Әлемдік философиялық ілім
I КІРІСПЕ
1.1.Араб шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси.құқықтық ойлар
1.2.XI ғасырдан бастап мұсылман елдерінде бірнеше құқықтық мектептер пайда болды
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Рим өркениетінің саяси.құқықтық ілімі
2.2.Архангел Михаил шіркеуі
2.3.Шығыстағы саяси.құқықтық ойлар
2.4.Үндістандағы саяси.құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың жандүниесін жаралап, көңіліне түрлі шек, шүбәлі ой қалдырды. Метафизикалық әлемді мойындамай бар
нәрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге негізделген материалистік көзқарастың әсерінен көптеген ақиқат күмәнға айналды. Дінге қарсы ашық дұшпандық – діннен бейхабар жандардың санасын улау мақсатында қасақана
түрлі күмәнді сауалдар мен сұрақтарды тудырды. Әйтпесе, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін жандардың Оның (с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар болуын әрі оның астарына үңілмей жатып, бірден нәпсіқұмарлыққа жору-
ын басқаша түсіну әсте мүмкін емес? Сондай-ақ, кітаптағы «Жаратушыны не үшін көзбен көре алмаймыз?», «Алла Тағала адамдарды не үшін бай-
кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?», «Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайты- нын ескертуде?», «Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?», «Доңыз еті неліктен харам?» секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет бұрып жатқан кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи сауалдары. Өйткені адам ақылы діни үкімдердің хикметі мен мәнісін түсінуге әрдайым ұмтылып, жан дүниесі жаратылыстың жаАдам баласы өзінің таза жүрегіне, бұзылмаған ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның әу бастан Ұлы Ал-
ланы қабылдауға және құдайлық дінге деген бейімділігін аңғарады. Иә, адам баласы жан дүниесіне көз жүгірткен уақытта ар-ожданы мен жүрегінің әрдайым бастауы әрі соңы жоқ мәңгі Ұлы Алламен терең байланыста екенін
сезеді. Ар-ожданының, ішкі дүниесінің тек мәңгі Ұлы Жаратушымен ғана жай тауып, тынышталатынын, Одан басқа еш нәрсенің оны қанағаттандыра алмайтындығын түсінеді. Өйткені көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасында әр түрлі ғажайып істердің атқарылып жатқанын сезген таза жүрек пен бұзылмаған, кірленбеген ар-ождан өзінің Ұлы Иесін, Құдіретті Жаратушысын іздері хақ. Сондықтан жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір қоғамның дінсіз, наным-сенімсіз ғұмыр кешпегеніне куә боламыз. Демек, адамның жаратылысы, жалпы болмысы өзінің әлсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа һәм өзін жаратқан Ұлы Құдіретті іздеуге бейім жаратылған. Міне, сондықтан имансыз жандар да қиналып, қиыншылыққа тап болған мезетте Ұлы Құдіретке сыйынуға мәжбүр болады. Бастарына қиыншылық түскенде ғана өздерінің әлсіздіктерін түсініп, кірленген ар-ождандары оянып
Ұлы Жаратушы – Алла Тағаладан медет тілей бастайды.Қиыншылықтан құтқарылған сәтте көпшілігі өзіне көмек берген Алла Тағаланы ұмыт қалдырып кете барады.

1.Алексеев С.С. Философия права. –М.; 1997.
2.История полттических и правовых учений. Домарксистский период\ Под ред. О. Э. Лейста. – М.; юрид. Лит. 1991.
3.Нерсесянц В.С. Философия права. Учебник для вузов. – М.; Издательская группа ИНФРА-М-НОРМА,1997.
4 История политических и правовых учений.\ Под ред. В.С. Нерсесянца. – М.; НОРМА-ИНФРА – М, 2000.
5. Керимов Д.А. Филослфские основания политико-правовых ииследований. –М.; 1986.
6. Кохановский В.П. Философия и методология наки: Учебник для высших учебных заведений. – Ростов н\Д.; Феникс. 1999.
7. Антология мировой философии. В 4-х т. Т.1. –М.; Мысль, 1969.
8. Антология мировой политической мысли: в 5-ти томах. Т.1. – М.; Мысль, 1997.
9. Черниловский З.М. Всеобщая история госуударства и права. – М.; Юристъ. 1996.
Косымша әдебиет:
10.Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право.- М.; 1986.

Жоспар
I
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1.Араб шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси-құқықтық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.XI ғасырдан бастап мұсылман елдерінде бірнеше құқықтық мектептер
пайда
болды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Рим өркениетінің саяси-құқықтық
ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..7
2.2.Архангел Михаил
шіркеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3.Шығыстағы саяси-құқықтық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...15
2.4.Үндістандағы саяси-құқықтық ілім мифтік және діни
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...20
4.Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
КІРІСПЕ
Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың жандүниесін жаралап, көңіліне
түрлі шек, шүбәлі ой қалдырды. Метафизикалық әлемді мойындамай бар
нәрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге негізделген материалистік
көзқарастың әсерінен көптеген ақиқат күмәнға айналды. Дінге қарсы ашық
дұшпандық – діннен бейхабар жандардың санасын улау мақсатында қасақана
түрлі күмәнді сауалдар мен сұрақтарды тудырды. Әйтпесе, Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін
жандардың Оның (с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар болуын әрі оның
астарына үңілмей жатып, бірден нәпсіқұмарлыққа жору-
ын басқаша түсіну әсте мүмкін емес? Сондай-ақ, кітаптағы Жаратушыны не
үшін көзбен көре алмаймыз?, Алла Тағала адамдарды не үшін бай-
кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?, Алла Тағала біздің ғибадатымызға
зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды
азаптайты- нын ескертуде?, Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана араб
тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?,
Доңыз еті неліктен харам? секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет
бұрып жатқан кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи сауалдары.
Өйткені адам ақылы діни үкімдердің хикметі мен мәнісін түсінуге әрдайым
ұмтылып, жан дүниесі жаратылыстың жаАдам баласы өзінің таза жүрегіне,
бұзылмаған ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның әу бастан Ұлы Ал-
ланы қабылдауға және құдайлық дінге деген бейімділігін аңғарады. Иә, адам
баласы жан дүниесіне көз жүгірткен уақытта ар-ожданы мен жүрегінің әрдайым
бастауы әрі соңы жоқ мәңгі Ұлы Алламен терең байланыста екенін
сезеді. Ар-ожданының, ішкі дүниесінің тек мәңгі Ұлы Жаратушымен ғана жай
тауып, тынышталатынын, Одан басқа еш нәрсенің оны қанағаттандыра
алмайтындығын түсінеді. Өйткені көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық
жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасында әр түрлі ғажайып
істердің атқарылып жатқанын сезген таза жүрек пен бұзылмаған, кірленбеген
ар-ождан өзінің Ұлы Иесін, Құдіретті Жаратушысын іздері хақ. Сондықтан
жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір қоғамның дінсіз, наным-сенімсіз ғұмыр
кешпегеніне куә боламыз. Демек, адамның жаратылысы, жалпы болмысы өзінің
әлсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа һәм өзін жаратқан Ұлы Құдіретті
іздеуге бейім жаратылған. Міне, сондықтан имансыз жандар да қиналып,
қиыншылыққа тап болған мезетте Ұлы Құдіретке сыйынуға мәжбүр болады.
Бастарына қиыншылық түскенде ғана өздерінің әлсіздіктерін түсініп,
кірленген ар-ождандары оянып
Ұлы Жаратушы – Алла Тағаладан медет тілей бастайды.Қиыншылықтан құтқарылған
сәтте көпшілігі өзіне көмек берген Алла Тағаланы ұмыт қалдырып кете барады.
1.1.Араб шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси-құқықтық ойлар Мұсылман
құқығы рулық-тайпалық құрылыстын ыдырау және Араб халифатында VII—X
ғасырларда феодалдық қоғамның қалыптасу кезеңінде пайда болды.
Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап –ақ көрші елдерге кеңінен
таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы
кейіннен Орта Азия, Завкавказье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка,
Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады.
Мұсылман құкығы жүйесінде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті
болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның
өмірге келуі мен өлуінс дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік
береді.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен
теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен
айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-
түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып,
біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы
емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары —
шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде
көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.
632 жылы Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың басына
дейін мұсылман құқығының дамуы казуальды, яғни жүйеленбеген жолмен жүрді.
Мүхаммедтен кейінгі оның ізбасарлары; Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли нақты
дауларды шешкенде Құран мен суннаға сүйенеді. Егер қандай да бір сұраққа
жауап табылмаған кезде олар жаңа діни қағидалар мен нормаларды
қалыптастырды. Уақыт өте келе Құранда адам өмірі мен оның іс-әрекеті түгел
қамтылмайтындығы анықталды. Мұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы
мен атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі даму сатыларымен салыстыра
отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі
басқару формаларының классификациясын жасады.
Ибн Халдуннын ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті
негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы мен агрессиясын тоқтатуға арналған
"тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер
басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және
қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады. Мемлекеттің
тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және
олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады,
елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.
Ибн Халдунның пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт
сатыдан өтті:
1 Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"
2 Халифаттың сыртқы белгілерін сақтай отырып, біртіндеп монархияға
көшуі (Омеядтар әулеті кезеңіндегі халифат)
3 Халифаттың толық монархияға айналуы (Аббасидтер
әулеті кезкезеңіндегі халифат)
4 Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың
жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың, Мысырды османдық түріктердің жаулауы).
Ибн Халдун басқару формасының үш түрін 1) "табиғи" монархия; 2) "саяси"
монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.
Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке
мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монархия өзінін мақсатынан басқа
еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан
"саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге
негізделеді, халық мүддесін корғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі
билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.
Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына қарамастан, жоғары
әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшін оған басымдық береді.
Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа
халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады.
1.2.ХI ғасырдан бастап мұсылман елдерінде бірнеше құқықтық
мектептер пайда болды. Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1.
Хани-фиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия.
Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы
Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік —
негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);
4. Ханбалитік — негізін салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).
Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік
және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.
Дәстүр кезеңінің алғашқы екі-үш ғасырында мүсылман құқығының қалыптасуы
негізінен аяқталды. Доктрина іс жүзінде оның ресми қайнар көзі болып
танылды. Мұсылмандык мемлекеттік құқық муджтахидтың заң шығару билігін
ресми түрде бекітті. Осы кезенде сонымсн бірге "шариғаттың үстемдігі"
концепциясын жасау аяқталды. Бұл концепция казіргі кездегі "құқык
үстемдігі" мсң "құқықтық мемлекет" теориясымен үндесіп жатыр. Осы концепция
бойынша мемлекет басшысы өзінің билік әрекетінде муджтахидтер
қалыптастырған мұсылмандық құқық нормаларына сүйенеді. Алғашқы кезде
мұсылмандық-құқықтық доктринаны айқындау үшін қолданылған "фикх" термині,
кейіннен мұсылмандық құқықтың объективті мағынасының қатынасында қолданыла
бастады. Мұсылмандык құқықтың маманы Дж. Шахт осы жағдайды ескере отырып,
мұсылман құқығы "заңгерлер құқығының тамаша үлгісі бола алады" деп атап
көрсетті.
Мусылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан
және суннадан алынған. Мұсылман құқығын зерттеушілер бұл жерде сілтеменің
мұсылмандық қүқықтың барлық нақты жағдайды қамтығандығы туралы болып
отырмағандығын да атап көрсетеді. Яғни осы негізге сүйене отырып барлық
істің шешімін табуға болатындығы ғана көрсетілген. Мұнан мұсылман құқығында
ешқандай қайшылықтың жоқ екендігі, барлық халықта және барлық жағдайда
құқықтық норма калыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Мұсылмандық құқықтың доктриналық таңдануы оны жүйелеуде қиындық
туғызғанымен, оның белгілі бір икемділікпен дамуына мүмкіндік берді. Бұл
процесте діни құқықтанушы-ғалымдардың ролі біртіндеп өсе түсті.
Мұсылман құқығына қатып қалған догма жоқ. Қандай да бір істі болмасын
шариғат жолымен шешуге болады. Мұсылман құқығының тұтастығы мен икемділігі
және күштілгі де осыдан айқын көрінеді.
Араб халифаты кезінде Бағдад қаласы үлкен мәдени орталыққа айналды.
Жаулап алынған елдерден және көрші мемлекеттерден рухани қазыналар
әкелінумен бірге, бұл қалада дүниенің түкпір-түкпірінен келген ұлы ойшылдар
мен ғұламалар еңбек етті. Грек және рим өркениетінін таңдаулы өкілдері
Платонның, Сократтың, Аристотельдің, Эвклидтің, Цицеронның және т. б.
шығармалары араб тіліне тәржімаланып, олардың озық ойлары мұсылман елдеріне
кеңінеп танылды. Мұның өзі Шығыс үлгісі мен Еуропа мәдениетінің өзара
үндесіп. Шығыс саяси-құқықтық ойының дамуына жаңа серпін берді Осы кезеңде
букіл әлемдік мәдениетке белгілі болған Әл- Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина
(Авиценна), Ибп Рушдт және т.б өсіп жетілді. Олар ғылымның басқа
салаларымен қатар саяси-құқықтық ойда да әлі күнгс дейін мәнін жоймаған ұлы
шығармалар қалдырды.
Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мүсылмандық
билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар
аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттьң анықтамасы туралы мүсылмандық
мемлекеттанушы Әл-Маварди бьлай дсп жазды "Имамат — діни сенімді корғау
миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"
Мүсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшларын орнынан
алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди
еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және
діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайын-дауымен
емес, қауым мсн халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша
іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы
сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф
өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әли-дің
тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады. Өйткені Мухаммед
Пайғамбардын артында еркек жынысты ұрпак қалған жоқ еді. Ол қайтыс
болғаннан кейін Әбу-Бөкір (632—634), Омар (634 644), Осман (644 -656) және
Әли (656—666) халифат билігіндс болды. Әли қайтыс болғаннан кейін
халифтікке Омеядтер әулетінен шықкан Муавид келді. Омеядтер әулетінің
билігі 661 жылдан 750 жылға дейін созылды. 750—1253 жылдар аралығында Араб
Халифатындағы билік Аббасидтер әулетіне көшті.
Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын
өзінің барлық іс-әрекеттерінде мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа
альш отыруынан, қол астындағылардың мүддесі мен жалпы игілігін және олардың
ар-ожданын қорғау істерінен және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен
ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-
келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым
мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.
2.1.Рим өркениетінің саяси құқықтық ілімі.Ортағасырлық мәдениеттің басты
ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен
христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан
кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни
шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды.
Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар
санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние
туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай
орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік
ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл
тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты
қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық
христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі —
Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті
Үштіктің бар екендігіне көміл сену болып саналды. Үштік ұғымы құдайдай
дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы:
құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос —
әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ
әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің
көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы
ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы
алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі
христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл
осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі
жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар
жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен
император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим
империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы
христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді.
Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына
көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс
болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп
соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында
гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ
варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл
тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып
келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды.
Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен
таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем
суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады.
Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-
бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында
христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия
империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің
аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия
мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің
біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың
өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды:
олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты
қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.
Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл
мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды.
IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең
басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен
Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті,
Олардың арасында IX ғ-да филиоква жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай
— өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-
баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге
байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054
жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды.
Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз
шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс
шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік,
яғни православиелік деп аталды.
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады.
Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы
жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір
айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. Монофизистік деп аталатын екінші
бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы
адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол
бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына
береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен
қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға
тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің
бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп
уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге
жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан
ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды
процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың
адам инквиция оттарында өртелді.
Батыста да, Шығыста да монахтық жолға түсудің маңңзы өте зор болды.
Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, жарық дүниеден
кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар
әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір
монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды.
Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі —
Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының
білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен
VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір
сүрген.
Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан
қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский
(1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр
аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және
құқық саласындағы мәңгілік беделді тұлға деп жариялады. XIII ғасыр кедей
монах ордендері де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды
кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне
халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына
үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты
Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI
ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни
монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты
орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар
шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең
таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен
қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында
монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон
біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы
барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III
(1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын
тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі
кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер
арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен,
коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы
орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды (кешірім деген мағынаны
білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды
сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы
адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта
ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі
бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей
оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен
үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан
діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының
адамгершілік бағыты — Сенім, Үміт I және Махаббат үштіғінің бірлігіне
тікелей байланысты болды. Бұл Үштіктің ішінде Сенімге үлкен мән
беріліп, ол құдай жолына апарар рухтың ерекше бір жағдайы деп
қарастырылды. Ал Үміт болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан
арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары
мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып
саналады. Махаббат болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген
махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия,
логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі
қағидаларымен сәйкестендірілді
2.2.Архангел Михаил шіркеуі. Дін басылары ең білімді тап
болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің
қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда
Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке
оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі
жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты
мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда
діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру
жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен
қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни Жеті еркін өнер —
грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады.
Монахтық мектептерден басқа сыртқы мектептер деп аталатын жастарға )
арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің
балалары үшін арнайы бекзадалар мектептері ашылып, онда сабақ беретін
еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне
аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы
болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.
XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер
ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда
Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды.
Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға
мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен
келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның
басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.
Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж
университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай
жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті.
Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон
(1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен
төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне
күмән келтірді.
Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы).
Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс
істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын
тілінде жүрді.
Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым
деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне
сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен
біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның
негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға
байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды.
Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға
қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке
жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым
салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым
салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім
беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор
болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан
артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын
айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен
алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы
мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге
асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі —
Мириобиблионаның (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген
бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы
патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.
IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары жаңа арнаға түсіп, дами бастады. Ғылымның
әртүрлі салаларына байланысты энциклопедиялар жарыққа шыға бастады, онда
Византия коғамы жайында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан халықтар
туралы да әр түрлі қызықты мағлұматтар берілді. Хирургиялық ғылыми
еңбектер, математика оқулықтары жарық көрді. Дөл ғылымдармен қатар алхимия,
астрономия, магия, және тағы да басқа ғылым салалары да өз өрісін кеңейте
бастады.
Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды.
Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатьш
субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz