Саясаттанудың заңдары мен принциптері



І Кіріспе
ІΙ Негізгі бөлім:
1. Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
2. Саясат және оның мәні
3. Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдер
ΙΙΙ Қорытынды
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІΙ Негізгі бөлім:
1. Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
2. Саясат және оның мәні
3. Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдер
ΙΙΙ Қорытынды

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік
атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым.
Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы
мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей
ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң
ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп
айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми
сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда.
Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге
бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау
кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде
қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап,
Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын
қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі
мерзем.

Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес
ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады.
1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және
саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым
мектебі ұйымдастырылды.
Саясаттанудың зерттейтін мәселесін қарастырғанда, ең алдымен
“саясаттану ” ұғымынан бастаған жөн. Саясат ұғымы гректің “Politik” және
“Logos”- деген сөздерінен шыққан. Біріншісі мемлекетік іс немесе
мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі –ілім, ғылым
деген мағынаны береді.Яғни, қорыта келгенде саясат туралы ғылым. Жалпы
алғанда саясаттану дегеніміз- қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен
заңдылықтары, қозғаушы күштері, және оны ұйымдастыру жолдары, тәсілдері,
принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым.Дәлірек айтқанда,
саясаттану-саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар,
саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси
үдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің
жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда саясаттану-саяси теориялар мен ойлардың
бірыңғай жүйесі.
Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз- қоғамдағы үлкен
әлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет
арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске
асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны
қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін
қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан, саясат қоғамның қажетті әрі
маңызды элементі болып табылады.

Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп
шығады:
• қоғамның жалпы мақсатын анықтау
• қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
• қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу
• шешімдер қабылдау

Саясаттану ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты
болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті
қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі-белгілі
идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта
ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізінде жүргізілді. Ал
18-ғасырдың аяғында буржуазиялық идеологияға негізделген саяси режим пайда
болды.
Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға
бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, ғылыми-техникалық,
әскери, экологиялық, демогрофиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр,
тағы да басқа саясаттар.
Саясат әр түрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады.
Саясаттың ең басты мақсаты ол- оның бағыттары, деңгейлері, формалары
арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін
және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.
Саясаттың обьектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі- қоғамдағы
үлкен әлеуметтік топтар (топтар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар,
нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік
белгілі бір топтың екінші топты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан,
топтардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен
саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі- саяси қатынас мәселесі.
Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынас топтар арасындағы өзара
қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең
алдымен үстемдік және тәуелдік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы
қатынас белгілі бір тарихи кезеңде объективтік қажеттілік. Мұнсыз қоғамдық
қызметтің жүруі мүмкін емес.Әдетте үстемдік жүргізетін тап - ол, қолында
иелігі, қожалығы, билігі бар тап, ал ондайы жоқ тап тәуелді тап. Сондықтан
бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық негізі болып саналады. Бірақ,
саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық,
ұлттық мүдделерді де қамтиды.Ал саяси мақсатты көп жағдайда өкімет мақсаты
деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың өзі саяси мақсатқа
жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп
айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде саяси мүдделер,
саяси мақсаттар пайда болса, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады
десек қателеспейміз. Мәселен алғашқы қауымдық құрылыста-ақ әлеуметтік
өмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың
кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік-ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат,
мұраттардың өзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда өкімет туралы мәселе
жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны ол саяси билікті жеңіп алу
қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін
анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар,
ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар,
кәсіптік одақтар болып келеді. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның
саласы - саясаттану болып табылады.

Саясаттанудың заңдарын 3 топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады
САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Саясаттану әдістері мен әдістемелері туралы
Пәндер