Экономикалық циклдың дамуы және оның тізбектері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ (ӨСУ): МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЗБЕКТЕРІ.
1.1. Экономикалық даму циклдары ... ... ... ... ... ...4.7
1.2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) ... ... ...8.17

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1. КСРО тарағаннан кейінгі Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
2.2. Экономикалық дамудың оңтайлы жолдары ... ... ...21.23

ІІI ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.
3.1. Сыртқы экономикалық қызмет түрін дамудың бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.26
3.2. Қазастан Республикасының валюта бағамы (шет елдердің валюта бағамы және солармен салыстыру) ... ... ... .27.31
3.3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану...32.39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: ... ... ... ... ... ..41
КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Экономикалық циклдың дамуы және оның тізбектері” деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық даму дегеніміз не, оның түрлері, үлгілері (модельдері) мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз еліміздегі мәселелеріне кеңінен тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Басқаша айтқанда, “пісірген бәлішің” үлкенірек болса, оның өзінен артылып қалған бірнеше бөлігін экономикалық қуатын өсіргісі келіп отырған мемлекеттерге де беруге болады.
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.
“Жалпы экономикалық теория”

2. Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. “Қазақстандағы адам дамуы”

3. Мамыров Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: “Макроэкономика”

4. Ермекова Т.Р. “Қолданбалы экономика”, Алматы 1997

5. “Экономикалық өсу және сапалық көрсеткіштер”, С.Сатыбалдин, “Егемен Қазақстан”, 2003 жыл, 23 сәуір
6. Шеденов.Ө.Қ., Сағындықов.Е.Н..
Жүнісов.Б.А., Байжомартов.Ұ.С. Комягин.Б.И.
Жалпы экономикалық теория.

7. Сейтқасымов. «Ақша несие банк».

8. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық циклдың дамуы және оның тізбектері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе____________________________ _________________3

I ТАРАУ. Экономикалық даму (өсу): мәні, мазмұны және оның тізбектері.
1.1. Экономикалық даму циклдары.______________________4-7
1.2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері).__________8-17

II ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық ДАМУ мәселелері.
2.1. КСРО тарағаннан кейінгі Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде
экономикалық дамуы._____________________________ ___18-20
2.2. Экономикалық дамудың оңтайлы жолдары.__________21-23
ІІI ТАРАУ. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Сыртқы экономикалық қызмет түрін дамудың
бағдарламалары.____________________ ________________24-26
3.2. Қазастан Республикасының валюта бағамы (шет елдердің валюта бағамы
және солармен салыстыру).____________27-31
3.3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану.__32-39

Қорытынды__________________________ _____________40

Қолданылған әдебиеттер:______________________41

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Экономикалық циклдың дамуы және
оның тізбектері” деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық даму
дегеніміз не, оның түрлері, үлгілері (модельдері) мен факторларына және де
осы тұрақты экономикалық өсудің өз еліміздегі мәселелеріне кеңінен тоқталып
өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде
өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат
көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың
өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа
елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Басқаша айтқанда, “пісірген
бәлішің” үлкенірек болса, оның өзінен артылып қалған бірнеше бөлігін
экономикалық қуатын өсіргісі келіп отырған мемлекеттерге де беруге болады.
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында
ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады.
Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір
жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді)
экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі
адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.
Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ
болатыны тағы да даусыз.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш
пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін
қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын
көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің
шекарасын жылжыту қажет.

I ТАРАУ. Экономикалық даму (өсу): мәні, мазмұны және оның тізбектері.
1.1. Экономикалық даму циклдары.
Экономикалық даму – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең
маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі”
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық даму ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік
шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында
өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ
мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық даму” (өсу)
термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ)
нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда
есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен
салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық
өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар
бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де
құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) –
нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен
көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы
(өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының
шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен
табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық
өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы
ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің
сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну
құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы
ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің
интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге
арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс
күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі
арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.
Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының
негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы
қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі,
ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге
асады.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде
орындалуы мүмкін.
– Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын
адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде
артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының
өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
– Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре
бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
– Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары
жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі
және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен
техниканы үдемелі дамыту қажет.
– Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну
тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір
бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін
жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
– Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмасуын өсіру. Кәсіпорын еңбек
өніміділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми
зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да
жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл
тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға
ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қодану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі
кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды
ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан
экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл
экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде
соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,
ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі
және т.б ) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге
ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш
бағытты атап өтуге болады.
– Неокейнстік
– Ноеклассикалық
– Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде
қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының
көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен
құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра
алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу
ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.

1.2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері).

Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
1. Ұсыныс
2. Сұраныс
3. Бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
– Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
– Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
– Негізгі капиталдың көлемі
– Технолгия
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс
факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері
шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан
әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір
біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды.
Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика
соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы
тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп
отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты
болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін
анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық,
мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен
экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы
бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары
да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға
жататындар:
– өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;
– шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды
бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:
экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді
халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни
экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің
ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс
күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің
мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық
тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту
техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы,
материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз
деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның
себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың
жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары
солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан
нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ
мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-
техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру.
Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың
шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып
табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту
анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін
қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен
жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда
экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-
техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал.
Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану
тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде
қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты
өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас
бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы
борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда
сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ
экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және
көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы
мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің
сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті түрін
алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті
қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта
экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге
табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,
қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды
қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі
өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы
пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық
шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын
өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды
интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық
процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды
сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы
ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ)
болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
өлшенеді.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі
(Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде
қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге
байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық
саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді
ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен
берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы,
жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның
факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты
сұрақтарының біреуі болып табылады.
Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен
анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін
алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы
нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы
көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық
дамудың бағытын анықтауға болады. Экономикалық өсу экономиканың бір
қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін
көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму денгейі
болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогресттің қозғаушы
күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындығы қайшылық жалпы негізгі
және күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан
өндірістің өзі жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырды -
сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне
тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген
қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрындардың
саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп тұрады. Олардың тұтыныстарын
қанағаттыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді камтамасыз
ету қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе осы мәселені қандай
дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.
Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің
интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет
көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек
өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізеді. Әрине, бұл барлық өндіріс
факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол
мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары
басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық
өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің
интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып
(70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:
-еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын.
Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі
және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады. Мысалы:

(Ү=Үt –Yt-1 немесе Yt =(Yt Yt-1,
t- уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан
жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол
экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының
жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі
нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде
өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе
интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына
немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға
болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың
ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі
бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге
негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін,
тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор үлгісі болып
табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан
шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (КҮ) және қор жинағы нормасы тұрақты болып
келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы
болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
(YAD =(I * m=(I(11-b) =(I1s
m-шығын мультипликаторы

b-тұтынуға шекті бейімділік
s-қор жинағына шекті бейімділік
(YA =(* (К-жиынтық ұсынысының өсуі.
(-капиталдың шекті өнімділігі
Капиталдың (К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі,
осыдан (YA=(*І.
Экономиканың өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілудің
шартында пайда болады.
(Is=(*І немесе (IІ=(* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті
өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан,
І=S, ал S=sY; s=const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның
деңгейіне пропоционал болады, сонда (YҮ= (IІ=(* s
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына
тура пропоционал немесе (К(Ү- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура
пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы
мүмкін.
Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939ж)
экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал
салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне
пропорцианалды:
It =v(Үt –Yt-1 )
Мұндағы v-акселератор.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егер де алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сүраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сүраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар
өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше, ұсыныс сұраныстан көп болса
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Осы атылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.
Үt –Yt-1 Yt-1 =a(Үt -1–Yt-2 ) Yt-2
Егер a=1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа
тең болады егер а1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Осыдан біздің
экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:
Үt –Yt-1 ((а(Үt -1–Yt-2 ) Yt-2 )+1)
Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және
теңдік шарты I=S):
Yt =Its=v(Yt-Yt-1)s
Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады:
v(Yt-Yt-1)s = Yt (а(Үt -1–Yt-2 ) Yt-2 )+1)
Өрнектеп келесі формуланы алуға болады:
Vs(Yt-Yt-1 Yt-1)= а(Үt -1–Yt-2 ) Yt-2 )+1
Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе
а=1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезде өндірістің
өсу қарқынынан өзгерусіз қалдырады:
Үt –Yt-1 Yt-1 = Үt -1–Yt-2 Yt-2 =(Yt Yt-1
Осыдан тепе-теңдік көлемінің өсуі қарқыны келесі болады:
(Yt Yt-1 =sv-s
Харрод sv-s формуласын “кепілдік өсу қарқыны” деп атайды. Оны қолдай
отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс
ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай
экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамассыз етеді,
бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында
айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод “табиғи” өсу қарқынын енгізеді.
Бұл ең жоғарғы өсу - өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны
кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

II ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық ДАМУ мәселелері.
2.1. КСРО тарағаннан кейінгі Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде
экономикалық дамуы.

КСРО-ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның
құрамды бөлігі болғандықтан азды-көпті қиындықтарға душар болды: халық
шаруашылығының салалары тұйыққа тірелді; қоғамдық өндірістің тиімсіздігі
жалғаса берді; инвестициялық сала кемшін күйінде қалды; халық шаруашылығын
басқарудың экономикалық және құқықтық тәсілдері жөнді меңгнрілмеді;
жоспар,өндіріс және еңбек тәртібі олқылыққа ұшырады.
Сайып келгенде 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965ж. қайта құрудың
жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түмті. 80ж-ші жылдардағы
қайта құру мынадай механизмдері кеңінен қолдануды көздеді:
1. өндірістын баспақты буынының тиімді жұмыс істеуіне ерік беру үшін оның
дербес мекемелік шекарасын кеңейте түсу. Осыған байланысты оған
дербестік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру
енгізілді.
2. кәсіпорындарды дербес басқару еркіндікті, ынталылықты және жауап
кершілікке берік болуды талап етеді. Кәсіппорынның жауапкершілігі
дегеніміз олардың бір-біріне тәуелділігі, қоғамдық еңбек бөлісінде
алған орны түрлі жағдайларға байланысты: шаруашылық есеп, әкімшілік,
құқықтық және адалдық сипаттар.
Өзін-өзі басқарудың мәні халық шаруашылығы мен халықтын өскелең
талабына сәйкес кәсіпорын өндіріс жаспарын өзі жасайды, өнімдерді тарату
және қызмет көрсетуді өзі белгілейді. Сөйтіп жаңа жағдайда иелік жасауда
өндірістік бағдарламаны өзі жасайды, материалдық қамтамасыз етудің қамына
кіріседі, өндірілген товарды өткізумен айналысады.
Қайта құрудың маңызды механизмі шаруашылық есеп болып табылады. Қайта құру
жалдарында шаруашылық есептің екі түрі ұсынылды.
Біріншісі –пайданы нормалап бөлу. Пайданы бөлу механизмінің бірінші түрі-
өнімді өткізгеннен алынған табысан, ең алдымен өндіріске жұмсалған қаржат
қалпына келтіріледі және еңбекақы қорына төленеді. Еңбекақы қоры таза өнім
нормативінен түзіліді, ал кен қазба саласында нақтылы алынған өнім
бірлігінен түзіледі.
Екінші - шаруашылық есеп кірісінің нормативпен таратыуы балайша
жүргізіліді: Біріншіден, өнімнен түскен тыбыстан материалдық шығындар
қалпына келтіріледі. Табыстың қалған бөлігі нақты кіріс болып табылады да,
одан қорлар мен еңбек ресурстарына төлем төленеді, мемлекеттік және
жергілікті бюджетке бересілер төленеді, министрліктің қорына бересі
беріледі, банктен алған несиенің процентті төленеді.
Сөйтіп экономикалық саясатты өз бетінше дербес жүргізудің орнына толық
егемендіқ алғанға дейін Ресейдің қимылдарына тактикалық түрғыдан жалтандай
берді. Ал Ресей болса, Польша, Югославия т.б. елдердің нарыққа көшу
бағдарламаларына иек артты.
Республика экономикасында 1990 ж. аяғында нарықтық қатынастарға көше
бастауы келесі жылы нарыққа көшу бағдарламысын қайта қарауды талап етті,
өйткені 1991 ж. тамызда КСРО тарап кетті.
1) КСРО экономикасының жағдайы қоюлана түсуіне байланысты 80-ж.
Экономиканы сауықтыру мәселелерін алға тартты. Экономиканы басқаруды
түбынен қайта кұру саясатын жүргізу барлық буындарда да басқарудың
әкімшілік әдісінен экономикалық, басқаруды кеңынен демократияландыруға
көшу қажеттігін туғызды.
2) Халық шаруашылығын жөнге келтірудің демократиялық және экономикалық
механизмінің арасында кәсіптиялық және экономикалық механизмінің
арысында кәсіпорындарға дербестік беру, өздері жоспарлау өзін-өзі
өтеу, өзін-өзі қаржыландыру негізінде шаруашылыққа иелік жасауды
шаруашылық есеп әдісімен жүргізугі ерекше көңіл бөлімді.
3) Мемлекеттің экономикалық саясатты басқарудан бұлтаруы, деректорлық
корпус жұмысы бетімен жіберуі топтық менмендік туғызді мұның өзі
өндірісті құлдыратып жіберді, пайданың ролы өлшеусіз мадақтылды.
Өндіріс солып тұрғанда товарсыз пайданың өсуі ақшаның қадірін
төмендетті, инфляцияны туғызды, тутыну рыногының қадірін кетерді.
4) Осыған байланысты КСРО Үкіметі экономикалық реформаның үш бағытын
ұсынды, ғылыми мекемелер 500 күн деп аталып кеткен бағдарлама
жасауға кірісті. Бұл бағдарлама өзінің байымсыздығынан қағаз жүзінде
кала берді.
5) КСРО Жоғорғы Советі 1990ж. Аяғында Халық шаруашылығын тұрақтандыру
және нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын қабылдады. Бұл
да бүрін қабылдалған бағдарламадан бөтен ешбір жаңалық көздей алмады.
Қазақстан да аталған бағдарламаны ұстана отырып Ресей қимылдарына
тактикалық тұрғыдан қараса да Қазақ ССР экономикасын тұрақтндыру және
нарыққа көшу бағдарламасын жасады. Бірақ КСРО-ның 1991ж. Таратылуына
байланысты аталған бағдарламалар жайына қалды.
6) Сөйтіп, Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі экономикалық және
әлеуметтік салалардағы тығырық жағдайында болды. Бұл, әрине, қайта
құру мен экономикалық реформаның барысында жіберілген көптеген ішік
және сыртқы себептерге, ескермей қалған қателіктерге байланысты болды.

2.2. Экономикалық дамудың оңтайлы жолдары.

Ұлттық экономика соңғы жылдары үздіксіз даму үстінде. Өткен 5 жылда
ішкі жалпы өнімнің реформаларға дейінгі деңгейіне қол жетті. Алайда, біздің
экономика бұрынғысынша шикізаттық бағытта қалып отыр. Экспорттың басым
бөлігін алғашқы энергоресурстар, кен-металлургиа кешенінің өнімдері, астық
және ауыл шаруашылық шикізатының басқа да түрлері құрайды.
Бұл тиімді жол емес . Біздің шикізат басқа елдерде терең өңдеуден
өткеннен кейін рынокқа қайта шығарылады, соның ішінде Қазақстанға да қайта
оралады. Бірақ бұл жолы біз оны әлемдік рыноктардың аса жоғары бағасымен
сатып аламыз. Ол бағалар тұтынушылардың ақшалай табыстарының қазіргіден
әлдеқайда жоғары деңгейіне бағдарланған.
Міне, сондықтан да Президенттің жолдауында экономиканы шикізаттық
бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялық жолдарын іздестіру
басым міндеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геннің экспрессиясы
Cisc архитектуралы микроконтроллерлер
Прокариот және эукариот гендері
Математикалық модельдеудің түзілуімен есеперу эксперименті әдістемесі
Қыздырғыштың ирек түтікшелерінде қысымның жоғарылап кетуі
Информатика пәнінен дәрістер кешені
Компьютерде есеп шығару технологиясын математикалық біліктілікті тереңдетуде және дамытуда пайдалану
Өндiрiстi автоматтандыру туралы
ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
CISC архитектуралы микроконтроллерлер жайлы
Пәндер