KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары



Жоспар

Ι ТАРАУ. Интернет және қоғам
1.1 Интернеттің қоғам өміріндегі маңызы
1.2 Ғаламтордың өзіндік ерекшеліктері

ΙΙ ТАРАУ. Қазақ кітап сайттары және идеология
2.1 Қазақ сайттарының идеологиялық маңызы
2.2 Қазақ кітап сайттарының дамуы және ерекшеліктері


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Әр зертеу жұмысынан өзгеше жаңалық пен ақпарат күтілетіні рас. Дегенмен, менің бұл қорытынды жұмысымда мұндай таңғаларлықтай, адам естіп білмеген хабар болады деп айта алмаймын. Өйткені, бұл оңайшылықпен келе қоятын шаруа емес. Дегенмен, зерттеу жұмысын жазуға отырғанды аталмыш ісім неңдей жаңалық және қосатын үлесі қандай болмақ деген ой келді. Ойлап қарасақ, бүгінде көп зерттелмей келе жатқан тақырыпқа қоғам назарын кішкене болсын аударта алсақ, осы да зерттеу жұмысымыздың өзіндік бір қосқан үлесі және ғылыми жаңалығы болады деп санаймыз.
Зерттеу тәсілдері. Шетел мен бүкіл әлемдік желідегі кітап сайттарымен салыстыра отырып біздің өнімдерге оқырман ретінде баға беру. Сонымен қатар, отандық кітап сайттарының өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталу. Осы арқылы, бүгінгі қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқанына сырт көзбен баға беріп саралау. Зерттеу жұмысының нысаны. Kz доменіндегі басылым мен кітапқа қатысты барлық қазақ сайттарының бағыт бағдарын саралау. Сонымен қатар, қазақ контетінде жаңа пайда бола бастаған ана тіліндегі басқа да кітап сайттарның бүгінгі хал ахуалын қарастыру. Басылымдарды насихаттаумен, таратумен, жалпы осы тұрғыда, сонымен қатар кітап атаулыға байланысы бар сайттар жүйесі біздің дипломдық жұмысымыздың басты обьектілеріне айналмақ. Себебі, бүгінде кітап атаулыға қатысы бар деген сайттар қатарына дүкен, баспа, кітапханалардың да сайттарын жатқызып отырмыз. Сондықтан да, осы сайттарды да зерттеу нысаны ретінде алып отырмыз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері және интернет пен ондағы сайтқа қатысты мәселелерді көтеретін материалдар және басқа да ақпараттар, мәліметтер қолданылды. Сонымен қатар, тақырыбымыз жалпы ғаламтордағы сайттарға тікелей қатысты болғандықтан интернет кеңістігінен де ақпараттар алғанымызды жасырмаймыз. Әдіснамалық тұрғысынан осы тақырыпқа қызығушылық танытқан адамдар үшін пайдаға асады деген үміттеміз.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Диплом жұмысындағы теориялық тұжырым мен қорытындылар елімізде кенже дамып келе жатқан қазақ кітап сайттары жайында жазылмай, көтерілмей келе жатқан мәселелерді қолға алуға өз үлесін тигізеді деген ойдамыз. Сонымен қатар, басқа саладағы адамдардың осы тақарыпқа мойын бұрып қарауларына өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Жұмыстың құрлымы мен көлемі. Жұмыстың жалпы көлемі кіріспеден, екі тараудан, төрт тақырыпшадан және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, соңғысында пайданылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер көрсеткішісі берілген.
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШ
1. «Ежемесячный журнал по компьютерам и телекоммуникациям», маусым, 2003 жыл, № 6 (73).
2. «Блог» әдістемелік құрал, Асхат Еркімбай, 2011 жыл, Алматы.
3. Онлайн жаңалықтар қауымдастығы http//www.journalists.org/
4. «Кибер чайхана», Андрей Толстой, 2011 жыл, Берлин, Германия.
5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа заманға бастайтын жаһандану //Егемен Қазақстан. – 2005. – 22 сәуір.
6. www.google іздестіру жүйесі
7. Kerekinfo.kz
8. www. minber.kz
9. «Ежемесячный журнал по компьютерам и телекоммуникациям», маусым, 2003 жыл, № 6 (73).
10. Kerekinfo.kz
11. www.google іздестіру жүйесі
12. KAZstud.com кітап сайты
13. www.adebiet.kz әдеби порталы
14. www.adebiet.kz әдеби порталы
15. «Қазақия» кітап сайты
16. www. minber.kz
17. www. Bookmark.kz
18. Википедия интернеттік энциклопедия, http:// www.wikipedia
19. www.google іздестіру жүйесі
20.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Блог» әдістемелік құрал, Асхат Еркімбай, 2011 жыл, Алматы.
2. www.eff.org
3. «Ежемесячный журнал по компьютерам и телекоммуникациям», маусым, 2003 жыл, № 6 (73).
4. «Кибер чайхана», Андрей Толстой, 2011 жыл, Берлин, Германия.
5. «Блог» әдістемелік құрал, Асхат Еркімбай, 2011 жыл, Алматы.
6. Википедия интернеттік энциклопедия, http:// www.wikipedia
7. Онлайн жаңалықтар қауымдастығы http//www.journalists.org/
8. www.google іздестіру жүйесі
9. www.adebiet.kz әдеби порталы
10. KAZstud.com кітап сайты
11. «Қазақия» кітап сайты
12. Назарбаев Н.Ә. Жаңа заманға бастайтын жаһандану //Егемен Қазақстан. – 2005. – 22 сәуір.
13. www.kazinform.kz
14. www.atamura.kz
15. www. minber.kz
16. www. Bookmark.kz

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасы

Бітіру жұмысы

KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

Орындаған 4 курс
студенті _________________ Мустафина.А.Ж

Ғылыми жетекшісі __________________ ф.ғ.к., доцент

Құрманбаева А.Ә.

Комиссия хатшысы __________________ Шыңғысова Н.

ф.ғ.к., доцент

Қорғауға жіберілді __________________ ф.ғ.д.,доцент

Медеубек С.М.

21 сәуір 2011 жыл
№21 хаттама
Алматы 2011
Жоспар

Ι ТАРАУ. Интернет және қоғам

1. Интернеттің қоғам өміріндегі маңызы

2. Ғаламтордың өзіндік ерекшеліктері

ΙΙ ТАРАУ. Қазақ кітап сайттары және идеология

2.1 Қазақ сайттарының идеологиялық маңызы

2.2 Қазақ кітап сайттарының дамуы және ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

СІЛТЕМЕЛЕР
КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

ПАЙДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде -
кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің
елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей
жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша
сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда,
уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту
мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып
жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды
талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру
жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе
жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың
бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап
туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық.
Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың
өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен
идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала
талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған
тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-
пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста
кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз.
Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да
электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы
мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс
кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету
бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана
пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің
елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның
ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін
ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа
байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп
болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді -
енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес
десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз
зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі
таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау
арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай
келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ
Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның
бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде
шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да
қарастырып іздеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Әр зертеу жұмысынан өзгеше жаңалық пен
ақпарат күтілетіні рас. Дегенмен, менің бұл қорытынды жұмысымда мұндай
таңғаларлықтай, адам естіп білмеген хабар болады деп айта алмаймын.
Өйткені, бұл оңайшылықпен келе қоятын шаруа емес. Дегенмен, зерттеу жұмысын
жазуға отырғанды аталмыш ісім неңдей жаңалық және қосатын үлесі қандай
болмақ деген ой келді. Ойлап қарасақ, бүгінде көп зерттелмей келе жатқан
тақырыпқа қоғам назарын кішкене болсын аударта алсақ, осы да зерттеу
жұмысымыздың өзіндік бір қосқан үлесі және ғылыми жаңалығы болады деп
санаймыз.
Зерттеу тәсілдері. Шетел мен бүкіл әлемдік желідегі кітап сайттарымен
салыстыра отырып біздің өнімдерге оқырман ретінде баға беру. Сонымен қатар,
отандық кітап сайттарының өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталу.
Осы арқылы, бүгінгі қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе
жатқанына сырт көзбен баға беріп саралау.
Зерттеу
жұмысының нысаны. Kz доменіндегі басылым мен кітапқа қатысты барлық қазақ
сайттарының бағыт бағдарын саралау. Сонымен қатар, қазақ контетінде жаңа
пайда бола бастаған ана тіліндегі басқа да кітап сайттарның бүгінгі хал
ахуалын қарастыру. Басылымдарды насихаттаумен, таратумен, жалпы осы
тұрғыда, сонымен қатар кітап атаулыға байланысы бар сайттар жүйесі біздің
дипломдық жұмысымыздың басты обьектілеріне айналмақ. Себебі, бүгінде кітап
атаулыға қатысы бар деген сайттар қатарына дүкен, баспа, кітапханалардың да
сайттарын жатқызып отырмыз. Сондықтан да, осы сайттарды да зерттеу нысаны
ретінде алып отырмыз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Шетелдік және отандық
зерттеушілердің ғылыми еңбектері және интернет пен ондағы сайтқа қатысты
мәселелерді көтеретін материалдар және басқа да ақпараттар, мәліметтер
қолданылды. Сонымен қатар, тақырыбымыз жалпы ғаламтордағы сайттарға тікелей
қатысты болғандықтан интернет кеңістігінен де ақпараттар алғанымызды
жасырмаймыз. Әдіснамалық тұрғысынан осы тақырыпқа қызығушылық танытқан
адамдар үшін пайдаға асады деген үміттеміз.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Диплом жұмысындағы теориялық тұжырым мен
қорытындылар елімізде кенже дамып келе жатқан қазақ кітап сайттары жайында
жазылмай, көтерілмей келе жатқан мәселелерді қолға алуға өз үлесін тигізеді
деген ойдамыз. Сонымен қатар, басқа саладағы адамдардың осы тақарыпқа мойын
бұрып қарауларына өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Жұмыстың құрлымы мен көлемі. Жұмыстың жалпы көлемі кіріспеден, екі
тараудан, төрт тақырыпшадан және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар,
соңғысында пайданылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер көрсеткішісі
берілген.

Ι ТАРАУ. Интернет және қоғам

1.1 Интернеттің қоғам өміріндегі маңызы

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Ғаламдық желі бүгінде
қоғамның өмірінде маңызды рөл атқарып отыр. Күнделікті тіршілікте
қолданылатын қажетті құрал ретінде қалыптасып қалған интернет жүйесі
адамзат тарихында ойлап табылған ең үлкен жаңалықтардың бірі ретінде
саналады. Осы сала арқасында барша әлемге танылып, ең бай адамдардың
қатарына еніп отырғандардың саны қанша бұл күнде. Сонымен қатар, интернет
тек жер шарындағы құрлықтар мен елдерді, сан алуан адамдарды ғана
байланыстырып қоймай, тіпті ғарыш кеңістігіне дейін де шарықтатып отыр
ғаламзатты. Бұл, әрине, адамзат қиял ұшқырлығының қаншалықты биік, шексіз
екендігін көрсетсе керек.
Бүгінде Ғаламтор арқылы айшылық алыс жерлерден жылдам әрі тез
ақпарат, материал алу өте ыңғайлы болып отырғаныдығы белгілі. Сонымен
қатар, шетелде жүріп – ақ еліңізде, жер шарының басқа да аймақтарында
неңдей өзгеріс, уақиға болып жатқаның кез келген уақытта білуіңізге әлемдік
желі толық мүмкіндік тудырып отыр. Интернеттен бұрын пайда болып,
көпшілікті өзіне магниттей тартқан теледидардың орнын бүгінде ғаламтор
басып отырғаны баршаға айқын. Сондықтан да, әлемді өзіне қаратып отырған
интернет қоғамның, оның ішінде, әсіресе, жастардың тәрбиеші құралына
айналып отырғандығы анық.
Интернетте ақпарат ағымы шетсіз шексіз болғандықтан ондағы маңызды әрі
пайдалы ақпараттарды айыра білу өте мөте маңызды болып саналады. Сондықтан
да, он солын әлі дұрыс айырып, танып үлгермеген жасөспірімдер мен жастарға
ғаламтор аса қауіпті құрал болып отырғандығы рас. Қызылды – жасылды дүниеге
толы, экстримистік бағытты ұстанушы сайттар тобы мен басқа да пайдасынан
гөрі зияны мол интернеттегі көптеген ресурстар бүгінде үлкен үрей
тудыратыны жасырын емес. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бүгінде дүние
жүзі бойынша экстримистік жолды ұстанушы сайттардың саны 12 000-дай, оның
ішіндегі 350-і орыс тіліндегі өнімдер болып отырған көрінеді. Ал,
отандастармыздың тең жартысынан астамы көрші Ресей елінің өнімдерін
қолданатындарын ескерсек, бұл тұрғыда бізге төніп тұрған қауіптің
қаншалықты зор екенін айтпасақ та анық.
Бүгінгі адамзаттың он қолына айналып отырған интернеттің таралу
аймағы да орасан зор болып отыр. Жердің кез келген нүктесінде тұрып – ақ
ғаламдық желінің кез келген қызметтерімен қолдануыңызға үлкен мүмкіндік
бар. Адамзаттың құрамдас бөлігіне айналып бара жатқан интернетті
пайдаланушылардың да саны күн сайын өсіп бара жатқаны белгілі. Бұл, әрине,
біз өмір сүріп отырған қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, өсіп
өркендеуінің белгісі, ал, екіншіден, адамзаттың мониторға телміріп,
интернетке күннен күнге тәуелді болып келе жатқанның бір айғағы. Мөлдір
экранға телмірумен күнінің тең жартысын өткізетін жастар мен тіпті үлкен
адамдардың саны бүгінде орасан зор екені анық. Әрине, осынша көп уақытты
интернет алдында өткізу зиян болмаса пайдалы емес екендігі бесенеден
белгілі жайт. Денсаулықтың нашарлауына алып келмегенді айтпағанда, осының
салдарынан адамдардың да шығыны болып жатады. Мысалы, шетелде жаңа отау
құрған жастардың Ғаламтордың қызығының буына масайрағандары сонша, тіпті
бесікте жатқан баланы уақытылы тамақтандыруды ұмытып, аштан қатырған.
Сонымен қатар, бүгінде көптеген қылмыстар мен тәртіпсіздіктер интернет
пен компьютердегі түрлі атыс шабысқа толы ойындардың әсерінен де болып
жатады көбіне. Түндер мен күндерін компьютер клубта өткізетін жасөспірімдер
шын өмірге бейімделуден қалып, монитордың арғы жағындағы қырғын – төбелес,
ұрыс, атыс, бір - бірлерін еш аяусыздықпен өлтіруге толы қанды шайқас
әлеміне саяхат шеккенді жөн көреді. Мөлдір монитрдың арғы жағында көрген
өнерлерін кәдімгі өмірде пайдалануға әрекет те жасап жататындар
кездеседі. Осының салдарынан адам шошынарлықтай небір қылмыстық топтар
пайда болып, түрлі жан түршігерліктей оқыс оқиғалар болып жатады.
Компьютердің ар бетіндегі қырғын әлемге берілгендері сонша, кейбір жастар
клубтан шығысымен көрген, ойнаған ойындарын шын өмірде қайталауға тырысады.
Ал, компьютер ойындарында қорлау, өлтіру, бір - бірлеріне зорлық зомбалық
жасау секілді қоқан лоқыға толы әс – әрекетттердің көп болатыны белгілі.
Міне, осының бәрі виртуалды әлемде ғана емес біздің нақ шын өмірмізде
қайталанып жатады. Сөзіміз дәйекті болу үшін, компьютер ойындарына қатысты
қайталанған бір қылмысты айтып өтсек. Ресей мемлекетіндегі түнгі компьютер
клубтарының бірінен кешқұрым шыққан балалар ескі, ешкім тұрмайтын иесіз
үйде өздерінің компьютер ойынында ойнаған оқиғаларын шын өмірде жалғастырып
көрмек болады. Бір топ мектеп оқушылары бір - бірлеріне аяусыз қару жұмсап,
кәдімгідей қанды қырғын шайқас ұйымдастырған. Осының салдарынан бірнеше
балалар көз жұмды деп хабарланған болатын. Әрине, осындай жайттарды
естігенде интернет пен компьютерге қатысты бар дүниені жек көріп, жер
бетінен жоғалып кеткенін де қалайсын кейде. Дегенмен, біріншіден бұл мүмкін
емес. Ал, екіншіден интернеттің адамзат санасымен байланысы соншалық оны
бөліп ажыратып тастауға қадам жасау адам құрылыс жүйесіндегі бір бөлшекті
алып тастаумен тең көрінетіндей. Болашақ түгілі біздің өзіміз келер
ертеңгі күнді ғаламторсыз көз алдымызға елестете алмайтын күйге жеттік.
Қазіргі күнде техника мен ақпарат ғасырының барша ұрпағы өзінің досы
мен серіктесі ретінде компьютер мен ғаламторды таңдап отырғандай әсер
аласыз. Шынтуайтында да, осы жақын арада құрбыммен сыр ақтарасып кездескен
түрім бар еді. Сол кезде оған қонақ келгенде менің ішім пыспасын деп өз
нотбугын беріп, интернетін қосып берген болатын. Бірақ, қолыма берер
дүниесін табыстамас бұрын ақырын нотбугының ұшын алақанымен аймалап өтіп
құрбым да осы, сырласым да осы дегені бар. Бұл, әрине, менің құрбымның
жалғыздығын емес, керсінше интернет пен бір уыс теникаға өзіндік бағасы мен
қарым қатынасының көрсеткішісін көрсетсе керек.
Бүгінде, жастайынан ғаламторға тәуелді болып өсіп келе жатқан жас
ұрпақтың саны бар дөңгелек жер шарында миллиондап саналатыны айдан анық.
Тіпті, бүгінде ата – аналардың көбісі баласының компьютердің алдына
желімдей жабысып отыруына өздері де себеп болып жатады. Оған, біріншіден,
әлі алды артын танып үлгермей жатқан сәби балдырғандарын өздерінің
басшылығымен әлемдік желідегі түрлі жүйелерге тіркеп жататындығы. Өзім
талай рет куә болдым осындай жайттарға. Беске толып үлгермей жатқан
балаларына мой мирдан пошта ашып беріп жатқан жандарды талай көріп жүрміз
бұл күнде. Екіншіден, қалалық жерде тұратын ата – аналардың балаларына
компьютер клубта уақыттарының көбісін өткізуге қатал, қатаң бақылау
жүргізіп, тиым салмайтындықтары. Жоқ, бәрі демейміз. Өйткені, көптегн
жасөспірімдер ата- аналарынан жасырын түрде қашып түнгі компьютер
клубтарында тайрандап жүретіні анық. Оған қанша тиым салса да құлақ
аспайтын балалар да бар екені рас. Өйткені, олардың санасын компьютер мен
интернеттің жаулап алғаны соншалық ата – аналарын алдау үшін кез келген
айла амалдарды да қолданып жатады. Ал, компьютер клубтың илелеріне келіп
кететін ештеме жоқ. Оларға тек кассаға ақша шытырлап түсіп тұрса болғаны.
Атыс пен шабысқа, қанды шайқасқа толы ойындар мен интернеттегі түрлі теріс
бағыттағы ресурстар жастар мен жасөспірімдердің санасы мен тәрбиесіне қалай
немесе қаншалықты зияның тигізетінің ойлап жатпайтындары да айқын.
Сонымен қатар, бүгінде көптеген жастар шын өмірде қарым қатынас
жүргізіп, араласып сөйлесудің орнына желі жүйелерінде бір біріне хат
жазысып сөйлескенді көбісі онтайлы санайды. Тіпті, бүгінде осы агент сияқты
құрлығылар арқылы отау құрып, балалы шағалы болып, шаңырақ көтеріп отырған
жастардың саны қаншама. Әрине, ол әркімнің жеке бас шаруасы. Дегенмен,
кейде жас жұптар қалай танысқандарын баяндап жатқанда, көбісінң аузынан
агент арқылы немесе мой мир арқасында бір бірімізді таптық деп айтып
жатқандарын естиміз. Бізге дейін жиырмасыншы ғасырдың, яғни, ата –
аналарымыз бір бірімен қалай танысып, қосылғандарын қызғылықты етіп роман
айтқандай бір сағат бойы ауыз суын құртып баяндап жатады. Ал, қазіргі
жастарға бұл тұста ұзақ сонар етіп баяндап жатудың өзі артық кейде. Жауап
бір – ақ ауыз сөз: Біздерді табыстырған мой мир. Бұл жиырма бірінші ғасыр
ұрпағының ертең балалары мен немерелеріне айтатын өсиеті осылай. Болашақ
демекші, мүмкін келер ұрпақ тіпті бізден асып түсіп, мой мир мен агенттің
ішінде - ақ өмір сүретін шығар кім білсін. Тойлары да, некеге тіркелулері
де мир мен интернеттің ішінде жүзеге асып жататындай халге жетіп жатпасақ
болғаны.
Интернетті қолданатындардың қатарында жастар мен орта жастағы адамдар
ғана емес. Сонымен қатар, жас жағынан дүние жүзіндегі ең қарт адамдар да
интернетті жандарына серік етіп, алданыштарын айналдырып отыр. Әрине, үлкен
жасқа келіп отырған қариялар мен әжелеріміздің барлығы дерлік заманауи
құрылғыларды жақсы игеріп отыр деп айта алмаймыз. Дегенмен, әсіресе,
еуропада қанша жасқа келіп отырса да ғаламтордың қызметін қолданып,
өздерінің блогтарын жүргізіп отырғандар да кездеседі. Блог демекші, бүгінде
интернеттегі осы ресурсты қолданушылардың саны күннен күнге артып келе
жатыр. Жалпы блог дегеніміз не? Оған біртұас анықтама болмағанымен, олардың
барлығына ортақ үш түрлі қасиет бар. Олар әдетте жазбалар ретінде қысқа
мақалалардан тұрады. Кері хронологиялық ретпен жарияланады, яғни соңғы
жарияланғандары жоғары жағында тұрады. Әрі мәтіннің ішінде интернеттің өзге
беттеріне сілтеме жасайтын гиперсілтемелер болады. Сонымен қатар, блогтар
дегеніміз – әңгімелер. Бүгінде көптеген үздік блогтар оқырмандардың
пікірталас алаңына айналу үстінде. Қарапайым ауызекі тілмен жазылғандықтан
блогты пайдаланушы мен оны оқитын адамдардың саны күн сайын көбейіп келеді.
Блогты, сонымен қатар, интернет қолжданушылар онлайн режимде өздерінің
жұмыстарын (аудио, видео және тағы басқа түрдегі) жариялау үшін
пайдаланатын құрал деп те қарастырады. Электронды үлгіде мазмұнды деректер
дайындау үшін құралдар күннен күнге қуаты артып, бағасы да арзандап келе
жатыр. Әр адам өзінің жұмысын, еңбегін, шығармашылық жетістігі мен өзіндік
ой пікірін күллі ғаламға танытатындай әлеуетке ие болып отыр. Адамзат
тарихында осы жаңа құбылысқа балама болған емес. Интернет кеңістігінде
аталмыш блог ресурсы жоғарыда айтып кеткеніміздей тек жастар арасында ғана
емес, қарт адамдардың арасында да қолданысқа ие болып отыр бұл күнде.
Бүгінде жалпы интернетке кіріп көңілдеріне медеу жәрдем табатын қария
жандардың саны күн санап артып келе жатыр. Жалғыз болу, жалпы жалғыздық
кімге болмасын ауыр екені ақиқат. Ал, үлкен адамдарға қартайған шағында
жалғыздықты амалсыздан серік ету тіптен қиын екені анық. Сондықтан болар,
бүгінде әлем бойынша интернетті қолданушылардың қатарында егде
жастағылардың да саны жетіп артылады.
Испанияның ең қарт тұрғыны Мария Амелия Лопез Солино интернет туралы:
Мен интернетпен жұмыс істегенде ауруларым туралы ұмытып кетемін.
Адамдармен үнемі байланыста болып, көңілімді жақсы нәрсеге аударғаным
жақсы. Миым тынығып, бойымда бір күш пайда болады. Себебі, сол кезде мен
өзімнің жалғыз емес екенімді, достарыммен сойлесіп отырғанымды білемін
[1] дейді. Міне, осындай күйдегі кейбір қарт адамдардың жанын бүгінде
интернет толтыруда. Ғаламторды жалғыз басты егде жастағы адамдардың көңілін
аулау құралы ретінде таптырмас дүние болып отырғанына келіспеуге болмас
шынымен де. Әлемдегі ең қарт блогшы атанған Мария Лопез тіпті қарттарды
жалғыз қалтырғанша интернет үйретіндер деген өсиетін де қалдырған екен.
Ал, интернетті пайдасы мол деп санаған Испанияның ең қарт адамы өзінің
блогын 95 – жасынан бастап жүргізе бастаған. Ұлының анасының туған күніне
сыйлық ретінде ашып берген әлеуметтік желі Мария Лопездің өмірінің соңына
дейін күнделікті серігіне айналып өтіпті. 2006 жылдың 26 – желтоқсанында
ашылған amis95.blogspot.com атты блогы бір айдың ішінде мыңнан аса
оқырманның жүрегін жаулап алды. Себебі, Лопез блогында өзінің өткен
өмірімен бөлісетін (Испаниядағы ұлт азаттық көтріліс), жеке көзқарастары
(саясат, Иранға қатысты, испан жасөспірімдерінің ішімдікке әуесі туралы)
және өзінің күнделікті күйбең тіршілігі мен қарттығын, ауырып жүргенін де
сөз ететін. 2007 жылы оның сайты Deutsche Welle неміс телеарнасы жүргізген
байқауда Испанияның ең үздік блогы атанды.
Мен қарапайым тұрғындардың бірімін. Ешқандай ерекшелігім жоқ деді
Лопез 2007 жылы телеарнаға берген сұхбатында. Бар болғаны өзімнің
ойларымен бөлісімен [2]. Жасөспірімдер оған хат жазып, қай университетке,
қандай мамандыққа тапсырған жақсы екенін сұрайды. Онымен сондай – ақ
Испанияның үкімет басшысы Жозе Луис Запатеро да арнайы кездескен. Лопез
оған он алты жасынан бері социалист екенін айтқан. Өз кезегінде премьер –
министр оны Монколоға, Президент сарайына қонаққа шақырды. Ол өзін әлемдегі
ең қарт блогшы ретінде таныстыратын. Себебі, әлемдегі ең қарт блогшы 2008
жылы Австралияда 108 жасында қайтыс болған еді. Лопездің көзінің жанары
суалғандықтан өзінің жазбаларын немересі Даниелге жаздыратын. Бір айдың
ішінде ғана оның блогын елу бір мың адам оқитын. Лопез әжейіміздің өз сөзі
бойынша интернет оның өмірін жиырма жылға жасартып, халықаралық
қауымдастықпен жақындастыра түсіпті. Әрі әлемнің әрбір түкпірінен достар
тауып үлгерген. 2009 жылдың ақпанында ол Facebook – тен қарт адамдардың
құқығын қорғайтын арнайы қауымдастық ашқан. Қарттарға зейнетақы беріп,
балалары оларға арнайы күтуші жалдағаннан гөрі интернетті қалай қолдану
керектігін үйретсе әлдеқайда жақсы болады дейді Лопез. Егде жастағыладың
виртуалды қажеттілігін алғашқы болып айтқан Мария еді. Қайтыс болғанда
блогқа алты жүзден астам көңіл білдірген. Лопездің жақындары соңғы жазбада
Блог Лопезге 880 бақытты күн сыйлады деп жазды. Кісінің рухы дүниедегі
адамдармен қарым қатынасқа түседі деп сенетін Лопездің туысқандары Анашым,
қай жерде жүрсең де сен блогыңа қалдырылған пікірлердің бірін қалдырмай
оқып шығатыныңа күмәнсіз сенеміз [3] депті. Міне, өмірінің соңына дейін
интернетті жанына серік етіп өткен Мария Лопез 2009 жылдың 20 маусымында
қайтыс болады.
Интернетті қолданушылардың қатарында жастар ғана емес, сонымен қатар
үлкен жастағы адамадар да жетіп артылатынын көріп отырмыз. Демек, бұдан
ғаламтордың қоғам өмірінде қандай маңызға ие болып отырғандығын бағамдай
берсеңіз болады.

3. Ғаламтордың өзіндік ерекшеліктері

Кәріге де, жасқа да ортақ құралға айналып отырған интернет жүйесі
бүгінгі ғаламзаттың ғаламат жетістіктерінің бірі болып отырғаны сөзсіз.
Қазіргі уақытта қолданушыларының саны миллионнан асып отырған әлемдік
желінің шығу тарихын біреулері білсе, кейбіреулері бұдан тіпті бейхабар
екені жасырын емес. Әрине, көптеген жаңалықтардың шығу тарихы мен дамуы
араға көп уақыт салып жетіп жататындықтан бұрмаланып жеткізіліп таратылып
жатады кейде. Ал, адамзаттың құнды дүниесі интернеттің ойлап табылғанына
ғасыр да толмады. Сондықтан да, ғаламдық желіге қатысты дерек пен дәйек
баршаға қол жетімді бүгінде. Тек біліп тануға тілек пен талап болса
болғаны. Дегенмен, ғаламторды пайданушылардың саны сан мыңға, тіпті
миллионнан асып артылып жатқандығына қарамастан, оның шығу тарихы мен даму
жолына қызығушылық танытып жататындардың қатары аса көп емес десек те
болады. Себебі, кез - келген адам пайдасына асырып жүрген дүниесінің
қайдан қалай шыққанына аса мән бере бермейтіні сөзсіз. Қолданушыға оның
шығу тарихынан гөрі қалай қызмет атқарып, қаншалықты өзінің пайдасына жарай
алатынына көп мән беріп жататыны бесенеден белгілі жайт. Бұл, әрине,
адамзаттың қаталдығы деп айтуға келмес, қалыптасқан жағдай солай. Алайда,
айтпағымыз бұл емес. Біздің дипломдық жұмысымыз осы тақырыпқа өте мөте
жақын болып келгендіктен біздерге интернеттің шығу тарихы мен оның даму
жолы аса маңызды болып отыр.
Жалпы, Интернет сөзі ағылшынша Interconnected Networks (байланысқан
желілер) екі сөздің туындысы. Интернет ұғымы ақпараттық және есептеу
техникалары ресурстарының әлемдік  телекоммуникациялық желісі дегенді
білдіреді. Интернет сөзімен бірге Әлемдік желі, Ғаламдық желі, Ғаламтор
деген сөздер де қолданылады. Барлығының мағынасы бір. XX ғасырдың 50
жылдарының соңына қарай АҚШ-тың алдыңғы қатарлы әскери зерттеулер агенттігі
соғыс бол қалған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін
айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды.  Мұндай желіні жасау
Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеулер орталығына, Юта шатының
университетіне және Санта-Барбарадағы Калифорния штатының университетіне
тапсырылды. Бұл жоба АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі тарапынан
қаржыландырылды. Алғаш жасалған желі arpanet деп аталды. 1969 жылы желіні
жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт
өткен сайын танымалдылығы артқан желіні кейіннен басқа саладағы ғылыми
қызметкерлер де пайдалана бастады. Бұл желідегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-
қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Осы жылы
29-қазанда алғаш рет ұзақ қашықтықта (640 км) орналасқан екі arpanet
желілері арасында байланыс орнатылды. Байланыс Лос-Анджелестегі Калифорния
университеті мен Стэнфорд зерттеулер орталығының арасында орнатылды. Чарли
Клайн ұзақ қашықтықтағы Стэнфорд зерттеулер институтының компьютерін
басқаруға тырысты. Оның Лос-Анджелестегі компьютерде отырып жасаған
әрекеттерінің нәтижесін Стэнфорд зерттеулер орталығының қызметкері Билл
Дювалль телефон арқылы хабарлап отырды. Чарли Клайн ұзақтағы компьтерге
символдарды енгізді. Алғашқыда небары LOG деген үш символды енгізе алды.
Себебі желі қызмет етуін тоқтатты. Негізі, ол LOGON деген символдарды
енгізбек болған еді. LOGON деген Стэнфордтық компьютердің жүйесіне кіретін
команда болатын. Желі істен шыққаннан соң бір жарым сағаттан соң қайта
қосылды. Бұл жолы басқару сәтті өтеді. Осыдан бастап Интернет өмірге келді.
1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту программасы
жасалады. Программа бірден танымал болады. 1973 желіге Атлант мұхиты арқылы
өтетін телефон желісі қосылады. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен, және
Норвегиямен байланыс орнатылады. Осылайша Интернет желісі халықаралық
деңгейге жетеді.
70 жылдардың соңына қарай ARPANET желісі арқылы ақпарат алмасу
протоколдары жақсы дамыды. Кейіннен 1982-83 жылдары протоколдар стандартты
жүйеге келтіріліп, ақпарат алмасу NCP протоколынан  TCPIP протоколына
көшіріледі. Сол кезден бастау алған TCPIP протоколы қазір кезде де
қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіннің атын Интернет атауымен
алмастыруорыналды.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ.
Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл
желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды. Алайда, Интернетке жеке дара
ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік
қазынасы болып табылады. Бүгінгі интернет-қоғам өмірінің ажырамас бөлігі.
Виртуалды кеңістікте алуан түрлі веб -сайттар мен әлеуметтік желілер
дамыған. Қазақстандық сегмент те осыған ұқсас. Қазнетте vseti.kz,
nur.kz, birqe.kz, on.kz сияқты және басқа да әлеуметтік желілер
құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Бірақ та біздің елімізде кең танылған
әлеуметтік желіні құру мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппаған.
Бүгінгі күні қазақстандық интернет-пайдаланушылардың арасында В Контакте
және Мой мир ресурстары кең түрде пайдаланылады. Бұл мынадай бірнеше
себептермен түсіндіріледі: біріншіден-қазақстандық ақпараттық кеңістіктің
әлі де технологиялары дамыған ресейлік ресурстарға бағытталуының әсерінен.
Сондықтан, өкінішке қарай, Қазнеттің әлі де болса Ресей интернет-
кеңістігінің бөлігі болып отырғанын мойындауға тура келеді, екіншіден-бұл
ресурстардың ойын-сауық қосымшалары интернет-пайдаланушылар үшін неғұрлым
тартымды (Қазнет желілеріне қарағанда). Мысалы, Мой мир желісінде 3
миллионнан астам қазақстандық пайдаланушылардың аккаунттары тіркелген, бұл
елдің интернет-пайдаланушыларының шамамен 70%-ын құрайды. В Контакте
ресурсында-1,5 миллион шамасында, яғни интернетке қолы жетімді
қазақстандықтардың 35%-ы мөлшерінде. Салыстыру үшін: Facebook желісінде 270
мың қазақстандық тіркелген (қазақстандық интернет-пайдаланушылардың жалпы
санының 6,3%-ы). Аталған ресурс, сондай-ақ Twitter желісі де соңғы кезде
кең таныла бастады. Алайда біздің елімізде ресейлік әлеуметтік желілердің
басымдығы айқын. Бүгінде Ресейде Қазақстанға қарағанда, адам саны көп.
Осыған орай интернетті қолданушылардың да саны әлдеқайда басым. Мәселен,
Мәскеу¬дің өзінде тұрғындардың 50 пайызы ғана интернетті қолданғанда, ол
бүкіл Қазақстан халқының ғаламторды қолданғанынан да асып кетуі мүмкін.
Адамның көптігі - интернет қолданушыларының көп болуына әсер етеді. Жалпы,
ол жақта орыстілді қолданушылар көп болған соң, Мой мир,
Одноклассники.рұ сияқты әлеуметтік тораптар көптеп ашылып жатыр. Ал
Қазақстанда қазақтілді интернет қолданушылары аз болған соң, дәл осындай
жобалар әлі де дами алмай келеді. Әрине, тілдің дамуына орай жетістіктер де
бар. Мәселен, былтырдан бастап, маіл.рұ агент жобасы қазақша, өзбекше,
қырғызша нұсқаларын қосты. Яғни бұл дегеніңіз - маіл.рұ жобасының
Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға қы¬зығушылық танытуы. Бір айта
кетерлігі, Ресейде кеңінен дамып жатқан маіл.рұ сияқты жобаларды орыстар
ойлап тапты деуге болмас, олар да шетелден көшіріп, орысша нұсқаларын жасап
жүр.
Бүгінгі күні әлеуметтік желілерде қазақстандық интернет-
пайдаланушылардың саны арта түсті және Орталық Азияның басқа да
елдеріндегі, тіпті осыған ұқсас желілердегі пайдаланушылардың жалпы
саныныңжиынтығынанасыптүседі. Мәселен, салыстыру үшін: ВКонтакте
желісіндегі қазақстандық пайдаланушылар елдің тұрғындарының жалпы санының
8,86%-ын құрайды, ал Қырғызстанда бұл көрсеткіш - 2,1%, Тәжікстанда -
0,96%, Түрікменстанда - 0,98%, Өзбекстанда - 0,88%, бұл осы елдер бойынша
жалпы алғанда-4,92%-ды құрап отыр. Facebook желісінде Қазақстаннан
тіркелген аккаунттардың мөлшері тұрғындардың жалпы санының 1,62%-ын құраса,
басқа Орталық Азия елдерінде,жиынтығында 1,42%-ды құрайды. Бұл талдаулар
мынадай айқын фактілерді тұжырымдауға мүмкіндік береді, Интернет, атап
айтқанда, әлеуметтік желілер неғұрлым ашық саясат жүргізетін елдерде
белсенді түрде дамиды. Қандай да бір елде заңнама неғұрлым либералды болса,
тұтастай алғанда сол елдің де, сол сияқты интернеттің де дамуының алғы
шарттары да соғұрлым жоғары. Бірақ, әрине, Қазақстан мен Орталық Азия
елдері үшін әлеуметтік желілердің дамуы - әзірге тек қалыптасып жатқан
тренд. Қазақ блогы саласының дамуы 2010 жылдың басында әлеуметтік желілер
жөніндегі зерттеу құрылымдарының бірі Қазақстанның әлеуметтік желілерді
пайдаланушыларының басым көпшілігі, яғни 80%-дан жоғары тұтынушы орыс
тілінде қарым-қатынас жасайтынын хабарлаған еді. Байланыс және ақпарат
министрлігінің 2010 жылғы қыркүйек айының соңындағы ресми деректерінің жай-
күйі бойынша, Қазнет катологы 6 997 сайттан құралған, олардың ішінде 617-і
- мемлекеттік тілде немесе сайттардың жалпы көлемінің 8,8%-ы. Бұл елдің
ақпараттық кеңістігінде қалыптасқан ахуалды көрсетеді, мұнда да орыс
тіліндегі БАҚ сандық тұрғыда басым келеді. Мәселен, 2010 жылғы 25
маусымдағы ресми деректер бойынша Қазақстан Республикасындағы баспасөз БАҚ-
тарының жалпы саны 2 427-ні құрады, олардың 437-і қазақ тілінде немесе
елдегі БАҚ-тардың жалпы санының 18%-ы. Дегенмен де біз интернет желісінің
қазақ тіліндегі сегменті қарқынды түрде ілгері жылжып келе жатқанын айта
аламыз. Аталған сегменттің дамуының маңызды қыры - қазақ тіліндегі интернет-
ресурстарға жүйелі түрде қолдау көрсету болды. Мәселен, Қазнетте қазақ
тіліндегі БАҚ-тардың бірыңғай тұғырнамасын жасауға шешім қабылданды. Ол
туралы пікір сайысының, үнқатысудың болуының өзі билік пен интернет-
қоғамдастықтың Қазнетті дамытуға дайындығы мен мүдделілігін көрсетеді.
Интернетте қазақ тіліндегі сегменттің дамуына блоггерлер елеулі үлес
қосады. Оның үстіне қазақ блогтары өз шамасында белгілі бір феномен болып
табылады. Егер Қазнетте орыс тіліндегі сегменттің қазірдің өзінде
коммерциялануы жүріп, инвестиция жүргізіліп, оның белгісі сот талқылауына
ұшыраған жағдай болып жатса, Қазнеттің қазақ тіліндегі бөлігінің жобалары
әзірге ынта-жігердің және блоггерлердің өздерінің қарапайым азаматтық
белсенділігінің арқасында ғана дамып отыр. Қалай болғанда да, қазақ блогы
саласының артықшылығы да, әлсіздігі де осында. Жүзден астам (104) қазақ
тіліндегі блогтарда жүргізген мониторинг мәліметтері бойынша төмендегіні
айтуға болады: Біріншіден, қазір қазақстандық блог саласы дамудың бастапқы
кезеңінде тұр. Зерттеуге алынған блогтардың жартысынан астам бөлігінің
соңғы жылда ашылғаны да осының айғағы. Екіншіден, блогтарда жеке сипаттағы
мәселелер, сонымен бірге жалпы ақпараттық жобадағы басылымдар, оның ішінде
елдерге жасаған саяхаты туралы, күнделікті өмірде қажетті пайдалы кеңестер
басым. Осы сипаттағы блогтар ең белсенді болып табылады-жиі жаңартылады,
адамдар көп қарайды және түсініктер береді. Үшіншіден, блог авторлары
көтеретін қоғамдық-саяси сала мәселелері, оқырмандарда әдетте онша қолдау
таппайды. Кейде тіпті оқырмандардың пікірлері де болмайды. Осыдан қазақ
тіліндегі блогтардың қоғамдық-саяси пікір алмасу алаңы болмағандығын
түйіндеуге болады. Мысалы, көрші Ресейдегі секілді (А.Навальныйдың блогы).
Төртіншіден, қазақ блогы саласы сонымен қатар қазақ журналистикасы секілді
руханилық, мәдениет мәселелеріне бағдарланған. Авторлар мемлекеттік тілді
дамыту мәселелеріне, сонымен қатар дін тақырыбын көп көтереді. Бесіншіден,
ең белсенді блоггерлер - журналистер, оның ішінде журналистика
факультетінде оқитын студенттер басымырақ келеді. Бұл блогтарда жеке
сипаттағы ақпараттардың, дін тақырыбын белсенді талқылау, шоу-бизнес
жаңалықтарының және т.б. басымдығы арқылы расталады. Бұл түрлі себептерге
байланысты болуы мүмкін - аудиторияның бағдары, блоггерлердің пікірінің
тәуелсіздігі мен олардың тақырыпты таңдаудағы еркіндігі. Ал баспасөз БАҚ-
тарында тақырыптардың белгілі бір жасанды бағыты (конъюктуралығы)
байқалады. БАҚ-тарда мемлекеттің ықпалы көзге шалынады - Президенттің
жолдауы туралы, индустрияландыру туралы тақырыптар осыдан шыққан.
Блоггерлер болса, ешкімге бағынышсыз және өздерінің тақырыптарын таңдауда
тәуелсіз. Сондықтан да блог материалдары баспасөз БАҚ-тарын контент-
талдауға қарағанда, қандай да бір дәрежеде қолданбалы әлеуметтанулық
маңызға ие. Болашақта блогтар қоғамдық көңіл-күйді әлеуметтік өлшеу немесе
маркетинктік зерттеулер үшін қажетті құрал болуы мүмкін. Алайда қазақ блогы
саласы және қазақ тіліндегі БАҚ үшін ортақ тақырыптың бары байқалады - ол
қазақ тілінің жағдайы мен дамуы мәселелері. Қазақ блогы саласы мен орыс
тіліндегі баспасөз арасы мүлдем түйіспейді. Сондықтан блогтарды азаматтық
қоғамның бір ошағы ретінде қарастыруға болады. Қазақ блогы саласы-бұл
адамдардың тәуелсіз қауымдастығы және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру
алаңы.
Тәуелсіз зерттеу компанияларының мәліметтеріне сенсек, 2010 жылдың
қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушыларының саны 4,3 млн
халықты құраған, бұл дегеніңіз ел халқының 26,5 пайыз үлесі. Бұл көрсеткіш
2009 жылмен салыстырғанда елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға
артқанын көрсетеді. Ел азаматтарының 94 пайызы интернетті айына бірнеше
рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді. Бұл зерттеулерді ICT-
Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясы (www.ictm.kz) жүргізіпті. Нәтиженің
дәлдігі үшін қалалық және ауылдық жерлерде анкеталық сауалнама жүргізілген
көрінеді. Жалпы, 2010 жылы халыққа интернет қызметін көрсету саласы
қарқынды дамыған [4] дегенге саяды зерттеу нәтижесі. Мәселен, қалалық
жерлерде жасы 16-дағы және одан асқан азаматтардың 41 пайызы, ал ауылдық
жерлерде 19 пайызы интернетті қолданады екен. Ал халық саны 70 мыңдық
немесе одан да көп қалалардың ішінде интернет қолданушылар 16-24 жас
аралығында 66 пайызды, 25-44 жас аралығында 52 пайызды құрайды. 45-54 жас
аралығындағы азаматтардың 35 пайызы интернетті қолданса, 55 жастағы және
одан асқан азаматтардың тек 10 пайызы ғана ғаламдық желіні қолдана алады
екен. Ел азаматтарының басым бөлігі ғаламторға компьютер немесе ноутбук
арқылы шығады. Қалтафон арқылы интернетті қолданушылар саны 12 пайыз ғана.
Бір айта кетерлігі, 2009 жылы Қазақстан халқының небары 3,16 миллионы ғана
интернетті қолданған екен. Зерттеулер жыл өткен сайын қалалық және ауылдық
жерлерде жеке компьютерлерімен қамданып, интернет желісіне қосылып жатқан
отбасылар санының артып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2009 жылы халқы 70
мыңнан асатын қалалық жерлердегі отбасылардың 47 пайызы жеке компьютерге
қол жеткізген болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 55 пайызға дейін артқан. Ал
ноутбуктары бар отбасылар саны 2009 жылғы 7 пайыздық межені артта қалдырып,
12 пайызға дейін өскен. Бұл тұста 2009 жылдың қарашасында тиісті қалалық
жерлерде интернетті халықтың 26 пайызы қолданса, 2010 жылдың қарашасында
бұл көрсеткіш 33 пайызға дейін артқан. Байқап қарасақ, айтулы зерттеулер
әлі де ауылдық жерлерге ғаламтордың толықтай жетпегенін көрсетіп отыр.
Жалпы, бүгінгі таңда ел халқының 47 пайызы ауылда тұрады. Олар интернетті
пайдаланбақ тұрмақ, атын да білмейді. Мысалы, ірі қалаларға жұмыс іздеп
келген, құрылыста жүрген азаматтардың интернетке уақыты да жоқ. Әрине,
саланы дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау міндетті түрде қажет. Тіпті,
бизнестің өзі мемлекеттік қолдауды қажетсінгенде, интернетке мұндай қолдау
қажет емес деу дұрыс емес.
Интернет үлкен идеологиялық құрал болғандықтан, оны дұрыс
пайдалана білген жөн. Ең алдымен, ол үшін интернет тілін мемлекеттік тілге
бұру қажет. Өкінішке қарай, бүгінде қазақша интернетті қалыптастырып,
дамытуға жекелеген адамдар немесе кейбір ұлттық-патриоттық ұйымдар ғана
атсалысып жүр, ал билік пен бизнес тарапынан салаға қолдау жоқ десе де
болады.
Таяуда Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шауқат Сабиров
бір сұхбатында: 2011 жылы Мәдениет министрлігімен бірлесіп, қазақша
интернет-жобаларымен дүмпу жасаймыз депті. Кім біледі, мүмкін дүмпу
болатын да шығар... Әйтсе де, қазіргі таңда қазақша интернет бірен-саран
сайтты айтпағанда, негізінен блогтар арқылы ғана дамуда. Оларды да жүрегі
қазақ деп соғатын азаматтар ғана оқиды. Құдайға шүкір, ондай азаматтар
баршылық. Соған қарағанда, негізінен қазақтілді аудитория қалыптасқан, тек
оларға ұсынатын сайттар мен порталдарымыз болмай тұр.
Ғаламторды пайдалану үшiн де оң-солыңызды танитын, өзiндiк
көзқарасыңыз қалыптасқан, алғашқы дайындығы бар адам болуыңыз керек.
Әйтпесе, түрлi ағымдардың соңынан, әртүрлi идеологиялардың жетегiнде кетiп
қалуыңыз мүмкiн. Бiздiң бүгiнгi жастарымыз да ғаламға алғашқы дайындықсыз
сапар шегiп кетiп отыр. Оның салқыны соңынан сезiлетiн болады әлi...

ΙΙ ТАРАУ. Қазақ кітап сайттары және идеология

2.1 Қазақ сайттарының идеологиялық маңызы

Бүгінде интернет саласы кез келген елдің өзіндік бір идеология
құралына айналып отырғанын білеміз. Жастардың болашақ тәрбиесіне де әлемдік
желінің әсер етіп отырғаны белгілі. Сондықтан да нақ қазақ елінің бұл
тұрғыда қалай дамып келе жатқаны мен өзіндік ерекшеліктерін қарастып,
сараптау аса маңызды екені сөзсіз. Қазіргі KZ доменіндегі қазақ кітап
сайттарының хал ахуалы кез келгенді алаңдатып отыр десек ақиқаттың ауылынан
алыстағанымыз. Интернет жүйесіне кіретін пайдаланушыларды тек қызық,
дизайны жағынан көркем безендірілген, ақпарат пен қажет материалдарға қанық
сайттар ғана көз тоқтатып назарларын аудартатыны белгілі. Бұл тұрғыда
аталмыш критерейлерге толық жауап беріп отырған шетел мен көрші Ресейдің
өнімдері екені жасырын емес. Ал, жаңа ғана тәй - тәй басып келе жатқан
қазақ кітап сайттары әлі де өз аудиториясын толық жинай алмай отырғаны
белгілі. Әрине, бұл біздің өнімдердің биік талаптарға жауап бере алмай
отырғандығынан емес. Керсінше, бүгінде жақсы, өз оқырмандарын
қанағаттандыра алатындай, қазақы қалыптағы кітап сайттар пайда бола
бастады. Уақыт өткен сайын бәсеке жағынан аса қуатты болып бара жатқан бұл
салада бірден алға шығу оңай емес, әрине. Бұған үлкен еңбек пен бәсекеге
қабілетті мол тәжірбие керек екені белгілі.
Қазақ кітап сайттарының жоғары дәрежеде дамуы бүгінде аса маңызды
болып отыр. Өйткені, бүгінде көпшілік дәстүрлі басылымдардың орнына
интернеттегі электронды жазбаларды пайдаланып жүр. Демек, бүгінде бұл
саланың мықтап қолға алынуы керек. Яғни, интернет жүйесіндегі кітапқа
қатысты қазақ сайттарының көбейту басты мәселелердің бірі ретінде дұрыс
жолға қойылуы қажет. Бүгінде біз қазақ кітап сайттарының өте мөте аз екенін
білеміз. Тіпті, саусақтап санасақ та тең жартысынан астамы бүгіусіз қалады
десек артық айтпағанымыз. Бұл, біріншіден, осы салаға әлі күнге дейін ат
үсті салғырт қарап келе жатқанымыздың бір әсері болса, екіншіден қолдау
жағынан аса үлкен көмекке ие болып отырмағаны да тежеу болып отыр. Сонымен
қатар, республикамыздағы интернет қолданушылар отандық өнімдерден гөрі
танымал бүкіл әлемдік желідегі белгілі, аты шығып үлгерген сайтттарды
пайдаланғанды жөн көреді. Яғни, бұл жерде оқырман ретінде отандастарымыздың
көрсетіп отырған қолдау көмектері өте әлсіз десек те болады. Ал, бұл кез
келген сайттың дамуына кері әсерін тигізетіні белгілі. Егер, өнімнің
тұтынушысы болмаса, онда бастаған кез келген істің алға баспайтыны сияқты,
сайттың да оқырманы аз болса оның дамуы аса қиянға түсетіні сөзсіз. Қазақ
кітап сайттарының алға жылжымай отырғанына әсер етіп отырған осындай
факторларды жою үшін әлі біраз уақытттың қажет екені сөзсіз.
Өкінішке қарай, бүгінде қазақша сайттардан гөрі орысша сайттарға
сұраныс көп. Десек те, бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, көптеген мекемелер
мен ұйымдар қазақша жеке сайттар ашуға немесе орысша сайттың қазақ
тіліндегі нұсқаларын жасатуға мүдделі. Елімізде тіл мәселесі өте көп
көтеріліп жатқан соң, кәсіпкерлер де қазақ тіліндегі БАҚ-тардың дамуына
байланысты өз бизнесіне қатысты сайттың қазақ тіліндегі нұсқасын ашуға
мүдделі. Шүкір, бүгінде көптеген кәсіпкерлер қазақ тіліндегі сайт нұсқасын
ашуды азаматтық жауапкершілікпен байланыстырады. Ал бұрындары бизнес
саласында жүрген азаматтар бас пайдасын ғана ойлап, орысша және ағылшынша
сайттар ашуға ынталы болатын. Әрине, елімізде қазақша сайттың пайдасы жоқ
деп есептегендер де болды.
Шыны керек, қазақша сайттарды көбіне жастар оқиды. Ал зиялы қауым
өкілдері интернет түгілі, компьютерден алыста жүретін сияқты. Әрине,
барлығы демеймін, бірақ көпшілігі ғаламторға жақын емес. Жоғарыда
айтқанымдай, блогтар жақсы дамып келеді. Ал сайттарды контент жағынан да,
техникалық жағынан да жетілдіру қажет Қазақша интернет қолданушылары көбіне
әдеби-шығармашылық салаға қатысты порталдар мен блогтар ашумен шектеліп
отыр. Ел халқының 26,5 пайыз үлесі интернет колданады десек, олардың
көбінесе Ресейдің сайттарын (оның ішінде Мой мир, м-агент сияқты
әлеуметтік желілерді) байланыс құралы ретінде пайдаланады. Қалалық жерлерде
интернет біршама ауқымдырақ қамтылғанымен, аудан, ауылдық жерлерді интернет
толықтай қамтымай отырғаны жасырын емес. Мұның салдарынан қазақтілді
тұтынушылар интернетке қол жеткізе алмай отыр. Қазақ тілінде әдеби сайттар
мен блогтар баршылық. Тек халықтың күнделікті өміріне қажетті техникалық
салаларға қатысты материалдар, денсаулық сақтау ісіне байланысты ақпараттар
немесе заңнамалық кеңестер, тіпті қазақша жарнамалар да жоқтың қасы.
Мәселен, Жапонияда кез келген жапондық өз ана тілінде өзіне қажетті
материалды интернеттен іздеп таба алады және интернетті сенімді кеңесшісі
ретінде пайдаланады.
Бүгінде қазақ сайттары оның ішінде кітапқа арналған сайтттардың қандай
деңгейде дамып келе жатқаны белгілі. Әрине, бұл олқылықтардың орнын
толтыру мақсатында атқарылып келе жатқан істер мен шаралардың басын жоққа
шығаруға болмайды. Дегенмен, іргелес жатқан көрші Ресей мемлекеті мен
теңіздің арғы бетіндегі кока кола мен гамбургердің елі америка осы салада
оқ бойы озық тұрғанын білеміз. Біздің елдің кез келген азаматы ғаламдық
желіде шетелдің ұсынатын ақпарат пен материалдарын және интернеттегі басқа
да өнімдерін тұтынады. Бұл, әрине, біріншіден отандық сайттардың әлі де өз
мемлекетіндегі тұрғындарын толығымен жүз пайызға қанағаттандыра алмай келе
жатқанның әсерінен екені сөзсіз. Бұл жерде қазақ сайттарының баяу даму
жолындағы себептерін анықтап көрелік. Әрине, мұндай жағдайда себептер мен
салдар әрқилы болып келетіні белгілі. Дегенмен, кейбір азаматтар осы мәселе
жөнінде өзіндік жеке пікірлерімен бөліскенді жөн көріпті. Ендеше, қазақ
интернет кеңістігінің кеңейіуіне барынша ат салысып жүрген блоггер Аршат
Оразов атты азамат бүгінде қазақ сайттарының дамымай келе жатқанын былай
түсіндіруге тырысады. Иә, қарапайым ғана жауап. Мамандар жоқ бізде сайт
жасайтын. Мен, мысалы, сайт жасаймын. Бірақ осы істің маманы емеспін,
мамандығым туризм болса да қолымнан дайын программа, скрипттермен жұмыс
істеу, қазақшалау келетін болғандықтан осыны кәсіп қылып, өз бетіммен
үйренушілерденмін [6]. Яғни, бұл жерде Аршаттың өз ұлты мен тілін
сүйгендіктен ғана ат салысып жүргендігін аңғаруға болады. Қазақ
интернетінің дамуына үлесін барынша қосып жүргендердің саны бүгінде
санаулы. Дегенмен, мұндай мамандарды мүлдем жоқ деуге болмас. Өйткені,
өзінің ұлты үшін намысты қолдан бермейтін азаматтар кез келген ортадан әр
кезде табылып жататыны сөзсіз. Сонымен қатарғ сайттардың дамымай келе
жатқанның екінші бңр себебі ол жақсы хостингтардың болмауыдеп біледі. Дәлме
дәл өз сөзін келтірсек. Қазақстанда хостинг беруші компания көп. Бірақ
көбісінің техникалық қолдауы нашар. Сайт ісіне қатысты көп скрипттер
хостингке орнатылғаннан кейін автоматты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау
Интернет туралы ұғым
Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері
Интернет - бүкіл әлемдік байланыс жүйесі
Интернет жүйесі
Интернет Web-сайт
Желінің даму тарихы
Интернет журналистиканың жанрлары
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Пәндер