Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері


Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының мазмұны мен мақсаты

  1. Заң актілері.
  2. Қауіпсіздік түсінігі.

1. Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі

курсының мазмұны мен мақсаты

Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Адам өмірі қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады.

Адам өмірінің немесе өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының негізгі мақсаттарына төмендегілер жатады:

  • қауіп-қатерді тани білу. Атап айтқанда оның түрін, болып жатқан жерін, қатер болу мүмкүншілігін, зардаптың және оның әсерінен болатын зиян шамасын және т. б. ;
  • болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;
  • қауіп-қатер болғанда, төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

2. Заңды актілері

Адам - мемлекеттің ең қымбат қазынасының бірі, ал оның өмірін сақтау мемлекеттік негізгі мақсаты. Оған дәлел адам мен оның өмірін қорғау еліміздің ата - заңы конститутцияда 1-ші бапта берілгендігі. Сондай-ақ, конститутцияның 31 бабы, мемлекетті адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы орта жасау және қорғауды міндеттейді. Осыларға байланысты мемлекетімізде адам өмірін қорғау мәселелері бойынша бірнеше заңдар қабылданып, ережелер бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» №528-II 2004 жылдың 28 ақпанында, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» №19-I 1996 жылдың 5 шілдесінде, “Азаматтық қорғаныс туралы” №100 1997 жылдың 7 мамырында, “Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы” № 87 1997 жылдың 27 наурызында, “Өрт қауіпсіздігі туралы” № 48-I 1996 жылдың 22 қарашасында, “Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы”№ 314-I ҚРЗ 2002 жылдың 3 сәуірінде, “Терроризмге қарсы қүрес туралы” № 19-I 1996 жылдың № 416-I 1996 жылдың 13 шілдеде, ”Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” № 219-I ҚРЗ 1998 жылдың 23 сәуірінде, “Төтенше жағдай туралы” № 387-II 2003 жылдың 8 ақпанында, “Соғыс жағдайы туралы” № 331-II 2003 жылдың 5 наурызында, “ҚР қарулы күштер және қорғаныс туралы” № 2108-ХII 1993 жылдың 9 сәуірінде, “Мемлекеттің материалдық қоры туралы” № 106-II 2000 жылдың 27 қарашада, “Еңбекті қорғау туралы” № 1914-ХII 1993 жылдың 22 қаңтарда, “Халықтың санитарлық эпидемиалық саулығы туралы”№ 1132 2004 жылдың 29 қазанда және т. б. қабылдаған Заңдары мен ҚР өкіметінің № 481 1999 жылы 27 сәуірдегі бекіткен «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар туралы агенттігінің ережесі» мен «Биотерроризмге қарсы эпидемиалық және профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы» ҚР денсаулық министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі мен төтенше жағдай туралы агенттіктің біріккен бұйрығы және т. б.

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлерлің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

Бұл Заң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктері, қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылау, жалпы және қортынды ережелер тарауларынан тұрады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

ҚР Заңы.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызатын зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бұл заң халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптама мен мемлекеттік есеп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы материалмен және қаржымен қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғандық үшін жауапкершілік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы дауларды шешу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық шарттар тарауларынан тұрады.

“Азаматтық қорғаныс туралы” ҚР Заңы

“Азаматтық қорғаныс туралы” Заң Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі екендігін білдіреді.

Бұл Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, Қазақстан Республикасы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымының азаматтық қорғаныс саласындағы өкілеттілігін, азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

“Азаматтық қорғаныс туралы” Заң Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныс шаралары, Азаматтық қорғаныс күштері, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері, Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті өкілдері және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттілігі, азаматтарының құқықтары мен міндеттері, Азаматтық қорғаныс қажеттерін материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету және Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі, Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру көздері, жалпы және қортынды ережелер тарауларынан тұрады.

“Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы”

ҚР Заңы.

“Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы” Заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған авариялық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді және құтқарушылардың мәртебесін белгілейді.

Бұл Заң авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары, авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы, құтқарушылар және олардың мәртебесі, жалпы және қортынды ережелер тарауларынан тұрады.

“Өрт қауіпсіздігі туралы” ҚР Заңы

“Өрт қауіпсіздігі туралы” Заң өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табыла отырып, мемлекттік органдардың, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейді.

Бұл Заң мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілеттілігі, Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызмет органдары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен міндеттері, жалпы және қортынды ережелер тарауларынан тұрады.

“Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы”

ҚР Заңы

Бұл Заң қауіпті өндіріс объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Еңбек қатынастары мен еңбекті қоғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясы мен ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.

Қарастырып отырған Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзіреті, заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, аварияларды жоюға әзірлікті қамтамасыз ету және олардың себептерін тексеру, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тарауларынан тұрады.

“Терроризмге қарсы қүрес туралы” ҚР Заңы

“Терроризмге қарсы қүрес туралы” Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы қүресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілділіктерін белгілейді.

Бұл Заң терроризмге қарсы күресті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күреске қатысатын мемлекеттік органдарының құзіреті, террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу, террористік акция салдарынан зардап шеккен адамдардың заландарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту, террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тікелей күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру заңдылығын бақылау мен қадағалау тарауларынан тұрады.

”Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” ҚР Заңы

Бұл Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

”Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” Заң радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару, қадағалау және бақылау, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар, радиациялық авария кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттері, радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік және халықаралық шарттар тарауларынан тұрады.

“Төтенше жағдай туралы” ҚР Заңы

“Төтенше жағдай туралы” Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізудің және оның қолданылуының негіздерін, мерзімдерін, тәртібін белгілейді.

Қарастырып отырған Заң төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері мен тәртібі, төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары мен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер, төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі, жалпы және қортынды ережелер тарауларынан тұрады.

“Соғыс жағдайы туралы” ҚР Заңы

Бұл Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағына тұратын азаматтар және басқа да адамдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді және оның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледі.

“Соғыс жағдайы туралы” Заңы соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері, соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі, азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі іс-әрекеті қарастырылған.

“Еңбекті қорғау туралы” ҚР Заңы

“Еңбекті қорғау туралы” Заң өндірістерде адамдардың ден-саулығының бұзылуына, олардың жарақат алуына жол бермеу жолдарын қарастырудағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін және жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекті қорғаудағы құқықтарын қамтамасыз етуін реттеуге бағытталған.

Бұл Заңда еңбекті қорғау құқығы, еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару мен ұлттық саясаттың принциптері, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекті қорғауғы құқығына кепілдік, еңбекті қорғаудағы заңды актілерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігі тараулары қарастырылған.

3. Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр. Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды.

Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек.

  1. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация) . Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі.
  2. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу.
  3. Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.

Қауіпсіздікті қамтамсық ету шаралары қауіп-қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі туындағанда қолданылады. Оған зардап шеккендергі бірінші медициналық көмек көрсету, қоғамды қылмыстық топтарынан қорғау, ластанған аумақты тазалау және басқа да жұмыстар жатады.

Лекция №2

Лекция тақырыбы: Адам мекендеген ортаның қауіп-қатерлері

Лекция жоспары:

  1. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауір қатерді топтастыру.
  2. Өмір сүру ортасының табиғи қауіп-қатері.
  3. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп-қатері

1. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауір қатерді топтастыру.

Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.

Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады.

Сурет 1. Қауіп-қатерді белгілері бойынша топтау

Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.

2. Өмір сүру ортасының табиғи қауіп-қатері

Табиғи қауіп-қатерге табиғи апаттар жатады. Табиғи апаттар жер сілкіну, қар көшкіні, боран, су тасқыны және сол сияқты зілзалалардан тұрады.

Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тіршілігін бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшыратып, адамдар мен хайуанаттарды өлімге алып келетін құбылыс.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшеліктері бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық келтірер залалы мол жағдай.

Дүние жүзінде бүкіл зілзаланың 40% су тасқыны, 20% тропикалық циклондар, 15% жер сілкінісі, ал қалған 25% зілзаланың басқа түрлерін құрайды.

3. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп-қатері

Антропогендік қауіп-қатер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болып, адамдардың ден-саулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін құбылыс.

Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінен өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін негізгі фактордардың бірі атмосфералық ауаның былғану көздері. Атмосфералық ауа - бұл азоттан, оттегіден, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелийден және басқа газдардан тұрады. Жоғарыдағы газдардың ішіндегілердің адамға өте керектісі оттегі. Себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі және ол бар жоғы 2-3 минутқа қана тыныс алуға жетеді. Ал 5 минут өтсе, адамға оттегі жетіспегендіктен, оның ми қабатының жұмысы тоқтап, биологиялық өлімге әкеледі. Атмосфераның әр түрлі зиянды заттармен ластануы, адамдардың ауруына ықпалын жасайды. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі антропогенлік көздерге өнеркәсіп орындары, жылу энергетикасы мен көліктер жатады.

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші денгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соқтырып, олар қара түтін (смог), қышқыл жауыны, парниктік эффект сияқты зиянды құбылыстарды тудырып және озон қабатының жұқаруына ықпалын тигізеді.

Лекция 3

Лекция тақырыбы: Жарақаттар

Лекция жоспары:

  1. Жарақаттар түрі.
  2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік.
  3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы. және алғашқы медициналық көмек.
  4. Бас жарақаты және алғашқы медициналық көмек.
  5. Кеуде мен іштің зақымдалуы.
  6. Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек .

1. Жарақаттар түрі

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің - аяқ- қолдың сынуы мен буынның шыгуынан, жүмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі. радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің со-зылуы. буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы) .

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану - бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы) .

Ашық зақымдану - бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шуғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, кір жуушылардың жауырауы және т. б. ) .

Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы) . Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу - адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (корқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы) .

Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сыр-қат құлайды.

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Адам организіміне қауіпті әсер ететін факторлар
Тәрбие және білім берудегі құндылықтар
Вильгельм Вундт
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс- тәсілдері
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz