Қожа Ахмет Иассауи туралы



1. Қожа Ахмет Иассауи өмірбаяны
2. Қожа Ахмет Иассауи шығармалары
Ахмет Йасауидің өміріне қатысты деректер мен ауызша жеткен мәліметтер көп. Осындай қат-қабат мәліметтер арасынан ақиқатын табудың өзі қиын. Көптеген деректер оның 1166 жылы қайтыс болғандығын айтады. Бірақ, бұл да басқа деректерге қайшы келеді. Сондықтан, өз басым Мұхаммедрахым Жармұхаммедүлының пікірлеріне қосыла отырып, бұл датаның "өлмес бүрын өлу" және қылуетке тусу тарихы деп қабылдаймын.
Йасауи қылуетке түскен кезінде 63 жаста болатын. Бұл Хижра жыл санағы бойынша ал, Милади 61 жыл болу керек. "Жер астына кірген тарихтан бұрын қанша жыл өмір сүрсе, жер астында да сонша ғұмыр кешті",— деген пікірге сүйеніп, Йасауидің 126 жыл өмір сүргендігін айтатын болсақ, туған жылы 1105 жыл болады екен. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи 1105 жыл бүгінгі Қазақстан Республикасы Шымкент облысындағы Сайрамда дүниеге келеді. Сайрам ол кезде өте маңызды қалалардың бірі болатын. Әкесі Ибрахим шайх, анасы Қарашаш Ананың кесенесі де осы Сайрамда орналасқан. Ахмет Йасауи жетім өсті. Әпкесі Гауһар Анамен жастай Йасыға келіп, бұл жерде жеті жасына келгенде Арыстан Бабамен жолығады. Одан Хз.Мұхамметтің аманатын алады, шәкірті болады.
"Жет жаста Арыстан Бабаға бердім сәлем,
Хақ Мүстафа аманатын бергін маған.
Сол уақытта мың бір зікір қылдым тамам,
Нәпсім өліп, Хаққа қарай ұштым міне,

Жеті жаста Арыстан Баба мені тапты,
Сырмен көріп, пердемен жауып, тықты.
Аллаға шүкір, көрдім деп, мені өбіп,
Сол себептен 63-те кірдім жерге".

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Иассауидің өмірі туралы (XII ғасыр)
Ахмет Йасауидің өміріне қатысты деректер мен ауызша жеткен мәліметтер
көп. Осындай қат-қабат мәліметтер арасынан ақиқатын табудың өзі қиын.
Көптеген деректер оның 1166 жылы қайтыс болғандығын айтады. Бірақ, бұл да
басқа деректерге қайшы келеді. Сондықтан, өз басым
Мұхаммедрахым Жармұхаммедүлының
пікірлеріне қосыла отырып, бұл датаның "өлмес бүрын өлу" және қылуетке тусу
тарихы деп қабылдаймын.
Йасауи қылуетке түскен кезінде 63 жаста болатын. Бұл Хижра жыл санағы
бойынша ал, Милади 61 жыл болу керек. "Жер астына кірген тарихтан бұрын
қанша жыл өмір сүрсе, жер астында да сонша ғұмыр кешті",— деген пікірге
сүйеніп, Йасауидің 126 жыл өмір сүргендігін айтатын болсақ, туған жылы 1105
жыл болады екен. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи 1105 жыл бүгінгі Қазақстан
Республикасы Шымкент облысындағы Сайрамда дүниеге келеді. Сайрам ол кезде
өте маңызды қалалардың бірі болатын. Әкесі Ибрахим шайх, анасы Қарашаш
Ананың кесенесі де осы Сайрамда орналасқан. Ахмет Йасауи жетім өсті. Әпкесі
Гауһар Анамен жастай Йасыға келіп, бұл жерде жеті жасына келгенде Арыстан
Бабамен жолығады. Одан Хз.Мұхамметтің аманатын алады, шәкірті болады.
"Жет жаста Арыстан Бабаға бердім сәлем,
Хақ Мүстафа аманатын бергін маған.
Сол уақытта мың бір зікір қылдым тамам,
Нәпсім өліп, Хаққа қарай ұштым міне,

Жеті жаста Арыстан Баба мені тапты,
Сырмен көріп, пердемен жауып, тықты.
Аллаға шүкір, көрдім деп, мені өбіп,
Сол себептен 63-те кірдім жерге".

Арыстан Бабамен бірге жер бетінде көп бола алмайды.
"Әзірейіл келіп Арыстан Бабам жанын алды,
Хурилер келіп жібектен кебін қылды.
Жетпіс мың періште жиылып келді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге".

Арыстан Бабаның ықпалы Ахмет Йасауи өмірінде де, мағына әлемінде де
онымен байланысының үзілмегендігін көрсетеді. Деректерде Хорасанның ең
мәшһүр пірлерінен, қожалардан шыққан Қожа Жүсіп Хамаданимен кездесіп, онын
атақты төрт шәкірттерінің бірі болған. Оның орнына лайық деп табылған түста
Йасыға қайтып оралған. Йасыда өз жолын, ілімін қалыптастырады. Түрік тілі
мен ділінің негізіндегі алғашқы түрік-ислам сопылық жолы кейіннен Түркістан
болып өзгертілген Йасыда құрылған болатын. Йасы бұрынғы Шауғар қаласының
орнындағы қала. Қаласы да, жері де жазың болғандықтан Йассы деп аталған.
Ахмет Йасауи Түркістаннын пірі болғандықтан оның аты "Түркістанның пірінің
қаласы" деп аталған. Кейіннен қысқартылып Түркістан болған.
Йасы Кесенесіндегі бүгін қылуетхана деп аталатын белме Ахмет Йасауидің
үлы ісін жүзеге асырған орталық болып табылады. Қылуетхана толығымен жер
астында сияқты керінеді. Қылуетханада бір адам ғана сиятын кішкене хужре
бар. Бүгін де сақталған. Оған баспалдақпен түзеді. Міне, Қожа Ахмет
Йасауидің қылуетте 63 жыл өмір сүрген жері. Қылуетте 63 жыл
жасай ала ма?
Дұрыс түсінгеніміз абзал. Бұл белме Әзіреті Сүлтанның алғашқыда алпыс
күн, кейіннен "уақытының кебін өткізген" жері. Бұл жерден шыққан соң
терезесі жоң үлкен белме түр. Бұл Йасауидің зияратшыларды қабылдап,
тапсырмалар берген жері болу керек. Бұл жабық бөлменің қасында монша,
дәретхана бар.
Ахмет Йасауи Йасыда мектеп ашып, тәрбиелеп шығарған шәкірттерін
әлемнің төрт бұрышына жолдаған. Сөйтіп тарихтан жаңа бет ашып, түркілік
рухтың ңайта жандануын қамтамасыз етті. 125 жасқа келгенде айтқан
хикметінде қарапайымдықпен, кішіпейілдікпен:
"Ерендерден шабытпен сыр ала алмадым
Жүз жиырма бес жасқа келдім, біле алмадым.
Хақ Тағала тағаттарын қыла алмадым,
Естіп, ұғып жерге кірді Қожа Ахмет".
Хижра жыл санағы бойынша 126 жас халық арасында кеңінен таралған. 126
жасқа келгенде 63 жыл бұрын "өлмес бұрын дәмін татқан өлімді" қайта қарсы
алды. Бұл 1227 жыл болатын. Жерленген жеріне кішкене кесене қойылған. Одан
екі ғасыр өткен соң Әмір Темір тарапынан бүгінгі ғимарат орнатылған. Бұл
жер ғасырлар бойы діннің, ақиқаттың орталығы болғандықтан түріктер
Түркістан қаласын екінші Мекке деп атайды.

Диуани хикмет
(Ақыл кітабы)
Ахмет Иассауи- түркі тілдес халықтар расында сопылық әдебиеттің
негізін салушылардың бірі, аса көрнекті ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр
ойшыл қайраткер. Ол орта ғасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласында
туылғанАқынның толық аты- жөні: Хазіреті Сұлтан Шейх-ул-Ислам Қожа Ахмет
Иассауи шайық деп жазылған. Ер жете келе Түркістан (ол кезде Иассы деп
атаған) қаласына келіп тұрады. Иассыға қоныс аударғаннан кейін ол осындағы
атақты Арыстан Баб шайықтан тәлім –тәрбие, діни дәріс алады. Біраз жыл
Бұхара шаһарында оқыған. Сөйтііп, Иассы қаласына атақты ғұлама болып
оралған.
Ахмет Иассауидің есімін мұсылман әлеміне мәшһүр еткен шығармасы
Диуани хикмет (Ақыл кітабы) болып табылады. Оныы Даналық кітабы деп
те атайды . Ақын өз кітабын Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне
кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде
жазылған құран мен түрлі хадис, тефсирлерді жергілікті түркі халықтарының
түсініп оқуына мүмкіндік берді. Диуани хикмет- көшпелі елдің ауыз
әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-
стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана жазылған
дидактикалық- этикалық туынды болып табылады.
Диуани хикмет- түркі тілдес халықтардың XII ғасырдан сақталған
әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің
де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, Иассауи хикметтерінің
тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым А.К. Боровковтың пікірі
бойынша Ақыыл кітабы оғыз- қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды.
Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған.
Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұланғайыр өлкеде көшіп-
қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз екі
сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты
көшірушілер өз тарапынан көптеген араб- парсы сөздерін қосып жіберген
сияқты.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы сақталмағаан. Ең ескі
нұсқасы XV ғасырдан орта кезінде араб емлесімен көшірілген. Ақыл кітабы
Қазан (1887 және 1901 ж.) , Стамбул (1901ж) , Ташкент (1902 және 1911 ж.)
баспаларынан бірнеше рет жеке- жеке кітап болып басылып шығады. Ахмет
Иассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табыылады.
Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Иассауидің өзінікі екені
даусыз. Қалғандары шәкірттеріі тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр
жолдары болса керек.
Түркия ғалымы Ф. Көпрүлузаде Ахмет Иассауи хикметтерінің жазылу
тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы
еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Иассауи поэзиясын ғылыми
негіізде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Иассауи жырларының осы
басылымыын негізге алып жүр.
Белгілі орыс ғалымдары А.Н. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К.
Боровков, Г.Ф.Благова, т.б. Ахмет Иассауи жырларын зерттей келіп, кезнде
оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген
әсеріі зор болғанын ерекше атап көрсеттіі. Сондай-а қ, Ахмет Иассауи
поэзиясын зерттеу ісіне Э.Р.Рустамов, Н.М. Малаев, В.И.Зохидов сияқты
өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.
Ахмет Иассауидің Ақыл кітабындағы он төртінші, он бесінші, он
алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз
өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде , ақын Диуани хикметтің басты
идеясын айтудан ауыытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы Даналық
кітабының философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет
Иассауи өз өмірі туралы айта келіп, не себептен алпыс үште кірдім жерге?
деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз
саулға жауап болып табылады.
Ақын әрбір хикметін Құдайдың құлымын деп бітіреді, өйткені бүкіл
адам баласы кімнің арқасында жан бағып, кімнің құдіретімен күн көріп
отырғанын ұмытпасын дегені болар. Профессор Ә. Тәжібаев : Поэзиядағы үлкен
бір күш монологтарда жатыр. Шекспир монологтардың ең күштілігі сонда
кейіпкер өз кеудесін қақ жарып, жүрегінің қалай соғып тұрғанын көрсетуге
дейін барады. Мұндайда адам атомның тас- талқан жарылғаны сияқты жарылады,
оның күлкісі-у, көз жасы- шоқ, махаббаты күнмен тең, қаһары мұзбен тең.
Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп,
Аллаға шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер
арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жерастынан арнайы
салынған орынға- хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді. Бұл туралы
ақын өзінің Даналық кітабында:
Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстапаға қайғы тұтып кірдім міне.
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.
Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,
Жарық дүниені талақ етіп, хақты сүйдім (64.34).
Ғұлама ақын Қожа Ахмет Иассауидің Диуани хикметінде адамзат
баласының қилы- қилы тағдыры, өсу жолы, ішкі қарым- қатынасы, адамдардыың
ғылым мен өнерге талпынуы әр қырынан сөз болады. Ақын өзінің Түркістан
топырағынан жаралғанын мақтан етеді. Елдің егін салып, бау- бюақша күтуін
де , көқршімен тату өмір сүріп адамдардың өзара ауыз бірлікте болуын да
Алладан тілейді, бір сәт ақынның кедей- кембағалдың азып- тозған хал-
жағдайына мүсіркей қарап, оларға жанашырлық сезіммен тебірене жыр
толғағанын да көреміз. Ақынның Диуан хикметі Алланың бірлігін,
Пайғамбардың хақтығын толғаумен бірге , халыықтың ішкі- сыртқы жағдайын да
жан- жақты жырлаған туынды. Осы себепті қайнаған өмірдің айнасы іспетті бұл
туындыны еліміздің жазба әдебиетінің бастау- көзі деп қарасақ, дұрыс
болатын секілді.
Диуани хикмет көбінесе 11 буынды не 12 буынды болып келеді.
Төрт тармақтан бір шумақ құрайды. Ұйқасы бізге тым жақын. Сырттай алып
қарағанда а-а-а-ә, б-б-ббә ұйқасымен келіп отырады. Рас, ақын араб-парсы
әдебиетінде кең қолданылған ұйқастарды пайдалана отырса да, соның шінен
біздің қара өлең ұйқасына жақын үлгілерді әдейі таңдап алған тәрізді.Қожа
Ахмет Иассауидің Даналық кітабы ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Ахмет Иассауи
Пәндер