Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру



Мазмұны

І бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру жөніндегі ұстанымдар
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін қалыптастыру
1.2 Патриоттық сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік символдардың танымдық мүмкіндіктері

ІІ бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.
2.2 Педагогикалық процесте оқушылардың мемлекеттік символдарға деген патриоттық сезімін қалыптастыру
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін қалыптастыру

Қазақстан мемлекеті зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік болып табылады. Оқушылар ең алдымен мемлекеттік символды білместен бұрын мемлекеттің құрылымын білгені абзал. Осы туралы оқушы конституция мемлекет құрылымымен танысқаны жөн.
1991 желтоқсанда Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның аумағында Қазақастан Республикасы деп аталған жаңа мемлекет пайда болды. Советтік социалистік Республикалар Одағының ыдырауынан, оның құрамына кірген одақтас Республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. (№2. 7 бет).
Жаңа мемлекеттің құрылуын белгілейтін құқықтық актілер қабылданды. Олар:
1) Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы дикларациясы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы;
3) Қазақстан Республикасының 1993ж және 1995ж конституциясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі – халық. Халыққа берілген құқықтар:
- мемлекеттің ішкі ж»не сыртқы саясатын анықтау;
- Қазақстан халқының дауыс беруі (референдум) арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысатын Парламент депутаттарын тікелей және жанамалап талқылау арқылы сайлау; (№2. 7 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы егемендік пен Тәуелсіздіктің негізгі белгісі, егемендік белгілері:
- өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмауы мен бөлінбеуінің жариялануы;
- өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының жүйелі болуы;
- өзінің дара азаматтылығының болуы;
- Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын заңдарының болуы;
- Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттен жүйесінде терезесі тең жағдайының болуы (халқының құқықтары мен бостандықтарының халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуі);
- Қазақстан өзімен шектес бес мемлекет (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан, Түркіменстан) және басқа мемлекеттермен тату көршілікте олардың ішкі ісіне араласпау дауларда келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізілуі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңды түрде өз аумағын құрлықта, теңізде, ауа кеңістігі күзетеді, қорғайды, қарсы әрекетке тойтарыс береді;
- Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жасау қабілеттілігі;
- Егеменді мемлекет болғандықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің болуы: Елтаңба, Туы, Гимні. (№2. 7-8 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы – адам мен азаматтарды алдыңғы қатарға қояды және оның баптарының 1/3-і олардың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Қоғамдағы демократизм мен адамгершілік деңгейі.
Конститциядағы құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Дегенмен, ол мемлекеттік органдар, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтықсыз, дал орындауда құқықтары мен бостандықтарын орындайды. (№2. 8 бет).
Еліміз зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет. (№3. 193 бет).
Еліміздің демократиялық ұстанымы жөнінде мына төмендегідей мәліметтерді басты назарына алады. Қазақстан – демократиялық зайырлы, құқытық және әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси құқықтық мағынада «халық» деген мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, канституцияға және Президенттің қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар басқа қоғамдық бірлестіктер Республика парламентінің платася Мәжіліске депутаттыққа кандидаттарға ұсынуға ерікті. Оларды жан – жақты талқылап, қалдап, немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне де қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді.
Азаматтар қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады, немесе бірде бір саяси партияны қолданамауға немесе осларды депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтық пікір – ойын айқындауға мүмкіндік береді. (№2, 11-12 бет).
Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тиым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани мәден діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін. Дегенмен, қоғамдық бірлестіктер конституцияны, заңдарды сақтауы керек. Олар әлеуметтік ұлттық, діни, нәсілдік араңдатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігін, канституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағыттылмауы керек. (№2. 12 бет).
Оқушылар мемлекетіміздегі демократиямен қоса исламдық демократияны да пайымдағаны жөн. «Ислам кертартпа дін, демократияға сәйкес келмейді, онымен ұштаспайды» деген ислам жайында пікірлер бар.
Ислам дінінде мемлекеттік билеуде Құран Кәрім насихаттайтын екі қағидасы бар.
Бірінші қағида – «биғат» деп аталады. Ол сайлау деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік билік сайлау институты арқылы жүргізу. Пайғамбарымыз бірнеше рет халықтан, мұсылмандардан биғат алған. Ол кезде олар хақ елшісінің қолын ұстап, «Сені қорғаймыз және Ислам дініне қызмет істейміз» деп ант берген. Бірін «Ақаба биғаты» десе, енді бірі «Хұдайбия биғаты» деп аталады. Бұл «Ридуан биғаты» деп те атайды. Яғни, биғат арқылы адамдарды билікке әкелу исламдағы ел басқарудың негізгі қағидаларының бірі болып есептелінеді.
Екінші қағида – «шура» деп аталады, ол кеңесу деген мағынаны білдіреді. Құранда Шура туралы: «Ей, Мұхаммед сен істеріңді адамдармен кеңесу арқылы жаса» (3/159 және 42/38) деп айтылған. Міне демократия осы жерден бастау алады. Шын мәнінде нағыз демократия Ислам ішінде. (№3. 187-188 бет).
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет болып табылады. Қазақстан - әлеуметтік мемлекетте конституция, заң халықты топтарға ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді.
Мемлекет халықтың барлық топтарына қамқорлық жасайды. Шаруаларға, жұмысшыларға, құызметкерлерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге т.б.
Әрине, мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, тікелей көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге көп балалы отбасыларына қалдай қамқорлық жасап олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызуына қарап анықталады. (№2, 13 бет).
Қазақстан – көп ұлтты, конфессиялы мемлекет. Еліміздің парасатты басшлығы арқасында елімізде алуан түрде тіл мен діндегі мәдениеттегі ұлттар мен ұлыстар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр. (№4. 6 бет).
Дінаралық түсіністік пен сыйластық – уақыт талабы. Жалпы, діндер арасындағы үн қатысудың ең үлкен пайдасы ол түрлі діндерді уағыздаушылардың бейбіт қатар өмір сүру жолындағы кедергілерді жою. (№4. 6 бет).
Мемлекетіміз зайырлы мемлекеттің қатарына жатады. бұл дегеніміз дінсіз мемлекет деген ұғымды білдірмейді. Осыған орай белгілі бір дінге қатысты ұстанып отырған дін жөніндегі саясаты бар.
Мемлекеттің діни саясаты болады. Өйткені мемлекеттің құзырлы мекемелері болған соң, олар міндетті түрде саясат жасайды. Қазақстан Республикасында
- 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы заңы бар;
- Канституцияда дін мәселесіне көңіл бөлген;
- Үкіметтің қарамағында діни бірлестіктер жұмыс істейтін кеңсе құрылған және оның хатшылығы бар;
- Президент әкімшілігі, Мәжіліс және Сенат аппараттары, сыртқы және ішкі стер министрліктері, әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қатарлы мекемелерде дінмен айналысатын арнайы мамандар, қызметкерлер бар. (№3, 151 бет).
Мемлекетіміз зайырлылық қоғамдасын ұстанады. Бірақ мемлекет өзін діннен қаншалықты аулақ ұстайын десе де, бәрібір діннен алысқа кете алмайды. Себебі мемлекетті құрайтын – халық пен жер.
Халықты құрайтын – дін. Дін, халық, билік үшеуі. №3. Бір қолдан қатар тұрған үш саусағы сияқты. Дінге тиіссең халықты, халыққа тиіссең мемлекетке тискен боласың. Мұнан дін саласында ең кішкентай баланстың бұзылуы мемлекет деген алып жүйедегі кейбір функциялардың бұзылуына әкеп соқтырады. (№3. 152 бет).
Дәл қазіргі кезде іс жүзінде мемлекет дінді бақылап отыр, діни қарым – қатынастарды реттеп отыр. Яғни, тікелей азаматтардың дни қарым – қатынастарына, дін саласындағы ұйымдасуға, іс -әрекеттерге мемлекет бақылау қызметін атқарып отыр.
Діни бірлестіктер мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейтініне қарамастан Қазақстанның заңдарына бағынады. Өйткені, бұл заңдар республика аумағында билеуші күшке ие. (№3. 186 бет).
Қазақстанның зайырлылығы жөнінде оқушылардың білуге тиісті танымдары. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі дінге бірлестіктер әрекет етеді, олар азаматтардың, діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде, тіпті ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мынада:
Біріншіден: мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды;
Екіншіден: мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде де, институттарда т.с), діни ілімді уағыздауға жол берілмейді.
Үшіншіден: Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тиым салынған. (№2. 13 бет).
Қазақстан мемлекетінің құрылымдық жүйесін конституция және құқықтық заң актілері арқылы белгіленген жүйесін оқушылардың танып-білгені дұрыс. Осы орайда жоғарыда көрсетілген материалдар танымдық мүмкіндігіне негіз болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру

Мазмұны

І бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру
жөніндегі ұстанымдар
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін
қалыптастыру
1.2 Патриоттық сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік символдардың
танымдық мүмкіндіктері

ІІ бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының
патриоттық сезімін қалыптастыру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастырудың
психологиялық тұрғысы.
2.2 Педагогикалық процесте оқушылардың мемлекеттік символдарға деген
патриоттық сезімін қалыптастыру

І бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру
жөніндегі ұстанымдар
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін
қалыптастыру

Қазақстан мемлекеті зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік
болып табылады. Оқушылар ең алдымен мемлекеттік символды білместен бұрын
мемлекеттің құрылымын білгені абзал. Осы туралы оқушы конституция мемлекет
құрылымымен танысқаны жөн.
1991 желтоқсанда Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның
аумағында Қазақастан Республикасы деп аталған жаңа мемлекет пайда болды.
Советтік социалистік Республикалар Одағының ыдырауынан, оның құрамына
кірген одақтас Республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер
құрды. (№2. 7 бет).
Жаңа мемлекеттің құрылуын белгілейтін құқықтық актілер қабылданды.
Олар:
1) Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы дикларациясы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы;
3) Қазақстан Республикасының 1993ж және 1995ж конституциясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің
бірден – бір қайнар көзі – халық. Халыққа берілген құқықтар:
- мемлекеттің ішкі жне сыртқы саясатын анықтау;
- Қазақстан халқының дауыс беруі (референдум) арқылы мемлекеттік
өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысатын Парламент депутаттарын
тікелей және жанамалап талқылау арқылы сайлау; (№2. 7 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы егемендік пен Тәуелсіздіктің
негізгі белгісі, егемендік белгілері:
- өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмауы мен
бөлінбеуінің жариялануы;
- өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының жүйелі
болуы;
- өзінің дара азаматтылығының болуы;
- Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын заңдарының
болуы;
- Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттен жүйесінде терезесі
тең жағдайының болуы (халқының құқықтары мен бостандықтарының
халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуі);
- Қазақстан өзімен шектес бес мемлекет (Ресей, Қытай, Өзбекстан,
Қырғыстан, Түркіменстан) және басқа мемлекеттермен тату көршілікте
олардың ішкі ісіне араласпау дауларда келісім арқылы шешу, бірінші
болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізілуі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңды түрде өз
аумағын құрлықта, теңізде, ауа кеңістігі күзетеді, қорғайды, қарсы
әрекетке тойтарыс береді;
- Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жасау
қабілеттілігі;
- Егеменді мемлекет болғандықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерінің болуы: Елтаңба, Туы, Гимні. (№2. 7-8 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы – адам мен азаматтарды алдыңғы
қатарға қояды және оның баптарының 13-і олардың құқықтары мен
бостандықтарына арналған.
Қоғамдағы демократизм мен адамгершілік деңгейі.
Конститциядағы құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана
анықталмайды. Дегенмен, ол мемлекеттік органдар, лауазым иелері заң
жүктеген өз міндеттерін қалтықсыз, дал орындауда құқықтары мен
бостандықтарын орындайды. (№2. 8 бет).
Еліміз зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет. (№3. 193 бет).
Еліміздің демократиялық ұстанымы жөнінде мына төмендегідей мәліметтерді
басты назарына алады. Қазақстан – демократиялық зайырлы, құқытық және
әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат
қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды
ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға
сүйене отырып, конституция халық деген ұғымды қолданады. Саяси құқықтық
мағынада халық деген мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы
бар кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы,
канституцияға және Президенттің қазақстан Республикасында сайлау туралы
жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар басқа қоғамдық бірлестіктер
Республика парламентінің платася Мәжіліске депутаттыққа кандидаттарға
ұсынуға ерікті. Оларды жан – жақты талқылап, қалдап, немесе қарсы үгіт
жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне де
қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді.
Азаматтар қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады, немесе
бірде бір саяси партияны қолданамауға немесе осларды депутаттыққа ұсынған
кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтық пікір –
ойын айқындауға мүмкіндік береді. (№2, 11-12 бет).
Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін
мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тиым салу. Қоғамдық бірлестіктерді
азаматтар түрлі мақсатпен құрады: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани мәден
діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін. Дегенмен, қоғамдық бірлестіктер
конституцияны, заңдарды сақтауы керек. Олар әлеуметтік ұлттық, діни,
нәсілдік араңдатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің
қауіпсіздігін, канституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының
тұтастығына қарсы бағыттылмауы керек. (№2. 12 бет).
Оқушылар мемлекетіміздегі демократиямен қоса исламдық демократияны да
пайымдағаны жөн. Ислам кертартпа дін, демократияға сәйкес келмейді, онымен
ұштаспайды деген ислам жайында пікірлер бар.
Ислам дінінде мемлекеттік билеуде Құран Кәрім насихаттайтын екі
қағидасы бар.
Бірінші қағида – биғат деп аталады. Ол сайлау деген мағынаны
білдіреді. Мемлекеттік билік сайлау институты арқылы жүргізу. Пайғамбарымыз
бірнеше рет халықтан, мұсылмандардан биғат алған. Ол кезде олар хақ
елшісінің қолын ұстап, Сені қорғаймыз және Ислам дініне қызмет істейміз
деп ант берген. Бірін Ақаба биғаты десе, енді бірі Хұдайбия биғаты деп
аталады. Бұл Ридуан биғаты деп те атайды. Яғни, биғат арқылы адамдарды
билікке әкелу исламдағы ел басқарудың негізгі қағидаларының бірі болып
есептелінеді.
Екінші қағида – шура деп аталады, ол кеңесу деген мағынаны білдіреді.
Құранда Шура туралы: Ей, Мұхаммед сен істеріңді адамдармен кеңесу арқылы
жаса (3159 және 4238) деп айтылған. Міне демократия осы жерден бастау
алады. Шын мәнінде нағыз демократия Ислам ішінде. (№3. 187-188 бет).
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет болып табылады. Қазақстан - әлеуметтік
мемлекетте конституция, заң халықты топтарға ерекше әлеуметтік топтарға
бөлмейді.
Мемлекет халықтың барлық топтарына қамқорлық жасайды. Шаруаларға,
жұмысшыларға, құызметкерлерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға,
аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге т.б.
Әрине, мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, тікелей
көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал
жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты оның жастарға, мүгедектерге,
зейнеткерлерге көп балалы отбасыларына қалдай қамқорлық жасап олардың
адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызуына қарап анықталады. (№2, 13 бет).
Қазақстан – көп ұлтты, конфессиялы мемлекет. Еліміздің парасатты
басшлығы арқасында елімізде алуан түрде тіл мен діндегі мәдениеттегі ұлттар
мен ұлыстар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр. (№4. 6
бет).
Дінаралық түсіністік пен сыйластық – уақыт талабы. Жалпы, діндер
арасындағы үн қатысудың ең үлкен пайдасы ол түрлі діндерді уағыздаушылардың
бейбіт қатар өмір сүру жолындағы кедергілерді жою. (№4. 6 бет).
Мемлекетіміз зайырлы мемлекеттің қатарына жатады. бұл дегеніміз дінсіз
мемлекет деген ұғымды білдірмейді. Осыған орай белгілі бір дінге қатысты
ұстанып отырған дін жөніндегі саясаты бар.
Мемлекеттің діни саясаты болады. Өйткені мемлекеттің құзырлы мекемелері
болған соң, олар міндетті түрде саясат жасайды. Қазақстан Республикасында
- 1992 жылы қабылданған Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер
туралы заңы бар;
- Канституцияда дін мәселесіне көңіл бөлген;
- Үкіметтің қарамағында діни бірлестіктер жұмыс істейтін кеңсе
құрылған және оның хатшылығы бар;
- Президент әкімшілігі, Мәжіліс және Сенат аппараттары, сыртқы және
ішкі стер министрліктері, әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік
комитеті қатарлы мекемелерде дінмен айналысатын арнайы мамандар,
қызметкерлер бар. (№3, 151 бет).
Мемлекетіміз зайырлылық қоғамдасын ұстанады. Бірақ мемлекет өзін діннен
қаншалықты аулақ ұстайын десе де, бәрібір діннен алысқа кете алмайды.
Себебі мемлекетті құрайтын – халық пен жер.
Халықты құрайтын – дін. Дін, халық, билік үшеуі. №3. Бір қолдан қатар
тұрған үш саусағы сияқты. Дінге тиіссең халықты, халыққа тиіссең мемлекетке
тискен боласың. Мұнан дін саласында ең кішкентай баланстың бұзылуы мемлекет
деген алып жүйедегі кейбір функциялардың бұзылуына әкеп соқтырады. (№3. 152
бет).
Дәл қазіргі кезде іс жүзінде мемлекет дінді бақылап отыр, діни қарым –
қатынастарды реттеп отыр. Яғни, тікелей азаматтардың дни қарым –
қатынастарына, дін саласындағы ұйымдасуға, іс -әрекеттерге мемлекет бақылау
қызметін атқарып отыр.
Діни бірлестіктер мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейтініне қарамастан
Қазақстанның заңдарына бағынады. Өйткені, бұл заңдар республика аумағында
билеуші күшке ие. (№3. 186 бет).
Қазақстанның зайырлылығы жөнінде оқушылардың білуге тиісті танымдары.
Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі дінге
бірлестіктер әрекет етеді, олар азаматтардың, діни сезімдерін
қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде,
тіпті ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның
мынада:
Біріншіден: мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды;
Екіншіден: мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде де, институттарда
т.с), діни ілімді уағыздауға жол берілмейді.
Үшіншіден: Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың
ұйымдастырылуына және қызметіне тиым салынған. (№2. 13 бет).
Қазақстан мемлекетінің құрылымдық жүйесін конституция және құқықтық заң
актілері арқылы белгіленген жүйесін оқушылардың танып-білгені дұрыс. Осы
орайда жоғарыда көрсетілген материалдар танымдық мүмкіндігіне негіз болады.

1.2 Патриоттық сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік символдардың танымдық
мүмкіндіктері

Қазақ халқында белгілі бір маңызда құндылықтар болғаны белгілі. Ондай
құндылықтарға жер, ел және тіл жатады. Бұл үш құндылық қазақтың барлық
бірлігі мен байлығын көрсетеді. Ел ұлт үшін мақтан етер мәдениеті.
Ел – ұлттық дүниетанымдағы ұлы ұғымдардың бірі. Ел сөзі қазақ халқының
арғы қазақтан бүгігі қазаққа дейін қағанат, ел - жұрт, отан,
мемлекет, мағынасында қолданылып келеді. Ел сөздің ұғымы – елдік мінез,
едік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді
құндылықтар оның өзегі болады.(№1).
Ел сөзі Қазақстан Республикасының жеке мемлекет құруына байланысты Отан
тұрғысында қолданылады. Әрбір Отанның негізгі құндылығы ата-бабамыздың
ұстанып келе жатқан құндылықтарын басшылыққа алады. Бірақ мемлекеттің
мемлекеттік дәрежесін белгілейтін мемлекеттік символдар немесе рәміздер
болады. Оқушылар ең алдымен осы рәміздер туралы танып-білгені абзал.
Рәміздер – елдің саяси тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігінің
бірегей белгілері болып табылдаы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (9 бабы): Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздер, туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен
белгіленеді деп көрсетілген.
Әрбір мемлекет өзінің мемлекет ретінде белгілерін сайлап алады.
Сондықтан, ең алғашқы, ең маңызды қадамының бірі – елдің туын, елтаңбасын,
әнұранын сайлап алу болып табылады.
Еркіндікке ұмтылған елдердің қайсысы болмасын өз ана тіліндегі
дауысымен сөйлеуі, өз еркімен жар салуда армандайды. Мемлекеттік рәміздер
тәуелсіздіктің белгісін көрсетеді. (№1. 12 бет).
Тәуелсіздік – бұл ең алдымен, рухани тылсым адамның жан – дүниесі, рухы
мен ар – ожданының азаматтығы.
Тәуелсіздік рух – дербес мемлекеттік жүйесі және еркін саяси,
экономикалық, әлеуметтік, еркін шаруашылық жүргізу әдісін таңдау. Яғни,
болмыс – бітім бөлек мағына, бірегей идея өзіне лайық түр, қалып іздейді.
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінде өмір салтын, бүкіл
болмыс ерекшелігін, айырықша арман – аңсарын басқалармен байланыс мұратын
білдіретін белгі. (№1. 12 бет).
Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол – мемлекеттік
рәміздерін тек көркем, образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының
жаршысы екендігі. Олар осынау ізгі сезімді адамдардың жан дүниесін сіңіріп,
ақыл – ойына дарытуға қызмет етеді. (№1. 14 бет).
Мемлекеттік рәміздердің қысқа мерзімде болса да қалыптасқан тарихын да
білгені орынды. Осы турасында мына төмендегідей негізгі мәліметтерді танып-
біледі. Мемлекеттік рәміздер дүниеге келуінің тарихы бар. Президент Н.
Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы
туралы заңдарға қол қойды.
Мемлекеттік рәміздердің тұсау кесері:
1) 6 маусым 2002 ж Алматы қаласындағы Абай атындағы опера мен
театрының әсем ғимаратында тәуелсіздіктің ең алғашқы мемлекеттік
рәміздердің салтанатты тұсаукесері өтті.
2) сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесінде Ту
көтерілді.
3) 1992 жылдың 2 желтоқсанында Мемлекеттің ән ұранының мәтіні
бекітіліп, шырқалды. (№1 15 бет).
Мемлекеттік рәміздер туралы ресми шешімдерден кейін 1996 жылы 24
қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық күші бар Жарлығы ретке
келтіріпі, нақтыланды.
Бұл жарлық 5 тараудан, 14 баптан тұрады.
Жарлықта – Мемлекеттік рәміздерді қолданудың ресми тәртібі де
айқындалған. (№1, 16 бет).
Мемлекеттік рәміздер интеллектуальдық мүлікке жатады. Еліміздің мұндай
құқы бүкіл дүние жүзілік интеллектуальдық меншік ұйымында тіркелген.
Қалыптасқан халықаралық нормаларға сәйкес ол Париж конвенциясына қосылған
130 елде заңмен қорғалады. (№21 бет).
Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба – егемендік және
тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілер. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың
бірден – бір рухани жаршысы. (№1. 24 бет).
Елтаңба, әнұран, ту, мемлекет басының байрағы, ұлттық ақша, мемлекеттік
наградалар, шекара, мемлекет астанасы мемлекеттік тіл – ресми белгілерге
жатады. Мұны барлығы мемлекеттік реміздер қорына енеді. (№1. 27 бет).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының (рәміздерінің)
өздеріне тән бекітілп берілген сипаттамасы бар.
Туға сипаттама. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты
көгілдір түсті мата. Тудың сабағының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік
жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес.
Тудың елі мен ұзындылығының қатынасы – 1:2 - мемлекеттік рәміздің ресми
анықтамасы осыларды көрсетеді. (№1. 16 бет).
Мемлекеттік ту жасау заң бойынша арнайы белгіленген лицензиясы бар
мекемелерде жүзеге асырылады. Яғни №1 лицензиялы Алматы - безендіру жабық
акционерлік қоғамында бекітіліп берілген.
Туды жасауда пайдаланатын материалдар политекс, атлас және жылтыр
жібек. (№1. 18 бет).
Тудағы басқа да атрибудтарға сипаттама. Туда басқа да атрибуттарды
пайдаланады. Олар: тутаяқша (древак), ұшарбас (навершие), бау (лента),
шашақ )бахрома), ту тұғыр (орлаг штек), тужиек (қойма), т.б.
Түсті мата тартылатын тутаяқша ағаштан немесе металдан жасалады.
Ұшарбас оған шығырмен бекітіледі, тудың ажарын аша түсуге қызмет етеді. ол
ұлттық ою - өрнек стилінде жасалған найза тәрізді болып келеді. Оған
тартпа жіп пен бау тағылады.
Шашақ дегеніміз тудың негізгі бөлігін – түсті маталы жиектеп көмкерген
тоқыма әшекей ал тұғыр деп тутаяқша тұрғызылған металл қондырғыны айтады.
Тужиек (кайма) болса – түсті матаның шетіндегі түсі бөлек жолақша. (№1. 18-
19 бет).
Елтаңбаға сипаттама. Елтаңба ресми нышан ретінде көбіне тумен қатар
жүреді. Ресми анықтама бойынша: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз) үйдің жоғары күмбез тәрізді
бөлігі бейнеленген, уықтар шашылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты
көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.
Мемлекеттік Елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес
рұқсат (лицензия) алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен мемлекеттік елтаңбасының
эталондары Президент Резидентсиясында сақталады. (№1. 19-20 бет).
Мемлекеттік Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны –
еліміздің ресми музыкалық – поэтикалық эмблемасы, әдеби – сазды төл құжаты.
Әнұранда орындаудың екі түрі бар. Біріншісі – ішінара орындау. Бұл
жағдайда сазды аспап төрде әнұранынның бір шумағы мен қайырмасының әуендері
орындалады. Екінші – толық орындау. Бұл жағдайда әнұран жеке дауыста және
сазды аспаптар сүйемелдеуіндегі жеке дауыста орындалады. Бұл ретте жазу
таспасын пайдалануға болады.
Әнұранды басқа тілде орындауға болмайды. (№1. 22-23 бет).
Байраққа сипаттама. Мемлекеттің ең жоғарғы лауазымды адамының ресми
айырым белгісі ретінде 1995 жылы 29 желтоқсанда алғаш рет Қазақстан
тарихында мемлект басшысының байоағы дүниеге келді.
Байрақ сипаттамасы Елбасының Қазақстан Республикасының Президентінің
байрақ және оның айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы
жарлығында айқындалған.
Қазақстан Республикасының Президентінің байрағы – көгілдір түсті
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы
жақтары үштің екісіне сәйкес келетін кездеме тіктөртбұрыштың ортасында
қанаты барысқа мінген оң қолы жоғары көтерілген сақ дәуірі жас көсемінің
тұлғасы бедерленген алтын шеңбер бар. Барысқа мінген адамның қолында
білезік, мойнында гривиа мен тұмар, басында ұшы сүйірленген қалпақ бар.
(№1 25 бет).
Барысқа мінген адам мен барыстың бейнелері алтын түстес. Одан
төменіректе қарлы тау шыңдарының бейнесі бедерленген.
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Қайрақтың сабы қошқар
мүйіз түріндегі суретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған төгілмелі
шашақ байланған.
Байрақтың сабында Қазақстан Республикасының Президентінің тегі, аты,
әкесінің аты, (мемлекеттік тілде) және оның сайланған уақыты көрсететін
даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.
Байрақты ресми қолдану аясы – Мемлекет басшысының тұратын
Резиденциясында, Республика Президенті болған уақытта басқа резиденциялар
үстінде Республика Президентінің көлік құралдарында орнатылады. Мемлекет
басшысы қатысқан салтанатты және басқа да рәміздер кезінде елдің
Мемлекеттік туы немесе Президент байрағы тігіліп қойылады. Байрақ эталоны
Қазақстан Республикасы астанасындағы Елбасы Резиденциясында сақталады. (№1.
25 бет).
Омыраубелгіге сипаттама. Мемлекеттегі ең жоғары иесінің келесі айырым
белгісі – Республика Президентінің омыраубелгісі. Қазақстан Республикасының
Президенті омырау белгісінің сипаты 1995 жылы 1 желтоқсанда орталық сайлау
комиссиясының қаулысымен айқындалған. Белгі мен оның шынжыр шығыры бағалы
және аса бағалы металдар мен тастардан жасалады.
Омыраубелгісінің ұзындығы 96 сантиметрлік шынжыр шығыры әр қабырғалы 2
сантиметрлік бірнеше үшбұрыш тізбесінен тұрады.
Ақ түсті эмаль бояумен боялған үшбұрыштар Қазақстан астанасы мен
облыстарының нышандық бейнесі ретінде ойластырылған. Әр үшбұрыштың
ортасында шаңырақ бейнесі бедерленген.
Шынжыр шығырдың ортасында көк эмальға таңбаланған ұлттық елтаңба
белгісі (диаметрі 4,4 см) 9 сантиметрлік үш деңгейлендіріп жасалған сегіз
бұрышты жұлдыз ілінген. Алғашқы қабат толқынды көгілдір сәулелерден тұрады.
Екінші қабат жан – жағын қымтай жинастырылған лента пошымында айшықталған
және келесі деңгейдің астарына айналып тұр. Ал үшінші қабат Қазақстан
Республикасының Президенті деген сөздер жазылған ақ эмальды дөңгелек
дискімен өрнектелген. (№1. 26 бет).
Омырау белгі пайдаланатын кездері. Мемлекеттік мерекелер құрметіне,
әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын
қабылдау, Республика Президенті атынан өткізілетін ресми қабылдаулар,
Парламент сессиясын ашу, мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде, сондай –
ақ республика Президенті салатанты кеште немесе концертте құрметті болған
не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдік сапарлар
уақытында қабылдаулы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкін. (№1. 21-22
бет).
Ұлттық теңге – рәміздік қорға енеді. Оның тұңғыш дүниеге келуі тарихқа
уақиға екені ескерерлік 15 қараша 1997 жыл теңгенің туған күні болып
жарияланады. Сөйтіп, ол қаржы саласының кәсіби мерекесіне айналды. (№1. 27
бет).
Ұлттық теңгенің алғашқы банкноттарының көркем безендіру кезінде белгілі
тарихи тұлғалардың (әл – Фраби, Абай, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Ш.
Уалиханов, Құрманғазы, Сүйінбай) протреттері Ахмет Иасауи кесенесінің
бейнесі Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылады. (№1. 28 бет).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының біріне Астана
жатады. Қазақстанның егемендегі мен тәуелсіздігі 1929 жылдан бері Алматы
қаласы астана жарияланды.
1994 жылы Республика жоғары кеңесі Қазақстан Республикасының астанасын
көшіру туралы қаулы қабылдады. Ол үш тармақтан тұрады. Алғашқы тармағында:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекет астанасын
Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысы мақұлдансын делінеді.
1997 ж. 2 қазанда Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы
деп жариялау туралы жарлық шықты.

ІІ бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының
патриоттық сезімін қалыптастыру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастырудың
психологиялық тұрғысы.
Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған
дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала
қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен
шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті,
пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана
қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани
білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық
рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып
әрі қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын үрдіс.
Бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің
- көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс
жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан
түрлі іс - әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі
заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп
сараптама жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі
түгелдей керіп тұратын күрделі психикалық процес.
Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін
қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш
құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:
Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым-
қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас
және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.
Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда
болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр,
ирония және жаңалыққа ұмтылуы.
Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған
рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.
Патриоттық сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы
болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының
бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде.
Осыған орай норма.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе
білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін
бере білу. Баланы сезе білуге жақын адамдарының көздерінен рухани
дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін
бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.
Сонымен баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру –
бұл, әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады.
Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты
дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог –
педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді. Патриотизм сезімі мазмұны
жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту жеткіліксіз. Бұл туған
жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін мақтаныш, және өзінің
қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін сезіну мен өз елінің
байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы. Патриотизм тек күрделі
ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті халықтың еңбегімен рухани
өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі осыншама күрделі болса, онда
бастауыш сыныптың оқушыларын осы сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз
қозғауға болар ма екен? Жас ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп,
балаларды зор ықыласпен бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады.
Бастауыш сыныптың оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген
деуге болады және тек қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы
мәселе қызықтырады. Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік
пен жауыздық, әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге
болады: Неге жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір сүрмейді?
Неге басқа елдерге біздің еліміздегідей ынтымақтастық жоқ?
Біздің елдің халқы бірліктен болғандықтан, біз ешкімнен қорықпаймыз.
Соғыс жүріп жатқан елдердің жетім бүлдіршіндеріне кітап,
ойыншықтарымызды жіберейік. Үлкен өмірдегі бүткіл орын алып отырған
оқиғаларға қызығушылық танытқан өз оқушыларының осындай пікірлерінің
тізімін әрбір ұстаз жалғастыра алады. Балаларда үлкендердің ортасына
үлкендердің ортасына деген қызығушылықтары – сұрақтарында, адамдардың
еңектегі ерлігі туралы, соғыс батырлары туралы, түрлі елдер туралы
мұғалімдердің әңгімелерін құштарлықпен тыңдауында байқалады. Мұны
оқушылардың ойнаған ойын түрлерінен де көреміз. Бұл ойындарда елде
болып жатқан айшықты оқиғалар бейнеленеді. Мысалы олар Бауыржан
Момыш – ұлы аталарындай батыр және жаужүрек жауынгерлер болып
ойнайды, космонавт болып ойнағанды да тәуір көреді.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы халықтық мүдде үшін еңбек етуге,
табиғат байлығын қорғауға толыққанды қатынасқылары келеді. Ұлы Отан
соғысы жылдары балалар соғысқа суреттерін, өздері жасаған заттарын
жіберді, жаралы жауынгерлердің алдында концерттер қойды.
А. И. Герцен: бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста
қаланады, - деген. Яғни, патриоттық сезімді тәрбиелеу балалардың
жас кезінен бастап, мектеп табалдырығын аттаған жылдары қарқынды,
тереңдетіліп қолға алынуы тиіс.
Ел жандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда,
алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің
түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау – бақшасы,
ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған
тамаша әндері.
Бала туылғаннан ана тілін есітеді. Анасының бесік жыры, айтқан
ертегілері беймәлім өмірдің есігін ашады, дүниені құлпыртып,
айналаны нұрға бөлейді, болашаққа үміт пен үлкен сенім арттырады.
Ертегілер балаға ой салады, түрлі сезімдерге жетелеп бірде жылатып,
бірде күлдіреді ең негізгісі халықтың бағасы жоқ байлығы достық,
еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, өзара көмек екенін көрсетеді. Ұрпақтан
– ұрпаққа жалғасып отыратын адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін әр
халықтың өз ертегілері бар. Ертегіні тыңдай отырып бала өз халқы
нені сүйсе соны сүйеді, неден жиренсе содан жиренеді. Халқымыздың
асылы – жұмбақтарды балалар жеңіл де зор ынтамен қабылдайды. Онда
әзіл де, наз да, адамға деген, Отанға деген терең сүйіспеншілік
те бар. Ертегілер, мақал – мәтелдер елге деген, жерге деген, тілге
деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің кәусар бұлағы.
Балалық шақтағы әсерлер кейде үлкен оқиғаларға байланысты
өрбейді. Мысалы үлкен ағасын әскерге шығарып салу кешін оқушының
қалай қабылдағанына зер салсақ, көптеген сезімдердің тоғысуын
байқаймыз. Бала мұндай кештің алғаш куәгері болғандықтан және де
арқа сүйер бауыр басқан ағасын бірнеше жыл көре алмайтындығынан
оның басында сансыз сұрақтар туындайды, оларға жауап іздеп
мазасызданады. Да ағасын сұрақтың астына алады.
➢ Аға, сіз қайда кетіп барасыз?
➢ Әскерге.
➢ Әскер, не үшін қажет?
➢ Ұланғайыр еліміздің, халқымыздың, көрші қолаңның,
бауырларымыздың, ата – аналарымыздың, достарымыздың тыныштығын
қорғау үшін қажет.
Ағасын әскерге шығарып салу кешіндегі әкесінің, анасының айтқан
тілектерінің, берген ақ баталарының, кереметтілігін айтсаңызшы!
Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала төсінде дархан
пейілмен көшіп – қонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының осы ұлан
– ғайыр даланың ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен ұстап,
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бүгінгі көнімізде
жеткерген батыр бабамның ұрпағысың, құрметті балам!
Сен бүгін әскерге шығарып салып тұрғанда айтар сөзім: аман
барып, сау қайт! Малым – жанымның садағасы, жан – жаным – арымның
сабағасы деп ұл – қыз өсірген елдің ұрпағысың. Қашанда жүздерің
жарық, мәртебелерің биік болсын! Жаратушы ием ақ жол, сәттілік
берсін. Біздің халық батыр жүректі, ақын жанды болатыны әбден
дәлелденген. Яғни, сендер жүйріктігі ғасырлар бойы өшпейтін аңызға
айналған арғымақ жаратып мінген арыстан келбетті, жолбарыс жүректі
батырлардың, елдің мұңын жоқтап, күннің нүрын, жердің гүлін өмір
бойы тамсанып жырға қосқан ақындардың ұрпағысың. Олай болса Отан
алдындағы борыштарынды сол тектілердің ұрпағы деген атқа лайықты
абыроймен атқарып қайтуыңа тілектеспін. Бала бұл тілектердің
баталардың сөздерінің мәнін түсінуге ақылының әлі де болса толық
жетіспейтінін сезсе де, көрші – қолаңдарды, дос – туыстарды шақырып
ұйымдастырылған кеш, қимастық, сыйластық сезім, әке – шешенің тілегі,
қариялардың ақ батасы, жастардың ел алдындағы борышын ақтауға
берген жалынды уәдесі, осындай сұлу сезімдерінің сана – сезімінде
өшпестей орын алады.
Мағжан Жұмабаев: Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат
іздеуіне, сұлу нәрсені сүйіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта
жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан құтылуына көп көмек көрсетеді деген
тамаша сөздері осының айғағындай.
Баланың өз Отанымен танысуы табиғатпен тығыз байланыста болады.
Ауладағы гүлдер, бақшадағы жеміс ағаштары, шомылатын көл, күнге
қыздырынатын жағажай, барлығы баланың сезімінде мәңгі қалыптасып,
сүйіспеншілік сезімін оятады.
Бірақ үлкендердің көмегінсіз елжандылық сезімін қалыпастыру өте
қиын, себебі оқушы жас ерекшеліктеріне байланысты көп мәліметтерді
шатастырып алуы мүмкін. Кішкентай, әлсіз жер бетіне зорға
көтерілген көшеттің тамырын қатайту үшін бағбан қаншама жылдар бойы
тер төксе ұстаз да тап солай оқушыларының сезіміне шексіз. Отанын
сүюді елді сүюді, жерді сүюді, ана тілін сүюді, елді басқарып
отырған Елбасын құрметтеп, сүюді, осындай байлыққа кенелтіп отырған
еңбекшіл халымызды сүюді, Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттар мен
ұлыстардың бейбітшілік жағдайында өмір сүруін көздеген Елбасымыздың
ұстанып отырған салсатын қолдауды қалыптастыруы қажет.
Осындай ұлы сезімдерді тәрбиелеу баланың алғаш көзін ашып,
сыртқы ортамен танысып, білуге құштарлығы оянғаннан бастау алуы
керек. Халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі жарқын болашақ үшін
екенін күнделікті көріп жүрген ауылы, қаласы, орман – тоғайлы,
өзендері оның өз Отаны екенін, елінің Отанының азаматы болуы үлкен
мақтаныш екенін оқушылардың үлкендердің көмегінсіз түйсінуі қиындау.
Мақсатты бағытталған педагогикалық тәрбие оқушының сезімін
тәрбиелеп, сенімін қалыптастырып жетілдіреді.
Ұстаз оқушы мен оны қоршаған әлем аралығындағы дәнекер, ол
бала сезімін сыртқы ортаны сезінуге бағыттайды және реттейді.
Оқушысының өмір тәжірибесінің аздығынан және үлкендерге сенім
артып, еліктеу қабілет күшінің жоғарылығынан бүкіл оқиғалардың
бағасын өз бойына үлкендерден тасымалдап алады; сенбіліктер,
мерекелік шерулер, мейрамдар т.б. туарлы үйде ата – аналары не
айтылса, бала бойында өмірге деген қарым – қатынас туындап, ол
біртіндеп баланың сезімін тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларында патриоттық сезімді қалыптастыруда ең
маңыздысы: баланың қоғам өмірінің құбылыстарына қызығушылығын қолдап,
қуаттап, оларды не қызықтыратыны туралы әңгімелесу. Мақтаныш пен
сүйсіну сезімдерін тудыратын халқымыздың жеткен жетістіктерін паш
ететін оқиғаларды ұстаз оқушыларымен әңгімелесіп, талқылауы керек.
Оқушылар, сендер космоновтардың космосқа ұшқандарынан
хабардарсыңдар ма? Қазақстандық космоновтарды танисыңдар ма? Міне,
олардың суреттері газет – журналдарға шығыпты. Көріңдер, естеріңе
сақтаңдар. Олар еліміздің мақтаныштары! Космоновтардың қандай
тапсырмаларды орындайтындарын, олардың ержүрек батырлығын ұстаз
қысқаша әңгімелеп беруі керек. Космоновтар ұшқан кезде оқушылардың
теледидар көріп, радио тыңдап, ұшу процес қалай өтіп жатқанын,
космоновтардың денсаулығынан мәліметтер алып тұруларына кеңес берілу
керек. Балаларда патриоттық сезімді қалыптастыру мынадай
бірізділікпен жүзеге асады: алдымен ата – анасын, жанұясын,
бауырларын, сыныптастарын, көршілерін және бүкіл адамзатты сүюге,
сосын отбасын, балалар бақшасын, мектебін, ауылын, қаласын, бүкіл
елді сүюге тәрбиелеу.
Бірақ та, ата – анаға сүйіспеншілікті тәрбиелеу кезінде Отанға
деген сүйіспеншілікті де қоса тәрбиелеп жатырмыз деу, қате пікір.
Өкінішке орай, отбасына, жанұясына адалдық Отанның тағдырына деген
салғырлықпен кейде сатқындықпен астасып жататын оқиғалар белгілі.
Біз балаларды басынан бастап – ақ ата – аналарын сүюді, оларға
қолғабыс етуді үйретеміз. Қымбат адамына берілген ізгі сезімі мен
онымен рухани және көңіл – күйінің жақындастығының қажеттілігі,
осының бәрі баланың қорғанышты екеніне, тұлға ретінде қалыптасуына
маңызды. Осы сезімдердің, Отанға деген сүйіспеншіліктің бастамасы
болуы үшін, балалар неғұрлым ерте өз ата – аналарының азаматтық
келбетін көріп, олардың ортақ мүддеге үлес қосушы еңбеккерлер
екендерін сезінулері керек. Анасы сыйақы алды. Әкесі оны құттықтап,
баласына анасының бұл сыйақыға қажырлы еңбегінің арқасында, басқа
да жұмысшылармен бірігіп барлық қыздардың, тәрбиешілердің,
ұстаздардың, аналардың көйлектеріне жетердей тоқыған маталары үшін
жеткенін түсіндіреді. Анасы қандай ғажап! Баланың анасына деген
мақтаныш сезімі туды, енді ол тек сүйкімді анасын ғана емес, өзін
соншама ынтық еткен, қызықтырған үлкен өмірдегі азаматты көреді.
Көптеген оқушылардың аталары мен әжелері бар. Балалар оларды сүйіп,
бауыр басқан. Бірақ немересі атасының ордендері мен медальдарының
бар екенін біледі ме? Оларды не үшін алған? Әрбір орден мен
медаль әр адамның ерлігі туралы әңгіме.
Бір мектепте 8 – март – Халықаралық әйелдер күні – мерекесінің
қарсаңында оқушыларға әжелерінің Ұлы Отан соғысы жылдары не жұмыс
атқарғандарын сұрап келуге тапсырма беріледі. Сондағы оқушылардың
әжелері туралы әңгімелеріндегі шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрседегі
шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрсеңіз: Менің әжем соғыс кезінде,
ақ – дәрішығаратын қорғасын заводында жұмыс жасады, Ал, менің әжем
соғыста жауынгерлердің қол – аяқтары, таңбасын деп жүннен киімдер
тоқып, майданға жіберген. Енді олар ата - әжелеріне басқаша
көзқараспен қарап, олардың қалай соғысып, қалай еңбек еткендері
жайлы жиі сұрайтын болды.
Балалардың қызығушылығын кеңейтіп оларды өздеріне тән тар
әлемінен шығарып, кіші (аз) арқылы үлкенді көрсетіп, бір адаммен
бүкіл адамзаттың өмірінің байланыста екенін көрсетудің патриоттық
сезімді тәрбиелеуде маңызды өте зор. Осы мақсаттағы ұйымдастырылған
жұмыс ата – анаға деген, еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал
етеді.
Өз қаласы, не ауылына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде – кішіден
үлкенге өту – принципін сақтап қолдану қажет. Оқушылар қаласының,
ауылының орманының, көлкөлінің, даласының – Отанның бір бөлшегі
екенін түсінулері керек . Оқушылардың, қалада қандай заводтар, фабрикалар
бар екенін, қаланың немесе еліміздің атағын ерең еңбектерімен шығарған
құрметті қандай азаматтар бар екенін білгендері жөн. Оқушыларды туған
қаласымен, ауылымен таныстыру кезінде олардың назарын қаланың қонақжай
жерлеріне, ескерткіштерге, музейге аудару керек, осы кезде бұл музейлерде
болуға, тарихи ескерткіштерді көруге, құрбан болған ерлерге тағзым етуге
адамдардың басқа қалалар мен ауылдардан келетіндерін айта кету керек.
Туған қаласының, ауылының бәріне қызықты және қымбатты екенін сезіну, өз
өлкесі үшін мақтаныш сезімін тудырады.
Патриоттық сезімді тәрбиелеуде балаларды халқымыздың әдет-ғұрпына
араластырудың үлкен мәні бар. Қазіргі заман талабына сай әдет-ғұрыптар
да аз емес. Олар мемлекетіміздің құрылысының маңызын, халқымыздың
психологиясын көрсетеді. Мысалы, еңбек ерлерін құрметтеу, әр кәсіптің
иелерінің мерекесін тойлау, құрбан болған ерлерді еске алу, әскерге
шақырылғандарды шығарып салу, еңбек және соғыс ардаргерлерімен
кездесулер.
Осы дәстүрлерге балаларды қатыстырумен біз оларды ел өміріне,
бүкіл халықтың өміріне бейімдейміз. Дәстүрге бейімдеу біртіндеп
жүргізіледі. Алғашында бала жеке деректерді қабылдайды да, соңынан
үлкендердің көмегімен талдап қорытады.
Әр жыл сайын көктем мен күзде әскерге шақырылғандарды шығарып
салу рәсімі болады. Әнмен, жақсы тілектермен шығарып салу дәстүрге
айналды. Үлкендер балаларға жастарды қайда және не үшін шығарып
салу керектігін, қандай қызмет атқаратындарын, Отан қорғаушысы болуға
қалай дайындалуға болатындарын айтулары керек. Біздің елімізде
әскерилерге ілтипат ерекше: әскери киімдегі құрметке ие, батырлық пен
абыройға бөленген. Сондықтан да балалардың ең алғашқы және көп
ойнайтындары - әскери ойындар. Балалар солар сияқты батыр, батыл және
епті болғылары келеді. Әскерге шығарып салуды бақылау балалардың
елміздегі адамдардың өмірі туралы білімдерін жетілдіріп, ойындарын
қызықты мазмұнмен толықтырады.
Халқымыздың дәстүрінде құрбан болған ерлерді еске алу ешқашан
өзгермейді. Біздің жерімізде көптеген ескерткіштер мен обелискілеу
бар. Адамдар Пискарев моласында кімдердің жатқандарын, Хатыньда
кімдердің өртелгендерін Краснодон мен Красный Лучта тірідей кімдердің
тасталғандарын мыңдаған бауырластар қабірінде кімдердің көмілгендерін
біздің халық ұмыта алмайды. Біздің тарихымыздағы о сындай
ақтандақтарды балаларымыздың білулері шарт. Бастауыш сынып оқушылары
тек өз басының ғана емес басқаның да өкінішін, қасіретін сезінеді.
Анасының көз алдында баласын фашистердің дарға асқаны туралы,
соңғы гранатасымен жауынгердің фашист танкісінің астына түскені
туралы әңгімелерді естіп бала жылап та алсын. Балаларды күшті
эмоциялардан қорғаштауға болмайды (сонда да асыра сілтеуге де жол
берілмесін). Мұндай көңіл - күй нерв жүйесін босатпайды, керісінше
патриоттық сезімнің бастамасы болады.
Сынып жетекшісі ата - аналарға Жеңіс күнінде, әскери мейрамдарда
немесе жанұялық мерекелерде (үлкен ағасын әскер қатарына шығарып
салу, туылған күн, мектепке бару, мектеп бітіру). Мәңгілік алауға,
біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған ерлердің ескерткіштеріне
тағзым етуге баласымен баруларына ұсыныс айта алады.
Патриотизмнің бір қыры - еңбеккерлерді құрметтеу. Барлық нәрсе
еңбекпен, қолдың күшімен келетіні, еңбектің қуаныш, бақыт және елге
байлық әкелетіні туралы пікір баланың санасында ертерек туылуы
керек. Оған көрсетілген еңбектегі ерлік адамгершілікке тәрбиелеуде,
соғыс кезіндегі ерліктен кем түспейді. Ұстаз, ата – аналардың қандай
кәсіппен, қай мақсатта шұғылданатындарын балаларына түсіндірулерін
сұранады.
Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыруда бұл еңбектің
әлеуметтік мәнін, жеке бастың мүддесі үшін ғана емес, бүкіл елге
маңыздылығын көрсету керек. Астық жиюшылардың еңбегі, мұның нағыз
мысалы бола алады. Бала ата - анасымен наубайханаға көп келеді.
Нанның түр – түрі; ақ нан, қара нан, тоқаштар... Бұларды кім және
қалай даярлаған? Кім пісірген ? Дүкенге кім әкелген? Міне осыдан
ұстаз әңгімесін бастай алады. Дастарханымызға нанның қандай бағамен
келетінін, ауа - райының келеңсіз уақыттарында астықты жинаудың
қиындықтарын, бұл еңбекке біршама кәсіпкерлердің жұмылдырылғандарын
жеңіл және түсінікті түрде ұстаз балаларға әңгімелеп беруі қажет:
қаланың жұмыскерлері комбаинды жасайды, оған жанармайды мұнайшылар
шығарады, наубайшылар нанды пісіреді, жүргізушілер оны дүкенге
тасымалдайды, сатушылар оны сатады. Бастауыш сыныптың оқушылары осы
тізбекті, нанның дастарханға қалай келетінін білулері керек. Осы
біліммен еңбеккер халыққа деген құрмет туындайды.
Салыстыру арқылы , бастауыш сынып оқушыларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың мемлекеттік символдарға когнитивтік қатынасын тәрбиелеу
Қазақстан халқының патриотизмі – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Педагогикалық процесте оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру (патриоттық тәрбие)
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Брендтік атаулардың әсер ету ерекшелігі
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері
Пәндер