Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе . . . 2
1-тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
1. 1. Меншікке қарсы қылмыстарға жалпы түсінік . . . 4
1. 2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі . . . 6
1. 3. Талан-тараждың нысандары . . . 8
1. 4. Талан-тараждың түрлері . . . 56
2-тарау. Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
2. 1. Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 59
2. 2. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар . . . 73
Қорытынды . . . 77
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 79
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Осындай басты бағыттардың бірі - меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу.
Қазақстан өзінің 2030 стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттің күшті және әлсіз жақтарын және проблемаларын жасырмастан ашық жария етті.
Оларды шешу үшін ұзақ мерзімді басымдыктар анықталған, оның ішінде гүлденіп даму, қауіпсіздік және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдамасында айтылғандай, барша қоғамның жағдайын жақсарту да бар, ал демократиялық бастамалар мемлекет мақсатына сай позитивті түрде дамуда.
Казақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей корғалады (6-баптын 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .
Әлем кауымдастығы шеңберінде Қазақстанның интеграцияға ұмтылу тенденциясы мен дайындығы әр түрлі аймақтағы мемлекеттер мен ТМД, Европа Қауымдастығы, Орталық Азия, Азия аймақтарынан бастау алуда.
Қазақстанда меншікке қарсы қылмыстарды алдын алу саласындағы проблемаларына назар аударудың объективті себебі жаңадан тәуелсіздігін алған мемлекеттің өзіне тән мемлекеттік атрибуттарын, егемендік (бұның ішінде экономикалық), дербестік қалыптастыруды қамтамасыз ететін әр мемлекеттің өзіне тән салалары мен құрылымдарын талап етуімен түсіндіріледі.
Баршылық білетіндей, КСРО кезіндегі республикалар одағында мемлекеттің элементтері болды, бірак олар декларативтік сипатқа ие еді, жөне бұрынғы КСРО-ның федеративтілігі туралы үлкен шарттылықпен айтуымыз мүмкін.
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап) ; қорқытып алушылық (181-бап) ; автомобильді немесе көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) ; интеллектуалдық меншік кұқықтарын бұзу (184-бап) ; алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмсн табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап) ; жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) жатады.
1-тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
1. 1. Меншікке қарсы қылмыстарға жалпы түсінік
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінін, 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары аркылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз калауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету женіндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі ез өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған баска да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (АК 188-бабының 3-тармағы) .
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құкықтық нормамен, сондай-ак, меншік құқығына қоғамға кауіпті іс-әрекет арқылы киянат жасалғанда қылмыстық құкық нормасы аркылы да қорғалады.
Қылмыстық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына карамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тен қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және колданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке онын. нысандарьша қарамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысқа қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдык қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы занда көрсетілген үш элементтен: құқыкка қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстык құқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан түрады.
Қарақшылық (179-бап), қоркытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де кәлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына карамастан-ақ аяқталған деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлының тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-баптың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап) ; алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзғаны (184-бап), жай автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (186-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 1-тармағы) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап) ; қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке карай бірнеше түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстін. Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік әдістің орын алғанына немесе жок болуына байланысты пайдакүнемдік иемесе пайдакүнемдік емес болып болінеді. Өз келісімінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке карсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі томқа болінеді:
талан-таражға - ұрлық, (175-бап) ; тонау (178-бап) ; қарақшылық (179-бап) ; алаяқтық (177-бап) ; сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176-бап) жатады.
Меншікке карсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін касақана жою исмесе бүлдіру (187-бап) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) құрамдары жатады.
1. 2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінін, немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамьп. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінде арнайы көрсетілген.
Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.
Талан-тараждың топтық, объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік, жеке, коғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.
Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы кағаздар жатады.
Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.
Талан-тараждың объективтік жағының белгілеріне: 1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлының өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (327-бап) немесе баска қылмыс құрамын құрайды.
Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы құнын телеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жата-ды. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы - меншік иесіне немесе езге де заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен есептелінеді. Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде: Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның карамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсак-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кінәлы адам заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады", - делінген. Осыған орай заңмен белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан іс-әрекеттер ғана меншік нысандарына жататын қылмыс болып табылады.
Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы іс-әрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.
Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлының тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады.
Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы - іс-әрекетті талан-таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол бермейді.
Талан-тараждың субъектісі - 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырау ету аркылы талан-таражға салудың субъектісі болып 16-ға толған арқаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленегісі, ысырап еткен) адам танылады.
Қылмыстық заңға бөтеннің меншігіне қылмысты түрде қол сүгу үшін жауаптылық, меншік қатынастарына кол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке-нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш колданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттің коғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда талан-тараждың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әркайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы езіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да талан-тараждың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
1. 3. Талан-тараждың нысандары
Ұрлық (175-бап) . Ұрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.
Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады.
Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі - объективтік және субъективтік белгілер бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы - объективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамнын мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі субъективтік белгіге, яғни кінәлынын, бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді.
Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті онын, пәтеріндегі заттарын алу, жәбірленушіге сездірмей оның қалтасына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамның немесе өте жастығына, психикалық аурулығына, басқадай аурулық жағдайларына байланысты олардың заттарын алу ұрлық, болып табылады. Егер мұндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бұл әрекеттерді көріп қалып, ол жағдайды кінәлы адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан әрі жалғастырса, онда оның әрекеті тонауға, ал қылмысты әрекетті кінәлы адам күш қолданумен немесе қолданбақшы болып жалғастырса қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін.
Ұрлық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз, тегін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін біледі және сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілейді. Қылмыс пайдакүнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі болып - 14-ке толған адамдар танылады.
Қылмыстық, заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетілген.
Олар мыналар: ;
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) Тұрғын, қы зметтік иемссе ендірістік үй-жайға, коймаға заңсыз кірумсн жасалған үрлык, - ауырлататын, ал мынадайы:
а) ұйымдасқан топ;
б) ірі молшерде;
н) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық - өте ауырлататын ұрлық құрамдары болып табылады.
Осы қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан екі немесе одан да көп адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала ұрлықты сөз байласып жасау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық деп (175-бап-тың 2-тармағының "а" тармақшасы) танылады.
Бірнеше рет жасалған ұрлық. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарды, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады. Бұрын істеген қылмысының аяқталғаны немесе қылмысқа даярланғандығы, оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез келген рөлді атқаруға бірлесіп қатысуы да қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созылмалы, жалғасқан қылмыстар бірнеше рет жасалған қылмыс деп саналмайды.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.
Тұрғын жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уақытша түруына арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған (қойма, балкон, әйнектелген дәліз) құрылыстарды айтамыз. Адам түруға арналмаған құрылыстар Тұрғын жай деп танылмайды) Мысалы: шаруашылық қоймалары, мал қамайтын сарай, погреб және т. б. ) . Қызметтік немесе өндірістік үй-жай дегеніміз адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады. Бұған жататындар: зауыт, цех, корабль, сақтық кассалары, мүражай, байланыс бөлімшесі, магазин, театр, оқу орындары, спорт құрылыстары және т. б.
Қоймаға - тұрақты немесе уакытша материалдық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе қоршалмаған күзетпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы (сейф, вагон, кассалық аппараттар, контейнер) сияқты объектілер жатады.
Көрсетілген объектілерге заңсыз кіру деп Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатымен кіруді айтамыз. Бұл жерде бөтеннің мүлкін ұрлау мақсаты көрсетілген объектілерге заңсыз кірудің итермелеуші күші болуы керек. Тұрғын, кызметтік немесе өндірістік үй-жайға, коймаға өзінің қызмет бабына немесе атқаратын жұмысына, сол объектілерге яки біржолғы кіруге заңды негізі болуына байланысты кіріп, ұрлық жасау заңсыз кіру ретінде саналмайды.
Ұрлықтың аса ауырлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық болып табылады.
Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған ұрлық деп танылады (ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі "Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы" №9 қаулысында "Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан түратын тұрақты топ жатады, сонымен бірге олар қылмыс істеуге жоғарғы деңгейдегі ұйымшылдығымен, мұкият дайындығымен, қатысушылардың езара рөлдерден бөлісуімен айрықшаланады" деп көрсетілген. Ұйымдасқан топ болып ұрлық жасағандардың әрекеті топқа кіргендердің атқарған рөлдеріне карамастан, қылмыстың қоса орындаушылары болып танылып, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31 -бабына сілтеме жасалмастан, тікелей Қылмыстық кодекстін 175-бабы 3-тармағының "а" тармақшасымен сараланады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларының жинағы. Бірінші том. Алматы, "Санат"баспасы. 1997, 72-бет.
Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - ірі мөлшердегі ұрлық болып табылады. Ірі мөлшердегі ұрлықтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 2-тармағында арнайы берілген. Осыған орай осы 6-тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі №9 қаулысына сәйкес "Қылмыс объектісі болған мүліктің құны, иесінің оны қандай жағдайда сатып алғандығы ескеріліп, қылмыс жасаған сәттегі мемлекеттік болшек, нарықтық немесе комиссиялық бағамен анықталуы тиіс. Бағалы болмаған жағдайда мүліктің құны сарапшы жасаған қорытынды негізінде анықталады. Ұрлықтан келген зиянның орнын толтыру кезіндегі оның мөлшері сот шешім кабылдаган сәттегі бағамен анықталады"
Жиынтығында ірі мөлшерді құрайтын бірнеше рет жасалған ұрлық Қылмыстық, кодекстің 175-бабы 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша сараланады.
Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық, болып табылады.
Осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Кодекстің баскд баптарында ұрлық немесе коркытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстің 175-181, 248, 255, 260-бап-тарында кезделген бір немесе бірнеше қылмыс үшін сотталған адам танылады (Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 4-тармағы) .
Меншік құқығында ұйымга тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заң-дарында белгіленген он еселенген айлық есептік кәрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.
1. Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі - ұрлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz