Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)



I. Кіріспе
Жеміс.жидектерге жалпы сипаттамасы.
II. Негізгі бөлім
1) Алма
2) Алмұрт
3) Апельсин
4) Анар
5) Асқабақ
6) Алша
7) Жүзім
8) Жер алмұрт
9) Жер жаңғақ
10) Итмұрын
11) Қарақат
12) Қарбыз
13) Қауын
14) Лимон
15) Мандарин
16) Өрік
17) Таңқурай
18) Шие
19) Шабдалы

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.
Жеміс дақылдары- жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін әрі тағамдық өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс дақылы белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б) жартылай бұталар (таңқурай т.б), лиандар (актинидия, жүзім т.б). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке т.б), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген т.б.) шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма т.б.), тропиктік (банан, ананас т.б.) болып бөлінеді. Оңтүстік шығысында Солтүстік, Орталық, Шығыс аймақтарында өсіріледі. Кейбірі жерсіндірілген.
Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 207-дың 30 жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциялары ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу Институтының қарамағына берілді. 1859 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу Институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді. (А.Н.кацейко, М.П.Левина, Виновец А.Д., Нуртазина Н.Ю., Нұртазин М.Т., т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000 мыңнан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г.Карычев, И.П.Савенко), таулы және жерлерді бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С.Голованов), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г.Долгих, Н.П.Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценоздарын құру (Г.П.Адрианова, Е.М.Коваленко), өсімдіктерді аурулардан сақтау, зиянкестерден қорғау (М.М.Исин, Г.Н.Кайырова), егістіктерді суару (А.И.Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Казақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстаннның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.
Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсір) және жидек, шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік т.б. жеміс дақылдарын өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың т.б. маңызы бар.
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы (I, II, V, VI, X том)
2. Р.Мажитова «Жеміс», «Қарбыз».
3. Н.Аюпов «Апорт», «Құлпынай», «Қарақат», «Апельсин», «Алма».
4. Ұ.Бастерова «Жер жаңғақ».
5. Ф.Ахметова «Жер алмұрты».
6. С.Арыстанғалиев «Жиде».
7. К.Аяпов, г.Ілиясова «Алмұрт».
8. Әдебиет Левина М.П., Коцейко А.Н. «Алматинский апорт», Алматы-1997ж.
9. С.Турдиев және Г.Дауылбаева еңбегінен
10. Карпенчук Г.Н., Кәмпитова Г., «Частное плодоводство» Киев-1984г.
11. Драгавцев А.П., Трусевич Г.В., «Южное плодоводство» Москва-1970г.
12. Куреной Н.М., Колтунов В.Ф., Черепахин В.И., «Плодоводство» М.-1985г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Қазақ Мемлекеттік
Қыздар Педагогикалық Университеті

Биология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)

Қабылдаған: Ералиева Жанар
Орындаған: Бисариева Мереке

Алматы, 2010

Жоспар

I. Кіріспе
Жеміс-жидектерге жалпы сипаттамасы.

II. Негізгі бөлім

1) Алма
2) Алмұрт
3) Апельсин
4) Анар
5) Асқабақ
6) Алша
7) Жүзім
8) Жер алмұрт
9) Жер жаңғақ
10) Итмұрын
11) Қарақат
12) Қарбыз
13) Қауын
14) Лимон
15) Мандарин
16) Өрік
17) Таңқурай
18) Шие
19) Шабдалы

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Жеміс дақылдары- жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін әрі
тағамдық өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс
дақылы белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан
мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие,
алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б) жартылай бұталар
(таңқурай т.б), лиандар (актинидия, жүзім т.б). Жемісінің құрылысына және
биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке т.б),
сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы т.б.), жидекті (қара және қызыл
қарақат, таңқурай, бүлдірген т.б.) шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин
т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма т.б.), тропиктік (банан, ананас
т.б.) болып бөлінеді. Оңтүстік шығысында Солтүстік, Орталық, Шығыс
аймақтарында өсіріледі. Кейбірі жерсіндірілген.
Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 207-дың 30 жылдарынан бастап дами
бастады. Аймақтық тәжірибе станциялары ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік
ғылыми-зерттеу Институтының қарамағына берілді. 1859 жылы Қазақ жеміс және
жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу Институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек
дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді. (А.Н.кацейко,
М.П.Левина, Виновец А.Д., Нуртазина Н.Ю., Нұртазин М.Т., т.б.). Орта
Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000 мыңнан астам сортының
коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы
(К.Г.Карычев, И.П.Савенко), таулы және жерлерді бақтарда жеміс өсірудің
қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С.Голованов), ағаш өсімдіктерін
түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г.Долгих, Н.П.Клоконос), жидек дақылдарын
өсіру технологиясы жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ
агроценоздарын құру (Г.П.Адрианова, Е.М.Коваленко), өсімдіктерді аурулардан
сақтау, зиянкестерден қорғау (М.М.Исин, Г.Н.Кайырова), егістіктерді суару
(А.И.Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов)
мәселелері зерттелді. Казақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстаннның әр түрлі
аумақтарында аудандастырылған.
Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсір)
және жидек, шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік т.б. жеміс дақылдарын өсіру
жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан
салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп
келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда
қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің,
жемісті өңдеудің, сақтаудың т.б. маңызы бар.
Жеміс салу мерзімділігі- жеміс ағаштарында генерациялық кезеңдік
болуына байланысты өнімді, аз өнімді және өнімсіз жылдардың алмасып
келуі. Жеміс ағаштары жеміс салу мерзімінің ауысқанда бүршіктер мен
гүлдер температураның төмендігінен түрлі аурулар мен зиянкестердің зақым
келтіруінен, өсімдіктің шамадан тыс өнім беру әсерінен әлсіреп, жаппай
қурау бастайды. Сонымен қатар, жеміс салу мерзімінің ретсіз болуына
ағаштардың генетикалық қасиеті, гүлдер мен түйіндерінің шамадан тыс
шоғырланып орналасуы да әсер етеді. Сондықтан гүлдер мен түйіндерді
химиялық т.б. тәсілдермен сиретіп, өсімдіктің ылғалдылық және қоректік
режимін жақсартатын әдістерді қолдану қажет. Сонда жеміс ағаштарының жыл
сайын бірқалыпты жеміс салуына жағдай туады. Ал, ағаштардың жасы ұлғайған
сайын бұтақтарын кесіп отыру қажет. Бұл өсуді қалпына келтіреді және
генерациялық бүршіктердің шамадан тыс орналасуын азайтады.
Жеміс шірігі- монилиоз жеміс ағаштарының ауруы. Бұл ауруды Monilia
туысына жататын саңырауқұлақтар тудырады. Ауру жемістің солуымен, шіруімен
сипатталады. Жемісте алдымен дөңгелек, қоңырқай сұр дақтар пайда болады.
Жеміс шірігі 1-2 аптаның ішінде бүкіл жемісті қамтиды. Қарайған жемістер
кейде ағаш басында қалып қояды. Ауа-райы ылғалды кезде ауруға шалдыққан
жемісте ауру қоздырғышының мицелиі мен спораларынан тұратын шеңбер бойына
орналасқан сарғыл-күлгін өңез пайда болады. Бұл манилозды шіріктің басқа
жеміс шірігінен айырмашылығы және бұл өрік, шабдалы, шие, алхоры
жемістерінің зиянды аурулары қыста сақтьау кезінде алма мен алмұрт
жемістері пеницилиум саңырауқұлағы қоздыратын ойыс шірікке жиі шалдығады.
Жеміс дәмі бұзылып, жеуге жарамайды. Сонымен қатар, жемістер бактериялар
қоздыратын сулы шірікке шалдығады. Жеміс шіріп, қоймалжың сұйыққа айналады.
Сайда орналасқан тығыз отырғызылған бөрік басы қалың бакша ағаштары ауруға
көп шалдығады. Сондықтан, жеміс ағаштарын мезгілімен кесіп, фунгицидтермен
бүркіп, ауру бұтақтарын алып тастап, жемістерін зақымдамай жинау қажет.

Таңқурай

Таңқурай- раушангүлділер тұқымдасының бір туысы. Биіктігі 1-3 см.,
сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көпжылдық жартылай бұта. Оның
400-ге жуық түрі, 12 түр тармағы бар. Таңқурайдың ағылшын сорты жылына 2
рет (көктемде және күзде) жеміс береді. Оның жер бетіндегі бөлігі екі
жылдық сабақтардан, ал жерасты бөлігі көп жылдық көгентамырлардан және
қосалқы тамырлардан тұрады. Мамыр, Маусым айларында гүлдеп, жеміс беру
мерзімі шілдеде басталып, екі айға созылады. Негізгі өнім 20 күн аралығында
пісіп болады. Гүлдері қос жынысты, өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі тәтті
шырынды, құрама сүйекжеміс, қызыл, сары түсті, диаметрі 2 см., болады.
Таралуы: Қазақстанның көптеген облыстарында таңқурайдың Новость
Кузьмина, Висмуха, Феникс, Барнаулдық, Арай сорттары өсіріледі.
Химиялық құрамы: Жемісінің құрамында қант 5,7-11,5 %, қышқылдар лимон,
алма, салицил 1-2%, С-витамині 9,1-4,4мг % және В витамині мен А
провитамині бар хош иісті.
Қолданылуы: Жемісін піскен кезде жеуге және тосап, шарап, джем т.б.
жасауға пайдаланады.

Итмұрын (Rosa)

Итмұрын (Rosa)- раушангүл тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта
не шырмауық өсімдік. Биіктігі түріне қарай 20 см-ден 7 метрге дейін жетеді.
Сабағы мен бұтақтары тікенекті, қоңырқай қабықты келеді. Күрделі жапырағы
қауырсын тәрізді кезектесіп орналасады. Гүлі ірі, қалқанша не шашақ гүл
шоғырына топталған. Қос жынысты. Тостағанша жапырақшасы бесеу, ақ, қызғылт,
саы түсті болады. Мамырдан Қыркүйекке дейін гүлдейді. Тамыз-Қыркүйекте
жеміс береді. Жемісі- ұсақ, жаңғақша.
Таралуы: Қазақстанда бұталар арасында, орман шеті мен ашық жерлердегі
шабындықтарда өзен-көл маңында, тау беткейлерінде өсетін 21 түрі бар.
Сонымен қатар, үш түрі қолдан өсіріледі.
Өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып,
Қазақстандық Қызыл кітабы-на енгізілген.
Қолданылуы: Итмұрыннан бояғыш, илік заттар, витаминдер алынады, дәрі-
дәрме жасалады. Күлте жапырақшасынан аса бағалы жұпар иісті эфир-раушан
майы алынады. Шикізатты парфюмерияда қолданылады. Сонымен қатар, күлте
жапырақшаларынан тосап, цукат қайнатылады.
Химиялық құрамы: Оның жемісінде аскорбин қышқылы көп.

Мандарин (Citrus reticulata)

Мандарин – руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш.
Биіктігі 2-3 метр, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл.
Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда
жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін
ағаш. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті майда. Қараша,
желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60-80 г., түрі қою сарғыш,
дөңгелектеу. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды.
Таралуы: шыққан жері- Үнді Қытай, қытай, Жапония. Көптеген елдердің
субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Суыққа төзімді,
жапырақтары-6,50С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы
топырақта жақсы өседі.
Химиялық құрамы: Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8-0,9% қышқыл, С
және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде
эфир майы т.б.
Қолданылуы: Мандаринді піскен күйінде жеуге болады және қайнатпа,
шырын, джем дайындайды. Ал халықтық медицинада қан тоқтату үшін және таз
ауруларын алдын алу емдеу үшін пайдаланылады. Мандарин майы косметика
өндірісінде әтір, иіс су жасауда қолданылады.

Жиде (Elacagnus)

Жиде – жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Бұта түрлері
де бар. Бұта лары тікенді, күміс түсті ұзынша, кезек орналасқан жапырақтары
болады. Гүлі қосжынысты. Жазғытұрым гүлдейд. Жиде-шірнелі өсімдік. Жемісі-
жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмысқ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау,
бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді.
Таралуы: Қазақстанның солтүстік облыстарынан басқа жерлерінің
барлығында өседі. Жемісінің барлық түрі- жемдік өсімдіктер.
Химиялық құрамы: Жемісінің шырынында 0,15-0,78% қант, 0,2-0,5% су, ал
қабығының құрамында азғана витаминдер бар. ()
Қолданылуы: Жеміс ретінде жейді, медицинада жемісін қолданады. Шөлді
жерлерді көгалдандыруға, құм тоқтатуға, ағашын, сүрегін құрылысқа және отын
ретінде, құстарға азық ретінде пайдаланады.

Жүзім (Vitis

Жүзім- жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Діңі- шырмауық тәрізді
оралып өсетін, ал бір жылдықтары ұзын (3-5м) жіңішке келеді. Жапырағы
кезектесіп орналасқан. Бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті.
Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен
тозаңданады. Жемісі- жидек. Екпе шыбық отырғызылғаннан кейін 2-3 жылы өнім
салады. Жүзімдіктер 40-50 жылға дейін өмір сүреді.
Таралуы: Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД
елдерінде 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Олар: Інжу саба, мадлен
анжевин, нимранг, Гамбург мускаты және т.б түрлері көп өсіріледі.
Химиялық құрамы: Жидегінің шырын құрамында 65-80% су, фруктоза,
глюкоза 15-35 %, органикалық қышқылдар 4-10%, пектин 0,3-1,2%, минералдық
заттар 0,3-0,6% және С, ,, РР витаминдері, провитамин А (каротин)
бар.
Қолданылуы: Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген
жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке
суы, шарап қышқылдары тб заттар алынады. Піскен жүзім жемісі адамның ас
сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Тұқымын көбейту жаңа сорт
шығару үшін қолданылады. Жидектері кептіріліп мейіз жасалады.

Өрік (Armeniaca)

Өрік- раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы,
жеміс дақылы. Ағаштары өте биік, 8-15 мерт аралығында. Жапырақтары жалпақ,
жоғары жағы түшкірлеу тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді.
Олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті,
түкті, ал сүйегі жылтыр.
Таралуы: Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3-4 жылдан кейін өнім
бере бастайды. 50 жылдан көп өмір сүреді. Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан, Алматы облыстарында өсіріледі. Өрік- жарық, жылу сүйгіш дақыл,
ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі. Ал сазды, тұзды жерлерде өсіруге
жарамсыз келеді.Құрғақшылыққа төзімді.
Химиялық құрамы: Жемісінің құрамында 4-20 % қант, алма, лимон тб
қышқылдары, 10 %-тей коротин, 0,4-1,3 пектин заттары, ал тұқымында 29-58%
май болады.
Қолданылуы: Жемісінің өзін кептірілген және өңделген күйінде (шырын,
тосап) пайдаланады.

Лимон (Citrus limon)

Лимон- руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Биіктігі 3-7
метрге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы ара тісті болып
келеді. Өзіне тән хош иісті, гүлдері (6-8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі,
салмағы 200-400 гр., сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған.
Ішіндегі шырын жемісі 8-10 бөлікке бөлінген. Сыртын жұқа ақ қабық жауып
жатады. 3-4 жылда жеміс береді.
Таралуы: Шыққан жері-Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары.
Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне
жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, елімізде қолдан өсіріледі. Ашық алқапты,
топырағында қар шірігі мол, кәрізделген жерде жақсы өседі. Жылу, жарық,
ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшісі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу
кезінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады.
Химиялық құрамы: Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5-7,2% лимон
қышқылы, 1,9-3% қант, 50-90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы,
кальций, калий тб болады.
Қолданылуы: Тұмау ауруларының алдын-алуға, емдеуге пайдаланады және
құрамында витаминдер көп болғандықтан С витамині жетіспеушілікке, тіс қызыл
иегінің қанауыа, қырқұлақ ауруына қарсы ем реінде қолданады.

Алша (Prunus divaricata)

Алша- раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш не бұта тектес өсімдік.
Биіктігі 1,5-10 метрге дейін болады. Кәдімгі алшаның бүршігі жалаңаш,
майда, ағашқа жеке немесе топталып орналасады. Жемісінің пішіні дөңгелек,
ұзынша келген. Сары қызғылт немесе қара түсті, жұмсағы шырынды, жемісі
сүйекті. 3-4 жылда жеміс салады, өнімділігі жоғары, әр гектардан орта
есеппен 120-200 мың өнім алынады. Алшаның тіршілік ету ұзақтығы 15-60 жыл,
өнімді 5-20 жыл береді. Құрғақшылыққа, қысқа төзімді, топырақ талғамайды.
Ол тұқымынан, қалемшеден, тамыр атпасынан көбейеді.
Таралуы: Балкан, Кавказ, Орта азия, Қырым, Иран және Қазақстанның
Оңтүстік шығыс таулы аймақтарында кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда 2 сорты
өседі.
Химиялық құрамы: Алшаның жемісінің 4-9% қант, органикалық қышқыл 1-4%,
сондай-ақ витаминдер, пектиндер болады.
Қолданылуы: Алшадан көбінесе сусын және мармелад жасалады.

Асқабақ (тыква-Cucurbita)

Асқабақ- асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін
өсімдік. Ірі жемісті. Асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабақты.
Асқабақ түрі- не кәді мен табақша асқабақ (патиссон) жатады. Асқабақ
сабағының ұзындығы- 2-10 м., жұмыр, түкті, бұтақты, жайына өседі. Жапырағы-
ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш
түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалап өседі. Жемісі
ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді.
Ірі жемісті, асқабақтың салмағы 40-50 кг., дейін тартады.
Таралуы: Асқабақ б.з.б. III ғасырда мексикада, Перуде белгілі болған.
Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері,
оның ішінде Волгалық сұр-92, Мозолеевтік-10, Қашғариялық-1644 сорттары
өсіріледі.
Химиялық құрамы: Асқабақ жемісінің құрамында 15-18% құрғақ заттар, 8-
10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиалгин, рибофлавин, т.б. болады.
Дәнінде 20-40% май бар.
Қолданылуы: Жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады. Мал
азықтық түрінен сүрлем дайындалады.

Анар (гранат-Punica)

Анар- анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық
өсімдік. Биіктігі 3-5 м., бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді.
Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта
катар, аралығы 4х2м нмесе 4х3 м., етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін
3-4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (вегетативті)
тәсілмен, ал қолдан өсірілетін сорттары, көбінесе, сүріктелген қосымша
немесе ұластыру арқылы көбейеді. Ағаштары жемісті 30-50 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асханалық жүзім сорттары, сипаттамасы, қолданылуы
Жеміс шаруашылығының маңызы
Йогурт сапасын бағалау және сараптау
Орман шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы ақпарат
Жеміс - жидектердің химиялық құрамы
Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Пациенттерді тамақтандыру жайында
Тағамдық хош иістендіргіштер өндірісі
Пәндер