Файлды сақтау және қорғау


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Файлды сақтау және қорғау
  2. Файлды қорғаудың негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және қалталармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз қалталар сияқты қалталар құрылымын пайдаланады.
Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.
Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.

Файлды сақтау және қорғау

Құжатты теру кезінде терілген бөлігін автоматты түрде период бойынша сақтап отыруды компьютерге тапсыруға болады. Ол үшін Сервис - Параметрлер командасын берген кезде көрінетін терезенің Сақтау қондырмасын ашып, одан "автосақтау қосқанат белгісін белсендіріп, қажетті минут аралығын енгізіп қою керек. Бірақ, құжатты теру кезіне файлға ат беріп қойған жөн. Ат беру Файлды сақтау терезесі арқылы орындалады.

Файлды сақтау . Жаңа құжаттың терілген бөлігін не құжатты толық түрде алғашқы рет дискіде сақтау командасы: Файл - Түрінде сақтау (Файл - Сохранить как . . . ) . Бұл команданы Ғ12 пернесін басу арқылы беруге де болады. Экранда Құжатты сақтау терезесі көрінеді. Онда "Бума", "Файл аты", "Файл типі" өрістері және "Бума" өрісі енгізілген қатарда Басқару панелі бар. Панель түймелерінің іс-әрекетгері:

-бір деңгей жоғары бумаға өту;

-жаңа бума құру (ол ағымдық етілген бумаға енгізіледі) ;

-"Таңдаулы" атаулы буманы ашу, т. б.

Файлды сақтау терезесі

Құжатты сақтау үшін орындалуы тиіс әрекеттер :

-терезенің "Файл аты" өрісіне қалаған файл атын енгізу;

-"Бума" өрісінен файл жазылатын дискіні таңдау. Терезеде сол дискіде жазылған бумалар тізімі көрінеді;

-тізімнен файл сақталатын буманы шерту (мысалы, "Менің құжаттарым" бумасын таңдаған жөн) . Терезенің жоғарғы бөлімінде осы бума атауы, негізгі бөлімінде осы бумага орналастырылған ішкі бумалар мен файл атауларының тізімі көрінеді;

Файлды ашу, мазмұнын көріп шығу.

Құжаттар терезесін жабу. Word-тан шығу

Дискіде сақтаулы файлды түрлі командалар бойынша ашуға болады:

-Файл - Ашу (Файл - Открыть) ;

-Сtгl+О (Сtгl+Щ) ;

-Аспаптар панелінің Ашу түймесін шерту.

Экранда "Құжатты ашу" сұхбаттық терезесі көрінеді (Word 2000-да оның көрінуінің бір түрі төмендегі суретте көрсетілген. Бұл - гиперсілтеме түрінде белгіленіп қойылған сөз. Ол жөнінде VIII тарауды қараңыз) . Бұл терезенің де Басқару панелі бар. Оның "Құжатты сақтау" терезесіне енгізілген сәйкес панельден айырмашылығы - мұндағы Құжат мазмұнын және т. б. көріп шығу түймесі Терезенің Басқару панелі катарындағы "Бума" өрісінде ағымдық бума, ал терезе ішінде осы бумада сақтаулы файл атаулары көрініп тұрады. Олардың арасынан бір файл таңдалған соң Баскару панелінің "Көріп шығу" түймесін шертіп, файл мазмұнының үзіндісін экранда көріп шығуға болады (оны орнатып, файл атауы таңдалған соң мазмұны автоматты түрде экранның оң бөлігінде көршеді) . Файлды ашу үшін атау таңдалған соң терезенің "Ашу" түймесін шерту жеткілікті.

Файлды Жетекші бумасы арқылы ашу да қиын емес.

Ескерту. 1. Сақталған құжаттар 15-тен артық болмаса, олар негізгі мәзірдің Құжаттар пунктінің құрамына кірістіріп қойылады. Олардың

бірін ашу үшін Іске қосу - Құжаттар (Пуск -Документы) командасын

беріп, көрінген құжаттар тізімінен атауды шерту жеткілікті. Windows автоматты түрде қосымшаны: жүктеп, құжатты бірден ашады.

2, Жылдам жадтың бос емес аумағын кеміту үшін келешекте пайдаланбайтын, ашылулы тұрған құжат терезелерін жауып тастап отырған жөн. Ол үшін сәйкес терезені ашып, Файл - Жабу (Файл - Закрытъ) командасын беру жеткілікті.

Word-тан шығып, жужыс үстеліне оралу үшін оның терезесінің Жабу түймесі шертілуі тиіс не АІt+Ғ4 пернелерін басуға болады. Егер мұның алдында құжат cақталмаған болса, редактор экранға оны сақтауды ұсынатын терезе шығарады.

Үзінділердi құжатқа кірістіру.

Файлдарды біріктіру

Екі құжатты бір-біріне қосу үшін алмастыру буферы пайдалануга болады:

-екінші файлды экранға шығарған соң, оны таңдап, буферге енгізу;

-бірінші файлды ашып, курсорды оның соңына орналастыру;

-Редакциялау - Кірістіру командасын беру.

Бірнеше файлды бір-біріне қосу үшін де осы сияқты тәсілді қолдану қиын емес:

-бірінші файлды ашу;

-екінші файлды ашып, буферге енгізу, одан әрі оны бірінші файлға жалғастыру;

үішінші файлды ашып, онымен де осы әрекеттерді орындау, т. с. с. Файлдарды біріктірудің екінші әдісі:

-кезекті файлды экранға шығарып, курсорды соңына орналастыру;

-Кірістіру -- Файл . . . командасын беру;

-көрінген Файлды кірістіру терезесінен кірістірілетін файл атын таңдап, ОК түймесін шерту.

- пайдаланушы интерфейсі (пайдаланушы мен бағдарламалық-аппараттық орталар арасында) .

2. Ақпаратты сырттай тасымалдаушыларға ақпаратты ұйымдастыру мен сақтау.

Интерфейс - (ағылш. іпіег - өзара, fасе - бет) - пайдаланушы мен автоматты жүйенің орындаушы құрылғыларының арасында ақпарат алмасуды жоғарылату және орнату тәсілдері мен ортасы.

Файл түсінігі. Дискіде жазылған мәліметтермен жұмысты оңтайландыру мақсатымен файлдарға орналастырылады. Файл -сыртқы есте сақтау құрылғысында анықталған орын алатын логикалық байланыстағы мәліметтердің жиынтығы (мәліметтер - бағдарлама және олардың орындалуындағы ағымдық мәліметтер, бағдарлама орындалуының нәтижесі, мәтіндер, иллюстрациялар және т. б. болуы мүмкін кез келген ақпарат) .

Жеке файлдарда бір типтегі ақпараттар сақталады. Мәліметтер типі файл типін анықтайды. Файл белгілі атқа ие, байттардың еркін сандық тізбегі түрінде сақталады. Файл байттардың кез келген санымен мазмұндалуы /бос болуы мүмкін (0 байт) . Демек, файл құру дегеніміз -оған ат меншіктеу. Файл атының дұрыстығы мәліметтерге енудің бірмәнділігіне кепіл болады.

Файлга ат меншіктеу ережесі. Файлдың толық атын оның негізгі аты мен кеңейтілуінің жиынтығы құрайды. Файл аты мен кеңейтілуі нүкте арқылы ажыратылады.

Файл атының кеңейтілуі операциялық жүйеге файлда мазмұндалған мәліметтердің типі, жазылған пішімі туралы мәлімет береді.

МS DOS операциялық жүйесінде файл аты - 8 символдан, кеңейтілуі - 3 символдан аспайды. Файл атына цифрлар мен латын алфавитінің символдары беріледі.

Windows 98 операциялық жүйесінде файл аты -/:*"<> символдарынан басқа 256 символға дейін мазмұндалуы мүмкін. Бос орын мен бірнеше нүктелерді пайдалануға болады. Кеңейтілуі ретінде соңғы нүктеден кейінгі барлық символдар саналады.

Файлдың негізгі параметрлері (қасиеттері) :

-файлдың толық аты;

-файлдың құрылу мерзімі;

-файлдың құрылу уақыты;

- файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары: R (Read only) -тек қана оқу үшін. Н (Ніdden) - жасырын, S (System) жүйелік файл, А (Агһіvе) - архивтелген файл.

Каталогтарды алмастыру.

СD, СD. ., МD командалары. Жаңа каталог Ашу

Каталогтармен жұмыс істеу кезінде бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа өту не, керісінше, жаңа каталог кұру, файлдарды көшіру не өшіру, т. б. әрекеттер жиі кездеседі Соңғы кездің компьютерлерінде мұндай әрекеттер Windows-та орындалады. Жете түсіну үшін МS DОS-та олардың қалай орындалатынын біліп алған дұрыс. МS DОS-та ағымдық каталогтан ішкі каталогқа өту командасы - СD (Сһаngе directori (СHDIR не СD) -каталогты өзгерту), ал ағымдық ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту командасы - СD. . (Мұндағы қатар орналасқан екі нүкте (. . ) -ағымдық каталогтан бір деңгей жоғары болатын каталогтың қысқаша белгісі) Мысалы:

1) С: ағымдық дискісінде жазулы DОS каталогына өту (DОS-ты ағымдық ету) командасы: С:\>СD DОS

Бұл кезде командалық жолдағы С:\> шақыруы С:/DOS шақыруына алмастырылады. Ол - С:DOS-тың ағымдық екенін білдіру белгісі.

2) С:DOS ағымдық каталогынан С:\ каталогына қайтып өту командасы: С: DOS>CD.

Бұл кезде командалық жолда С:\> шақыруы қайта көрінеді.

Жаңа каталог ашу. МD командасы

Атауы латын алфавитінің бас әріптері мен цифрлардан тұратын жаңа каталог ашып, оны ішкі каталогтар тізіміне тіркеп жазып қоюға болады (оның атына кеңейтілу енгізілмеуі тиіс) . Каталогты ашу командасы - МD (Vake Directory - каталог құру) . Мысалы:

С: дискісінде жаңа каталог, айталық, STUDENT каталогын ашу командасы мынадай:

С:\>МD STUDENT

Бұл кезде С:\-те жазулы каталогтар тізімше STUDENT каталогы тіркеліп қойылады да, командалық жолда С:\ STUDENT > шақыруы көрінеді.

Маршрут белгісі Файлдың толық аты

МS DОS жүйесінде ішкі каталогта жазулы соm, . ехе, bat типті файлдардың бірін, мысалы, атауы С:\BASIC каталогында тіркелген Basic. ехе файлын іске қосу командасы мынадай:

С:\BASIC \ Basic. ехе

Бұл командада кері сызықша символы екі рет жазылған. Ол Basic -тің Basic. ехе үшін, ал С: дискісінің Basic үшін бірінші деңгейлі каталог екенін білдіру. Яғни " \ " - файлды каталогтардан іздеу маршрутын (жол бағытын) көрсеткіш символ (мысалы, С:\> Basic Basic. ехе командасы бойынша Basic. ехе файлын табу үшін компьютер С: түбірлік каталогынан Basic ішкі каталогын, одан Basic. ехе файлын іздейді) .

Іздеу маршруты көрсетіліп жазылған файл атын оның толық аты не толық адресі деп атайды. Толық атаудың мысалы: С:\> Basic \ Basic ехе.

Қорытынды

Сонымен қорыта келіп Файл дегеніміз - мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдық жүйе туралы
Ақпараттарды ықшамдау (архивтеу)
Файлдарды архивтендіру
Ақпаратты қорғау жолдары
Компьютерлік қауіпсіздік және компьютерлік жүйенің бұзылуы
Файлдарды архивтеу. архиватор бағдарламалар
MS-DOS-тағы файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
Өзіндік қорғаныс әдістері
Ақпаратты қорғаудың әдістері туралы
МӘТІНДIК РЕДАКТОР ЖӨНІНДЕ Norton Commander (NC)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz