Ойыншықтар әлеміндегі ең танымал брендтің пайда болуы



1LEGO.ның тарихы, немесе ойыншықтар әлеміндегі ең танымал бренд қалай пайда болды
2 LEGO брендінің жарқын болашағы
3 Ойыншық түрлерін көбейтуге деген құлшыныс
4 Балаларға қандай ойыншықтар керек?
5 Ойыншықтар әлемі
6 Қазақ баласына қазақы ойыншық керек
7 Болманов балаларға қазақша сөйлейтін қуыршақ сыйлайды
8 Ойыншықтарға санитариялық . эпидемиологиялық талаптар
9 Ойыншықтар . шексіз әлем
Балалық шақ… ағаш ойыншықтар LEGO-ның тарихы 1932 жылдан басталады. Оле Кирк Кристиансен осы жылы Данияда күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар шығаратын өндіріс орнын ашады. Ол бұйымдардың бәрін ағаштан жасайды. Үтіктеу тақталары, баспалдақтар бастапқыда айтарлықтай пайда әкелгенімен әлемдік қаржы дағдарысы жылдары сұраныс бірден төмендейді.
Не істеу керек? Оленің назарын балаларға арналған ағаш ойыншықтар аударады. Дағдарысқа қарамастан оларға деген сұраныс азаймаған. Оған көмекке 12 жылдан бері жанында жүрген баласы келеді.
Ойыншық өндіруге кіріскеннен кейін Кристиансен компанияның атауын ойластыра бастайды. Зауыттың барлық жұмысшыларына өз ұсыныстарын айтуды тапсырады. Әрине, ұсыныс көп болды, қорытындыда LEGO деген атау дұырс деп табылды. бұл– Leg және Godt сөздерінің қосындысы еді, (аудармасы «жақсы ойнау » дегенді білдіреді), ұсынған зауыт қожайыны болды. Кейінірек олар латын тілінде«LEGO» деген сөз барын ол «мен үйренемін» немесе «мен қалаймын» дегенге келетінін білді. Әрине, мұндай сәйкестік компанияның болашғына айтарлықтай әсерін тигізді.
Бұл кезде компанияда бар болғаны өз кәсібіне берілген, әр жаңа бұйым жасап шығарған сайын балаша қуанатын 7 ұста жұмыс істейтін. Олар өнімнің сапасына сол кездің өзінде қатты көңіл бөлетін.
1936 жылы компанияда ойыншықтың 42 атауы болды. Және оларды сатып алуға кез-келгеннің қолы жете бермейтін. уже имела в своем распоряжении набор из 42 различных игрушек. (қазірде LEGO арзан заттардың қатарына жатпайды).
40-шы жылдары компания тарихында көптеген өзгерістер орын алды. Ең ауыры жалғыз фабрика жанып кетті. Енді тек қана LEGO ойыншықтарын шығарудан басқа амал қалмады. 1943 жылы фабрикада 40 адам жұмыс істеді, бір жылдан кейін Кристиансендер компанияны ресми тіркеуден өткізіп, оған«LegetOjsfabrikken LEGO Billund A/S» деген атау берді.
Үш жылдан кейін компания тарихында елеулі оқиға орын алды. LEGO ағылшын психологі Mr. Hilary Harry Fisher Page’а-дің өнімін шығару құқын алады. Бұл басқа осыған ұқсас заттармен біріктіріп құрастыратын аса үлкен емес кубиктер болатын. Біріктіру құралдары бекем болмағандықтан олар тез шашылып, тез жиналатын. Бұл Оле Готфридтің 30 жасқа толған кезі еді,ол енді әкесімен бірдей жұмыс істей бастады, және ойыншықтардың болашағының зор екенін түсінді.
Енді LEGO шикізат ретінде тек ағашты емес, пластмассаны қолдана бастады. 40-шы жылдардың соңына қарай компания 200 түрлі ағаш және пластмасса ойыншықтарын шығарды.
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
LEGO-ның тарихы, немесе ойыншықтар әлеміндегі ең танымал бренд қалай пайда болды

Балалық шақ... ағаш ойыншықтар LEGO-ның тарихы 1932 жылдан басталады. Оле Кирк Кристиансен осы жылы Данияда күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар шығаратын өндіріс орнын ашады. Ол бұйымдардың бәрін ағаштан жасайды. Үтіктеу тақталары, баспалдақтар бастапқыда айтарлықтай пайда әкелгенімен әлемдік қаржы дағдарысы жылдары сұраныс бірден төмендейді.
Не істеу керек? Оленің назарын балаларға арналған ағаш ойыншықтар аударады. Дағдарысқа қарамастан оларға деген сұраныс азаймаған. Оған көмекке 12 жылдан бері жанында жүрген баласы келеді.
Ойыншық өндіруге кіріскеннен кейін Кристиансен компанияның атауын ойластыра бастайды. Зауыттың барлық жұмысшыларына өз ұсыныстарын айтуды тапсырады. Әрине, ұсыныс көп болды, қорытындыда LEGO деген атау дұырс деп табылды. бұл - Leg және Godt сөздерінің қосындысы еді, (аудармасы жақсы ойнау дегенді білдіреді), ұсынған зауыт қожайыны болды. Кейінірек олар латын тіліндеLEGO деген сөз барын ол мен үйренемін немесе мен қалаймын дегенге келетінін білді. Әрине, мұндай сәйкестік компанияның болашғына айтарлықтай әсерін тигізді.
Бұл кезде компанияда бар болғаны өз кәсібіне берілген, әр жаңа бұйым жасап шығарған сайын балаша қуанатын 7 ұста жұмыс істейтін. Олар өнімнің сапасына сол кездің өзінде қатты көңіл бөлетін.
1936 жылы компанияда ойыншықтың 42 атауы болды. Және оларды сатып алуға кез-келгеннің қолы жете бермейтін. уже имела в своем распоряжении набор из 42 различных игрушек. (қазірде LEGO арзан заттардың қатарына жатпайды).
40-шы жылдары компания тарихында көптеген өзгерістер орын алды. Ең ауыры жалғыз фабрика жанып кетті. Енді тек қана LEGO ойыншықтарын шығарудан басқа амал қалмады. 1943 жылы фабрикада 40 адам жұмыс істеді, бір жылдан кейін Кристиансендер компанияны ресми тіркеуден өткізіп, оғанLegetOjsfabrikken LEGO Billund AS деген атау берді.
Үш жылдан кейін компания тарихында елеулі оқиға орын алды. LEGO ағылшын психологі Mr. Hilary Harry Fisher Page'а-дің өнімін шығару құқын алады. Бұл басқа осыған ұқсас заттармен біріктіріп құрастыратын аса үлкен емес кубиктер болатын. Біріктіру құралдары бекем болмағандықтан олар тез шашылып, тез жиналатын. Бұл Оле Готфридтің 30 жасқа толған кезі еді,ол енді әкесімен бірдей жұмыс істей бастады, және ойыншықтардың болашағының зор екенін түсінді.
Енді LEGO шикізат ретінде тек ағашты емес, пластмассаны қолдана бастады. 40-шы жылдардың соңына қарай компания 200 түрлі ағаш және пластмасса ойыншықтарын шығарды.
1958 жылы компанияның басшысы Готфрид Кристиансен кубиктерден тұратын құрылыс элементтері жүйесіне патент алады.Бұл конструктордың тетіктерін бекем байланыстыратын жаңа жүйе еді. Енді оны шын мәнінде конструктор деп атауға болатын еді.
Бұған дейін нақтыласақ 1955 жылы LEGO тақырыптық ойыншықтар шығаруды қолға алды.Ол қазір біз көріп, балаларымызға сатып алып беріп жүрген космос, қала сияқты конструкторлардың қарлығашы еді, сол кездің өзінде танымалдылығы орасан болды.
LEGO брендінің жарқын болашағы
Бір қызығы аталған компанияның тарихында өрт оқиғалары жиі орын алған. 1960 жылы компанияның ағаш ойыншықтарын шығаратын цехы түгелдей жанып кетеді. Осыдан кейін басшылық өндірісті қайта жолға қоюды дұрыс деп таппайды да, пластмасса өндірісіне толықтай көшеді. Бұл кезде LEGO-ның конструкторлары әлемнің 50 тарта мемлекетінде сатылатын. Ал, 1962 жылы LEGO жеке авиакомпания ашты. Конструкторларын АҚШ-қа шығара бастады.
Мұндай табысты нарыққа шығу, алдарына дүние жүзін өздері шығарған ойыншықтармен жаулап аламыз деген мақсат қойған даттықтар үшін өте маңызды оқиға болды. Қону және ұшыру алаңын ашқаннан кейін арада 2 жыл өткенде LEGO конструкторларына оны жинақтау жолдарын түсіндіретін қысқаша нұсқамалықтарды ұсына бастады. Осыдан бастап конструкторды жинақтау үлгісі көсретілген нұсқамалар LEGO-ның ажырамас бір бөлігіне айналды. Енді компания өкілдері өнімнің сапасы мен сатып алушыларға көбірек көңіл бөлуді жолға қойды.
LEGO әлемдік өндіріс нарығындағы клиентке не керек екеніне қызығушылық танытқан алғашқы фирмалардың бірі еді. Бұрын өз бастамасы бойынша жұмыс істеген компания енді клиенттердің пікіріне орай өнім шығарды. Өте сәтті жүзеге асқан темір жол конструкторлары жиынтығы осындай сұраныстан туған алғашқы бұйым.
60-шы жылдардың ортасында компанияның негізгі фабрикасында 500-ден аса адам жұмыс істеді. Олар енді ойыншықтарды баланың жас ерекшелігіне қарай шығара бастады,1968 жылы Данияның Биллунд қаласында LEGOLAND паркін ашты, осы жылы Люксембургте жылдың үздік ойыншығы номинациясына ие болды. Бұл әлем балаларының жүрегін жаулаған компанияның аяғынан тұра бастаған жылдары еді.
Ойыншық түрлерін көбейтуге деген құлшыныс
Егер LEGO тек ұл балаларға арналған ойыншықтар шығарды десек жаңылысамыз. Дупло жобасы бойынша шыққан өнімдер қыздардың арасында да кең тарады, ал, 70-ші жылдары жихазбен жабдықталған қуыршақ үйлер жиынтығы тұтынушыларға жол тартты. Ал, қазіргі бүкіл планета білетін LEGO логотипі 1973 жылы жасалған,осыдан кейін компанияның өндірісі Даниядан басқа мемлекеттерде өркен жая бастады. LEGO-ның шетелдегі алғашқы фабрикасы Швейцарияда ашылды.
1977 жылы LEGO компаниясының басшылығына Оле Кристиансеннің немересі Кельд келді. Бұл кезде LEGO шығарған өнімдердің ішінен тұтынушы қалағанын табатындай жағдайда еді. Енді жүретін ойыншық жиынтықтары өндіріске жіберілді.
LEGO шығарған өнім түрлері күн санап емес, сағат санап өсе бастады. Олар шын мәнінде қайталанбас дүниелер еді. Осыған дейін компания тұтынушыға жұмыс істесе, енді ол тұтынушының зор құрметіне бөлене бастады.1980 жылы тұтынушылар компанияға деген ризашылық сезімін ол шығарған өнімдерден 13,1 метрлік мұнара салу арқылы білдірді. Мұндай құрметтер әр жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетілді, 90-шы жылдары Мәскеуде 24,88 метрлік мұнара соғылып ол Гиннестің Рекордтар кітабына енді.
LEGO-ның өнімдерін сату арқылы келіп жатқан табыс бас айналдырарлықтай еді. Соның ішінде 1984 Замок жиынтығынан түскен түсім күткендегіден асып түсті. Ортағасырлық тақырып бүгінгі ұрпақ үшін өзекті болып шықты. Енді компания мектеп оқушыларына арнап, оқыту мақсатында роботтар шығара бастады. Күрделілігі мен бағасының қымбаттығына қарамастан бұл өнім де әлемде зор сұранысқа ие болды.
1986 жылы LEGO Дания королдығын ойыншықпен қамтитын дәрежеге жетті. Бұл құрметті атақ, жарнаманың ең үздігі еді.
1990 жылдары әлемде LEGO-ның Atko, мұнан басқада көптеген көшірмелері шыға бастады.Бірақ бұл ойыншықтардың түпнұсқадан сапасы әлдеқайда төмен еді, бағасы да арзан болатын.
Бүгінде
Қазіргі таңда LEGO ұзаққа созылған дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыруда. Тірі ойыншықтарды компьютер ойындары алмастырып, компания бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Әсіресе, соңғы жылдары қолға алынған ж LEGO парфюмерлік жиынтықтары ,киім шығару шығару сияқты жобалар тек қана шығын әкелді. 2003 жылы шығын 300 миллион долларды құрады. Осындай өте тиімсіз өндірістердің салдарынан, қаржы қайтарымсыз кетті. Ахуалды оңалту үшін LEGO Йоргена Виг Кнудсторпаны жұмысқа шақырды.
Ол бірінші кезекте өндірісті өнімі арзан саналатын елдерге көшірді. Екіншіден компанияның шығын әкелген жобаларын бірден қысқартты. Йорген ендітұтынушылармен ғаламтор арқылы тілдесіп, жаңа идеяларды интернет арқылы іздестіре бастады.
LEGO балаларға арналған ойыншықтар әлемінде танымалдық жағынан бүгінгінің баласының айнымас досына айналған Barbie қуыршағы мен Hasbro-ны да шаң қаптырады. Оның тарихы қалай басталып еді, бұл туралы сатып алушының да , сатушының да ойлана бермейтіні рас. Өткен жылдар қойнауында қалған сол тарихты ақтара келсек, бай болудың тағы бір құпиясын ашамыз. Кімнің бай болғысы келмейді дейсіз...
Сонымен ойыншықты алғаш ойлап тапқан дат компаниясы алғашында ағаш бұйымдарын шығарумен айналысқан. Сондықтан да алғашқы LEGO ойыншықтары тек қана ағаштан жасалған.
Бірақ компанияның бұйымдарына сұраныстың көбейгені сонша, басқа пират-фирмалар олардың конструкцияларын қоарп-қорабымен көшіріп шығара бастады. Сет Годин айтқан мынадай сөз бар: Егер сізді көшіріп жатса, онда сіздің шынында керемет бір нәрсе ойлап тапқаныңыз
Балаларға қандай ойыншықтар керек?

Балаларға қандай ойыншықтар керек?
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға
болады.
Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке - ана, қыз - ана т.б.
5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.
Ойыншықтар әлемі

Сәби қоршаған ортаны ойыншық арқылы таниды. Ендеше, ойыншыққа жай ғана баланың ермегі деп қарамағанымыз абзал
Ойыншықпен ойнау - балалардың, тіпті, кейде үлкендердің де сүйікті ермегі. Ойыншық бала өмірінде үлкен орын алады. Ол сәбидің ойлау жүйесі мен қиялын дамытып, дүниені танып-білуіне көмектеседі. Тек ойыншықты баланың жасына сай таңдай білсеңіз болғаны.
0-ден 3 айға дейінгі балаларға арналған ойыншықтар

Жарқын түсті мобиль
. Оны баланың көзінен 15-25 см қашықтықта ілу керек. Мобильдегі ойыншықтарды 3-4 күнде бір рет ауыстыру ләзім. Бұл уақыт ішінде бала 3-4 күн бұрын ойнаған ойыншығын ұмытып үлгереді де, келесіде ол жаңа ойыншықпен ауысқандай қызықтырақ болады. Жас нәресте қызыл, көк, жасыл, сары түстерді ажырата алады. Ал, мобильдің әдемі әуені болса, тіпті жақсы. Ол тек көру қабілетін ғана емес, есту қабілетін де дамытады.
Сылдырмақтар
. Сылдырмақтардың түрлі-түстісін және қолға алуға ыңғайлысын таңдаған жөн. Сылдырмақтар сәбидің өз қозғалысын реттеп үйренуіне көмектеседі. Егер сылдырмақтың ішінде кішкентай бөлшектері көрініп тұрса, ол баланы үлкен затқа ғана емес, кішкентай затқа да назар салуға үйретеді. Сылдырмақты жіпке байлап, бала төсегінің үстіне іліп қоюға болады. Сылдырмаққа ұмтылып, қолын созған баланың көңілін аулауға бұл да үлкен ықпал. Арнайы білезік-сылдырмақтар мен тәпішке-сылдырмақтар да бар. Оның бір жақсы жері - бала қолы мен аяғының қимылын өзі басқара алатындығын сезіндіреді.
Пирамида
Бұл ойыншық балаға ұзақ қызмет етеді. Ең кішкентай бөбектердің көру қабілетін дамытумен бірге, түсті ажырата алуына көмектессе, үлкеніректеріне заттың үлкен-кішілігін салыстыруға мүмкіндік береді. Әрі шеңбершелері де балдырғанның ұстауына ыңғайлы.
Кілемше
. Бұл кілемшелер әдетте бірнеше ойыншықтар ілінген, әрі түрлі-түсті болып келеді. Сондықтан да ол баланың көру, есту, сезіну қабілеттерінің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Ондағы ойыншықтарды да баланы жалықтырып алмау үшін өзгертіп, ауыстырып отыруға болады. Кілемшенің тігілген матасына қарай денесімен де сезінуіне сеп.
4 және 7 айға дейінгі балаларға арналған ойыншықтар
Бұл кезеңде бүлдіршіндер барлығын аузына салып тексеріп көруге әуес, сондықтан, тісжарғыш шеңбершелер алып қойғаныңыз дұрыс. Оларды қолға алуға да ыңғайлы. Сәби оны қолына ұстап, аузына да салып, тістеп те көре алады. Бұл жастағы балаға ән салатын, сөйлейтін, түрлі көңілді әуендер шығара алатын жұмсақ ойыншықтарды да бере аласыз.
Матадан тігілген текше немесе доп
Мұндай ойыншық баланың ұстап сезу қабілетін арттырады. Егер ол дыбыс шығара алса, оған қоса есту қабілеті де дамиды. Бастысы, бұл ойыншықтың соншалық үлкен болмағаны абзал. Сәбидің құйтақандай қолдарына ұстауға ыңғайлы болғаны жөн.
Ағаш моншақтар
Олар да баланың ұсақ заттарды ұстап көру қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл жаста балалар еңбектей бастайды, сондықтан, баланы еденде көбірек ойнату керек.
9-12 айлық балаларға арналған ойыншықтар
Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті мен логикасын дамыту ләзім. Сондықтан балаға қолғап-қуыршақтарды пайдаланып, шағын қуыршақ театрын жасаған құба-құп. Балақан ертегі айта отырып, қуыршақты жүргізіп, отырғызып көрсетуге болады. Оған қоса, қолғап-қуыршақты кәділгі қуыршақ ретінде пайдаланып, ойнаған қызық.
Тағы да пирамида
Бұл жолы оны баланың үлкен мен кішіні ажыратуы үшін пайдалана аласыз. Ал түрлі пішіндегі іші қуыс ойыншықтармен шаршы, шеңбер, жұлдызша, үшбұрыш, жүрекше сияқты пішіндерді ажыратуға баулуға болады.
Текшелер мен конструкторлар
Бүлдіршінге түрлі-түсті, үлкенді-кішілі, пластмассадан, матадан жасалған текшелер сатып алыңыз. Конструкторларды пайдаланып, балаға мұнара тұрғызып беріңіз, ол оны құлатып ойнасын. Өзіне мұнара жасауды үйретіңіз, бірақ мәжбүрлемеңіз. Жалпы, екі жасқа дейінгі балаға қаламаған нәрсені істетіп, мәжбүрлеу дұрыс емес. Бірақ көптеген балалар конструктормен мұнара тұрғызудан бас тарта қоймайды.
Дүниені жаңа танып жатқан балалар үшін үй шаруасына пайдаланылатын барлық нәрселер ойыншық бола алады. Баланы жарықты сөндіріп-жағуға үйретіңіз, Міне, жақтық, сөндірдік деп айтып отырыңыз. Бұл баланың есінде қалады. Түрлі пішіндегі қақпағы бұралып ашылатын құтылар да бала үшін ойыншық. Тіпті, қазанның қақпағын салдырлатып ойнаған бала да даму үстінде болады.

1-1,5 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
Бұл белсенділік кезеңі. Бұл жастағы балалар жұмсақ, резеңке доптармен ойнағанды ұнатады. Дөңгелегі бар арбашаларды итеріп ойнау қызықты болады.
1,5-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
Бұл жастағы балаларға бір орында отырып ойнайтын ойындарды үйреткен дұрыс. Кітаптарды ашып, оқып беру керек, үстел үстінде ойнайтын ойындарды ойнатыңыз, пазлдар құрастыруды үйретіңіз.
Бұл жаста баланы дамытуға түбегейлі кірісуге болады. Аңдар мен құстардың, заттардың суреті салынған кітаптарды көрсетіп, оларды атап, таныстыру қажет. Арнайы дамыту бағдарламаларын пайдалана отырып, білімге де баули бастауға әбден болады. Бірақ тым шектен шығып, баланы шаршатып алудан аулақ болыңыз.
2 - 3 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
Бұл жастағы балаларға қиындатылған, логикалық ойындар қызықты болмақ. Затты көрсете отырып, оның қалай жазылатынын айтыңыз, сонымен қатар, бояу, аппликация, ермексазды пайдалану қызықты. Әрі баланың ойлау қабілетін дамытуда таптырмас құрал.
3-6 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
Бұл жаста логикалық ойлау жүйесін, есте сақтау қабілетін дамыту керек. Әріптері мен цифрлары бар магнитті тақталарды, қиындатылған конструкторларды пайдаланыңыз.
6 жастан асқан балалрға арналған ойыншықтар
Үстел үстінде ойналатын ойындар мен конструкторлар қажет. Ал, шығармашылық үшін бояулар, фломастерлер, тігуге арналған құралдар, қуыршақтар, үй театры сияқты баланы мектепке дайындайтын ойыншықтар пайдалы. Ең бастысы, бала оны ойын ретінде қабылдауы керек, сонда қызықты болады. Тек мәжбүрлеуден сақ болған жөн.
Бірнеше ережені есте ұстаңыз:
Баланы ойын арасында демалтып тұру керек.
Бір-біріне ұқсамайтын екі ойынды қатар ойнатпаңыз.
Таза ауаға жиі шығыңыздар, таза ауа баланың көңіл күйін көтеріп, ұйқысы мен тәбетінің жақсы болуына ықпал етеді.
Баланы үнемі манежде ұстамаңыз, ол дамуды шектейді.
Балалар білмекке құмар, сондықтан, әлденеге үйретерде ойынды пайдаланыңыз. Және есте болатын ең басты нәрсе - әперген ойыншығыңыз жүз жерден қызықты болса да, оған алдану ата-ананың балаға деген көңілін, махаббатын ешқашан алмастыра алмайды.

Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.
Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.
Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т.с.с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т.б. қолданыла бастайды.
Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т.б.) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.
Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас); үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас); алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі. Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап отырудан тұрады.
Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:
Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;
Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;
Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;
Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды;
Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;
Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;
Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;
Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;
Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;
Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;
Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек;
Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;
Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.
Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген. СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.
Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак, желім т.б.) жасалған болса, және оларға химиялық анализ жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін, екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.
Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен алынып тасталуы керек. Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек. Бала бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші топқа тасымалдауға тиым салынады, топтық жекелендіру принципін қатал сақтау қажет.

Қазақ баласына қазақы ойыншық керек

"Отбасы" қосымшасының өткен нөмiрiнде отандық ойыншық туралы мақала жариялаған едiк. Күнделiктi күйбеңмен мән бермейтiн ойыншықтың қазiргi түрлерiне тоқталып, қазақ баласының шетелдiк бұйымды ермек еткенiне алаңдаушылық бiлдiргенбiз. Осы тақырыпқа байланысты редакция - мызға арнайы келген Сәкен Болыс алдымызға көздiң жауын алатын ойыншықтарын жайып салды.
Бояуы қанық ойыншықтардың басты ерекшелiгi ұлттық нақышта жасалуында едi. Ұлттық құндылықты қадiрлейтiн жанның мына дү - ние - - лерге елең етпеуi мүмкiн емес. Домбыра, алты қанат ақ үй, ою-өр - нек - тер, бәрi-бәрi қазақтың төл дү - ниесi. Келген мақсатын Сәкен мырза:
- Қазақ баласының төл ойыншығы жоғын мойындаймын. Алайда ол туралы алаңдайтын адам жоқ деген пiкiрмен келiспеймiн. Өз балаларымыз - ға арналған, ұлттық тәрбие беретiн, ал бастысы, ұлтына деген сүйiспен - шiлiктi оятатын ойыншықты жасау iсiн қолға алғаныма көп жыл болды, - деп бастады. Елiмiздiң шығыс өңiрiнде туып-өскен бұл азаматтың айтары мол әрi қызықты екен.
- Қ.Болмановтың осы бағытта жұмыс iстеп жүргенiн естi - генбiз, сiздiң ойыншықтарыңыздан хабарымыз жоқ екен. Толығырақ айтып берсеңiз?
- Менiң балалар әлемiнде жүргенiме он жылдан асты. Телеарнадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның атауы және LEGO логотипі
Диссертация тақырыбы
БРЕНДИНГ МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Қазақстандағы туризм
Африка мәдениетіне тән дәстүрлі түстер мен маталарды қарастыру
Бөлшек тауарлар мен қызметтер арасындағы айырмашылық
Бренд құрудың соңғы кезеңі - брендті талдау және бренд атауын іздеу
Маркетинг пен брендтің байланысы
Тері өнімдерінің сапасын арттыру
МЕЙРАМХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ФИРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер