа қатысты айтқан пікірлерімен танысу және олардың пікірлерін көрсету .

Зерттелу жұмысының деңгейі: Нубууат (пайғамбарлық) тақырыбында қазіргі таңда зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбекетер көптеп жазылуда. Батыс әлеміндегі зерттеулерден бөлек Түркия және Қазақстан мемлекеттерінің де ғалымдарының еңбектері бар. Осы тақырыпта калам және мазхабтар тарихы және ислам философия бойынша жазылған ғылыми еңбектері де көп.

Батсыс елдерінде және түркияда Сиар кітаптары жарияланғанымен арнайы нубууатқа қатысты жазылған еңбектер аз болып келеді. Негізінде каламдық, философиялық және таусаууф ілімдеріне қатысты еңбектер шығып, нубууат сол еңбектердің арасындағы тақырыптардың бірі болып табылады. Бірақ Хулья Альпер, Шабан Али Дүзгін т. б. ғалымдардың нубууатқа қатысты арнайы жазған ғылыми мақалалары көп. Мәселен Хулья Альпердің "философия және каламдағы пайғамбарлық" деген мақаласы бар. Орта ғасырдағы ислам ғұламларының пайғамбарлыққа қатысты жазылған еңбектерінің түп нұсқаларынан аудару мәселесінен де батыс елдерімен Түркиялық ғалымдар едәуір алда. Алайда біздің отанымызда да қазіргі таңда калам, философия және сопылық ілімдерге қатысты еңбектер жазылып, жариялануда және орта ғасырлардағы ғұламалардың еңбектерін аудару үстінде. Мәселен Қ. Ержан, Д. Кенжетай, А. Нысанбаев, Қ. Қаратышқанова, М. Мырзабеков, З. Жандарбек, С. Нұрматов сынды ғылым адамдарының еңбектерін пайдаланудамыз.

Зерттелу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмысып жалпы 68 беттен тұрады.

I тарау. Исламдық ойлау жүйесіндегі бағыттардың дамуы және ерекшеліктері

1. 1 Ислам ойлау жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты егіншілікке қолайсыз болуына орай халықтың көшілігі тайпа-тайпаға бөлініп, көшпелі өмір сүрді, бұл саяси, діни тұтастықтың болмауына едәуір мөлшерде әсер етті, осыған орай, исламға дейінгі арабтар қуатты, бір орталыққа бағынған мемлекет құра алмады.

Жоғарыда баяндалғаны сияқты Араб түбегінде арабтар екіге бөлініп өмір сүретін. Көшпелі (бәдәуи) және кезіндегі көшпелілерден бөлініп отырықшы өмір сүретін арабатар (хадари) . Көшпелілердің өмірі бірінші кезекте мал шаруашылығынан - түйе бағудан тұрады. Араб түбегінде жердің бірнеше түрі бар. Алайда қазыр сөз қозғалатын екі жер. Біріншісі - ол жазғы мезгілде сусыз құмды шөл болса, қысқы уақытта жауын көп түскеннен кейін шөбі молайып, түйелерін жайлауға ыңғайлы болады. Бұл кезеңді арабтар "раби" деп атайды. Екіншісі - шөлге үйренген талдары мен шөптері бар аумақтар. Міне осы аталған жерлерде қыстау мен жайлауда көшпелі өмір сүруге мәжбүр. [1, с. 15]

Исламнан бұрын арабтар Алладан өзге пұтқа табынатын, оны құдай мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Әйел затының қоғамда құқығы болмады, қыз балалар дүниеге келсе оны тірідей жерге көму дәстүрі де етек алды.

Арабтардың ата жұрты және исламның бесігі болып табылатын Араб түбегі Азия континентінің оңтүстік батысында орналасқан. Шығысында Парсы шығанағы, Оман шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак, Сирия, оңтүстігінде Аден шығанағы мен Араб теңізі орналасқан түбек. Кейбір географтардың пікірінше, кең мағынада, Сирия мен Ирак та Араб түбегіне жатады. Шығыс арабтарының мекені жоғарыда аталған аймақ. Арабтардың түп отаны, семит тобының бесігі бүгінгі Сауд Арабстаны мен Иеменнің біршама аймағы деп саналады.

Үш жақтан теңізбен қоршалған Араб түбегі - маңызды географиялық аймақ. Ежелгі дүние дәуірінде аталған түбек материктер мен континеттер арасындағы орталық нүкте болып есептелген. Түбектің осы ірі географиялық орнығуы жергілікті халықтың әлеуметтік, экономикалық құрылымына елеулі әсер етті, яғни сауда-саттық, егіншілк пен малшылық Араб экономикасының күре тамыры саналған. Мекке мен Қағба - экономиканың басты тірегі, ал тау аңғарлары, көгалдар, жайылым жерлер, су көздерінің тапшылығы қалыптасқан егіншілік пен малшылық неізінде маңызды орынды алды.

Араб түбегінің маңызды орындарының бірі болған Мекке - арабтар үшін қасиетті мекен болған. Әуелден бері қала болуын қамтамасыз еткен Қағба Меккенің сауда орталығы және зиярат орны болуына көп септігін тигізіп Араб экономикасына зор үлесін қосып тұрған. Алайда қазіргі таңда ислам әлемінің темірқазығы саналғанымен жәһилия дәуірінде Қағбаның іші пұттарға толтырылған болатын.

Қаланың басқармасы ақсақалдар қолында болды. Қаладағы Қағбадағы қызметтерді белді тайпалар өзара бөліп алған еді. Сол кезеңде елеулі қызметтердің бірі Құсай әулетінің қолында болған. Мұхаммед бин Абдулла да Меккенің ірі тайпаларынң бірі Құрайш тайпасынан шыққан.

Меккедегі Қағба Араб түбегінің қасиетті орны болған. Исламнан бұрын да арабтар оған қажылыққа келетін. Қағбаға зиярат жасайтын алыстан келген зияратшыларға Мекке халқы қызмет көрсететін. Осы қызметтің көпшілігі Құсайдан тараған ұрпақтардың үлесінде болған. Бұл қызметтер сол заманғы арабтар үшін өте абыройлы және өте табысты іс болған

Араб түбегінде ислам діні түскенге дейін яхудилік, христиандық, саабилік, маджусилік, ханафилік және пұтқа табыну сияқты түрлі діни наным - сенімдері де кең тарлаған еді. [2, s. 92]

Хиджаз және Меккеде пұтқатабынушылық соңғы кезеңдерде қаланың билігі Хузалылар заманында келді. Бұл тайпаның басшыларының бірі бірі Амр бин Лухаи сауда жасау үшін шам өлкесіндегі Мааб деген жерде өмір сүрген Амаликалықтардың пұттарына табынып олардан жәрдем сұрап, олардан Хубал деген пұтты қағбаға апарып халқының осыған табынғанын қалаған. Мүшрик Араптар заманында Қағбаға 360 шамасында пұт толтырылған, айрықша Сафаға Исаф, Мерфке Найле атты пұттарды орналастырған. Тайфта өмір сүрген Сақф тайпасының Лат, Мәдинадағы мүшрик араптар Манат деген пұттарға табынған. Осылайша әр қаланың, әр тайпаның өз пұттары болған. Құранда мүшриктердің табынатын пұттарынан Уадд, Суфа, Иеғус, және Наср дген аттар ғана аталған. [2, ss. 96-97]

Осындай надандыққа ұшыраған, қоғамдағы әділетсіздік тарап, қиыншылық заманда араб түбегінде пайғамбар шықты. Мұхаммед пағамбарлығына дейін бірнеше жыл бұрыннан бастап Хира тауындағы үңгірлердің бірісінде Рамазан айында мистикалық бір өмір кешті. Хирада өтетеін және қоғамнан бөлініп аскеттік өмір кешу мағынасына келетін "таханнус" деп аталатын дәстүрді Меккеде ең алғаш бастаған Мұаммедтің пайғамбаратасы Абдулмутталиб жасы 80 - 90 жасында рамазан айында "инзиуа" (Құдайдан кешірім сұрап, ғибадат жасау деген мағынаға келеді) өмір кешкен. Бұл нәрсе кейіннен басқада Меккеліктер тарапынан қайталанып тұрған. [2, s. 151]

Мұхаммед пайғамбарлыққа дейін сол заманда кеіңінен таралаған ақын, әдебиетші немесе шешендік өнері де болмаған. Құранда да бұл мәселе жайында оның жыр білмегені, бұндай өнердің оған үйретілмегендігіне ашық ишарат етілген. Сол заманда араб қоғамының арасында ақындар мен шешендердің саяси және әдеби алаңда орындары маңызды болған. Тіпті пайғамбар Меккедегі оқу-жазу білген сауаттылардың қатарында да болмаған. Оның білгені және пайғамбарлық түскенге дейін айналысқан кәсібі тек саудамен айналысу болған.

Жоғарыда айтып өткеней дәстүр бойынша Мұхаммед пайғамбар 40 жасында, 610 жылы рамазан айының 27 кешкісін, уахи періштесі Жәбрейіл Мұхаммедке Алланың "оқы" деген әмірін әкелді. Мұхаммед бұл әмірге мен "мен оқу білмеймін" деп жауап берді. Бұл диалог дәл осылай бәрнеше рет қайталанғаннан соң Жәбрейіл Ғәләқ сүресінің алғашқы бес аятын оқи бастады. " Оқы, жаратқан Раббыңның есмімен. Ол адамдарды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, Раббың шексіз ардақты. Ол раббың жазуды үйретті. Ол адамзатқа білмегенін үйретті" [Ғалақ сүресі 1-5 аяттар]

Бұл жағдайдан кейін Мұхаммед пайғамбар қорқыныш әрі қатты қобалжумен үйіне қайтты. Тынышталғаннан кейін басынан өткен жағдайды әйеліне баяндап берді. Хадиша бұл нәрсенің жаман нәрсе емес екендігін, өзінің бір туысқан ағасына айтып, мән жайды сұрастыратынын, оның жәрдем сұрағандарға көмегін беретінін айтып Мұхаммед пайғамбарды жұбатты. Артынша Хадишаның немере ағсының баласы Уарақа бин Науфалға барып мән жайды түсіндірді. Уарақа Меккеде Тәурат және Інжілді оқитын, иләһи діндерден хабары бар адам ретінде танымал болатын. Мұхаммедті бин Абдулланы тыңдап болып осыған дейін келген бүкіл пайғамбарлаға иләһи уахилерді әкелетін Жәбрейіл періште екенін айтып, пайғамбар болғанын растады[2, s. 152]

Мұхаммед пайғамбар бірінші уахи түскеннен кейін, Жәбрейілмен жолығу үшін хира тауына баруды жалғастырды. Бірақ күткеніндей болмай, Жәбрейіл келмеді. Осыдан кейн өзін Алла тастап кетті деген ойға батып, қатты күйзеліске түсті. Алайда әр-түрлі риуаяттар бойынша бірнеше айдан, үш жыл аралығында уахи тоқтап тұрғаны баян етіледі. Белгісіз бір уақыттан кейін Жәбрейіл қайта келіп Духа сүресінде Алла елшісін ұматпағаны жайлы хабар жеткізді. [2, s. 153]

Жалпы ислам әлемінде пайғамбарлықтың Мекке кезеңі және Мадина кезеңі деп екіге бөледі. Пайғамбарлықтың келіп әрі ең қиын кездері де осы бірінші Мекке кезеңі болды. Ең бірінші болып Мұхаммедті пайғамбар деп мойындап ислам дінін қабылдаған әйелі Хадиша болды, содан кейін өзі бастап Мұхаммедті пайғамбар деп отбасын дінге шақырды. Осындай ашық түрде насихат шамамен үш-төрт жыл жалғасты. Осы уақыттың ішінде Мұхаммедтің әйелі Хадишаданың артынан қыздары Зейнеп, Руқия және Умму Гүлсім ислам дінін қабылдады. Содан кйеін Али бин Абу Талибте ислам дінін қабылдады. Али бин Абу Талиб Мұхаммед пайғамбардың немере інісі болған. Бәләзуридің риуаяты бойынша "Али бин Абу Талиб Мұхаммед пайғамбар мен әйелі Хадишаның екеуінің намаз оқып отқандарын көріп, не істеп жатқанын сұрағанда, Мұхаммед пайғамбар Алланың елшісі екенін айтып, ислам дінін қабылдауға шақырған. Али бин Абу Талиб әкесінен сұрап, жауабын беретінін айтқан. Алайда ертесіне Али бин Абу Талиб әкесінен рұқсат сұрамай Мұхаммед пайғамбарға келіп ислам дінін қабылдаған. Бір күні Абу Талиб Баласы Алидің намаз оқып тұрғанын көріп не істеп жатқанын сұрағанда, Мұхаммед пайғамбар Абу Талибке де өзінің пайғамбар болғанын айтып, ислам дінін қабылдауға шақырған. Бірақ бұл сөзге Абу Талиб ата-бабаларының дінін тастамайтынын бірақ бұларға да қарсы шықпайтынын айтқан". Мұхаммед бин Абдулланың туысқандарының ішінен Али бин Абу Талибтен кейін Зейд бин Хариса ислам дінін қабылдаған. Зейд бин Хариса Қалб бин Уабраның тайпасында жас кезінен құлдықта болып Шамнан Меккеге жіберілген. Хаким бин Хизам бин Хуайлид әпкесі Хадишаға силыққа берген құлдардың арасынан таңдап алған, кейін Зейд бин Харисаны Мұхаммед пайғамбарға қызмет етуге берген. Мұхаммед бин Абдулла, Зайдті құлдықтан құтқарып бостандық силайды. Кейінірек әкесі Хариса Меккеге келіп Мұхаммед пайғамбардан баласы Зейдті қайтарып беруді сұрап, ақшасын өтейтінін айтады, Мұхаммед пайғамбар қайтарарын немесе жанында қалдыратынын ойланып тұрғанда, Зейд әксеі Харисаға өзінің Мұхаммед бин Абдулланың үйінде қалатынын айтқан. Меккеде Мұхаммед пайғамбардың отбасы жән туысқандарынан бөлек болып ең бірінші исламды қабылдаған Абу Бакр болған. Сондай ақ Мұхаммед бин Абдулла пайғамбар екенін айтып ислам дінін қабылдауға шақырған адамдарың ішінде еш күмәнсіз әрі мүлтіксіз иман еткені осы Абу Бакр екендігін айтқан. Абу Бакр ислам дінін қабылдап, мұсылман болғаннан кейін өзінің аброй-атағын және байлығын Мұхаммед пайғамбардың адамдарды ислам дініне шақыруына жәрдем етуге жұмсаған. Абу Бакрдің ықпалымен Осман бин Аффан, Зубейр бин Аууам, Абдуррахман бин Ауф, Талха бин Убейдуллах, Саад бин Абу Уаққас сияқты Құрайш тайпасының жастары ислам дінін қабылдауға үш жылдық шақырудың арқасында алғашқы мұсылмандардың қатарында болды. Бұл адамдар кейіннен Осман бин Мазун, Сайд бин Зейд, Айяш бин Абу Рабия, Абу Убайда бин Жаррах, Арқам бин Абул Арқам, Абу Салам, Жафар бин Абу Талиб және Убайда бин Харис сияқты адамдардың ислам дінін қабылдауға әсерлері тигізді. [2, ss. 153-155]

Қазіргі жыл санауымызбен 615 жылы Абу Жахилдің Мұхаммед пайғамбарға жасаған қастандық әрекеттерінің пайдасыз болып, әзіреті Хамзаның мұсылман болуы, Мұхаммед пайғамбарға үлкен бір сүйінші әрі моральді жәрдем болып, мұсылмандарды да рухтандырды. Алайда мұсылмандарды қуантқан нәрсе мүшриктерді оншалықты қуанта қоймады және олардың сенген нәрселеріне қарсы келгендері үшін одан әрі ашуландыра түсті. Билхасса әулеттері тарапнынан бастапқыда қорғауда болып, кейіннен бас тартқаннан кейін қорғаусыз қалған мұсылмандар жандары үшін добалаңға түсіп, үрейленді. Тек мұсылмандардың саны артуының өзі мүшриктерді ашуландырды. Зұлымдықта қалып, оған қарсы тұруға шамасы жетпеген сахабаларының жандары үшін және жандарын сақтап қалу үшін ислам дінінен бас тартуынан сақтанған пайғамбар ең бірінші қорғаусыз қалған мұсылмандарға Хабашистанға (Эфиопия) көшіруді ұйғарды.

Көшу шамамен пайғамбарлықтың бесінші жылы ережеп айыныда болды (615) . Көшкендердің саны онбір еркек, төрт әйелден құралған топ болған. Олардың аттары Осман бин Аффан және әйелі, пайғамбардың қызы Руқия, Абу Хузайфа бин Убта және әйелі Сахла бинт Сухейл, Абу Салам және әйелі Умму Салам, Амр бин Рабия және әйелі Ләйлә бинт Абу Хамза, Зубейр бин әл-Аууам, Мусаб бин Умайр, Абдуррахман бин Ауф, Осман бин Мазун, Абу Сабра, Хатиб бин Амр және Сухайл бин Байда деген адамдар болған. Бұндай дамудан кейін бір жыл өткен соң Жафар бин Абу Талиб бастаған сексен екі ер адам, 14 әйелден тұратын мұсылмандар тобы Хабашистанға екінші рет көшті. Алғашқы мұхаджирлер (көшкендер) сияқты бұларды да жергілікті аймақтың тұрғындары жақсы қарсы алды. Жаңадан көшіп барған мұсылмандар барған жерлерінде тыныш әрі қауіпсіз өмір сүрді. Хабашистанға көшу үшін әр тайпадан мұсылмандар келіп жатты. Билхасса арасынан ислам дінінде болғаны үшін ең қатты қысым көрген Махзум ұлдары, Сахм ұлдары, Жумах ұлдары және Умаиия ұлдары әулеттерінен өте көп келді. Мұхаммед пайғамбардың әулеті Хашим ұлдары саны жағынан ең аз болатын. Оған қоймай Мұхаммед пайғамбардың Құрайш арасында жәрдемшісы және қорғаушысы болмағандықтан ең бірінші әрі ең қатты қысым көрген әулет ол осы Хашим ұлдары болатын. Сондықтан қысымнан құтқару үшін мүмкіндігінше көбірек Хашим ұлдарының өкілдерін көшіру керек болды. Бірақ риуаяттарда Хашим әулетінен тек қана Жафар бин Абу Талиб және әйелі Асма бинт Умайстың көшкендері ғана айтылады. Бәлкім Жафар бин Абу Талибті елші әрі басшы қылып жіберуінің себебі, туысқандығында болуы мүмкін. Хашим әулетінің Хабашистанға аз болып көшуінің негізгі себебі болса әулеттің бір бөлігі ислам дінін қабылдамаған болсада, қандық туыстық негізінде мұсылман туыстарына қорғаушы болып және оларды мүшриктерден сақтаған. Хабашистандағы мұсылмандар тыныштықта өмір сүріп жатты. Тек Меккенің мүшриктері ол нәрсеге көңілдері толмай мұсылмандарды Хабашистаннан қайтарып алу мақсатында Амр бин әл-Ас пен Абдуллах бин Абу Рабияны елші қылып Неджашыға жіберді. Меккеден кетіп Хабашистанға жеткеннен бастап Неджашыға кіріп мұсылмандардың олардың Меккедегі жасағандарын айтып, қайтып алып кетуге келгендерін айтты. Бірақ Ниджашы болса олардың өздерінің не дейтіндерін білмейінше ешқандай да бір шешім шығармайтынын айтты, кейін Жафар бин Абу Талиб:

"Ей билеуші, Алла біздің арамыздан біреуді таңдап оны өзінің елшісі етіп, пайғамбар қылмайынша біз, надан еді, пұттарға табынатын едік, өлі малдың етін жейтінбіз, жезөкшелік жасайтынбыз. Туысқандықтың қадірін білмей, көршілік дегенді түсінбейтінбіз. Бай болғандар кедей мен әлсіздерге қианат жасайтын. Сондай надандық арасында Алла бізге намысты, дұрыс іс-әрекетті білетін және үйрететін пайғамбар жіберді. Ол бізді Ұлы Алланың бір екенін айтып, ғибадат етуге шақырды. Ағаш және жапырақтардан жасалған пұттардан аулақ болып, Аллаға серік қоспауды үйретті. Бізге дұрыс сөйлеуді, туыстарға адал, көршілірмен тыныш болуды, қан төгуден сақтануды үйретті. Басқа адамдарға жамандық жасамауды, жақсы амалдар жасауды, садақа беруді үйретті және біз оларды жасап келе жатқанбыз. Бірақ бізге бұл нәрселерді жасауға өз адамдарымыз кедергі болды және отанымызды тастап сіздің жеріңізге көшіге мәжбрлегенде солар. Біз таңдаған бүкіл аймақтардың ішіндегі сіздің жеріңізді таңдап көшіп келдік. сіздің жаныңызда болсақ бізге қауіп төнбес деп үміттенеміз" деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Түркістан жеріне ислам дінінің таралу тарихы
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
А- Қадиянилік және оған баратын жол
Дін философиясы. Философия танымы
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Суфизм (сопылық)
ҚР Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны
Ислам философиясы мен грек философиясының арақатынасы тақырыбына арқау болатын негіз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz