Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына төзімділігі



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

2.Негізгі бөлім.
2.1.Өсімдіктердің аязға төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2.Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.3.Өсімдіктердің суыққа төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.4.Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.5.Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... 10
2.6.Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.7.Өсімдіктердің тұзға төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

4. Пайдаланған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрлыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара-қатынастары, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес, алуан түрлі болып келетіндігі белгілі.
Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін жанурлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетрерінде көптеген ерекшеліктер байқалады.
Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты. Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер тараған. Белгілі географиялық аймақтың бөліктерінде сімдіктердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын, көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп - өседі.
Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгерулеріне байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер қалыптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық-шөлейт аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар, олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни, зат алмасушылық процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан.
Сонымен қатар өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар, түрлер, өкілдер пайда болады.
Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз (күз, қыс) кезендерінде өсімдіктер түгелінен, немесе ішінара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып, тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше, тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша ырықты төтеп береді.
1. Ж. Қалекенұлы. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы – 2004ж.
2. Ж. Жатқанбаев. Өсімдік физиологиясы. Алматы, «Мектеп» - 1988ж.
3. Н.А. Кенесарина. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, «Мектеп» - 1988ж.
4. В.В. Полевой. Физиология растений. Москва, «Высшая школа» - 1989г.
5. Г.В. Қылышбаева, Ж.І. Сапарова, Р.К. Жұмаханова. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Шымкент – 2006ж.
6. С.И. Лебедев. Физиология растений. Москва – 1982ж.
7. Э. Либберд. Физиология расений. Москва – 1976 ж.
8. К.С. Сағатов. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, «Ғылым» - 2002 ж.
9. К.С. Сағатов. Өсімдіктер физиологиясяның практикумы, Алматы, «Ғылым» - 2002 ж.
10. В.А. Рубин. Курс физиологии растений. Москва – 1976 ж.

Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2.Негізгі бөлім.
2.1.Өсімдіктердің аязға
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...4
2.2.Өсімдіктердің аязға төзімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.3.Өсімдіктердің суыққа
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2.4.Өсімдіктердің құрғақшылыққа
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.5.Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... 10
2.6.Өсімдіктердің ыстыққа
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.7.Өсімдіктердің тұзға
төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.12

3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .14

4. Пайдаланған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

Кіріспе

Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрлыстары
мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен
ара-қатынастары, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес, алуан
түрлі болып келетіндігі белгілі.
Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін
жанурлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетрерінде көптеген ерекшеліктер
байқалады.
Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты.
Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік
аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер
тараған. Белгілі географиялық аймақтың бөліктерінде сімдіктердің тұқым
қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын,
көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп - өседі.
Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгерулеріне
байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер
қалыптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық-шөлейт
аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік
топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар,
олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни, зат алмасушылық
процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан.
Сонымен қатар өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының
әсеріне біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар,
түрлер, өкілдер пайда болады.
Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен
екі бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз (күз, қыс) кезендерінде
өсімдіктер түгелінен, немесе ішінара зат алмасу, өсіп-өну процестерін
тоқтатып, тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше, тіршілік
әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша ырықты төтеп береді.

2.1.Өсімдіктердің аязға төзімділігі

Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылымық кезіндегі
температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Максимов өсімдіктерде
төменгі температураның әсерінен өтетін процестерді мұқият зерттеді. Ол
1912 жылы “Өсімдіктердің үсуі және суыққа төзімділігі” деген еңбегінде
өсімдіктердің аязға төзімділігі жөніндегі болжамын баяндады, оның негізгі
мәні мынада. Өсімдік жасушаларында мұз қатып, протоплазманың каллоидтық
құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік аяздан үсіп, тіршілігін тоқтатады.
Демек, өсімдіктердің бойында су қаншама аз болса, мұз да соншама аз
қатады, яғни өсімдіктің аяздан зардап шегуі соншама кемиді. Өсімдіктің
сусыздануымен қатар, онда қорғаныш заттар – қант пен тұздың жиналуы
протоплазма каллоидтары төзімділігінің артуына себепші болады. Н.А.
Максимовтың мұндай теориясы табиғаттағы алуан түрлі құбылыстардың бәрін
қамтымастан, тек бірқатар өсімдіктердің аязға төзімділігін түсіндіре
алады. Мысалы, қылқан жапырақты ағаштардың ине тәрізді қылқандарына,
альпі шалғындардағы гүлдердің келте жапырақшаларына толығымен мұз қатып
қалса да, олар үсімейді. Бір жылдық өсімдіктер тіршілік циклін аяз
түскенше аяқтау арқылы аязға бейімделеді. Қыста төменгі температураны
олар кепкен тұқым, пиязшық, тамырсабақ күйінде өткізеді.
Л.И. Сергеев тұжырымдаған келесі көзқарас аязға төзімділік
механизмін өсімдіктердің өзгеріп тұратын жағдайларға сәйкес зат алмасуын
тез өзгертіп отыруға бейімділігі ретінде түсіндіреді. өсімдіктердің зат
алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл
үйлесімдіктің бұзылуы Сергеевтің пікірі бойынша өсімдіктердің зақымдануы
мен тіршілігін тоқтауының себебі болып табылады. Сондықтан, ортаның аса
қиын жағдайларында организімнің тіршілікке қабілеттілігін оның
төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды.
Ағаш тұқымдастардың аязға төзімді болуында транспирация зор роль
атқарады. Ағаш тұқымдас өсімдіктер қыста да көптеген мөлшерде суды
буландырып отырады. Мұнда транспирация жапырақ дағы, бүршіктер, перидерма
арқылы өтеді. Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастар суыққа төзімсіз
болады. Қысқа транспирация неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға
төзімді келеді.
Күзде вегетация мен өсу процестерін дер кезінде тоқтатудың зор
маңызы бар. Ағаштың өсуін аяқтамаған өркендері толық жетіліп үлгермейді,
онда көп мөлшерде су болады. Қысқа аяз түскенде мұндай өркендер үсіп
кетеді. өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйінің ұзақтығы
мен тереңдігіне де байланысты. Шабдалы ағашы желтоқсан айында терең
тыныштық күйде болып, бүршіктері өспей тұрғанда – 20 аязға шыдайды.
Қаңтарда бүршіктері ісіне бастағанда – 7 – 8 аязға шыдайды, ал көкек
айында бүршіктері гүл жара бастағанда ол – 2 – 3 аяздан ақ үсіп кетеді.

Вегетация дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және жиі суару
сияқты агрономиялық шаралар вегетация мен өсу мерзімдерін ұзарта отырып,
өсімдіктердің аязға төзімділігін кемітеді. Ал вегетация дәуірінің соңында
фосфор калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше, көмірсудың жиналуына және
бір жылдық өркендердің тез өсіп жетілуіне жағдай жасап отырып ,
өсімдіктердің аязға төзімділігін арттырады. Күзгі қысқы суару арқылы
топырақтың ылғалдылығын реттеу жолымен өсімдіктің төзімділігіне әсер
етуге болады. Егер топырақ қыста ылғалды жеткілікті сіңіріп, өсімдіктер
қысқы құрғақшылықтан зардап шекпеген болса, жеміс ағаштарының аязға
төзімділігі артады.

2.2 Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру.

И.И. Туманов өсімдіктерді төменгі температураға шынықтыру мәселесін зерттеп
аязға төзімділік ұзақ та күрделі даярлықтың нәтижесінде қалыптасатынын
көрсетті. Ол аязға төзімді формаларда табиғи жолмен өтетін қысқа даярлану
процестерін зерттеу негізінде өсімдіктердің төзімділігін онан әрі арттыруға
мүмкіндік беретін тәсілдерді жасап шығарды. Ол үшін мынадай шарттар
орындалуы тиіс. Қажетті генетикалық табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға
төзімді етуге болады. Жылу сүйгіш өсімдіктерді қолдан аязға шынықтыруға
болмайды. Екінші шарт - тыныштық күйінің немесе ұзақ мерзімді яровизация
сатысының болуы. өсімдіктерде өсу процесі тоқтап, олар тыныштық кезеңінде
тұрғанда ғана аязға шынықтыруға болады. өсу және аязға төзімділік бір-
біріне сыйыспайтын ұғымдар. Өсу процесі жүріп жататын вегетациялық дәуірде,
өсімдіктердің, тіпті табиғатынан қысқа төзімді түрлері де нашар шынығады.
Қарағайдың, қайың мен жеке ағашының бұтақтары күзде, олар тыныштық күйінде
тұрған кезде аязға төзімділігін – 36 , ал тыныштық кезеңінен өткен соң, 15
градусқа дейін ғана арттыратыны тәжірибе арқылы анықталған.
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі фазада өтіледі.
Шынықтырудың бірінші фазасы төменгі оң температурада өтеді. Бұл жағдайда
жасушаларда қорғаныш заттары – қант жиналады. Олардың жәрдемімен
протоплазмада ө суді тежейтін немесе толық тоқтататын процестер жүреді.
Шынықтырудың бірінші фазасы аяқталғаннан соң оның екінші фазасы
басталады. Екінші фаза теріс температурамен баяу салқындату жағдайында
өтеді. Бірінші және екінші фазаның барысында протоплазманың су
өткізгіштігі артады, мұз болып қатуға бейім судың бәрі жасуша аралығына
ағып барады. Барлық сыунан дерлік айырылуы нәтижесінде протоплазманың
құрлымы өзгереді. Төменгі температура бұл құрылымның сақталуына мүмкіндік
береді. Шынықтырудың екі фазасынан ойдағыдай өткен өсімдіктерді аязға
төзімді етіп шынықтыруға болады.

2.3.Өсімдіктердің суыққа төзімділігі

Аязға төзімді өсімдіктермен қатар, тек қана +3º, +5ºС суыққа төзімді
өсімдіктер дн бар. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде
қиярдың, томаттың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш
өсімдіктердің жас өркендері зақымданады. Бұл жағдайда суыққа төзімді
өсімдіктер зақымданбайды немесе аз зақымданады. Өсімдіктердің суықтың
әсерінен зақымдануы, оның әсер ету дәрежесі мен ұзақтығына байланысты.
Қысқа уақыт әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер
төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Көктемгі және күзгі үсіктің
қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделген, суықтың әсеріне
шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Салқын температурада ұстаудан
екі – үш күн өткен соң қиярдың зақымданатыны байқалады. Алдымен олардың
тұқым жарнақтары мен ең алғаш шыққан жапырақтары, онан соң жас жапырақтары
солып қалады.3-6 тәулік бойы салқын температурада ұстау, олардың
тіршілігіне қауіпті. Томат пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, ұзақ уақыт
суыққа шыдайтын соя бұдан да гөрі суыққа төзімді келеді. Күнбағыс пен
бұршақ та суыққа едәуір төзімділік қасиет көрсетеді. Суыққа төзімділік
дәрежесі өсімдіктің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне , даму
фазаларына байланысты. Ұзақ уақыт бойы суық температура әсер еткенде
өсімдіктердегі ыдырау процестері синтез процестерінен басым болып, өсу мен
фотосинтез тоқтатылатын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитінін
Жолкевич дәлелдеп көрсетті.
Өсімдіктердің шынықтыру және оларда суыққа төзімділік қасиеттерді
қалыптастыру әдістері белгілі. Томат тұқымын 12 сағат сумен ылғалдап, бұдан
соң оған бірде жылумен, бірде суықпен әсер етеді. Тұқым тәуліктің 6
сағатын +15 температурада осылайша шынықтыру бір айға созылады.
Шынықтырылған тұқымдардан өсірілген өсімдіктер ерте өніп, жедел жетіледі,
үсікке ойдағыдай төзіп, солтүстік жағдайында жақсы түсім береді, ал
шынықтырылмаған өсімдіктер толығымен үсіп кетеді.
Шынықтыру әдісі басқа өсімдіктерге де қолданылады. Алайда бұл
жағдайда сорттың ерекшелегін, оның ерте пісетіндігін, географиялық шығу
тегі мен басқа да қасиеттерін ескеру қажет.
Өсімдіктердің әр түрі мен сорты үшін шынықтыру температурасы мен
ұзақтығын тәжірибе жасау жолымен анықтау керек. Мысалы, қияр тұқымын 12
сағат сумен ылғалдап, одан соң оған екі апта бойы тәулік ішінде 6 сағат
жылумен (+16, +20С), 18 сағат суықпен (0,+3С) әсер ету керек. Қауынның өніп
шыққан тұқымын 2 тәуліктен 5 тәулікке дейін күндіз жылылықта (+18, +30С),
ал түнде суықта (+2,-2С) ұстау арқылы шынықтырады.

2.4 Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі.

Экологиялық фактор ретінде су өсімдіктердің тіршілігінде маңызды роль
атқарады. Еліміздің көптеген территориясы климатының құрғақтылығымен көзге
түседі. Қазақстанның климаттық аймақтары орманды-дала, дала, құрғақ дала,
шөл аймақтары мен оңтүстік шөл аймағының тармақтарына бөлінеді. Орманды
дала аймағының басқа тереторияның бәрінің де климаты айқын байқалатын
құрғақ климат болып келеді, оларда жауын-шашын өте аз түседі, жазы ыстық
және құрғақ болады. Оңтүстікке қарай орналасқан құрғақ дала және шөл
аймағының бүкіл тереториясы ерекше құрғақшылық климатты болып келеді. Дала
аймағында буланғыштық түсетін жауын-шашыннан 3-7 есе артық болады, ал жауын-
шашынның жылдық мөлшері 200-300 мм аралығында уытқиды. Құрғақ дала
аймағында жазда булағыштық түсетін жауын-шашынның 7-20 есе артық, ал жауын-
шашынның жылдық мөлшері аймақтың оңтүстігінде 153 мм, солтүстігінде279 мм
болады. Қазақстан териториясының көп бөлігін алып жатқан шөл аймағында жаз
бойындағы буланғыштық жауын-шашыннан 20-70 есе артық, ал жыл бойында
түсетін жауын-шашынның мөлшері небары 81-184 мм болады. Мұндай қатаң
жағдайларда мәдени дақылдардың ғана емес, сондай-ақ жабайы өсімдіктердің де
өсіп жетілуі тұтасымен олардың ылғал тапшылығына бейімделуіне байланысты.
Құрғақшылықтың атмосфералық және топырақ құрғақшылығы деген түрлері
бар. Атмосфералық құрғақшылық ауаның құрғақтығынан байқалады, ол аптап пен
аңызақ желге ұштасады. Ұзаққа созылатын атмосфералық құрғақшылық топырақтың
бар ылғалын буландырып, топырақ құрғақшылығын туғызады.
Атмосфералық құрғақшылық жағдайында өсімдіктерде транспирация
күшейеді, осының нәтижесінде мүшелер мен ұлпалар суынан айырылып, олардың
су тапшылығы артады, жасуша шырынының консентрациясы жоғарылайды,
өсімдіктердің сору күшін арттыра түседі. Мұндай жағдайда устьице саңылауы
жабылып, судың бұдан былайғы шығыны едәуір кемиді. Сөйтіп, өсімдік өзін
құрғақшылықтың зиянды әсерінен сақтандырады. Егер өсімдікке ұзақ уақыт бойы
атмосфералық құрғақшылық әсер ететін болса, онда 2 тарауда сипаттап өткен,
неғұрлым күрделі физиологиялық-биохимиялық өзгерістер туады. әсіресе,
жасушаға судың ағып келуі есебінен өтетін жасушаның созылу фазасы
баяулайды. Сондықтан су тапшылығы жағдайында өсіп жетілетін өсімдіктердің
жасушалары ұсақ, жапырақ тақтасының мөлшері кіші, жапырақ жүйкесі жиі, бойы
аласа болады. өсімдіктің мұндай анатомиялық – морфологиялық құрылымы
ксероморфты құрылым деп аталады.
Топырақ ылғалы жеткілікті, өсімдіктің қуатты және терең тамыр жүйесі
болса, атмосфералық құрғақшылық өсімдік тіршілігіне қауіп келтірмейді.
Мұндай жағдайда атмосфералық құрғақшылық фотосинтез бен өсу процесін
баяулатудан артық зиянды әсер ете алмайды.
Өсімдікке келтіретін зақым құрғақшылықтың ұзақтығы мен дәрежесіне,
өсуге әсер еткен жағдайларға, өсімдіктің күйі мен өсу фазаларына
байланысты. Егер құрғақшылық кенеттен басталып, ұзаққа созылатын болса,онда
өсімдік бұдан күшті зардап шегеді. Бұл жағдайда өсімдік құрғақшылық
басталғандға дейін сумен жақсы қамтамасыз етілген болса да көп зақымданады.
Астық тұқымдастар жапырақтарының ұштары солады, шеттері бүрісіп, ширатылып,
жапырақтың жұмсақ учаскелері тіршілігін тоқтатады. Кей жағдайларда
жапырақтар жаппай түсе бастайды. Құрғақшылық біртіндеп басталып, бара-бара
күшейе түскенде, өсімдік оған бейімделіп үлгереді де осының нәтижесінде
шамалы ғана зақымданады. Топырақ құрғақшылығы өсімдіктер үшін әлдеқайда
қауіпті. Бұл жағдайда өсімдіктер өте күшті су тапшылығына душар болып,
олардың барлық мүшелерімен ұлпалары суынан айырылады.
Өсімдіктер қоршаған ортадағы су тапшылығына біршама бейімделеді.
өсімдіктердің бір түрлерінде мұндай бейімделушілік ойдағыдай өтсе, екінші
түрлерінде біраз қиындықпен өтеді.
Климаты құрғақ жерлердің өсімдіктері ксерофиттер деп аталады.
Оларды зерттеу өсімдіктердің құрғақшылыққа қалайша бейімделетінін
көрсетеді. Алғашқы кезде ксерофиттер суды басқа өсімдіктерден гөрі аз қажет
етеді деп есептелініп келген болатын. А.Ф.Шимпер ксерофиттердің құрғақшылық
жағдайларға бейімделуі, судың қажеттілігін барынша кемітетін қасиеттерді
қалыптастыру жолымен жүзеге асады деп тұжырымдады. Сондықтан Шимпердің
сипаттауы бойынша ксерофиттер құрғақшылық жерлердің өсімдіктері деп
танылады. Алайда бұдан кейін Н.А.Максимов ксерофиттер су режимінің
ерекшеліктерін зерттеді. Ол зерттеулерде ксерофиттердің суды мезофиттерге
қарағанда көбірек жұмсайтыны көрсетілді. Сөйтіп, Максимов алғаш рет
ксерофиттердің екі тобы бар деген қорытындыға келеді. Ксерофиттің бір тобы
Шимпердің сипаттамасына сәйкес келсе, келесі тобының қасиеті оған қарама-
қарсы болды.
П.А.Генкель құрғақ дала өсімдіктердің зерттей отырып, олардың
құрғақшылыққа бейімделуі алуан түрлі болатынын көрсетті. Ол бейімделушілік
сипатына қарай өсімдіктерді мынадай типтерге бөледі: суккуленттер,
эвксерофиттер, гемиксерофиттер, пойкилосерофиттер, эфемерлер.
Қалың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)
Бидайдың стреске төзімді дигаплоидты линияларын физиологиялық және биохимиялық параметрлері бойынша зерттеу
Жасушалар мен тіндерді өсіру әдістері
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Астық дaқылдaрының төзімділігі мен өнімділігін көтеруге aрнaлғaн aзот aлмaсуын реттейтін жоғырғы сaтыдaғы өсімдіктерден микротыңaйтқыш препaрaтын aлу мен қолдaну биотехнологиясын әзірлеу
Стенобионттық, эврибионттық организмдер
Экология ғылымының пайда болуы, дамуы
Төзімділік туралы жалпы ұғым
Бидайдың гаплоидты технологиясы зерттеу
Пәндер