Аскабақ



Жоспар.

Кіріспе.
І. Негізгі бөлім.
1. Асқабақ.
2. Асқабақ тұқымдасы
3. Асқабақ мүшелері арқылы (вегетативтік) көбеюі

Қорытынды.
Кіріспе.
АСКАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқыбақ біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазакстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты кабықты жөне мускатты түрлсрі, оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолссвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін сгеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 — 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі кос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40 — 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 — 18% құрғак заттар, 8 — 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 — 40% май бар. Асқабақтын асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Бақша өнімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өмсімдіктер. Қазасқтанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық жәнс сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. Жатыны үзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0, ал аналық гүлдің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3). Жемісі - қабақ.
Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді, Ол жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Қ. Қайым.Биология Алматы. Атамұра 2003ж.
2. Әлімқұлова Р. Өсімдік тану. 6-7 сынып, оқулық Алматы «Рауан» 1995.
3. Бекенов А. Қазакстанның бағалы аңдары. - Алматы: «Білім», 1979.
4. Биологический энциклопедический словарь. - М.: «Советская энциклопедия», 1989.
5. Дорохина Л. Н., Розенштейн А. М. Методические рекомендации по использованию демонстрационного материала по биологии. - М.: «Просвещение», 1990.
6. Жақыпов А. Түйе өсірушінің түсіндірме сездігі. - Алматы: «Қайнар», 1989.
7. Жизнь растений, в 6 томах. - М.: «Просвещение», 1974-1982.
8. Жизнь животных, в 6 томах. - М.: «Просвещение», 1968-1971.
9. Красная книга Казахстана. Том 1. Животные. Часть I. Позвоночные (коллектив авто-ров). Изд. 3-е. - Алматы: «Қонжық», 1996.
10. Красная книга Казахской ССР. Часть 2. Растения. - Алма-Ата: «Наука», 1981.
10. Қайым Қ., Муханов Б., Сәтімбекұлы Р., Шаймарданқызы М. Жануартану. 7-8-сынып, оқулық. - Алматы: «Рауан», 1992.
11. Қайым Қ. Биология. Дидактикалық тапсырмалар. - Алматы: «Олжас Баспасы», 2006.
12. Қайымов Қ. Қызықты зоология. - Алматы: «Мектеп», 1974.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
АСКАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп
жылдық шөптесін өсімдік. Асқыбақ біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда
Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген.
Қазакстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты кабықты жөне мускатты түрлсрі,
оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолссвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары
өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін сгеді. Қатты қабықты
асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және
тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының
ұзындығы 2 — 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі,
ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі кос жынысты, ірі, сарғыш түсті.
Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі,
пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі
жемісті асқабақтың салмағы 40 — 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің
құрамында 15 — 18% құрғак заттар, 8 — 10% сахароза, аскорбин қышқылы,
каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 — 40% май бар.
Асқабақтын асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа
пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Бақша өнімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық
өмсімдіктер. Қазасқтанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің
бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады.
Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты
өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша өзгерген өркен.
Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып
саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге. Жемісінің салмағы 100
килограмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық жәнс сәндік,
біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған
сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына
қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен,
жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға
тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай
жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі.
Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.
Жатыны үзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы:
Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0, ал аналық гүлдің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3). Жемісі -
қабақ.
Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді, Ол жыл санауға дейін
3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір
кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың
сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар
азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

АСҚАБАҚ ТҰҚЫМДАСЫ
Қос жарнақты бір және көп жылдық шоптесін өсімдіктер. Кейде бұта не
кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтының Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде
кауын, қарбыз, асқабак, кияр, сәнқабақ (люффа) бар. Қабақ қолдан егіледі,
ал атпакияр, итжүзім, коңыраусары (тлади-анта) жабайы түрде өседі.
Асқабақтының ұзын шырмалгыш сабактарының ұшында дара не айыр мұртшалары
болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады.
Гүддері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ
колтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары — дара жемісті, бір
және қос үйлі, айқас тозанданушы өсімдіктер. Жемісі — жалған жидек немесе
қауашақ, олардын салм. кейде 100 килограмға жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ
тұкым жарнақтарынан тұрады. Асқабақ тұқымдастар бағалы бау-бақшалык,
тағамдық, сондай-ақ мал азықтық, дәрілік, сендік өсімдіктер болып бөлінеді.
Кейбір түрлерінін тұқымдарынан тағамдық және тех. май алынады, ал кейбір
түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.Асқабақ және орамжапырақ
тұқымдастар.

Асқабақ пен орамжапырақтың тағамдың, дәрілік маңызын айтып беріңдер.

Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады.
Бұлар - бақша өсімдіктері. Бақша парсының шағын бақ деген негіз алады.
Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада мсстін дақылдар деп есептейді. Бақшада
негізінен аскабақ тұқымдас өсімдіктер өсіріледі. Асқабақ, қарбыз, қауын,
қияр ,) - бакшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер. Қазір бақша
өсімдіктерінің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бұл есімдіктердің
көпшілігі бізге бұрыннан таныс.

Бақша өнімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық
өмсімдіктер. Қазасқтанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің
бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады.
Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты
өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша өзгерген өркен.
Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған. Олар –
негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.
Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты, жай жапыракты Гюлады. Гүлдері
жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі
дара жынысты , қосжыныстылары да кездеседі. Мысалы, жабайы өсетін ит жүзім
(переступень) – екі үйлі көпжылдық өсімдік. Оның тамыры өте жуан. Сабақтары
- жіңішке, жемісі - нағыз жидек. Халықтық медицинада тамырын іш босатуға
пайдаланады.
Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары,
5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 -еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден
біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында
бағана түзеді. Аталық тозандығы - имек. Аналық жатыны -үш ұялы. Жемісі -
қабақ (тыквина). Қабақ деген -өсімдіктердің сырты қатты, шырынды
жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте
көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар (мысалы, мексикалық қияр-чайот.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып
саналады. Бұлар – жемісі ең ірі өсімдіктер. Жемісінің салмағы 100
килиграмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік,
біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған
сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына
қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған
сабағы нәзікболғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін
қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.
Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық
гүлдер – ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. Жатыны
ұзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлдің формуласы:
Т(5) К(5) А(2)+(2)+1 Ж0
Ал аналық гүлдің формуласы:
Т(5) К(5) А(0) Ж(3)
Жемісі-қабақ.
Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға дейін
3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір
кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың
сан алуан іріктемелері қауақ, бәлішқауақ бар. Асқабақ тұқымдастар
азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Аскабақтар тұкымдасы .

Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде
тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер,
қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы
болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік
Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу үзын
сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда
пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады.
Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән.
Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек
тәрізді, саусаққалақ-шалы (пальчатолопастной) немесе саусақсалалы
(пальчаторас-сеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп
орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған^ (тармақталған) мұртшалары түрі
өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Гүлдері
актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің
бөліктері 4-шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте
дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығыңда аз гүлден түратын гүл
шоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл серігі
қосарланған, түп жағынан трубкаға біріккен болып келеді. Тостағаншасы 5
тісті. Күлте жапырақшасы 5-жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колесовидный)
тәрізді, сиректеу күлте жапырақшалары бос орналасады, олардың түсі сары
немесе ақ болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады, олар көптеген
түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4-аталығы екеу-екеуден қосарланып
бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бірағайынды болады
(асқабақ туысы — Сuсurbtа). Тозаң қабы екі ұялы, S — әріпі тәрізді иілген
болып келеді. Гинецейі ценокарпты, үш жеміс жапырақшадан түрады. Гүл түйіні
төменгі, үш ұялы, етженді болып келетін бүйірлік жатындары болады. Олар
үлкен болып өседі және бір-бірімен ортаңғы бөлігі арқылы түйіседі. Бұл
жағдайда гүл түйіні алты ұялы көрніс береді. Тұқым бүрі көп. Аналықтың
мойны қысқа, ал оның жоғарғы жағыңда 3-етженді аузы болады. Жемісі жидек
тәрізді. Экзокарпиі қалың, тығыз, тіптен қасанданған немесе ағаштанған,
Мезокарпиі мен эндокарпиі жүмсақ болып келеді (асқабақ, қарбыз, қауын,
қияр). Мүндай жемістердің үлкен болатыңдығы сонша, кейде олардың салмағы
100 кг астам болады. Сиректеу жемісі жидек болып келетін түрлеріде болады
(итжүзім туысы — преступень — Вrуоnіа). Дәндері көп, эндоспермі жоқ, тұқым
жарнағы жалпақ болып келеді.
Қияр туысы (огурец Cucumis). Бұтақ талмайтын мұртшалары бар
біржыддық өсімдік. Гүл түйіні цилиндр тәрізді, тікенекті түктері болады.
Гүлінің формуласы былай жазылады:
Са(5) Со(5) А,, G(3);
Са(5) Со(5) А(2)+ (2)+ (1) G0.
Африка мен Азияда таралған 30-дай түрі бар. Көкөністік өсімдік
ретінде екпе қиярды (огурец посевной ) өсіреді. Жабайы түрі белгісіз,
сорттарының көпшілігі полигамды.
Кауын туысы (дыня - Меlо). Қоңыржай климатты аудандарда кең таралған
10 түрі бар. Сабағы жерге төселіп өсетін біржыдцық шөптесін өсімдік. Гүл
түйіні сопақтау немесе шар тәрізді болып келеді, сыртында түктері қаптап
түрады. Екпе қауынды (дыню посевную - М.sаtіvа) БОР-дың оңтүстік
аудаңдарында, әсіресе Орта Азия Республикалары мен Қазақстанда көптеп
өсіреді. Бұл кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.
Арбыз туысы (арбуз - Citrullus) 3 түрі бар. Біржылдық және көпжылдық
өсімдік. Олардың ареалы Оңтүстік Африканың Колохара шөлін алып жатады.
Кәдімгі арбыздың (қарбыз, дарбыз) (арбуз съедовный - С.vulgaris) көптеген
сорттары өсіріледі.
Қоректік арбыз (арбуз кормовой — С.соlосуnthоіdеs) малға қорек
ретінде арнайы өсірілетін (дақыл) өсімдік.
Асқабак, туысы (тыква — Сucurbіtа). Тамыры ұршық тәрізді болып
келетін, кейде түйнектері болатын. көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін
өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек
мәдени жағдайда ғана кездеседі, Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін
орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигантская —
С.тахіmа) БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина,
Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква
мускатная - С.mоshаtа) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына
бейімделген сорттары бар, олардың жемістеріңде қанттың мөлшері аса жоғары
болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың
территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі
асқабақтың (кабачки -С.реро) жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп
өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл
өсімдікті көкөністік өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының
көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да
пайдаланады. Колоцинт (Сitrullus colocythus) жәңе итжүзім (переступень -
Вrуоnіа) туысының түрлері дәрілік өсімдіктер болып саналады. Кейбір түрлері
сөндік өсімдіктер ретіңде пайдаланылады, мысалы люффа (Luffa) туысының
түрлері. БОР-дың флорасыңда асқабақ тұқымдасынан итжүзім туысының екі
түрімен шөлейт аудандардың оңтүстігінде өсетін атпа қияр (бешеньгй огурец —
Есbаllium еlаtеrum) кездеседі. Өз атына сәйкес тургур қысымының күшімен
атпа қияр жемісінен дәндерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері
Асқабақтың емдік қасиеті
Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Асқабақ жайлы
Асқабақ тұқымдасы. Іс-тәжірибе бойынша есеп
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің агротехникасы
Асқабақ өсіру
Жидек және бақша дақылдары
Пәндер