Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері


Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері».
Курстық жұмыстың мақсаты - кедейшілік деңгейін төмендету, күнкөріс минимумынан төмен табыстағы тұрғын халықтың үлесін сан жағынан азайту және тақыр жоқшылық пен аштықты жою.
Курстық жұмыс негізінен 3 бөлімнен тұрады. І-ші бөлім «Кедейшілік және оның өлшемі» деп аталады, мұнда кедейшілік түсінігі мен мәні, экономикалық теңсіздік пен кедейшілік өлшемі туралы баяндалған. ІІ-ші бөлім «Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы»деп аталады, бұл бөлімде Қазақстандағы кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесіне, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздігіне, еңбек рыногының жай-күйіне, демографиялық және көші-қон үдерістеріне, әлеуметтік сектордың дағдарысына сипаттама берілген. ІІІ-ші бөлімнің атауы - «Қазақстандағы қала және ауыл кедейшілігінің ерекшеліктері». Мұнда негізінен қала мен ауыл кедейшілігінің салыстырмалы сипаттамасы, шағын қалалардағы дағдарыс, ауыл кедейшілігінің ахуалы жайлы баяндалған.
Кедейшілік дегеніміз-күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамырлары бар. Кедейлік уақыт пен кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға беру мен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайлардыескеру арқылы жүргізу қажет.
Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олар. абсолютті, салыстырмалы және субъективті тәсілдер. 1997 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжалды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері мыңжылдық дамуының барлық Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес, есепте Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін пайдалану ұсынылады.
Күнкөріс минимумы - кедейлікті азайту жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Шын мәнінде әлемде ол абсолюттік кедейліктің критерийі ретінде пайдаланылады да, «кедейлік шегі» деп аталады, ол адамның негізгі мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды ең төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда да күнкөріс минимумы сондай-ақ абсолютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Алайда кедейлік экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты. Есепте Қазақстандағы кедейлікті азайту жөніндегі іс-шараларды тек абсолютті кедейлік кешетіндерге ғана емес, сонымен бірге кедейлік қаупіндегі абсолютті кедейлікке түсуі мүмкін тұрғын халықтың алдын алу үшін де жұмылдыру ұсынылады.
Кедейлік мәселесінің маңыздығын түсіне отырып, Қазақстан Үкіметі әлеуметтік саланың дамуына көп назар аударуда:ол денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған орта мерзімді программалар дайындауда.
І-ші бөлім. Кедейшілік және оның өлшемі.
1. 1 Кедейшілік түсінігі, мәні.
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демогра-
Фиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т. б. ) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т. б. ) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды.
Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын «абсолютті кедейшілік» деп атайды, ал «салыстырмалы кедейшілік» кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады (1 кесте) . Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мүмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме «субъективті кедейшілік» туралы қозғалады.
1997 жылғы адам дамуы туралы БҰҰДБ Баяндамасында кедейшілікті адам әлеуетінің даму контексінде қарау ұсынылды, бұл тұрғыдағы кедейшілік адам дамуы үшін базалық мүмкіндіктердің болмауымен және оның таңдау шектеулілігімен анықталады, олар:ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге, лайықты тұрмыс деңгейін иеленуге, жеке қадір-қасиет сезіміне қысым жасаусыз еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый-құрметке бөленуге шамаларының жоқтығы. Проблемаға адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарау кедейшілікті көп аспектті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.
1 кесте.
Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік, 2001 жыл
1. 2 Экономикалық теңсіздік пен кедейшілік өлшемі
Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға берудің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.
Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдаланылатын ең көп тараған көрсеткіштер -елдегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі.
Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі-табысы немесе тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, Қазақстанда «азық-түлік кедейшілігінің» деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау/жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкесетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептеледі. Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты адамдардың жағдайларының нашарлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табыстарының тапшылығынан арылу үшін қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады. Кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты халыққа мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де пайдаланылулары мүмкін.
Кедейшіліктің экономиканың даму деңгейімен және қоғамның барлық жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік онда салыстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды, бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде білдірмейді. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:
- табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа жеке меншік мөлшерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі санаттарының байлық жинаулары деңгейіне байланысты айырмашылықтарды қосуға болады;
- білім деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа сондай-ақ білімнің деңгейі мен сапасындағы өзгерістерді, жеке жетістіктер және шығу тегімен сабақтастын айырмашылықтарды қосады;
- адамдардың жастарына қарай және физиологиялық
айырмашылықтары, сондай-ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі;
Осы факторлардың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай бөлінеді. Тұрмыс деңгейі жөніндегі Бүкілресейлік орталықтың мамандары халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесін әзірледі, жүйе әл-ауқат/тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерийлерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды. Осы жүйе негізгі үш әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды, олар:күнкөріс минимумы (КМ), ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) .
Күнкөріс минимумы (КМ), бұрын айтылғандай адамның абсолютті кедейшілігінің жігін белгілейді және кедейшілікпен күрес жүргізудегі мемлекет саясатымен байланысты маңызды әлеуметтік норматив болып табылады. Қазақстанда күнкөріс минимумы Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» Заңымен белгіленді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасымен бірдей және дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет ең аз мөлшердегі ақшалай табысты көрсетеді.
Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынуын қалпына келтіретін деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік стандартты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең және ол адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және дене жай-күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Жоғары молшылық бюджеті(ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандырумен қамтамасыз ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын ұйғарды, ол сондай-ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын шығыстарды, бюджеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейін иемденуіне жағдай жасайды немесе, басқаша айтқанда, адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ және салауатты өмір сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді пайдалану мүмкіндігі.
Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады:кедей тұрмыстылардан ең жоғарғы қамтамасыздандырылған адамдарға дейін (2 кесте) .
2 кесте.
Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері
Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және аз қамтамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10%(20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын көрсетеді(3 кесте) .
3 кесте.
Кейбір елдердегі қорлардың коэффициенті, 2001 жыл
Джини индексі (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады. Саралау коэффициенттерінен айырмасы, бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшалай табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағыжеке топтардың меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын, соғұрлым Джини индексі аз болады (0-ге жақын) . Және керісінше, Джини индексінің шамасы неғұрлым көп болса (1-ге жақын), соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне жиналады (4 кесте) .
4 кесте.
Кейбір елдердегі Джини коэффициенті, 2001 жыл
Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының көрсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
ІІ- бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.
2. 1 Кедейшілік пен теңсіздік.
Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады.
Күнкөріс минимумы-тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калория жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70% құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғарғы деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39% күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42, 6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге) . 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді(5 кесте) . Күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1, 6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3, 6 млн. адамды құрады. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31, 1 АҚШ доллары болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалады, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығындағы кедейшілік тереңдігі 1, 6 есеге, ал кедейшілік өткірлігі 1, 7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6, 1 және 2, 2%-ды құрады. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары /тұтынуларының тапшылығы 2002 жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын білдіреді. Орын алған үрдістерді ескере отырып, Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму мақсаттары» есебі бойынша, Қазақстан 1991 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың 50%-ның жағдайларын жақсартудың есебінен мыңжылдық дамуы 1 Мақсатына/ 1 Міндетіне жетуі мүмкін екендігі ұйғарылды.
5 кесте.
Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар.
Жоғарыда көрсетілгендей, тұтыну себеті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерден тұрады, әрі соңғыларының үлесі себеттің жалпы құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Кедейшілік шегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық ұғым болып табылады, ол бүкіл әлемде пайдаланылады. Бұрын айтылғандай, көптеген елдерде «кедейшілік шегі» термині күнкөріс минимумының деңгейіне сәйкес келеді.
Халықтың табыстары адам тұрмысының деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстандық экономиканың жандану шамасына қарай, халықтың табыстары екі есеге жуық ұлғайды:1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды (6 кесте) . Оның белгілері сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1, 24 және 1, 36 жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындарынан едәуір алда болды.
6 кесте
Үй шаруашылықтарының тұтынуға пайдаланатын табыстары және ол-ардың сатып алу қабілеті, 2000-2002 жылдар
Қазақстандықтардың табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, елдегі барша халықты тұрмыс деңгейі бойынша бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге болады (7 кесте) . Кестеде көрсетілгендей, 2002 жылы 71%-дан астам қазақстандықтар материалдық әл-ауқат деңгейі бойынша не кедей тұрмысты (24, 2%), немесе төмен табысты (47, 3%) болған.
7 кесте
Қазақстандағы халықтың әлеуметтік жіктері, 2002 жыл
Экономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар коэффициенті 11-12 есеге тең, ал Джини индексінің мәні 0, 34-ке жуық шаманы құрайды (8 кесте) . 2002 жылы осы коэффициенттердің кейбір төмендеулері байқалды:қорлар коэффициенті-9, 8 есеге және Джини коэффициенті 0, 31-ге дейін.
8 кесте
Экономикалық теңсіздіктің көрсеткіштері, 1998-2002 жылдар
2. 2 Экономикалық өсудің кедейшіліктің деңгейіне ықпалы
Динамикалық және орнықты экономикалық даму елдегі халықтың әл-ауқатының арту мен кедейшілік деңгейін азайтудың аса маңызды шарты болып табылады. Кедейшілікті азайтудағы Қазақстандағы оң үдерістер соңғы жылдар аралығында 1999 жылы басталған экономикалық өрлеумен байланысты, осы жылдардағы әрекет халықтың жұмыспен қамтылуы мен табыстарының артуына жағдай жасап қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастырды. Осыған орай кедейшілік себептерін талдау экономикалық өсу мен кедейшілік арасындағы өзара байланысты талдаудан басталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz