Антропогендік табиғат комплекстері


Саванналар
Экваторлық ормандар зонасы бірте-бірте ауыспалы-ылғалды ормандарға, одан соң саванналарға ауысады. Бұл табиғат зонасында жылдың құрғақ және ылғалды маусымдары кезектесіп келіп отырады, сондай-ақ ішінде ыстық белдеудің бірлі-жарым немесе шоқ ағаштары мен бұталары өсетін шөп жамылғысы басым болады. Егер экваторлық орманда ала көлеңке түсіп, ылғалды әрі қапырық болса, саваннада жарық
38-сурет. Африка пілдері 39-сурет. Шығыс Африка
саванналарындағы буйволдар
мол, ауа таза болып келеді. Биік өскен балауса шөптер жылдың ылғалды мезгілінде айналаны түгелдей - аңғарларды да, тауларды да жауып жатады. Африкада саванналар орасан зор кеңістікті - шамамен материктің 40%-ін алып жатыр.
Топырағы мен өсімдіктері. Жауын-шашынның жыл маусымдарына қарай түсетіндігі саванналар топырағының түзілу процестеріне әсер етеді. Жаңбырлы кезеңде органикалық заттар ыдырап, топырақ шайылады. Құрғақ (қысқы) кезеңде ылғалдың жетіспеушілігінен микроорганизмдердің тіршілік әрекеті баяулайды және қалың шөп жамылғысының өсімдіктер қалдығы толық шіріп үлгермейді. Сондықтан топырақта қарашірік жиналады.
Саванналардың топырағы мен өсімдіктері жаңбыр маусымының ұзақтығына тәуелді. Жаңбыр маусымы 7-9 айға Дейін созылатын экваторлың ормандар маңында биік шөпті саванналардың ферралитті қ ы з ы л топырағы түзіледі. Мұндағы бойшаң өсімдіктердің биіктігі 3 м-ге жетеді Қаулап өскен шөптердің арасынан бірлі-жарым ағаштары бар Шоқ тоғайлар, бұтақтары жайылып өскен орасан зор баобабтар, майлы пальмалар, дум пальмалары көзге түседі.
Жаңбыр маусымының ұзақтығы 6 айдан аспайтын жерлерде шөптері аласа, топырағы қызғылт қоңыр кәдімгі саванна таралған. Шөптесін өсімдіктер басқан ұшы-қиырсыз
40-сурет. Килиманджаро тауының етегіндегі саванналардың шөптесін өсімдікті кеңістігінде бөрікбасы жайылып өскен қараған алып шатыр секілденіп көрінеді
кеңістікте жалпақ бөрікбасы қол шатырға ұқсаған әр түрлі қарағандар көрініп тұрады.
2-3 ай ғана болмашы жаңбыр жауатын шөлейттермен шекарада кұрғақ тікенекті бұталар мен сирек өскен қатқыл шөпті, шөлге айналған саванналар түзіледі. Мұнда сонымен қатар ағаш тәрізді өсімдік - сүттіген кездеседі. Оның етті сабағы, жапырақсыз әрі тікенектер басқан бұтақтары болады, мұндай тікенектер құрғақ климатқа бейімделе келе, өздерінің бойына су қорын жинайды.
Жыл мезгілдеріне қарай саванналардың жалпы көрінісі өзгеріп отырады. Қуаңшылықты кезеңде шөптер күйіп кетеді, көптеген ағаштардың жапырақтары түседі де, саванна сарғая бастайды. Аптап ыстық бәрін де қуратып жібереді. Бірақ алғашқы жаңбыр жауа бастасымен-ақ табиғат жанданып, балауса шөптер ғажайып шапшаңдықпен өседі, ағаштар жапырақ жамылады.
Жануарлар дүниесі. Ірі жануарлардың Африка саванналарындағыдай шоғырлануы дүние жүзінің ешбір жерінде кездеспейді. Мұнда алуан түрлі бөкендер, жолақ түсті зебрлер (Африканын жабайы жылқысы), керіктер шоғырланып тіршілік етеді. Керіктер ұзын мойнын созып, биік ағаштардың жапырақтарын жұлып жейді. Саваннада басқа да шөп қоректі ірі жануарлар - салмағы 4, 5 т-ға дейін жететін пілдер, буйволдар, керіктер бар, бұларды адам аяусыз қырып жіберген. Өзендер мен колдердің жағаларында салмағы 3 т-ға дейін жететін бегемоттар кездеседі. Алуан түсті коректің молдығы ғана ірі жануарлардың осылайша шоғырлануына мүмкіндік береді.
Алуан түрлі ірі жануарлардың тіршілік етуі - Африканың жануарлар дүниесінің басты белгісі. Белгілі жер колеміне келетін жануарлар түрлерінің саны мен ерекшеліктерінің коптігі жөнінен бүкіл дүние жүзінде Африканың саванналарына теңесер территория жоқ Коптеген жануарлардың қорғаныш реңі оларды жыртқыштардан құтқарады. Мысалы, зебрдің жолақ реңі оған тамаша бүркеніш болады. Қимылсыз тұрған немесе тынығып жатқан зебрлер табыны алыстан қарағанда шоқтанып өскен өсімдіктер тәрізденіп корінеді. Зебрлер өздерінің табындарына басқа да жануарларды- бөкендерді, керіктерді, қарақұйрықтарды қабылдайды. Бұл жануарлардың әрқайсысы зебрлердің жауларын тез байқауға жәрдемдеседі.
Шөп қоректі жануарлардың маңында көптеген жыртқыштар - гепард, қабылан, шиебөрі, қорқау қасқыр қатар жүреді. Олардың ішіндегі ең күштісі әрі айбаттысы - арыстан. Өзендерде крокодилдер тіршілік етеді, олардың ішіндегі ең ірісі - ніл крокодилінің ұзындығы 5-6 м-ге жетеді.
Африканың саванналарында құстар айрықша көп. Жер бетіндегі ең кішкентай әсем құс - шірнежегі де, ең ірі құс - африкалық түйеқұс та, Афрйкада ғана кездесетін марабу
41-Сурет. Тыныстап жатқан арыстан
құсы да саваннада тіршілік етеді. Тырнаның сирағына ұқсас ұзын сирақтары бар секретарь деп аталатын құс өзінің түр-тұлғасымен және мінез-құлқымен жыртқыштардың ішінде айрықша көзге түседі. Ол ұсақ кемірушілерді, жорғалаушыларды, әсіресе жыландарды аулап жейді. Бұл құс жыланды қуып жетіп, аяқтарымен таптап өлтіреді.
Саваннада термиттер өте көп, олардың алуан пішінді биік әрі берік үйшіктері - осы зонаға тән белгілердің бірі. Цеце дейтін шыбын жергілікті халыққа көп зиян келтіреді. Ол ірі қара мен жылқыны ауруға шалдықтырып, шығынға ұшырататын, адамдардың өміріне қауіп төндіретін ұйқы ауруының қоздырғыштарын тасымалдайд ы. Ө сімдіктер секілді, жануарлар да жылдың құрғақ маусымына бейімделеді. Олардың кейбіреулері, мысалы, омыртқасыздар мен қосмекенділер қуаңшылық кездерде індеріне тығылып, ұйқыға кетеді. Ірі жануарлар, жыртқыш аңдар, құстар, көкқасқа шегірткелер және саваннаның басқа да жан-жануарлары су қоймалары бар жерлерге қоныс аударады. Саванналардың табиғат жағдайлары ыстық елдердің екпе өсімдіктерін өсіруге қолайлы. Олар: тамырларында крахмал көп болатын мәңгі жасыл бұта - маниок, тәтті картоп - батат, жүгері, жер жаңғағы - арахис, саваннаның шығыс бөлігінде өсірілетін - мақта және едәуір ылғалды жерлерде өсірілетін - күріш.
Тропиктік шөлдер. Антропогендік табиғат комплекстері
Тропиктік шөлдер. Шөл - жауын-шашыны өте аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде олар мүлдем кездеспейтін табиғат зонасы. Пайда болу себептері мен табиғат жағдайларына қарай Жер бетіндегі шөлдер барынша алуан түрл болып келеді. Африкада саванналардан шөлдерге өту тропикті ауаның мейлінше құрғақтығына байланысты.
42-сурет. Сахара құмды шөлі
Африкада шөлдер орасан зор кеңістікті алып жатыр. Материктің көп бөлігі шөлдер мен саванналардың үлесіне тиеді. Сондықтан Африканы саванналар мен шөлдердің нақтылы даму материгі деп атайды.
Материктің солтүстігіиде Жер бетіндегі ен үлкен шөл - Сахара жатыр. Температураның тәуліктік амплитудасының үлкен және жылдық амплитудасының едәуір болуы физикалық күшті ү г і л у туғызады, мұның әсерінен тау жыныстары шытынап сынып, тас, қиыршық тасқа және құм үйіндісіне айналады. Сахарада орасан зор жер көлемін бетін тас басқан тегіс кеңістік - тасты шөлдер алып жатады. Тасты шөлдер сазды және құмды шөлдермен кезектесіп отырады, олардың кейбір жерлерінде құм төбелер мен шағылдар Үйіліп жатады.
Шөлдердің топырағында қарашірік өте аз болады мұнда тропиктік шөл топырағы түзіледі. Құмды шөлдерден өзгеше, сазды шөлдердің топырағында өсімдіктердің тіршілігі үшін қажетті минералдық тұздар көп. Қолдан суарған жағдайда мұндай топырақты жерлерден жақсы түсім алуға болады. Тасты және құмды шөлдердің көп жері топырақ жамылғысынан жұрдай.
Сахарада өсімдіктер жоқтың қасы, ал кейбір жерлерінде әсіресе орталық бөлігінде - мүлдем болмайды. Оқта-текте қылтиған шөптер мен тікенекті бұталар кездеседі. Шөл өсімдіктерінің тамырлары күшті дамыған, олар суды өте тереңнен және кең алқаптан алуға мүмкіндік береді (мысалы, жантақ) . Булануды азайту үшін көптеген өсімдіктердің жапырақтары өте ұсақ болып келеді, олардың орнына көбіне тікенектер өседі. Кейбір өсімдіктер жаңбырдан кейін ғана пайда болады да, өте тез өсіп, гүлдейді, тұқым береді, одан соң құрғайды. Кейде тастардың бетіне қыналар, сортаң топырақтарда - сораң мен жусан өседі. Оазистер ғана өсімдіктерге бай болып келеді. Оазистердің кең тараған өсімдігі құрма пальмасы.
Сахараның жануарлары шөл климатының жағдайларына бейімделген. Мәселен, бөкеңдер су мен қорек іздеп өте алыс жерлерге бара алады. Кесірткелер, тасбақалар мен жыландар ұзақ уақыт сусыз жүре алады. Әр түрлі қоңыздар, көкқасқа шегіртке тұқымдастар, құршаяндар өте көп таралған. Жыртқыштардан қорқау қасқыр, шиебөрі, түлкі кездеседі.
Оңтүстік Африкада пюлдер зонасы Атлант мұхитының жағалауын алып жатыр. Осында Намиб шөлі орналасқан, оның вельвичия деп аталатын өзіне тән бірегей әрі ғажайып өсімдігі бар. Бұл өсімдіктің қысқа діңі жер бетінен 50 см ғана шығып тұрады. Оның ұшынан ұзындығы 3 м-ге дейін жететін тығыз қабықты екі жапырақ тарайды. Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап; сабақ жағынан үздіксіз өсе береді. Вельвичия 150 жылдан астам уақыт өсе алады.
Оңтүстік Африканың шөлдері шығыс пен солтүстікке қарай шөлейттерге ауысады, мұнда жастыққа ұқсаған тікенекті өсімдіктер, сондай-ақ сүттіген мен алоэ басым болады. Бұл аймақта сонымен қатар жергілікті халық пен жануарлардың шөлін қандыратын, шырынды жемістері бар жабайы қарбыз
өседі.
Антропогендік табиғат комплекстері. XIX ғасырдың өзінде Африканы соны табиғаты сақталған материк деп түсінетін. Алайда сол кездің өзінде-ақ Африканың табиғаты адамның араласуымен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған болатын. Ғасырлар бойы түбірімен қопарып, өртеу арқылы егістік пен жайылымдарға жер дайындаудың салдарынан ормандардын көлемі азайды. Африканың табиғатына европалық отаршылдар ерекше зор зиян келтірді. Пайда табу үшін, көбіне - спорттық құмарлық үшін жүргізілетін аңшылық жануарларды жаппай қыруға әкеп соқтырды. Көптеген жануарлар (мысалы, бөкендердің, зебрлердың кейбір түрлері) толығымен құрып кетті» ал басқаларының (пілдердің, керіктердің, гориллалардың және
43-сурет. Улттық парктегі мүйізтұмсық
басқаларының) саны барынша азайды. Европалықтар қымбат тұратын ағаш сүрегін өз елдеріне тасып әкетті. Сондықтан бірқатар мемлекеттерде (Нигерияда және басқаларында) ормандардың толығымен жойылып кету қаупі туды. Ағашы кесілген территориялар какао, майлы пальма, жер жаңғағы және т. б. плантацияларына айналдырылды. Осылайша, экваторлық және ауыспалы-ылғалды ормандардың орнына антропогендік табиғат комплекстері - антропогендік саванналар пайда болды.
Бастапқы саванналардың табиғаты да айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Мұнда орасан зор жер көлемін жыртылған жерлер мен жайылымдар алып жатыр.
Көптеген ғасырлар бойы ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеудің (өртеу, малды көп жаю, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды кесу) салдарынаң саванналардың орнын шөлдер басқан. Соңғы жарты ғасырда ғана Сахара оңтүстікке қарай едәуір жылжып, өзінің көлемін 650 мың км-ге арттырған Миллиондаған гектар ауылшаруашылық жерлерінен айрылу орасан зор шығынға душар етеді: мал мен егістіктің жойылуына, миллиондаған адамдардың ұдайы аштыққа ұшырауына себепші болады.
Саванналарды шөлдердің шабуылынан құтқару үшін Сахарада ұзындығы 1500 км болатын кең орман алқабы жасалады, ол егіншілікті территорияларда шөлдің құрғақ желдерінен қорғайды. Сонымен қатар, Сахараны суландырудың бірнеше жобасы бар, оларды жүзеге асыру шөлдегі орасан зор территорияда суармалы егіншілік оазистерін жасауға мүмкін
44-сурет. Африканың табиғат зоналарының шекарасы: А - қалпына келтірілген, і Б - қазіргі.
Пайдалы қазбаларды өңдеу мен өнеркәсіптің дамуына байланысты көптеген антропогендік табиғат комплекстері пайда болды.
Табиғат апаттары. Қорықтар мен ұлттың парктер
Табиғаттың стихиялық құбылыстары (жер сілкіну, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, су басу, дауылдар және т. б. ) халыққа орасан зор ауыртпалық әкеліп, адам өліміне себепші болуы мүмкін. Ең зиянды табиғат апаттарының бірі - оқтын-оқтын қайталанып отыратын қуаңшылық. Оның Сахараға жанасып жатқан саванналардың халқына айрықша әсері бар. Соңғы онжылдықтарда мұндай апаттар Африканың көптеген мемлекеттерін шарпыды.
Қуаңшылықтың нәтижесінде жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондаған адам баспанадан, малынан айрылды-көптеген құдықтардың суы ластанды немесе ішуге жарамсыз болып, тропиктік зілді аурулардың көзіне айналды. Миллиондаған адамдар су мен тамаққа талғажау іздеп, өздерінің ата мекендерін тастап кетуге мәжбүр болды және үй-жайсыз қаңғыбастарға айналды.
Кейбір елдер су басуынан, өсімдіктердің ауруларға шалдығуынан, бірнеше сағат ішінде егістіктің немесе плантацияның бүкіл түсімін жойып жібере алатын көкқасқа шегірткелердің шабуылынан зардап шегеді.
Адамның шаруашылық әрекетінің (ағаштар мен бұталарды кесу, малды көп жаю, топырақ жамылғысын бұзу және басқалары) табиғатқа зиянды әсері табиғат апаттарының күшеюіне әкеп соқтырады.
Көптеген ірі елдер Африка мемлекеттеріне табиғат апаттарының зардаптарын жоюда көмек көрсетіп келеді.
Қорықтар мен ұлттық парктер. Қазіргі кезде адам баласы Жер шарында табиғатты қорғаудың қажеттігін жаңсы түсінеді. Осы мақсатта барлық материктерде қорықтар (таби-ғат комплекстері табиғи күйінде сақталатын территориялар) мен ұлттық парктер ұйымдастырылуда. Қорықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың гана болуына рұқсат етіледі. Қорықтардан өзгеше, ұлттық парктерге оларда белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенген туристер бара алады.
Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т. б. ) қорғауға күш-жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін алып жатыр. Олар әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африкада көп. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылданған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген.
Халқы
Нәсілдері мен халықтары. Африканың халқы негізгі үш: европалық, экваторлық және монғол тектес нәсілдерге жатады. Материк тұрғындарының негізгі бөлігін байырғы, яғни ежелгі, түпкілікті халық құрайды. Европалық нәсілдің өкілдері негізінен Африканың солтүстігінде тұрады. Бұлар араб тілінде сөйлейтін араб халықтары (алжирліктер, марокколықтар, египеттіктер және басқалары), сондай-ақ бербер тілінде сөйлейтін берберлер. Оларға тән белгі - өңдері қараторы, шаштары мен көздері қара, бас суйегі сопақ, қыр мүрынды және беті қушықтау.
Материктің Сахарадан оңтүстікте жатқан көп бөлігін негр тектес халықтар мекендейді. Олар экваторлық нәсілдің африкалық тармағын құрайды. Негр тектес халықтардың өңдері, бойы, бет әлпеті, басының бітімі жөнінен өзара айтарлықтай айырмашылықтары болады. Африканың ең бойшаң халықтары (тутси, хими және басқалары) материктің солтүстік бөлігіидегі саванналарда тұрады. Олардың бойының орташа ұзындығы 180-200 см, өздері ерекше сымбатты әрі сәнді болады. Қайсыбіреулері (батыс жағында) шымыр денелі болып келеді. Нілдің бастауында тұратын негр тектестердің өңі мүлде кара деуге болады.
Экваторлық ормандардың халыңтары - пигмейлерд і ң бойы аласа келеді (150 см-ден аспайды) . Басқа негр тектестерге қарағанда, олардың өңдері аса қара емес, еріндері жұқа, мұрындары жалпақ, өздері шомбал болады. Пигмейлер - ормандардың тұрғындары. Олар үшін орман әрі баспана, әрі күн көруге қажетті атаулының қайнар көзі. - Африкадағы саны ұдайы азайып баражатқан халықтардың бірі.
Оңтүстік Африканың шөлдері бушмендер мен готтентоттар тұрады. Олардың өңдері қоңыр-сарғыш, беттері жалпақ, жазық болады, бұл жағынан олар монғол
45-Сурет. Орман тұрғындарының үйлері
46-сурет. Эфиопия балалары 47-сурет. Гвинея республикасындағы
қала
тектес нәсілдерге ұқсайды. Пигмейлер секілді, бушмендердің де бойлары аласа, сүйектері жіңішке болып келеді.
Кейбір мамандар эфиоптарды аралық нәсілге жатқызады. Олардың өзгешелігі: өңдері ақшылдау, бірақ терісінің реңі қызғылттау болады. Сыртқы келбеті жөнінен эфиоптар европалық нәсілдердің оңтүстік тармағына жақын келеді.
Мадагаскар аралының түрғындары малагасийлікт е р монғол және негр тектес нәсілдердің араласуынан шық-қан.
Европалық тектес келімсек халықтар негізінен климат жағдайлары жақсы жерлерде түрады және материк халқының азғана бөлігін құрайды. Африканың солтүстігінде Жерорта теңізінің жағалауын бойлай француздар, ал материктің қиыр оңтүстігінде - африканерлер (Нидерландыдан қоныс аударушылардың ұрпақтары), ағылшындар және басқалар түрады.
Африканың Египет, Эфиопия, Гана секілді көптеген мемлекеттерінің дамыған ең ежелгі мәдениеті болған, бұларда қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеген. Африка халықтары дамудың ұзақ жолынан өтіп, дүниежүзілік мәдениеттің тарихына айтарлықтай үлес қосқан. Өнердің тамаша ескерткіштері: ежелгі құрылыс техникасының кереметі - египет пирамидалары, піл сүйегінен және ағаштан жасалған ою-өрнектер, қолдан жасалған мүсіндер сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениетінің дамуындағы алғашқы табыстары үшін адам баласы негізінен алғанда Африкаға қарыздар деп есептейді Көптеген елдер отарлық құлдықтан азат етілгеннен кейін Африканың мәдениеті өзінің дамуында жаңа өрлеу жолына түсті.
Халқының орналасуы. Африка халқының саны 560 млн. адамнан асады. Басқа материктермен салыстырғанда мүнда халық сирек тұрады, оның үстіне олар материктің территориясына мейлінше әркелкі орналасқан. Халықтың орналасуына табиғат жағдайлары ғана емес, сонымен қатар тарихи себептер, ең алдымен құл саудасы мен отаршылдық үстемдіктің зардаптары әсер етеді.
«Халықтың орналасу тығыздығы және халықтар» картасы. Африканың әр түрлі бөліктерінде негізгі халықтардың орналасуы мен орналасу тығыздығы тақырыптық картада көрсетілген.
Жерорта теңізі мен Гвинея шығанағының жағалауларына және материктің оңтүстік-шығыс жағалауына халықтың айтарлықтай жиі қоныстанғанын картаға жасаған талдаудан көреміз. Нілдің атырауында халықтың орналасу тығыздығы өте жоғары, мұнда 1 км-ге 1000 адамнан келеді. Материктің
бөлігін дерлік алып жатқан Сахара шөлінде бүкіл халықтың 1%-і ғана тұрады, ал кейбір аймақтарда халық мүлде тұрмайды. ,
Материктің өткендегі отарлық дәуірі. Материкті отарлау саясаты орта ғасырларда-ақ басталған болатын. Ал XX ғасырдың басына қарай Европаның капиталистік елдері Африканың территориясын бүтіндей дерлік өзара бөлісіп алды да, оны
48-сурет. Африканың саяси картасы
отарлар (саяси және шаруашылық дербестігінен айрылған елдер) материгіне айналдырды. Отаршылдар байырғы халықты аяусыз езіп, қанады, жақсы жерлерін тартып алды, туған жерлерінен тіршілікке қолайсыз аудандарға қуды. Олар елді аяусыз тонады: пайдалы қазбаларды (алтын, алмаз, мыс рудасын және басқаларын), бағалы ағаш сүрегін, сондай-ақ егіншілік өнімдерін (какао, кофе, банан, лимон және басқаларын) тасып әкетті. Құлдыққа салушы елдер африкалықтарды іс жүзінде құлға айналдырып, оларды рудниктерде, плантацияларда арзан, мүлдем тегін дерлік жұмыс күші ретінде пайдаланды, ал жұмыстан кетіп қалуға әрекет жасағаны үшін қатаң жазалап отырды.
Отаршылдар халықтың тайпалық бытыраңқылығын колдап, олардыц діни және нәсілдік алауыздығын өршітіп отырды. Алайда езілген халықтар езушілерге қарсы көтеріліп» басқыншылармен күрес жүргізді.
Отаршылдық системаның ыдырауы. Материкте құлдыққа салушыларға қарсы өрістеген азаттық күресі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше зор күшке ие болды. XX ғасырдың ортасында Африка ұлтазаттық күрес материгіне айналды, ал бұл күрес отаршылдық системаның ыдырауына әкеп соқтырды.
XX ғасырдың басында Африкада тек екі азат мемлекет болды. Олар - Либерия мен Эфиопия еді. Қазір материктегі барлық елдер дерлік тәуелсіз мемлекеттер. Африканың оңтустігінде ғана Оңтүстік Африка Республикасының әскерлері басып алған ел бар, мұнда байырғы халықтың өз тәуелсіздігі жолындағы қиянкескі күресі одан әрі жүргізілуде.
Азаттық алған елдер өздерінің дербестігін баянды етуге, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға, халқының сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға тырысуда.
Алайда шетелдік капиталистер бұрынғы отарларды азаттық алғаннан кейін де тыныш қалдырар емес, мысалы, өздерінің товарлары мен құрал-жабдыңтарының бағасын көтеру арқылы оларды қанаудың жаңа формаларын ойлап тануда. Олар ішкі қиыншылықтарды пайдалана отырып, елдердің дамуы кедергі келтіреді, оларды ірі капиталистік ұйымдарға тәуелді етуге тырысады. Соңғы жылдардағы аса күшті құрғақшылық капиталистік елдерге осы тәуелділікті тереңдете түсті.
Африканың социалистік даму жолын таңдап алған дамушы елдерінде заводтардың, фабрикалардың, банкілердің едәуір бөлігі мемлекеттің қарамағында, жер шаруаларға берілуде. Өнеркәсіпті дамытуға, жергілікті кадрларды даярлауға зор көңіл бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz