Орман ресурстарын пайдалану мәселелері жайында


Тропиктік ормандар мәселесі. Тропиктік ормандардың үлесіне құрлық бетінің 5%-ы немесе барлық ормандардың 20%-ы сәйкес келеді. Тропиктік ормандарда құрлықтың өсімдік массасының 50%-дан астамы және орман экожүйелерінің биомассасының 60%-ы жиналған. Олардың жылдық өнімділігі 15-20 т/га % (тайга ормандарында 2-3 есе кем) болады. Тропиктік ормандар түрлік құрамы бойынша ең бай экожүйе. Бұл ормандарда Жерде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің 70%-ы мекендейді. Түрлік құрамы бойынша Оңтүстік Америка (негізінен Бразилия), Африка (негізінен Заир) және Индонезия ормандары түрлік алуантүрлілігі бойынша да, органикалық заттық қоры бойынша да ең бай болып табылады.

Мәліметтер бойынша тропиктік ормандар 12-14 млн. га/жылына немесе әр минут сайын 20-25 га жылдамдықпен жойылуда.

Орман ресурстарын пайдалану мәселелері. Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандыруш фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардыңмекен ету ортасы; бесіншіден, орман-шаруашылық көптеген салалар үшін бағалы органикалықөнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гиниеналық, тынығу, стресс жағдайынан құтылу, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.

1992 жылы Рио-де-Женейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарға қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар Отмосфераға түсіп парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғалымдық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.

Плнетаның орман қоры. Орманды пайдалану критерийлері. Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га-дан астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар, жолдар, шалғындар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд/га-да алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0, 8 га-дан келеді.

Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялық пайызбен көрсетілген шамасын ормандық деп атайды Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32, 2%-га тең (басқа мәліметтер бойынша 25%) .

Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%-дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.

Соңғы кезде әсіресе шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.

Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.

Дүние жүзінің ормандарына өсімдік массасының 1, 65-1, 96 триллон м 3. шоғырланған. Бұған барлық жер үсті (бұталар, діңдер, жапырақтар) және жер асты массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сиппатайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский бойынша тірі заттың бірінші ретті қызметі) және механикалық немесе Физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі) Биогеохимиялық қызмет әр түрлі физиологиялық процесстердің (фотосинтез, минералдық қоректену транспирация, қоршаған ортаға әр түрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және т. б) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды тұндыру қызметі арқылы көрінеді.

Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.

Атмосферадағы көміртегінің артық парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерінен үміттенеді. 1 т (абсалюттік құрғақ салмақ) өсімдік өнімі түзілуі ұшін 1, 5-1, 8 т көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1, 1-1, 3 т оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл газын сіңіріп, 5-6 т оттегін бөліп шығарады.

Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің консеттрациясы ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7% ал мұхиттың өсімдік ағзаларында -1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында топырақ гумусыгда және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегінің байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары қлға алынуы қажет.

Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.

Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да (бірінші ретті) физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзге асырылады.

Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру байланысты. Бұл пройесс құрғақ күйде де (ауырлық күшінің әсерінен) ылғалды атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде 1 га орман жылына 50-60 т шаңды сіңіріп тұнбаға түсіре алады. Танаш қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың жел эрозиясының өнімдерінен тазартуында осы эффект қолданылады.

Орман шуды кеиітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдацы мен олардың өсімдіктердің тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.

Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты егіс танабын жолдарды тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады. Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5˚ С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1-2 ˚ С ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.

Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радияциясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер(қарағай, қайың, және т. б) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын(шырша самырсын, ) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.

Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.

Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне тығыздығына байланысты.

Ажамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, XIX аяғы мен XX ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендері қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі.

Ормандардың грунт суларын арттырып беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі ондағы топырақтың су өткізгіштерінің жақсы болуына (жабын қабатымен тамырларымен қопсытылған) және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.

Ормандар күшті эко жүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы укүштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады. Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30 м орман белдеуі арқылы өткен суда аммони тұздарының мөлшері 5 есе аз, SO 2-6 еседен астам фосфор мен калий 10 есе кеміген. Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі (1 л судағы ішек таяқшасының саны) 18-ге тең ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.

Орман кесілгенде оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцесся нәтижиесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді. Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсаииа гиацеиттердің бірлері қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс регоза пайдаланылады.

Антропогенді қысым жағдайына ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы олардың зақымдануымен тұрақтылығының төмендеуімен жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдауының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендігідей;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Табиғат қорғауды ұйымдастыру
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Орман қорын құқықтық қорғау
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz