Қыз бала тәрбиесі



М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық.педагогикалық
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Жастарды ұлттық салт.дәстүр арқылы тәрбиелеудің мәні мен мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

2 ҚЫЗДАРҒА ҰЛТТЫҚ САЛТ.ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Ұлттық салт.дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

2.2 Қыз балалардың сана.сезімін, имандылығын, эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

Қосымша
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ол - Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап,
ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, - деген болатын елбасымыз өз сөзінде [1].
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі – күн, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы –қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Қазақ халқының мақсаты - әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа,инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты. Бұған әсіресе ата-ана қуанады. Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай,бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару,тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана,бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл - өмір заңы» - деген. Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп,қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі. Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:
• Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.
• «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.
• Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.
• Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып, тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.
• Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.
• Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек.
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі қасиеттерінің бірі. Бала – ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен. Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды бастан кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір жаңғыртқандай. Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман еткен Қорқыт атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А.Ясауи ілімдері, Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы.Алтынсариннің тәрбиелік ойлары, А.Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М.Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар. Бүгінгі таңда осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық көрсетіп отырған Оразбекова К, М.Оразаев, М.Смаилова, Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.Ғаппасов, С.Қалиев, Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабаев т.б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді [2].
Қыз баланың, әйел адамның тәрбиесі қашанда халық аузында. Тәлімгер ана – тірегің, тәрбиелі қыз – жүрегің. Әрбір халықтың отанасы, тәрбие негізін қалыптастырып отырады. «Қызды қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю, Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» - деп, ананың қасиет, қадірін дәріптеп: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді – деп, және пейіш ананың табанының астында деген теңеулерден асқан құрмет болмас. Бүгінгі таңда кейбір келеңсіз жағдайларға көңіліміз толмай, қазіргі қыздардың бойынан имандылық, ибалық, шеберлік, іскерлік, төзімділік, батылдық т.б. көре алмай, мұның мәнісі неде дей келе зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қыз балалар тәрбиесінің өмірдегі мәні мен оны қалыптастыру жолдары» деп алуды ұйғардық.
Зерттеу мақсаты: Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру.


Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қыздарды тәрбиелеу теориясының негіздерін айқындау;
- Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық
проблемаларын қарастыру;
- жастарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау;
- ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің әдістерін және
ерекшеліктері қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: Білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Қыз балаларға ұлттық салт-дәстүр тәрбиесін беру үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді талдау,зерделеу, жинақтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқада ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогиалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы АСТАНА. 17 қаңтар. 2014.
2 Ќалиев С. Ќазаќ халќының салт-дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы РБК, 1993ж.
3 Құран. «Ниса» сүресі:29 –аят Астана. 2007
4 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана. 1997.
5 Диқанбаева С. “Қазақстан кыздарының денсаулығы 70 пайызы төмен” “Айқын” газеті, 2007 ж. №117.
6 Байсарина С.С Қазақтың салт-дәстүрлері оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын педагогикалық шарттары.17-25б. Түркістан 2007жыл. Дис-қ жұмыс
7 Тайтилев Ф. Әйелдің бақыт жолы. Шымкент. «Нұрдана - LTD» 2011
8 Cандыбаева Г. Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана. Алматы. «Азият» 2004
9 Қасымжанов А. Рухани тамырлар. «Қазақ», 2003 .
10. Алтынсарин Ы. Тањдамалы педагогикалыќ мұралары. Алматы 1991.
11. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, мақалалар және әдеби зерттеулер. А., «Жалын» 1991.
12 Жұмабаев М. Педагогика «Ана тілі» 1992.
13 Аймауытов Ж. Психология Алматы. «Рауан». 1995
14 Ахметов Ш. Ќазаќ балаларының халыќ дәстүрлері арќылы тәрбиелеу. Алматы. 1989
15 Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері. А.,1990.
16 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. А., «Санат» 2001.
17 Ахметова З. Кәусар бұлақ бағдарламасы. А., 1998.
18 Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. А.,2007.
19 С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика. Астана. 2007.
20 Жарықбаев Қ.Б. Наурызбаев Ж. «Қазақтық ұлттық тәлім-тәрбие атауының түсіндірмелі сөздігі».Алматы: «Ғылым»,1993жыл.
21 Тілеуова С.С. Этнопедагогика. Шымкент. 2003.
22 Жарықбаев Қ. Мақал-мәтелдер- халық психологиясының айнасы- кітапта қазақ психологиясының тарихы. А., 1991
23 Әбілова З. Этнопедагогика А., 1997.
24 Төлегенова А. Тәрбие тал бесіктен басталады.//Ќазаќстан мектебі 2004ж. N6. 6б.
25 Ќоянбаев Ж.Б.,Ќоянбаев Р.М., Педагогика. А., 2004
26 Жарықбаев Қ.Б. Наурызбаев Ж. «Қазақтық ұлттық тәлім-тәрбие атауының түсіндірмелі сөздігі».Алматы: «Ғылым»,1993жыл.
27 Єбдіразаќов Е. Адамгершілік, имандылыќ тєрбиесі, Шымкент,1994ж.
28 Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. “Қаз. Универ” 1999.
29 Єлімбаев М. Халыќ-ѓажап тєлімгер «Рауан» 1991
30 Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми методологиялық Фнегіздері. АГУ. Хабаршы. 19,21 сандары. 1995.
31 Табылдиев Ә. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. А.,1991.
32 Жарыќбаев Ќ., Табылдиев Є. Єдеп жєне жантану, Атамұра, 1994
33 Садырбаев С. Фольклор және эстетика. А., «Жазушы», 1990.
34 Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. А.,1993.
35 Қожахметова К.Қазақ этнопедогогикасы.-Алматы:Ғылым 1998жыл

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Жастарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің мәні мен
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2 ҚЫЗДАРҒА ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ әдістемесі

2.1 Ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

2.2 Қыз балалардың сана-сезімін, имандылығын, эстетикалық тәрбиесін
қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып
тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты,
түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек? деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ол - Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды
тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды
етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше,
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - Қазақстан-2050
Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі
оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай
халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан
берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп
бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз
өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол
сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін
өзімізді үнемі қамшылап,
ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, - деген
болатын елбасымыз өз сөзінде [1].
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы
өлшенеді. Біздің халқымызда Қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің,
жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су
жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі – күн, жердегі көзі –
адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті
сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей
болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз
бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол,
сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі
міндеті. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет
етеді.Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Отбасы –қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам.
Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол
әдетін сақтайды. Қазақ халқының мақсаты - әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз
баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның
аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке,
сыпайылыққа,инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа
тәрбиелеу. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында
бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз
шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып
өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі
бақыты. Бұған әсіресе ата-ана қуанады. Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты
жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. Қыздың
жолы жіңішке, Қызға қырық үйден тыю деген сияқты халықтық тәлімгерлік
талаптарының мәнін түсініп қана қоймай,бойжеткен одан өзіне қатысты
қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы
керек. Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің
әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну,
қызару,тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес,
ата-ана,бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз
ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Біздің халық
ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген
ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-
тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп
жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі
шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-
әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.
Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: Қыз баланың мына
өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын
өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене
сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл - өмір заңы
- деген. Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа
бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ
әкеліп,қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге
түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің
сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл
оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі. Қазіргі заман ағымына сай қыздар
тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым
келеді:
• Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып
әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала
болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына
еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді,
қалай баулыса солай қарай бой түзейді.
• Қызға қырық үйден тыйым деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-
кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше
баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу
керек.
• Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.
• Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас
ұрпақты баулып, тәрбиелеу үшін мұны білуге әлі ерте, оған тыйым
салынады деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі
ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге
жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.
• Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге,
құрметтеуге үйрету.
• Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға
арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек.
Ел болам десең – бесігіңді түзе дейді біздің дана халқымыз. Бала
тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі
қасиеттерінің бірі. Бала – ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп
бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су
құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын
көрсеткен. Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды
бастан кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды
қайта бір жаңғыртқандай. Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман
еткен Қорқыт атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-
Фарабидің білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А.Ясауи ілімдері,
Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы.Алтынсариннің тәрбиелік ойлары,
А.Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М.Жұмабаевтың Педагогикасы,
Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де
құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың
қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар. Бүгінгі таңда
осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық көрсетіп отырған
Оразбекова К, М.Оразаев, М.Смаилова, Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.Ғаппасов,
С.Қалиев, Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабаев т.б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін
жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі жолдарын көрсетіп,
мақсатын жеткізе білді [2].
Қыз баланың, әйел адамның тәрбиесі қашанда халық аузында. Тәлімгер
ана – тірегің, тәрбиелі қыз – жүрегің. Әрбір халықтың отанасы, тәрбие
негізін қалыптастырып отырады. Қызды қырық үйден тыю, қала берсе күңнен
тыю, Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі - деп, ананың қасиет,
қадірін дәріптеп: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді
тербетеді – деп, және пейіш ананың табанының астында деген теңеулерден
асқан құрмет болмас. Бүгінгі таңда кейбір келеңсіз жағдайларға көңіліміз
толмай, қазіргі қыздардың бойынан имандылық, ибалық, шеберлік, іскерлік,
төзімділік, батылдық т.б. көре алмай, мұның мәнісі неде дей келе зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Қыз балалар тәрбиесінің өмірдегі мәні мен оны
қалыптастыру жолдары деп алуды ұйғардық.
Зерттеу мақсаты: Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз
балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қыздарды тәрбиелеу теориясының
негіздерін айқындау;
- Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық
проблемаларын қарастыру;
- жастарды ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін анықтау;
- ұлттық салт-дәстүр арқылы қыздарға тәрбие берудің әдістерін және
ерекшеліктері қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: Білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Қыз балаларға ұлттық салт-дәстүр тәрбиесін беру үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді
талдау,зерделеу, жинақтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау,
бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңы,
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқада ресми
материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу
тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогиалық басылымдар,
журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері
басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қыз балалар тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық
мәселелер
Қыз қылығымен көркем деп данышпан халқым қыз тәрбиесіне ерекше мән
берген. Келінім саған айтам,қызым сен тыңда , Қызды қырық үйден тыю
деген ұстанымды ұстанған аналарымыз бен жеңгелеріміз қыз тәрбиесіне
келгенде басты назар аударған. Қазақ қызы десе, қос бұрымы жотасында
ойнаған, иманды жүзді, ибалы мінезді, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете
білетін, көрген сәттен қылығымен тәнті қылар, биязы, нәзік жанды аруларымыз
көз алдымызға еріксіз елестейді.Қазіргі сәтте ол образды көрсетіп жүрген
дер аз.Сөзіме дәлел ретінде айтсам , инабаттылықтың орнына жүзіне дарақы
күлкі пайда болды, жігіт бетіне тура қарамайтын қазақ қызы қарап тұрған
жігіттің мойнына асылатын болды, бүрмелі қос етекті көйлектің орнына қысқа
белдемше киіп,кіндіктеріне персинк тағып, денелеріне тотировка салдырып
жүрген қыздарымыздың қылығы. Бойларына жанымызға жат әдетпен айналысып
жүргендерін көргенде қарның ашaды. Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған
ең басты мәселе-қыздардың темекіге әуестігі. Мемлекет тарапынан бюджеттен
қаншама ақша бөлініп,көшелерде Темекіге жол жоқ деген сынды билбордтар
ілініп, түрлі шаралар жасалып жатса да, бұдан шығып жатқан нәтиже
шамалы.Керісінше, темекі тұтынушы қыздарымыздың саны көбеймесе,азаяр түрі
жоқ. Темекінің адам ағзасына зиян екені Ислам дінінде де айтылған.
.
Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер! [3]
Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды баяу өлімге апаратын
бірден-бір зиянды жол екенін айтып, жамағатты жаман әдеттен сақтануды
айтады.  Жастар арасында кең етек алған бұл індетке қарсы күрес мақсатында
Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған Қазақстан -
2030 стратегиялық бағдарламасында негізгі басым бағыттардың ішінен жеті
басымдықты, соның төртіншісі Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын, білімі
және денсаулығын атап көрсетеді. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол
жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек,- дейді [4].
1 бағыт-Темекі шегуді тоқтату
2 бағыт-Нашақорлыққа,наркобизнеске қарсы күрес 
3 бағыт- Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес
Бағдарламада былай делінген: Алкоголь мен темекінің адам өміріне
зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе жүргізу
алкоголь мен темекіге салық салудан бастап бірнеше бағытты ұсынып отыр. Біз
бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуміз керек. 
Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ата заңымызға
толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.Соңғы кездері темекіге қыз-
келіншектердің қызығушылығынның артып бара жатқаны әлем назарын аударып
отыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау
ұйымымен (ДДСҰ) бірлесе отырып бойымызды жайлаған індеттен айығу жолдарын
қарастыруда. ДДСҰ-ның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, әлемде
әйелдердің 12 пайызы темекі шегеді екен. Әйелдер арасында темекі
шегушіліктің ең көп тараған елі Дания болып тұр. Ал елімізде 12 жастан
асқан әйелдердің шамамен 9,8 пайызы темекіні тұрақты тұтынады. Және бұл
көрсеткіш ұдайы өсу үстінде. Мәселен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру
проблемаларының Ұлттық орталығының деректеріне сүйенсек, 2001 жылы 12
жастан асқан әйелдердің 7,5 пайызы темекі шексе, 2006 жылы еліміздегі
шылымқор әйелдер 8 пайызды құраған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева: темекі шегуші
әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда 2004 жылы 1- де 5-ті, бүгінде 1-де 3-
ті құрайды, ал 13-15 жастағы топта- 1-де 2 –ні құрайды. 10 жыл бұрын темекі
шегуші ер балалар мен қыздардың ара салмағы 1-де 5-ті, кей жерлерде 1-де 10-
ды құраған.Әйелдер арасындағы темекі шегушіліктің ең жоғарғы дәрежесі 18-19
жас 20 пайыз және 20-29 жас 17,2 пайыз аралығында топтарында анықталды ,
деп (ҚазАқпарат .2010 жылы мамыр айының 26 жұлдызында ) хабарлайды. ДДСҰ-
ның стастистикалық деректеріне көз жүгіртсек, темекінің улы түтіні жыл
сайын шамамен 281 мыңға жуық әйелдердің өмірін қиса, бүкіл әлем бойынша 600
мыңнан астам адам жанама түтіннен қайтыс болады екен. Бүкіл дүние жүзі
бойынша 1 млд. адам темекі тартады.
Темекі зардабынан күніне 10 мың адам,жылына 3,5 млн. адам қайтады
екен,елімізде 3,2 млн. (33% ) адам шегеді, зардабынан жылына 25 мың адам
көз жұмады екен.Нәзік жанды аруларымыздың темекіге әуестігі жөнінде БАҚ да
жарысып жазуда. 
Темекі ананың өз денсаулығына ғана қауіпті ғана емес,болашақ баласына
да үлкен ауыртпалық әкеледі.Өйткені ұзақ уақыт бойы темекі тартқан әйелдер
бала туу қабілетінен айырылады,болмаса , олардың балалары іштен өлі туылу
қаупі өте зор.Бұған статистика да куә, мұндай әйелдердің жартысына жуығында
балалар ана жатырында-ақ қайтыс болған,-дейді Салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева
[5].
Тәрбие басы тал бесіктен деген Махмұт Қашқаридың сөзінің тереңіне
үңілсек, езулеріне темекі қыстырып, көк түтінге уланып жүрген аруларымыз
ертеңгі күні бала тәрбиелейтін ана болғанда өз балаларына қандай тәлім-
тәрбие бермек? 
Бүгінгі сылқым бикештер батыстың мәдениетін мүмкіндігінше алды, алайда
жанға жат та жиіркенішті әдеттерін бойларына сіңіріп те үлгерді.Абай атамыз
орысты үлгі ретінде көрсеткендегі мақсаты осы ма еді? Керісінше, “жақсысын
үйреніп, жаманынан жиренуді” өсиет етпеп пе еді? 
Кешегі қазақ қызының бүгінгі бейнесі кісі ұялатындай: қаншалықты сұлу болса
да жағымсыз иісті темекі түтінімен жарасымсыз көрінетінін ойламайтын да
секілді, ұлт болашағы бүгінен басталады десек, ұрпақ жалғастырушыларымыз
қылығы осындай. Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себеміз демекші, мәселе
марафонының алдыңғы қатарында келе жатқан бұл жағдайдың алдын қалай
тұмшалауға болар? Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер. Ендеше, қылығы
көркем,ибалы ерке қыздарымыздың тәрбиесін түзейік. Ағашты шыбық күнінде
түземесек, кейін кеш болатыны белгілі ғой...[6]
Ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,
көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты
ұлттық қасиеттерін таныта білу, коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте
сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; проблеманы шешу – қазақ халқының
әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Қазақ халқы Қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың,
сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген
ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз
баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер,
білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер
арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: Қыздың жиған жүгіндей, Қыздың тіккен
кестесіндей, Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі, Жақсы қыз – жағадағы
құндыз, Қызы бар үйдің қызығы бар, т.б.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді нәзіктік пен сұлулықты,
ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық
пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді.
Қазақ халқында Қыз – елдің көркі, гүл - жердің көркі деген мақал бар.
Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін
көрсетеді.
Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай
болса, қыздардың өнерін тамашалайық. Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-
өрнек, төсек жинау.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті –
жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық,
сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға
қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы
ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны
мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп
қараған [7].
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге
қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа
ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық,
үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу
қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының
бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды,
яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б.
жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Әсіресе
қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, Аттың көркі –
жалы, қыздың көркі - шашы деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол
үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе
бестемше етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының
жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: Шашының ұзындығы
ізін басқан, Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген, Қыпша бел, қиылған
қас, қолаң шашты, т.б. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге
бөлген. Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп
тұратын. Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден
көзге түсе қоймайтын. Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл
жанған, тәні шымыр. Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті
сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті; Ару қыз - бет пішіні, дене
мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы. Ажарлы
қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты. Әсем
қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
Қазақта қызға қырық үйден тыйым деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық-қорлыққа тыйым.
Салт-дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс-керіске тыйым. Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен
шығармаңдар!
Әй, қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл
бөлген. Мысалы: Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ деп қыз
балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек
кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы сай
болуын қалаған. Қызым үйде, қылығы түзде, Қыз ақылы шешеден, т.б. мақал-
мәтелдер соған арналған.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-
құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың Қызың өссе, қызы
жақсымен ауылдас бол, Қызға қырық үйден тыйым деген нақыл сөздері сол
өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан:
ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері
де табылуға тиіс. Халық Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без деген. Ұлы
Абай атамыз Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма
деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі
етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында
тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер.
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң
жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар
ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз [8].
Отан отбасынан басталады десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы,
берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның
ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана
болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты
қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз
– бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген
асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас
қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің
өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-
дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға
дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ
әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен
салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ
оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке
елігіндей бұлаңдап өскен. Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына
күш-қуат бітеді. Оларды қорғағысы келеді. Батыр атанған қазақ елінің ер-
азаматтарын жігерлендіріп отырған осы нәзік жандыларды қорғау ниеті.
Өйткені ер мен әйел әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырған. Осыған қарама-
қарсы  Батыс елдерінің өркениеттік үлгісі болып табылатын бала тумай, тек
қара басының қызығы үшін өмір сүру үрдісі, әйел адамды ер адамнан жоғары
қойып, ерлерге тән қылықтарды насихаттауы, т.б. кереғар тұстар қоғамда әйел
киімін киетін еркектерді, еш мұқтажсыз өзін еркектерше ұстайтын еркекшора
қыздарды әкеліп отыр. Бір хадисте адамзаттың қай ұлтында, қай дәуірде
болмасын, қандай қоғамдық заңдармен әйелдерге түрлі құқық бергенмен, ол
Алла берген жаратылыс болмысына сай болмаса, оны бұзады, тағдырын қор етеді
делінген екен. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның
ішінде тіпті билік еткен әйелдерде болған. Алайда олар ешқашан да өзінің
әйелдік болмысын жоғалтпаған. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың
құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан ол әрқашанда да өз
нәзік болмысынан айнымауы қажет.
Қызым үйде – қылығы түзде демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-
киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге
оғаш тиетін киімдерін айтып жатпайық, ол күнделікті өмірде не көгілдір
экранда артылып жетіледі. Әрине әсемдіккке, әдемілікке құмар жандар
сәнденгенді, әрленуді ұнатады. Және де үйлесімді сәнденудің еш оғаштығы
жоқ. Тек ол өзіңе сай жарасып, мөлшерімен пайдаланып, жан сұлулығын аша
түсер болса. Қазақ қыздары бұрыннан бері өздерінің алтын-күміс әшекейлерге,
бағалы терілерге құмарлығымен танымал. Оны біз көптеген археологиялық
зерттеулер барысында табылған жүзік, білезіктерден көре аламыз. Сондай-ақ
шығыс елдеріне тән бізде де, сән-салтанат көрсету бойымызға сіңген.
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя-сындағы әпкесінің ұзату кезін бір қайталап
оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, әсемдікпен сәндеп үйренгені
білініп тұрады. Ал Қыз Жібек-тегі керуенді суреттеген кез ше? Әр күйменің
сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып отырғанына Төлеген ғана
емес, біз де тамсана таң қаламыз. Ал Мұхтар Мағауиннің Аласапыран-ындағы
Ол хан-сұлтандардың ғана емес, қолы жеткен дәулетті адамдардың қыздары да
тәнін ақ биенің сүтімен шылайтынын, әртүрлі шөптің шырынымен бетіне әр
беріп, дене мүшесін нәрлендіріп, көріктендіретінін білетін. дегенінен
қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа, сұлулыққа құмар екендігін
аңғарамыз. Тағы бір айта кететін жайт, осы романда мынадай бір тұс бар,
Ораз-Мұхамед пен Ай-Шешек Бегімнің арасындағы әңгімеде: Олар әйелін...оңаша
бөлмеге қамап қояды дейді. Атқа мініп, жүріп-тұрмақ түгілі, ешбір ер
адаммен сөйлеспейсің. Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе
пәренжі деген бүркеніш жауып аласың да, қаралы адамдай түнересің де
отырасың... айтып отырғандары басқа елдің салт-дәстүрі, яғни ол қазаққа жат
болғандығы көрініп тұр [9].
Сонымен жарасымды сәнденуде еш тыйым жоқ, тек оның не мақсатта
жасалатындығында. Хадисте: Егер бір әйел еркектің назарына ілігу үшін
сәнденіп, сыланып-сипанып, серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей және оған
қадалған көздер де сондай делінген. Сонда мұнда ниеттің дұрыс еместігі
басты назарда ұсталып отыр.
Философ Дьюидің айтуы бойынша, адамның өзінің маңыздылын сезінуі оның
тамақ ішу, ұйықтау сияқты ең қарапайым, алайда ең қомақты қажеттілігі екен.
Бірақ та бұл қажеттіліктің орнын өмір бойы толтыра алмай өтетіндер де
болады. Өмірдегі өз орнының барын дәлелдеуге құмарлық әр адамның табиғатына
тән нәрсе. Мұнда терең психология жатыр. Кішкентай қыздың ең бірінші
көретін ер адамы кім? Әрине ол оның – әкесі. Егер де әкесі қызына көңіл
бөліп, оның әдемі, ерекше екенін сездіріп, көзқарасымен болсын білдірсе,
онда ол қыз жаңағы айтып отырған өзінің маңыздылығын дәлелдеуге өмір бойы
қажетсінбейді. Өйткені ол өз ата-анасының алдында бұл сезімінің құмарын
басып алған. Енді ол тек өзіне емес, өзгеге де көңіл бөле алады, өзгенің
жанын жұбата алады. Ал керісінше, анасынан болсын, ең бастысы әкесінен
болсын, тиісті көңіл бөлінбесе, бала келешекте сол қуысты жақсы дегенде, не
өзіне не өзгелерге дәлелдеу арқылы белгілі жетістіктерге жетуі мүмкін
немесе жаман дегенде олқылықтың орнын басқа зиянды заттармен толтыруы
мүмкін. Осыдан қазірдегі үлкен адамдардың ортадағы өзін-өзі ұстауына қарап,
оның кішкентай кезіндегі керекті назарды алған-ала алмағанын білуге болады.
Баланың өмір бойына өзімен бірге болатын санасы мен мінезі балалық
шағындағы алғашқы сезімдердің жиынтығы. Ал сезімтал келетін қыз баланың
тәрбиесіне өте мұқият қарау керектігі айтпаса да белгілі. Тарихқа көз
жүгіртсек, көшпенді қазақ халқы әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген.
Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды
қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара
қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген.
Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге
жетті. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың
батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі
Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күні кеше Әлия мен
Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің
туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның
әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын
емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай
ұмытамыз?  Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын
көрсетсе керек.
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын демекші, көңілі мен жүрегі таза,
әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз
бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық. Қорытындылай
келе тағы бір хадисті келтіргіміз келіп отыр: Адамда бір кесек ет бар,
егер ол кесек жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса,
бүкіл дене де жаман. Ол кесек – ой. (яғни жан, жүрек) [9. 48 б]
       Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби
және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.
Ы.Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін
қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын
атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері,
педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды
қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта жаңғырту
кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір педагог-тәрбиешінің басты борышы
болуы қажет [10].
Қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер
жазуда өз ұлттының салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар
ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп,
олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен
тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын
көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің жас жеткіншектеріне арнап
оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
А.Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ
этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.
Халық педагогикасының арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-
дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің
негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші
дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ
баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған
халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – А.Байтұрсынов жан-жақты
зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының
негізгі нұсқаларын зерделей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық
негіздерін жасады [11].
М.Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға
бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп
мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық
этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан
”Педагогикасының” басты ерекшелігі – оның қазақ топырағымен тығыз
байланыстылығында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа
алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге тәлімгерлерді даярлау туралы ой-
пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық
мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады [12].
Ж.Аймауытов – ақын, жазушы, драмматург, сыншы, публист, аудармашы
педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып,
қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі елеусіз жағдайларды ашып көрсетті
де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың
орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-
тілегіне қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды .
Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең
көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны
Психология яғни оны Жан жүйесінің ғылымы деп атады (13(.
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары
бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл
әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі –
ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа
таныта білді.
М.Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты
тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты
ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін
толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі
етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра
ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды.
Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының
”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы
шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық
педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап
береді.
Халық педагогикасының ауқымды бір саласы – ертегілер. Ұлы ұстаз
ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді
бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын
дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады”- деп көрсетеді.
Педагог жазушы: ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық,
стильдік теңеу сөздер қазақ халқының тілін байытады” - дейді.
Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ халық педагогикасының ой-мақсаттарын өз
шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. Өз өмірінде біраз
жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім, халықтық
тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерделей зерттеп, ұрпақтың үмітін
оздырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.
Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т.б.
поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды
қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін
ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі
бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз
үйлендіру, еріксіз ”аттастыру” т.б. кесір дәстүрлерге жол беру – ұлттық
мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтты.
Ақын ”Мен кіммін” , ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар
арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып,
ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе,
халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар
едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді
[14].
Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты
рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді
халық деп атауға әбден болады.Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері.
Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.Игі әдептердің өмір
қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола өмір заңдылығына айналуы –
салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр –қолданылмалы іс-әрекет. Ол
қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен
орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып
отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды
да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-бірте өмірге қолданудан
қалды. Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға
сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға
сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін
көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол
жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз
көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-
санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Халық дәстүрінің танымдылық-
тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана
адам өмірінің рухани – адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей
бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани
марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ.
Ол – халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен
адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер
ерекшелігіне қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын қастерлі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама,
тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер, бәрі де тілді, ойды дамытып,
тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде
адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері
бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны
оның өміршеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында[15].
Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім,
дәстүрлер бар.
Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру
әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды
болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-
баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру
қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану,
жаңарту басты міндет.
Дәстүр-адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр
қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғам
өміріндегі дәстүрде, халықтар арасында ынтымақтастық, теңдікте,
бостандықта, өзара көмек дәстүрде, қарым-қатынас дәстүрлерінде, ғылыми
дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрде, еңбек
дәстүрінде.
Сонымен, қай халық болса да ұлттық үрдісі, ілікті қасиетте, өзіндік
әуені, тағлымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет
дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының
төл келбетін қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты
тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз.
Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие
жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі
дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті
күшке айналып отыр.
Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән
берілмей келді.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан
жаутаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп
соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді,
ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала
бастады.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап, ұрпақтан-
ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абройлы
міндеті.
Жалпы тәрбие үдерісінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
арқылы бола бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында
парасатта мінез-құлық қасиеттері отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі
көп.
Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдардың, дүниетанымдық
болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері -
бір тұтас ғылыми педагогикалық-психологияның негізінде, этнокомплекстік
тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.
Этнокомплекстік тәрбие негізінде адамгершілік тәрбиесі жеке басты
жетілдірудің барлық саласын қамтиды. Адамның адамгершілік тәрбиесіндегі
адам өмірінің әр қырынан көрініс табады[16].
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын
көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер
болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени
өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың
қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі
әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол
көпшіліктің қолданысына айналады да, ол ұлттың мәдени ірге негізі болып
қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени ірге негізі - әдеп (этика, этника) ұлттық заңды
қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол
– салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке айналуы салт-сана
деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер,
рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы
кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске
асырылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени
көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем -
әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем
беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктері
мен сараланады. Қазақ елінің сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп,
үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз
дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан
көрінеді. Әке – отбасының пірі, ана - әулеттің күні деп халық
отбасындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды
үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке,
аға, іні, әже, ана, әпке, сіңілі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің
сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінге сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты
бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті
үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйрену мен қатар,
ұстазбен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне
ұстаз сегіз қырлы, бір сырлы өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің
бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт,
өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарда әдепті болу,
инабатты, иманжүзділікті талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен
ізеттілік белгісі ретінде еке деген сыйласымдылық жұрнақ қосылып (Әдеке,
Беке, Ардеке т.б.) айтылса және апашым, апатайым, ағатайым деп атаса,
кішілерге және балаларға сөз айтқанда жаным, күнім, айым, ботам,
құлыным деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер
қолданылады.
Қазақтың ұлттық, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік,
инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері – ұлттық
мәдениеттің айқын белгілері болып саналады. Мысалы, кісі күту дәстүрі
бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени
рәсімдер арқылы орындалады.
Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті
туған жерді қастерлеу, халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты
сүюді парыз деп санайды, халық педагогикасының мәдени, рухани кредосы -
әдептілік.
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек – ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері.
Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды
даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің
айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеуді
мақсат тұтқан.
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты
ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор.
Салауаттылық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ - ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Бастауыш мектеп кезеңі
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Отбасындағы қыз бала тәрбиесі
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Пәндер