Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде
1 Шыңғысханның Қазақстанды басып алуы
2 Ақ Орда мен Көк Орда
3 Моғолстан мемлекетінің құрылуы.
4 Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
5 Қазақ хандығының құрылуы және қазақ халқының қалыптасуы
6 ХVІ.ХVІІ ғғ. Қазақ хандығы. ҚАСЫМ ХАН (1512.1523 жж.)
7 Қазақ.жоңғар қатнастары

ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында монғол билеушілері Тимучиннің мейрейі үстем болып ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдыретті билеушіге айналды.
Ол белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй (Есікей) бахадур отбасында кейбір мәліметтер бойынша 1162, екінші дерек бойынша 1155 жылы дүниеге келіпті. Монғол аңызына сүйенсек, Темучиннің әкесі қият-борджигін руынан, анасы қоңырат қызы. Әкеден ерте айырылып Темучин жастайынан көп қиыншылықты басынан кешіреді. Ержеткен соң сенімді жігіттерден қол жинап, ержүрек жауынгер деген атқа ие болады. ХІІ ғ ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі Тоорил Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттердің наймандармен, монғол тілдес татарлармен,меркіттермен соғысында ол оның вассалы ретінде шайқасты.
1185 ж. Ван ханмен Темучин бірігіп Селенга өзенін сағалаған меркіт тайпасын талқандайды. Осы жеңістен кейін Темучинге барлас, жалайыр т.б. рулар келіп қосылады.
1198 ж.екеуі татарларды талқандайды. Темучин жол жөнекей татарларға қарсы соғысқа қатыспағаны үшін Керулен өзенінде отырған монғол тайпасы джуркінді талқандап оның басшысын өлтіреді.
1199ж. Темучин мен Ван хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл жасайды. Әскерін жинап үлгерменеген Бұйрық хан жеңіледі. Енді Темучинге Бұйрық ханның бауыры Даян хан әскерін жинайды. Бұл соғыста да Темучин жеңеді.
1200 ж. Темучин мен Ван хан меркіттерге екінші соққы береді. 1201ж. Джамуха наймандардан, меркіттерден,джатжираттардан т.б. тайпалардан қол жинап Темучин мен Ван ханға қарсы шығады. Алайда бірікке күш жеңіліс табады.
1202 жылы Темучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Осы жылы Бұйрық хан басқарған наймандармен меркіттерден тұратын коолиция құрылады. Темучинмен соғысуға бас тартады. Осы кезде Темучин мен Ван ханның да арасы жақсы болмайды.Дегенмен үш күндік шайқаста Ван хан жеңіліс тауып наймандардан қашады. Даян ханның әскерлеріне ұсталып өлтіріледі. Ван ханның басы кесіліп күміспен күптеліп Даян ханға табыс етіледі. Аңыз бойынша қиын қыстау сәттерде Даян хан осы қу баспен ақылдасады делінген. Бұл жағдай ІХ ғасырда Киев князі Святославпен қыпшақтардың арасында соғыста қаза тапқан княздің басын кесіп күміспен күптеген.
1203-1204 жылы қыста Даян хан Темучинге қарсы қол жинайды. Бұны естіген Темучин 45 мың атты әскерімен шабуылды өзі бастайды. Нагу тауының етігінде соғыс басталады. 55 әскері болса да соғыс тәжірибесі жетпейді. Сөйтіп Даян мен Бұйрық өлтіріледі, Даянның баласчы Күшлік құтылып кетеді.
Осы соғыстардың нәтижесінде Темучин Орта Азияда жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылы Онон өзенінің бастауында Темучинді қолдаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтеріп, құрылтай шақырады да Темучинді ұлы хан Шыңғысхан деп жариялайды.
Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекеті оң қанат (барұнғар), сол қанат (жоңғар), орталық (гол) болып үш аймаққа бөлінді. Әрбір аймақ 10 мың адамнан құрылған түменге, «мыңдық» -он «жүздікке», ал «жүздік» - он «ондыққа», бүкіл монғол әскері 95 мыңдыққа бөлінді.

Педагогика пәні Тәрбиелеу
Пәннәң мақсаты Тәрбиелеу және оқтыу
Педагогикалық басты ұғым тәрбие
Жастарды өмірге дайындаудың басты құралы тәрбие
Тәрбиені зерттеу әдістерінің әмбебап қолданылмалы бақылау әдісі
түрі
Жеке адамның дамуына ықпал жасаушы негізгі фактор белсенділік
Жеке адамды дамытудағы ықпалды тәрбие дербес тәрбие
Тәрбиенің және балалардың жас ерекшеліктерін Песталоции
зерттеп тұңғыш пікір айтқан педагог
Баланың жас ерекшелігін тұңғыш зерттеген педагог Пестолоции
Баланың жас ерекшелігіне қарай сатыға бөлген РУССо
педагог
Тұлғаның дамуындағы негізгі басты идеяларқайсысы тәрбие мақсатының реализм
идеясы
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші тәрбиелік орта
Тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғалылық даму
Тәрбие процесінің негізі қарым қатынасы
Өзін өзі тәрбиелеу мәні іс әрекет ықпалдылығы
Қайта тәрбиелеу мәні тұлғалық саланы
жетілдіру
Қай тәрбиелеуге қолданылатын әдіс өзіндік белсенділік
көтеру
Қайта тәрбиелеу түрі қиын баланың сапалық
белгісін қалпына келтру
Тәрбие әдістерін жіктеу негізі үйрету, жаттықтыру
Тәрбие әдістерінің педагогикалық маңыздысы еркін талдау
Тәрбие әдістерін ұсынған ғалым Ушинский
Тәрбие әдістерінің теориясын ұсынған Қазақстан Уманов
ғалымы
Тәрбие әдістерін алғаш ұсынған жалпы түркілік фараби
ғұлама
Тәрбие теориясының ең маңыздысы дидактика
Тәрбиенің басты міндеттері өмірмен
Тәрбиенің әдістерін жіктеу негізі қоғамдық талап
тәрбие әмбебап тәсілдері әңгімелесу
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы негізгі біліктілік
шарт
Оқушыларға танылуға тиісті құбылыстар мен оқиғалар білім негіздері
Құлық тәрбиенің негізгі түрі гуманизмдік мораль
Моральдің ерекше маңызды түрі ізгілік мораль
Құлық тәрбиесінің басты міндеттері оқушыларды мораль
нормасын қалыптастыру
Ұлттық құлық тәрбиесінің ізгілікті мақсаты салт дәстүрді қадірлеу
Құлық тәрбиесінің мәнділігі дербес даму
Құлық тәрбиесінің басты талабы әділеттілік
Құлық тәрбиесінің этникалық нысаны тәрбиелілік
Орта мектептегіқұлық тәрбиесімен байланысты әдебиет
Құлық тәрбиесіне негіз психологиялық ерекшелік жасампаздық
Балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты мораль рухында тәрбиелеу
адамгершілік тәрбиесінің міндеті
Қиын бала тәрбиесінің ерекшелігі жас және даралық
ерекшелігін ұдайы ескеру
Қиын бала тәрбиесіндегі мектеп ұжымының жұмыс тәрбие жұмысының
ерекшелігі сабақтастығы
Құлық тәрбиесіндегі саналық белгі тәрбиелілік
Ақыл ой тәрбиесінің міндеті қалыптастыру
Ақыл ой тәрбиесінің халық педагогикасындағы негізі сана сезім ояту
Ақыл ой тәрбиесіндегі ойлау процесінің бастауы ой түсіну
Ақыл ой тәрбиесінің міндеті негізгі ойлау
операциаларын меңгеру
Ақыл ой тәрбиесінің негізгі жолы оқыту
Ақыл ой тәрбиесінің жасампаздық құралы шығармашылық жұмыстар
Ақыл ой тәрбиесінің нәтижесі байланысты ойлау бет бағытында
Еңбек тәрбиесімен сабақтас тәрбие адамгершілік тәрбиесі
Адам тұлғасын дамытатын еңбек түрі қоғамдық еңбек
Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізі оқу еңбегі
Еңбекке тәрбиелеу шарты баланың еңбекке ерте
араласуы
Оқушылардың өндірістік бригадасындағы еңбек еңбек өнімділігі
тәрбиесінің көрсеткіші
Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру тәсілі өндірістік пайдалы еңбек
Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі қоғамдық пайдалы еңбекті
жетілдіру
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің міндеті кәсіптік білім
еңбекке баулуды негізгі құралы еңбекқорлық
Кәсіптік бағдарлы тәрбие еңбек тәрбиесі
Кәсіптік бағдар беру орталығы техникалық орталықтар
Кәсіптік мамандықты жетілдіру жолдары кәсіби орталықтар
Кәсіптік бағдарды жүзеге асыратын ұйым мен мекеме мектептен тыс мекемелер
Оқушылардың қоғамдық әлеуметтік ойын дамытатын құқық негіздері
сабақ
Экологиялық тәрбиенің негізін салған ғұлама эрнест геккель
экологиялық зерттеу ғасыры ХХ
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты оқуш. эколог. мәден.қалып
Мектептегі экологиялық тәрбиенің міндеті қорш ортның ғыл негіз
тану
Экологиялық тәрбие жұмыстарының мектептегі негізгі мек. оқу тәж участогын
түрі жұмыс
Негізгі экологиялық тәрбие сабақты биология
Эстетикалық тәрбиенің міндеті еңбек әсемдігіне
тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты эстетикалық сезім
Эстетик қазақ суретшісі Қастеев
Мектептегі эстетикалық пән музыка
Құқықтық тәрбиенің міндеті оқуш.тұлғалық дамумен
қалып
Тұтас педагогикалық процес оқыту, білім және тәрбиеоқыту білім тәрбиесі
бірлігінің негізі
педагогика ғылымының негізгі категориялары тәрбие, оқыту, білім
беру, пед.пр.
Адамзат дәуірінің даму кезеңдеріндегітәрбие және педагогика тарихы
білім беру теор мен практикасын
зерттейтінпедагогика ғылымының саласы
тұлға дамуы адамның дене, психикалық
...
Тұлға бір адамды екінші адамнан
айырмайтын ерекшеліке
Қандай қасиеттер ата анадан балаға беріледі қабілетті дамуының
негізгі нышандары
Тұлға дамуының негізгі факторлары тәрбие, қорш орта,
тұқымқуала
Өмір сүру және іс әрекет барысында тұлғанның даму
биологиялық және рухани өсуі
Тұлға дамуының қандай факторы мақсаты және ол қоғамтәрбие
мақсатына сәйкес әсер етеді
Тұлға қалыптасуының ең аз әсер етеді тұқымқуалаушылық
Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиешілердің тәрбие процесі
мақсаты өзара қимылдары
Педагогикалық процестің функциялары білім беру, тәрбиелеу,
дамыту
Тәрбие мақсаты тәрб барысында алынат
нәтиж
Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор мем иделогиясы, саясаты
Тәрбиенің жалпы мақсаты жан жақты, үйлесімді
дамыған
Адамгершілік тәрбиесі моральд қасиеттер, адам
мінез
Мақсатты, жаспарлы ұйымдастырылған тұлғаны тәрбиелеу
қалыптастыру процесі
Өктемшіл, демократиялық ымырашылық және еркін мектептегі тәрбие жұм
тәрбие бағыты
Адамгершілік ақыл ой еңбек және дене тәрбиелері тәрбие мақсаты
Тұлғаның даму деңгейінің педагог қойған мақсатқа тәрбиелік көрсеткіштері
сәйкестігі
Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, адамзаттық тәрбие міндеті
жауапкершілікті тәрбиелеу
Тәрбие процесінің қозғаушы күші тәрбие проц қарама қайшыл
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстан
далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес
барысында монғол билеушілері Тимучиннің мейрейі үстем болып ол Орта Азия
тайпаларының басын қосқан құдыретті билеушіге айналды.
Ол белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй (Есікей) бахадур отбасында
кейбір мәліметтер бойынша 1162, екінші дерек бойынша 1155 жылы дүниеге
келіпті. Монғол аңызына сүйенсек, Темучиннің әкесі қият-борджигін руынан,
анасы қоңырат қызы. Әкеден ерте айырылып Темучин жастайынан көп қиыншылықты
басынан кешіреді. Ержеткен соң сенімді жігіттерден қол жинап, ержүрек
жауынгер деген атқа ие болады. ХІІ ғ ақырында Орта Азия далаларының ықпалды
көсемдері дәрежесіне көтерілді.
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі
Тоорил Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттердің
наймандармен, монғол тілдес татарлармен,меркіттермен соғысында ол оның
вассалы ретінде шайқасты.
1185 ж. Ван ханмен Темучин бірігіп Селенга өзенін сағалаған меркіт
тайпасын талқандайды. Осы жеңістен кейін Темучинге барлас, жалайыр т.б.
рулар келіп қосылады.
1198 ж.екеуі татарларды талқандайды. Темучин жол жөнекей татарларға
қарсы соғысқа қатыспағаны үшін Керулен өзенінде отырған монғол тайпасы
джуркінді талқандап оның басшысын өлтіреді.
1199ж. Темучин мен Ван хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл
жасайды. Әскерін жинап үлгерменеген Бұйрық хан жеңіледі. Енді Темучинге
Бұйрық ханның бауыры Даян хан әскерін жинайды. Бұл соғыста да Темучин
жеңеді.
1200 ж. Темучин мен Ван хан меркіттерге екінші соққы береді. 1201ж.
Джамуха наймандардан, меркіттерден,джатжираттардан т.б. тайпалардан қол
жинап Темучин мен Ван ханға қарсы шығады. Алайда бірікке күш жеңіліс
табады.
1202 жылы Темучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Осы жылы Бұйрық
хан басқарған наймандармен меркіттерден тұратын коолиция құрылады.
Темучинмен соғысуға бас тартады. Осы кезде Темучин мен Ван ханның да арасы
жақсы болмайды.Дегенмен үш күндік шайқаста Ван хан жеңіліс тауып
наймандардан қашады. Даян ханның әскерлеріне ұсталып өлтіріледі. Ван ханның
басы кесіліп күміспен күптеліп Даян ханға табыс етіледі. Аңыз бойынша қиын
қыстау сәттерде Даян хан осы қу баспен ақылдасады делінген. Бұл жағдай ІХ
ғасырда Киев князі Святославпен қыпшақтардың арасында соғыста қаза тапқан
княздің басын кесіп күміспен күптеген.
1203-1204 жылы қыста Даян хан Темучинге қарсы қол жинайды. Бұны
естіген Темучин 45 мың атты әскерімен шабуылды өзі бастайды. Нагу тауының
етігінде соғыс басталады. 55 әскері болса да соғыс тәжірибесі жетпейді.
Сөйтіп Даян мен Бұйрық өлтіріледі, Даянның баласчы Күшлік құтылып кетеді.
Осы соғыстардың нәтижесінде Темучин Орта Азияда жалғыз билеуші болып
шыға келді. 1206 жылы Онон өзенінің бастауында Темучинді қолдаушы көшпелі
билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтеріп, құрылтай шақырады да
Темучинді ұлы хан Шыңғысхан деп жариялайды.
Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекеті оң қанат (барұнғар), сол
қанат (жоңғар), орталық (гол) болып үш аймаққа бөлінді. Әрбір аймақ 10 мың
адамнан құрылған түменге, мыңдық -он жүздікке, ал жүздік - он
ондыққа, бүкіл монғол әскері 95 мыңдыққа бөлінді.
1207-1211 жылда Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары –бурят, якут,
ойрат, қырғыз, ұйғыр халықтарын бағындырды. Танғұттың Ся-Ся мемлекетіне
қарсы жорық жүргізді.
1208-1209 жылдары наймандар монғолдардан жеңіліс тауып, Күшлік ханның
бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер Орталық Қазақстан
даласына қашты. Күшлік хан қарақытайлықтарды басып алып, билікті қолына
алды. Ендігі оның мақсаты қарлұқтарды, қаңлыларды және ұйғырларды бағындыру
мақсатымен жорықтар ұйымдастыра бастайды.
Қарлұқтар ханы Арслан ұйғыр идикуты Барчук арттегин наймандардың жауы
монғолдардан көмек сұрайды. 1211жылы ұйғырлар мен қарлұқтар өз еркімен
Шыңғысханның құзырына көшкенін қытай, монғол, араб-парсы деректері
хабарлайды.
1216 жылы Солтүстік Қытайдағы әрекет сәтімен аяқталған соң моңғолдар
Батысқа жылжуын жалғастырады. Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыға меркіттерді,
сүйікті қолбасшысы Жебе Ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады.
1218 ж. Күшлік хан талқандалып, монғолдар Жетісуға келеді. Оларды
жергілікті мұсылман халқы қуанышпен қарсы алады.
Шыңғысханның Қазақстанды басып алуы.
Шыңғысхан ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта
Азия мен Қазақстан жерін өзіне қарату оған Шығыс Еуропаға және Таяу Шығысқа
апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғысхан мұқият даярланды.
Мұсылмандарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар қарақытайлар
мемлекеті, кейінде Хорезм шахы туралы мәліметтер тасумен болды.Шыңғысхан
Орта Азияға сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218
жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайыр хан
көпестердің тыңшы екенін біліп барлығын өлтіруге бұйрық береді. Енді
Шыңғысхан Хорезм шахына Қайыр ханды беруін талап етеді. Бірақ осы талапты
айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғысхан Хорезмге жорық
жасады.
Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер
жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға
Шыңғысханның екі ұлы – Жент пен Янгикентті, үшіншісі қосындарды алуға, ал
Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхараға жылжиды.
Отырар билеушісі Қайырханның қол астында шамамен 20-25 мың әскер бар
еді. Қаланы қоршау бес айға жуық созылды. Хорезмдік әскербасы
Қараджахаджибтің сатқындығынан жау қалаға кіреді. 1220 жылдың ақпанында
Отырар толығымен жау қолына көшті. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр
бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7күн және 7түн қоршады. Ақыры басып
алған соң тұрғындарын қырып тастады.
Шыңғысхан қолы Сырдың бойымен төмен жүріп отырып, Өзгент және
Баршыкент қалаларын қарсылықсыз ақ алды. Ашнасу қаласын қорғаған кедейлер
қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді.
Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. 1220 ж. Жошы хан Жент
қаласында өткізді. 1221 жылы Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың
Солтүстік шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар қарсылық
көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған
Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен
Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220 жылы
Кавказға кірді де аландарды, қыпшақтарды половецтерді және Калкадағы
орыстарды талқандаған соң Қазақстан даласы арқылы Шыңғысхан ордасына 1224
жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жылы монғол шапқыншылығы нәтижесінде
қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батыс Еуропа жеріне дейін. Шығыс Дешті
Қыпшақ даласы, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік Шығыс
бөліктері.
Шағатай ұлысы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта
Азия жерлерін алды. Астанасы Алмалық қаласы. Ұлысқа Шығыс Түркістан жері де
енген.
Үгедей ұлысы Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы
ағысы.
Төле ұлысы Монғолия жерін билеген.
Немерелер ұлысы
Батый ұлысы Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Орталығы Сарай
Бату. Еділ өзені бойында, кейін Сарай Беркеге көшірілді (Алтын Орда).
Шайбан ұлысы Орал, Ырғыз, Тобыл, Сарысу және Сырдария өзенінің төменгі
ағысы жерлері.
Ежен ұлысы Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Сырдария өзенінің төменгі ағысы.
Алтын Орда
1227 жылы Жошы қайтыс болған соң оның орнына ұлы Батый таққа отырады.
1235 жылы Қарақорымда құрылтай өткізілді. Қаралған мәселелер Еуропаға жорық
және әскер басшылығына Батыйды сайлау болды. Батыйдың әскері қыпшақтардан
құралды, монғолдар аз болды.
1236-1242 жылдар Еуропаға жорық нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ, орыс
князьдықтары, Мордова, Еділ бұлғарлары, Қырым, Солтүстік Кавказ, Польша,
Венгрия, Чехияны жаулады. ХІІІ ғ. Монғолдар Азия, Шығыс және Орталық
Еуропаны жаулап алды.
1243 жылы Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды. Алғашқы
билеушісі Батый хан болды. Территориясы Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм, Батыс
Сібір территориясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне
дейінгі жерлер. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (Астрахань маңы) деп
аталды. Кейін Сарай Берке деп ауысты. Сарай Берке –Азиядан Еуропаға баратын
ірі сауда орталығы болды. Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық
төл Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық төлеп тұрды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет болды. Алтын Орданың көшпелі халқын
негізінен түркі тілдес тайпалар қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б.
құрады. Отырықшы халқы Отырықшы халқы мордвалар, орыстар, хорезмдіктер
құрады, ал монғолдардың өзі өте аз болды. ХІІІ- ХІҮ ғ Алтын Орда ғ Алтын
Орда мемлекетіндегі халықтың барлығын татарлар деп атаған. Тілі қыпшақ
тілі. ХІҮ ғ монғолдар толығымен түркіленді.
Қоғамдық құрылысы. Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі біркездері
Шыңғысхан құрған Ұлы Монғол империясының басқару дәстүріне өте ұқсас болды.
Мемлекет Жошы ханның ұлысы болып есептелді. Қазақстан жерінде Шыңғысханның
Жасақ заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғысхан ұрпағы ғана хан болып сайланды. Алтын
Орда мемлекеті оң қанат және сол қанат болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан
жері сол қанатқа кірген.
Мемлекеттік маңызды істер жылына бір рет шақырылатын ақсүйектер құрылтайына
шешімін тауып отырды. Ханнан кейінгі басқарудың жоғарғы тобы – сұлтандар
(төрелер) болды.
Әскер және дипломатиялық мәселелерге беклербек басшылық жасады. Ал ішкі
мәселемен айналысатын уәзірлер атқарушы орган диуанға да басшылық етті.
Салық жинау ісімен даруғалар айналысты. Сонымен қатар әскери басқару
жүйесі, алым-салық істері сияқты маңызды мәселелер басқақатардың қолында
болды. Ханның туыстары, нояндар, бектер және әмірлердің қолына да бірқатар
биліктер қарады және ең соңында қара сүйектен шыққан билеуші тап немесе
қараша бектер тұрды.
Мемлекетте іс қағаздар жүргізу дәстүрі орнықты. Онда арнайы хатшылар
қызмет жасады. Негізінен араб әліпбиіне негізделген түрік жазуы қолданылды.
Алтын Орданың күшеюі мен ыдырауы.
Шаруашылығы. Алтын Орда кезеңі Қазақстан тарихында 2,5 ғасырды қамтиды.
Жалпы алғанда бұл кезең Қазақстанда болып жатқан этносаяси процестерге
үлкен әсерін тигізді. Алтын Орда кезеңінде қалалар қирағанымен Ұлы дала
экономикалық және мәдени жағынан гүлденді. Қазақстан сауда және
халықаралық қатынастардың бірден бір маңызды орталығына айналды. Бұл
кезеңде қазақ елінің толығымен этникалық бейнесі мен құрамы қалыптасты.
Алтын Орда кезеңінде Алтайдан Оралға дейін көшпелі бақташылық басты
шаруашылық түрі болды.
ХІІІ ғасырда тайпа аралық қырқыстар (монғолдар, наймандар, меркіттер,
т.б. арасындағы) көптеген көшпелі тайпалардың көшуіне және бұл аймаққа тән
шаруашылықтың өзгеруіне әкелді. Дегенмен қазақ даласында қыпшақ тектес
тайпалардың үлес салмағы басым болып қала берді. Шаруашылықтағы жаңалықтар
негізінен көш жолдарының өзгеруімен тікелей байланысты болды.
Моңғол шапқыншылығы кезінде қалалардың қирауы, адамдардың қырылуы
экономикалық және мәдени прогреске үлкен бөгет жасай алмады.
Қытай хроникасында былай деп жазылған: Шыңғысхан шығыс пен Батысты
байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен қорғандарды
жермен- жекесен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және мәдени қатынастар
жақсарып, шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі басталды. Сауда мен қалалардың
өсуі осыған дәлел бола алады. Батыс Қазақстан арқылы жүрген сауда-саттық
ежелгі Үндістан мен Қытайға апаратын сауда жолдарын ашты.Орталық Қазақстан
бұл қалалар қайта жанданып, ірі кесенелер салына бастады. Алтын Орда мен
Қарақорым арасындағы керуендер мен елшіліктер қазақ жері арқылы жүрді.
Моңғол ұлыстарындағы билік Шыңғысхан енгізген Жасақ заңы бойынша
жүргізілді. Ұлыстар ханға бағынышты болды. Сол кезге тән ұлыстық жүйе
көшпелілерге қажетті жайылымдар мен суаттарды сақтауға және бір-бірімен
қақтығыспауға мүмкіндік берді. Көшпелі өмір жағдайында туған Жасақ немесе
кәдімгі заңдар жинағы, тайпааралық қақтығыстарды тыюға және оларды бір
билік астына біріктіруге бағытталды. Сол кездегі мемлекеттік әскери
ондық жүйе негізінде билеу түрік монғолдарының генеологиялық құрылымын
кейін қойды. Әрбір көшпелі белгілі бір ондыққа кірді. Әрбір ондықтың өз
басшысы болды, ондықтар жүздікке, жүздіктер мыңдыққа, мыңдықтар түмендерге
бірікті, әрбіреуінің басында өз басшысы жүрді. Құлдықтан босатылған
еріктілер ру қатарын толықтырды немесе билеушілердің қызметкерлері құрамын
молайтты.
Шыңғысхан ұрпағынан шыққандар, тархан титулына ие болғандар барлық
міндеткерліктер мен салықтардан босатылып, үлкен билік иесі болуға құқылы
еді. Халықтың басым бөлігі қара сүйек атанды. Төменгі әлеуметтік топтар
тәуелсіздер мен құлдарға бөлінді. Құлдар әскери тұтқындардан құралып,
барлық құқықтардан айырылды.
Саяси тарихы. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Шыңғысхан құрған моңғол
империясының құрамындағы ұлыстар тәуелсіздікке ұмтыла бастады. Солардың
арасында Алтын Орда мемлекеті де бар. Батыйдың інісі Берке хан (1256-1266
ж.) билік құрған кезде Алтын Орда моңңғол империясынан тәуелсіз болу үшін
күресті. Берке Ұлы құрылтайдан қатысудан, империяға салық төлеуден бас
тартты. Мемлекет біршама ықпалды елге айналды. Берке хан қаза тапқаннан
кейін хан тағына Туда Мөңке (1266-1280 ж.) отырады. Ол Византиямен келісіп
жасап, Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатнасын жасауға қол
жеткізеді. Мөңке хан өз атынан теңге шығарады.
Алтын Орда әсіресе Өзбек (1312-1342 ж.) және оның баласы Әз Жәнібек
ханның (1342-1357 ж.) кезінде барынша күшейе түседі. Өзбек хан Алтын Ордада
ислам дінінің тарауына барынша күш салады. 1312 жылы Өзбек хан ислам дінін
мемлекеттік дінін мемлекеттік дін деп жариялайды.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішкі алауыздықтың кесірінен
әлсірей бастайды. Әз Жәнібектен кейін билікке келген Бердібек екі жылға
жақын уақыт ішінде Жошыдан тараған өз туыстарын, тіпті өз ұлдарын да
өлтірді. Қазақ шежіресі бұл оқиғаны Бердібекте нар мойыны кесілді дейді,
яғни Жошы тұқымының билігі аяқталды. 1357-1380жылдар аралығында билікте
жиырмадан астам хан болып, олар билік үшін тартыста бірін-бірі өлтірген.
1380 жылы Мамай мырза басқарған Алтын Орда әскері Куликово даласында
Дмитрий Донской әскерлерінен жеңіледі. Осыдан кейін Алтын Орда әлсірей
түседі. Ал Куликовадағы жеңілісті пайдаланған Тоқтамыс Алтын Орда билігін
тартып алады. Билігін күшейте түсе мақсатында Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге
барып кіріп қаланы өртеп жібереді. Тоқтамыс сонымен қатар Мауараннахрға,
Кавказ елдеріне де шабуыл жасайды. Мауараннахр билеушісі Әмір Темір кек алу
мақсатында Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, халқын қырғынға
ұшыратып, мемлекетті мүлдем әлсіретіп жібереді.
ХV ғасырдың соңына қарай Алтын Орда мемлекеті біржолата құлайды. Оның
құрамынан Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым және Астрахан
хандықтары бөлініп шығады.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
Алтын Орда мәдениетінің өзегін негізінен Еуразияның көшпелілері мен
отырықшы халықтары құрады, бірақ отырықшы жер өңдеуші мәдениеттің ықпалы
күшті болды. Алтын Орда мемлекетінде ондаған ірі қалалар саңырауқұлақтай
бой көтерді. Көшпелі шаруашылық соншама көп өзгере қоймағандықтан,
материалдық мәдениет дәстүрлі болып қала берді. Сонымен қатар
отырықшылықтың бірқатар элементтері түркі-монғолдық тайпалар арасында орын
алды. Бұл Сарыарқаның кейбір жерлерінде шағын қалалардың, керуен
сарайлардың, бекіністердің пайда болуымен дәлелденеді. Батыс Қазақстандағы
Сарайшық қаласында теңге соғылған. ХІV ғасырға қарай қала қамалдарын
қайтадан қалыпқа келтіру ісі қолға алынды. Ислам дінінің орнығуымен
қалаларда мешіттер мен кесенелердің өсуі байқалды.
Ортағасырлық бірден-бір көрнекті архитектуралық ескерткіш Түркістандағы
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Темірдің билігі кезінде салынған бұл кесене
Қазақстанда ислам діні таралуының орталығына айналды. Қазақстанда исламды
таратуда, қолдауда Йасауи сопылық ағымы белсенділік танытты. Бұл ағымның
діни –мистикалық идеялары Диуани Хикмет кітабында айтылады.
Орта ғасырларда Сарыарқа даласында Жошы хан, Болған ана, Жұбан ана және
т.б. архитектуралық ескерткіштер тұрғызылды. Олар архитектуралық өзіндік
сәулетімен ерекшеленеді, төртбұрышты негізде, сфера тәріздес күмбезімен
салынған. Бұл дала өңіріндегі архитектуралық дәстүрдің жаңа түрі еді. Алтын
Орда дәуірі қазақ материалдық мәдениетіне жаңа мазмұн мен түр енгізді.
Монғолдардың үстемдігі түрік қыпшақ тілінің таралуына бөгет болған жоқ,
керісінше түріктендіру процесі жеделдеді. Алтын Орда кезеңінде жазбаша
деректер үш диалекті – қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдерінің негізінде жасалған
түркі тілінде (шағатай) жазылды. ХІІІ-ХV ғасырларда көптеген діни
–дидактикалық кітаптар мен сөздіктер пайда болды. Сафи Сарай Гулистан би-
т-турки, Хорезми Махамаббатнама, Құтып Хусрау уа Шырын туындыларын
жазды.
ХІV-ХV ғасырларда Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың
шығармашылығы жатады. Бұл әдеби дәстүр өз бастауын Сыпыра жырау мен
Кетбұғадан алады. Халықтың аңыздарына қарағанда Кетбұғаның көптеген
өлеңдері Шыңғысханға арналған, мәселен, Жошы өлімін жоқтау. Сыпыра жырау
Тоқтамыс ханның кезінде өмір сүріп, Алтын Ордада болған барлық
қиындықтарды шешуге көп септігін тигізген. Асан қайғы жерұйығын іздеп
ұлы даланы кезген данышпан ойшыл. Оның поэзиясы Алтын Орданың күшеюін
көксеген ұлыс ақсүйектері өкілдерінің ойларын бір арнаға салған, империяны
сақтауды көздеген үндеулерге толы. Асан қайғы өмірінің белсенді уақыты Әз
Жәнібек хан (1342-1357) кезеңіне сай келеді.
ХІV-ХV ғасырлардың ұлы жыраулары қазақ батырлық эпосының негізін салды.
Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр эпостарында Алтын
Орданың әскери және саяси тарихы шынайы бейнеленген.
Ақ Орда мен Көк Орда
Алтын Орданың Өзбек ханның тұсында (1312-1342ж.) күш- қуаты барынша
кемелденген кезіне жеткеніне айттық. Өзбек хан мемлекеттің түріктенген
көшпелі халқын ислам дініне қаратты. Жәнібек хан (1342-1357 ж.) тұсында
Алтын Орда биік деңгейге көтерілді. Әділ билік жүргізгені үшін халық оны Әз
Жәнібек деп атаған.
Шығыс деректерінің айтуынша: Дешті Қыпшақта оған тең әділ, әулие,
қайырымды және құдыретті патша болған жоқ. Қазақтың аңыздарында Әз
Жәнібекті ноғайлы ханы деп атайды, ол кезде қазақтар өздерінің әдет
–ғұрыптарына сай өмір сүрген.
Бірқатар деректерде, сонымен қатар қазақ аңыздарында да Алтын Орда
мемлекеті Жошы ханның ұлысы деп аталады. Түрік-монғол халқының түсінігінде
ұлыс мемлекет немесе үлес деген мағына береді. Муин-ад- дин Натанзи
(шамамен 1414 ж.) Ескендірдің Анонимі шығармасында Жошы ұлысы екіге
бөлінеді деп атап көрсетеді: Солтүстік қанат Ұлытауға, Сегізағаш пен
Қараталдан Түйсен шекараларына дейін және Жентке қоса Баршынкент Ноғай
ұрпағына қалды, олардың билеушілері Ақ Ордада хандық етті (Ноғайлы сол
кездегі жалпы көшпелілердің атауы болса керек). Ал оң қанаты, яғни оған
кіретін Ібір –Сібір, Рус, Либка, Үкек, Маджар, Бұлғар, Башгирд және Сарай
Берке Тоқтай ұрпағына беріліп, оларды Көк Орда сұлтандары деп атады.
Қазақ шежіресі бойынша Жошы ұлысы атанған ұлы дала ХІІІ ғасырдың
ортасында үш иелікке бөлінеді. Ұлытауда Орда Ежен тұқымы иелік жасаса,
Шибан тұқымы Ақкөл – Жайылмада, ал Бату тұқымы Еділде билік еткен. Ақ Орда
мен оның құрамындағы Дешті Қыпшақ рулары әуел бастан Алтын Ордаға бағынды.
Бұл дәстүр Жошы ханның ұлдары Орда Ежен мен Бату хан уақытынан
қалыптасқан еді. Орда Ежен Қазақстан аумағын иемденді, бірақ жасының
үлкендігіне қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға берді. Өтеміс қажы осы
оқиғаға байланысты қызықты нақыл айтады: Бату Орда Еженге әкесінің тағына
отыр дегенде, Орда Ежен былай деп айтыпты: Менің сенен жасымның үлкендігі
рас. Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйді және еркелетіп
өсірді. Қазіргі уақытқа дейін мен сені еркелеттім, саған бағындым. Егер де
мен хан болсам бұдан былай саған бағына алмаймын да, біздің арамызда
жеккөрушілік, соғыс болуы мүмкін. Сен хан бол. Мен сенің хандығыңды көтер
аламын, ал сен менің хандығымды көтере алмайсың.
Ақ Орда аумағы ХІҮ ғасырда Қазақстан жерінің басым бөлігін қамтыды. Оның
алып жатқан аумағы Ертістен Жайық өзеніне дейінгі және солтүстікте Батыс
сібір ойпатынан Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жерлер болды. Тек
Жетісу аймағы ғана Ақ Ордаға қарамады. Мемлекет астанасы болып Сыр
бойындағы Сығанақ қаласы саналды.
Алтын Ордаға бағыныштылық тәртібі көптеген хандар тұсында жалғасты. Сасы-
Бұқа Ақ Орданы 30 жыл биледі, бірақ Бату ханның ұрпақтарын барлық заң
бойынша құрметтеді. Шығыс деректерінің айтуынша: ол 30 жыл билік құрды,
Тоғрұл хан мен Өзбек ханға әрқашан қызмет етті және құрылтайды бірде –бір
рет босатқан жоқ.
Әз Жәнібек ханның тұсында қазақтардың бабалары алаш мыңы (одағы) деген
атпен Ақ Орданың құрамында болды. Сол кездің кейбір деректерінде Алтын Орда
Ұлық Ұлыс деп аталды. Деректерге сүйенсек дала тайпаларының билеушілері
тәуелсіз болды. Еділ бойында дағдарыс пен сарайдағы ішкі тартыс кезінде
Алтын орда ақсүйектерінің бір бөлігі Ақ Орда хандарынан көмек сұрады. ХІҮ
ғасырда Ақ Орда мемлекетінде тәуелсіздікке ұмтылу процесі басталды. Ал ХІҮ
ғасырдың ортасында Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп шығады. Ақ Орда
дербестікке Ерзен және Мүбәрәк қожа хандардың кезінде қол жеткізеді. ХІҮ
ғасырдың екінші жартысында Орыс ханның билік еткен тұсында Ақ Орда
мемлекеті айтарлықтай күшейе түсті. Бұл уақыт Алтын Ордада ішкі талас
тартыстың шырқау шегіне жеткен кезі еді. Орыс хан өз билігін күшейтуде осы
тартыстарды шебер пайдаланды. Ол ХІҮ ғасырдың 70 жылдарына қарай Еділ
бойындағы Астрахан мен Сарайды бағындырады. Осыдан кейін Жошы әулетінен
шыққан кейбір билеушілерге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Солардың бірі
Тоқтамыс Мауараннахр билеушісі Әмір Темірге барып паналайды. Енді Ақ Ордаға
Әмір Темір тарапынан қауіп төнеді. Сол себепті Темірдің Дешті Қыпшаққа
жасаған алғашқы жорықтарының бар ауыртпалығын көтеру Орыс ханның еншісіне
тиеді. Темірдің қолдауымен Тоқтамыс Ақ ордаға бірнеше рет шабуыл
жасағанымен мақсатына жете алмайды.
Ақ Орда Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелілерінің мемлекеті болғанымен,
билеушілер қалаға және қала құрылысына үлкен көңіл бөлді. ХІV-ХV
ғасырлардың басында Отырар, Сығанақ, Сауран, Женд қалаларында Ақ Орда
хандары Ерзен хан, Мүбәрәк қожа, Орыс хан мәдени және қоғамдық құрылыстар
салды. Теңге сарайлары белгілі бір қалаларда қарқынды жұмыс істеп, қалалар
мен сауданың дамуына ықпал етті. Ақ Орда кезеңінде қырда қалалар мен
бекіністер көптеген салына бастады. Қаалалар Сарысу, Нұра, Қобда, Елек
өзендері бойларында салынды. Әз Жәнібек қайтыс болған соң, елде талас-
тартыс және шаруашылықтың құлдырай бастауы әсерінен батыс көшпелілері
оңтүстік шығысқа қарай көшті. Мысалы, Орыс хан Көк Орданы (Алтын Орданың
батыс аймақтары) біраз уақыт биледі де, Ақ Ордаға қайтып келді.
Моғолстан (1347 ж.).
Моғолстан мемлекетінің құрылуы.
Шыңғысханның ұлдарының бірі Шағатай ұлысы ыдырауының нәтижесінде ХІҮ
ғасыр дың ортасында Орта Азияның солтүстік шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс
Түркістан жерінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Қазіргі Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан аумағы ХІҮ ғасырдың ортасы – ХҮІ ғасырдың басында Моғолстан
мелекетінің құрамына кірді. Моғолстан атауына келетін болсақ, бұл сөз
монғол сөзінен шыққан, алайда Шоқан Уәлиханов: Моғолды монғолдармен
шатастыруға болмайды. Олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар, -деп
жазды. Бұл жөнінде В.В.Бартольд та: Ол кезде Моғолстан атанған Оңтүстік-
Шығыс Қазақстанның негізгі тұрғындары түркі тілдес халықтар болды, -
дейді.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Тарих и Рашиди атты шығармасында
Қазіргі күнде Моғолстан атанып отырған аумақтың ұзыны мен көлденеңі 7-8
айлық жол. Баркөл, Ертіс-Көкше теңіз, Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар,
Ақсу аралығы. Олардың көпшілік бөлігінің тау мен дала (сахара) өте әдемі
әрі саф таза екені сонша, мен оларды суреттеуге сөз таба алмай отырмын.
Оның таулары мен даласында көлдердің көптігінен атуларын ешкімде есінде
сақтап қала алмайды. Мұндай көлдер Моғолстаннан басқа еш жерде кездеспейді,
ал оларды суреттеуге тіл жетпейді. Моғолстанның көпшілік жері климатының
жаз кезінде мейлінше қоңыржай болатыны сонша, егер жеңіл киім (шекпені)
болса, адамға басқа ешқандай киімнің керегі жоқ. Егер (өзіңе) бір (жылы)
нәрсе кисең, климаттың жылы болуы себепті оны сезінесің.
Моғолстан мемлекетінің астанасы Жетісу аймағындағы Алмалық қаласы,
хандықтың алғашқы хандарының бірі Тоғылық Темірдің ордасы болды.
Деректерге сүйенсек, Тоғылық Темір өзінің бар ғұмырын жаугершілікпен
өткізіп, 1362 жылы дүние салады. Оның мазары Шығыс Түркістандағы Қашқар
қаласының маңында орналасқан. Мазардың биіктігі 14 метр.
Моғолстан халқының негізін құраған тайпалардың ішінен дулаттар өздерінің
қуаттылығымен ерекшеленді. Тоғылық Темірдің хан атануы дулат тайпасының
көсемі әмір Болатшының еңбегі еді. Мырза Хайдар осыған байланысты Құндыз
қаласында жазылған хан жарлығы туралы мәлімет береді. Ол жарлықта
Болатшыға тоғыз түрлі артықшылық беру мәселесі айтылған. Хандық халқының
құрамын духтуй, барлас, барқы, итаршы, күнжі, бекшік, қалушы, макрит
(меркіт), шункарги (сұңқаршы) құрады. Олар ертеден осы өңірде өмір сүрген
түркі тілдес тайпалар еді, сонымен қатар олардың қатары түріктеніп кеткен
монғол тайпаларымен де толықты. Тарихи деректерде Моғолстан құрамында чарос
тайпасы аталды. Бұл тайпа кейінгі дәуірде Жоңғарияны биледі. Алайда,
Моғолстан мемлекетінің халқы монғол тілдес емес, түркі тілдес тайпалар
болғанын айтуымыз керек. Мемлекеттік дінге келетін болсақ, бұған Мұхаммед
Хайдар Дулатидің Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылман болды деген
дерегін алға тарта отырып, тоғылық Темірдің елде ислам дінін енгізуге
барынша күш жұмсағанын көре аламыз.
Моғолстанда ұлыстық басқару жүйесі үстемдік құрды, яғни барлық хандықтың
аумағы бірнеше ұлыстарға бөлінді. Моғолстан мемлекетіндегі ең жоғарғы билік
етуші адам хан атағына ие болды. Хан болса өзінің ел басқару ісінде
көмекшілері ұлысбектерге арқа сүйеді, олар әдетте дулат тайпасының
әмірлерінен тағайындалатын. Олардың басты міндеті ұлыстардан жиналған алым-
салықтармен ханның қазынасын толтыру еді. Алайда мұндай ұлыстық басқару
жүйесі хандықтың бытыраңқылыққа ұшырауына алып келді. Себебі ұлыстағы
билікті ұстаушы ұлысбектері, соның ішінде Жоңғария, Қырғыз өлкесі мен
Жетісуда дара билік жүргізіп келген ірі рулардың ақсүйектері Моғолстандағы
хандық өкіметті мойындамай, өз алдына жеке билік құруды көкседі.
Соғыс жорықтары. Рулардың кертартпалығына қарамастан Тоғылық Темір
хандықты бір орталыққа бағындырып, 1361 жылы Маураннахрды толық өзіне
қаратты, онда өзінің ұлы Ілияс Қожаны билеуші етіп қою мүмкіндігіне ие
болды. Ілияс Қожа 1362 жылы Моғолстанда әкесінің орнына хан болып, Шағатай
иеліктерін біріктіруге әрекет жасайды. 1365 жылы Ілияс Қожа Мауараннахрға
жасаған жорықтарында Сырдария бойында және Ташкент түбінде Әмір Темір
әскерімен кездесіп жеңіс туын көтереді. Алайда оған самарқанды алу
мүмкіндігі тумады. Ілияс Қожаның тұсында хандық бірнеше бөліктерге бөлініп,
өзара ішкі феодалдық қырқыс басталады. Осындай оңтайлы сәтті Әмір Темір
шебер пайдалана білді.
Әмір Темірге қарсы Моғолстан мен Ақ Орда хандықтары соғыс одағын құрады.
Алайда Моғолстан Қызыр Қожа хан билігінің тұсында (1385-1399жылдары) Әмір
Темірдің күшіне қарсы тұра алмай, оған тәуелділігін мойындауға мәжбүр
болады. Мұхаммед Хайдар мырза Зафар-наме кітабының деректеріне сүйене
отырып, Әмір Темірдің Жетісу өлкесіне жасаған бес жорығын сипаттайды.
Әмір Темірдің жойқын жорықтарына барынша төтеп беріп, оның ықпалынан
құтылып, Шу –Талас бойын өзіне қайтарып алған Мұхаммед хан 1408-1416 (18)
жылдары билік құрды. Бірақ хандықтың шаруашылық негізі қалпына келе алған
жоқ. Мұхаммед ханнан кейін билік төріне көтерілген Уайс ханның (1418-1429
(28) тұсында Моғолстанға ойраттардың шабуылы жиелеп, ол хандықтың ордасын
Ілебалыққа көшірді. Уайс ханның мұрагерлерінің талас-тартыстары
нәтижесінде билікке келген баласы Есен Бұғаның (1433-1462 ж.) тұсындағы
тарихи оқиғаның бірі Көшпелі өзбектер мемлекетінің құрамында өмір сүрген
алаш тайпаларының (қазақтардың) Жетісуға үдере көшуі еді. Бұл көшті
бастаған Орыс ханның немерелері Керей мен Жәнібек сұлтандар дербес
хандықтың негізін салды. Есен Бұға болса өзінің ішкі-сыртқы жағдайын
ойластыра отырып, қазақтарды жақсы қарсы алып, Шу мен Талас өзендерінің
бойынан жер бөліп берді. Есен Бұғаның мұндағы басты мақсаттарының бірі
қазақтарды ойрттарға және Темір әулетіне қарсы күш ретінде пайдалану еді.
Хандықтың ыдырауы мен тарихтағы орны. ХVІ ғасырдың басында Есен Бұға
өлгеннен кейін хандық билікті қолына алған Жүніс ханның тұсында ішкі талас
Моғолстан мемлекетінің әлсіреуіне, оның біржола ыдырауына алып келді.
Моғолстан мемлекетінің дағдарысына Мұхаммед Шайбани бастаған өзбек
тайпаларының жаугершілік күресі де әсер етті. Жүніс ханның үлкен ұлы
Сұлтанмахмұт хан (қазақ шежіресінде Жәніке хан) және оның інісі Сұлтанахмет
(шежіреде Алаша хан) тұсында моғол билеушілері Шайбани ханға жәрдем жасады.
Соның арқасында өзбек ханы Бұхара мен Самарқанды бағындырды. Тым күшейіп
кеткен Мұхаммед Шайбаниді тоқтатуға моғолдардың күші жетпей қояды. Ақыры
1504 жылы Жәніке (Сұлтанмахмұт) хан Шайбанидің бұйрығымен өлтірілді.
Осы оқиғадан кейін де Моғолстан өмір сүруін жалғастыра берді. Бірақ оның
бұрынғы күш- қуаты жоқ еді. Хандықтың құрамында өмір сүрген үйсін, жалайыр,
қаңлы, т.б. тайпалар Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына келіп
қосылды.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары.
ХІV ғасырдың соңында – ХV ғасырдың басында Алтын Орданың саяси ыдырай
бастауы Шығыста орталығы Орта Азияда болған жаңа дүниежүзілік державаның
пайда болуына сәйкес келді. Алтын Орданың құлау себебінің бірі Темірдің
Дешті Қыпшаққа қарсы жойқын шабуылдарының салдарынан еді.
Әмір Темір (1336-1405) ХІV ғасырдың 70 жылдары Мауараннахрда өз билігін
орнатты да, шамамен 35 жыл билік етті. Әмір Темір моңғолдардың түркіленген
барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің ұлы. Орта Азияны қол астына
біріктіріп, үлкен империя құруға ұмтылды. Империяны құруды Шағатай
ұлысының аумағын біріктіруден бастады. Өз билігін орнатқаннан кейін,
Моғолстанға, яғни Жетісу мен Шығыс Түркістанға кіріседі.
Қуатты Алтын Орда Мауараннахрдың экономикалық мүдделеріне үнемі саяси
қауіп төндіріп тұрды. Әмір Темір халықаралық сауда жолдарын және саяси
орталықты оңтүстікке ауыстыруды көздеді. Темір Алтын Орданы құлату үшін Ақ
Ордаға қарсы жаулап алу жорықтарын жүргізді. ХІV ғасырдың 70-90 жылдары
Моғолстан мен Ақ Ордаға қарсы 10-ға жуық жорықтар жасады.
Темір империясына дала аумақтары іс жүзінде қосылған жоқ, бірақ Ақ Орда
мен Алтын Орданың ұлы билеушісі Орыс хан өлгеннен кейін, Оңтүстік
Қазақстанның Сығанақ, Отырар, Сауран, Йасы, Сайрам қалалары бағынды. Әмір
Темір Сығанақта таққа кезінде Орыс хан жазалаған Туй- Ходжа-Оғланның ұлы
Тоқтамысты отырғызды. Орыс ханның ұлдарынан бірнеше жеңілістерге ұшырап,
тек 1380 жылы Тоқтамыс Темірдің қолдауымен Алтын Орданың астанасы Сарайды
басып алады. Ол 1382 жылы Мәскеуге қарсы әйгілі жорық ұйымдастырады.
Тоқтамыстың таққа отыруынан кейін оның Темірмен қақтығысы басталады. Темір
өзі қойған адамдарына қарсы шыққандарды қолдап отырды. Оған дәлел: ең
алдымен ол жас Тоқтамысты Орыс ханға қарсы қояды, кейін оған қарсы шыққан
Темір Құтлұқ пен Едігені қолдады. Едіге Алтын Орданың толық билеушісіне
айналғанда, енді оған Тоқтамыс балаларын айдап салады.
1395-1396 жылдары Темірдің Алтын Ордаға соғысы барысында сауда жолдары
мен қалалық жүйесі дамыған ұлыстар аяусыз қырғынға ұшырады. Оның басты
мақсаты көшпелілердің қуатты мемлекетінің экономикалық және әскери күш
қуатын жою еді.
Әмірдің өмірінің соңында оның қол астына Мауараннахр, Түркістан, Хорезм,
Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанның бір бөлігі қарады. 1404-1405
жылдардың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа шықты, бірақ
1405 жылдың ақпанында Отырарда қайтыс болды.
1406 Батыс Сібір жерінде Алтын Орданың билеушісі Тоқтамыс өлтірілді.
Алтын Орданың саяси құлдырауы мен аумағының ыдырау кезеңі басталды.
Қазақтың Едіге батыр эпосында Тоқтамыс өмірінің соңғы күндері баяндалады.
Онда ханды Едігенің үлкен ұлы Нұралы (Нұриддин) өлтірген деп айтылады.
Дешті Қыпшақтағы билік ру көсемдерінің, билердің қолына көшеді. Едігенің
кезінде бидің басшылығы хан билігінен жоғары санала бастады. Едіге хандарды
өзі тағайындап, өзі орындарынан алып отырды. Бұл Шыңғыс ұрпақтарының
билігін әлсіретті.
Бірақ Едіге империяның ыдырауын тоқтата алмады. Алтын Орда Темір
жаугершіліктерінен кейін өзінің Еділ бойындағы негізгі экономикалық
орталықтарынан айырылды. Алтын Орда халқы жаңа сауда орталықтарын іздестіре
бастады. Осман империясының шабуылы Оңтүстік Еуропадағы еуразиялық ішкі
континенталдық сауда жолдарын бөгеп тастады. Еуропа мемлекеттері теңіз
жолдары арқылы шығыс- азиялық мемлекеттерге тікелей шыға алды (Үндістан,
т.б.). Тоқтамыс жағында литвалықтар, поляктар, немістер, генуялықтар
болғандықтан, Едігенің батыстағы жеңістері не экономикалық, не саяси
табыстар әкелген жоқ. Осылайша көшпелілердің қуатты мемлекеті өз өмір
сүруін тоқтатады.
Сібір хандығы.
Шайбан мұрагерлерінің иелігі. Тарихта Сібір атауын б.з.б. І мыңжылдықтың
соңынан бастап, Ертіс алқабын мекендеген сыпыр этникалық тобының
атауынан шыққан деседі. Қазақ тіліндегі сібір (мысалы, таң сібірлеп атты)
Сібір атауының түп төркіні болуы мүмкін. Батыс Сібір жерінде қазақ
этносының құрамына кіретін арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын
рулары мен башқұрттар, жергілікті тұрғындар ханты, мансылар мекендеді.
Өз заманында бұл жерлер Батыс Түрік қағанатының, кимектер мен
қыпшақтардың да тайпалық одақтастарының қарамағына кірген. Монғол жаулап
алуларынан кейін, бұл жерлер негізінен Жошы ұрпақтарының, кейін Алтын
Орданың құрамына енген. Ал тарихи тұрғыдан алсақ Алтын Орданың негізін
салушы Шыңғысханның немересі Бату бұл Ібір-Сібір жерін өзінің інісі
Шайбаниға сыйға тартқан екен. Сондықтан бұл Сібір жері Шайбан ұрпақтарының
заңды мұрасы болып табылады. Моңғолдарға дейін Тайбұға әулеті негізін
қалаған түркі тілдес тайпалардың бірлестігі құрылып, Шымға- Тұра қаласын
астана (қазіргі Түмен қаласы) етті.
Моңғол жаулап алушылықтарынан кейін жергілікті тайпалар олардың билігін
мойындаған. Алайда жаулап алушылар саны аз болғандығына байланысты
жергілікті халықтармен араласып кеткен.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Көшім шамамен 1510 жылы Шайбан ордасы
ұлысында туған. Оның әкесі Мұртаза, оның әкесі Ибак, ал Ибақтың әкесі Батыс
Сібір хандығының негізін салушы Қажы Мұхаммед. Көшім ноғай мырзаларымен
бірге өсіп, тәрбиеленген. Көшімнің шыққан тегі туралы ғалымдардың арасында
әр алуан пікірлер бар. Соның бірі бойынша Көшім Шайбан ұрпағынан тараған,
бұндай деректі бізге, Қадырғали Жалайыри өзінің Жылнамалар жинағында
айтады, оның бұл пікірін Әбілғазының Түрік шежіресі қуаттайды, ал
Н.Карамзин, А.Левшин сынды орыс ғалымдары Көшімнің шыққан тегін қазақ
ақсүйектерімен байланыстырады. Олардың бұл пікірлері Шоқанның еңбектерінде
де қолдау тапқан.
Көшім (шамамен 1510-1598) – Сібір хандығының соңғы ханы. Көшімнің
Сібірдің хан тағына көтерілуі тарихта былай түсіндіріледі. Қайратты жа
жігерлі, әскери істі жетік меңгерген Көшім 1555 жылы Сібір жұртында билікті
қолына ұстап тұрған Тайбұға әулетіне қарсы қазақтар мен ноғайлылардың
жасақтарын ұйымдастырып, ұзаққа созылған ұрыстардың нәтижесінде 1563 жылы
Сібір хандығының тағына отыру мүмкіндігіне ие болады. Деректер Көшімнің
Сібірге қазақ даласынан келгенін дәлелдейді. Біздің Ақкөл-Жайылмада
жүргізген зерттеулеріміз шайбан тұқымының осы жерден келіп, Сібір билігі
үшін күрескенін көрсетеді.
Сібір хандығына билікке келген Көшімнің басты мақсаттарының бірі Сібірді
мәдениеті дамыған, қуатты мемлекетке айналдыру болған деседі, ол бұл
мақсатын жүзеге асыруда ислам дініне арқа сүйеп, хандықты бір орталыққа
бағындыруда ойлады. Батыс Сібірге ислам дінін таратуда Ортаазиялық
билеушілер мен саудагерлер Көшімге барынша қолдау көрсетті. Олар өз
заманында табиғи байлықтарымен танымал Сібір жерімен сауда байланыстыратын
дамытуға мүдделі болды. Ортаазиялық көпестер мен молдалар ислам дінін
жергілікті халықты арасында уағыздай білді. Көшімнің билігінде Ібір-Сібір
жерінің мәдениеті мен экономикасы дамыды, Мәскеу, Бұхара, Шығыс Түркістан
және Ноғай, Қалмақ иеліктері оны мойындап санасып отыратын болды. Көшім
хандығы тарихта Сібір жұрты, Көшім Сібірі, Ертіс патшалығы, Сібір хандығы
деген атпен де белгілі.
Көшім тұсында Сібір хандығының аумағына келетін болсақ, бұл аталмыш
мемлекеттің жер аумағына Батыс Сібір, Оңтүстік Орал өңірі және Ертіс, Есіл,
Тобыл өзенінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz