Әділет Демократиялық партиясы



1 "Әділет" Демократиялық партиясы
2 Қазақстан Демократиялық партиясы
3 Демократиялық партияның дамуындағы маңызды кезеңі
2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды [4]. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Оның айтуынша саяси қозғалыс қызметінің басты міндеті Қазақстанның саяси жүйесіндегі демократияландыруды одан әрі дамытып, экономиканы нарықтық жолға түсіру және қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайта түсу [1.2.3].
Дегенмен де қозғалыстың пайда болуының басты арқауы Қазақстанда құқықтық мемлекет құру идеясы болды. Бұл қозғалыстың атынан ғана емес, партия ұйымының “Заңның күші – халықтың еркі” деген ұранынан да байқалады. Ал бұл ұранның өзі “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының негізгі міндеттерінің бірі болатын.

2003 жылы “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары Конфедерациясымен және Қазақстанның жастар Конгресімен бірге сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комитеттің бастамашысы және құрылтайшысы ретінде әрекет етті. Сөйтіп, Республикада қолданылған электоралдық процестердің талабына сай болуы үшін азаматтық қоғамның бақылау идеясын жүзеге асырды. Қоғамдық комитеттің міндетіне депутаттыққа кандидаттарға қазіргі заманғы сайлау алдындағы технологияларды үйрету, халықтан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау кірді [4].

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
"Әділет" Демократиялық партиясы
2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-
саяси қозғалысы пайда болды [4]. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы
республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы
Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Оның айтуынша саяси қозғалыс қызметінің басты
міндеті Қазақстанның саяси жүйесіндегі демократияландыруды одан әрі
дамытып, экономиканы нарықтық жолға түсіру және қоғамдағы ұлтаралық
келісімді нығайта түсу [1.2.3].
Дегенмен де қозғалыстың пайда болуының басты арқауы Қазақстанда құқықтық
мемлекет құру идеясы болды. Бұл қозғалыстың атынан ғана емес, партия
ұйымының “Заңның күші – халықтың еркі” деген ұранынан да байқалады. Ал бұл
ұранның өзі “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының негізгі міндеттерінің
бірі болатын.

ҚДП логотипі

2003 жылы “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы Қазақстанның үкіметтік емес
ұйымдары Конфедерациясымен және Қазақстанның жастар Конгресімен бірге
сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комитеттің бастамашысы және құрылтайшысы
ретінде әрекет етті. Сөйтіп, Республикада қолданылған электоралдық
процестердің талабына сай болуы үшін азаматтық қоғамның бақылау идеясын
жүзеге асырды. Қоғамдық комитеттің міндетіне депутаттыққа кандидаттарға
қазіргі заманғы сайлау алдындағы технологияларды үйрету, халықтан келіп
түскен өтініштер мен хаттарды қарау кірді [4].
М.С.Нәрікбаев “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының билікке ұмтылмайтынын
әлденеше рет қайталады, сөйте тұра: “бұл билік құрылымдарының әрекет етуі
мен қалыптасу мәселесіне біз немқұрайды қараймыз дегенді білдірмейді” деп
атап өтті [1,2,3]. Айтарлықтай қысқа мерзім ішінде қоғамдық-саяси қозғалыс,
өз қызметтері арқылы құқықтық мемлекет қағидаларын түсіндіре білгендіктен
өз айналасына мүдделестерді көптеп жинай алды. “Құқықтық Қазақстан үшін”
қозғалысы өзінің жастығына қарамастан күші мен сенімін сезіне келіп, дербес
партиялық құрылым болып қайта құрылуға шешім қабылдады. 2004 жылғы 14
маусымда қоғамдық-саяси қозғалыс негізінде Қазақстан Демократиялық партиясы
өмірге келді.
Жаңа партиялық ұйым негізіне "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси
қозғалысындағы іргелі идеяларды таңдап алды. Жаңа ұйымның бағдарламалық
құжатында Қазақстан Демократиялық партиясы қызметінің негізгі мақсаты
"Демократиялық қағидаларға негізделген, құқықтық және әлеуметтік қорғау
жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан
барлығы да заң алдында бірдей болатын және барлығы үшін тең мүмкіндік
жасалатын Қазақстанда әділ қоғам құру" еді.
Қазақстан Демократиялық партиясы құқықтық мемлекетті нығайту жолымен –
қазақстандықтардың азаматтық ерік-жігерлерін шыңдау, халықаралық келісім
мен саяси тұрақтылықты барынша нығайту. Сондай-ақ партияның мақсаты
қазақстандықтарды шынайы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ол тек Туға,
Әнұранға, Елтаңбаға табыну емес, салт-дәстүрмен қалыптасқан оның көп
ғасырлық тарихына құрмет көрсетуге баулу болды.
Партия Республиканың электоралдық процесіне белсенді ат салысты. Солай
өздерінің құрылтай съезінде делегаттар қыркүйекте өтетін Парламент
сайлауына партия кандидаттарын ұсынды. Соның нәтижесінде бүгінде Мәжіліс
Парламентінде демократиялық партияның өз өкілі – Алшымбаев Зейнолла
Өтежанұлы деген азамат бар.
Қазақстан Демократиялық партиясы өзінің құрылған сәтінен бастап адал және
ашық электоралдық процесс жүргізуге күш салды. Бәсеке бизнесте ғана
пайдасын тигізбейді, ол, қоғамның саяси саласында да әзірге ең тиімді құрал
болуда. Тек адал да ашық сайлау ғана қоғамның жаңа саяси элитасын (осы
сөздің түпнұсқалық мағынасында) қалыптастыруға қабілетті. Осындай көзқарас
Партияның І съезінде қабылданған "Адал саяси бәсеке қағидалары туралы
хартияда" өз көрінісін тапты. Оның қағидаларын жүзеге асыру технологияның
"қара пиарынан" қоғамды сақтап қана қоймайды, жоғары саяси сайысқа қол
жеткізуге де мүмкіндік береді.
Сайлау алдындағы қарбаласқа партия тікелей ат салысуымен қатар, ҚР Орталық
сайлау комиссиясының жұмысына да қатысты. Сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгеннен
кейін, партия Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясына өз өкілдерін
делегат етуге құқық алды. 2005 жылғы Президент сайлауында сайлау
комиссиясының құрамына Қазақстан Демократиялық партиясынан 185 адам
сайланды [5]. Сөйтіп, Демократиялық партия сайлауға адал да ашық
араласуымен, өмірде өзінің бағдарламалық ережесін жүзеге асыра бастады.
Сол 2004 жылы Қазақстанның Демократиялық партиясы республиканың дамуы мен
гүлденуі үшін нақты солай істелуі керек істердің жиынтық нысанда
баяндалатын “Елдің пайдасына он екі қағидат” атты бағдарламалық құжаттармен
шықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси партиялар
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Қазақстандағы көппартиялық жүйе
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Жалпы саяси партиялар туралы қаралатын мәселелер
САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ПАРТИЯЛАР ЖҮЙЕСІ
Қазақстан партиялары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі
Пәндер