Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық секторының дамуы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Самбетов Ч. А.
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылық секторының дамуы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 050016 - «География»
Алматы 2011 ж
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан Географиясы және географияны оқыту әдістемесі кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылық секторының дамуы
Қорғауға жіберілді
«» 2011 ж.
Қазақстан географиясы және географияны
оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
Сағындыков А. С.
Орындаған: 4 курс студенті
«География-туризм» мамандығы
Самбетов Ч А
Ғылыми жетекшісі:
г. ғ. к. доцент Тілекова Ж. Т.
Алматы 2011 ж
Жоспар
Кіріспе . . . 4
- Солтүстік Қазақстан облысына физикалық -географиялық сипаттама. . . 5
1. 1 Физикалық-географиялық орны . . . 6
- 1. 2 Климаты . . . 7
1. 3 Климат және агроклиматтық ресурстары. 9
1. 4 Топырағы . . . 10
- 1. 5 Табиғат жағдайы . . . 141. 6 Экологиялық топырақ эрозиясы . . . 18
- Солтүстік Қазақстан облысынының ауылшаруашылық жерлеріне экономикалық-географиялық сипаттама. . . 21
2. 1. Қазіргі ауылшаруашылық жерлеріне талдау . . . 24
2. 2 Ауылшаруашылығынан алынған өнім түрлері оның мөлшері . . . 27
2. 3 Аыл шаруашылығының маңызды екіші саласы мал шаруаылығы . . . 31
2. 4Облыстын сыртқы экономикалық қатынастары . . . 36
3. Солтүстік Қазақстан облысынының ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдаланудың бағыттары . . . 44
3. 1 Ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдаланудың бағыттары . . . 46
3. 2 Мал шаруашылығын қолдау жөніндегі шаралар . . . 49
3. 4 Индустриялық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығын одан әрі
әртараптандыру . . . 52
3. 5 Облысты сумен жабдықтау жағдаиы . . . 58
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Ауыл шаруашылығы Қазақстан материалдық өндірісінің өнеркәсіптен кейінгі маңызды саласының бірі. Қазақстан ауыл шаруашылығы өзінің даму деңгейі жөнінен ТМД-да Ресей және Украинадан кейгі үшінші орында. Жыртылған жер және егіс көлемі, қой мен ешкінің санынан тек Ресейге жол берсе, ауыл шаруашылық өнімінің кейбір түрінен, оның ішінде жан басына өндірілуі жөнінен ТМД елдерінің ішінде жетекші орын алады. Мүйізді ірі қара саны, ет өнімінен Ресей, Украинадан кеиін үшінші орында. Малдың басқа түрлерінің, оның ішінде жылқы, құс пен шошқа санынан да алғашқы орында. Ауыл шаруашылығы Қазақстан жалпы ішкі өнімнің 25% береді. Қазақстан Республикасының маңызы зор мәселелердің бірі экономикалық аудандарға бөліп баға беру болып табылады. Сол себептен облыс экономикалық аудандар ішінен өзінің алатын орны ерекше. Солтүстік Қазақстан облыстарын алып, оған жеке мінездеме беру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысамыз. Облыстарды жеке-жеке жан- жақты оқып үйрену арқылы олардың маңызын білеміз. Облыс аумағында ауыл шаруашылық өнімдерінен мемлекетке кіретін кіріс көлеміне әсері тиетіні бізге белгілі, әр өнімнін маныздылығы артуда. Ауыл шаруашылығы еліміздін экономтикасының маңызды саласы болып табылады Еліміздін астық өнімдерінін төртен бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына тиесіл, яғни климат жағдайыларына байланысты, жаздық бидай, сұлы, арпа және басқа дәнді дақылдарды өсіруге қолайлы. Сонымен бірге көкөніс, бақша және кей күнбағыс, зығыр, темекі сяқты техникалық дақылдарды ары қарай дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның аграөнеркәсіп секторындағы жетекші аймағының бірі. Мұнда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көлемі тұрақты өсуде. Осы салада 1000- дай кәсіп орындар 4000- дай шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 6. 7 млн га соның ішінде шабындық жерлер-4. 5 млн га. Облыс экономикасының тұрақтылығының көрсеткіші дәнді дақыл өнімдері арқылы анықталады, ол аймақтың ең басты экспортқа шығаратын тауары. Республика боиынша облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемінің шамасы 4%-на тен Республика бойынша дәнді дақылдың үлес салмағы төрттен бір бөлігін құраса, картоп 17-% ет-6% сүт-11% жұмыртқа-9% құрайды.
Мал шаруашылығық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мал басының өсіміне, оның өнімділігіне тікелей әсер етеді. Мал шаруашылығы қазақ халқының ғасырлар бойы экономикамыздын негізгі саласы болып келеді.
Қазақстан Республикасының Президентті 2003 ж «Қазақстан Республикасы 2005-2015 жылдардағы индустрйалды инновациялық даму стратегиясын бекіту туралы» Қауылысына сәйкес аймақта «Солтүстік Қазақстан Облысы» 2007-2010 жылдардағы индустрйалды индустрйалды иновациялық даму стратегиясын бекіту даму бағдарламасы жасалып іске асырылуда. Ол аймақтағы экономика саласын әр тараптандыру арқылы тұрақты дамуға өнімдерің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі және сыртқы өткізу рыногіндегі жайғасымын нығаитуға бағытталған, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 1995-1998 жыл 2003-2006 жыл арасындағы өзгерістер 16. 5 млн т басым жетті ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай экспортқа 40 млн т 1 жылда Қазақстан әлемнің- 25 еліне экспортқа шығарады мысалға: 2000 жылдан бастап мал шаруашылығының барлық түрі тұрақты өсуде. Қазақстанның аграрлық секторын тұтас алғанда ұлттық норма денгейінде халықтың негізгі тамақ өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз ете алады, соның ішінде облыстың алатын оны ерекше.
Бітіру жұмыс Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының экономикалық, әлеуметтік жағдайын, маманданған шаруашылық салаларына сипаттама беріп, олардың қоғамдағы маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Диплом жұмысының мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығына экономикалық-географиялық баға беру және ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдаланудың жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Физикалық-географиялық орнына сипаттама беру;
Зерттеу аймағының климаттын, топырақ жамылғысын, табиғи жағдайын талдау;
Облыстың ауылшаруашылық секторына талдау жасау;
- Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық жағдайына баға беру;
- Облыстың қазіргі ауылшаруашылық жерлеріне талдау жасау;
- Ауылшаруашылық жерлерін бағалау және ұтымды пайдаланудың жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының әдістемелік-методологиялық негіздері: Ұсынылған диплом жұмысының теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы оқулықтары басшылыққа алынып салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Солтүстік Қазақстан облысына физикалық -географиялық сипаттама
1. 1 Географилық орны
Солтүстік Қазақстан облысы - республиканың солтүстік қақпасы.
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы, 1752 жылы қаланған, халқының саны 2011 жылғы 01. 01. -203, 3 мың адамды құрайды.
Тұрғындар саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 588, 9 мың адамды, немесе республика тұрғындарының жалпы санынан 3, 6 пайыз құрайды.
Қала тұрғындарының саны 238, 5 мың адамды немесе 40, 5 пайызды құрайды, ауылдық - 350, 4 мың адамды немесе 59, 5 пайызды құрайды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ. Мүсрепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайыншы, Тимирязев, Уалихан, Шал Ақын атындағы; 5 қала - Петропавл, Булаев, Мамлютка, Тайынша, Сергеевка; 4 қала типтес кенттер - Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл орналасқан.
Сурет 1- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік аудандар
Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шет аймағын және Қазақ ұсақ шоқыларын алып жатыр [1] .
Негізгі су артериясы - Есіл өзені, оның облыс аумағы бойынша ұзындығы 720 км. Көлдердің жалпы саны 3000 жетеді, жалпы көлемі 4600 шаршы км. Облыс территориясының басым бөлігі Батыс-Сібір жазығының оң жақ шетінде орналасқан, онда үстірт деңгейі 200 метрден аспайды және Тобыл, Ертіс өзендері арасындағы үлкен кеңістікті алып жатқан алқапта орналасқан көне көлдік неогенді үстіртке жатады. Бұл аумақтың өзен аралықтарының беті неогенді жас шамасындағы тығыз саз тектес қабаттар қосылған бет және көлдік генезистен тұрады. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде ірі ащы көлдер тұйықталған қазан шұңқырлар жүйесі ерекшеленеді: Қалибек, Үлкенқарой, Теке, Селетітеңіз. Қазан шұңқырларлардың ойындысы 40-60 м құрайды, ал көлдердің өзі болса тайыз сулы. Теке көлінің қазан шұңқырында облыс бетінің ең төменгі нүктесі орналасқан, теңіз деңгейі бетінен 29 м.
Облыстың Оңтүстік-Батыс бөлігі Қазақ ұсақ шоқысына (Сары-Арқа) жатады және Көкшетау қыратының солтүстік-батыс бөлігімен көрсетілген.
Облыстың географиялық орны экономикасына әсері бар, жолдар тармағы көршілес мемлекет Ресеймен транзиттік жолдар жақсы дамыған әсіресе сауда жолдары.
1. 2 Климаты
Солтүстік Қазақстанның ең үлкен материктің тереңдігінде орналасу жағдайы оның ауа-райының кенет шұғыл континентальды болуын шарттайды.
Ауа-райының негізгі сипаты қатты желді және боранды ұзақ қыс, жазы қысқа, бірақ салқындау жылы.
Солтүстік Қазақстан үшін ауа-райының тұрақсыздығын тудыратын ауа массасының жиі ауысуы тән. Қыс уақытында солтүстіктен континентальды арктикалық ауаның басып енуі температураның кенет төмендеуін шарттайды, ал өтпелі маусымда бұл ретте көктемдік-күздік суық байқалады. Нақ ауаның айналысы, температураның кенет ауысуының және жылдан-жылға жауын-шашынның болуының себептері болып табылады.
Қыс мезгілінде ашық күнді және теріс тұрақты температуралық үстемдіктегі күн райының антициклонды типтері басым болады. Жел орташа жылдамдығы 5. 5 м/с болатын, анық байқалатын оңтүстік-батыс бағытында болады[2] .
Облыстын кұрлықтың ішкі аумағында орналасуы және қоңыржай ендік аймағында орналасуы, ауа массасынын бірқалыпты басымдығына байланысты, климаттың ерекшеліктерін айқындайды. Облыс климаты тым континентті. Континенттілік жазғы және қысқы температураларында үлкен айырмашылық (амплитуда) бар және ылғалдануы жеткіліксіз. Қаңтардың opташа көпжылдык температурасы Петропавлде -18, 6°С, шідде +19, 0°С, орташа жылдык температура +0, 8°С. Ауаның ең төменгі температурасы -48 0 С (1968 ж. Булаев ст. ) еңжоғарғысы +41°С (1940 ж. Явлен ст. ) . Орташа айлық температура ауытқуы 38°С, экстремалді температура -89°С. Қысы ұзақ және суық, жазы жылы, бірақ қысқа. Орташа жылдық темп-pa -1, 5°-тен 3. 8°С (1945 және 1948 ж. тиісінше) ауытқиды. нормадан ерекшеленеді, осылайша -0. 7 және 3. 0С (Петропавл ст. ) . Күн ұзақтығы жыл бойына 7-дсн 17 сағатка дейін өзгереді, тал түстегі күнің жағдайы желтоқсанда 11. 5-тап шілделе 58. 5"-қа дейін. Ұзақты күннің күн саулесінін жоғары құлау бұрышымен үйлесуі облыс аумағын жазғы уақытта жср бедерін жақсы қыздырады. Бұған сонымен қатар аздаған бұлттылықта әсер етеді. Жазда мұндай күндердін саны айына 18 күнге дейін жетеді. Солт аудандарда бұлттылық 78, оңт-кте 41 күнге жетеді. Күн сәулесінің ұзактығы жылына 1900-2000 сағатты құрайды. Жиынтық радиациясы орташа алғанда жылына 95 ккал/см 2 , онын 65 кк; тл-сы тура, 30 ккал-сы - шашыраңқы радиация. Жер жайылма бетіне келіп түсетін күннің ең көп жиынтык шамасы маусымда 15-17 ккал/см 2 ең аз шамасы - желтоқсанда (2 ккал/см 2 ) . Сінірілген радиацияның орташа есеппен 72 тәулікті кұрайды, ал тиімді сәулелену -жылына 47 ккал/см 2 , олардың арасындағы жылдык айырма 25 ккал/см 2 . Облыстын солт-нде 23-24, онт-кте, 27-28 ккал/см 2 құрайды. Қарашадан бастап наурызға дейін қар жамылғысынын жатуына байланысты радиациялык баланс сіңірілген радиациялыққа қарағанда 2 есеге жуық кем. Радиациялық баланстың ең көп мөлшері маусымда байкалады, ол - 7 ккал/см 2 -ге жуық. Аумактың жылу режиміне, сонымен қатар ауа массасынын циркуляциясы да әсер етеді. Жалпы алғанда ауа қозғалысы коңыржай белдеуінің батыс желдер ағымына тәуелді онт-батыс, батыс, солт-батыс. Осы бағытта атмосфсралык кұйындар - циклондар мен антициклондар қозғалады. Қысқы уақытта Азия максимумының ("Воейков осі") батыс тарамы ғана емес сондайақ Скандинавия, Карск теңізі және баска жерлерден келетін антициклондар аумақтың ауа райының қалыптастырады. Қысқы уақыттағы циклондық іс-әрекет арктикалық және полярлық шектерден келеді де, күн бұлттанып, аздап жылжиды, қар жауады. Қыста орташа жылдамдығы 5 м/с боп соғатын оңт. -батыс басым. Көктемге қарай антициклондық жағдайлардың қайталануы азаяды, біртіндеп Азия максимумынын тарамы бузылады және циклондық іс-әрекет қарқындайды. Орташа жылдамдығы 3, 5-5, 5 м/секунд онтүстік-батыс желі басым болады. Жазда антициклондық ауа райы циклондық ауа райына Қарағанда сирек байқалады. Циклондар батыстан да, оңт-тен де, арктикадан да келеді. Жазда жылдамдығы 3, 0-4, 5 м/с солт. -батыс желдер басым болады. Күзде циркуляциянын жазғы түрі қысқы түріне қайта ауысады. Осылайша облыс климатының қалыптасуында өзгерістер байқалады. Ауа райынын қолаилығы ауыл шаруашық салалаларының оның ішінде егіншілік және жаиылым жерлерге кыстай жатқан қар жерге сініп жер, жыл бойы ылғалды күиінде сақталады табиғаттын колаилығы. Солтүстік Қазақстан обылысынын ауыл шаруашылық өнімділігі жоғары болуына тікелей әсері бар.
1. 3 Климат және агроклиматтық ресурстары
Солтүстік Қазақстанның ең үлкен материк тереңдігіндегі орны оның климатының күрт континентальдылығымен сипатталады, оның тәндік белгілері қатты желдер мен дауылды ұзақ қыс, бірақ ыстық жаз.
Ең суық қаңтар айының көпжылдық орташа температурасы -18. 5 о С жуық солтүстігінде, -17. 6 о С жуық оңтүстігінде, ал ең суық күндері -45 о С жетеді. Шілдеде температура орташа +19 о С дейін солтүстігінде және +19. 5 о С оңтүстігінде, ал ең ыстық күндері +41 о С дейін жетеді. Күн көзінің жарқырауы 2000 бастап 2150 сағатқа дейін жетеді. Радиациалық баланс 25-30 ккал/см 2 дейін жылына, қарашадан бастап наурыз айына дейін - қарама-қайшы. Солтүстік Қазақстан үшін күн-райының тұрақсыздығын шақыратын ауа массаларының жиі алмасуы тән, қысқы уақытта континентальді арктикалық ауаның кірігуі температураның күрт төмендеуіне себепті, ал ауыспалы кезеңде көктемгі-күзгі қатқақтар байқалады. Атмосфераның циркуляциясы температураның және жауын-шашынның жылдан жылға күрт өзгеру себебі болып табылады.
Қысқы уақытта күн-райының ашық аспанымен циклонға қарсы типтері және тұрақты теріс температуралары басым. Желдер айқын белгіленген оңтүстік-батыс бағытымен сипатталады, орташа жылдамдығы 5. 5 м/с жуық.
Көктем қысқа (20-30 күн), құрғақ және салқын, сәуір айының екінші жартысынан бастап басталады. Температуралардың 5 арқылы көктемгі ауысу орташа көпжылдық даталары 20-22 сәуірге келеді, 10оС арқылы - 8-10 мамырға келеді. Күзде ауысу 10 о С арқылы орташа 18-20 қыркүйекке келеді, ал 5 о С - 5-7 арқылы қазан айына. Мерзімнің ұзақтылығы орташа тәуліктік ауа температурасымен 10 о С жоғары 130-140 күнге жуық, ал ауаның орташа температура сомасы 10 о С жоғары 2000-2200 о С құрайды. Соңғы көктемгі қатқақтың орташа датасы 20 мамырға қарай (16 сәуірден бастап 22 маусымға дейін), бірінші күзгі - 20 қыркүйек (19 тамыз-12 қазан) . Қатқақтың болуы 25 шілдеде де байқалды (Булаев, 1997 ж. ) . Аязсыз мерзімнің болу ұзақтығы жылына 100-120 күнге жуық, ал орташа тәуліктік температурасымен 0 о С жоғары орташа 190 күнге жуық.
Жазғы уақытта күн-райының солтүстік және солтүстік-батыс желдерімен 4 м/с жуық жылдамдығымен циклональді типтері басым. Күз салқын, бұлыңғыр, кейде жаңбырлы [42] .
Атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық саны 290-295 бастап 425-435 мм. Дейін жетеді. Бәрінен аз облыстың оңтүстік-шығыс аудандары алады. Ылғалмен Көкшетау қыраты мен орман алқапты тау кендік аудандар қамтылған. Жылдың жылы жартысында (сәуір-қазан) жылдық норманың 80-85% түседі ең жоғары шілдеде (45-75 мм) . Қар беті тұрақты қыс аяғына орташа қуаттылығы 25-30 см жуық, 5 айға жуық жатады, қараша айынан наурыз айына дейін. Жауынның орта жылдық сомалары жылдар бойынша өзгеріп отырады. Мысалы, олар 164 мм (1936 ж. ) 619 мм дейін (1905 ж. ) және 594 мм (1995 ж. ) өзгерді.
Петропавл қаласының гидрометереологиялық станциясы бойынша инструментальді байқаулар кезеңінде деректерді жалпылау, соңғы жылдары климаттың жылдық жауын-шашын түсу мөлшерімен жылуы байқалады. Жеке жылдары сонымен қатар көктемгі және жазғы жауынсыз кезеңдер болуы мүмкін, әсіресе өсімдік шаруашылығында кері әсер етеді. Жылына жауынсыз кезеңнің көп бөлігі, 20 жылда бір рет қайталанатын, 28 бастап 36 күн арасында. Жылына орта сандық күн атмосфералық кеуіп қалумен сәуір мен қазан айларында облыс аумағында 40-50 күн құрайды, Петропавлда 10 бастап 60 күнге дейін.
Агроклиматтық аудандастыруға сәйкес аймақ үш агроклиматтық облыстарға жатады
1. Нашар-ылғалды біркелкі жылы , Көкшетау қыратының типтік орман алқапты ландшафтарымен қамтылған, онда ылғалдылық ГТК маңыздарымен белгіленеді (Г. К. Селяников бойынша гидротермиялық коэффициент), 1, 0-1, 1 тең. Тұрақты сомалармен кезеңділік температурасы 10 о С жоғары 2000-2100 о С жетеді.
2. Құрғақ біркелкі жылы, оған облыстың біраз бөлігі жатады, ол жарылған орман алқаптарымен және алқаптармен қамтылған, ГТК-мен 1. 0 бастап 0. 8 және тұрақты температура сомаларымен 10 о С жоғары 2100-2200 о С жуық.
3. Құрғақ, жылы, оңтүстік өңірдің шығыс және батыс бөліктерін Есіл өзені жазығына дейінгі бөлікті қамтиды, онда ГТК 0. 9 бастап 0. 7 дейін өзгереді, ал температуралардың сомалары 10 о С жоғары - 2200-2400 о С жуық.
1. 4 Топырағы
Еліміздің басты жер байлығы қара топырақ болып, ол республика бүкіл топырақ көлемінің 7% алып, оның көлемі 15 млн га ғана. Облыстың негізгі табиғи ресурстары болып қара топырақ саналады.
Қаратопырақтың 80%-ды жыртылған. Облыс аумағы жалпы жазықтығына қарамастан топырақтын пайда болу жағдайларының әр тектілігімен сипатталады, бұл сан қилы және күрделі топырақ қабатына себепкер болды. Облыстың солт шегінің бойы мен орманды-дала қатарының (қышқыл-сұр, сұр және бозғылт-сұр орманды) топырақ қабаты жатыр. Шоқ тоғайлы орманды-дала аймағында жай қаратопырақ басым. Облыстың онт жағына карбонатты қаратопырақты дала ландшафтысы тәп. Интразональды қабат өте көп. Бұлар сортандар мен әр қилы гидроморфтык түрлер. Таулы-шоқылы ландшафтта шым қыртысты күлгін қабат дамуда. Орманды сұр топырақ қабаты (топырақ қабатынын және ауыл ш. жері құрылымының 1%-нен кем) ең шым-қыртысты суайрықтар учаскелеріне: құмдауытты жалды және анғар бойындағы баурайларға жақын. Олар шөптесінге бай қайыңды орман өңірінде қалыптасады. Оларды қошкыл-сұр. сұр және бозғылт-сұр деп айырады. Қара топырақ Петропавлдық Есіл маңының басты аймақтық топырағы қара топырақ үш түрге: сілтісіздендірілген, жай және оңтүстік, т. б. болып ажыратылады [3] .
Сілтіздедірілген топырақ шөптесінді өсімдіктер өскен құмдауытты саздақтардан түзілген өзен аралықтарындағы шымды учаскелер мен жер (іедерінің дурыс пішіндері біраз (егістік құрылымының 1%-ке жуығы) аланды алып жатыр. Кара шірінді шетінің қалындығы. 40-50 см, біркелкі қоңыр түсті және құрамында қара шіріндісі 5-7%-ке дейін. Карбонат-тардың жату тереңдігі 60-90 см. Сілтісіздендірілген қаратопырақ көбіне егістікке игерілген және облыстың егістікке жарамды жақсы жерлердің бірі болып табылады. Жай қаратопырақ облыстың топырақ жамылғысының негізін құрайды, олар бірнеше топтарға бөлінеді. Олар біртекті массивтерде де, басқа топырақ кешендері де кездеседі Жер асты сулары тереңде жататын өзен аралыктарындағы көтеріңкі учаскелсрге жапсарласып жатыр. Олардьң аймақтық ерекшеліктері: қара шірінді горизонттың тілімдене кездесетіндігі, қалдығы бар сортандылықтың, реликтілі гидроморфтылық белгілерінің болуы. Жер ресурстары және топырақ. Табиғи жағдайлар мен егіншілік тәжірибесінің ерекшеліктеріне сай Мамлют ауданының аумағы 3 табиғи-егіншілік аудан шегінде орналасқан
- орманды дала жазықты-батыс шалғынды-қара топырақты және ірі сортаң жерлері;
- қара топырақты шоқ тоғайлы жалды-көлді аудан, ірі сортаң жерлі және сұр орман топырақтары;
- карбонатты жердің алқапты жазықты-батыс ауданы.
Сурет 2 - Солтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz