Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеудің теориялық негіздемелері

1. 1. Халықтың өсіп-өнуі: жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктері . . . 7

1. 2. Халық санағын жүргізу өмірлік қажеттілік . . . 29

2 Халықтың өсіп, өнуі - тиімді демографиялық саясат жемісі

2. 1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық және миграциялық саясат . . . 40

2. 2. Қазақстанның бүгінгі таңдағы этникалық құрылымы . . . 49

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

Кіріспе

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы демографиялық өсіп-өну үдерістері, көші-қон және этникалық құрылымдық құбылыстар талданады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақ елінің терең әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси дамуында, терең мәні бар бағдарламалық еңбегінде, Қазақстандағы демографиялық өсу, халықтың әл-ауқаты, денсаулығы және ұлтаралық татулықты одан әрі кемелдендіру мәселеріне айрықша назар аударды. Бүгінгі күні Қазақстан халық саны 17 млн. асты. Қазақстанда 140 этнос пен 17 конвессия өкілдері тұрады. Этникалық, мәдени және әр алуандылыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық, ұлтаралық бірлік пен өзара құрметтеушілік қағидаттары толық сақталуда. Оған себеп-біз ұстанған демократиялық даму үлгісі, азаматтық қоғам, құқықытық мемлекет құру ұстанымдары. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институтын құрып, оның жемісті жұмыс істеуіне барлық жағдайлар тудырылды. Ендігі мақсат - ел халқының өсіп-өнуіне, молшылықта өмір сүруіне барлық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана отырып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көріну.

Ұлт көшбасшысының мақтаныш сезіммен айтқан осы даналық сөзінің терең әлеуметтік мәні бар.

Себебі халық санының өсіп, көбейуі көбіне көп оның өмір сүру деңгейінің, ал-ауқатының, азаматтарының денсаулығы мен білімінің жоғарылығына тікелей тәуелді. Егемендік алғалы бері Қазақстанның ұлттық экономикасының көлемі 2014 жылы 28 триллон теңгені құрады. Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. ІЖӨ өнімнің жыл сайынғы өсуі 5, 6%-ды құрап отыр. Бұл елдің алдыңғы қатарлы дамыған елдер санағында көруіне негізгі себеп. Орташа айлық жалақы 9, 3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті. Ұлттық қор 100 млрд. АҚШ долларынан асты. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды [1. 3-8б] .

Демек, мемлекеттік саясаттың шыншылдығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы үшін жасақталуы демокартиялық тұрғыда өсіп-өнуге тікелей ықпал етеді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында халықтың өсіп-өну үдерістері кез-келген қоғамтану ілімінің, соның ішінде ең алдымен, социология ғылымының зерттеу объектісіне айналғандығы қашаннан. Ал, мұның өзі осы зерттеу жұмысы авторының алдына зор міндет жүктетіп, зерттелуі қажетті мәселенің есігін ашып беріп отыр.

Мәселенің зерттеу деңгейі: Қазіргі ТМД елдері кеңістігінде демография ғылымының қалыптасуына Ресейлік ғалымдар С. Г. Струмилин, Т. И. Заславская және тағы басқалары зор үлес қосты. Бұл мәселені зерттеумен жан-жақты айналысқан қазақстандық ғалымдардың алдыңғы қатарында әлеуметтанушылар М. С. Аженов, М. Сужиков, М. Татимов және О. Нұсқабаевты атаған орынды.

Тарих ғылымында Қазакстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің болмысы терең өзектелген еңбектердің алдыңғы легінде М. Х. Асылбеков пен А. Б. Ганиеваның монографиялық зертеуін атаған жөн. Бұл еңбекте Қазақстандағы демографиялық тұрғыда халық санының кемуі мен өсуі мәселелерінің 1917-1980 жылдары арасындағы жағдайы талданған. Еңбекте 1926, 1939, 1959 және 1979 жылдары жүргізілген халық санағының мәліметтері зерделенген. Сонымен қатар еңбекте зорлықпен Қазақстанға жер аударылған Кавказ халықтарының, корейлердің және басқа халықтардың тағдыры да бейнеленген. Сондықтан, бұл еңбек республикадағы әлеуметтік-демографиялық ақуалдың ұзақ уақытын сипаттаған еңбектердің бірегейі саналады.

Десек те, Қазақстан өз егемендігіне ие болғаннан бергі аралықтағы демографиялық ақуал зерттелген еңбек жоқ десек те артық айтқандық бола қоймас. Сондықтан, біз өз еңбегімізде қазіргі Қазақстандағы демографиялық мәселелерді, көш-қон және этникалық құрылымды зерделеуді мақсат тұттық.

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы қазіргі демографиялық саясаттың мәнін, халық санының өсуін, көш-қон және этникалық құрылым ерекшеліктерін талдау.

Зерттеу міндеттері:

Қазақстандағы демографиялық процестердің даму тарихы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері;

Көш-қон, миграциялық жағдайлардың сипаттамасы;

Этникалы құрылым, демографиялық тұрғыда өсіп-өну перспективасының болжамы.

Зерттеу объектісі: Қазақстан халқының өсіп, өніп көбейуі, оған жағдай тудыру мәселелері, халықтың өсіп-өнуінің перспективалық болжамы.

Зерттеу пәні: Қазақстан халқының өсіп-өнуінің нақты жағдайы.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі ретінде: Демография мәселелері өзектелген авторлардың еңбектері, бағдарламалық заңнамалық өзегі ретінде Қазақстан Заңдары, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты еңбегі және 2015 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауы алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Әлеуметтік-демографиялық ақуалды зерттеудің теориялық негіздемелері

1. 1. Халықтың өсіп-өнуі: жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктері

Қазақстан әлемдік деңгейден қарағанда халық саны төмен мемлекет. Қазақстан бүгінгі күні бар-жоғы 17 млн. -нан сәл ғана астам адамдардан тұрады.

Дегенмен, Қазақстан көлемі жағынан әлемде 9-шы, ТМД елдері санатында Ресейден кейінгі екінші орынды иеленеді. Халық санының аздығынан Қазақстанда бүгінгі таңда 1 км жерге орта есеппен 5, 5 адамнан ғана келеді.

Оның себебі де көп. Ол ХХ ғасырдың 1-ші ширегінде алдымен патша өкіметі, соңынан Совет мемлекеті арнайы ұйымдастырған зорлық-зомбылыққа, ашаршылыққа байланысты. 1914-1933 жылдар аралығында қазақ халқы 5 млн-ға жуық тұрғынынан айырылды. Ұлы Отан соғысында 700 мыңнан астам жас қыршын кетті. КСРО құлап, ел өз егемендігіне ие болғаннан бері Қазақстаннан 2 млн-нан астам адам өз елдеріне көшіп кетті. Бұл үдеріс Қазақстанда әлі күні жалғасуда [2. -14б] .

Десек те соңғы 24 жылда халық өсіміне қатысты мәселелер үкімет тарапынан қолдау тауып, жергілікті халықтың өсімі жылдан жылға өсіп келеді. Осыған байланысты бұл үдерісті одан әрі жандандыра түсу үшін барлық мүмкіндіктер жұмылдыруда. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс деңгей көтерілуде. Десек те, әлі де болса әлеуметтік-экономикалық ақуал мен денсаулық сақтау саласында өз шешімін күткен мәселелер баршылық.

Олардың қатарында

а) әлеуметтік саланы күшейту, кедейшілікті ауыздықтау, әлеуметтік қолдауды күшейту;

б) экономиканы барынша жандандыру, барлық халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

в) Зейнетақы жүйесін жетілдіру;

г) Көш-қон мәселесін реттеу;

з) Ананы қорғау, бақуатты отбасын құруға көмектесу, балаларды қорғау, бала тәрбиесін жетілдіру, балаға білім беріп еңбекке даярлау. Туу мен көп балалы болуға жәрдем көрсету;

д) Ұлт денсаулығын барынша көтеру, дұрыс экологиялық шешім.

Елбасының Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында айтылған бұл мәселелердің шешімі халықтың өсіп-өнуіне, елдегі демографиялық ақуалды барынша жақсартуға ықпал етеді.

Аталған мәселелерді жеке-жеке алып талдап көрелік.

Қазақстан Республикасы статистика агентігі мәліметтеріне қарағанда 2015 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқы 17 млн. 376 мың адамды құраған.

Ал, 1991-2002 жылдар аралығында Қазақстанда халық саны 2 млн-нан астам адамға қысқарған. Осыған қатысты мәселелерді демограф ғалымдар төмендегінше түсіндіреді.

1. 1993 жылға дейін Қазақстаннан 2 млн халық көшіп басқа елдерге көшіп, 16 млн 442 мың халықтан Қазақстан халқы 14 млн-ға дейін қысқарды.

2. 1998-2003 жылдар аралығында Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай біршама жақсарды. Халық саны өсе бастады.

3. 2004 жылы Қазақстанда демографиялық өсім негізі бір қалыпқа түсті. Осы негіз 2014 жылы Қазақстанда халық санының 17 млн-нан асуына өз септігін тигізді.

Соңғы жылдары Қазақстан халқының өсу деңгейі жылына шаққанда 1503 адамды, туылғандар саны 2623 баланы, жалпы алғанда 1000 адамға шаққанда өсім 15, 5 адамды құрап отыр. Егер осы деректерге сүйенер болсақ халық саны 2015 жылы шамамен 1, 5 млн адамға көбейеді екен. Алайда қазіргі еліміздегі өсім процесіне қатысты ғалымдар, біз болашақта халық саны көбейеді деген тұжырымға алданбауымыз қажет дейді. Себебі, өткен ғасырдың 90-жылдары туылғандар енді ғана ата-ана бола бастады. Ал, дәл сол жылдары туылым процесі өте төмен болған болатын. Сонымен қатар, соңғы 10-15 жылда 45-50 жастағы азаматтар қартайды, ал олардың үлесі Қазақстанда әлі де болса жоғары. Егер 1999 жылы 40-54 жас арасындағы азаматтар 2410, 8 болса, 2014 жылы оладың саны 2918, 6 адамды құраған. Бұл алдағы жылдары өлім-жетім өсе түседі деген сөз.

Ал денсаулық мәселесін сөз етсек, Қазақстан қазір демографиялық жағдайға қатысты қолайлы саясат ұстануда. Оған жас нәрестелерге дәрі-дәрмектің тегін берілуі, Сара Назарбаева ұйымдастырған «Бөбек» қоры, ана мен баланы қорғауға қатысты реабилитациялық орталықтардың ашылып, жұмыс істеуі, әлеуметтік қорғау қызметінің жандана түсуі дәлел бола алады. Алайда халықтың білместігі, ақпаратсыздығы, белсенділігінің төмендігі бұл жеңілдіктерді пайдаланбауына әкеліп соқтыруда. Ал осы фактор халықтың білместігін пайдаланушы алаяқтар санын өсіре түсуде.

Оған себеп бұл мәселенің жүзеге асу механизмінің үкімет тарапынан қатаң бақыланбауында.

Ер адам мен әйел адамның денсаулығына келер болсақ демографиялық факторға қатысты мұнда бедеулік пен белсіздік мәселесі өзекті бола түсуде. Қазақстанда некелердің 10-15 % бала жасауға қабілетсіз. Бұл мәселеге қатысты көпшілік санасында әйел бедеулігі деген пікір қалыптасқан. Ал қазіргі таңда соңғы медициналық сараптама деректері бойынша, бұл мәселе еркек пен әйел қатынасында 50/50 % -ды құрап отыр. Мәселен, соңғы жылдары ер адамдардағы спермагамманың 40-45% -ға белсенділігі төмендеген. Урологтардың айтуынша ерлер факторы яғни ерлер белсіздігі белең алуда, әсіресе 20 мен 26 жас аралығындағы ер адамдар қатарында пайыздық мөлшері өте жоғары. Оның бір себебін уролог ғалымдар былай түсіндіреді; Мен еркекпін, менде ондай проблема жоқ деп, еркектік намысқа сүйеніп, ауруын асқындырады. Әйелдеріміз гинекологқа барса, ерлер урологтарға бармайды дейді. Сонымен қатар әйелдер арасында анемия, бүйрек аурулары кең тараған. Қазіргі әлеуметтік жағдайға қатысты көпшілігі нашар тамақатанады. Тамақ рационы мөлшері мен әртүрлігі өте аз. Соңғы кездері ауруханаларда жүкті әйелдердің табиғи жолмен босануы шектелген, оның орнына нәрестені хирургиялық жолмен іштен алу көбейген. Бұл біріншіден ананың денсаулығының нашарлығын көрсетсе, екіншіден демографиялық өсімге болашақта тосқауыл болуда. Өйткені хирургиялық жолмен босанған әйел, келесі жолы бала табу мүмкіншілігінен айырылуы мүмкін.

Жасанды түсік мәселесіне келсек, бұл кесел барлық мемлекеттерде өзекті проблема. Жасанды түсікке КСРО кезінде тиым салынды, бірақ түсіктер жасалынған жоқ емес жасалынды, алайда оны көпшілік қауымға ақпараттамады. Бірінші орында коммунистік идеология, коммунистік сана тұрды. Қазақстан жағдайында бұл проблема қазіргі таңда өршіп тұр. Соңғы кездері бұл мәселені «Болашақ» қозғалысы көтеріп жүр. Статистикалық мәліметтер бойынша жылына елімізде 300 жасанды түсік жасалады екен. Ол әсіресе 16 мен 24 жас аралығындағы жас қыздар арасында кең тарауына байланысты аталған қозғалыс жасанды түсікке заң бойынша тиым салу қажет деген бағытта. Осы мәселеге қатысты демограф Мақаш Тәтімов түсікке тиым салу арқылы Қазақстан халқының өсімін көтеріп алуымызға әбден болады деген пікір айтады. Алайда біз әйел баласын заң күшімен күштеп бала таптыра алмаймыз. Егер болған жағдайда мемлекет өз қарамағына алып, қыруар қаржы жұмсауы қажет. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарап, жасанды түсікті болдыртпаудың алдын алу шараларын жасаған жөн деп есептеймін.

Неке және отбасы мәселесі әсіресе қазіргі күні жастар арасындағы өршіп түрған проблема. Бұл мәселе демографиялық өсімге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы мен отбасы тауқыметі қазіргі жас отбасындағы тұрақсыздықты көбейтуде. Аз жалақы, жетіспеушілік, нарық заманы жастардың психикалық эмоцияларына ие бола алмауына әкелуде. Оның үстіне батысқа еліктушілік, батыстық сана, материалдық игіліктерге қызығушылық отбасы тұрақсыздығына әсер етуші факторлардың көптігі белең алуда [4. 17-24б] .

Халқымыздың 25% пайызын құрайтын жастарымыз отбасын құра алмай жүр. Басты себеп, баспана мен жұмыссыздық. Бұрынғы КСРО жүйесіне үйренген сана, қазіргі нарықтық жүйеге үйрене алмауда. КСРО -кезіндегі жұмыспен және баспанамен қамту келмеске кетті. Ертең қайда тұрам, бала-шағамды қалай және неге асыраймын деген сауалдар жастар ойын мазалауда. Егер біз осы жағдайды осындай күйде қалдырып, әрекетсіздікке жол беріп, арнайы саяси бағдарлама қабылдамасақ, онда қазіргі жастармыздың отбасын құрмай жүруі, болашақта Қазақстанда адам ресурсының дефицитіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі отбасы бір немесе екі баламен шектелуде. Бұл айтылған мәселелер елімізде ешқандай шара қолданылмай жатыр немесе неке саны үлғаймай жатыр деген сөз емес, осы мәселеге мемлекеттің көңілін тереңірек аударуға саяды. «Хабар» агенттігінің мәліметі бойынша 2014 жылы неке саны 29762, биылғы жылы 32702 ұлғаяды деп күтілуде. Ажырасу 21055-тен 10393-ке қысқарған. Осы деректерді негізге алғанның өзінде Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 7 отбасын, 100 қыз балаға шаққанда 106 ер баланы, ал пайыздық өлшеммен 51. 8 %-әйелдер, 48. 2 %- еркектерді құрап отыр

Жұмыссыздық мәселесінде әлеуметтік жағдайы төмен елді мекен тұрғындары ірі қала орталықтарында жалдамалы жұмыс атқаруда. Ол құрылыс, қызмет көрсету салаларында басымырақ дәрежеде. Бұл сырттан күн көріс қамын ойлау, ақша табу да отбасының тұрақсыздығымен және халық санының өсуін тежейтін факторлар болып отыр. Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асып жатқанымен, бұл саясат орта тап өкілдеріне арналмаған. Еліміздегі несие пайызының жоғарылығы мен жалақы мөлшерінің төмендігі қарапайым адамдардың тұрғын үйге деген мүкіншілігін кемітуде.

Экология деп, әсіресе КСРО кезінде завод-фабрикалар жұмыс жасап, ядролық сынақ алаңдары қызмет етіп тұрғанда айқай салғынымыз рас. Ал қазіргі таңда олардың санының азайғандығын ескерсек, Арал мен Семей экологиялық аймағындағы өлім-жітім дәрежесін және жанармаймен жүретін көліктердің ауаны ластап жатқанын есептемегенде, демографиялық өсімде елмізде аса ауыр экологиялық қауіп төніп тұрған жоқ [3-105б] .

Әрине бұл жоғарыда көрсетілген проблемалар ірі мұздықтың бір шеті ғана. Әйтсе де, халық санын көбейту еліміздің болашағы үшін аса маңызды іс болып отыр. Аталған мәселелерді қорытындылай келе, еліміздегі демографиялық саясатты жүргізудің мынандай шараларын ұсынуға болады деген пікірдемін. Атап айтқанда; Халық санынын ұлғайтуда біз табиғи жолды ұстанғанның өзінде 1, 5 млн адамды қоса аламыз, ал механикалық жолдағы шет елдерден қандастарымызды әкелуге жас мемлекетіміздің толық шамасы жетпейді. Біз Германия сияқты үлкен мөлшердегі халықты сырттан қабылдауға әлі қауқарсызбыз. Оның үстіне шет елдегі орныққан қандастарымыз Қазақстанға келмейді. Әсіресе Еуропадағы, Түркиядағы қазақтарды айтуға болады. Өйткені олардың материалдық деңгейі бізден жоғары және олар сол тұрғылықты жерінде қалыптасқан. Яғни, ; тұрғылықты үй-жайы, жұмысы бар. Біздің мемлекетіміздің оларға ұсынып отырған әр отбасы мүшесіне берілетін 1000 Ақш доллары, оларға жұғында болмайды. Мысалы, Түркиядағы қандастарымыздың айтуынша, бір орташа отбасы күн

көруге шамамен айына 1000 АҚШ долларын жұмсайды екен. Бізге келіп жатқан оралмандар Монғолия, Ауғанстан, Иран, Қытай сияқты елдерден. Себебі Монғолиядағы нашар әлеуметтік-экономикалық жағдай, Қытайдағы аз ұлттарды қытайландыру саясатының күшеюі қандастарымызды ата мекеніне көшуге мәжбүрлеуде.

Келесі мәселе, жұмыспен қамту жағдайы. Қазақстан қазірдің өзінде тұрғылықты тұрғындарын жұмыспен толық қамти алмай отыр. Бұл мәселе жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруды талап етеді. Дегенмен, біз дамыған батыс мемлекеттерімен жарыспай-ақ, жас мемлекетіміздің шамасына сай оралмандарымызды қабылдауды тоқтатпағанымыз жөн. Өйткені Тәуелсіздігіне бар жоғы 24 жыл толған мемлекетімізде бұл мәселені шешу оңайға түспеуі анық.

Туылым көрсеткіштерін көтеру мәселесі де өз шешімін табуы тиіс. Себебі қазіргі таңда 3 бала табу әйел үшін ерлік. Көп отбасы 1 немесе 2 баламен шектелуде. Туу процесіне қатысты өткен жылдары еліміз материалдық игіліктермен ынталандыру саясатын жүргізген болатын. Мысалы, туған нәрестеге 13 мың теңгелік сыйақы, жаңа жылдағы 100 мың теңгелік сыйақы халыққа әжептәуір стихиялық болса да өсім серпілісін берді. Біз осы саясатты тоқтатпай дәстүрге айналдыруымыз қажет.

Бірақ бұл мәселеге қатысты Қазақстанда ананы қолдау институты жұмыс жасамай жатқан жоқ емес. Нәресте туылғанда 15 айлық есеп сомасы төленеді. Қазір бұл көрсеткіш 32 мың теңгені құрайды. Бір жасқа дейін балаға 3 АЕК, 2- ші балаға -3, 5АЕК, 3-балаға 4АЕК, одан жоғары-4, 5 АЕК тағайындалған. Сонымен қатар әлеуметтік қорғалмаған отбасындағы балаға 18-жасқа дейін ақшалай көмек қарастырылған. Жаңа жылдан бастап төрт немесе одан көп балалы отбасына, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Аналық даңқ» 1-2 дәрежелі аналарға мемлекеттік көмек көлемі әр бала үшін 18 мың теңгеге ұлғайтылды. Осындағы бір мәселе балалы немесе жүкті әйелдерді көп мекемелер жұмысқа алудан қашады. Оларға декреттік төлем ақы төлегісі келмейді. Бұл проблема Елбасының биылғы халыққа Жолдауында айтылып, бүгінгі таңда оң шешілуде.

Келесі бір мәселе, кейбір ғалымдар клондау мәселесін көтеруде. Менің ойымша, клон идеясы дұрыс, бірақ адамды емес, адам органдарын клондаған жөн. Сонда біз бір жағынан қылмысқа тосқауыл қоямыз, екінші жағынан адам органдарына деген қажеттілік мәселесін дұрыс шешеміз.

Денсаулық сақтау мәселесі өте өткір, өз шешімін күнделікті шешуді талап ететін проблема. Әр адам өз денсаулығына күтіммен қарауы қажет. Екіншіден мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен қолдауларды дұрыс пайдалана білгендігі жөн. Күнделікті тірліктен аз уақыт болса да алшақтап, БАҚ, мерзімдік басылымдардағы денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты мәліметтерден хабардар болып отыруы керек. Басқаша айтқанда өзін-өзі ақпараттандырумен айналысуы қажет. Мәселен, Түркістан қаласы тұрғындары ана мен баланы қорғауға қатысты «Домалақ ана» реабилитациялық орталығының барлығын біле бермейді.

Әйел мен еркек мәселесіндегі белсіздік пен бедеулікке келсек, Батыста мәселен Франция мен Германияда бұл мәселеге қатысты арнайы бағдарламалар бар және бұл проблемаларды шешумен сақтандыру компаниялары айналысады. Алайда бұл қызмет көрсету саласы 2000 АҚШ доллары көлемінде ақы төлеуді қажет етеді. Қазақстанда да бұл өз шешімін табуды қажет ететін проблема. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек қажет. Осы мәселемен айналысатын орталықтар ашып, жеңілдіктер жасалынуы тиіс. Бедеулік пен белсіздік мәселесін шешуде біздің халқымыздың кейбір бөлігі дәстүрлі емес әдістерді пайдаланады. Ал, керісінше арнайы әлемдік тәжірибеде бар әдістерді қолданған дұрыс. Ана жалдау, немесе бала асырап алу және тағы да басқа әдістер арқылы.

Жасанды түсікті болдырмау үшін ең алдымен одан сақтандыру шараларын пайдаланған жөн деп есептейміз. Атап айтқанда, отбасында ата-ана, мектепте мектеп әкімшілігі, ЖОО-да оқу орны әкімшілігі тарапынан ауруханалармен келісіп, арнайы консультациялар өткізу керек. Біздің жас өспірімдер мен жастарымыздың көпшілігі жүктіліктің алдын алудың түрлі дәрі-дәрмектік қорғану әдістерін білмейді. Оны ашып сұрауға немесе білуге ұялады, қысылады. Білмегендіктен жүктілікке ұрынып жасанды түсік жасауға мәжбүр болады. Сондықтан жоғарыда аталған мекемелер бойынша кем дегенде жылына екі рет жастарға арнайы тақырыптарда лекциялар оқытылғаны дұрыс. Екіншіден, дамыған мемлекеттерде мемлекет тарапынан жасанды түсіктің, қалалаусыз жүктіліктің және түрлі жыныстық аурулардың алдын алу мақсатында арнайы сақтандыру препараттарын тегін таратады. Осындай шараларды шет елдерден үлгі етіп алуымыз жөн болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы демографиялық жағдай
Қазақстандағы демография туралы
Социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
Экологиялық мәселенің мәні
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Шетелдердегі демографиялық ахуал
Қоғамның демографиялық құрылымы туралы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz