Педагогика пәнінен дәрістер жинағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

1-Лекция тақырыбы: Педагогикалық теориялык-әдіснамалық негіздері

Жоспары:

1. 1. . Педагогика пәні және оның міндеттері.

1. 2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбие, оқыту, білім беру, пед. процесс.

1. 3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байлынысы.

1. 4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.

1. 5. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мәдениет, саясат және т. б. ) қабылданары сөзсіз.

Енді ғалымдар тобы педагогикаға басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т. б. ) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.

Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б. Т. Лихачев, И. П. Подласый, В. А. Сластенин және т. б. ) .

Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысан ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым және практик А. С. Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объекті - бұл «педагогикалық дерек (құбылыс) ». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттеп барады. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде жеке адам (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекет процесінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.

Педагогика пәні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.

Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың әлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық процеске және әлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.

Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарды негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық процесс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т. с. с.

Әлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі әртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, әлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бәрі де адамның күнделікті өсу және даму процестерімен байланысқан білімнің мәндік астарын және сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сәйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым - педагогиканың зерттеу нысандары.

Осыдан, педагогиканың пәні - арнайы әлеуметтік мекемелерде (институттарда) : отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие орындарында -мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тәлім-тәрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-әрекетін (педагогикалық қызметті) және оқушылардың әрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен әдістерін әрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тәсілдерін нақтылап, ашып отырады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танырған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

-сипаттау немесе түсіндіру - озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;

-анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;

-болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Теориялық қызметтің прогноздық деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу және тәрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі

сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагокикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

- жаңалау - тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе пайдалану; - ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық) - ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісіне болған әсер-ықпалынан бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысынан қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауысналы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.

Сонымен, әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген авторитарлы ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында -сан қилы педагогикалық бағыттар жасауда. Әлемнің прогрессив педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

Педагогикалық ғылымдар жүйесі

Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.

Педагогиканың ірге тасы- философия, дәлірек айтсақ, тәрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік практикада әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия- педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.

Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:

-жалпы педагогика;

-жас кезеңдер педагогикасы;

-әлеуметтік педагогика;

-арнайы педагогикалар.

Жалпы педагогика- адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тәрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы) ; 3) тәрбие теориясы; 4) мектеп тану. Осы құрылымды аталған бөлімдерімен бірге бастауыш мектеп педагогикасы да қайталайды.

Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. Әрқилы жас топтарында немесе оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы және т. б.

Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен -жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тәрбие процестер ерекшелігін әскери педагогика зерттейді.

Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогика дамуда.

өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы және тәрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.

Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пәндік әдістемелер құрайды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пәндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. өз пәнін оқыту әдістерімен әрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту әдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы әдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дәстүрлі әдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нәтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тәсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.

Педагогика өз дамуында басқа ғылымдармен кіріге, тығыз байланысқа түседі. Философия ғылымдары (диалектикалық және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эстетика, т. б. ) педагогикаға тәрбие мағынасы мен мақсаттарын айқындап алуда, адам болмысы мен ойлаудың жалпы заңдылықтары ықпалын дұрыс ескеруде жәрдемін тигізеді. Педагогиканың аса тығыз да тікелей байланысы анатомия және физиология. Олар адамның биологиялық мәнін түсінуде тірек қызметін атқарып, жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен, жоғары жүйке қызметінің даму жағдайларымен, бірінші және екінші сигналдық жүйе жұмысымен, сезім органдары, тірек- қозғалыс аппараты, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі қызметтерімен таныстырады.

Педагогика үшін аса маңызды болған психиканың даму заңдылықтарын зерттеуші психология ғылымы . Психологиялық білімдер негізінде педагогика әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтіруші тиімді тәрбие жүйесін құрады. Педагогиканың әрбір бөлімі психологияның сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мысалы, оқу- ақыл-парасат дамуы мен танымдық процестер теориясына жүгінеді: ал, тәрбие теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т. б. Осы ғылымдардың бірігуінен (интеграция) және психопедагогика жарыққа келді.

Педагогиканың тарих және әдебиетпен, география және антропологиямен, медицина және экологиямен, экономика және археологиямен байланыстары кеңеюде. Тіпті Жерден тыс өркениет жөніндегі ғылымдардың өзі де педагогикалық проблемаларды түсінуге жәрдемін тигізіп отыр. Адам, оның тіршілік аймағы, адамдардың қалыптасуына ықпал жасаушы ғарыштық әсерлер бұл күнде бүкіл дүниеде қарқынды зерттелуде.

Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дәл және техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар - кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, сугестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) және т. б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.

Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде бастауыш мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тәрбие процесі әсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кәсіптік деңгейде басқара білу қажет. өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.

Педагогика және басқа ғылымдар. Педагогика құрылымы.

Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғышарты.

Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды, педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды, педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастар негізінде қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік ж. т. б. ) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу-тәрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру процесінің мәні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тәжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар ретінде қолданылып, жаңа педагогкиалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.

Педагогканың ежелден келе жатқан дәстүрлі де аса бір құнды байланысы байланысы жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатына тән қасиеттерді білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар және оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тәрбиені, яғни білім беру жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама-педагогтардың бәрі де алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін жәйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларға тәуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нәтижесінде өзгеріске келуі әбден мүмкін.

Пеадагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия және психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физология, астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.

Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи және әлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема-педагогика үшін өзекті мәселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биологияда да бұл мәселе аса маңыздылығымен танылған.

Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бәрін жалпыланған адам бойнда теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады.

Педагогиканың медицинамен байланысының нәтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.

Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны әлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тәуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының әлеуметтану, экономика, саясаттану және басқа әлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.

Педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.

Педагогиканың әлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың әртүрлі топтары мен әлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; әрқилы әлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тәрбиесі заңдылықтарын ашу.

Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы әрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тәрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:

-басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалануы;

-бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;

психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, әлеуметтану және басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;

- адамды жан-жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.

Педагогиканың өзге де ғылымдармен байланысының дами түсуінен тәлім-тәрбие

теориясының жаңа бағыттары-сыбайлас ғылымаралық пәндер жүзеге келеді. Бұл күнде педагогика педагогикалық ғылымдардың күрделі жүйесінен құралады, олар:

Жас кезеңдері педагогикасы- оқу мен тәрбиені адамның жас кезеңдеріне орайластыра зерттеуші мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Интерактивті тақтаны орнату
Математикадан логикалық есептер жинағы
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz