Банктік қызмет көрсету шарты



ЖОСПАР

Кіріспе

1. Банктың шығу тарихы
2.Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы

3. Банк жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі
3.1 Ұлттық банк
3.2 Коммерциялық банк

4. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы

Қорытынды.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды жэне т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болалды. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажететеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажететеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін тал-дағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыга келеді, ол нақты банк кызметінің бүкіл сипаттамасып біртұтас ретінде қарастыруы мүмкім
Банктер — несие беруге, ақша есептері мен құнды қағаздар операцияларында делдалдыққа маман-дандырылған экономикалық мекеме. Меншік түріне қарай банктер акционерлік, серіктестік, дербес, кооперативтік, муниципалдық (коммуналдық), мемлекеттік (ұлттық), мемлекеттің қатысуымен құрылған мемлекетаралық болып бөлінеді. Банк қызіметінде үш түрлі операция жүзеге асырылады: паюсивті, активті және делдалдық (комиссиялық) операциялар.
Паситвті операциялардың көмегімен Банк. өз қызметіне қажетті ақша қаржысын — өз қаржысын, сондай-ақ өзіне түскен және айналымға қосылған қаржыларды шоғырландырады. Өз қаржысы, кұрылтайшылар жарнасы (ұзақ мерзімді несие болуы да мүмкін), акциялар мен облигациялардан түскен қаржы, күнделікті пайдадан, резерв қорына бөлінетін аударылым, бөлінбейтін пайдадан құралады. Түісетін және айналымға қосылатын қаржы клиенттердің ағымдық, мерзімдік және жинақ есептеріне салатын ақшаларынаң сондай-ақ айналымға қосылатын несие ақшадан түседі. Бұған қоса ақша түсіруде банкаралық қарыз (ссудалар), вексельдерді есептеу және қайта есептеу маңызды роль атқарады.
Банктің өз қаржысы мұндағы бар қордың аз бөлігін ғана құрайды. Әдетте, ірі банктерде өз қорының үлесі 10 проценттен аспайды және банік неғүрлым . ірі болған сайын оның өз капиталының үлес салмағы да солғұрлым аз болады.
Активті операциялар пайда алу мақсатымен құралған ақша қорын пайдалануға бағытталған. Ол несие (есепті қарыз) және инвестициялық болып бөлінеді. Өз кезегінде кредит операцияларын түрлі өлшемдерге қарап топтастыруға болады: а) мерзімділігі бойынша талап етілетін қарыз, қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан да әрі); ә) қамтамасыз ету сипаты бойынша вексельді есепке алу, вексель кепілдігі, тауар және тауар құжаттары кепілдігі, қозғалмайтын мүліктер, құнды қағаздар арқылы және қамтамасыз етілмейтін (бланкілер) қарыздар. Өтеу тәсіліне қарай несие бірден өтелетін және бөліп-бөліп өтелетін болып бөлінеді. Процентті төлеу несие беру кезінде бірден немесе бүкіл мерзім ішінде бөліп-бөліп, я болмаса оны өтейтін сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Несие оның кімдерге берілетініне қарай да бөлінеді, мәселен,лкәсііпкерлерге, мемлекетке, халыққа,, қор биржалары делдалдарына, банктерге беріледі
Инвестициялық банк операциялары құнды қағаз-дарды сатып алудан тұрады. Құнды қағаздарды иемдену банкті- қор биржасында алыпсатарлыққа итермелеп, банк активтерінің өтімділігін төмендетеді, бірқатар елдерде депозиттік-қарыз және инвестициялық қызметті қатар атқаруға шек қойылған.
Активті және пассивті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл, әсіресе «алдамшы ақша» мысалынан айқын көрінеді. Ол банктің клиентке бөлген қарыз ақшасы оньщ есебінен осы банкке салынған жағдайда болады, сөйтіп активті операция пассивті операцияға жоқ жерден айналады.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі -ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда, нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму зандылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Ұлттық банк және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан коммерциялық банк қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бұған бір жағынан, банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сырткы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментінің сапасын халықаралық деңгейге көте-руді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканың; макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер — клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаратын мамандардың банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практиқалық негізін оқып-үйренуінің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байла-нысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіби деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл жауапкершілік "Банк ісі" пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы окытумен тікелей байланысты.
"Банк ісі" пәнін оқыту "Банктік құкық", "Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу", "Банктегі бухгалтерлік есеп және аудит", "Ақша-несиелік реттеу", "Халықаралық валюталық жүйе" пәндерімен қатар оқытылады. "Банк ісі" пәнін студенттерге оқытудағы мақсат — банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіби жоғары маман болу үшін қажетті банк ісін ұйымдастыру жөінде ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
2.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
3..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
4.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
5.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
6."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
7.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
8.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
9.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
10.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
11.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
13.Сейітқасимов.Ғ.С.Ақша,Несие,Банктер.-Алматы,2001.
14."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
15.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
16."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
17.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6. 18.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
19.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
20.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
21.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
22.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
23.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Банктың шығу тарихы
2.Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы
3. Банк жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі
3.1 Ұлттық банк
3.2 Коммерциялық банк
4. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық
ұйым ретінде қарайды жэне т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болалды. Алайда, банктің мәнін
терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
оның мәнін әр түрі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде
қарастыру;
банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажететеді;
банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажететеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет
түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін
тал-дағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл
мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыга келеді, ол нақты банк
кызметінің бүкіл сипаттамасып біртұтас ретінде қарастыруы мүмкім
Банктер — несие беруге, ақша есептері мен құнды қағаздар
операцияларында делдалдыққа маман-дандырылған экономикалық мекеме. Меншік
түріне қарай банктер акционерлік, серіктестік, дербес, кооперативтік,
муниципалдық (коммуналдық), мемлекеттік (ұлттық), мемлекеттің қатысуымен
құрылған мемлекетаралық болып бөлінеді. Банк қызіметінде үш түрлі операция
жүзеге асырылады: паюсивті, активті және делдалдық (комиссиялық)
операциялар.
Паситвті операциялардың көмегімен Банк. өз қызметіне қажетті ақша
қаржысын — өз қаржысын, сондай-ақ өзіне түскен және айналымға қосылған
қаржыларды шоғырландырады. Өз қаржысы, кұрылтайшылар жарнасы (ұзақ мерзімді
несие болуы да мүмкін), акциялар мен облигациялардан түскен қаржы,
күнделікті пайдадан, резерв қорына бөлінетін аударылым, бөлінбейтін
пайдадан құралады. Түісетін және айналымға қосылатын қаржы клиенттердің
ағымдық, мерзімдік және жинақ есептеріне салатын ақшаларынаң сондай-ақ
айналымға қосылатын несие ақшадан түседі. Бұған қоса ақша түсіруде
банкаралық қарыз (ссудалар), вексельдерді есептеу және қайта есептеу
маңызды роль атқарады.
Банктің өз қаржысы мұндағы бар қордың аз бөлігін ғана
құрайды. Әдетте, ірі банктерде өз қорының үлесі 10 проценттен аспайды
және банік неғүрлым . ірі болған сайын оның өз капиталының үлес салмағы
да солғұрлым аз болады.
Активті операциялар пайда алу мақсатымен құралған ақша қорын
пайдалануға бағытталған. Ол несие (есепті қарыз) және инвестициялық болып
бөлінеді. Өз кезегінде кредит операцияларын түрлі өлшемдерге қарап
топтастыруға болады: а) мерзімділігі бойынша талап етілетін қарыз, қысқа
мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және ұзақ
мерзімді (5 жылдан да әрі); ә) қамтамасыз ету сипаты бойынша вексельді
есепке алу, вексель кепілдігі, тауар және тауар құжаттары кепілдігі,
қозғалмайтын мүліктер, құнды қағаздар арқылы және қамтамасыз етілмейтін
(бланкілер) қарыздар. Өтеу тәсіліне қарай несие бірден өтелетін және бөліп-
бөліп өтелетін болып бөлінеді. Процентті төлеу несие беру кезінде бірден
немесе бүкіл мерзім ішінде бөліп-бөліп, я болмаса оны өтейтін сәтте жүзеге
асырылуы мүмкін.
Несие оның кімдерге берілетініне қарай да бөлінеді,
мәселен,лкәсііпкерлерге, мемлекетке, халыққа,, қор биржалары делдалдарына,
банктерге беріледі
Инвестициялық банк операциялары құнды қағаз-дарды сатып алудан тұрады.
Құнды қағаздарды иемдену банкті- қор биржасында алыпсатарлыққа итермелеп,
банк активтерінің өтімділігін төмендетеді, бірқатар елдерде депозиттік-
қарыз және инвестициялық қызметті қатар атқаруға шек қойылған.
Активті және пассивті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл,
әсіресе алдамшы ақша мысалынан айқын көрінеді. Ол банктің клиентке бөлген
қарыз ақшасы оньщ есебінен осы банкке салынған жағдайда болады, сөйтіп
активті операция пассивті операцияға жоқ жерден айналады.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі -ұлттық экономиканың басқа
секторларымен салыстырғанда, нарық талабына сай өзгерістерді жедел
қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш
күштердің даму зандылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі
бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің
дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық
стандартқа өтуімен байланысты Ұлттық банк және Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі
тарапынан коммерциялық банк қызметтерінің сандық және сапалық
көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бұған бір жағынан, банкаралық
бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк
секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын
тартумен қатар елімізде сырткы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл
процесс өз кезегінде банк менеджментінің сапасын халықаралық деңгейге көте-
руді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық
әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де
жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты
секторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканың;
макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер — клиенттерге әр түрлі қызметтер
яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын,
кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен
үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаратын
мамандардың банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практиқалық негізін оқып-
үйренуінің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасы
банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байла-нысты қойылатын талаптар
күшейген сайын кәсіби деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау
жауапкершілігі де арта түспек. Бұл жауапкершілік "Банк ісі" пәнін жан-
жақты, терең әрі сапалы окытумен тікелей байланысты.
"Банк ісі" пәнін оқыту "Банктік құкық", "Инвестицияны қаржыландыру және
несиелеу", "Банктегі бухгалтерлік есеп және аудит", "Ақша-несиелік реттеу",
"Халықаралық валюталық жүйе" пәндерімен қатар оқытылады. "Банк ісі" пәнін
студенттерге оқытудағы мақсат — банк қызметін өркениетті деңгейде атқара
алатын, кәсіби жоғары маман болу үшін қажетті банк ісін ұйымдастыру жөінде
ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.

1. Банктың шығу тарихы
Бірқатар ғалымдардын пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие
қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты дамыған. Кейбір ғалымдар
Банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде
пайда болды деп есептейді.
Банк сөзі үстел мағынасын беретін италияндық banсо сөзінен
шыққын. Банко - үстелдер тауарлардың сауда- саттығы қызу жүретін аландарға
қойылатын. Сауда - саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда
шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылады. Бұл
жағдайда көптеген монетаның айналасыан хабары бар, айырбас бағамы бойынша
кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл
айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырды. X ғасырда
Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше
банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі
Грецияда, Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге
айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге
асырылады.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен
қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз
кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана
пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі
нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп
көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларларда Ежелгі
Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу
тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің
эрамызға дейінгі VI ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынанда үлкен сенімге ие
болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияларды
ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік
және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз берумен де
айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа
түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтанда ақшаны уақытша пайдалануға
беріп,одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорын ашудың тиімді
болатынын да ұқты.
Міне, осы уақытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда
болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қойылатын өктем шартымен
жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің
пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де
әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл
құймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа
мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері
жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына
себепші болды. Банк-бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай
сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға
металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды. Жоғарыда аталған
несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталу үшін
несие істерінің даму деңгейі жоғары болу керек әрі несие берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың
жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге
айналады, солай өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің
арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары
пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса қарыз
алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие
беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да
операцияларды жүргізеді. Банк несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір
орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай
мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша
girо -айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз
серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды.
Еуропа мемлекет құраған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән
ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы
мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде
айқындалды. Банк ісін жүргізудің италяндық тәжірибесі өзіндік банктерді
құрудың тек ынталандырушы факторы болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке
және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италяндық
сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғаш
неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т.б .ХҮІІ
ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып
үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын
операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай
қаражатты бір кестеден екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла бастады.
Банктер клиенттерімен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп,
сауда мәмлесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету
үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін
(һudu-"гуду") шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа
шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса
ірі несие мекемелері пайда болды.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық
операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған
елдің эмиссиялық банкі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның
банкноттары төлемінің әмбебап, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген
елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық
банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж) орталық
эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды
2.Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүделерін қанағаттандыру Жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді (сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз_ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердін салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жана шндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің козғалысы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады. Шаруашылық органдар мен тұрғьшдардың қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.Нарықтық экономикада банктер
монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты
басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығьш, ұдайы өндірістің барлық
фазасының аясына ғана кіреді.

Қаржылық институттар:
банктер, сақтандыру
компаниялары, зейнетақылық
қорлар, инвестициялық
қорлар

Депозит түрінде және Займдар, жеке
салымдар және
басқа жолмен берілетін келісім бойынша
берілетін
ақша қаражаттары ақшалай
қаражаттар

Ақша қаражаттарының Ақша қаражаттарын
жабдықтаушылары: пайдаланушылар:
(формалар, компаниялар, (фирмалар,
үкімет, жеке тұлғалар) компаниялар, үкімет
жеке тұлғалар)

Тікелей инвестициялар жолымен Нарықта акциялар, обли-
акциялар, облигациялар және гациялар және басқа да
басқа да қаржы құралдарын қаржы
құралдарын сату
сатып алу арқылы ұсынылатын арқылы алынған ақша
ақша қаражаттары қаражаттары

Қысқа мерзімді
капитал-дардың қаржылық
нарығы (ақшалай нарық),
ұзақ мерзімді капиталдар
нарығы (бағалы қағаздар
нарығы)

1- сызба. Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі
ролі.
Несиелік жүйе "ертегідей күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ең
қауіпті түрде араласуы" мүмкін. К.Маркс келесіде "Ағылшын банкісі сияқты
мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне" назар аударады. Банктер
шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені
ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын қөрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өңдірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактрр болыл табылатын әдістемелерді
пайдаланады. Мүддеді осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер
басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр
түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі
несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз
қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операциотарын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу ісүнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларыньщ мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің
экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа оргавдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады.
Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы
ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау,
банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес,
сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті
оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі
жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің
мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің
көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге
мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды
бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар
арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шо-ғырландырған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол
арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда,
меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар қүрылуда. Шаруа қожалықтары
санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек
қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда.
Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің
экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-
әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп
экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта
түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен
мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты -
несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін
жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып
табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап
өзіміздің ұлттық валютамыз - төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция
тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен
үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында
инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте
-10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық
мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс
пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда
қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция
төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін
ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды
төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және
инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі -
экономикалың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік
көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны - банктік реформа мемлекеттік
меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды
несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп
шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы
керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді
шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп
шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың
жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған
банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату және
сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға
қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының
негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды
кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып,
олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке
меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі
бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы
керек;
бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде
жұмыс істеуі қажет;
өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің баска элементтеріне
(банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді
болуы керек.
3. Банк жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі
3.1 Ұлттық банк
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері "Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы" Заңы және
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас
аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрақтарды шешеді:
мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нор-
мативтік актілерді бекітеді;
Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар
мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Респуб-
ликасының бюджетімен операциялар бойынша пайыз-
дық мөлшерлемесін бекітеді;
Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық
жиынтық балансты қарастырады;
Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк
департаменттерінің директорларын тағайындайды;
банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады
басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі (2-сызба).

ҚР Ұлттық банкнің басқару құрылымы

Басқарма Төраға Төрағаның
Директорлар кеңесі орынбасарлары

Ұлттық банкінің оталық аппараты

Департаменттер, дербес басқармалар және
бөлімдер

Облыстық (аумақтық)
басқармалар
Ұлттық банкінің тәуелсіз бөлімшелері
Мемлекеттік сақтау орыны Банкноттық фабрика
бағалы қағаздар фабрикасы Приборлық
бақылаудың мемлекеттік инспекциясы
Қазақстандық банкаралық есеп айырысу
Орталығы Банкаралық және қаржылық
телекоммуникациялар Орталығы Банктік
сервистік бюро; т.б.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республиқасында ақша банкноталарын өндіру жәңе коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумең
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейіңгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, соңымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріңдегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен
моиеталардың қосымша щығарылуын сипттайды.
Қазақстанда теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің
бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың
біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс
деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың
үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
поцесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие акшаны құру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл репрециялардың сызба
келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл -
сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен
құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын
басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті
көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
- бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі бұл
Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен
қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады.
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының
мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда)
орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының
интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді,
мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі
арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы
тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және
ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің
өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлее салмағы-мен, шаруашылық
субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге
жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация денгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%,
Германида-64,5%, Ұлыбританияда-89,1%, АҚШ-та- 77,5%, Жапонияда - 116,7%!
болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл
әрине жеткіліксіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банк
жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және
РЕПО операциялары арқылы несие береді.Аукциондық несиелерді енгізу (1993
жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын дерективті несиелерден айрықша
несие ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгі-леуге мүмкіндік
берді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді.
Кейіннен ауыл шаруашылығы, энергетика сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызмет көрсету
Банктік шот шарты
Банктік шот және салым шарттары
Банк қызметіне байланысты шарттар
Банктік қызмет көрсету шарты. банктік шот шарты, шарттар жасау тәртібі
Несие және есеп айырысу қатынастары
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Орталық банк және оның қызметтері талдау
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Пәндер