Қазақ халқының әдеп ғұрыптары


Қазақ халқының әдеп ғұрыптары
Қазақ халқынын тұрғын ұйі - материалдық мәдениеттік та-маша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазғы уақыттары қазақтар жығып алуға жеңіл киіз үйлерде, қыста - тұрақты, жылытылатын: "ағаш үй", "жер үй", "қара там" деп аталатын үйлерде тұрды. Ағаш пен киізден жасалатын жиналмалы киіз үй керегеден - негізден (ағаш тор) сфера тәрізді күмбез - шаңырақтан, тарамдана орнала-сатын сырықтар - уықтардан тұрды. Киіз үйдің келемі қанаттары-ның (кереге бөліктерінің) санына байланысты болды. 12 қанаттан тұратын үйлер 100-120 шаршы метр аланды алды. 12, 15, 18 қанат-ты үйлер XII ғ. -дан XIX ғ. -дың басына дейін кездесті.
Әрбір қанат кереге ортасынан аздап майыстырылған 36 сағанақтан құралды. Керегелердің екі түрі бар: жуанырақ сырықшалардан майда терт бұрышты тор етіліп жасалатыны "тор көз" деп, ал жіңішкерек сырықшалардан ірі тор етіліп жасалатының "жел көз" деп аталды. Үйдің әдетте оңтүстік жаққа қаратылатын, адам кіріп-шығатын есігі тік бұрышты ойық формасында болды. Оның екі жаққа ашылмалы, қос қақпалы есігіне көбінесе оюлы өрнектер салынып отырды. Үйдің тор қаңқасының сырты шимең көмкеріліп, оның сырты киізбен жабылды. Күмбездің ортасынан бастап жерге дейін үйді туырлықтар, шаңырақтан бастап, күмбездің төменгітүсына дейін үзікгер бастырыптұрады. Киізжабулар үйуық-керегелеріне өрме жіптермен, белдеулермен бекітілді. Үй күмбезі аспалы кілем жолақшаларымен, шеті шашақталған ленталармен және әр түсті жүн жіптердін түйілген шашақтармен әшекейенді.
Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналғаң салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жиқаздарымен ерекшеленді. Салтанат-ты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден түрғызылып, олар-дың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы ететін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын келемде жасалды. Кішкендай жорықтық үйлер бір түйеге ғана немесе тіпті бір атқа тиеліп-ақ тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық әжеттерге пайда-
ланылатын үйлер болды.
Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй -бірнеше сырықты қонүс пішінде жерге қалап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш-төрт кереге мен уықтардан тұратын "жолама үй" жиі пайдаланылды.
Бұлармен бірге қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды. Олардың сырты матамен, киізбен немесе әр түсті тері-терсектермен жабылды. Күймелерге балалар мен әйелдер орналастырылды.
Үй ортасына таман орналасатын ошақта тамақ әзірленді және күн суық уақыттары ол үйді жылытты. Есікке қарма-қарсы тұс үйдің ең құрметті орны - "төр" деп атанды, төрге қонақтар мен ауылды қадірлі адамдары отырғызылды. Есік маңайындағы кеңістік - "босаға деп аталды. Есіктен кіре берістегі оң қанатта үй аспапта-ры мен ыдыс аяқтар, сол қанатта-ат ер-тұрмандары тұрды. Босағаның оң жағына үй иелерінің керуеті орналасып, оның ішке қараған түстар шымылдықпен жабылып қойылды.
Үй жиқаздары әр түрлі ағаш және тері заттардың. киіздр жасалған бұйымдардан. өрме, тоқымалардан және кілемдерден құралды. Киіз кілем-текеметтер, өрнектер ойылып тігілетін киіз кілем - сырмақтар кеңінең, ал тоқыма кілемдер аздау тарады: Кілемдердің екі түрі болды. Олар: түгі жоғы тақыр кілем және түгі бар түкті кілем өрнектермен, оюлы безектермен және кестелермен әшекейленген, тұр-тұске бай қабырғалық киіз кілемдер "түскиіз" деп аталды.
Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда, киіз қораптарда, қос қалта-лы кілем қоржындарда сақталды. Әрбір үйдің ерекше белгісі -сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстіне көрпе-төсек жиыстыры-латын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын көбежелер көркем ою-өрнектермен әшекейленетін.
Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі; қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты. тұрғын үйлер тара-ды. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды "араш үй", "жер үй". "кірпіш үй деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейім-дендіріліп салынды.
Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бей-неленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және ан, терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыс-тық, жанаттың, бұлғынмың, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды, Бұл андардың терілерінен тондар тігілді. Құнды аң терісі астар етіліп тігілген тон "ішік" деп аталды және тысына қарай аталуы да өзгеріп отырды: аң терісінең жібекпен тысталып тігілгені - бас тон, көк мауытымен тысталғаны - көк тон, қамқамен тысталғаны -қамқа тон деліңді. Құлын терісінен жаға салынған ұзың тон - жарғақ тон деп аталды. Ешкі терісінен ұзын жүндерін жұлыптастап тіккен тонды "қылқа жарғақ" деді.
Шалбарлар күдеріден, мауытыдан ; шұғадан тігіліп, көрнекі кестелермен әшекейленді. XV-XVII ғғ. жеңі жоқ жеңіл сулық киімкебенек пен жұқа ақ киізден тігілетін шапан - қаттау аса әйгілі болды. Байырғы киімдер қатарына сондай-ақ түйе жүнінен тоқылатын ұзын сулық киім - шекпен де жатады. Еркектер мен әйелдердің, сырт киімдерінің негізгі түрі - жун және жібек мата-лардан тігілетін шапандар болды.
Жаз кездерінде еркектер киетін жиынтығы іш жейде мен дам-балдан және желбегей женіл шапаннан, әйелдердікі - ұзын етек көйлек пен жеңісіз қамзолдан түрды. Әйелдер киімдерін тігуге мақта және жібек маталар, барқыттар пайдаланылды.
Еркектер мен әйелдер бас киімдер әртүрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің неғұрлым бұрынғы уақыттардан келе жатқан әрі дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны-ақ қалпақ деп, ол жалпақ жиектері жоғары бүктеліп қайырылғаны - айыр қалпақ деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек формалы. төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киіп жүрді. Қыста киетін үш құлақшынды бас киім "тымақ" деп аталды.
Қыздардың беріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк күтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағудып әше-кейленді. Қүндыз терісімен жиектелген қыздардың бас киімдері "кәмшат бөрік" деп, алтынмен кестеленгені - "алтын бөрік", мар-жандармен әшекейленгені - "қалмаржан бөрік" деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - "тақия" үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелер-мен әшекейленді.
Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі -сәукеле болды. Төбесі конус тәрізді үшкірлене, биік етіліп жасалатын ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас ойел ақ матадан тігілетін бас киім-кимешек киіп жүрді.
Ерлер мен әйелдердің аяқ киімдері де әр түрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің биік өкшелі қонышы тізеден жоғары аса-тын етіктері "шоңқайма етік" деп аталды. Еркектердін, сондай-ақ басы жоғары қайырылған женіл, атқа мініп жүруге ыңғайлы жұмсақ - бір тақа дейтін етіктері, ешкі терісі былғарысынан жасалған мәсілері және неғұрлым тығыз қайыстан тігілген кебістері болды. Олар қыста саптама етік, кедейлері - шоқай мен шәркі киді.
Әйелдердің аяқ киімдері еркектердікінен гөрі әсемдігімен, қоныстарындағы бай ою-өрнектерімен бөлектенді. Олардың үй тірлігі кезінде киетіндері - кебіс болды. Байлардың әйелдері өрнек-телген аяқ киім-кестелі етіктер, жасыл түсті былғарыдан тігіліп, кестелермен және күміс жапсырмалармен әшекейленетін биік өкшелі - "көк сауыр" киді.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ кимідерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері өрнек түсірумен, әр түрлі жапсырмалармен, асыл тастардан көздер салумен, сүйек оюларын бастырумен әшекейленді. Мүндай белдіктер "кісе" деп аталды. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. - Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді келді және непзінен жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер сондай-ақ белдеріне жұмсақ. белбеу байлады.
Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерте алтын жалатылды, оюлы безектер салынды. Сырғалар негізінен күміс сымдардан имек. жарқырауықтастар түзілген шығыршықтүрінде жасалып, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөқтелек жалпақ тілікті түрлері көбірек кездесті.
Шашқа салатын әшекейлер - өзара кішкне шиыршылықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар кеңінен пайдаланылды. Оның орталық алқалары түрді түсті асыл тастармен безектелді. Шаитқа салынатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады.
Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар көбінесе бетін түрлі түсті асыл тастар салумда әшекейленді.
Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, еңір жиек, "бой тұмар", белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өржкті танашыл тыр, салмақты дөңгелек түймелер-торсылдақ түйме, туйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасай алды.
Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: күю ою сал нақыш қондыру, қалыптау, зерелеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды.
Қазақ қарулары да әртүрлі болды. Ерекше болаттан имек қылыш, селебе, сеімсер соғылды. Қару ретінде сапы, қанжар, қайқи сапты ұзын пышақ - жеке ауыз, жіңішке ұзық пышақ - бұйда пышақ кеңінен қолданылды. Неғұрлым көп тарағаы қару-садақ пен жебе болды. Жебелердің ұшы: төрт қырлы, төрт қиғаш бұрышты, аша тәріздес болды. Сүңгі найзаға болат темірдің үш, жылқының құйрық қылынан шашақ жасалды. Қару құрамына сондай-ақ теріден тігілген және болат шиыршықтардан өрілгіш сауыт, мандайшасы бар тор көзді болат дулыға, сырты қаңылтырмен қайталған ағаш және тері қалқандар енді.
XVII г. аяғында бір бөлігі Орта Азия қалаларынан сатылып алынған, бір бөлігін қазақтардың өздері жасаған мылтықтар пайдаланыла бастады. Мылтықтардың білтемен атылатын және күмістен әшекей салынған - білтелі мылтық, әшекейсіз - қара мылтық, қысқа ұңғылы - самқал деген . бірнеше түрі болды. Оғы жеті жүз метрдей жерге жететін қысқа ұңғылы мылтық "қозы кеш" дегі аталды. Оқ- дәріні қазақтардың өзі әзірледі, бір бөлігін көрші елдерден сатып алды. Қайың сырғауылдарынан жасаяйтын сойыл-дар мен шоқпарлар падаланылды, бірақ, соғыс кезінде олар сирек қолданылды.
Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінен құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен - қымыз, түйе сүтінен -шүбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдық сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды. Қазақтардың сүйсініп ішетін сусындарының бірі - айран болды. Айранға су араластырылған сусыңды "шалап" деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерінде құрт ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік және басқа тағамдар жасалды.
Ұннан әзірленетін тағамдар көбінесе қыста пайдаланылды Азық-, түліктік негізгі дақылдар - тары, сурегірек - бидай мен қара бидай ; болды. Тарыдан қазақтар ақталған тары әзірледі, одан тары көже істеді. Қуырылып, қеліде түйіліп ақталған тарыны сүтке бөктірді жеді, одан аса құнарлы дәм - мап сөк әзірледі, Тарыны тартып, талқан да жасады. Тары ұнынан тары таба нан пісірілді. Тары талқанынан сондай-ақ мерке, той дастарханына арналып, сары майға шыланған жент әзірленді.
Бидай бұдан да артығырақ бағаланды. Одан бидай көже, қуырылған бидайдан талқан, ал бидай талқаннан - жент дайындалды. Бидай ұны таба нан, кеспе көже, бауырсақ пісіруге пайдаланылды. Қазақтың тамақ түрлерінде қара бидай мен арпа өз орын алды. Оңтүстік аудандардың қазақтары күріштен палау басты, күріш ботқа әзірледі.
Қазақтардың негізгі асы - ет болды. Соның ішінде неғұрлым бағалысы - жылқы еті саналды. Жылқы мойнының жоғарғы жағындағы майлы жері - жал және сауырындағы майлы түсы - жая деп аталды. Тоқ ішігідан - "қарта", қабырғалық ет - майынан - "қазы" әзірленді. Басқа еттерінен ішекке салынып, шұжық дай-ындалды.
Қой еті негізінен жазғы уақыттары желінді. Пісірілген қой еті -қазақтардың негізгі асы - дастарханға кеспе салынып та және кеспесіз де тартылды. Етті жеп болғаннан кейін, оның сорпасы берілді. Өкпе-бауыр, ішек-қарын және жұмсақ еттерінен майдала-на туралып, майға қуырылып пісірілетін тағам - "қуырдақ" деп аталды.
Малшы қазақтардың ыдыс-аяқтары мен үй аспапатары олардың көшпелілік тұрмысына бейімделініп, теріден және ағаштан жасалды. Сынатын ыдысты тасымалдау үшін арнайы дорба - "шынықап", айталық, құрастырылып және жас шыбықтан тоқылып әзірластін шыны қаптар пайдаланылды.
Қалпы, сиымдылығы, не үшін падаланылатыны жағынан ең әр түрлі ыдыс саба, сүйретпе, торсық, мес және басқалар болды. Саба жылқының арнайы өнделген терісінен, кейде мүйізді ірі қара мал-дың терісінен тігілді. Соғым (қысқы маусымға ет әзірлеу) кезінде саба үшін ең алдымен семіз әрі ірі малдың терісі әдейі қалдыры-лып отырды. Ондай тері жүннен тақырланып тазартылды, ішкі бетіне ашыған айран, іріткі, қүрт жағылып жүмсартылды, онан жу-ылып, кептірілді және тұздалып, көктемге дейін сақталды.
Көктем шығысымен ол арнайы ыс салатын орында жақсылап ысталды.
Қымыз құятын шөміш, ожаулар әр түрлі әдемі етіліп жасалды, олардың оюланып, сабына күміс пен сүйектен безек салынатында-ры жиі кездесті. Асханалық аспап қатарына міндетті түрде шойын қазан да жатқызылды. Қазақстанның отырықшылықты аудандарында саз балшықтан күйдіріліп жасалатын керамикалық ыдыстар кеңінен пайдаланылды.
Қазақтардың материалдық мәдениеті халықтың шаруашылық тұрмысының ерекшеліктерін бейнеледі, дала малшыларының бұрынғы ұрпақтары мәдениетінің дәстүрлеріне негізделді. Шаруа-шылық-экономикалық құрылыс, тамақ, киім олар өмір сүрген табиғат жағдайларына неғұрлым бейімдендірілген қалыпта болды.
Халықтың материалдық және рухани өмірін олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары да бейнелейді. Тарихтық аңыз-әңгімелерде сақталып қалған қазақтардың әлуметтік, зандық және шаруашылық-тұрмыстық терминологиясында тарихи бағалалықтар аз емес.
Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары, үйлену жоралары -"құдалық салтта" айқын ашыла түседі. Қалыңдық туысқандарының
балаға деген көзқарасы ісләм белгілеген көптеген ырымдардан азат болды. Келісуден және қалымның алғашқы жарнасы берілгеннен кейін болашақ күйеу қалыңдығымен жасырый жолығыса алды және оның алғашқы келуі-ұрын келу, әдетте, қалындығының әке-шешесіген жасырын түрде, сол қалындығының аға-інісінің немесе туыстарының үйінде өтп. Күйеу жігіттің екінші жолғы келуі ашық түрде болды және ол "қалыңдық ойнау" деп аталды.
ХУ-ХУІІ ғғ. қазақтардың отбасылық өміріне ісләмнің ықпалы онша болған жоқ, молданың қатысуымен қалындықтың некесін қию ғұрпы қолданылмады. Ерлі-зайыптылық (жұбайлық) халықтың жап-пай мақұлдауымен, бәрі қосылып той салтанатында орындалатын "жар-жар" өлеңін айтумен бекітілді.
"Жар-жар" - айтыс өлеңі. Оны әдетте екі топ; күйеу бастаған-еркектер, калыңдық бастаған - әйелдер жағы айтады.
Өлең патриархальды отбасындағы әйелдің жағдайы туралы ба-яндайды, бөтен ауылға, бөтен ортаға кетіп бара жатқындығына, туыстарымен айрылысатынына, туған жерінен алыстайтынына бай-ланысты қыздың мұң - қайғысын білдіреді. Көбінесе күйеуге өзінің еркін тыс кетіп бара жатқандығын сезінуінда туатын қалыңдықтың қасіреті кейде шынайы әрі ойланатын жылап-сықтау өлеңіне -сыңсуға, "қыз танысуға" келіп қосылатын. Мұнда қыз өзінің туған аулымен қоштаса тұрып, қайғы-қасіретін де өлеңмен өрнектейтін.
Қыз өзіне еріп жүрген құрбыларымен бірге қоштасу өлеңімен өз ауылының әрбір үйіне және көрші ауылдарға кіріп-шығуы керектігін дәстүр талап етті. Қазақтарда қыздың бұл қоштасуы "қыз-танысу" деп аталды.
Күйеу жігіттің ауылында дәстурлі өлең - беташармен қарсы алды. Беташардың екі белімнен түратын қағидалық тексті болдық. бірінші бөлімінде қалыңдық әдетте күйеудің туысқандарына және ауылдастарына таныстырылды, екінші бөлімі жаңа ғана өзінің бұдан былайғы отбасының табалдырығын аттаған қалыңдыққа ақыл-қасиет айтудан тұрды.
Қалым төлеуден басқа, күйеу тарапынан жен-жоралғылық сыйлықтар әзірленді: шешесіне - сүт ақысы, әкесіне - той мал (той шығындары), қалыңдықтың аға-інілеріне - тартулар (ер-тұрман, белдіктер, т. б. ) жақын туыстарына - кәде берілді. Мұндай жағдайда күйеу жігіт кедейлеу болса, оған туыстары мен достары көмектесті. Қалындықтың туыстары да қарыздар болып қалмады. Келісім кезінде олар қарғы-бау-деп аталатында - келісімнің адалдығына кепілдік салуға тиісті болды, кұдаларына сый ретінде кит кигізді. Ұзатылған қыздарының жасауы оларға өте қымбатқа түсетін, тіпті кейде алған қалыңмалының құнынан да асып кететін. Туыстары қызы үшін тойда киетін бас киім - сәукеле тіктіретін және көлік ретінде - күйме табатын. Ал туыстары бай болса ұзатылған қызына барлық жасау-жабдықтарымен қоса жаздық үй-отау тігіп беретін.
ХУ-ХУІІ ғғ. жерлеу жора-жосықтары аралас күйде болып, ісләмнің әдет-ғұрпы сияқты жай "тәңірілік" әдет-ғұрыпқа негізделді. Қазақтар о дүниелік өмір бар деп сүрді. Сондықтан марқүммен бірге оның кабіріне садағы, найзасы, ер-тоқымы, сүйікті атының басы салынды. Өлікке тамақ пен сусын қалдырылды. Марқұмның ұйінде өлікті түнде күзету ырымы атқарылды. Ертеңінен өлік отпен тазартуға үшыратылып, сонан соң оны қыстау маңына апарып көмді. Хандар Түркістанда, Қожа Ахмед Яссауи кесшесінде жерленді. Шалғай аудандарда қыс кезінде қайтыс болған әйгілі адамдар уақытша сөреде ұсталып, тек күн жылына бастаған кезде ғана жерлеуге Түркістанға немесе әулиелі деп есептелінетін басқа жерлерге апарылды.
Қазақтардың қабір үстіндегі қүрылыстары қайтыс болғанның әлеуметтік жағдайына байланысты қатаң сараланғак. ХУ-ХУШ ғғ. қабір бетіш шикі қыштан салынатын мазарлармен бірге тастардан үйіп төбешік жасау дәстүрі де өмір сүрді.
Ежелгі ғүрып бойынша марқүмға жылап-сықтау ұзаққа созыл-ды, қайғы-күйінішін білдіру ретінде әйелдер өздерінің беттерін тырнады (бет жырту) . Өлген күйеуі үшін аза тұтуын сақтап әйелі бір жыл бойына басына қара орамал тартып жүрді (қара салу) . Марқүмның тірі кезінде мініп жүретін атының үсті (егер ол бай адам болса) азалы қара жабумен жабылды. Жыл өткен соң аза түту аяқталып, қабір үстіне ескерткіш орнатылды, сейтіп марқүмның жылы берілді. Оның мінген атыиың құйрығы кесіліп, артынша ол сойылды. Аттың басын түяғы және терісі иесінің бейітіне қойылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz