Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері



1 Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығ
2 Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі
3 Дене тәрбиесінің басқа тәрбелермен сабақтастығы мәселісі
4 Болашақ мұғалімдердің қажеттілік өрісінің және дене тәрбиесі.спорт қызметінің қалыптасуы
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын [1, б3]. Білім беру жүйесінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары.
Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр.
Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан да тыс қалмауы қажет.
Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру , білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257 б.
2. Педагогическое наследие (Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Песталоцци). Сборник. Сост: В.М.Кларин и др. – М.: Педагогика, 1987. –415 с.
3. Познавательная традиция: Философско-методологический анализ (сб. статей). – М.: Философское общество СССР, 1989. – 203 с.
4. Афанасьев В.Г. Научно-техническая революция, управление, образование. – М.: Политиздат, 1972. – 431 с.
5. Лесгафт П.Ф. Избранные труды. – М.:Физкультура и спорт, 1987. – 311с.
6. Познавательная традиция: Философско-методологический анализ (сб. статей). – М.: Философское общество СССР, 1989. – 203 с.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
VII - Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Международная научно-практическая конференция
СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

International science-practical conference
MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT
devoted to 7th winter Asian games

Астана қаласы - 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері
VII - Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл

Современные проблемы физической культуры и спорта
МАТЕРИАЛЫ
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года

Астана

УДК______
ББК______
Қ________

Бас редакторыГлавный редактор

Редакция алқасыРедакционная коллегия

Басылымға жауаптыОтветственные за выпуск

Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері: VII - Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл) Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. - Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет

Современные проблемы физической культуры и спорта:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года) под общей ред. А.А.Жумадилханова. - Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.

ISBN________________
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII - Қысқы Азия ойындарына арналған Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм Современные проблемы физической культуры и спорта. Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.

ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Х.Ж. Қожахмет
Доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Астана қаласы
Ж.Ұ. Оразов
Оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы
С.С. Тасмаганбетов
Оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы
Е.К. Байтасов
Оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз, -деген болатын [1, б3]. Білім беру жүйесінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде Салауаттану-денсаулықты сақтау бағдарламалары.
Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр.
Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан да тыс қалмауы қажет.
Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру , білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген [2].
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуының да өзіндік тарихи кезеңдері бар.
Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының ағзаға әсері жөніндегі эмперизмдік білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс-қимылында алды. Мұндай білімнің жиналуы қозғалыс жаттығуларының тиімділігі мен ағзаға оң әсері танылып, кейінгі кезеңдере дене тәрбиесінің пайда болуына әсер етті.
Екінші кезең - дене тәрбиесін дамыту жөніндегі идеялар мен оның әдістемесінің пайда болуы Орта ғасырларда Греция, Рим мемелекеттерінде бастау алды. Бұл кезеңде дене жаттығуларының сауықтыру және ішкі ағза қызметіне әсері зерттелді, оның тиімділігі төзімділік пен белсенділікті, күшті, ерік-жігерді, батылдықты, қайрат пен қозғалыс дағдыларын жетілдірудегі маңызы ескерілді. Сондықтан әскери ойындар, жаттығу, сайыс, түрлі қимыл-қозғалыс әдістерін жүйелеу және оны тиімді пайдалану жөніндегі алғашқы әдістемелер пайда болды.
Үшінші кезең - Қайта өрлеу кезеңінен басталып, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің білімдік, практикалық қорларының жинақталуы ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде дами түсті.
Себебі адам ағзасын зерттеу, сырқатының пайда болу жағдайы мен емдеу жолдарын табу мақсатындағы дәрігерлік тәжірибе философтар мен дәрігерлердің, ағартушылардың дене тәрбиесіне, дене мүмкіндіктеріне, ағза ерекшеліктеріне назар аудартты. Сөйтіп, адам ағзасы және оның функционалдық қызметі жөніндегі зерттеулер жүргізіліп, алғашқы тұжырымдардың, дене тәрбиесінің теориялық өзегінің пайда болуына әсерін тигізді.
Қайта өрлеу дәуірінде дене тәрбиесі тұтастай тәрбие ісінің қажетті бір буыны деп есептеліп, алғашқы ғылыми негізделген теорияларды пайда етті. XVIII ғасырда дене шынықтыруда пайдаланылатын дене жаттығуларының биомеханикалық сипаттары зерттеле бастаса, ал кейінгі ХІХ ғасырда дене тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттайтын еңбектер пайда болды.
Төртінші кезең - Қазан төңкерісіне дейінгі дене тәрбиесінің оқу пәні ретіндегі орны, теориясы мен әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды. Бұл кезең дене тәрбиесінің өзекті мәселелерінің жүйеге келтіріліп, арнайы зерттеулер мен тәжірибелердің жүргізілуімен сипатталды. Бұл саладағы ең көрнекті тұлға П.Ф. Лесгафт [3] болды, оның дене тәрбиесі жөніндегі ілімі мен жасаған әдістемелік ұсыныстары қазіргі дене тәрбиесі теориясының қалыптасуында зор маңызы бар.
Бесінші кезең - Кеңестік дәуірдегі дене тәрбиесі ғылымының даму кезеңі, дене тәрбиесінің кешенді түрде ұйымдастырылып, дене тәрбиесі ғылымының басқа ғылымдармен сабақтастықта, ғылым саласының ықпалды бірлігіне негізделген кешенді сипатта, ғылыми негізге, заңдылықтарға сүйене отырып қалыптасу жүзеге асты.
Алтыншы кезең - қазіргі кезеңде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағдар жасауда, дене тәрбиесіндегі озат әлемдік тәжірибелерді, онымен шектес ғылыми пәндер ауқымындағы зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдаланып, шетелдік озат тәжірибелерді, сондай-ақ дәстүрлі әдістерді жаңа жағдайда, жаңа педагогикалық технологиялармен сабақтастыра отырып пайдалану арқылы ХХІ ғасыр заманындағы дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізін жасаумен сипатталады. Дене тәрбиесі ғылымының дамуы психологтар мен физиологтардың тәжірибесінде адам ағзасының мүмкіндіктері туралы ой-пікірлері мен тұжырымдарына, іс-тәжірибелерінің қалыптасуына жаңалықтар енгізеді.
Демек, дене тәрбиесі адам әрекетінің сан - қилы сипатымен дамитын, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Платонның өзі саналы мемлекетті құру үшін алдымен барлық адамдар дене тәрбиесімен айналысып, дене салауаттылығына көңіл бөлу қажеттілігіне тоқталды [4].
Ал қазақ жерінде дене тәрбиесінің негізі ретінде ойындар мен жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес, ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген.
М.О. Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеріп жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Пәндер