Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой- пікірлері. «Қарамола ережесі»
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) саяси және құқықтық ілім тарихы бойынша арнайы еңбек жазбағанымен, өлеңдері мен қара сөздеріне өзі өмір сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң-мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау етті. Сол уақыттағы жергілікті атқару органдары мен билер қызметін, әлеуметтік теңсіздікті жырлаған Абай әлеуметтік істерге де араласады.
Билердің төтенше съезіне жетпіс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынады және осы билер съезінің төрағасы болып сайланады. Абайдың төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негізі сақталған Ереже қабылданды. Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей империясының кейбір заң ережелерін ғана енгізеді. Бірақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкіметінің отаршыл әкімшілігінен қолдау таппайды. Бұл кезде қазақ даласында 1868 жылы 21 қазанда қол қойылған «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже» үстемдік етіп тұрған еді. Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі қазақтардың дәстүрлі заң жүйесін бұзып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен үйлеспейтін заң жобасын жасады.

Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой- пікірлері. Қарамола
ережесі
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) саяси және құқықтық ілім
тарихы бойынша арнайы еңбек жазбағанымен, өлеңдері мен қара сөздеріне өзі
өмір сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң-
мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау етті. Сол уақыттағы
жергілікті атқару органдары мен билер қызметін, әлеуметтік теңсіздікті
жырлаған Абай әлеуметтік істерге де араласады.
Билердің төтенше съезіне жетпіс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерін
ұсынады және осы билер съезінің төрағасы болып сайланады. Абайдың
төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негізі сақталған
Ереже қабылданды. Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей
империясының кейбір заң ережелерін ғана енгізеді. Бірақ Абайдың бұл
реформалық талаптары патша өкіметінің отаршыл әкімшілігінен қолдау
таппайды. Бұл кезде қазақ даласында 1868 жылы 21 қазанда қол қойылған
Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша
Ереже үстемдік етіп тұрған еді. Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі
қазақтардың дәстүрлі заң жүйесін бұзып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен
үйлеспейтін заң жобасын жасады.
Қазақтар екінші низам деп атап кеткен қазақ даласын басқару туралы ереже
нағыз отаршылдық пиғылда жазылған болатын. Осыған сәйкес сот жүргізу ісі де
едәуір өзгеріске ұшырады. Бұрын билер сотының қарауына жататын жиырмадан
астам жалпы қылмыстық әрекеттер шекаралық соттардың қарауына берілді, ал
халық соттарына жергілікті ұсақ-түйек істер ғана қалдырылды. Бақылау мен
қадағалаудан тыс қалған сот орындарының лауазымды адамдары өз қызметтерін
жеке бастарының баюына пайдаланды.
Отаршыл әкімшілік енгізген ережелер мен тәртіптер болыстық пен билік
мансапқа ғана қызмет етті. Судьялардың сатылғыштығы мен болыстардың
жағымпаздығы Абайдың жүрегін жаралады. Болыс биді құрметтейін десең
құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас
ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ деп күйіне жазған Абай,
бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайтындығын жақсы түсінді.
Сондықтан да ол зорлықпен танылған заң ережелерін керексіз деп тапты.
Отарлық билікті қамтамасыз етуде мың құбылып, өзгеріп отыратын сатылған
заңдарды аяусыз сынаған Абай:
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын, – деп,
мұндай заңдарды пайдаланудан бас тартуға шақырды. Отаршыл мемлекеттің
күнделікті саясатына қарай бейімделіп, өзгеріп отыратын тұрақсыз заңнан
қандай әділдік күтуге болатындығын ашына айтты.
Патша өкіметі құрған әкімшілік басқару ісіндегі әділетсіздік пен жосықсыз
әрекеттердің қазақтың билік дәстүріне қандай зардабын тигізгендігі мен бар
малын шығындап, болыс болғандардың қызметі де Абай назарынан тыс қалған
жоқ. Болыс болғандар өзі қулық, арамдықпен болыстыққа жеткен соң, момынды
қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді. Сондықтан да Абай
болыстыққа білімді адамдардың сайлануын жақтайды. Оның ойынша білімді болыс
қана сайлану құқығына ие болса, оң нәтиже береді. Кісіге біліміңе қарай
болыстық қыл,- дейді Абай.
Егер білімді адам табылмаса, болысты сайлау арқылы емес, жоғарыдан
тағайындауды халыққа пайдалы болар деп есептеген Абай сайлауды ру
арасындағы араздықты қоздыратын іс деп тапты. Адам өзі үшін ғана қызмет
етпеуі тиіс. Көпшілік үшін жасаған еңбегіңді құдай да ескереді. Өзің үшін
еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы
үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың.
Сайлау кезіндегі өзара тартыстың зардаптары туралы Абай өз басын осындай
таласпен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең
біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тиылмайды. Ел тыныш болса, оның
ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп, арамдығын
жақтап сүйемін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше
есе асырады. Тыныш жатқан елдің шала бүлінгенін патша өкіметінің
әкімшілік және сот реформасының нәтижесі деп түсінген Абай әрбір болыс
елде старшына басы бір би сайланғандық халыққа көп залал келтірді, - деп
жазды.
Абай сонымен бірге қазақ даласында билік айта алатын адамдардың да өте аз
қалғанына қынжылыс білдіреді. Билік айта білу үшін бұрынғы Қасым ханның
қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәуке ханның Күл төбенің
басында күнде кеңес құрған Жеті жарғысын білмек керек... ондай кісі аз,
яки тіпті жоқ.
Заманы тозған, дәстүрі озған дәуірде кімге ақыл айтасың, сенің насихатыңды
кім тыңдайды? Заманның тозуына не нәрсе себеп болды? деген мазасыз
сұрақтарға Абай өзі жауап береді. Біреу - болыс, біреу – би. Олардың ақыл
үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес
еді. Олар өздері де аздық кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз
деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігінен қалған. Ол не
қылып тыңдасын және тыңдайын десе қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар:
ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүліндіріп
аламыз ба, яки халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап,
шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді
жетілтейін, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы
тимейді.
Елді басқаруға сайланғандар басқаның ақылын қажет етпей, өздерінің ғана бас
пайдасын ойласа балық басынан шіридінің растығына Абай күмән келтірмейді.
Арын сатқан билер мен болыстардан түңілген Абай бақпен асқан патшадан,
мимен асқан қара артық, сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық
деп ой қорытады.
Абай шығармаларында әр топтың өкілдері, олардың әрқилы мінездері мен
қасиеттері үнемі бой көрсетіп отырады. Олардың жаман қасиеттерін ашып
көрсеткен ақын, оның себебін түсіндіреді. Жиырма екінші қара сөзінде ол
Байды қадірлеймін десең бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі
өзінде жоқ. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал
бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр.
Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты
кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең әділет, ұят, нысапқа
есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті.
Әр топтың ішінен қадірлісін таба алмаған Абай, оның себебін заманның
өзгеруінен іздейді. Осыдан келіп ол көпте ақыл жоқ, - дейді. Абайға
дейінгі ғұламалар мен ойшылдардың көпшілігі де көптің билігін дұрыс
көрмеді. Өйткені, көптің билігінде дау-дамай мен қызыл сөз және бас араздық
қоса жүреді.
Көпке ақыл айту да қиын. Көп қорқытады, терең батырады. Абай көп дегенді
бүтіндей бір халықты меңзеп отырған жоқ. Ол жетексіз кеткен, билікке
көнбеген айғай-шудың тобырын айтып отыр. Ретін тапса көпті де ақылға, жөнге
келтіруге болады. Сократқа у ішкізген, Жанна д,Аркты отқа өртеген, Ғайсаны
дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп,
ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал,- дейді ұлы Абай. Оның
пікірі бойынша ақылсыз тобыр - өзінің ақылынан айрылып, басқаның жетегіне
ергендер, ерте ме, кеш пе олар өз қателіктерін ұғынады. Абай оларды Көп
шуылдақ не табар, билемесе бір кемел, - деп сипаттайды.
Абай өзі өмір сүрген орта мен заман ызғарынан шырқы бұзылған халықтың бет-
бейнесін көрсетумен бірге, оның себептерін де ашады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың,
Бас-басына би болған өңкей қиқым.,
Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Абай адам деген ұғымды кең де, терең түсінді. Оның түсінігінше адам -
ақылдылық пен имандылықтың, еңбек сүйгіштік пен адалдықтың, әділдік пен
білімділіктің жиынтығы. Абайдың айтуынша, күллі адам баласын қор қылатын
үш нәрсе бар, содан қашпақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz