Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өндіріс факторларының нарығы және факторлық

табыстың қалыптасуы

Кәсіпорындармен үй шаруашылығы қызмет етуі өндіріс факторларын пайдалануға және оларды пайдаланудан сәйкес табыстарды алуға негізделеді. Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс-ірекеттің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе объектілер түсіндіріледі. Шаруашылық іс-әрекетке тартылатын өндірістік ресурстардың ірқашан да меншік иелері болады әне олрдың бірде біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға қайтарусыз бере алмайды. Сондықтан да өндірістың негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды иемдену, басөару және пайдалану терең қоғамдық экономикалық қатынастарды қозғайды.

Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құндылық береді. Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданылатын ресурстарың құндылығын тудырады. Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер факторы үшін - жер рентасында, ал капитал факторы үшін - пайдадан көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардаң әр түрлі тобы үшін табыс көзі болып табылады. Табыстардың бөлінуінен тұтыну тауарларына деген сұраныс тәуелді болады. Сұраныс бөлуді тудырса, бөлу сұраныс өнімге деген сұраныстың өсуіне немесе кемуіне тәуелді ұлғаяды немесе қысқарады.

Өндіріс - бұл материалдық немесе руханы игіліктерді дайындау процесі. Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін, еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен топқа бөледі: өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория өндіріс факторларының өзаа байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.

Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4 тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлык қызмет.

Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өдірістің басқа факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның шектеулілігінде. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.

Еңбек - адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақталған тәжірибе, жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне жұмсайтын кез келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері. А. Маршалл: «кез келген еңбектің белгілі бір мақсатқа қол жеткізу», - деп көрсеткен. Адамның еңбек ететін уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы - өзгермелі шама және белгілі бір шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек ете алмайды. Оған еңбекке деген қабілеттілігін қалпына келтіруге және рухани өажеттілігін өанағаттандыруға уақыт қажет. Ғылыми-техникаық прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына, жұмыс уақытының ұзақтығына өзгерістер алып келеді. ҒТП жағдайында еңбек өнімділігі мен интенсивтілігі артып, жоғары дәрежелі кадрларды кәсіби дайындауға деген уақыт артады. Еңбектің интенсивтілігі уақыт бірлігіне физикалық және ақыл-ой энергиясын жұмсау дәрежесінің өсуі. Ал еңбек өнімділігі уақыт бірлігіне өндірілген өнімнің санын көрсетеді. Еңбек онімділігін арттыруға әр түрлі факторлар әсер етеді.

Капитал - тауалар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Капитал терминінің көптеген мағынасы бар. Бір жағдайда капитал өндіріс құралдарымен байланыстырылса (Д. Рикардо), басқа жағдайда жинақталған материалдық игіліктермен, қоғамдық интеллектпен байланыстырылады. А. Смит капиталдыжинақталған еңбек ретінде, К. Маркс өздігінен өсетін құн, қоғамдық қатынас ретінде қарастырылған. Капиталды тауарлар мен қызметтер өндірісінде және оларды тұтынушыларға жеткізуде пайдаланылатын инвесцистялық ресурстар ретінде қарастыруға болады. Капиталға деген көзқарас әр түрлі, бірақ олардың барлығына ортақ нәрсе оның табыс әкелу қабілеттілігі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет - барлық басқа факторларды бір жүйеге келтіріп, өндірісті ұйымдастыруда білімі, іскерлік, белсенділік, кәсіпкерлік тәуекел арқылы олардың өзара бірлігін қамтамасыз ететін өндірістің ерекше факторы ретінде қарастырылады. Бұл адам капиталының ерекше түрі. Кәсіпкерлік қызмет өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша жоғары кәсіби дәрежеліеңбек шығындарына теңестіріледі.

Нақты өмірде кәсіпкер аз шығын жұмсай отырып жоғары өнім шығымын қамтамасыз ететін қндіріс компоненттерінің үйлесімін табуға тырысады. Осы мақсатпен әрқашан ұтымды шешімдер іздестіру жағдайында болады. Олардың алдында ең жоғарғы табыс әкелетін өндіріс факторларының талдау мәселесі туындады және бұл кезде өндірістік ресурстарға деген бағаның тұрақты өзгерістерін скеру керек. Адам өндірістің басты факторы болған және арқашан да болып қала бермек. Адамзат қоғамын зерттеуде экономикалық теория оны бір мезгілде өндіруші мен экономикалық игіліктердің тқтынушысы ретінде қарастырады. Ол техника мен технологияны қозғалысқа келтіріп, оларды пайдаану тәсілдерін анықтаса, соңғысы өз кезегінде адамның физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жаңа талаптар қояды.

Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек қана өндірістің элементі емес қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде. Жұмысшы бір мезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік қатынастардың субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны өзгерте отырып, ол экомомикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің экономикалық тәртібін өзгертеді. Оның өндірістегі рөлін қоғамдық қатынастар жүйесін тыс түсінуге болмайды. Өндіріс тұрғысынан адам тек қана оның субъектісі емес, сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу мен айырбас арқылы өтіп, өзінің жолын тұтынумен аяқтайды. Адамның қажетін қанағаттандыру, оның дамуы қоғамдық өндірістің бағытын анықтайды. Кез келген кәсіпкер өзінің шаруашылық іс-әрекетінде табыс алу мақсатын көздейді, бірақ бұл мақсат оның өгдірген өнімдеріне тұтынушы табылған жағдайда ғана жүзеге асады.

Өндіріс факторларының артында адамдардың белгілі бір тобы тұр (еңбек - жұмысшылар, жер - иемденушілер, капитал - оның меншік иесі, кісәпкерлік қызмет - өндірісті ұйымдастырушылар мен басқарушылар) және әр бір фактор табыс әкелу қабілеттілігіне ие. Жұмыс күшінің иесі жалақы формасында табыс алады, жердің меншік иесі - рента, капиталдың меншік иесі - пронцент, кәсіпкер - кәсіпкерлік қызметтен пайда алады. Өндіріс факторының иесі үшін табыс болатын шама осы факторды тұтынушы үшін шығын болып табылады.

Экономикалық теорияда табыс таза шаруашылық (микродеңгейде) және халықшаруашылық (макродеңгейде) түсінік ретінде ажыратылады. Егер табысты иемдену субъектісіне тәуелді қарастыратын болсақ, бұл жағдайда табыстар төмендегіше бөлінеді.

  • тұрғындардың табысы
  • кәсіпорын табысы
  • мемлекет табысы
  • қоғам батысы

Осы табыстардың жиынтығы игіліктер, қызметтер мен өндірістік

ресурстарға максимальді сұранысты анықтайды.

Шаруашылық қызмет қорытындысы бойынша өндіріс факторлық иемденушісі ақшалай формада табыс алады - номиналды табыс. Осы табысқа қатысты оның иемденушісі мен мемлекет арасында күрделі экономикалық қатыснастардың жүйесі туындайды. Мемлекет салықтар арқылы табыстың көп немесе аз бөлігін иемденеді. Табыстың салықтар мен қарыздар бойынша пронценттер тқленгеннен кейін қалатын бөлігі таза табысты құрайды.

Кәсіпорынның табысын талдағанда жалпы, орташа және шекті табыс түсініктері өолданылады. Жалпы табыс ақшалай формада барлық өнімді сатудан түсетін түсім. Орташа табыс салынған өнім бірлігіне есептелінеді. Шеткі табыс қосымша өнім санын сатудан түсетін жалпы табыстың өсімі. Бұл көрсеткіш есебі фирма үшін маңызды мәнге ие. Экономикалық кемімелі табыстылық заңы ірекет етеді және шеткі таыстың есебі кәсіпорын үшін өндіріс көлемін өзгерту үшін негіз болып табылады. Кәсіпкер әрқашан тәуекел максималды қысқартып, нарықты жоспарлауға тырысады. өзінің қызметінде ол табыстылықтың құлдырау жағдайымен бетпе-бет келуі де мүмкін. Кемімелі табыстылық заңының мәні бір фактордың қосымша қолданылатын шығындары өндірістің басқа факторлырының өзгеріссіздігі жағдайында қосымша өнімнің аз кқлемін береді, демек, жалпы табыс та аз болады. Басқа нәтиже барлық факторарды бірдей және бір мезгілде ұлғайтқан жағдайда алынуы мүмкін. Бұл өнім көлемінің өсуіне алып келеді. бірақ бұл жерде де кәсіпкер қауіп-қатерден сақтануы керек. өйткені тауарлар ұсынысының өсуі нарықтық бағаның түсуіне, ал бұл өз кезегінде қосымша өнім бірлігін сатудан түсетін түсімнің азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын үшін өндіріс ауқымының өсуәе қысқарту сигналы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторларының нарығы. Жер нарығы және нарығы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ақшаға деген сұраныс
Экономикалық теорияның құрылымы
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар туралы
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz