Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ТАРАУ. КҮРД МӘСЕЛЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ

ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ДАМУЫ . . . 9

  1. Күрд этносының қалыптасу процесі . . . 9
  2. ХХ ғасырдың I-ші жартысындағы күрд мәселесі

өзектілігінің артуы . . . 20

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі күрд диаспораларының дамуы . . . 27

II ТАРАУ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 90-ШЫ ЖЫЛДАРЫНАН ҚАЗІРГІ КЕЗГЕ ДЕЙІНГІ КҮРД МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 33

2. 1. ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасырдың басындағы күрд эпопеясы . . . 33

2. 2. Қазіргі кездегі күрд қозғалыстары және Түркиядағы күрд сеператизмі . . . 39

2. 3. Күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымы . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМШАЛАР . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні әлемдік қоғамдастықтың саяси, экономикалық, рухани өмірлері мен әскери қауіпсіздік саласында болып жатқан халықаралық күрделі өзгерістер халықаралық қатынастарда жаңа жүйе құрылды деген тұжырымдаманы шығарды. Бүгін әлемде ұлы географиялық ашылулар заманындағы геосаяси өзгерістерге бара-бар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар саяси процестер жүріп жатыр. Стратегиялық тұрғыда аса маңызды Еуразия құрлығында жетпіс жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырап, жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы, дүниенің екі шектілігі тәртібінің бұзылуы, ондаған жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыстар мен әлемдік геосаясатқа үлкен өзгерістерді алып келді.

2001 жылғы қыркүйекте Бүкіләлемдік сауда үйінің алып ғимаратына, Пентагонға бір мезетте берілген террористік соққылар бүкіл адамзатқа ерекше ықпал етті. Бұл оқиғалар әлемдік теке-тірестің шегіне жеткендігін айғақтады. Джордж Буш кіші бастаған АҚШ әкімшілігі «халықаралық терроризмге» қарсы соғыс жариялады. Осыған байланысты Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай жазады: «Терроризм, сепаратизм, экстремизм дегеніміз - соғыс. Демек кез келген соғыстағы сияқты, біз, антитеррорлық коалиция мен ерікті елдер ынтымақтастығының мүшесі ретінде қару қолданбай отыра алмаймыз»[1] .

Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Таяу Шығыс аймағын айналып өтпеді. Таяу Шығыс - геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу қаупі, халықаралық терроризмнің қаупі, дербестігін аламаған ұлттардың бар болуы, палестина-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең тұрақсыз нүктесіне айналдырды. Аталмыш аймақтағы жағдайдың одан әрі қиындауы бүкіл әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыруы мүмкін. Таяушығыстық мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгертулерді жүзеге асыру қажеттілігі қазіргі таңда аймақтың дағдарыстық жағдайдан шығудың басты шарты ретінде қарастырылуда. Әрине бұл өзгерістерде күрд ұлтының мәселесі шет қалмай, шешуші факторлардың бірі болып табылуы мүмкін.

«Күрд мәселесіне» жеке мемлекеттің ішіндегі ұлтаралық қақтығыс немесе бейбіт келісімдер нәтижесінде шешімін табатын екі мемлекет арасындағы даулы территория деп анықтама беруге болмайды. Күрд мәселесі әлемнің көшбасшы елдерінің мұнай және оны тасымалдау инфрақұрылымы жөніндегі даулы мүдделері түйіскен территорияда күрдтердің Күрдістан мемлекетін құру талпынысымен байланысты құқықтық, әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық мәселелер кешені болып табылады. Күрд мәселесі - ол Осман империясы құлағаннан кейін 4 мемлекет арасында бөлініске түскен 40 миллионға жуық халықтың тағдыры. Содан бері күрд халқы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін үздіксіз күресуде. Ұлттың өзін-өзі тануының дамуы - күрд демократиялық қозғалысының басты факторы. Бұл процестің дамуындағы тарихи жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, территориялық біркелкіліктің болмауы, күрд халқының біртұтастығының Түркия, Иран, Ирак және Сирия мемлекеттерінің арасында бөлінуі; екіншіден, күрдтердің билеуші жақ тарапынан және Батыс елдері, әсіресе АҚШ тарапынан зардап шегуі; үшіншіден, түрік билеушілерінің реакциялық саясатының тірегі және одақтасы болып табылатын күрд феодалдарының, шейхтарының қатаң эксплуатациясы. Күрд мәселесі геосаяси маңызы бар, қазіргі тарихтағы ірі этникалық дағдарыс болып табылады. Егер бірнеше жыл бұрын бұл мәселе көпке мәлім болмаса, қазір бүкіл Еуропа елдері мен әлем державаларының назарын аудартқан мәселе. Ең алдымен, әлемнің бұл аймағы үлкен соғыстардың ошағы болып табылады. Күрд мәселесі Шығыс елдерінде үлкен геосаяси маңыздылыққа ие.

Күрдістан Таяу Шығыс аймағында геосаяси және геостратегиялық маңызды территорияда орналасқан. Ал күрдтердің ұлт-азаттық күресі күрд мәселесін әлемдік саясаттың өзекті мәселелерінің біріне айналдыруда. Күрдістанның географиялық орналасуының ерекшелігі оның нақты заңды және физикалық тіркелген саяси шекарасының болмауы. Бұл территорияның көлемі үнемі тарихи факторлардың әсерінен өзгеріп отырды. Күрдістан атауы («күрд мемлекеті») бұл мемлекетке қатысты атау емес, тек этникалық территорияның ғана атауы.

Қазіргі Күрдістан Батыс Азия (таяушығыс) аймағының ортасында орналасқан. Территориясы солтүстік және оңтүстік батысында Қара теңіз және Жерорта теңізімен, ал солтүстік және оңтүстік шығыста Каспий теңізі мен Парсы шығанағымен шектескен территорияның дәл орталығында орналасқан. Жер көлемі - 450 мың шаршы шақырым. Түркияның құрамына - 200 мың шаршы шақырым, Иран - 160 мың шаршы шақырым, Ирак құрамына - 75 мың шаршы шақырым, Сирия құрамына - 15 мың шаршы шақырым кіреді.

Қазіргі таңда Күрдістанның маңыздылығын арттыратын бірнеше факторлар пайда болды, олардың қатарында:

Біріншіден, күрдтердің Таяу шығыстағы геостратегиялық жағынан ең маңызды территорияда орналасуы, яғни әлемнің ресурстарға бай және ең қақтығысты аймақта орналасуы, әлем державалары қызығушылығының арту факторы. Оны барлық жағынан дерлік ислам фундаменталистері мен араб ұлтшылдары тұрақтанған мемлекеттермен қоршалып жатыр.

Екіншіден, Күрдістан бай экономикалық потенциалға ие. Оның негізін мұнай қоры құрайды. Бұл территориядан өтетін мұнай құбырлары Еуропа мен Азияға тез арада мұнай жеткізуге қолайлы жағдай туғызады. Қосымша экономикалық басымдық ол оның Тигр өзені бойында орналасқан гидроресурстары. Сондықтан күрд мәселесін зерттеу Таяу және Орта Шығыстағы жағдайды болжауда және анализдеуде маңызды элемент болып табылады.

Зерттеудің нысаны Таяу Шығыста қоныстанған күрд халқының мәселелері. Олардың қоныстанған аймақтарындағы күрд қозғалыстарына тарихи шолу жасап, бүгінгі күнгі әлемнің жүргізіп отырған саясатын зерттеу.

Зерттеу пәні. Этнос аралық қатынастар - қазіргі халықаралық қатынастардағы көп қырлы, көп деңгейлі және кешенді процесі. Қазіргі кездегі ұлттық экономикалық және саяси жүйелердің ғаламдасу мен интернационалдану процестерімен байланысты шынайы өзгерістер, халықаралық қатынастарда туындаған құбылыстарды тұжырымдамалық тұрғыдан ой елегінен өткізу қажеттігін туғызады. Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «қоғамның дамуымен ұлттық, этностық фактордың рөлі азайып қана қоймай, одан әрі елеулі түрде ұлғайғанына тарих куә», - деп жазады. [2]

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу маңызды болып табылады.

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттер қойылды:

  • Күрд этносының қалыптасу процесіне тарихи шолу жасау;
  • ХХ ғасырдың I-ші жартысындағы күрд мәселесі өзектілігінің артуын

талдау;

  • Биполярлық жүйедегі күрд диаспораларының дамуын сараптау;
  • ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан қазіргі кезге дейінгі күрд мәселесін

ашып көрсету;

  • Қазіргі кездегі күрд қозғалыстарын толық қарастыру;
  • Күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымын

қарастыру.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері Күрд этносының пайда болып қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі яғни ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы оның өзектілігі мен маңыздылығымен тікелей байланысты. Бітіру жұмысындағы материалдар ҚР сыртқы саясатын зерттеушілерге, Таяу Шығыс пен ҚР арасындағы саясатын зерттеуге қызығушылық танытқан зерттеушілерге маңызы зор.

Сонымен бірге, зерттеу жұмысының негізгі жағдайларын «халықаралық қатынастар», «аймақты зерттеу» мамандықтарының оқу үрдісінде, жоғары оқу орындарында оқу курстарын жасауда пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Таяу Шығыста қоныстанған күрд халқының тәуелсіздік жолындағы күресін жаһандану жағдайында сараланып, оның даму кезеңдері, мәселенің болашағы жүйелі түрде талқыланды. Төрт елде орналасқан күрд этносының аймақтық қатынастардағы алатын орны мен маңызы зерттелді.

Төрт елдегі күрдтердің арасындағы саяси, әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидалары, сипаты мен ерекшеліктері анықталды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:

  1. Күрд халқының қалыптасу тарихын зерделеу. Тарихи оқиғаларды салыстыру арқылы бүгінгі қалыптасқан саяси оқиғаларды талдау, Севр келісімінен кейінгі саяси оқиғалар.
  2. ХХ ғасырдың 50 жылдары әлемде жаңа саяси бағыттар қалыптасты. Мұндай саяси өзгерістер күрд халқын да айналып өткен жоқ. Жаңа саяси партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Осы қозғалыстардың бағыттарын зерттеу;
  3. Аймақтағы батыс пен шығыс саясатының таяу шығыстағы саясатына тоқталып, оның күрд этносына тигізген әсері. Себебі, күрд этносы қоныстанған аймақ әлемдегі бірден-бір табиғи қорларға бай аймақтардың бірі болып табылады. Батыс әлемі бұл аймақты келесі факторларға негідеген: Таяу Шығыстан лаңкестіке, діни экстремизм және т. б. төнген қауіпке қарсы аймақ ретінде, шикізат көзі, аймақтағы ықпалын ұстап қалу саясатын саралау;
  4. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Ирак аймағында қалыптасқан саяси жағдайдың, осы аймақтағы күрд этносының саяси биліктегі орнын түпкілікті өзгертті, осы саяси қозғалысты анықтау;
  5. Қазіргі кездегі Түркия аймағындағы күрд мәселесіне байланысты саяси оқиғаларды зерттеу Оджалан саясатының күрд қозғалысына жаңаша көзқарасының қалыптасуындағы ролі мен маңыздылығын зерттеу;
  6. Күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымын қарастыру. Иранның Еуропа елдерінің сыртқы саясатындағы ролі. Сәйкесінше, күрд этносының талаптарына шолу жасап, талдау;

Бітіру жұмысының деректік негіздері. Аталмыш бітіру жұмысының деректік негіздерін бітіруші төмендегідей топтарға топтастырады.

Деректердің бірінші тобына ХХ ғасырдың I-ші жартысы мен биполярлық жүйедегі күрд диаспораларының дамуы кезеңіндегі және ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан қазіргі кезге дейінгі күрд мәселесіне қатысты, күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымынына қатысты дипломатиялық құжаттар мен заң актілері жатады. Бұл деректердің ішінен негізінен тарихи құжаттар 1514 жылғы Осман империясы мен Иран арасындағы Карс Ширин келісімі[3] ; 1639 жылғы түрік-иран трактаты[4] ; 1920 жылғы Севр және 1923 жылғы Лозан келісімдері[5-6] ; 1974 жылы Ирактағы күрд автономиясы туралы құжат[7] ; БҰҰ жарғысы және резолюциялары[8] ; Ирак конституциясы және күрд автономиясы туралы құжаттарына[9-10] қатысты деректерді атап өтуге болады.

Деректердің екінші тобын белгілі мемлекет және халықаралық ұйымдар басшылары мен дипломаттардың сөйлеген сөздері құрайды. Бұл деректердің ішінде Түркияның мемлекет және басшылары Тайып Эрдоған[11], Абдулла Гюль[12], Ирак президенті Джелал Талабани[13] және премьер-министр Нури-әл-Малики[14], ақ үй басшысы болған кіші Дж. Буштың[15] күрд мәселесіне байланысты сөйлеген сөздерін, БҰҰ-ның Бас хатшыларының атап айтсақ Кофи Аннан[16], Пан Ги Мун[17] аз ұлттар мен Иракқа қатысты айтылған сөздерін ерекше атауға болады.

Деректердің үшінші тобын мемуарлар мен естеліктер құрайды. Бұл деректердің қатарында АҚШ мемлекеттік қайраткерлері Мадлен Олбрайт[18], З. Бжезинский[19], Г. Киссинджердің[20] естеліктерін ерекше атап өткен жөн. Бұл деректер Таяу Шығыс аймағындағы қалыптасқан геосаяси жағдайды және аймақ елдеріндегі этникалық мәселелерді, аймақ елдері мен АҚШ қатынастарын терең зерттеуге көмектеседі.

Деректердің төртінші тобын түркиялық, отандық, ресейлік және шет елдік Бұқаралық ақпарат құралдарының деректері және қазіргі кездегі интернет сайттарындағы мәліметтер қалыптастырады. [21-27]

Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Тарихнама. Күрд мәселесі бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу сипатындағы әдебиеттер бар. Күрд этносының пайда болып қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі яғни ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықта жарық көрген тарихнамалық деректерді автор шартты түрде отандық, ресейлік және шет елдік деп бөледі.

Отандық зерттеулер ішінде Таяу шығыстағы жағдай және күрд мәселесі туралы еңбектердің қатарында Н. Надиров[28], Е. Пастухов[29], М. Лаумулин[30] сынды Қазақстандық зерттеулер негізінен Қазақстан мен Таяу шығыс елдері арасындағы қатынастарын және діни, этникалық татулық, Таяу шығыс аймағындағы қақтығыстарға, күрд мәселесіне байланысты Қазақстанның ұстанымына көбірек көңіл бөледі.

Ресейлік авторларды ресейлік және кеңестік зерттеушілер деп екіге бөлуге болады. Кеңестік тарихшылар негізінен күрд этносының қалыптасуына және ХХ ғасырдың I-ші жартысындағы күрд мәселесінің өзектілігіне, КСРО мен Таяу шығыс елдері арасындағы қарым қатынастарын зерттеуге көңіл бөлсе, қазіргі ресейлік зерттеушілер ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан қазіргі кезге дейінгі күрд мәселесіне қатысты, күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымынына қатысты, Таяу шығыс аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ресей рөлін, ХХІ ғасырдағы АҚШ-тың күрд мәселесіне қатысты ұстанымын және күрдтердің өзекті деген мәселелерін зерттеп, сараптайды. Кеңестік-ресейлік авторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: В. Никитин[31], В. Ф. Минорский[32], О. Л. Вильчевский[33], Т. Ф. Аристова[34], Н. А. Халфин[35], М. С. Лазарев[36], М. А. Гасратян[37], Ш. Х. Мгои[38], О. И. Жигалина[39], С. Галямов [40], Е. М. Примаков[41], В. Гусейнов[42] .

Күрд мәселесін зерттеген шет елдік авторларға келетін болсақ, ағылшындық зерттеушілер С. Дж. Эдмондс[43], А. Сафрастьянды[44] атауға болады. Ағылшындық С. Дж. Эдмонс өзінің «Какаи» кітабында жеке «күрдтер, түріктер, арабтар» деп аталатын тарауында күрдтер тарихын, мәдениетін, дінін қарастырған. Американдық зерттеушілер негізінен Таяу шығыс аймағындағы мұнай факторы мен аймақ елдерін демократизациялауға байланысты АҚШ ұстанымын, күрдтердің XIX-XX ғасырлардағы тарихын, қазіргі кездегі аймақтағы күрд факторына көңіл бөледі. Атап айтсақ Мадлен Олбрайт[18], Г. Киссинджер[20], З. Бжезинскийдің[19] еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі күрд мәселесінің тарихнамасын сараптауда автор сонымен бірге проблемалық принципті пайдаланды. Бұл принципке сәйкес қазіргі жарық көрген еңбектерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:

Күрд этносының қалыптасу процесіндегі мәселелер; ХХ ғасырдың I-ші жартысындағы күрд мәселесі өзектілігінің артуы мәселесі; Биполярлық жүйедегі күрд диаспораларының дамуын дұрыс сараптау; ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан қазіргі кезге дейінгі күрд мәселесін ашып көрсету; Күрд мәселесін шешудегі халықаралық қауымдастықтың ұстанымын қарастыру.

Бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Аталмыш бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды. Мұның ішінде автор тарихи салыстырмалы әдісті, контент-анализ әдісін және социялогиялық әдісті пайдаланды.

Тарихи салымтырмалы әдіс күрд ұлтының қалыптасу эволюциясын анықтауға көмектеседі. Контент анализ әдісі қазіргі күрд мәселесін шешудің негізгі бағыттарын анықтайды. Ал социологиялық әдіс күрдтердің Таяу және Орта шығыс елдерінің ішкі саяси жүйесіндегі орнын зерттеуге көмектеседі.

Бітіру жұмысы құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бітіру жұмысы жалпы көлемі . . . бет.

I ТАРАУ. КҮРД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХИ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ДАМУЫ

  1. Күрд этносының қалыптасуы

Қазіргі кезге дейін күрд халқының тарихы басқа Азия халықтарымен салыстырғанда өте аз зерттелген. Оның өзіндік себептері бар. Әртүрлі себептерге байланысты күрдтер өз мемлекетін құра алмады. Ортағасырлардың өзінде олардың территориясын Осман империясы мен Иран өзара бөліп алған еді. Ал ХІХғ. бірінші жартысында біраз бөлігі Ресейдің қол астына өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін күрдтер мекендейтін бірқатар жерлер Ирак пен Сирияның қол астына өтеді. Бұл өз кезегінде олардың тарихын зерттеуге едәуір кедергі келтірді. Күрдтердің тарихи пайда болуы мен оның этнос болып қалыптасуы мәселесі және тарихы өз зерттеушісін әлі күтіп жүр.

Күрдтер - Алдыңғы Азияны мекендейтін ежелгі халықтардың бірі. «Күрд атауы» б. з. д. 400 ж. грек жазушысы Ксенофонттың жазбаларында кездеседі екен. Алайда көне шумерлік естеліктерге сүйенсек, гутей, кутии немесе куртии атымен белгілі тайпалар б. з. д. 2 мың жыл бұрын Тигр өзенінің орталық сағасындағы аудандарды, Бохтан облысынан Гуди тауларына дейінгі және Безабдудан (арабшадан Джезират Ибн Омар) әрі қарай шығыстағы Загроса тауларына дейінгі аудандарды, Солтүстік Месопотамияны алып жатқан. Загроса тауының оңтүстігінен Вавилонға (Аккад) төмендеген кассит деп аталатын туыс тайпаларының басқа тобы оларды алты жүз жыл (б. з. д. 1800-1200ж. ж. ) бойына басқарған. Көптеген күрдтанушы зерттеушілер осы алғашқы күрд тайпалары бұл таулы аймақтарды мекендеген алғашқы көне халықтардың бірі болғандығын жоққа шығармайды. Күрд этногенезі 3-4ғ. ғ. Солтүстік Месопотамияның ежелгі тұрғындарымен осында кейінірек көшіп келген Иран тайпаларының араласуы нәтижесінде қалыптасты. Ұлт болып қалыптасуы араб халифаты тұсында басталып, селжұқ әулеті тұсында жалғасын тапқан[40] .

Ассириялықтар мен исламға дейінгі дәуірдегі арабтардың күрдтерді карду деп атауы, армияндардың гуртух деуі, ал гректер мен римдік классиктердің кардухи немесе кирти деп атауы күрдтердің тарихын шиеліністіріп жіберді. Осыған байланысты ағылшын күрдтанушысы А. Сафрастьян өзінің «Курды, их происхождение и история» атты кітабында былай жазады: «Күрд тайпалары шумер әулеттеріне қарсы соғысқан . . . Хетт патшасы Суппилулиум (б. з. д. 1370 ж. ) оларды гурд деп атаған және Гира құдайымен байланыстырған. Найыр конфедерациясының басты құрам бөлігі ретінде олар ассириялықтардың ұлы патшаларымен (Салманасар және басқа да патшалармен) күресіп, Ниневия мен Вавилонды құлатуда Ксерокс пен Кирге көмектескен»[40] . Кейін Кир және Дарий сияқты парсы патшаларының құрамы кезінде ішкі саясатта күрдтер маңызды рөл атқарған.

Күрд халқының қалыптасу процесі басқа халықтардағы сияқты, орталықтанған біртұтас мемлекетке бірігу тенденциясы болған жоқ. Күрдістан («күрдтер елі») атауы нақты мемлекетке қатысты емес, күрдтер көпшілікті құрайтын территорияларға қатысты айтылған термин [45] . Мемлекет болып бірігуіне бірнеше факторлар кедергі келтірді, біріншіден, арабтардың жаулап алуы және күрдтерге зорлап ислам дінін енгізуі. Исламның алғашқы дәуірінде діни таным ұлттық сана-сезімнен үстем болды. Одан кейінгі уақыттарда да ислам дінінің әмбебап идеялары рассалық (нәсілдік) түсініктерді кейінгі сатыларға ығыстырып отырды. Екіншіден, Күрдістан таяушығыстағы геостратегиялық жағынан ең маңызды территорияда орналасқандықтан, оның көршілері мен ұлы империялар өте қызыққан. Сөйтіп бұл ірі мемлекеттер Күрдістанды иемдену үшін көп соғыстар жүргізіп, күрд жерлері бітіспес соғыс алаңына айналды. VII-ІХ ғ. ғ. аралығында оның территориялары араб халифатының құрамына еніп, түрік-моңғол көшпенділерінің бірталай жорықтарын басынан өткізді. А. Сафрастьянның айтуы бойынша: «олардың территориясын оккупациялаған (VII-ІХ ғ. ғ. ) арабтарға күрдтер бағынбаған. Тәуелсіз дерлік Шехризура (ХІ-ХVI ғ. ғ. ) және Мерванид (Диярбакыр) күрд корольдіктері ХІ ғ. монғол мен селжұқтар тарапынан құлатылған»[46] .

Бұл кезеңде күрдтер бірнеше рет ықпалды билеушілердің басшылығымен тәуелсіздікке ұмтылды. Олардың кейбірі жартылайтәуелсіз мемлекет құрып, үлкен территорияларды ұзақ уақыт бойына иемденіп отырды. Мысалы: оңтүстік-шығыс Күрдістанды иемденген Хасанвайхид мемлекеті 959-1015ж. ж., оңтүстік-батыс Күрдістанды (Диярбакыр мен Джазира аудандары) билеген Марванидтер 985-1085 ж. ж., Закавказьяны иеленген Шаддадит елі 951-1088 ж. ж. Күрдтер өздерінің қуаттылығына Эрбильден шыққан атақты, даңқты Саладин (1169-1193ж. ж. ) тұсында қол жеткізді. Саладин құрамына таяушығыс халықтарымен қатар күрд тайпаларының біразы кірген Аюбит (1169-1252 ж. ж. ) мемлекетін құрған. Аюбит хандығына Египет, Сирия, Йемен, Палестина, Орталық және Оңтүстік-шығыс Күрдістан территориялары кірді. Саладин крест жорықтары кезінде өзін батыр, намысты, өнерлі мемлекет қайраткері ретінде көрсетті. Крест жорықтарына сәтті тойтарыс берген бірден-бір ірі қайраткер болды. Саладин тұсында яғни ХІІ ғ. күрдтер өздерінің қуаттылығының шыңына жетті. Бірақ Саладин империясы халқының басым бөлігін күрдтер емес, арабтар құрып, әскерлердің негізгі бөлігін түріктер құрады. [47]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Ирактағы ішкі саяси жағдай
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Геополитическая борьба на современном Ближнем Востоке
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Қазақтың бүкіл өмірі ерліктерден тұрады
Діни қатынас мәселесіндегі мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бейімділігі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы депортация
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация
Еуропалық Одақ жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz