ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Кіріспе
I. Стратегиялық жоспар . 2020: жаһандық үрдістер
Әлемдік экономикадағы үрдістер
Қыр көрсетулер мен мүмкіндіктер
II. Стратегиялық жоспар . 2010: негізгі нәтижелер
Жетістіктер
Өзектілігі сақталып отырған қыр көрсетулер
III. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары
Қазақстан 2020 жылы
Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің тұрақты тұғыры: түйінді бес бағыт
Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық
Бизнес ортаны жақсарту
Қаржы секторын нығайту
Сенімді құқықтық орта қалыптастыру
Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету
Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру
Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару
Тиімсіз жобаларға қарсы іс.қимыл
Ұлттық инновациялық жүйені құру
Табысты индустрияландыру принциптері
Әртараптандырудың басымдықтары
Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі
Мұнайды қайта өңдеу және мұнай.газ саласының инфрақұрылымы
Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру
Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі
Атом энергетикасы және балама энергия көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту
Көлік және телекоммуникациялар
Түйінді бағыт: болашаққа салынған инвестициялар
Білім
Денсаулық сақтау
Еңбек ресурстары
Түйінді бағыт : азаматтар үшін қызмет көрсету
Халықты әлеуметтік қорғау
Тұрғын үй.коммуналдық шаруашылық
Түйінді бағыт: ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті,
халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ішкі тұрақтылықты қолдау
Ұлттық қауіпсіздік.
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат
IV. Стратегиялық жоспар . 2020 іске асырудың негізі: нәтижелі мемлекеттік сектор
Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
Мемлекеттік қызметті кәсiбилендiру
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару
Мемлекеттік сектордың реформаларын басқару
V. Стратегиялық жоспар . 2020 іске асыру мониторингі және бағалау
Мониторинг және бағалау жүйесі
Азаматтарды тарту
Мониторинг үшін статистикалық дерек қор құру
Қорытынды

1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын (бұдан әрі – «Қазақстан – 2030» стратегиясы) белгіленді. Бұл Стратегия егеменді елімізді әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен iшкi жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар – 2010) «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар – 2020) Қазақстанның 2010 жылдан 2019 жылдар кезеңін қамтитын даму бағдарламасының төмендегідей кезеңі берілген.
Стратегиялық жоспар – 2010 іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар – 2020 әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.
Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсері ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады.
Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базасын нығайтуға негізделеді.
Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 54
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ДАМУ ЖОСПАРЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
I. Стратегиялық жоспар – 2020: жаһандық үрдістер 5
Әлемдік экономикадағы үрдістер 5
Қыр көрсетулер мен мүмкіндіктер 6
II. Стратегиялық жоспар – 2010: негізгі нәтижелер 7
Жетістіктер 7
Өзектілігі сақталып отырған қыр көрсетулер 8
III. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары 8
Қазақстан 2020 жылы 8
Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің тұрақты 9
тұғыры: түйінді бес бағыт
Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық 10
Бизнес ортаны жақсарту 11
Қаржы секторын нығайту 12
Сенімді құқықтық орта қалыптастыру 14
Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету 18
Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру 19
Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару 19
Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл 19
Ұлттық инновациялық жүйені құру 19
Табысты индустрияландыру принциптері 20
Әртараптандырудың басымдықтары 20
Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу 23
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі 23
Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы 23
Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру 24
Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі 24
Атом энергетикасы және балама энергия көздерін қоса алғанда, 25
энергетиканы дамыту
Көлік және телекоммуникациялар 26
Түйінді бағыт: болашаққа салынған инвестициялар 30
Білім 31
Денсаулық сақтау 34
Еңбек ресурстары 37
Түйінді бағыт : азаматтар үшін қызмет көрсету 38
Халықты әлеуметтік қорғау 38
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 40
Түйінді бағыт: ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, 42
халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ішкі тұрақтылықты қолдау 42
Ұлттық қауіпсіздік. 44
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат 45
IV. Стратегиялық жоспар – 2020 іске асырудың негізі: нәтижелі 47
мемлекеттік сектор
Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау 47
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру 48
Мемлекеттік қызметті кәсiбилендiру 48
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару 49
Мемлекеттік сектордың реформаларын басқару 50
V. Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру мониторингі және бағалау 50
Мониторинг және бағалау жүйесі 51
Азаматтарды тарту 51
Мониторинг үшін статистикалық дерек қор құру 51
Қорытынды 52
Кіріспе
1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясын (бұдан әрі – Қазақстан – 2030 стратегиясы) белгіленді. Бұл
Стратегия егеменді елімізді әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық
орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне
айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.
Қазақстан – 2030 стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық
айқындалған: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның
топтасуы; шетел инвестициялары мен iшкi жинақталымдардың деңгейі жоғары
ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары;
инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет.
Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-
қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
(бұдан әрі – Стратегиялық жоспар – 2010) Қазақстан – 2030 стратегиясын
іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму
жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар – 2020) Қазақстанның
2010 жылдан 2019 жылдар кезеңін қамтитын даму бағдарламасының
төмендегідей кезеңі берілген.
Стратегиялық жоспар – 2010 іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай
және Стратегиялық жоспар – 2020 әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары
елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр
жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.
Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік
қаржы-экономикалық дағдарыстың әсері ұлттық экономиканың әлемдік немесе
өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарына төтеп беруін арттыруға
бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші
кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің
қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға
шоғырландырылады.
Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды
дамытуға және институционалдық базасын нығайтуға негізделеді.
Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат
мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында
сақталатын болады.
Әртараптандырылған экономиканың негізінде ел азаматтарының әл-ауқатын
арттыру Стратегиялық жоспар – 2020-ны іске асырудың басты жетістігі болады.
Стратегиялық жоспар – 2020: жаһандық үрдістер
Әлемдік экономикадағы үрдістер
Стратегиялық жоспар – 2010 әзірленіп жатқан кезеңде әлемнің көптеген
елдері өздерінің экономикалық даму шыңында еді. Стратегиялық жоспар – 2020-
ға дайындық түбегейлі басқа – жаһандық экономикалық құлдырау – жағдайларда
жүзеге асырылды.
2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар
нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс бүгінде
барлық мемлекеттерді қамтыды. 2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің
өсу қарқыны 50 пайыздық тармаққа азайды: жылына 20%-дық жылдық өсімнен 30%-
дық төмендеуге дейін.
Жаһандық экономиканың дамуын бағалау, оны қалпына келтіру баяу жүреді
дегенге саяды. Әлемдік сұраныстың азаюына орай экспорттық нарықтағы
бәсекелестік күшейе түседі, ал тауарлардың бағасы тұралайтын болады немесе
өткен онжылдыққа қарағанда ақырын өсетін болады.
Жаһандық экономиканың болжанып отырған шамалы өсімі мен экологиялық
таза энергетикалық технологиялар рөлінің өсуі дәстүрлі энергия
тасығыштардың әлемдік бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Таяу онжылдықта азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік қоғамдастықтың үнемі
назар аударатын саласы болады. Жаһандық рецессия азық-түлік бағасының 2007
– 2008 жылдардағы жоғары деңгейімен салыстырғанда төмендеуіне алып келді.
Сонымен қатар көптеген елдерде адам саны өсуінің жалғасуы және әлемдік
экономиканың қалпына келуі азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне алып
келеді деп болжанып отыр. Жер ресурстарына бай, халқы көп елдердің ортасына
тұрған Қазақстан азық-түлікке өсіп отырған әлемдік сұраныстың
қанағаттандыруға ықпал ету үшін отандық ауыл шаруашылығын дамытуды
ынталандыруы тиіс.
Жақын болашақта денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемалар күшейе
түспек, өйткені түрлі елдердің адамдары арасындағы байланыс барынша
қарқындап барады. Осының нәтижесінде түрлі аурулардың Қазақстанның аумағына
тарап кету қатерлері арта түседі. Барлық елдер үшін АҚТҚЖҚТБ әлі де
айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Адамдардың денсаулығы үшін жаңа АH1N1
вирусы қауіпті болып тұр.
Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара байланыстың
жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін көрсетті. Дамыған
елдердегі қаржы және экономикалық проблемалардың әлемдегі ахуалға әсер
етуінің нәтижелері еркін нарықтың артықшылықтары мен ашықтығының
кемшіліктері және құндылықтары туралы кезекті дау туғызып отыр. Жеке
елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру процестеріне
ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі үлгілеріне
ұмтылыстарын күшейіп отрығандығымен есептеспеуге болмайды.
Күтіліп отырған жаһандық жылыну нәтижесінде климаттың өзгеру
проблемаларымен және атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын бақылау
қажеттілігімен қатар, Қазақстанның өңірлік проблемаларды шешуге қатысуына
тура келеді. Мәселен, Орталық Азия және Батыс Қытайдың ірі өзендер
ресурстарын пайдаланатын елдерде экономикалық белсенділік пен халық санының
өсуі жалғасатындықтан, ал климаттың өзгеруі судың қол жетімділігі мен
сапасына қосымша келеңсіз ықпал ететіндіктен суды пайдалану мәселелері
өткірлене түседі. Көші-қон, халықтың жұмыспен қамтылуы, сауда және қаржы
қатынастары сияқты басқа өңірлік мәселелердің де өзектілігі күшейетін
болады.
Қыр көрсетулер мен мүмкіндіктер
Өткен онжылдық ішінде Қазақстан экономикасы әртараптандырылған,
қауіпсіздік пен демократия жағдайында өмір сүретін, өзінің табиғи
ресурстарын барлық азаматтарының игілігі үшін пайдаланатын, халқы білімді
әрі денсаулығы мықты елдің болашақта дамуы үшін негіз жасауды бастады.
Бұған мұнай және басқа да минералдық ресурстарға баға қарқынды өсіп отырған
жағдайда экспорттың ұлғаюынан түскен едәуір табыс ықпал етті. Мұндай жағдай
таяудағы онжылдықта елдің одан әрі дамуына кепілдік бола алмайды.
Ағымдағы әлемдік дағдарыс жағдайында жаһандық экономиканың болашақтағы
дамуы айқын емес әрі оны болжау мүмкін емес деген қорытынды барлық елдер
үшін маңызды болып табылады. Бұл фактіні одан әрі экономикалық дамуды
жоспарлау кезінде ескеру қажет.
Әлемнің жетекші экономикалары аса күрделі бәсекелес жағдайларда жұмыс
істеп, жұмыс күшінің өнімділігін өсіруді арттыру, инфрақұрылымға және
телекоммуникацияларға инвестиция салу, қаржы жүйелерін нығайту, мемлекеттік
басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай
жасау арқылы келесі экономикалық айналымға дайындалу жөніндегі алдын-алу
шараларын қабылдайтын болады. Дәл осындай міндеттер Қазақстан үшін
Қазақстан-2030 стратегиясында берілген стратегиялық тұрақтылар болып
табылады. Келесі онжылдық бойы Қазақстанда осы міндеттерге қол жеткізу
жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақстан ірі көмірсутек шикізатын өндірушілердің бірі болып қала
береді. Сонымен бірге республика энергетиканы технологиялық жаңғыртуды және
энергия үнемдеуді дамытуды жеделдетіп жаһандық жылыну проблемаларын шешуге
қатысады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елдің ауыл
шаруашылығы, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу одан әрі дамитын
болады. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі аурулардың жаңа түрлеріне
қарсы тұруға қабілетті болады. Инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаны
қорғау міндеттері ескеріле отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
саясатын қалыптастыру есебінен елдің табиғи ресурстарын, әсіресе су
ресурстарын пайдалану тиімділігі өседі.
Қазақстан тұрақты саяси ортаға, айтарлықтай экономикалық және адами
капиталға, бай табиғи ресурстарға, негізгі өндірістік инфрақұрылымға,
тұрақты қаржы жүйесіне ие бола отырып ағымдағы әлемдік экономикалық
дағдарыстан туындаған қыр көрсетулерді теңгерімді әрі орнықты дамуға қол
жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алады.
Ауқымды жоспарларды іске асыру бюджеттік шектеулердің күшейтілуімен
соқтығысатындығын ескере отырып мемлекет инвестициялар кірістілігінің
жоғары деңгейі мен қабылданып отырған бағдарламалар тиімділігінің артуы
қамтамасыз етілетін болады.
Стратегиялық жоспар – 2010: негізгі нәтижелер
Стратегиялық жоспар – 2010 өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік,
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік сектор сияқты
әрбір басым сала бойынша күтілетін нәтижелерді айқындау жолымен Қазақстан
– 2030 стратегиясын іске асыру негізін салды.
Стратегиялық жоспар – 2010 бәсекеге қабілетті экономика құру,
өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, сондай-ақ әлеуметтік
саладағы, бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау саласындағы
қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттерді белгіледі.
Өкілеттіктерді орталықсыздандыруға екпін сала отырып, мемлекет қызметінің
тиімділігін арттыру мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы әкімшілендіру де
өткен онжылдық кезеңдегі маңызды стратегиялық басымдық болды. Осы
міндеттердің кейбірі орындалды немесе орындалуға жақын, алайда өктем
талаптардың бір бөлігі келесі онжылдықта да өзекті болып қалады.
Жетістіктер
2000 және 2009 жылдар аралығында Қазақстан Стратегиялық жоспар – 2010
белгіленген кейбір түйінді салаларда айтарлықтай прогреске қол жеткізді.
ЖІӨ өсуі жыл сайын орташа 8,5 %-ке жетіп, 2008 жылы өзінің алғашқы мәнінен
2,3 есе асты. 2007 жылы өнеркәсіп өндірісі екі еселеу (нақты өсім –
78 %) жөніндегі онжылдық кезеңнің мақсаттарына жетті, ауыл
шаруашылығы өндірісі 1,44 есе өсті, ол 2000 жылға қарағанда 1,5 есеге
өсудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізді деп айтуға болады. Экономиканы
жедел әртараптандыру үшін берік негіз салынды. Даму институттары құрылып
сәтті жұмыс істеуде, қажетті заңнама дайындалды.
Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау
салаларында айтарлықтай өзгерістер жасалды: туберкулез ауру 30 %-ке
төмендеді, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту ұлғайды; денсаулық
сақтау мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымы едәуір жаңарды. Ауылдық елді-
мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ұлғайды. Табысы ең төменгі күн
көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8 %-тен 2008 жылғы 12,7
%-ке дейін қысқарды. Өмірдің күтілетін ұзақтығы 65-тен 68 жылға
дейін өсті. Мемлекеттік секторда маңызды реформалар басталды. Бұл
жетістіктер Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру үшін тұрақты негіз салды.
Өзектілігі сақталып отырған қыр көрсетулер
Стратегиялық жоспар – 2010 іске асыру кезеңінде көптеген басым салалар
бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізілгеніне қарамастан, реформалаудың
күн тәртібінің көптеген тармақтары аяқталмай қалып отыр. Бәсекеге қабілетті
әрі әртараптандырылған экономиканы дамыту бағдарламасы одан әрі
жалғастыруды талап етеді. Білім беру және денсаулық сақтау қызметтерін
көрсету сапасы әлі де жақсартуды талап етеді. Стратегиялық жоспар – 2010
іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектордағы реформалар әлі де
аяқталмай қалып отыр. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы
өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуы, мемлекеттік қызметтегі ынталандыру
жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларды
әкімшілендіру тиімділігін арттыру – осы мәселелердің бәрі Стратегиялық
жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде одан әрі шешуді талап етеді.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары
Қазақстан 2020 жылы
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан неғұрлым күшті және бәсекеге
қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа
экономикаға тартылған елге айналады.
2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторына
едәуір шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал
қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіреді.
Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайын болады. Қазақстан
шекаралас елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және
экономикалық байланыстарын нығайтады.
2020 жылға қарай республикада әртараптандырылған экономиканы дамыту
үшін қажетті адами ресурстарға, отандық кәсіпкерлер мен эспорттаушыларға
қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылым
мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту арқылы өзге әлеммен үзіліссіз
байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл
шаруашылығы мен қызмет көрсету саласы тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты
орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде алғанда
2009 жылғы деңгейінің[1]. үштен бірінен жоғары өсімге қол жеткізеді.
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды табысты іске асырған
жағдайда экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері
2020 жылға қарай өңдеуші салаларының өсу көрсеткіштерінен жоғары
немесе соған тең болады.
Салмақты макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай
алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің
жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік және корпоративтік секторларының
қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан төмен болмайды. Ұлттық
қордың активтері ЖІӨ-нің кемінде 30 %-ін құрайды. Осы кезеңде инфляция
орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде ұсталып тұрады. Айырбас бағам
саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге
қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың
үлесі 8 %-ке төмендейді Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері,
әйелдер, балалар мен жастар өздеріне барынша қорғалғанын сезінеді және
өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады. Балабақшадан
университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қол жетімді болады,
халық денсаулығының жағдайы айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау
қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша
салауатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра
пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында
мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңееді. Әртүрлі
этникалық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік,
бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруін жалғастыратын болады.
Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің тұрақты
тұғыры: түйінді бес бағыт
Таяу онжылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі басымдықтар
болады:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы
әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз
ету;
3) болашаққа салынған инвестициялар – тұрақты экономикалық өсуге
қол жеткізу, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқаты үшін
адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй - коммуналдық
қызметтермен қамтамасыз ету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Экономиканы қалпына келтіруге дайындық процесінде Қазақстан оның
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп
іске асыруы керек. Бірінші түйінді бағыт – дағдарыстан кейінгі дамуға
дайындық – бірінші онжылдық кезеңінде нәтиже беретін шараларды қамтиды. Бұл
қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені
жетілдіру.
Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі
индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту
нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал
ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті,
шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік
береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі
әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін
энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын
айқындайтын негізгі факторлар болып табылады. Адами капитал – бұл
инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы
күші. Үшінші бағыт – болашаққа салынған инвестициялар – Қазақстанның адами
ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды
қамтитын болады.
Төртінші түйінді бағыт шеңберінде – азаматтар үшін қызмет көрсету –
халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тиімді
көрсету жөніндегі шаралар күшейетін болады.
Бесінші түйінді бағыт шеңберінде – ұлтаралық келісім, қауіпсіздік,
халықаралық қатынастардың тұрақтылығы – ішкі тұрақтылықты, қауіпсіздікті,
бейбітшілік пен келісімді нығайту, бейбіт сүйгіш сыртқы саясатты дамыту
жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі бес түйінді бағытының негізі ұтымды
макроэкономикалық саясат болып табылады. Экономиканы қалпына келтіру және
әртараптандыру, экономиканың қызып кетуін болдырмау үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында экономиканың өсуі кезеңінде мемлекеттің
шығыстарын азайтуды және оларды экономикалық құлдырау кезеңінде ұлғайтуды
көздейтін антициклдық фискалдық саясат іске асырылатын болады. Бұл ретте
келесі онжылдық кезеңнің соңына қарай бюджеттің мұнай емес тапшылығы ЖІӨ-ге
3 % аспайды. Ақша-кредит саясаты инфляцияны тежеу жөніндегі шаралардың
тиімділігін арттырады. Айырбас валюта бағамының саясаты қазақстандық
экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді
қамтамасыз етуге бағытталады.
Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық
Жаһандық қалпына келу басталған кезде Қазақстандағы іскерлік ахуал
елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізін қамтамасыз етеді. Ол экономиканы
жеделдетіп әртараптандыру және отандық бизнесті дамыту үшін ауқымды
инвестицияларды тартуға ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Орнықты
қаржы жүйесі және сенімді құқықтық орта да кәсіпкерлікті дамытуда сыни рөл
атқарады.
Бизнес ортаны жақсарту
Стратегиялық жоспар-2020 іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет
отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық инвесторлар үшін де бизнес
жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды.
Әкімшілік рәсімдердің шеңберін белгілеп, оларды жүзеге асырудың ашықтығын
арттыра отырып мемлекет Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды
аспектілеріне әсер ететін төрешілдікті және сыбайлас жемқорлықты азайтуға
ұмтылатын болады.
Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық және
қарай шетелдік инвестициялар (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ке ұлғаяды
ЖІӨ-ге тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі он
проценттік деңгейге ұлғаяды
ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10 %-ке
ұлғаяды
инвестиция көздері әртараптандырылады (әрбірінің үлесі 5 %
және одан көп болатын негізгі 10 инвестор ел)
Қазақстан Дүниежүзілік Банктің Бизнес жүргізудегі жеңілдік
(Doing Business) рейтингі бойынша көрсеткіштері ең жақсы 50
елдің қатарына енеді
Қазақстан Transparency International рейтингінде сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі бойынша үштен бір елдер
қатарында
2015 жылға Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің Бизнес жүргізудегі
қарай жеңілдік (Doing Business) рейтингі бойынша көрсеткіштері
2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарды
уақыт пен шығындарды қосқа алғанда, бизнесті тіркеуге және
жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу;
лицензия алу; сертификат алу; аккредитация; консультация алу)
2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ке қысқарады
2011 жылға жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау үшін
қарай реттеушілік әсер етуді талдау әдістемесі (РӘТ) әзірленетін
болады
Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің Бизнес жүргізудегі
жеңілдік (Doing Business) рейтингі бойынша көрсеткіштері
2008 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады
Еуропа қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік Банктің
Іскерлік ахуалға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне
шолудағы (BEEPS) бизнес ортаның даму көрсеткіштері жақсарады

30%-ке қысқарады
Қаржы секторын нығайту
Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық
дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды:
қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық, қаржылық және валюталық
тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға
және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс;
халықаралық капитал нарықтарына қол жетімділік банк секторының және
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты
басқаруды талап етеді;
ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты, ашық және тиімді
реттелетін болуы тиіс қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау
сақталады, алайда, бірте-бірте жеке бастамаларға орын бере отырып, тікелей
мемлекеттің қатысуы азаяды.
Отандық қаржы жүйесін одан әрі реттеу барынша толық және қаржы
секторының макроэкономикалық байланыстарын жан-жақты ескеретін болады.
Белсенді экономикалық өсу кезеңінде пруденциалдық нормативтер құлдырау
жағдайында жинақталған потенциалды пайдалану үшін күшейтілетін болады.
Жалпы алғанда қаржы секторының дамуы елдің үдемелі индустриялық-
инновациялық дамуы үшін қаржы ресурстарын тартуға бағдарланады.
Қор жасаудың ішкі көздері халықтың және отандық кәсіпорындардың бос
ресурстары есебінен көбейеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері
ретінде ресурстарды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы нығайтылатын
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығы
артады.
Елдің қаржы секторына деген сенімділікті қалпына келтіру және ол
көрсететін қызметтер спектрін кеңейту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілетін
болады. Қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау тетіктерін кеңейтуге, қаржы ұйымдарында ішкі
бақылаудың тиімді жүйесі мен тәуекел-менеджментті енгізуге, сондай-ақ
олардың қызметінің ашықтығын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Ішкі ресурстардың өсу шамасына қарай жобалық инвестициялау құралдарын
қоса алғанда қаржы құралдарының кең ауқымы бар қор нарығы одан әрі дамиды.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және исламдық қаржыландыру қор нарығын
дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Осыған сондай-ақ құнды қағаздардың
барабар айналыс көлемдерін қамтамасыз ететін мемлекеттік құнды қағаздар
нарығының одан әрі дамуы ықпал етеді.
Қазақстанның толық бағалы қор нарығын қалыптастыру және оның
халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуы шеңберінде Алматы қаласының
аймақтық қаржы орталығы одан әрі дамитын болады. Стратегиялық перспективада
мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Алматы қаласының бәсекеге
қабілетті қаржы орталығын дамыту және оның Азиядағы он жетекші қаржы
орталығының қатарына кіруі үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Жалпы алғанда, елдің қаржы секторын дамыту Қазақстан Республикасының
қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге мақұлданған
тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қаржы секторын дамыту жөніндегі
стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қаржы ұйымдарының институционалдық базасы ұлғайды және
қарай олардың инвестициялық мүмкіндіктері артты
банк секторының сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның
міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30 %-тен аспайды
қаржы нарығы қызметтердің кең спектрін ұсынады және
инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында
сенімі бар
отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен
Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік
орталығына айналады
2015 жылға халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін
қарай жағдайлар жасалды
халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін
жоғарылату жөніндегі іс-шаралар сәтті іске асырылды
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен
маңыздылығын жоғарылату жөніндегі шаралар кешенінің іске
асырылуы қамтамасыз етілді
Сенімді құқықтық орта қалыптастыру
Сенімді құқықтық ортаға заңның үстемдік принципінің сөзсіз сақталуы
арқылы қол жеткізіледі және ол азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің
өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына деген сенімділікті,
бизнес жүргізу кезінде өз қауіпсіздігін сезіну, төмен транзакциялық
шығындардың төмен болуын қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы инвестицияларды
ынталандырады.
Ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту және оны үздік халықаралық практикаға
сәйкес келтіру, сондай-ақ адам, кәсіпкерлік пен мемлекет құқықтарының
сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында келесі салалардағы реформаларға
екпін жасалады:
сот жүйесінің ашықтығын және тәуелсіздігін, сот корпусының
бейтараптығы мен кәсібилігін арттыру;
заңнаманы жетілдіру және норма шығару сапасын арттыру;
халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін, оның ішінде сот және құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін арттыру және
азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Отандық құқықтық жүйені жаңғыртудың концептуалдық ұстанымдары және оны
2020 дейінгі дамуының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2010
жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында
айқындалған.
Сот жүйесі
Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот
төрелігін атқаруға азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың
кәсібилігі мен бейтараптығы, сот ісін жүргізуді оңайлату және тым артық
регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осының нәтижесінде
қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіп, соттардың жұмыс
істеу тиімділігі артады.
Сот төрелігін атқару кезінде сот сатылап құрылуының барлық
деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдастырушылық-
құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.
Сот жүйесін реформалаудың
стратегиялық мақсаттары
2020 жылға Қазақстан Республикасының соттардың тәуелсіздігі көрсеткіші
қарай бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге
қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі орны жиырма
позицияға жақсарады.
сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы
қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының
міндеттемелеріне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп
танылған
2015 жылға тергеу іс-қимылдарын соттық бақылау кеңейді
қарай
2013 жылға жүгіну субъектілері істерінің қол жетімдігіне, қарапайым әрі
қарай жедел шешілуіне кепілдік беретін сот жүйесі құрылды
сот қараудың толықтай жариялылығы мен ашықтығы, оның ішінде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жария дерек қорында
соттардың қорытынды іс жүргізу шешімдерінің қарар бөлігін
орналастыру жолымен қамтамасыз етілді
отандық сот жүйесінің халықаралық төрелік жүйесімен
ықпалдасуының жоғарғы дәрежесі қамтамасыз етілді
2012 жылға судьяларға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және
қарай судьяларға үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің
транспаренттілігі (ашықтығы) артты
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып сот
процесіне қатысушылар мен кәсіпқой заңгерлер арасында
жүргізілетін, алынған нәтижелердің жариялануын және соттар
мен судьялардың рейтингілерін құруды көздейтін мерзімді
әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды барабар қамтуы
қамтамасыз етілді
2011 жылға соттардың мамандануы олардың өкілеттіктері нақты ажыратыла
қарай отырып кеңейтілді, оңайлатылған іс жүргізу институттары
дамуда
жеке меншік сот орындаушылар институтын енгізе отырып сот
шешімдерін орындаудың аралас моделі енгізілді
Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру
Мыналар заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің негізгі бағыттары
болады:
Қазақстанның заңнамалық базасының тұрақтылығы мен қол жетімділігін
қамтамасыз ету, оның сапасын арттыру және ескірген және қайталама
нормаларды алып тастау, құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою және сілтеме
нормаларды азайту, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын
кеңейту арқылы жүйелеу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кеңірек тәуелсіз
сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, осы
саладағы алдыңғы білімдерді пайдалана отырып салалық ғылыми сараптамаларды
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма шығару
процесіндегі кәсібилікті күшейту.
Заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің
стратегиялық мақсаттары
2020 жылға нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың
қарай халықаралық стандарттарына және оларды барлық тараптардың
мүдделерін теңдестіріп ескеруге мүмкіндік беретін жария түрде
талқылау рәсімдеріне негізделген заң шығарудың тиімді
тетіктері енгізілді
2012 жылға электрондық үкімет инфрақұрылымы шеңберінде және
қарай мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын
ескеріп, нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген әрі
түпкілікті деректер базасына жалпыға бірдей тегін қол жеткізу
қамтамасыз етілді
тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін
кеңірек тарту, осы саладағы алдыңғы білімдерді пайдалана
отырып салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма шығару
сапасын арттыру жөніндегі тетіктер енгізілді
қылмыстық заңнаманы, оның ішінде кiшiгiрiм және орта
ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған тұлғаларға және
әлеуметтік осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ кішігірім
ауырлықтағы қылмыстарға жататын құқық бұзушылықтарды оларды
әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласына
өткізу жолымен қылмыстық сипаттан арылту арқылы қылмыстық
заңнаманы кешенді ізгілендіру жүргізілді
заңды тұлғалардың банкроттық тетіктері жетілдірілді
2011 жылға ескірген және қайталама нормаларды алып тастауға, сондай-ақ
қарай құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік беретін
нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі
енгізіледі
Қазақстанда мүдделік қолдау институтының жұмыс істеуі үшін
құқықтық негіз жасалды, корпоративтік мүдделерді
ілгерілетудің сыбайлас жемқорлық схемасын жоятын тетіктер
регламенттелді
контрактация тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын
(рейтингтік агенттіктерді, кредиттік бюроларды) және
корпоративтік дауларды оңайлатылған шешу институттарын
(аралық соттарды, коллекторлық агенттіктерді) одан әрі
дамыту тұжырымдамасы әзірленді
Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қол
жетімділігі
Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын
қамтамасыз етеді және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның ішінде
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін
қалыптастырады.
Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің
негізгі күш-жігері құқықтық насихаттауды (қоғамдық заң білімін жандандыру)
кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға
бағытталады.
Қазақстандық қоғамының жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру
шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдарының
қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы
кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне
қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың
білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі
стратегиялық мақсаттар
2020 жылға Қазақстанның әрбір азаматы үшін мүліктік жағдайына қарамастан
қарай білікті заң көмегін беру тетіктерін жетілдіру есебінен
білікті заң көмегіне нақты қол жетімділігі қамтамасыз етілді
кәсіби заңгерлер мен адвокаттардың біліктілігі жоғары
қызметтері нарығы құрылды
2013 жылға Қазақстан Республикасы азаматтарының білікті заң көмегін алу
қарай тетіктерін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді
2012 жылға халықтың құқықтық мәдениетін арттыру шеңберінде азаматтық
қарай қоғам институттарын орнықты дамуы үшін қажетті құқықтық база
қалыптасты
Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетін, оның ішінде
құқықтық насихаттауды кеңейту және заң білімінің сапасын
арттыру арқылы арттыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді
Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету
Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде үдемелі
индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру жеделдетіледі.
Экономиканың өнімділігін кешенді арттыруға бағытталған елді
индустрияландыру келесі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:
кейіннен шикізат өндірістерін барынша жоғары қайта бөлістерге өтуімен
дәстүрлі салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия кешенін, атом
және химиялық өнеркәсіптерді дамыту;
жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің
сұранысына негізделген секторларды: машина жасауды, құрылыс индустриясын,
қорғаныс өнеркәсібін, фармацевтиканы дамыту;
шикізат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа
бағытталған өндірістерді: агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті,
туризмді дамыту;
әлемдік экономикада кейінгі 15-20 жылда басым рөл атқаратын болашақ
экономика секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды,
биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.
Қазақстанды индустрияландыру қолайлы экономикалық ортаны
қалыптастырумен және табысты индустрияландыру принциптерін сақтаумен бірге
жүреді.
Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру
Қолайлы экономикалық ортаға ұтымды макроэкономикалық саясатпен,
тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл жүйесін құрумен, ұлттық инновациялық
жүйені қалыптастырумен, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-
конструкторлық жобалар (ҒЗТКЖ) жүйесін жетілдірумен қолдау жасалады.
Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару
Қазақстан шикізат ресурстарын ірі экспорттаушы ретінде шикізатты
экспорттаудан түсетін қаржыны пайдалану мен экономиканың барлық салаларында
дамуға ықпал ететін макроэкономикалық жағдайларды жасау арасындағы
теңгерімді қамтамасыз етеді.
Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез жұмсау валютаның айырбас
бағамын жоғарылатады және экономиканың саудаласпайтын салаларын (қаржы
секторы, жылжымайтын мүлікпен операциялар және қызмет көрсету саласы)
дамытуға жетелейді. Қазақстанда валюталық бағамды бақылаудың жоғалуынан өз
кезінде жанданған агроөнеркәсіптік кешеннің және өндеуші өнеркәсіптің іс
жүзінде жоғалуына тап болған ресурстарға бай басқа елдердің тәжірибесі
ескеріледі.
Осыны ескере отырып оның сақтандырушы қызметінің күшейтілуімен
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қолдану тұжырымдамасы жетілдірілетін
болады.
Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл
Экономиканы әртараптандыруды жеделдету үдерісінде мемлекет тиімсіз
жобалардың іске асырылуына қарсы тұрады. Әртараптандыруды Мемлекеттік
қаржыны жұмсау үдерісінің ашықтығы артады. Мемлекеттік қаржыны алатын
барлық жобалар үшін қаржылық және экономикалық рентабельдiлiк стандарттары
енгізіледі. Шет елдердің оң тәжірибесін ескере отырып мемлекет
қаржыландыратын инвестициялық жобаларды бағалау күшейтіледі.
Ұлттық инновациялық жүйені құру
Шетелдік тәжірибені талдау әлемнің барлық үздік инновациялық жүйелері
көп жағдайда елеулі мемлекеттік қолдауға ие болатындығын айғақтайды.
Экономиканы әртараптандыру шеңберінде мемлекет ұлттық инновациялық
жүйенің қалыптасуын келесі принциптерде қамтамасыз етеді:
1) әлемдік деңгейдегі университеттер құру және ҒЗТКЖ-ның озық жүйесін
қалыптастыру үшін университеттік ғылымды одан әрі дамыту;
2) гранттар жүйесі негізінде мемлекет үшін басым ҒЗТКЖ қаржыландыру.
ҒЗТКЖ басымдықтарын елдің индустрияландыру басымдықтарына сәйкес Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия
анықтайды;
3) шетел мамандарын қоса алғанда, сарапшыларды тарта отырып,
гранттарға өтінімдерді бағалаудың транспаренттік үдерісін енгізу;
4) ұлттық қажеттіліктерге бейімделген тиімді шетелдік технологияларды
қолдану.
Табысты индустрияландыру принциптері
Қазақстанды индустрияландыру келесі принциптерге негізделеді:
1) мемлекеттік және жеке меншік секторлардың рөлдерін нақты анықтау;
2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын
барынша арттыру;
3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызметтердің өнімділігі өсуінің,
олардың құнын төмендетудің жетекші факторы ретінде бәсекелестікті
қамтамасыз ету.
Елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен жылжытудың сенімді жүйесін
қалыптастыру, отандық тауарлар мен қызметтер үшін сыртқы нарықтарға қол
жетімділігін жасау және жосықсыз бәсекелестікті жою мақсатында тиімді сауда
саясаты жүргізіледі.
Өзара сауданы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру
мен инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы
ықпалдасу үдерістерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден
одағының қалыптасуы мен дамуы серпінді жоба болады. Үш елдің ықпалдасуының
келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық
кеңістікті қалыптастыру болады.
ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, республика
Дүниежүзілік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына жауап
беретін шарттарда кіру үдерістерін жеделдетеді.
Әртараптандырудың басымдықтары
Бірінші сатыда (2010 – 2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелі
әртараптандыру, бірінші кезекте, жеті бағыт бойынша іске асырылады. Бұл –
агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу; құрылыс
индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнайды қайта өндеу және
мұнай-газ саласының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін
өндіру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік
және телекоммуникациялар.
Осы бағыттар, сондай-ақ туризм индустриясы және машина жасау Қазақстан
Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-
инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары болады.
Екінші сатыда (2015 – 2019 жылдар) әртараптандырудың басым бағыттары
мен түйінді көрсеткіштері Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға
арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру нәтижелерін ескере отырып анықталатын болады.
Экономиканы жемісті әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен,
соның ішінде:
жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы
технологияларды енгізу. Жел энергетикасының, күн және геотермалдық
энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын
бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді
пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен
қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;
инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік
ауыртпалықтардың келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың
қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту,
қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып орнықты дамуды
басқару жүйесін оңтайландыру және көмірлілігі төмен экономиканың жасыл
саясатын енгізу жолымен үздіксіз байланысты.
Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық
ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар
жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі
жоспарлармен үйлестіріледі.
Қазақстанның елордасы – Астананың одан әрі дамуына ерекше мән
берілетін болады. Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі
бекітілген стратегиялық жоспарына сәйкес басты мақсаты Қазақстанның
астанасын бәсекеге қабілетті экономикасы, ел азаматтары мен туристер үшін
тартымды, қолайлы қоршаған ортасы бар қала ретінде қалыптастыру болып
табылады. Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде Астана қаласының
2030 жылға қарай әлемнің ең бәсекеге қабілетті отыз қаласының қатарына кіру
үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Елдің басқа аймақтарын дамыту жөніндегі, олардың экономикалық әлеуетін
нығайтуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары
2020 жылға ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде
қарай 13 %-ті құрайды
жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі
кемінде 45 %-ті құрайды
шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық
өндірісінің кемінде 50 %-ін құрайды
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге
ұлғаяды
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде
4 есеге ұлғаяды
шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік
шығыстардың үлесі кемінде 15%-ке қысқарады
ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25 %-ке азаяды
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20 %-ке дейін
ұлғаяды
2015 жылға ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде
қарай 12,5 %-ті құрайды

кемінде 40 %-ды құрайды

өндірісінің кемінде 43 %-ін құрайды
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге

2 есеге ұлғаяды

шығыстардың үлесі кемінде 8 %-ке қысқарады
ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 10 %-ке азаяды
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ке дейін
ұлғаяды
Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту
жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының
өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегі қосылған құнды
ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді
пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының
ықтимал салдарларына бейімделу шаралары іске асырылады.
Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ті тұратындығын ескере
отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын
арттырудың шешуші факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың
әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық
орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар
2015 жылға экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық
қарай әлеуеті 8 %-ке дейін ұлғаяды
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге
ұлғаяды
етті қайта өңдеу 27 %-ке дейін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz