Шәкәрім А.С.Пушкиннің “Дубровский” шығармасын қалай аударған еді
Абайдың тікелей қатысумен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған қазақ-орыс әдеби байланысының одан әрмен дамуына зор үлес қосқан алаш арыстарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп көтерген эстетикалық-философиялық концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық кәусардан барынша мол сусындауын игілікті іс деп білген Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі – А.С.Пушкиннің “Дубровский” романы.
Шәкәрімнің аталмыш шығарманы аударғанда қандай принциптер ұстанғанын әңгімелемес бұрын мына жайларға қысқаша тоқталайық. “Руслан мен Людмила”, “Евгений Онегин” сынды қайталанбас рухани қазыналарды дүниеге әкелген ұлы классиктің кей сәт прозаға барғаны, бұл саладағы творчестволық ізденістердің де ойдағыдай болғаны баршамызға мәлім. Зерттеушілердің сөзіне бақсақ, ол өзінің кейбір замандастарына орыс прозасына көңілі онша толмайтынын, оның поэзияға қарағанда қарабайырлау, шабан дамып келе жатқанын талай рет айтса керек. Бұл Пушкиннің 1975 жылғы 10 томдық шығармалар жинағының 5-томындағы С.Петров жазған соңғы сөзде байқалады. “Дубровский”, “Капитан қызы” шығармалары мен тағы басқа әңгіме, повестері әйгілі суреткердің сол олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы талпынысы екен. Ақынның ара-тұра прозаға баруының себебі осылай делік. Ал Шәкәрімнің өзінің де қара сөзге келгенде құр аттай желетінін іс жүзінде дәлелдей тұра, “Дубровский” мен “Боранды” қазақы қара өлең – поэзия тілімен сөйлеткені қалай? Бұл орайда әртүрлі болжам болуы мүмкін. Біздің де аздаған өз топшылауымыз бар.
Тәржімемен және оның саналуан проблемасымен айналысқандар поэзияны аударушының түпнұсқаның авторымен қайткенмен де бәсекелесіп отыратынын, ал прозаны аударушының түпнұсқаның авторының айтқанына көніп, айдағанына жүріп дегендей, оның ықпалына түсетінін, құлақкесті қызметшісіне айналатыны, құдды дирижердің қолындағы таяқшаның әрбір қимылынан көз жазбауға тырысатын музыкант сияқты ерекше күй кешетінін айтады. Бұл арада әңгіме аударманың өнерлік деңгейде жеткен түрі жөнінде болып отыр. Пушкиннің жоғарыда аталған шығармаларын қазақшалағанда Шәкәрімнің қандай жан азабын бастан кешкенін көзге дәл елестету қиын. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жеткізу орасан зор еңбекті қажет еткені талассыз. Бір ашық нәрсе – қашанда, қайсымыз да Пушкинді ең алдымен ақын деп қабылдайтынымыз. Шәкәрім үшін де оның көркем поэзияның дүлдүлі болғаны даусыз. Сондықтан қазақ әдебиетінің классигі оның прозасын, қазіргіше айтқанда, автордың маркасын сақтай отырып сөйлетуді жөн көрген. Оған қоса тағы бір жорамал, аударма саласында да молынан танылып үлгерген ол орыс әдебиетінің мынадай кесек үлгілерін сахара тұрғындарына ана тілінде таныстыру арқылы өз мүмкіндігінің қаншалықты екенін сын сарабынан тағы бір өткізгісі келген ойы да болған шығар. Тіпті мұны оның ұлы ақынмен бір сәт өнер сайысына түскені десек те шындықтан шығандап кетпейміз. Осы болжамдарға қоса тағы бір айтпағымыз, Шәкәрім қажы мына жағдаятты – өз кезіндегі жазу-сызу өнерінің жарытымсыз болуына байланысты поэзиядан гөрі проза беделінің төмендеу, сұранымының аздау екенін ескерген бе дейміз. Жан дүниесін қозғайтын өлеңді жұрт іздеп жүріп тауып, жаттап алады. Ал қара сөзде қаншама ой, сырлы сурет тұнып тұрғанымен төкпей-шашпай жадыңа ұстай алмайсың. Қысқасы, “Дубровский ” мен “Боранның” Шәкәрім қажы жасаған нұсқасы хақында айтылар салиқалы әңгіменің өз кезегін күтіп тұрғанында еш күмән жоқ.

Задан ЖҰМАҒАЛИ, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Абайдың тікелей қатысумен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған қазақ-
орыс әдеби байланысының одан әрмен дамуына зор үлес қосқан алаш арыстарының
бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой
сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен,
ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп
көтерген эстетикалық-философиялық концепциялары жекелеген ұлттың дара
жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей
рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық кәусардан барынша мол
сусындауын игілікті іс деп білген Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің
таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең
елеулілерінің бірі – А.С.Пушкиннің “Дубровский” романы.
Шәкәрімнің аталмыш шығарманы аударғанда қандай принциптер ұстанғанын
әңгімелемес бұрын мына жайларға қысқаша тоқталайық. “Руслан мен Людмила”,
“Евгений Онегин” сынды қайталанбас рухани қазыналарды дүниеге әкелген ұлы
классиктің кей сәт прозаға барғаны, бұл саладағы творчестволық
ізденістердің де ойдағыдай болғаны баршамызға мәлім. Зерттеушілердің сөзіне
бақсақ, ол өзінің кейбір замандастарына орыс прозасына көңілі онша
толмайтынын, оның поэзияға қарағанда қарабайырлау, шабан дамып келе
жатқанын талай рет айтса керек. Бұл Пушкиннің 1975 жылғы 10 томдық
шығармалар жинағының 5-томындағы С.Петров жазған соңғы сөзде байқалады.
“Дубровский”, “Капитан қызы” шығармалары мен тағы басқа әңгіме, повестері
әйгілі суреткердің сол олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы талпынысы
екен. Ақынның ара-тұра прозаға баруының себебі осылай делік. Ал Шәкәрімнің
өзінің де қара сөзге келгенде құр аттай желетінін іс жүзінде дәлелдей тұра,
“Дубровский” мен “Боранды” қазақы қара өлең – поэзия тілімен сөйлеткені
қалай? Бұл орайда әртүрлі болжам болуы мүмкін. Біздің де аздаған өз
топшылауымыз бар.
Тәржімемен және оның саналуан проблемасымен айналысқандар поэзияны
аударушының түпнұсқаның авторымен қайткенмен де бәсекелесіп отыратынын, ал
прозаны аударушының түпнұсқаның авторының айтқанына көніп, айдағанына жүріп
дегендей, оның ықпалына түсетінін, құлақкесті қызметшісіне айналатыны,
құдды дирижердің қолындағы таяқшаның әрбір қимылынан көз жазбауға тырысатын
музыкант сияқты ерекше күй кешетінін айтады. Бұл арада әңгіме аударманың
өнерлік деңгейде жеткен түрі жөнінде болып отыр. Пушкиннің жоғарыда аталған
шығармаларын қазақшалағанда Шәкәрімнің қандай жан азабын бастан кешкенін
көзге дәл елестету қиын. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия
тілімен жеткізу орасан зор еңбекті қажет еткені талассыз. Бір ашық нәрсе –
қашанда, қайсымыз да Пушкинді ең алдымен ақын деп қабылдайтынымыз. Шәкәрім
үшін де оның көркем поэзияның дүлдүлі болғаны даусыз. Сондықтан қазақ
әдебиетінің классигі оның прозасын, қазіргіше айтқанда, автордың маркасын
сақтай отырып сөйлетуді жөн көрген. Оған қоса тағы бір жорамал, аударма
саласында да молынан танылып үлгерген ол орыс әдебиетінің мынадай кесек
үлгілерін сахара тұрғындарына ана тілінде таныстыру арқылы өз мүмкіндігінің
қаншалықты екенін сын сарабынан тағы бір өткізгісі келген ойы да болған
шығар. Тіпті мұны оның ұлы ақынмен бір сәт өнер сайысына түскені десек те
шындықтан шығандап кетпейміз. Осы болжамдарға қоса тағы бір айтпағымыз,
Шәкәрім қажы мына жағдаятты – өз кезіндегі жазу-сызу өнерінің жарытымсыз
болуына байланысты поэзиядан гөрі проза беделінің төмендеу, сұранымының
аздау екенін ескерген бе дейміз. Жан дүниесін қозғайтын өлеңді жұрт іздеп
жүріп тауып, жаттап алады. Ал қара сөзде қаншама ой, сырлы сурет тұнып
тұрғанымен төкпей-шашпай жадыңа ұстай алмайсың. Қысқасы, “Дубровский ” мен
“Боранның” Шәкәрім қажы жасаған нұсқасы хақында айтылар салиқалы әңгіменің
өз кезегін күтіп тұрғанында еш күмән жоқ.
Түпнұсқа мен Шәкәрімнің “Дубровскийін” әліміз жеткенше өзара
салыстырып қарағанымызда, қазақ ақынының аталмыш полотноның бүкіл бітім-
болмысын мейлінше толық шығаруға күш салғанын байқаймыз. Пушкин қағазға
түсірген хикаяның сыртқы нобайы ғана емес, ішкі иірімдері де, айсбергтің су
астындағы бөлігінің сұлбасы да нақышын жоғалтпаған. Кейіпкерлердің мінез-
құлқын, олардың әрқайсысының даралық сипаттарын өрнектеудегі түпнұсқа
авторының қолтаңбасы білімдарлықпен қоса бесаспап суреткерлікпен жүзеге
асқан. Дегенмен Шәкәрімнің Пушкин соқпағынан табан аудармауды жалаң
мақсатқа айналдырмағанын азды-көпті кейбір еркіндіктерге бару арқылы
шығарманың жұртшылыққа түсініктірек болуы жағын негізгі нысана еткенін атап
айтуымыз керек. Мұны алдымен ескерткен Шәкәрімнің өзі. Аударманың
кіріспесіндегі:
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін,
Қазақтың шағылдырар надан көзін.
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел,
Туралап көре алмас күннің көзін.
Сөйтсе де кете қойман шетке басып,
Айтармын алыстамай шын жанасып.
Әншейін ертек айтып отыр демей,
Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып, – деген жолдар соның дәлелі.
Бәрімізге мәлім, замана сырын жан-жақты әрі тереңнен қамтуда прозаның
мүмкіндігі әдебиеттің басқа салаларына қарағанда әлдеқайда мол. Ал
поэзияның жолы өз алдына бөлек. Ол прозадай емес, өткен-кеткеннің тек
елеулілерін теріп алады да кездейсоқтарды, ұсақ-түйектерді жіпке тізе
бермейді. Егер М.Әуезов Абайдың өмір жолын, ол өмір сүрген дәуірдің кескін-
келбетін өлеңмен жырласа, бізге эпопеядан таныс талай-талай эпизодтар,
штрихтар сахнаның сыртында қалып қойған болар еді. Кейіпкерлердің де
бірсыпырасымен ұшырасу, тілдесу мүмкіндігінен айрылған болар едік. Бұл
айтылғанның “Дубровскийдің” Шәкәрім қажы жасаған нұсқасына да тікелей
қатысы бар.
Пушкинде романның сюжеті бірден: “Несколько лет тому назад в одном из
своих поместий жил старинный русский барин, Кирила Петрович Троекуров”
(с.128) деп басталса, Шәкәрімнің “Дубровскийі” 124 жолдан тұратын прологтан
кейін барып желі тартады. Пушкиннің ой-өрісін, қалам ұстау өзгешелігін,
азаматтық позициясын толық та терең зерделей білген дала ақыны әр дәуірдегі
адамның, қоғамның болмысын шола келіп, жеке мен жекенің, жеке мен көптің
арасындағы үйлестіктің не қайшылықтың әрқилы себептерге байланысты бір
қалыпта тұрмайтынын тілге тиек етеді. Бүгінгі бардың ертең жоқ болуының,
бүгінгі достың ертең жауласып шыға келуінің әлеуметтік, психологиялық
астарына үңілуге талпынады. Түптеп келгенде бұл – романда айтылатын ойдың
негізгі қазығын, идеялық нысанасын меңзейді:
Жазған жоқ Пушкин мұны ермек үшін,
Мақсұты: бізге ғибрат бермек үшін.
Қиянатшыл, зорлықшыл, парақордың,
Мінезінің суретін көрмек үшін.
Осындай толғаныстан кейін барып біз жоғарыдағы Пушкиннің өзінен
алынған жолдардың қазақшасын оқимыз:
Жер айналмай тұрмайды дүние жай,
Келер, кетер адамзат із қалдырмай.
Сол өткен көп заманның бір кезінде,
Болыпты Троекуров деген бір бай.
Келтірілген шумақтың бастапқы екі тармағы жоғарыда Пушкиннен алынған
үзіндіде жоқ, аудармашының өз тарапынан берілген прологтағы айтылатын ойдың
қайталамасы. Ал оның есесіне түпнұсқадағы “старинный русский барин” деген
айқындама қалдырылып кеткен. Бірақ оқырман романмен әрмен қарай танысу
барысында Троекуровтың ата-бабасынан бері атақты алпауыттар тұқымынан
екеніне көз жеткізеді. Демек бұл – қалдырылып кеткен ол тіркестің орны
жоқталмайды деген сөз.
Пушкиндегі Тимошканың жарамсақ сөзіне қатал тойтарыс берудің орнына,
дарақылана мәз болған Троекуровқа Дубровскийдің қатты ренжігені, сөйтіп,
аңға шығудан осы жолы көпе-көрнеу бас тартқаны, оның бұл “тәртіпсіздігіне”
өлердей долырған әпербақан алпауыттың думанды сайранға өзге үзеңгілестерін
ертіп кете барғаны, бірақ қырсық шалғандай ұзақты күн тек бір қоянды ғана
олжалап, кешке имениесіне көңілсіз оралғаны баяндалатын елеулі эпизодты
Шәкәрімнің сол бастапқы өңін жоғалтпай жеткізуге ерекше күш салғанын айқын
көреміз. Бірақ келтірілген эпизодтың соңғы тұсы қазақшасында аздап
өзгертілген. Яғни, Кирила Петрович “на возвратном пути, со всею своею
охотою нарочно поехал полями Дубровского” (с.132) деген жолдар:
Андрейдің егінін таптап-таптап,
Кешке келді үйіне қайта салып, – деп тәржімаланған. Бұл ауытқуда үлкен
мән бар. Айталық, ол кездегі өлшеніп, пішілген және онысы мұқият хатталған
мекен-жайда тіршілік еткен орыс жұртындай емес, кең сахараға бытырай
қоныстанған көшпелілер үшін ауылдың не жайлаудың үстінен салт аттылардың
өтіп кететіні жан сыздататын әрекеттің қатарына қосыла қоймайды. Ал егінді
таптау деген қашанда үлкен қастандықпен, бүліншілікпен пара-пар қимыл.
Шығармада өрнектелетін тартыстың қандай себептерден бастау алып, бара-бара
қалай асқынғанын молырақ аңғарту орайында аудармашы әлгіндей еркіндікке
әдейі барған.
Пушкиндегі Троекуров пен Дубровскийдің ара қатынасы бара-бара қатты
шиеленісіп, ақыры соңғысының ауыр сырқатқа ұшырағаны, төсек тартып жатып
қалған оның маңына қызметшілерінің батып жақындай алмағаны, қожайынды тек
Егоровнаның күтіп-баққаны, соның қолынан ғана аздап дәм татқаны баяндалатын
жолдарды Шәкәрім мейлінше тартымды, әрі жатық сөйлете білген. Тек
түпнұсқадағы: “Она (Егоровна – З.Ж.) смотрела за ним (Дубровским – З.Ж.),
как за ребенком, напоминала ему о времени пищи и сна, кормила его,
укладывала спать” (с.139) – деген жолдар қазақшасында:
Уақытымен жатқызар төсек салып,
Стақанмен шәй берер қолына алып.
“Тамақ ішер мезгілің болды ғой”, деп
Нан салады аузына майға малып, – болып өзгеріп шыққан. Бұл –
аудармашының жағдаятты дала оқырмандарына толығырақ, толымдырақ жеткізу
ниетінен туған еркіндік. Түпнұсқаға тигізер қиянаты, залалы жоқ толықтырма.
Пушкиннің қолынан шыққан нұсқадан Троекуров пен Дубровскийдің тартысқа
түскен тұсында соңғысының жалғыз ұлы Владимирдің Кадет корпусын бітіргеннен
кейін Петербургтегі жаяу әскер полкінде қызмет атқарып жүргенін оқысақ,
аудармада аттары аталған орыс Капулеттиі мен Мантеккиінің өзара сойылдасу
кезінде Владимирдің астанадағы “университет деген медреседе” дәріс
алушылардың бірі екені айтылады. Бұл ауытқудың себебі не? Біздің ойымызша,
романдағы негізгі орталық тұлғаның бірі – бала Дубровский. Оның озық түр-
тұрпатын толығырақ жеткізу мақсатында Шәкәрім қажы осы тұста да аздап
еркіндік қажет деп білген. Демек, қатардағы көп ұланның қайсысынан да үлкен
білім ордасында тәрбиеленіп жүрген талапкер жастың еңсесі биік, аруақты,
айбынды деп топшылаған. Университет деп дара атасам, мүмкін кейбіреулер
түсінбей қала ма деп, оған үлкен-кішінің бәріне мәлім медресе атауын
тіркеуді орынды көрген.
Пушкиннің “Дубровскийінде” Егоровнаның хатынан бірсыпыра жайдан
хабардар болып, асығыс үйіне оралып келе жатқан Владимирді Антон жәмшіктің
“Песочное” стансасында (аудармада “Құмдыбекет”) күтіп алғаны, жолда бала
Дубровскийдің әкесінің жай-күйін сұрағаны, қызметшінің нендей жауаптар
қайтарғаны жөнінде бір алуан мәлімет бар. Бұл эпизод Шәкәрімде жоқ. Мұның
мәнісі, біздіңше, мынау. Оқырмандар Троекуровтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz