Құқық қорғау қызметі



І. КІРІСПЕ
Құқық қорғау органдарының жүйесінің негізі ретіндегі функциоларының бөлінуі
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан Республикасының Сот төрелігі
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің органдары
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
5. Адвокаттар алқасы, олардың органдары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатн бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға Қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дурыс қолдану жағдайларын қамтамасыз сту жөнінде занға және белгіленген рөсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Қүқық қорғау қызметіне тон белгілер;
Құқық қорғау міндетінің болуы;
Құқық қатынастарының субъсктілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;
Заңмен қатаң түрде регламенттеу;
Белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Белгілерін негізгі ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті-еліміздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргүзу, сондықтан оның
құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.
1. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері Алматы 2007
2. Ғайрат Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра» Алматы 1998
3. . Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
4. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
5. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
6. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
7. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ
Құқық қорғау органдарының жүйесінің негізі ретіндегі функциоларының
бөлінуі
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан Республикасының Сот төрелігі
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің органдары
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
5. Адвокаттар алқасы, олардың органдары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе.
Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ.
Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес
сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатн бұл ұғым әдетте қылмыстарға және
өзге де құқық бұзушылықтарға Қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар
үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен
мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық
нормаларды сақтау және дурыс қолдану жағдайларын қамтамасыз сту жөнінде
занға және белгіленген рөсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы
қызмет деп сипаттауға болады.
Қүқық қорғау қызметіне тон белгілер;
Құқық қорғау міндетінің болуы;
Құқық қатынастарының субъсктілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық
шараларын қолдану;
Заңмен қатаң түрде регламенттеу;
Белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Белгілерін негізгі ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет
түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық Барлау қызметінің
негізгі міндеті-еліміздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргүзу,
сондықтан оның
құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері болғанымен де, ол құқық қорғау
органы емес.
Құқық қорғау қызметінің мақсаты-құқық пен міндетті қорғау олардың
қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың
сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған
соң, оның негізгі бағыттары :
1. конституциялық бақылау;
2. сот төрелігі;

3. прокурорлық қадағалау;
4 . әділет органдарының қызметі;
5. қылмыстық қудалау ;
6 . адвокатура органдарынң қызметі болып бөлінеді.
Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы
Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді және өзге де
нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып
табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық
мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді,
көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты
мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы , алдын ала тергеу органдарының
қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана
қисынды аяқталады. Лауазыңды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне
сотқа шағым беріліп , дау айтылуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны ,
өйткені ол Республика аумағында заңдардың , Қазақстан Республикасы
Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл
әрі бірыңғай қолданылуына,жедел-іздестіру қызметінің,анықтау мен алдын-ала
тергеудің,әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде
қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарының қзметін,сөз жоқ,құққ қорғау қызметіне жатқызу
керек,өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін
сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, қылмыстық істер жөніндегі сот
шешімдерін орындау мәселелерін шеше отырып , сот төрелігі міндеттерін іске
асыруға тікелей жәрдемдеседі.Олардың жекелеген қызметтері бөлімшелері
азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен айналысады.
Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері-
қылмыстарға қарсы күреске бағытталған.Ол қылмыстарды табу мен ашу,оларды
жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту
жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді.
Адвокатураның қызметі көмек сұраған адамдар мен ұйымдарды білікті заң
көмегін көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиіс,ондай
көмек мысалы,сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардың мүдделерін
білдіру,негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т.б арқылы көрінуі
мүмкін.
Жалпы алғанда,құқық қорғау органдары ауқымының,олардың құзыреті мен
міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн.Уақыт пен тәжірибе өз
түзетулерін енгізіп отырады.

Қазақстан Республикасының Сот төрелігі
Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге
асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау
бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын
ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық
қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге
асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің
тұтастай алғанда жүрегі.[1]
Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын,
заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот
шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша
шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға
міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе
істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін
міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға
жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі
келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды
қолдануға әкеледі. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес сот
үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісіно рындамау айыппұл салуға не
қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қамауға алуға әкеп соқтырды.
Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы
түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы
жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган –
сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа
органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі
функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот
жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында
белгіленген.
Аталған айырмашылық белгілерді ескере отырып, сот төрелігін соттың сот
шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін
қамтамасыз ететін заңның талаптары мен онымен белгіленген тәртібін
бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен
белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін
жүзеге асыру ретінде айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағына
сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде төмендегі негізгі
принциптерді басшылыққа алуы тиіс:
1. кінәсіз деп жорамалдау;
2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға
болмайтындығы;
3. заңда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;
4. әркімнің өз сөзін тыңдатуға құқылығы;
5. жауапкершілікті күшейтуге және жауапкершілікті жеңілдетуге жол
берілмейтіндігі;
6. айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7. ешкім өзіне-өзі, туыстары мен жақын адамдарына қарсы айғақ беруге
міндетті еместігі. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға
қарсы куәгер болуға міндетті емес.
8. адамның кінәлі екендігі жөнінде кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылатындағы;
9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтындығы. Ешкім
өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиіс емес;
10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында сот билігін тікелей жүзеге асыру
төменде қаралатын басты принциптерге негізделеді.
Заңдылықтың сақталуы. Заңдылық мемлекет пен құқықтың жалпыға бірдей
принцип болып табылады, ол жас, егемен Қазақстан үшін толық дәрежеде сотты
ұйымдастыру мен оның қызметіне де қолданылады.Заңдылық принципі
демократияның аса маңызды элементі болып табылады. Бұл екі ұғым бір-бірімен
мейлінше өзара байланысты, өзара тәуелді: елде демократиясыз заңдылықтың
болуы мүмкін емес, керісінше, мемлекетте заңдылық сақталмай демократияның
болуы да мүмкін емес. Құқықтық мемлекеттің сот төрелігінде заңдылықтың
сақталуы принципі заңдылықтың аса маңызды талаптарының сот қызметіне
қолданылуын көздейді. Заңдылықтың демократиялық саяси биліктер және басқа
жағдайларда көрінетін негізгі қысқаша нақтыланған түрі В.Н. Кудряцевтің
пікірі бойынша төмендегідей:
- құқықтың жалпыға ортақтығы, яғни заңның араласу қажетін барлық қоғамдық
қатынастар билеп-төстеу жолымен емес, заңмен реттелетіндей заңдылық қажет;
- Конституция мен заңның басымдығы;
- барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі;
- құқықтарды жүзеге асыратын арнаулы және заңдық механизмдердің болуы(
міндеттерді қатаң сақтау мен орындау; субьективтік құқықтарды пайдалану
үшін кедергісіз мүмкіндіктердің болуы);
- құқықты кепілді, сапалы қолдану,құқық бұзушылыққа қарсы белсенді және
батыл күрес жүргізу, заңды бұзғандардың бәрінің заң алдындағы сөзсіз
жауаптылығы;
- құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, баяндылығы, құқықтық реттеудің барлық
тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі.
Осы талаптар заңдылықты қалыптастырады; бұл талаптардың жиынтық
сипаттама болуы қоғам өмірінен билеп төсеудің, жеке өктемдіктің,
бақылаусыздықтың жойылуына жағдай жасайды және түпкі нәтижесінде заң
нормаларында көзделгеннің бәрі нақты іске асады, адамдардың – қоғамдық
қатынас қатысушыларының іс жүзіндегі мінез-құлқынан көрініс тауып, бұл
қатынастардың шын мәніндегі заңдылығы қатаң құқық тәртібіне айналу үшін
оларды заңдылық мұраттарына сәйкес келтіруді көздейді.
Біздігі соттардың, шын мәнінде құқықтын туындайтын өзіне тән,
қалыптасқан міндеті бар, яғни заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайда
жеке қаулы шығарады. Статистика көрсетіп отырғанындай, 1998 жылы
республиканың сот органдарына түскен қылмыстық істердің жалпы саны азайып,
тиісінше осы істерге қатысты сот төрелігі шығапған шешімдердің қатесі
едәуір көбейген.
Жалпы өкілетті соттардың қарауына жататын қылмыстық істер бойынша
заң бұзушылықтардың аса көптігі Қазақстан Республикасында сот төрелігін
жүзеге асыруға қиындық келтіріп отыр. Мұндай заң бұзушылықтар алдын-ала
тергеу органдарында да және алдын ала анықтаудың әртүрлі сатысындағы
прокурорлардың арасында да орын алуда. Іс жұргізуде заңдылықтың бұзылуы
мынадай жағдайларға: қылмыстық іс жүргізу мерзіміне, қорғалу құқығын
қамтамасыз етуге, дәлелдемелердә бағалауға, сараптама тағайындауға,
танушыларды тартуға, куәлердің іспен танысуына, алдын ала тергеу мен
анықтаудың толықтығына, прокурор енгізетін іс жүргізу құжаттарының сапасына
және іс бойынша қорытындысына, істің нәтижесіне мүдделік танытуға, алдын
ала анықтау сатысында істің тоқталуының заңдылығына қатысты
адамдарды(күділіктерді, куәларды) қабылдау-тарату орындарында ұстауға және
т.б. байланысты орын алады. Осы айтылған заңдылықты бұзу деректері бойынша
судьялар жеке ұйғарулар(қаулылар) шығарады. Заңдылық сақшыларының
өздерінің қызмет бабына деген жауапкершілігі әзірге жоғары деңгейде емес.
Аудандық(қалалық) соттар сан жағынан ең көп қаулыны (2398) Қазақстан
Республикасы Ішкі Істер министрлігі қызметкерлері атына, тиісінше,
прокарктура органдарына – 948, Ұлттық қауіпсіздік комитеті(ҰҚК)
департаменттеріне – 62 жеке қаулы шығарған.
Жеке қаулыларды шығаруға себепші болған заңдылықтың бұзылу көріністері
егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде заңдылықтың сақталуына тиісті
ықпал етпей отыр.
Ал мамандар мойындап отырғандай, жеке қаулыларды тиісінше орындау
туралы мәселе әлі де болсын сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ең осал
буындарының бірі ретінде қалып отыр.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек Конституция мен заңға
бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарттары, іс бойынша шындыққа
қол жеткізудің аса маңызды кепілдіктері болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігі судьялар сот процесінің барлық
сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тәуелсіз болатындай етіп
құрылады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне:
- сот шешімі, үкімі, ұйғаруы,қаулысы;
- апелляциялық іс жүргізу;
- қадағалау ісі жатады.
Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы ықпал
етулерде тәуелсіз, дәлелдермен және істің бүкіл материалдарымен мұқият
танысып, зерттейді, сонан соң өзінің іштей берік сенім негізінде
конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды. Бірде-бір
істі қалай шешу туралы нұсқау беруге хақысы жоқ.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот органдарының ешқандай
иерархиялығына жол берілмейтінін атап көрсеткен жөн: бірінші сатыдағы сот
тек қана заңға бағына отырып, нақты іс бойынша үкім шығару жөнінде жоғары
тұрған сотқа тәуелсіз.
Қазақстан Республикасында соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету
жағдайы қандай жолдармен жасалады?
Тәуелсіздік мынындай жолмен:
- заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен;
- сотта құрметтемегені үшін жауапкершілікпен;
- судьялардың сайлаудың, тағайындаудың, өкілеттіктерін тоқтату мен
кідіртілуінің белгіленген тәртібі тәртібімен, судьялардың орнынан түсу
құқығымен;
- судьялардың, олардың мәртебесіне сәйкес, мемлекет есебенін материалдық
және әлеуметтік қамсыздандырылуымен қамтамасыз етіледі.
Бұл айтылғандарға істі жан-жақты, толық және обьективті қарауға
кедергі жасау немесе заңсыз шешім шығарылуына қол жеткізу мақсатында қандай
да бір нысанда судьяға ықпал ету қылмыстық жауапқа тартуға әкеп
соқтыратынын қосу керек.
Судьялар өндірісте жатқан іс жөнінде ешкімнің де алдында есеп
беруге міндетті емес. Соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешкім де
соттан істі талап ете алмайды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана
қадағалау тәртібімен наразылық білдіруге заңмен өкілеттілік берілген
адамдардың істі талап етуіне хақысы бар.
Қазақстан Республикасында белгілі бір ұлтқа жататындағына, діни
ұйымға мүшелегіне немесе мүліктік жағдайына байланысты ешкімге сот
төрелігін жүзеге асырудан бас тартылмайды.

2.Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Құқық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып
табылады.Прокурорлық қызметті жүзеге асыратын орган прокуратура болып
табылады.
Конституцияға және Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
туралы1995 жлғы 21желтоқсандағы заң күші бар Жарлққа сәйкес,Республика
Прокуратурасы:
1) Республика аумағында заңдардың,Президент Жарлықтарының және өзге де
нормативтік-құқықтық актілердің және бірізділікпен қолданылуына, жедел
іздестіру қызметінің,анықтау мен тергеудің,әкімшілік және атқарушылық
іс жүррізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жузеге асырады;
2) Сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3) Қылмыстық қудалауды іске асырады;
Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып
есептеледі.Прокурорлық
қадағалау деген ұғымды заңдардың дәл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды
дер кезінде анықтап,кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа
тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну
керек.
Прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуротура қызметін
ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.
Оларға мыналар жатады:
Прокуратурадағы тұтастық,орталықтану және дара басқару.Оның
органдарының бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға
бағындырыған,біртұтастықты білдіреді,мемлекет атынан әрекет етеді және
бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары,
міндеттері,қадағалау нысандары мен әдістері бар.
Мемлекеттік органдардан,лауазымды адамдардан,саяси партиялардан және
қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік.Тәуелсіздік бәрінен бұрын
прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен,оның
материалдық-технникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен
қаржыландырумен,оның органдары мен лауазымды адамдарын толық
саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі.Сонымен бірге тәуелсіздік
бақылаусыздық деген ұғымды білдірмейді.Бас прокурор Президент алдында кем
деген де әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады.Прокурордың әрекеттері
мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін.
Прокуратура органдарның қызметіне араласуға тиым салынады.
Прокурордың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тиым салынады
және қылмыстық,әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.
Прокуратура органдары жүйесінің ұйымдық құрылымы аумақтық-аймақтық
принцип бойынша түзілген.Әрбір әкімшілік аумақтық бөліністе прокуратураның
ауданнан бастап барлық тиісті тармақтары бар.Бұған қоса мамандандырылған
прокуратуралар болады-көлік,табиғат қорғау,арнайы объектілер
прокуратуралары.Олар аудандық прокуратураларын құқықтарына орай әрекет
етеді және өз қызметтеріне тиісті облыстық прокурорға бағынады.
Мамандандырылған прокуратураларға сондай-ақ түзілісі армияда
қабылданған ұйымдар құрылымына сәйкес келетін әскери прокуратуралар да
жатады.
Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган-Бас пркуратура.Оны
Парламент Сенатының келісімімен бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын
Бас Прокурор басқарады.
2. Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен,Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы Заң
күші бар Жарлығымен және оларға қайшы келмуйтін өзге де нормативтік
актілермен реттеледі.Соларға сәйкес ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп
сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі,адамның және азаматтың
құқұғына,қоғам мүдесін және мемлекетке қылмыстық және өзге де заңға қарсы
қастандықтың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі атқарушы және өкімдік
функцияларды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының негізі міндеттемелеріне мыналар жатады:
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі;
Қылмыстық және өзге де құқық бұзудың алдын алу,айғақтау,жолын кесу;
Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын алу тергеу жүргізуді
жүзеге асыру;
Әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;
Кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық бұзуын айғақтау
және болдырмау;
Жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау жасау;
Төлқұжат және визалық жұмыстарды іске асыру, шетел азаматтарының
және азаттыығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына
бақылау жасау;
Заң белгілеген басқа да міндеттер.

3.Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің органдары
Ішкі істер органдарының қызметі жалпы құқыққорғау кызметіне тән
мынадай принциптерге құрылған:
Заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялылық, басқа
құқыққорғау органдарымен өзара қарым қатынас, ұйымдармен және азаматтармен
бірлесіп қызмет істеу.
Ішкі істер органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының ішкі
істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер және өзге де
құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың және республика астанасының ішкі істер
басқармалары,көліктегі, қалалық, аудандық, поселкелік, жол ішкі істер
органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Құқық қорғау органдарының қызметі
Құқық қорғау органдарының түсінігі
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Әділет органдары
Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН РЕФОРМАЛАР
Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар
Құқық қорғау идеологиясы
Пәндер