Қоғамның демографиялық құрылымы


ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қоғамның демографиялық құрылымы.
Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген жөн.
Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды.
Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т. б. процестер ұдайы болып жатады.
Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд) . Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.
Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т. б.
Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Еліміздің белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың саны қанша?» Алмат, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны, қазақ ру-тайпалары, олардың сандары, орналасыу туралы қызықты деректерді келтірген. М. Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7млн, 777 мың 777 (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында - 3млн 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде - 4 млн. 244 мың (35%) қазақтар тұрады екен. Қазақтың жалпы саны 12 млннан. Астам. Онан әрі қазақ үш жүзден, олардан тараған 20 тайпа, 300 ру, 3 аталық, 33 мың әулеттер, 3 млн. отбасы бар екен.
Бұл жерде үш деген санның қазақта киелі (қасиетті) сан екенін аңғартады. Осыған орай тағы бір айта кететін жайт, кейбір ру, тайпалар белгілі бір объективтік жағдай себептерге байланысты өзге елдердің ұлыс құрасына сіңіп кеткен. Мысалы, бұған жататындар: Қият, Қатаған, Құрама, Барулас, т. б. ру-тайпалар. Бүгінде олар қазақтың үш жүзінің құрамында жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz