Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Кіріспе
1. М. ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
1.1. М.Дулатұлы . жан.жақты дарын иесі
1.2. М. Дулатұлының тілдік тұлғасының лингвомәдени деңгейі
2. М.ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер
2.2. Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер
2.3. Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Әрбір ұлттың дүниетанымы, ұлттық болмысы, ұлттық мәдениеті өзінің тілінде көрініс табатыны белгілі, яғни ұлттық мәдениеттің тірегі-оның тілі болмақ. Тіл-дүниетаным құралы. «Тілде халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы сақталған» [1].
Тіл-мәдениет айнасы. Онда ұлттық таным, ұлт мәдениеті, ұлттық мінез, өмір салты, әдет-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі, сана-сезімі көрініс табады. Сондықтан қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті байланыстыра зерттейтін тіл білімінің лингвомәдениеттану деп аталатын саласы кең қанат жаюда.
Тіл мен мәдениет сабақтастығы, тілдің танымдық тұрғыда зерттелуі тіл білімінің өзекті салаларының бірі ретінде қарастырылуда және түркологияда және қазақ тіл білімінде оның алғаш негізін салушылар ретінде В.Гумбольдт, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, В.Воробьев, В.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Д.С.Лихачев, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Сейілхан, А.Ислам т.б. ғалымдарды айтуымызға болады.
Орыс ғалымы В.А.Маслова тіл білімінің бұл саласына байланысты мынадай анықтама береді: «Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии исследующая проявление культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [2].
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктерін танытуға көбірек бағыт бұрды.
Осы саланың негізгі ұғымдарының бірі - лингвокультурология, яғни лингвомәдениеттану. Оның негізгі ұғымдарының бірі-лингвокультурема. Лингвокультурема-лингвомәдени бірліктер болып саналады.
М.Дулатұлы шығармаларын лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан талдау барысында лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән беріледі.
М.Дулатұлы шығармалары арнайы лингвистикалық зерттеу нысаны болған емес, осыдан барып М.Дулатұлы мұрасын тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі айқындалып, өзектілігі аңғарылады. Сондықтан оның шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Халықтың көркем әдеби шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген.
Сондықтан да ұлттық рухани құндылықтарды санасына сіңірген, ұлттық тілді жетік меңгерген, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған адам ғана көркем шығарманы дүниеге келтіре алады.

2. Маслова В.А. Лингвокультурология. –Москва : «Академия», 2001.-202С
3. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. ІІ том. А: Мектеп, 2003
4. Қожахметова Ф.Б. Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2004, 121б
5. Майтанов Б.Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы., 1996, 334б
6. Қожахметова Ф.Б. Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2004, 121- б.
7. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. ІІІ том.
8. Жұбаева О. Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары. Филол.ғыл.канд.дисс.автореф., Алматы, 2002, – 27б
9. Новикова Н.С.., Черемисина Н.В. Многомирие в реалии и общая типология языковых картин мира // Филологические науки. – 2000.- №1. –С. 40-49
10. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993, 15б.
11. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. Док.дисс.автореф.,1997, 53б
12. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы «Ғылым», 1998. – 292б
13. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998.- 128 б
14. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы: Жалын, 1981, 240б
15. Күштаева М.Т. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2002. – 190б
16. Елім деп соққан ұлы жүрек. Алматы. 2002, 362б
17. Сафронова И.Н. Художественный текст как культурно-смысловое пространство. Язык и культура. 1993,190с
18. Попова З.Д. Язык и национальная картина мира / З.Д.Попова, И.А.Стернин.- Воронеж, 2003.
19. Снасапова Г.Ж. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2003, 141б
20.Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. А: Мектеп, 2003
21. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы «Ғылым», 1998. – 292б
22. Ғұзыхан А. Қазақтардың дүниетанымы. Алматы,1993,
23. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы: Қазақ университеті. 1992. -194б
24. Күркебаев К.Қ. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулар.
25. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. А : Мектеп, 2002
26. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978. – 192б
27. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі.А.,2006,
28. Васильев В. Образцы киргизкой народной словесности молитвенных
благожеланий (Бата -сөз).- Оренбург, 1905. -22с
29. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. Алматы, 2004. - 559б
30. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999
31. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – начало ХХ в). Алма-Ата,1991
32. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А, 1998, 304б.
33. Елубаев. С. Қазақтың байырғы қара есептері. -Алматы, 1996
34. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
Алматы, 2003. 178-179бб
35. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Ғылым, 1971. – 215б
36. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІҮ том. Алматы, 1978
37. Сейдімбек А. Күй шежіре. –Алматы: Ғылым,1997. – 227б

ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
ДФ-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.к., доц.м.а. Ж.Исаева
___________2015 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер
(М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
5В020500 – Филология мамандығы бойынша
Орындаған:
Қожамұратов А.Е
Ғылыми жетекші, ф.ғ.к.,доцент:
Оспанова Б.О.
Түркістан 2015
Кіріспе
Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Әрбір ұлттың
дүниетанымы, ұлттық болмысы, ұлттық мәдениеті өзінің тілінде көрініс
табатыны белгілі, яғни ұлттық мәдениеттің тірегі-оның тілі болмақ. Тіл-
дүниетаным құралы. Тілде халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын
мәніндегі болмысы мен дүниетанымы сақталған [1].
Тіл-мәдениет айнасы. Онда ұлттық таным, ұлт мәдениеті, ұлттық мінез,
өмір салты, әдет-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі,
сана-сезімі көрініс табады. Сондықтан қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық
мәдениетті байланыстыра зерттейтін тіл білімінің лингвомәдениеттану деп
аталатын саласы кең қанат жаюда.
Тіл мен мәдениет сабақтастығы, тілдің танымдық тұрғыда зерттелуі тіл
білімінің өзекті салаларының бірі ретінде қарастырылуда және түркологияда
және қазақ тіл білімінде оның алғаш негізін салушылар ретінде В.Гумбольдт,
В.Н.Телия, А.Вежбицкая, В.Воробьев, В.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Д.С.Лихачев,
Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Сейілхан,
А.Ислам т.б. ғалымдарды айтуымызға болады.
Орыс ғалымы В.А.Маслова тіл білімінің бұл саласына байланысты мынадай
анықтама береді: Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке
лингвистики и культурологии исследующая проявление культуры народа, которые
отразились и закрепились в языке [2].
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып,
қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктерін танытуға
көбірек бағыт бұрды.
Осы саланың негізгі ұғымдарының бірі - лингвокультурология, яғни
лингвомәдениеттану. Оның негізгі ұғымдарының бірі-лингвокультурема.
Лингвокультурема-лингвомәдени бірліктер болып саналады.
М.Дулатұлы шығармаларын лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан талдау
барысында лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән беріледі.
М.Дулатұлы шығармалары арнайы лингвистикалық зерттеу нысаны болған емес,
осыдан барып М.Дулатұлы мұрасын тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі
айқындалып, өзектілігі аңғарылады. Сондықтан оның шығармаларындағы
лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан
талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Халықтың көркем әдеби
шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем
туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл
болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген.
Сондықтан да ұлттық рухани құндылықтарды санасына сіңірген, ұлттық
тілді жетік меңгерген, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған адам ғана
көркем шығарманы дүниеге келтіре алады.
М.Дулатұлының өз сөзімен айтқанда: Бір жұрттың жайынан мұндай нәрсе
жазу үшін жазушы әуелі сол жұрттың өз баласы дәл өзіндей болып сіңіскен, ол
жұрттың жайын білуінде зәредей кемшілігі жоқ болуы шарт. Екінші-көргенін,
білгенін һәм сезгенін оқушының дәл көз алдында елестегендей суреттеп жаза
білерлік туа шебер, жүйрік (талантты) болуы шарт. Осы айтылған қасиет бір
кісінің бойында түгел болмаса, ол кісі әдебиет майданына қалам ұстап шығып,
жазушы бола алмайды [3, 213].
Қазіргі тіл білімінде тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл
иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен
байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін
лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті
мәселелердің бірі. Осыған орай, жеке тілдік тұлғаны лингвомәдениеттану
бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді.
Осы тұрғыда М.Дулатұлының шығармаларының лингвомәдени мәні негізінде
анықталатын тілдік тұлғаның болмысын ашуға ұмтылыс тіл мен мәдениет
сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен
туындап отыр
Дипломның мақсаты, міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық
санасын оятушы арыстарымыздың бірі - М.Дулатұлының шығармаларындағы
сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді:
- М.Дулатұлының
шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің лингвомәдениеттанымдық деңгейін
анықтау;
- М.Дулатұлының көркем
шығармаларындағы (прозалық-поэзиялық), кірме сөздер мен рухани-діни
сөздердің, фразеологиялық тіркестер құрамындағы тілдік бірліктердің
лингвомәдени мәнін ашу:
-ұлттық салт-дәстүрге байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық өнер, ойын сауыққа қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық мінез бірліктеріне байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық шынайы сезімді аңғартатын лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық сөз әдебіне байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық мөлшер, өлшемге байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық соматизмге қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық теңеуге қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық діни ұғымға қатысты лингвомәдени бірліктер ;
-алғыс-қарғыс мәнді сөздерге және бата беруге байланысты лингвомәдени
бірліктер;
-ағартушылық бағыттағы лингвомәдени бірліктер
Зерттелу объектісі. М.Дулатұлының прозалық, поэзиялық шығармаларындағы
тілдік тұлғалардың және лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктері.
Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Жұмыстың дереккөзі
ретінде Міржақып Дулатұлының 2002-2004 жылдары М.О.Әуезов атындағы әдебиет
және өнер институты ұжымы жарыққа шығарған бес томдық шығармалар жинағы
және М.Дулатұлының 1991 жылы жарық көрген бір томдық, 1997 жылы шыққан екі
томдық жинағы.
- Міржақып Дулатұлы шығармалары тілдік тұрғыдан бұрын арнайы
қарастырылмағандықтан, тұңғыш рет зерттеліп отырғандығы аңғарылды.
- Осы тұрғыда М.Дулатұлы шығармаларының лингвомәдени қырлары ашылды.
Тілдік тұлға мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жалпы
қарастырылды.
- Жазушы
шығармасындағы ойы, бітімі, кесек-кесек ой түйіндері мен таным әлемі
негізінде анықталды. Қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі дүние
көрінісі ретінде байқалды.
-М. Дулатұлының тілдік тұлғасы оның кешенді шығармашылық әлемін
зерделеу арқылы талданды (журналист, ақын, тарихшы, қоғам қайраткері,
саясаткер, тілші, математик, педагог, жазушы, драматург, дәрігер т.т.).
Алдағы уақытта да бұл тұлғаны әр қырынан арнайы зерттеу қажет екендігі
анықталды
Практикалық маңыздылығы. М.Дулатұлының шығармалары лингвомәдениеттану
ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар жоғарыда аталған
теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты дәйектелуінің
нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде қалыптасушы
лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология
факультеттерінде жүргізілетін когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану,
лингвостилистика бойынша оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға
шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстарда пайдалануға
болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Этностың ұлттық мәдени-танымдық
жүйесін зерттеу барысында теориялық-әдістемелік негіз ретінде
антропоцентристік және когнитивтік лингвистиканың ғаламның тілдік бейнесі
теориясының қағидалары басшылыққа алынды. Соған сәйкес сипаттау, салыстыру,
семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері
қолданылды.
Тақырыпты зерттеу барысында мынадай теориялық тұжырымдар ұсынылады:

- Осы тұрғыда М.Дулатұлы шығармаларының лингвомәдени қырлары
ашылады. Тілдік тұлға мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жалпы
қарастырылады.

негізінде анықталады. Қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі дүние
көрінісі ретінде байқалады.

зерделеу арқылы талданады (журналист, ақын, тарихшы, қоғам қайраткері,

анықталады
Жұмыстың құрылымы: Диплом
жұмысы кіріспеден,негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1. М. ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
1.1. М.Дулатұлы - жан-жақты дарын иесі
Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қоғам өмірінің көкжиегінде
көрінген қазақ зиялылары шоқжұлдызының адамзатта сирек кездесетін,
феномендік қасиеті болған.Ол жан-жақтылық, білім-ғылымның, мәдениеттің әр
қырынан көріне алатын талантты, халқына бір емес, бірнеше түрлі қызмет
етуді мақсат тұтқан, сегіз қырлы, бір сырлы жандар еді. Сол кезеңдегі
әлеуметтік қопарылыстар мен тарихи қиын жағдайларға тап болып, тар жол,
тайғақ кешуді бастарынан өткізген зиялы қауым өкілдерінің қажырлылығына
кейінгі ұрпағы қайран қалумен, басын июмен келеді. Түрмеде отырып өлең
жазу, аш-жалаңаш айдауда жүріп, жаңа мамандық игеру, кітап жазу, сөздік
түзу сияқты қоғамға қажет игі істермен айналысу үшін қаншама күш-қуат керек
десеңізші!
Солардың бірегейі ретінде, ортасынан ойып орын алатын қазақ
халқының біртуар ұлдарының бірі - Міржақып Дулатұлы сан қырлы тұлға, үлкен
талант иесі.
Атап айтқанда, ол – лингвист, әдебиетші, сыншы, зерттеуші,
публицист, ғалым, жазушы, ақын, ұстаз, математик, журналист, қоғам
қайраткері, жаратылыстанушы, аудармашы, заңгер ретінде халқымыздың әдеби-
мәдени тарихынан үлкен орын алған.
М.Дулатұлының шығармашылығы сан-салалы қырлардан тұрады. Өзінің көзі
тірісінде жарық көрген кейбір дүниелері күні бүгінге дейін жинақталу
үстінде, сондықтан М.Дулатұлы шығармалары уақыт өткен сайын табылып,
көлемді дүниеге айналуда.
Ұрпағына қанша дүние жазып қалдырса да, ескерілмей, кер заманның
кесіріне ұшыраған дарын иесінің мұралары кеш те болса, басы біріктіріліп,
оқырманына жол тартуда.
Халқы үшін аянбай еңбек еткен перзентінің мұраларын ер-азаматтың
басына қаралы күн туғанда, туған халқы да бағалап, оның шығармаларын қойын-
қонышына, сірне-сірне болған көрпе-жастықтарының арасына тығып сақтады.
Ақталғаннан бері қарай, М.Дулатұлының 1991 жылы бір томдық,
1997 жылы екі томдық, 2002-2004 жылдары М.О.Әуезов атындағы әдебиет және
өнер институты ұжымы бес томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.
М.Дулатұлының жарық көрген кітаптары: Оян, қазақ!, Бақытсыз
Жамал, Азамат (өлеңдер жинағы), Терме,Есеп құралы оқулығы, сонымен
қатар, бастауыш мектепте екі жыл оқылатын Қирағат кітабы.
М.Дулатұлының қазақ ұлтын оятқан Оян, қазақ! өлеңдер жинағы сол
кезеңде халқымыздың ұлттық рухын жоғары көтерген құнды шығарма болғаны
белгілі.
Сол уақыттағы белгілі ғалым Қошке Кемеңгеров: Оян, қазақты кезінде ел
қазақтары құрандай жаттаған. Міржақыптың атын алты алашқа таратқан Оян,
қазақ! болатын,-деп жазды .
Ал Терме өлең жинағының алғы сөзінде ақынның өзі былай деп жазды: Бұл
өлеңдер мұнан алты-жеті жыл бұрын, қазақша газет-журнал жоқ кезде жазылған
еді. Сондықтан, көбінесе оқып жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білім-
ғылымға шақыру, халықты надандықтан құтқаруға үндеп сол рухта жазылған.
Бұрынғы күйінен өзгертпедім [4,364].
Қазақ әдебиетінің проза саласындағы тұңғыш қара сөзбен жазылған
еңбек М.Дулатұлының Бақытсыз Жамал романы болатын. Бұл жөнінде ғалым
Б.Майтанов: Қазақ әдебиетіндегі М.Дулатовтың романынан соң жазылған
туындыларға алғашқы үлгіден үйрену әрі белгілі өрнекті қайталамауға
талпыныс мол. Егер олар жеткен деңгей биік болса, әдеби жеңістің биік
тұғыры Бақытсыз Жамал екені даусыз деп пікір білдіреді [5,23].
Белгілі шығыстанушы-ғалым, түрколог, академик В.А.Гордлевский:
Дулатов Мир-Якуп - один из основателей казахской литературы,- деп жоғары
баға берсе, профессор А.Крымский тұңғыш қазақ романын қуана құптап, кітап
тақырыбының тұсына Қайғылы әйел тағдыры деп белгі қойған [ 6,367].
Міржақып Дулатұлы – талғамы күшті ақын, жазушы, драматург, қаламы
жүйрік журналист, әрі тәжірибелі баспагер, институтта сабақ берген ғалым-
педагог. Оқу құралы деп аталатын қазақ тілі мен әдебиетін баяндап
оқытатын қирағат-хрестоматия кітабының, Есеп құралы деп аталатын бастауыш
мектепке арналған математика оқулықтарының авторы, шебер аудармашы, қазақ
тарихын бастап жазған тарихшы. Осындай гуманитарлық білім-ғылымның, ағарту
саласының адамы бола тұрып, солтүстікте, айдауда жүргенде фельдшерлік
мамандықты игеріп, сол бойынша 1934-1935 жылдарда Сосновец поселкесіндегі
лазаретте жұмыс істеген.
Сонымен, М.Дулатұлын қазақ журналистикасының да негізін салушы,
ұлттық баспасөз мәдениетін, тілін қалыптастырған, сол кезеңдердегі қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерді жан-жақты көтерген, қарымды қаламгер ретінде де
тануға болады. Ол жөнінде ғалым Ж.Ысмағұлов былай дейді: Міржақып Дулатұлы
қаламынан туған татымды мақалалар ішінде ұлт тәуелсіздігі, жалпы әлеуметтік
өмір, экономика, мәдениет, әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті
сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтыған. Солар жайынан оқырманға
өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады.
Дулатұлы қаламынан қорытылып шыққан жанрлық материалдар тіл шеберлігі,
стиль мінсіздігі жағынан қазақ журналистерінің жас буынына өзіндік бір
мектеп болды десек артық айтқандық емес [6,13].
Осыншама сан-салалы білім-танымның ішінде тіл-жазу проблемасы, ана
тілінің тағдыры, оны оқытудың жолдары, сауат ашу, әдістемелік оқулықтар мен
оқу құралдарын жазу - М.Дулатұлы назарынан тыс қалмаған. Қазақ тілі туралы,
оның ішінде сөз нормасы, сөз қолдану мәдениетімен егжей-тегжейлі айналысып,
ана тіліне деген жанашарлығын былай байқатады: Қазақ тілін іске асыратын
болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын
салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған
сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек деп, сол кемшіліктерді атап өтеді:
Ол кемшіліктердің бірі - дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік. Екінші
кемшілік - сөз жүйесі жағынан болатын кемшілік, яғни қазақша жалғау,
жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшілік. Үшінші кемшілік- сөйлем жүйесі
жағынан болатын кемшілік[7,208].
Тіл мәдениеті мәселесіне ол Газет тілі оңды болсын, Тіл мәселесі,
Қазақ тілінің мұңы, Ажалдан құтқарған қызыл тіл т.б. мақалаларында
тоқталып өтеді.
Алаш ағартушыларының ортақ идеясы халықтың санасын оятып, оқу-білімге
үндеу болатын. Сонымен бірге, қазақ халқы бойындағы ұлттық сананы, ұлттық
сезімді, ұлттық тарихты, тілді, мәдениетті басқаларға таныту мақсатында
еңбек етті.
Бұл жөнінде оның тілтанымдық мұрасын зерттеген тілші О.Жұбаева былай
дейді: ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дәуірі болғаны
белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі
– тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре
отырып, қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған, баспасөз бетінде түрлі
пікірталастар ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі
зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса
отырып, қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырысқан[8,3].
М.Дулатұлының артына қалдырған зор рухани мұрасын жинақтап, зерделеп,
қазақтың әдеби тілінің асыл қазынасына айналдыру, кейінгі ұрпақ біздің
міндетіміз болып саналады.
Қазақтың бүгінгі ұрпағы мен келешек буындары ірі қоғам қайраткері, сұлу
сазды ақын, жазушы, публицист, педагог, баспагер, ағартушы Міржақып
Дулатовқа қанша қарыздар болса, тілге, оның ішінде түркі тілдеріне, ана
тіліне сіңірген еңбегі, қалдырған мұрасы үшін соншама қарыздар, соншама
разы. Сол үшін ардақты ағаның әруағына тағы бір тағзым етеміз!
1.2. М. Дулатұлының тілдік тұлғасының лингвомәдени деңгейі
Лингвомәдениеттану мәселелері бүгінде қазақ тіл білімінде кең тұрғыда
зерттеушілердің қызығушылығын туғызуда. Лингвомәдениеттанудың алғы шарттары
дәстүрлі кеңес дәуіріндегі тіл білімі аясынан тыс терең тілдік ұғымдар
жүйесін қарастырудан басталған болатын.
Бұл мәселелер орыс тіл білімінде Ю.Д.Апресян, Е.М.Кубрякова,
Ю.Н.Караулов, А.Вежбицкая, Н.Д.Арутюнова, Д.С.Лихачев, В.А.Маслова, т.б.
зерттеушілер еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Танымдық тіл білімі тілдегі ұлттық мәдениет нышандары мәселесімен
түйіседі де, бір-бірінің жүйелік деңгейлері аралас күйде ғылымға айналады.
Лингвомәдениеттану ғылымы мен когнитивтік лингвистиканың бірлесе
қарастыратын мәселелері осы байланыстан туындайды.
Лингвокультурология ХХ ғасырдың 90-жылдары жаңа жеке ғылым саласы ретінде
тұрақталды, себебі, бұл ғылым саласы осы уақытта шешілмей жүрген көптеген
мәселелердің бетін ашты.
Лингвомәдениеттанудың басты мәселелерінің бірі – мәдени ұғым, ондағы
тектілік, ұлттық мінездің мәдени көрінісі. Бұл тұрғыдан келгенде, жеке
тұлға шығармаларындағы ұлттық көрініс концептілерін зерттеу қызықты
мәселелердің бірі болып саналады.
Ұғым сөзінің бір түрлі түсінік, варианттары болғанымен, кірме сөз
концепт лингвомәдениеттанудың термині ретінде өз мәнінде орынды үйлесе
қолданылады.
Концепт логикалық термин болғанымен, бүгінде тілдің барлық
саласында қолданылады. Лексикологияда, әсіресе, мағына түрлерін, олардың
мәнін ашуда бұл термин тұрақталып, кең түрде қолданысқа ие болады. Концепт
– латынша conceptus – ұғым, түсінік дегенді білдіреді.
Тіл білімінде ұғым сөзі дәстүрлі түрде қолданылса, концепт термині
салыстырмалы түрде лингвистикалық терминология саласына жуықта ғана еніп,
жалпы және идиоэтникалық қарым-қатынасқа қызмет ететін тілдегі сөз –
ұғымдарды білдіреді [9,40-49].
Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар[10], Ж.А.Манкеева[11], Г.Н.Смағұлова[12],
Н.Уәлиев[13] бастаған лингвомәдениеттану мектебі қалыптасты. Бұнда
когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану мәселелері кейде аралас, кейде
өз алдына жеке зерттелу үстінде. Мәселен, Ислам Айбарша Ұлттық мәдениет
контексіндегі дүниенің тілдік суреті, Қ.Жаманбаева Тіл қолданысының
когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана,
Біздің мақсатымыз - М.Дулатұлы шығармаларындағы қазақ ұлтына тән тіл
ерекшелігіндегі мәдени концептілердің жүйелік өзгешелігін ашу. Себебі адам
- өз ұлттық мәдениетін бойына жинақтаушы субьект болғандықтан, Мәдениет
дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы мен маңдай терімен туындатып
жетістіктердің бәрін қамтиды [14,14].
Бұл тұрғыда мәдени концептілерді ұлттық мәдени категориялар тұрғысына
жатқызуға болады. Мысалы, қазақтар үшін қонақжайлылық, шеберлік,
еңбекқорлық, ерік, ерлік, ұлтшылдық т.б. ұғымдар мәдени концептінің ұлттық
мәдени категорияларына жатады [15,12].
Мәдени категорияларды өз ішінен мәтіннің, қазақтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптарының, сөз қолданыстың түрлі ерекшелігіне қарай әрі қарай
жіктей беруге болады.
Мысалы: қонақжайлық категориясына мынадай лингвомәдени бірліктер тән:
Бата – келген қонақтан бата сұрау
Тілек – келген қонақтың үй иесінің қонақжайлылығына ризалығы.
Рұқсат сұрау - үй иесінің келген қонақтан сойылатын малға рұқсат
сұрауы.
Қой сою – дұға қылып, малдың бетін құбылаға қаратып, бауыздау.
Бас ұсыну – келген қонаққа малдың бабына келіп, піскен басын ұсыну.
Бас қою – қазақта сыйлы қонаққа міндетті түрде бас қойылады.
Құлақ беру –басты ұсынбай тұрып, бір құлағын кесіп, балаларға берген.
Жамбастан ауыз тию-бас табаққа салынған жамбасты үлкендер ауыз тиіп,
қызмет жасап жүрген, көңіліне ұнаған адамға ұсынған, ол оған құлдық-ай
деп жауап беріп, тазалап мүжіп қоюға тырысқан. Ол - берген адамға құрметі
ретінде көрінген.
Жақ салу - қазақ салтында құдаға бас қойылса, құдағайға жақ салынған.
Ас қайыру – барлық ықылас-пейілімен сойылып, асылып, пісіріліп берілген
дәмді тағамға келген қонақтың ризалықпен қолын жайып әуелі аллаға, одан үй
иесіне, дәмге бата-тілек білдіруі.
Ұлттық менталитетімізге ғана жарасатын осындай лингвомәдени бірліктер -
ұлттық тұлғалардың өмір-тіршілігіндегі мәнді де, сәнді ғұрыптық ұғымды
қалыптастырып, тұрақты ететін мәдени концепт болып табылады.
Бұлардың бәрінің басын құраушы мәдени концептке ұлттық мәдениетке тән
мынадай ерекшеліктер тән:
1) ұлттық ойлау;
2) ұлттық қабылдау;
3) ұлттық этикет;
4) ұлттық сөйлеу;
5) ұлттық ой қорыту;
6) ұлттық діл;
7) ұлт ұстанатын дін ерекшеліктері.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, тілі бүгінгідей емес бөлек жүйеде,
құрылымда болғандықтан онда мәдени концептілер бұзылмаған таза көріністі
бейнелейді.
М.Дулатұлының жан-жақты шығармашылығын көрсететін драмалық шығармалары,
аудармалары, хаттарының молдығы оның кейбір когнитация мәселелерін
зерттеуге қиындық тигізетіні байқалды. Дегенмен, ХХ ғасыр басындағы қазақ
зиялыларына тән ой-сана, қазақы ұлттық мәдениет көрінісі, М.Дулатұлы
шығармашылығын негізгі мазмұнда тұтастырады.
Сонымен, тілдік тұлға дегеніміз не? Бұл бірліктің ерекшелігін қандай
қасиеттер құрайды деген сұрақтар қойсақ, бір ауыз сөзбен жауап беру қиынға
соғады, себебі тұлға адам болған соң, ол қатпарлы, қыртысты кен тәріздес,
қазған сайын әр түрлі кен түрлері шыға беретін тың, қоғамдық, әлеуметтік
құбылыс. Осымен байланысты Ислам Айбарша былай дейді: Тілдік тұлғаның
мазмұнына келсек, оны құндылықтар жүйесінен тұратын дүниетанымдық, мәдени
және жеке тұлғалық компоненттер құрайды... Тілдік тұлғаның табиғаты
тұлғаның ұлттық мәдени сипатымен тікелей байланысты. Біздің пайымдауымызша,
ұлттық тілдік тұлға лексика-семантикалық деңгейде ғана сипатталып қоймай,
сонымен қатар, ол ұлттық мәдени құндылықтарды, ұлттық менталитетті (ділді),
ұлттық психологияны меңгерген және оны келер ұрпаққа бере алар тұлға
екендігін баса айтқымыз келеді . В.А.Маслова да тілдегі мәдени
дүниетанымның басты категория екенін ескертіп, лингвомәдени тұлға терминін
ұсынады және оған мынадай анықтама береді: Лингвокультурная личность –
закрепленный в языке (преимущественно в лексике и синтаксисе) базовый
национально-культурный прототип носителя определенного языка, составляющий
вневременную и инвариантную часть структуры личности.
Лингвомәдени тұлға ұғымы, тілдік тұлға ұғымынан жоғары тұратын
категория, өйткені бұл тілдік тұлға ұлттық мәдени құндылықтарды
насихаттаушы, жақтаушы, дамытушы қоғам қайраткері (мысалы, М.Дулатұлы), ең
алдымен, қоғамдағы жақсы өзгерістерді, ғылым жаңалықтарын қазақ мәдениетіне
ұсынушы тұлға, сол себепті оның мәдени тұлғалық қасиеті осы бір қырынан
байқалатынын айта кеткен жөн. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің тілдік тұлғасын
анықтау барысында зерттеуші Ф.Б.Қожахметова тілдік тұлғаға мынадай анықтама
береді:
Тілдік тұлға дегеніміз- ұлт тілі мен ұлт мәдениетінің ақпаратын сатылы
деңгейде толық меңгерген тілдік мәдени құзырет иесі.
Тілдік тұлға – прототип, сондықтан оның когнитивтік моделі
концептілік құрылымы деңгейінен айқын көрінеді. Прототип – типтік бейне,
сондықтан ол тілдік мазмұнмен ұштасады, екеуі бірігіп келіп семантика
өзегін құрайды деген зерттеуші Н.Аитованың анықтамасы когнитивті сипатқа
негізделген.
Қоғам қайраткері өз тілінің ерекшелігі арқылы тілдік тұлғаға
айналғанымен ұлт тілі мен ұлт мәдениетінен жұрдай болса, мәдени тұлға
емес. Жай ірі адресант дәрежесіндегі тілдік тұлғаға айналуы мүмкін.
Дегенмен, қай тілде шығармаларын жазса сол тілдің мәдени құндылықтарының
насихаттаушысы ретінде халық санасында бекуі ықтимал екендігін жоққа
шығаруға болмайды, қандай дәрежеде болғанымен тілдік тұлға тілдің дамуына
күшті әсер етуші фактор ретінде қала береді.
Мысалы: А.Б.Жуминованың О.Сүлейменовтің тілдік тұлғасы туралы
зерттеуін осы сипаттағы еңбекке жатқызамыз. [қараңыз: А.Б.Жуминова.
Тезаурус языковой личности О.Сулейменова. Канд. дисс. автореф., 2004].
Сонымен, тілдік тұлғаның қалыптасуына (ғалымдар зерттеулеріне сүйене
отырып) мына алғышарттар пайда болуы тиіс деп ойлаймыз:
1. Ұлттық тәрбие (отбасылық тәрбие);
2. Ұлттық тілдегі өлшемдер (қабылданған, қабылданбаған құндылықтар);
3. Мәдени ақпарат (салт-дәстүр, әдет-ғұрып);
4. Рухани сана (дін қағидалары);
5. Үлгі тұтатын тұлғалар (Абай, Шоқан т.б.);
6. Озық білім жүйесі;
7. Тектілік интеллектісі.
Міне, осы қасиеттерді бойына жинаған индивид, саналы адам дәрежесінен
тұлға одан әрі тілдік тұлға дәрежесіне көтеріле алады. Сонымен, тілдік
тұлға дегеніміз - ұлттық ойлау ділі бар, ұлттық тілдің дамуына өз әсерін
тигізуші, қоғамдық интеллект.
ХХ ғасырдың басында жастар санасында бір бұлқыныс, ренессанс дәуірі
басталғандай болды. Бұған әсер етуші ұлттық сана дамуындағы жаңаша үдеріс
пен жалпы азаматтық өркениетке сәйкес орыс мәдениетінен, батыстан келіп,
еніп жатқан ғылым, өнердің соңғы жетістіктері болатын.
Осы жағдай ұлттық сананың түрленуіне, ұлттық ойдың, болмыс-
бітімнің өзгеруіне алып келді. Бұл өзгерістерді алғаш таныған Зар заман
ақындары Шортанбай, Дулат жыраулар екенін айта кеткен ләзім. Материалдық
өмірдегі күнде болып жатқан өзгерістердің жастар санасына әсер етуі
нәтижесінде, олардың алғаш байқағандары өз ұлтының кемдеу қалып бара жатқан
жағдайы еді.
М. Дулатұлы сынды зиялы азаматтардың көзі ашық, санасының ояу болуына,
ұлттың, ұлтжандылық рухтың оянуына әсер еткен де осы жаңалықтар екені
сөзсіз.
Халқыма пайда тигізсем деген қажеттілік өз білімін жетілдіруге әсер
етті. Яғни бұл кезде оқу орындары: мектеп, медресе, гимназияларға қазақ
жастары шоғырланып түсе бастады.
Осы уақытқа сай бұрын перзенттерін тек діни, ескі, қадим оқуына ғана
берген қазақтар енді орыс оқуына жаппай бере бастады.
Қазақ даласындағы осы өзгерістер көптеген дара тұлғалардың қазақ ойының
көгіне көтерілуіне мүмкіндік жасады.
Ол туралы заман ағымын дер кезінде түсініп, соған уақтылы үн қоса білетін
Міржақып Дулатов:
Семейден шықты Ыбырай Құнанбаев,
Cөзінде хата бар ма, сынап көрсең,
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруеттей,
Оралдан Әбубәкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп, о да шықты-, деген
[Іт,98].
Сол сияқты, ақын С.Торайғыров та:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам! - деп оқыған қазақтың халқы алдындағы
міндетін нақты көрсетеді.
Қажеттілік, медресе білімі, материалдық өзгерістер қазақ жастарын
орысша оқуға жетеледі. Алдыңғы қатарлы орыс әдебиетін, өнерін меңгергенде
ғана қазақ жастары өз ұлтының намысын жырта алатынын жақсы түсінді.
Міне, осындай алғышарттар кез келген тілдік тұлғаның қалыптасуына
жол ашатын факторлар. Сол себепті, Міржақып Дулатұлының қалыптасу жолы
Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты тұлғалармен ұқсас келеді.
Қазақ сөз майталмандарының тіліне әсер ететін бірінші қайнар көз –
фольклор, я.ғни ауыз әдебиеті үлгілері. Міржақып шығармашылығына халық ауыз
әдебиеті әсер еткен бірінші бастау екенін өз еңбектерінде фольклор жанрының
үлгілері мен деректерін үзбей пайдаланылуы айғақтаса керек.
Әсіресе, балаларға арналған педагогикалық еңбектерінде, оқу
құралдарында фольклор үзіктері үзбей қолданылады. Міржақып сонымен қатар,
дәстүрлі шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшелігін өз бойына қабылдайды.
Өйткені ол кезде қазақ даласында шығыс шайырларының есімдері дәуірлеп
тұрған болатын.
Ауыл молдасынан екі жыл оқып хат таныған бала Міржақып бұл
тұрғыдағы, мейлі, ол ислам діні, пайғамбарды дәріптеу болса да әртүрлі
шығыс дәстүріндегі жырларға қанып өседі.
Шығыс ойшылдары еңбектері, ислам дінінің имандылық мәні Міржақыптың
алғаш танысқан әдеби үлгілері, тұма бұлақтары болатын. Соңынан ауылдық
мектепте Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен орысша оқиды.
Бай орыс әдебиетімен алғаш танысқан Міржақып, соңынан алдыңғы
қатарлы орыс әдебиетін оқыған, көзі ашық ағартушы дәрежесіндегі тілдік
тұлғаға айналды. Соңынан Абай өлеңдері жарыққа шыққаннан бастап, Міржақып
әдеби тұлғасына ерекше әсер еткен дана Абай көрсеткен жол еді. Абай
поэтикасын ол өмір бойы өз шығармашылығының негізгі өзегі етіп алады.
Әсіресе, ағартушылық бағыттағы Абайдың өлең мектебінің ізбасары
ретінде елге қызмет еткені мәлім. Абай шығармаларында молынан кездесетін
шығыс тілдерінен енген сөздердің Міржақып өлеңдері мен мақалаларынан көптеп
кездесуі - оның шығармашылығындағы шығыс ізінің әсері.
Соңынан Ахметтің тіл тазалығын сақтау позициясынан кейін ғана
тіліндегі шығыс тілдерінің әсері кейінге ысырылып, орнына қазақтың төл
сөздері енеді.
Сонымен бірге бұған сол кездегі мектеп-медреселерде араб тілі,
ислам мәдениетінің мол оқытылуы да ықпал етеді. Сондықтан ағартушы
шығармашылығын зерттеу кезінде оның ислам дінінің барлық мәселелерінен
теологиялық білімінің терең екеніне көз жеткіздік.
Міржақыпты тілдік тұлға ретінде танытатын қырының бірі - оның
публицистикасы екені және қазақ көсемсөзінің қалыптасу кезеңінің басында
тұрғандардың да бірі Міржақып Дулатұлы болғаны зерттеушілерге аян.
(М.Дулатұлының Қазақ газетінде, Айқап журналында жарияланған
мақалалары).
Тілдік тұлғаның қозғаушы күш екендігін айғақтайтын саланың бірі
– публицистика. Әдебиеттен кейін тұрып, тіпті, қатар тұрған көсемсөз қазақ
халқының санасының өсуіне сол кезеңдерде күшті ықпал еткен.
Журналистік деңгейі туралы алғыс сөзінде профессор Ж Ысмағұлов
былай дейді: Бұлардың сыртында мерзімді баспасөзде ұдайы жарияланып тұрған
әңгіме, очерк, фельетондары өз алдына. Әсіресе Еңбекші қазақта істеген
кезінде Дулатұлы қаламынан қорытылып шыққан жанрлық материалдар тіл
шеберлігі, стиль мінсіздігі жағынан көп-көп қазақ журналисттерінің жас
буынына өзіндік бір мектеп болды десек артық айтқандық емес [Іт,15].
Міржақып Дулатұлы - қазақ сынының да іргетесының қалаушыларының бірі.
Осыған байланысты, Абай сияқты өзінің ұлтындағы жаман дәстүр, келеңсіз
қылықтарды сынауы, оның тілдік тұлғаға ғана тән қасиеттерінің бірі болғаны
анық.
Міржақыптың ақындық жазушылығынан басқа шығармашылық тіліндегі бір
көрінісі - оның аудармалары. Мысалы, оның араб тілінен аударған
Әл-Фараби замандасы, арабтың ертедегі ақыны Абу Фарастың Тағдырдан сұра,
қаскүнем өлеңі А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан, Н.Ановтан жасаған әдеби
аудармаларымен қатар, әртүрлі заңдар, кітапшалар, оқу құралдарының
аудармалары сақталған.
2. М.ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер
М.Дулатұлының ең шоқтығы биік шығармаларының бірі-Бақытсыз Жамал
романы. Бұл шығарма ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш
роман болуымен құнды.
С.Мақпыров: Міржақып Дулатұлының төл әдебиет тарихындағы ерекше
еңбегінің бірі - оның қазақ романының бастаушысы болуы, әдебиетіміз үшін
жаңа әрі күрделі жанрдың негізін қалауы-дейді [16, 137 б].
Роман көлемі жағынан шағын болғанымен, көркем мәтіндегі ұлт мәдениетін,
тілдік танымын, сана-сезімін білдіретін, сол кезеңге сәйкес келетін
ғаламның тілдік бейнесін жасаушы лингвомәдени бірліктердің молдығы,
шығарманың өн бойынан көрініс тауып отырады.
Ғалым Н.И.Сафронова былай дейді: За каждым текстом стоит определенная
языковая личность, а поскольку самосодержание понятия языковая личность
переплетается с этнокультурными и национальными чертами индивидуальности,
то национальная принадлежность и включительность в соответствующую культуры
определяют картину мира, тезаурус писателя, отражающийся в языке его
произведений [17, 131].
Көркем мәтін аясында тілдік тұлға өз дәуірінің бет-бейнесін, ұлттық
таным-түсінігін, рухани мәдениетін түрлі тілдік тәсілдер арқылы бере
отырып, дүниенің көркем бейнесін жасайды. Дүниенің көркем бейнесі –
жазушының жеке таным әлемін бейнелейтін, мән-мазмұны автор дүниетанымына
ғана тән концептілерден тұратын ғалам бейнесі [18,8].
М.Дулатұлы шығармаларының көркемдік саласында қалыптасқан қазақ ұлтының
болмысы оның тіліндегі дүниенің бейнесі ретінде байқалады.
Әдеби шығармалар ұлттың тарихи дамуының белгілі бір кезеңдерін
суреттеп, этнографиялық, географиялық, мәдени, экономикалық, саяси,
әлеуметтік, өркениеттік сипаттағы деректерден ақпарат береді [19, 24].
Бақытсыз Жамал романында қазақтың жайлауға көшкен мезгілі, көшу-қону
кезіндегі сән-салтанат, үй тігу, бие байлау, ерулікке шақыру, асау тай
үйрету дәстүрлері, халық түсінігіндегі бұл заманның өзі қорыққанды
сыйлайтұғын заман, қазақ қоғамындағы әйелді хайуанға хисап етіп, қалың
малға сатылған қыздың ар-ожданы, арман-тілегі, қайғылы өлімі сол кезеңдегі
қазақ дүниетанымын көз алдымызға елестетеді.
Романның алғысөзінде ақын:
Мир-Якуб-төмендердің аласасы,
Сөзімнің бар ма, жоқ па тамашасы
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,
Қазақша бір романды жаза салшы ...
Оқуға емес жұрттың бәрі құмар,
Оқығаны романды не деп ұғар?...
Мақсаты романның – халық түзетпек,
Жазылған еріккеннің ермегі емес, -деп
өз мақсатын оқырманға түсіндіріп өтеді. Шындығында, сол кезеңдегі әйел
теңсіздігі тақырыбы – сол қоғамның басты дерті еді. Осы дерттің ертерек
жазылуына Міржақыптың та елмен бірге өз үлесін қосуға тырысқан ерекше
қасиеті – дарынды қалам иесінің болжампаздығын аңғартса керек..
Жазушының қаламынан қазақ ұлтының өмірінен алынған, тіршілік-
тынысын суреттейтін шағын әңгімелер (Қызыл қашар, Қымбат тай, Ішік
қайырлы болсын! т.б.), драмалық шығармалар (Балқия, Мерезден құтқарды
пьесалары) да дүниеге келген.
М.Дулатұлы шығармаларынан ұлтымыздың рухани дүниесінде, бітім
болмысында, менталитетінде бар құнды дүниелерді таба аламыз. Жазушы
тіліндегі лингвомәдени бірліктер ұлттық дүниенің тілдік бейнесін құрайды.
М.Дулатұлы өзі былай дейді: Әрбір жазылған сөз-жазушының сезінуімен,
естуімен, көруімен (табиғаттан, адамның тұрмысынан) шыққан нәрсе. Өзін
қоршаған табиғат пен тұрмысты сезуі, көруі жазушының ойында ретке келіп,
мағынаға айналғаннан кейін сөз болып сөйленіп, жазу болып қағазға түседі...
соның үшін оқушы да жазушының сезінгенін сезіп, ойлағанындай һәм сол
ойлағанын өз ретімен, өз мағынасымен түсінерге һәм жадында қалдырарға
керек [20, 14].
Лингвомәдени бірліктер немесе лингвокультуремалар әр түрлі салалы
сөздердің топтарынан көрінеді. Ұлттық салт-дәстүр, жөн-жоралғы,
көзқарастар, ұлттық болмыс, яғни, ұлттық мәдениетті ұлттық мінезді
білдіретін сөз және сөз тіркестері шығармалардың өн бойынан көрініп
отырады.
Лингвомәдени бірліктерге кәсіп атаулары, кірме элементтер, тыйым
сөздер, туыстық, далалық көзқарасқа қатысты сөздер, рухани ұлттық
мәдениетке қатысты сөздер де енеді.
Мысалы, ұлттық өнер, ою, өрнек, ұлттық үй: абылайша үй, қараша үй, отау
үй; ұлттық өлшем: құрық бойы, қозыкөш жер, сүт пісірім, бие сауын,
бармақтай-бармақтай, шаш етектен т.б.
Салт-дәстүрлер-рухани мәдениеттің негізгі аспектісі. Ол-ұлтты
рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын
сипаттарының бірі. Оның негізгі бір сипаты-оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен
өзгере салмайды, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт
өмірінің желісі үзілмей ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.
М.Дулатұлының көркем шығармаларындағы ұлттық дүниетанымды білдіретін
сөздер мынадай лингвомәдени бірліктер тобын құрайды:
Ұлттық салт-дәстүрге байланысты лингвомәдени бірліктер тобын құрап тұрған
сөйлемдерден мысал келтірсек:
Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы
жұрттарына үй тігіп, көп ұзамай бие де байлады...
-бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады...
- үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан...
- Шолпан жеңгең аман-есен босанып, тақия тігер тапты...
- біреу қыз айттырды, кедей әмеңгер алып, молдекеңе мал әкел
деп әмір етті...
- бата қылынып, мал сойылды.
- Жұманға құда болатын лайықты жер,
- киітке риза қылып қайтарды, баламды
- ұрын жіберем деген хабар келді...
- қыз-бозбала үшін мәжіліс-шілдехана болды,
- бір-бірін сүйіп қашқан қыз бен жігіт...
- Жамалжан, тұр, молданың кебісін сал, құман алып шық, бай қызы тоғыз
жаста балиғ болады (340).
- Айтылмыш қозы бата қылынып сойылды.
- Қалампыр бәйбіше сабадан қымыз құя бастап...
- батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп...
- Бұл елде ойын-сауық әлі қалмаған болғанға бір қыз, бір жігітпен
қатар отырғызатын әдет бар еді т.б.
Келтірілген мысалдардағы салт-дәстүрлердің кейбірі ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,
оның ұлттық мәдени бірліктері ұлтымыздың танымында өмір сүруде, ал
кейбіреуі қоғамдық санаға қайшы келіп, жойылып кеткен.
Осындағы ерулікке шақыру лингвомәдени бірлігіне тоқталсақ, Ерулік беру-
көрші кеп қонған үй иелерін шақырып, танысу, қонақ ету мағынасында
айтылады. Бұл ата-бабамыздан бері келе жатқан көне дәстүріміз, осы заманда
да күшін жоймаған, мағынасы үлкен, біздің менталитетімізге ғана жарасымды
дәстүрлердің бірі.
Көшу, қону - ата-бабамыздың өмірінде үлкен салтанат деп есептелген.
Бұрын көшіп барып отырған ауылдар (еру отырған) жанына қонған ауылды жабыла
қарсы алып, қоныс жайлы болсын айтып, үй тігіседі, ерулік апарады. Бұл
көшіп, шаршап келген туыс-жекжаттарына жасалған сый, құрмет және қамқорлық
[21, 150].
Тақия тігіп беретін-сөз тіркесі қыз балаға арнап, айтылар ұлттық мәдени
стереотиптік белгіні береді.
Сүйінші-жақсы хабар үшін берілетін сыйдың бір түрі.
Батасы қырық жетінің малы – ата-бабамыздан келе жатқан ғұрыптық нышан
қалың мал мөлшерін білдіріп тұр. Бұл термин жөнінде ғалым А.Ғұзыхан былай
дейді: Қырық жеті 40 рет жеті, яғни қырық апта дегенді білдіреді. Сәбидің
ана құрсағында болу мерзімі 9 ай 9 күнге жуық. Қырық қасиетті сан, жеті де
ерекше санның бірі. Қырық жетінің көрінісі бойынша сипатталады. Жеті қат
көк бар, әр көктің қырықтан періштесі, яғни қырық жеті түрлі жақсылығы һәм
ізгілігі болады. Ана құрсағындағы баланың өсу кезеңінің әрбір күні рухани
күштің (періштенің) бақылауында болады. Күн сайын бір періште қамқорлық
жасап отырады. Сонымен қырық жетінің қыруар мол, дүние мүлік емес, терең
аспани емес (ғаламдық) мәні бар тылсым күшті түсіндіруге ұмтылған әлемдік
жұмбақтың шешуінің бір көрінісі ғана екендігін байқаймыз [22, 38].
Ұлттық өнер, ойын сауыққа қатысты лингвомәдени бірліктерге байланысты:
Көркем ән мен домбыраға дауыс қосып, бозбалалар өлең айтып, Бұғыбай,
Мыршалай-мырыш деген ойындар ... болған соң . Ұлттық ән-күй, өнері мен
ойын-сауық түрлерін білдіретін лингвомәдени бірліктерден ұлтқа ғана тән
ерекшеліктері, тапқырлығы, зеректігі, шешендігі көрінеді.
Ұлттық мінез бірліктеріне байланысты:
Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз, теңбас қыздың көбі бара алмайды, жаманға
барсақ көр боп ғұмыр өтер, сөзімде қате болса сөкпе, халқым...
бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын, деп...
Қарашы, бетпақ! Тумағаныңды қыласың ғой ...
Үйдің жабағынан қыз-қатындар сығаласып тұр еді...
Сәрсенбайдың үлкен қатыны Жамалды жан-тәнімен жақсы көргенсіп (тоқалдан
туған қызды іші жек көріп тұрса да) ...
Әркімнің қыздырған тіліне еріп ...
Біз алдымен молданың шариғатына, құдайдың сөзіне, құран сөзіне құлақ қоямыз
...
Құдай берді, әйдә, қайырлы болсын, құда боламыз, қызды қырғызға да береді
...
Ұлттық мәдениет ұлт психологиясынан, ұлттық мінез бойынан көрінетіні
белгілі. Ұлттық мінез-құлық дегеніміз-халықтың қоғамдық өндірістік
тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы,
жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі [23,14]. Шығармадағы ұлттық
шынайы сезімді аңғартатын жолдар:
Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе?...
Сенімен отқа жансам арманым жоқ...
...еріксіз бір есекке қосақталсам...
...сен үшін бір басымды еттім құрбан, шынжырлап жіберсе де
Сібірге айдап...
...өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе...
Халқымыз
отбасы тәрбиесінде тыйым сөздерді қолдана отырып, ұрпағын жаман әдеттерден
сақтандырып отырған:
Шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес...
Байжанның өзі де: - Енді балам, жетер, қашқан жауға қатын ер деп
көп қоқақтай берме...
Қазақ болмысының
өзіндік ерекшелігін көрсететін тілдік бірліктер жазушы тілінен көрініс
тауып, ғаламның тілдік бейнесін сомдауда мәдени мәнге ие. Соған байланысты
шығармадағы ұлттық сөз әдебін көрсететін сөздерге мысалдар:
Бұл жігіт отырып болған соң, үйдегілерге қысқа-қысқа сөзбен амандасып,
соңынан Жамалға қарап: Сіз де сәлеметсіз бе? деп қойды; Бай, саламат
кәйіптамысыз, мал-шаруаңыз аман ба? Тыныштық па, қора-қопсың аман ба?- Тоба
деп отырмыз; Сәлемнің де сәті бар деген; Үлкендер: -Сәрсенбай, қуаныш
қайырлы болсын, алла ұзағынан сүйіндірсін, әйел бала демеңіз!-десті.
Уақыт пен
кеңістіктегі кездескен нысандардың сипатын алғаш ата-бабаларымыз табиғи
күйінде ұғынып-түсінген, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарындағы түрлі
факторларды күнделікті өмір сүру жағдайымен етене байланыста қараған
[24,15].
Ұлттық мөлшер, өлшемге байланысты:
Азан оқып болғаннан кейін, түндік аштырып, ел жатқан уақытта
Әрбір өткен минут сүрленген жылдай болып, күн шыққанша...
...түн батып, ымырт жабылғанша...
сәске кезінде, бір күні бие ағытар уақытта...
Шығармадағы ұлттық соматизмді көрсететін лингвомәдени бірліктер:
Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа; аяғы құтты болды;
Әй, қу бас!; бетке баспа; сүйгеніңнің қолы қысқа;
ғұмырынды қол ұстасып жүрсін деп...
Ғалидың қуанғаннан екі көзі жайнап кетіп; жүректері лүпілдеп...
Әй, қу бас! Сонша малды айдай жүріп, дұрыстап зекет бермейсің, қажыға
бармайсың, кім үшін жинап жүрсің?
Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың,- деген сөзін естіп, ол
күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сөйлеспестен жатып қалып еді [25,
202].
Теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған,
дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі
[26,3]. Шығармада тілдің суреттеме және көркемдегіш құралдарына
байланысты, әсіресе теңеуге, ұлттық теңеуге қатысты сөздерді көптеп
кездестіреміз:
Жасымнан тәрбиелі хан қызындай...
атамның сүйегін сындырғандай боламын...
жайлаған аққу едім шалқар көлді...
бұралған тоты құстай мүшелері...
жәннәттің пісіп тұрған алмасындай...
нақышпен сандуғаштай жүз құбылтып...
сүзектен тұрған кісідей...
ботасыз нардай боздатып...
секілді райхан гүлі бақшадағы...
қызғалдақтай ғұмыры шолақ...
қыз байғұс ел-жұртына келген қонақ...
қыз байғұс торға түскен сандуғаштай...
торында ғұмыр кешер кілтін ашпай...
жүйріктей бауыр жазып бабындағы хор қызындай нұрлы жүз...
бұралған тоты құстай мүшелері...
Осындағы атамның сүйегін сындырғандай тіркесі ел алдында ата-анасын
ұятқа қалдыру, абыройын түсіру мағынасын беретін ұлттық мәнге ие
лингвомәдени бірлік болып тұр.
Заттық мәдениет лексикасы – ұлттық рух пен талғам негізінде, ұлттық
тұрмыс пен шаруашылық ерекшелігіне сай технологиялық процесс нәтижесінде,
өз мәні мен атқаратын қызметіне сай сөз тудырушы модельдер арқылы жасалатын
лексика-семантикалық категория ретінде кумулятивтік қызметі негізінде
сақталған материалдық өндіріс пен мәдени туындылардың атауы. Заттық
мәдениет бірліктері (киім-кешек, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, аспап, үй
жабдықтары, мал шаруашылығына қатысты заттар):
Молданың кебісін сал, құман алып шық...
шекеде камшат бөрік...
сылдырлап алтын шолпы...
түндік аштырып...
қолында ұршық, шүйкесі бар...
басында тақия, жеңіл жібек шәлі жамылған...
үстінде қазақша пүліш бешпет...
арба-сайман һәм елу теңге ақша беріп...
лау байлатып...
Шығарманың өн бойынан діни ұғымға байланысты сөздерді де
кездестіреміз. Жазушы сол кезеңдегі ұлттың дүниетанымын шығарма кейіпкері
Сәрсенбайдің іс-әрекеті мен таным-түсінігі арқылы береді. Қазақ тіліндегі
діни наным-сенімге байланысты қалыптасқан лексикасында үлкен мән-мазмұн –
халықтың өмірі мен мәдениеті жататыны белгілі [27,10].
Діни ұғым лингвомәдени бірліктері:
хұсуса молдалардан оқытпаңыз, иман шарт, бәдуәм,
әптиек, әйжіктерді былай қойып, намаз үйрет...
дұға қылып...
молдаға зекет, ғұшыр, садақа...
фатиха қылып жіберелік...
тие берсін...
шариғат бойынша ижаб қабыл болған соң, бәрібір неке емес пе?...
алла басқа салған соң...
құдай тағала сені бір жаманға байластырып қойған соң...
Сәрсенбай өзі надан, молданың өкшесі қисық деген кісі де күнәлі
болады деп жүрген кісілердің бірі болғандықтан, тек молда есімін көтерген
кісі болып, біліп-білмей айтса да, мынау шариғат деген сөзге көз жұмып
нанушы еді. Сол себепті алла тағаланың әмірі ғой, бұл молданың шариғаты да
дұрыс екен деп, Жамалды қызша киіндіріп, шашын жіберіп, оқытуға разы
болды (Іт.204).
Қазақ халқының мәдени өмірінің ерекшелігін танытатын тілдік белгілердің
бірі – бата. Халқымыздың бата беру салтынан ұлтқа тән қасиеттерді аңғаруға
болады. Бата беру дәстүрінің қазақ халқының өміріндегі мәні В.В.Радлов,
А.Диваев, Г.Потанин, В.Васильев, Ә.Марғұлан т.б. этнограф-ғалымдардың
зерттеу еңбектері бар. Қазақ фольклорын жинаушы А.В.Васильев бата туралы:
Қазақ даласында болған адам халық арасында батаның қаншалықты бағалы
екенін жақсы біледі.
Бата қазақ поэзиясының ерекше түрі. Батаны көбінесе үлкен кісілер,
ақсақалдар береді деп баға берген [28,7]. Шығармада алғыс-қарғыс мәнді
сөздерге және бата беруге байланысты лингвомәдени бірліктер де кездесіп
отырады. Алғыс сөзіне қарама-қарсы мәнде қолданылып, адамның психологиялық
жай-күйін білдіруде жұмсалған бұл бірліктер жазушы өмір сүрген кезеңдегі
ұлттық көзқарасты, ұлттық сана-сезімді сипаттайды:
Шырақтарым, енді алла тағала қайырлы сапарын беріп,
мақсаттарыңа жеткізсін...
қайырлы сапар деп, дұғада болып қалды...
дұғамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер...
айтылмыш қозы бата қылынып, сойылды...
Қалыңмалды шығарған қандай көріңде өкіргір екен! Әй, жүзің
күйгір...
Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген! Үйің күйсін, бала-шағаң
шулап қалсын, ауылнай!
Батасыз кеткірлер, баталарың бұзылмақ түгіл тас-талқан болсын...
Обалың әкеңе, шешеңе болсын!...
ақ батаны бұзса, көсегесі көгермейді...
М.Дулатұлы шығармасынан наным-сенім, ырым-тыйымға байланысты және мақал-
мәтелдерге байланысты сөздер де кездеседі:
Һәрбір тамыршы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz