Информатика пәнінен дәрістер


1-дәріс. Ақпарат. Ақпараттың түрлері.

XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді. Информацияны өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы кездегі компьютерлер барлық мамандық салаларында кеңінен қолданылуда. Сондықтан орта және жоғарғы білімді мамандар өз білімін компьютерді тиімді пайдалану әдістерімен үйлестіре білуі тиіс.

Информатика пәнін оқытып, белгілі бір деңгейде білім беру - қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасқан кезінде өте қажет. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру арқылы білім құндылығы артады, өркениетті елдердің қатарында болу мүмкіндігі туады. Дербес компьютерлердің (ДК) өндірісте, бизнесте кеңінен қолданылуы - жаңа информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетеді.

Оқу әдістемелік құралды дайындағандағы негізгі мақсат - студенттерді информатиканың негізгі идеялары мен қолданылып жүрген жұмыс принціптерімен таныстыру, информациялық жүйе негізін үйрету, сол сияқты жергілікті желілер мен аймақтық-таратылған желілер туралы түсініктерін қалыптастыру және жаңа технологиялармен таныстыру. Студенттерді өздігімен ізденуге, әртүрлі ақпаратты өңдеуде информатиканың теориялық негізін тәжірбие жүзінде қолдана білуге, компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету негізінде нақты жұмыс істеуді үйрету.

Оқулық - кредиттік технология бойынша дәріс алатын студенттер үшін қазіргі кезеңдегі қолданбалы информатиканың бір жүйеге келтірілген, он бес тақырыпқа бөлінген лекциялар курсынан тұрады. Оқулықта компьютердің базалық конфигурациясы мен жұмыс істеу принціптерінен бастап, операциялық жүйелер мен қолданбалы программалар пакетінің мүмкіндіктері мен жаңа технологияларды пайдалану негізінде информатиканың идеялары мен қолданылып жүрген жұмыс істеу принціптері қамтылды. Нақтылы оқып, үйрену үшін оқулық-әдістемеде программалық жабдық пен оны қолданушының арасындағы қарым-қатынасты жүргізетін келісім-шарттық қағидалары толық баяндалды.

Оқулықтың әрбір тақырыбынан кейін бақылау сұрақтары мен тапсырмалар беріліп, әрбір тараудан кейін тест сұрақтары қойылған.

Оқулық - дербес компьютерде жұмыс істеген кезде кездесетін сұрақтар мен қиындықтардың шешуін беретін жаңа информациялық технологиялар мүмкіндігін пайдаланып, компьютерді еркін үйренуге көмектеседі.

1. 1. Информация. "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сөзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Информацияны біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде көреміз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, информация - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Мысалы, қоңыраудың соғылуы сабақтың басталғанын не аяқталғанын білдіретін информация. Ағаштың бүршік атып, гүлдеуі көктем мезгілінің келгенін білдіретін информация. Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.

Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық информация өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған информациясын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т. б. қажетті информацияны білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.

Информацияны сандық, мәтіндік, кесте, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба сияқты түрлі түрде көрсетіп, жинастыруға болады.

Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты түрлі информацияны жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері (информациялық процестер) үлкен көлемді әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Осындай жұмыстарға ЭЕМ-ді пайдалану - оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда. ЭЕМ-ді компьютер деп, автоматты құрылғының немесе адамның өңдеуіне бейімделіп қолайлы дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т. б. информацияны деректер немесе берілгендер деп те атайды.

1. 2. Информатика - информация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, информацияны жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық технология деп атайды.

Жаңа информациялық технологиялар деп дербес компьютерлердің көмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Информатика жаңа информациялық технологиямен қатар ақпараттық жүйелер ұғымы да кеңінен пайдаланылып келеді. Ақпараттық жүйелер - басқару функцияларын іске асыратын объект жөнінде информацияны алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Оны пайдалану түрлері: басқаруды ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жүргізу, автоматты түрде жобалау, технологиялық процестерді басқару және т. б.

Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің халқы Интернетті пайдалану мүмкіндігін меңгерген. Интернеттен қажетті информацияны іздеу және дербес компьютерді түрлі жұмыстарға пайдалана білу компьютерлік сауаттылық делінеді.

Есептеу техникасының дамуы ертеден басталды. XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613-1662) сандарды қоса алатын құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды бөле алатын, көбейте алатын және алу, қосу операцияларын бірнеше есе қайталап орындайтын механикалық калькулятор жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. В. Лейбниц 1666 жылы алғаш рет кез-келген санның екілік санау жүйесінде жазылатыны туралы ұсынысын енгізіп, есептеу құрылғысына екілік жүйені пайдалануға болатындай мүмкіндік барын білді.

Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол информацияның өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е → 1101, / → 0010, 8 → 00111000 т. с. с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады. Ақпарат өлшем бірліктері:

1 байт =8 бит

1024 байт=1 Кбайт (килобайт)

1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт)

1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт)

1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт)

Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, оналтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен жұмыс істейді. Олардың ішіндегі екілік санау жүйесі негізгі, қалған екеуі қосымша санау жүйесі ретінде пайдаланылады. Біздің елде дербес компьютер үшін ИАК-8 - кеңейтілген ASCII кодының кестесін пайдаланады. ASCII информацияны алмастыруға арналған Американың стандартты коды. Ол арнайы құрастырылған кестеде беріледі.

2-дәріс. Санау жүйелері.

Санау жүйесі - сандарды жазуға арналған ережелер мен арифметикалық операцияларды орындау мүмкіндігін беретін арнайы сандар жиыны. Санау жүйесі - санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы. Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып, екіге бөлінеді.

Позициялық емес жүйеде сандардың мәні (салмағы) оның тұрған орнына (позициясына) байланысты болмайды, мысал ретінде латын алфавитін пайдаланып жазылатын рим сандарын айтуға болады: ССLХVII (100+100+50+10+7), қай жерде тұрса да С - жүз, L - елу, т. с. с.

Позициялық санау жүйесінде әр санның мәні оның тұрған орнына сәйкес, мысалы 777, 7 санындағы алғашқы 7 саны - 7 жүздікті, екіншісі - 7 ондықты, үшіншісі - 7 бірлікті, соңғысы - бірдің 7/10 бөлігін көрсетеді.

Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image002.gif

мұндағы http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image004.gif - санау жүйесіндегі сандар, п мен т санның бүтін және бөлшек бөліктері. Мысалы, 125, 4 санын http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image006.gif түрінде жазуға болады. Жалпы полином ретінде келесі формуланы пайдалану қажет:

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image008.gif , (1)

мұндағы A - сан, p - санау жүйесінің негізі, n - жоғарғы разряд нөмірі, m -төменгі разряд нөмірі, k - ағымдағы разряд нөмірі. ЭЕМ-мен жұмыс істеген кезде екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелері қолданылатыны белгілі.

Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.

Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына жолдарды қарастырайық.

Ондық сан: 0 10 1 10 2 10 3 10 4 10 5 10 6 10 . . . 10 10 11 10

Екілік сан: 0 2 1 2 10 2 11 2 100 2 101 2 110 2 . . . 1010 2 1011 2

Мұнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесі

Ондық с/ж
Екілік с/ж
Сегіздік с/ж
Он алтылық с/ж
Ондық с/ж: 0
Екілік с/ж: 0
Сегіздік с/ж: 0
Он алтылық с/ж: 0
Ондық с/ж: 1
Екілік с/ж: 1
Сегіздік с/ж: 1
Он алтылық с/ж: 1
Ондық с/ж: 2
Екілік с/ж: 10
Сегіздік с/ж: 2
Он алтылық с/ж: 2
Ондық с/ж: 3
Екілік с/ж: 11
Сегіздік с/ж: 3
Он алтылық с/ж: 3
Ондық с/ж: 4
Екілік с/ж: 100
Сегіздік с/ж: 4
Он алтылық с/ж: 4
Ондық с/ж: 5
Екілік с/ж: 101
Сегіздік с/ж: 5
Ондық с/ж: 6
Екілік с/ж: 110
Сегіздік с/ж: 6
Ондық с/ж: 7
Екілік с/ж: 111
Сегіздік с/ж: 7
Ондық с/ж: 8
Екілік с/ж: 1000
Сегіздік с/ж: 10
Ондық с/ж: 9
Екілік с/ж: 1001
Сегіздік с/ж: 11
Ондық с/ж: 10
Екілік с/ж: 1010
Сегіздік с/ж: 12
Ондық с/ж: 11
Екілік с/ж: 1011
Сегіздік с/ж: 13
Ондық с/ж: 12
Екілік с/ж: 1100
Сегіздік с/ж: 14
Ондық с/ж: 13
Екілік с/ж: 1101
Сегіздік с/ж: 15
Ондық с/ж: 14
Екілік с/ж: 1110
Сегіздік с/ж: 16
Ондық с/ж: 15
Екілік с/ж:
Сегіздік с/ж: 17
Ондық с/ж: 16
Екілік с/ж: 1
Сегіздік с/ж: 20
Ондық с/ж:
Екілік с/ж:
Сегіздік с/ж:
Он алтылық с/ж:

Сандарды ондық санау жүйесіне аудару

Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне - 1, 2, 4, 8, 16, т. с. с. көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, 1011 2 болып жазылатын екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі:

2 3 2 2 2 1 2 0 - екінің осындай дәрежелері санның разрядтарымен көбейтіліп қосылады

1011 2 = 1*2 3 +0*2 2 +1*2 1 +1*2 0 = 8 + 0 + 2 + 1 =11 10

Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандарды ондық санау жүйесіне аудару үшін - санның разрядтарын оның тұрған орнына байланысты дәрежелері арқылы көрсетілген негізіне көбейтіп, шыққан сандарға арифметикалық қосу амалын қолдану арқылы жүргізіледі.

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image010.gif

=3840+208+9+0, 5=4057, 5 10

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image012.gif

Екілік сандарды сегіздік (он алтылық) жүйеге аудару

Екілік сандарды сегіздік (он алтылық) жүйеге аудару үшін бүтін және бөлшек бөліктерге бөліп тұрған үтірдің оң жағы мен сол жағындағы сандарды триадаларға (тетрадаларға) бөліп-бөліп жазады. Содан кейін әрбір триаданы немесе тетраданы санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесіндегі оған эквивалентті санмен алмастырады.

Сегіздік және он алтылық сандарды екілік жүйеге аудару

Сегіздік және он алтылық сандарды екілік жүйеге аудару үшін сандағы әрбір цифрды санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесіндегі оған эквивалентті триада немесе тетрадамен алмастырса болғаны.

Триада -үш разрядты сан

Тетрада - төрт разрядты сан

Мысалдар:

01, 01011 2 = 1 111 101 , 010 11 2 =175, 26 8

01, 01011 2 = 111 1101 , 0101 1 2 =7D, 58 16

567, 561 8 = 101 110 111 , 101 110 001 2 =101110111, 10111001 2

4FE, AD 8 = 0100 1110 , 1010 1101 2 =1000, 10101101 2

4FE, AD 8 = 0100 1110 , 1010 1101 2 =1000, 10101101 2 =

=010 011 111 110, 101 011 010 2 = 2376, 532 8

Сегіздік жүйедегі сандарды он алтылық жүйеге аударуды екілік санау жүйесінің көмегімен орындауға болады, мысалы:

567, 561 8 = 101 110 111, 101 110 001 2 =101110111, 10111001 2 =

0001 0111 0111, 1011 10012 = =177, В9 16

Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар:

Қосу
Алу
Көбейту
Қосу: 0 + 0 = 0
Алу: 0 - 0 = 0
Көбейту: 0 * 0 = 0
Қосу: 0 + 1 = 1
Алу: 1 - 0 = 1
Көбейту: 0 * 1 = 0
Қосу: 1 + 0 = 1
Алу: 1 - 1 = 0
Көбейту: 1 * 0 = 0
Қосу: 1 + 1 = 10
Алу: 0 - 1 = -1
Көбейту: 1 * 1 = 1
Қосу: Қосу
Алу: Алу
Көбейту:

Көбейту

Қосу: +
Алу:
Көбейту: - 1
101
Қосу: 111
Алу:
Көбейту: 111
* 11
Қосу: 1000110
Алу:
Көбейту: 11001
+ 101
Қосу:
Алу:
Көбейту:
101
Қосу:
Алу:
Көбейту:
Қосу:
Алу:
Көбейту:

Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар алдыңғы екілік жүйедегі тәрізді, мысалы:

Жауабы: 141, 5 + 59, 75 = 311, 2 8 = C9, 4 16
Тексеру : Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

311, 2 8 = 3 . 8 2 + 1 . 8 1 + 1 . 8 0 + 2 . 8 -1 = 201, 25
C9, 4 16 = 12 . 16 1 + 9 . 16 0 + 4 . 16 -1 = 201, 25

Сегіздік с/ж: 215, 4 8 + 73, 6 8 Он алтылық с/ж: 8D, 8 16 + 3B, C

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image014.gif

Жауабы: 141, 5 + 59, 75 = 311, 2 8 = C9, 4 16
Тексеру : Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

311, 2 8 = 3 . 8 2 + 1 . 8 1 + 1 . 8 0 + 2 . 8 -1 = 201, 25

Сегіздік с/ж: 311, 2 8 - 73, 6 8 Он алтылық с/ж: С9, 4 16 - 3В, С 16

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image016.gif

Жауап: 201, 25 10 - 59, 75 10 = 215, 4 8 = 8D, 8 16 .
Тексеру : Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

215, 4 8 = 2 . 8 2 + 1 . 8 1 + 5 . 8 0 + 4 . 8 -1 = 141, 5;
8D, 8 16 = 8 . 16 1 + D . 16 0 + 8 . 16 -1 = 141, 5.

Көбейту:

Сегіздік с/ж: 163 8 * 63 8 Он алтылық с/ж: 73 16 * 33 16

163

* 63

531

+ 1262

13351

73

* 33

159

+ 159

16Е9

Бөлу:

Сегіздік с/ж: 43 8 : 16 8

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image018.gif

Сегіздік с/ж: 13351 8 :163 8

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec2.files/image020.gif

Жауап: 201, 25 10 - 59, 75 10 =

215, 4 8 = 8D, 8 16 .
Тексеру : Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

215, 4 8 = 2 . 8 2 + 1 . 8 1 + 5 . 8 0 + 4 . 8 -1 = 141, 5;
8D, 8 16 = 8 . 16 1 + D . 16 0 + 8 . 16 -1 = 141, 5.

3-дәріс. Дербес компьютердің базалық конфигурациясы мен жұмыс істеу принціптері.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен компьютерлерді дербес компьютер деп атаймыз. Қазіргі кездегі оқу орындар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың және программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері.

Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), (3. 1-сурет) және (Sоftwаге) программалық жабдықтар (3. 2-сурет) .

3. 1 Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.

http://192.168.120.9/COURSES/course1881/INF1105%28kaz%29/lec/lec3.files/image001.gif Подпись: Жүйелік тақшада: Микропроцессор; BIOS микросхемасы; Жедел жад модулі; КЭШ-жады микросхемасы; Жүйелік шина; Адаптерлер; Контроллерлер орналасқан. Подпись: Жүйелік блок элементтері: ß Жүйелік тақша Иілгіш дискі енгізгіш; СD – ROM (компакт дискіні оқитын құрылғы) Қатты диск (винчестер); Енгізу – шығару порттары; Қоректену блогы; Таймер; Дыбыстық құрылғы. Подпись: Шеткері құрылғылар: ß Монитор; Пернетақта; Принтер; Плоттер Сканер; Модем; Тышқан тетігі 3. 1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары .

Жүйелік блок - процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т. б. ) шеткері құрылғылар деп аталады.

Процессор - компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған ( такт -тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт ) . Такт - процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік - процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, өлшем бірлігі - МГЦ (мегагерц) . Процессор барлық есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессор деп аталады.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор өңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы .

Микропроцессор үлгілері. Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц-тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1 такт/сек) .

Дербес компьютердің (ДК) типі онда орналастырылған микропроцессордың модельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс өнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен өлшенетін) анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің (винчестордың) өлшемі маңызды роль атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1- кестеде көрсетілген.

1- кесте. ДК типтері мен мінездемесі

Процессор моделі

Жұмыс өнімділігі

(тактілі жиілігі) МГц

Жедел жады, Мб
Қатты диск (винчестор), Мб
Процессор моделі: Intel 286
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 8-20
Жедел жады, Мб: 1-2
Қатты диск (винчестор), Мб: 20-80
Процессор моделі: Intel 386
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 40-60
Жедел жады, Мб: 2-4
Қатты диск (винчестор), Мб: 40-200
Процессор моделі: Intel 486
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 66-100
Жедел жады, Мб: 4-8
Қатты диск (винчестор), Мб: 80-500
Процессор моделі: Pentium
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 100-300
Жедел жады, Мб: 8-32
Қатты диск (винчестор), Мб: 500-2000
Процессор моделі: Pentium ІІ
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 300-450
Жедел жады, Мб: 16-32
Қатты диск (винчестор), Мб: 1000-4000
Процессор моделі: Pentium ІІІ
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 500-1000
Жедел жады, Мб: 32-128
Қатты диск (винчестор), Мб: 1-4
Процессор моделі: Pentium IV
Жұмыс өнімділігі(тактілі жиілігі) МГц: 1000-3400
Жедел жады, Мб: 128-512
Қатты диск (винчестор), Мб: 1-8

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқалары ескірген. Микропроцессордың құрамы:

• Басқару құрылғылары;

• Арифметикалық - логикалық құрылғы (АЛҚ) ;

• Микропроцессордың интерфейстік жүйесі - жалпы міндет атқаратын регистрлер.

• Микропроцессорлық жад- кэш жад. ;

Басқару құрылғылары (БҚ) - Орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдары) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ - жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ- нің сәйкес блоктарына жөнелтеді.

Арифметикалық - логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық информациялармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.

Жалпы міндет атқаратын регистрлер - регистрлерде негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.

Кэш - жад - Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш - жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі. Яғни кэш - жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш - жад екі деңгейлі. Біріншісі процессор ішінде, екіншісі процессордан сырт (тақшада) орнатылады, көлемі 256-512 Кбайт шамасында.

Енгізу/шығару порттары компьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бөлінеді:

✔ жалпы мақсаттық параллель;

✔ асинхронды (бір уақтылы емес) тізбекті.

Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.

Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында информация алмасу алдында, адаптер деп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere -үйлестіруші) .

Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер - мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Электрондық оқулықтарды құруды маңыздылығы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Электронды оқулықтың тиімділігі
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Интерактивті тақтаны орнату
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz