Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!



1. АДАСҚАН АЙ АТТАРЫ
2. ЖЫЛ БАСЫ ЖАЛҒЫЗ!
3. НАУРЫЗ АЙ АТЫ ЕМЕС ЕКЕН
4. ЖҰМБАҒЫН АШПАҒАН ЖҮЙЕ
Қазақтың өзінің жыл қайыру, ай-күн санау жүйесі бар. Қазіргі қолданыстағы күнтізбелердің талайынан артық. Сан ғасырдың тезінен өтіп, бек жетілген һәм қазақтың тұрмысы мен жер ыңғайына бейімделген ғажап жүйе! Осыны айдың-күннің аманында ұмыта бастадық. Ұлттық күнтізбенің бертін заманда – 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін халқымыздың күнделікті тұрмысында қолданылып келгені туралы деректер жеткілікті. Қазіргі кезде Айдың тоғысы мен амалын есептеп, ауа райын күнілгері білген былай тұрсын, «ұзын сары» мен «бес қонақтың» қашан келетінін біле бермейтін, білгеніміз елең қылмайтын болдық. Сөз реті келіп тұрғанда айта кетелік, Ай тоғысын қазақтың шаруашылық күнтізбесі десек, қателеспейміз. Ал жылды, адамның жасын есептейтін жүйе жадымыздан өшуге жақын. Сонда төл күнтізбемізден ғасырға да жетпей ажырап қалғанымыз қалай?


1. АДАСҚАН АЙ АТТАРЫ

Көне ай-күн санау жүйелерінің қайсысын қарасаңыз да, жылды қыстың қаһары қайтып, жаздан хабар жеткен мезгілден бастап есептейтінін оп-оңай аңғарасыз. Бергі замандарды алсақ, ағылшындардың өзі ХVIII ғасырға дейін 26 наурызды жаңа жыл ретінде тойлап келген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Месопотамияда өмір сүрген шумерлер алғашқылардың бірі болып бір жылды жаз бен қысқа (эмеш, энтен) және 12 айға бөліп есептей бастапты. Олардың көктемнің келуінен хабар беретін айды жыл басы деп есептегені – даусыз дерек. Одан берідегі Рим империясында да жыл көктемнен, нақты айтқанда, наурыз айынан басталыпты. Қазірге дейін қолданылып жүрген ай атаулары – осыған айғақ. Мәселен, июль дейтін ай бар. Бұрынғы аты – квинтилис (quinque), латыншадан аударғанда, бесінші деген мағына береді, яғни бесінші ай (кейінірек бұл Рим императоры Юлий Цезарь туған ай болғандықтан, соның құрметіне июль атанып кеткен). Сол секілді сентябрь (septem – жеті) – жетінші, октябрь (octo – сегіз) – сегізінші, ноябрь (novem – тоғыз) – тоғызыншы, декабрь (decem – он) оныншы ай болып есептелген. Бұл жүйені біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы Юлий Цезарь өзгертіп, жаңа күнтізбе бойынша 1 қаңтарды жыл басы етіп жариялайды. Юлийдің атымен аталған бұл күнтізбе кең таралды. Көршілес Ресейде де қолданылды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақтың өзінің жыл қайыру, ай-күн санау жүйесі бар. Қазіргі қолданыстағы
күнтізбелердің талайынан артық. Сан ғасырдың тезінен өтіп, бек жетілген һәм
қазақтың тұрмысы мен жер ыңғайына бейімделген ғажап жүйе! Осыны айдың-
күннің аманында ұмыта бастадық. Ұлттық күнтізбенің бертін заманда – 1917
жылғы Қазан төңкерісіне дейін халқымыздың күнделікті тұрмысында қолданылып
келгені туралы деректер жеткілікті. Қазіргі кезде Айдың тоғысы мен амалын
есептеп, ауа райын күнілгері білген былай тұрсын, ұзын сары мен бес
қонақтың қашан келетінін біле бермейтін, білгеніміз елең қылмайтын болдық.
Сөз реті келіп тұрғанда айта кетелік, Ай тоғысын қазақтың шаруашылық
күнтізбесі десек, қателеспейміз. Ал жылды, адамның жасын есептейтін жүйе
жадымыздан өшуге жақын. Сонда төл күнтізбемізден ғасырға да жетпей ажырап
қалғанымыз қалай?

1. АДАСҚАН АЙ АТТАРЫ

Көне ай-күн санау жүйелерінің қайсысын қарасаңыз да, жылды қыстың қаһары
қайтып, жаздан хабар жеткен мезгілден бастап есептейтінін оп-оңай
аңғарасыз. Бергі замандарды алсақ, ағылшындардың өзі ХVIII ғасырға дейін 26
наурызды жаңа жыл ретінде тойлап келген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ
мыңжылдықтарда Месопотамияда өмір сүрген шумерлер алғашқылардың бірі болып
бір жылды жаз бен қысқа (эмеш, энтен) және 12 айға бөліп есептей бастапты.
Олардың көктемнің келуінен хабар беретін айды жыл басы деп есептегені –
даусыз дерек. Одан берідегі Рим империясында да жыл көктемнен, нақты
айтқанда, наурыз айынан басталыпты. Қазірге дейін қолданылып жүрген ай
атаулары – осыған айғақ. Мәселен, июль дейтін ай бар. Бұрынғы аты –
квинтилис (quinque), латыншадан аударғанда, бесінші деген мағына береді,
яғни бесінші ай (кейінірек бұл Рим императоры Юлий Цезарь туған ай
болғандықтан, соның құрметіне июль атанып кеткен). Сол секілді сентябрь
(septem – жеті) – жетінші, октябрь (octo – сегіз) – сегізінші, ноябрь
(novem – тоғыз) – тоғызыншы, декабрь (decem – он) оныншы ай болып
есептелген. Бұл жүйені біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы Юлий Цезарь
өзгертіп, жаңа күнтізбе бойынша 1 қаңтарды жыл басы етіп жариялайды.
Юлийдің атымен аталған бұл күнтізбе кең таралды. Көршілес Ресейде де
қолданылды.

2. ЖЫЛ БАСЫ ЖАЛҒЫЗ!

Қазіргі күні әлем жұртшылығының басым бөлігі қолданатын григориан
күнтізбесі 1582 жылы қабылданды (Рим папасы грегори ХІІІ (лат. Gregorius)
енгізген).

Бір қызығы, бұл күнтізбені де атақты астроном әрі математик Алогий Лилио
күн мен түннің теңелетін уағы – 21 наурызға сүйене отырып жасапты.

Яғни күн мен түн теңелген шақ – григориан күнтізбесінің де ЖАЛҒЫЗ КІЛТІ!
Тек жыл басы 1 қаңтар күйінде қала берген. Римдіктер үшін оны өзгертудің
қиын болғаны анық. Өйткені бұл күн Янус құдайдың (барлық істің басы)
құрметіне арналған еді. Ол халық жиналысы сайлаған елшілердің өз қызметіне
кіріскен күні болатын, істің сәтін салсын деп, Янус құдайға көрсетілген
құрмет болса керек. Басқа ешқандай себеп жоқ. Түйіп айтқанда, табиғи жыл
басы жалғыз! Ол – Ұлыстың ұлы күні. Тек оны әр халық әртүрлі кезеңде атап
өтіп жүр.

Ал жыл басының наурыздан басталуы тарихи тұрғыдан да, табиғи есеппен де
әбден негізді. Бір мысал келтірелік: қыс айларына қазір желтоқсанды,
қаңтарды, ақпанды (31 күн + 31 күн + 28 күн = 90 күнқыс) жатқызамыз. Яғни
бір қыстың өзі екі жылға бөлініп жатыр. Ретсіз. Енді байырғы қазақша санап
көріңіз: желтоқсан (немесе желді), қаңтар, ақпан (үт) – әрқайсысы 30
күннен, барлығы 90 күн және барлық ай бір, яғни бір мезгіл тұтасымен бір
жылдың еншісінде тұр. Қандай қолайлы десеңізші!

Григориан күнтізбесі ең дәл жасалған күн санау жүйесі де емес. Мұндағы
уақыт қателігін 3 333 жыл жинағанда, тропикалық жылдан 1 күнге кем болып
шығады. Бұдан әлдеқайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛЛАҺУ ӘКБАР айту мәні
Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни
Ислам дінінің негіздері
Ислам діні және мәдени өрлеу
Ұлтымыздың болашағы - діни бірлігімізде
Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері туралы
Намаздың маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін дамыту
Рухани мұраларда аят, хадистерді қолдану тәсілдері
Сайлаушылардың сайлау алдындағы көңіл күйлері
Пәндер