Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Қарым.қатынас мәселесінің қарастырылуы I бөлім Адамдар қарым.қатынасының психологиялық сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қарым.қатынас қызметтеріне психологиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ...15
II бөлім Адамдар қарым.қатынас мәдениетінің көріністері
2.1 Балаларды қарым.қатынас мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Баланың қарым.қатынаста ақпарат алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Зерттеу көкейкестілігі: Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.
2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылады. Мәселен, Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алады. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
3) 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынас- бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың екінші жағы-қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы-қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т. б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Қарым-қатынас –адамдардың бір –бірімен байланысы, оның барысында психикалық бай ланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда «қатынас» ұғымымен қатар «коммуникация» деген ұғым қолданылады. Қарым-қатынас –адамдар арасындағы ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым –қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады.

1. Бороздина Г. В. Психология делового общения. М. 1999г.
2. Лавриненко В. Н. Психология и этика делового общения. М. 2000 г.
3. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2004 ж.
4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы 1996 ж.
Хабаршы №1 (1) 20031.Алмамуратов Ә.Ж., Елеусізова С.М.
5. Кіші мектеп жасындағы оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық ерекшелігі.Бастауыш мектеп. 1986 №10

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Жетекшісі: Үсембаева Р
Орындаған: :
ФК-08-3к1 топ студенті
Абдришева С
Шымкент 2009 ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Қарым-қатынас мәселесінің қарастырылуы I бөлім Адамдар қарым-
қатынасының психологиялық сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қарым-қатынас қызметтеріне психологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... .15
II бөлім Адамдар қарым-қатынас мәдениетінің көріністері
2.1 Балаларды қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Баланың қарым-қатынаста ақпарат
алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .39
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі: Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және
эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан,
жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі
психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші
орындардың бірін ала бастады.
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және
психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық
факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ
Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы
болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне
әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.
2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-
философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік
себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы
қағиданы негіздеу үшін қолданылады. Мәселен, Л.С.Выготскийдің еңбектерінде
қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты
ретінде негізгі орынды алады. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен
атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
3) 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес
саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас
мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынас- бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен
туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды
қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
Қарым-қатынастың екінші жағы-қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу
үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен
алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы-қарым-қатынас
жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-
әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен
қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара
түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т. б. Шын мәнінде, қарым-
қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу
қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға
адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Қарым-қатынас –адамдардың бір –бірімен байланысы, оның барысында
психикалық бай ланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара
көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда қатынас ұғымымен қатар коммуникация деген
ұғым қолданылады. Қарым-қатынас –адамдар арасындағы ақпарат алмасу. Адам
өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта
да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым –қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің
арқасында іске асады.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай
алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен
ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-
қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады.
Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады., білімді
беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу –бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-
қатынас үрдісі. Адам қарым қатынасы кезінде сөйлеу негізгі құрал болғанмен
адамның қоғам өркениеті дамуы қажеттілігне байланысты мәдениетті түрде оны
жетілдіру керек: Осы орайда біз курстық жұмысымыздың зерттеу тақырыбын:
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты деп алуымызға тура
келді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамдар қарым қатынасының мәдениетінің
психологиялық сипатының теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны
тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Адамдар арасындағы қарым қатынастар түрлерін,
сипатын және оны мәдени негізде құрылуын белгілеп көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу
құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру
материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық,
әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау,
тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге
қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын
зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі
бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
I бөлім Адамдар қарым-қатынасының психологиялық сипаты
1.1 Қарым-қатынас мәселесінің қарастырылуы
Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл –бірлескен іс-әрекетте
деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің,
басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын,
адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі.
Қарым-қатынастың мұндай түсіндермесі келесі әдіснамалық жағдайларға
сүйенеді. Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық
қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары
немесе өзара әректтесу құралы ретінде ...тіл және ақша болады. Бұл -бір
жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып
кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен
мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы
вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі
форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, мұнда қарым-қатынас процесінің
жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым
оған тән түрінде беріледі.
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсаіну қарым-қатынас пен іс-әрекет
бірлігіне негізделеді, ол қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл
адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары деп ұйғарады. Берілген
жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты
субъектілердің бірлескен оқу іс-әректінің формасы ретінде санауға мүмкіндік
береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы
құбылыстар байланысының сипавтын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды.
Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф.Ломов), қарым-қатынас іс-
әрекет түрі сияқты тек (род)-түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде
қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П.Щедровицкий, А.А.Леонтьевжәне т.б. ). Соңғы
жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ
туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге
аламыз,бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектің
қатынастың әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу
формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф.Ломовтың жалпы позициясымен
сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас –бір-бірімен қатарлас
(симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы,
жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара
әрекеті.. Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін
қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама
бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен
өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің
қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құралдарына тәуелді.
Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің
мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктеледі. Мысалы, өзі-
өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату
сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш
тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату;
білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы
екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара шартталған үш
саласын реттеуге болады: қоғамдық өндіріс (еңбек), танымдық (танып білу)
және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-қатынас). Іс-әрекеттің осындай
формаларын Б.Г.Ананьев оған субьект құрылымы тұрғысынан келу негізгінде
бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас
субьектілері қасиеттерінің үйлесу адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және
тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.
Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-
қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар
теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч.Осгуд, Дж.Миллер, Д.
Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның
және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс
Г.Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін кім, нені, қай арна
бойынша, кімге, қандай әсермен берді формуласымен анықтаған
еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың)
психологиялық ерекшеліктерін, комуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын,
қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған.
Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде:
бастау –хабар –арна -алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен
аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б.,
қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және
семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған
қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына
қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де
коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы
олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. Ақпарат, жүйе,
кері байланыс түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады.
Жүйелік-коммуникативтік-ақпараттық келіс, ақпараттарды байланыс
арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін
есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін, жағдайларын
және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе ретінде өзара
әрекеттесуші субъектілер түсінігі нақтыланады. Ю.А. Шерковиннің
көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол
олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды
келісімделген жүйелер-коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы
(немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. Коммуникация арқасында
осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады-эмоционалдық қозу
немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік
күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие
болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға
қабілетті. Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір
маңызды.
Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъектілерінің
интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау
мен өндірудің осы жүйелерінің әрқайсысының ішінде, күрделі
интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Мысалы, егер осы процесті
лектор А-ның лекция оқуы мен тыңдаушы Б-ның лекция тыңдауы барысында
қарастырсақ, онда А Б өз тарапынан күрделі интропсихологиялық өзара
әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да әрқайсысы жүйе ретінде өз ішінен
ақпаратты алуды, қайта өңдеуді және шешім қабылдауды жүзеге асырады.
Тыңдаушы Б тек А-дан ақпарат қабылдап қана қоймайды, ол қабылданған шешім
негізінде сөйлеуге потенциалды дайындықты қоса отырып, оны қайта өңдейді.
Сонымен бірге, тыңдаушы Б басқа тыңдаушылардан да ақпарат алады, яғни,
аудитория ішілік қатынастардың күрделі жүйесіне түседі. Лектор А тек
ақпарат көзі емес, ол сонымен бірге, аудиториядан кері байланыс арналары
арқылы келіп түскен ақпараттарды қабылдаушы және т.с.с. болады. Басқаша
айтқанда, интерпсихологиялық жүйе тек бір ғана ақпарат беру немесе алу
функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бүкіл коммуникативтік өңделуін іске
асырады, бірақ бүкіл қатарға кері тәртіпте, яғни алудан беру тәртібінде
болады. Осылайша, А Б коммуникативтік қатары макрожүйе болып келеді, оның
ішінде әр жүйе шегінде қабылдау, өңдеу және қабылдау жүреді. Сынып немесе
аудитория болып табылатын Б жүйесінде бұл процесс барлық тыңдаушылар
арасында көп арналы байланыс орнату есебінен, одан сайын күрделенеді.
Коммуникативтік келіс, бүгінгі күнгі педагогика қолданатын
педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуан
түрлілігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс, т.б.)
көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ, берілген келіс бойынша осы
өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объектілерінің екі жақты
белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен
тыңдаушы байланысын орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық
механизмдерінде анықтай алатын келіс қажет. Мұны тек іс-әрекет
қажеттіліктері мен түтркілерін, мақсат пен міндеттерін, оның психологиялық
құрылымын, субъектілер ерекшеліктерін талдағаннан кейін ғана, басқаша
айтқанда, іс-әрекеттік келіс негізінде ғана жасауға болады.
Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты адамдардың өзара әрекеттесуі,
интеракционизм тұрғысынан түсіндіруге неғұрлым ортақ әлеуметтәк-
психологиялық келіс те бар. Осы келіс арнасында коммуникация (немесе қарым-
қатынас) мен басқа неғұрлым кең тұрғыдағы адамдар өзара әрекеттесулерінің
байланыстарының үздіксіздігі атап көрсетіледі.
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер
ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы
проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі
қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік
міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: не айту керек, қай
жерде айту керек және қалай айту керек. Осы міндеттердің әрқайсысын
қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды,
себебі небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды
тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар
мен лебіздер түрін ұстануға жол береді . Біздің заманымызда бұл қарым-
қатынастың негізгі ережелерінің бірі-сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты
аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті-не, қайда
және қалай сөйлеуді сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін
анықтаған, кімнің сөзі орынды болса, сол шырқау шегіне жеткен шешен
болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас –ХХ жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені,
егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және
диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-
қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар
көзқарасы тұрғысынан зерттеледі:философия, әлеуметтану, социоолингвистика,
психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және
педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың
қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-
тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер
айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар
құрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін қарым-
қатынас түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік
жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлді көзқарас бойынша осы процеске
түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде
коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі
келістерді ұсынулары орынды.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі
топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл
адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы
адамдардың топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары
белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми
топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі
әлеуметтік-психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып,
қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен
дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр адамның әлеуметтік орнын,
қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де- қоғам мүшесі әрі әлеуметтік
тұлға. Сондықтан, оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі
қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар-әлеуметтік психологиядағы топтың екі
түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас
ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес
бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір-біріне және осы топқа
тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір
ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы,
мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше
бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның
объектісіне жатады.
Байланысты топ- белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-
мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы
оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы,
әскери бөлімдер, отбасының құрамы- мұның бәрі байланысты топтар деп
аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы-
адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп
еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар
адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес
топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар
біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті
нәрселер сатып әкеледі, неді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың
әңгімелерді айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар
тобы арасында қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы
біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі
топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.
Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери
бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі
толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасының ұйымдасып
еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік
ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осығын мысал бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап
алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-
мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының
жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі
болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып
ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді
орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу
тегі –отбасы. Отбасы –белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі.
Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де –осы отбасы. Ұрылар мен
гангстерлердің бандасы да –топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының
ішкі және сыртқы мақсаттары- жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға
деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы- ұжымның түпкі мақсаты- адамдардың
игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз
үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығында
ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз
пайдасын тигізеді.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қтынас түрлері. Әлеуметтік ортада
тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта
мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-
қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі
әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі,
бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі –олардың нағыз топтық
тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың
арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға
және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы
өзекті мәселе- адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік
мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып,
қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы
заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде
қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастарды түрлі
өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде
қалыптсып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ-
бұ аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-
қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә)
ассоциация –бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай
келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек; б)
корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде
дами бермек; в) ұжым –топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда
топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып,
әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі–адамдардың
ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің
көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат –мүддесі әлеуметтік психологияда
өзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжыдық
мүдде деп саналады.
Американдық психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы
адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған
болатын. Бұд әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың
жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары
қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің
негізгі өлшемі (критерий) әр қилы. Басты мақсаты- топ ішіндегі адамдардың
тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының
үйлесімді болуы, немесе бір-бірін ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік-
эмоциялық күйлеріне байланысты. Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен
адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте –А, Әсуреттерінде
берілген. Матрица кестесінде деп көрсетілген рим цифрлары
таңдалған серіктер ретін білдіреді, ал - белгісі партада бірге отырғысы
келмейтін құрбыларды көрсетеді. цифр бойынша таңдалғандарды Ә
-суреттегідей етіп социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сыныптағы
экспериментке қатыстырылған оқушыларды таңдау алған санына сәйкес 5 топқа
бөлу керек. 1-тоқа таңдауды көп алғандар жатады. Олар – топ ішіндегі
ұйытқы. 2-топтағылар құрбылары арасында беделді. Олар 25-75% таңдау
алған. 3-топтағылар – ішінара, 25% таңдалғандар. 4-топ –бірде- бір таңдау
алмай, елеусіз қалғандар. 5-топтағылар- құрбылары жаратпай не менсінбей,
бір партада отырғысы келмейтіндер.
1.2 Қарым-қатынас қызметтеріне
психологиялық сипаттама
Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс-аса кең және
сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу
мен беру, оның өзі барлық жерде үнемі байқалып отырылады. Әлемнің кең
алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады
деген жорамал бар және Лермонтовтың жұлдыз жұлдызбен тілдеседі деген
метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады. Қарым-қатынас сан
алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-
қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі (мысалы, іскерлік
(бизнескоммуникация ), отбасылық қарым-қатынаспен және т.б. салыстырғанда).
Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру
процесіне тәе қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты
жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның
функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты
(Б.Д.Парыгин, А.А.Леонтьев, Л.А.Карпенко, Г.М.Андреева және т.б.) мысалға,
қарым-қатынасты мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар
көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара
әрееттетсуі ретінде анықтай отырып, В.Н.Панферов қарым-қатынастың төрт
сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған
сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік,
ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф.Ломов қарым-
қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік,
реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік
коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты
реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті
компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.
Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның
коммуникативтік, интерактивтік және перцептивті жақтары қарастырылады.
Маңыздысы, осы қарым-қатынас жақтарының бәрі бір мезгілде көрінеді.
Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда, интерактивті-қарым-қатынас
серіктерінің, олардың қарым-қатынасының таңбалық жүйелерін (вербалды,
вербалды емес) кодтау мен декодтауларының бір жақтылы жағдайында өзара
әрекеттерін реттеуде, перцептивті болса, -әңгімелесушіні салыстыру,
сәйкестендіру, апперцепция, рефлекция сияқты механизмдердің көмегімен оқу
кезінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің коммуникативтік әсерінен үйренушілер
тобының қалыптасушылық дәрежесіне байланысты осы процестің қандай да жағы
көбірек айқындалуы мүмкін.
Қарым-қаитынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып
жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге
асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, А.А.Брудный бойынша,
коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық-
әрекетке түрткілеу; интердиктивті-тыйым салу, тежеу (болады-болмайды);
дестабилизациялаушы –қоқан –лоққы, қорлау, т.б. және де қарым-қатынастың
төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды-іс-әрекеті қарым-
қатынас жолымен үйлестіру; синдикативті-қауымдатықты, топты жасау;
трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты,
себебі бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға
оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған
және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдар контакт процесінде
болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті,
өзіндік даралық формалды емес те.
Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р.Якобсон 40 жылдардың басында
Н.С.Трубецкий атаған (эксплекативті, аппелятивті, экспрессивті) тілдің
негізгі төрт функцияларын мәнді толықтыра отырып, сөздің алты негізігі
функцияларын бөледі. Р.Якобсон бойынша, сөздің негізгі функциялары:
1. Эмотивті (экспрессивті, аффективті)-сөйлеушінің хабарлаушыға қатынасы
(Қандай өкінішті, қандай келеңсіз!, Тағы жауын жауды).
2. Конативті –адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.
3. Референциондық (когнитивті, денотативті)-ойды білдіру.
4. Поэтикалық-шынайы мен қияли демаркациясы.
5. Фатикалық-контактіні қолдау (мысалы, Алло, Салем, Қалың қалай?).
6. Метатілдік-өз айтуларын нақтылау, реттеу.
Тілдік функцияларды М.Холлидей біршама басқаша анықтады. Өз
баласының тілінің дамуын бақылай отырып, ол сөздік тілдік мінгез-құлықтың
жеті фнкциясын бөледі: инструменталды (материалдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру);реттеуші (айналадағылардың мінез-құлқын қадағалау); өзара
әрекет (контактіні қолдау); жеке өзіндік (өзін-өзі анықтау); эвристикалық,
ізденушілік (неге?); қиялдаушы (ішкі дүние); ақпараттық (жаңа ақпаратты
беру). Тілдік функциялардың атауы мен мазмұнының көпжақтылығы айқын.
Олардың барлығы да, коммуниктивтік өзара әрекеттесудің түрлі жақтарын
бейнелей отырып, педагогикалық қарым-қатынасқа түсініктеме беруде кеңінен
қолданады.
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың
атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтып өтейік. Бұл қызметер жан-жақты,
бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады:ақпараттық-
коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффектілік
–коммуникативтілік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп
қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың
бірін-бірі түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы
айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар
мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-
әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен,
көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде
қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым –қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға
ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа
шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып
қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың
әрбір қатысушысы үшін ақпаратың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек
қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі
арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат
алмасу міндетті түрде әріптесіңе әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір
адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал
сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың
бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және
психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кдергілер пайда
болуы мүмкін. Біржағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай
түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза
психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілері арқылы болуы мүмкін, дәлірек
айтқанда –белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп
бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика,
паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Оладың әрқайсысы
өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу
контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесінде ойлаумен бірге
пайда болды және адамзаттың қоғамдық –тарихи даму үрдісінде онымен бірге
дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы
алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-
қатынаста қалыптасады. Сананың негізгі қызметі-тұрмысты бейнелеуін түсіну,
тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу –қарым-қатынастың іс-әрекеті,
тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу –іс-әрекеттегі
тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана
адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады-айтушы және
тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады,
оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары
артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу
қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін қолданылатын әртүрлі
тәсілдердің жиынтығы.
Адамзат тарихын бағзы заманнан қазіргі күнге дейін бағдарлайтын
болсақ, өшпейтін, өлмейтін, әрқашан жетісу үстінде тұрған құбылыс ретінді
ең алдымен қарым-қатынасты атауға болады. Қарым-қатынас арқылы әрбір адам
өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Қарым-
қатынасты дұрыс пайдалану адамның сөздерді дұрыс пайдалануына, яғни сөйлеу
дағдысына байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті жетілген балалардың ойы ұшқыр
болып, шешен де, әсерлі сөйлей біледі.
Қазіргі қарым-қатынас мәдениеті жетілген балалардың ойы ұшқыр болып
көрінеді. Қазіргі кедегі мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесінің міндеті –
баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамысз ету, оның қабілеттерін
анықтау үшін дамыту және қоғамдағы баланың қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру болып табылады.
Психологиялық тұрғысынан мектепке дейінгі балаалардың қарым-
қатынастың мынадай түрлері бары анықталады:
- Туылғаннан екі айлық кезеңіне дейінгі уақытта бала өзіне назар
аударғанды қажетсінеді. Бұл кезеңде бала тербеткенді, қарағанды сезеді.
Сондықтан бұл кезең жеке тұлғалық жағдаяттық деп аталады.
- Екі айлықтан үш жас аралығындағы баланың қарым-қатынасы көбінесе
заттарға қарай әуестенеді. Заттармен онайды, қимылдайды, үлкендермен қарым-
қатынас жасайды. Бұл кезең заттық- қимылдық деп аталады.
- Үш жастан бес жасқа дейінгі балалардың танымдық қабілеттері қатты
дамиды. Бұл кезеңде балалар ану не? Мынау кім? Деген сұрақтар беру арқылы
ересектермен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан бұл кезең жа баланың қарым-
қатынасы көбінесе заттарға қарай әуестенеді. Заттармен онайды, қимылдайды,
үлкендермен қарым-қатынас жасайды. Бұл кезең заттық- қимылдық деп аталады.

ересектермен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан бұл кезең жағдаятсыз
танымдық деп аталады.
- Жеке тұлғалық жағдаятсыз кезеңі. Бұл кезеңде балалар өздерімен
ақылдасқанды, пікірлескенді, өзін көрсетуге құмар болады. Мұндай құмарлық
барлық уақытта болғандықтан бұл жағдаятсыз деп аталады.(5-7 жас) Логикалық
жағдаятсыз кезең (6-8) Бұл кезеңде балалар өздерінің сөздеріне мән беріп
сөйлеуге үйренеді. Қарым-қатынас жасаудың элементтерін қолданады. Жалпы
алғанда психикалық тұрғыдан қарым-қатынас балаларда мынадай қасиеттерді
қалыптастырады:
1. Ересектердің жақсы мінездерін көшіреді;
2. Ересектердің жинаған өмір тәжірибелерін үйренеді;
3. Еересектердің талап қоюының арқасында жаңа білім, білік және
дағдыларға ие болады.;
4. Ересектердің сөзін ұғыну негізінде өздерінің пікірлерін дәлелдеуге
үйренеді;
5. Қарым-қатынас кезінде балалар ересектердің қимылы мен сөздерін
көшіреді.
Балалардың бойында осындай қасиет қалыптастыруға өзінің септігін
тигізетін қарым-қатынас құрылысы мынадай:
Қарым – қатынас
∕ \
Қарым-қатынас Қарым-қатынас Қарым-
қатынас
мақсаты міндеттері
қажетсінуі
∕ \
∕
Қарым-қатынас Қарым-қатынас
түрлері
нынасы
∕
Қарым-қатынас
құралдары
1- сызбанұсқа. Қарым-қатынастың құрылысы.
Қарым-қатынас нысаны – басқа адам немесе адамдар.
Қарым-қатынас қажетсінуі – адамдармен қарым-қатынас негізінде басқа
адамдарды танып біледі. Сол арқылы өзін таниды, жеке бағалайды. Қарым-
қатынас міндеті- адамдардың қарым-қатынасына түспей тұрып, алдын ала
ойлаған мақсатына жету жолдары. Қарым-қатынас түрлеріне ауызша және
жазбаша, сәулелі және қимылдық жатады.
Қарым-қатынас құралдары қатысымдық тұлғалалардан: сөз, сөйлем,
фразеологиялық тіркес және мәтіннен тұрады. Қарым-қатынас мақсатына
адамдардың бір-біріне мұң-мұқтажын, пікірін, сезімін т.б. жеткізу жатады.
Тізбе түрінде қарым-қатынас осылай көрсетіледі.
Ең алдымен баланың ның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың
атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-
жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады:
ақпараттық-коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік-
коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп

бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы

әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен,

Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға

Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды,
сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір
қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана
қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.

алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір

Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол
уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың

психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда
болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай

Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек
айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп

паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы

Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге
пайда болды және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге

қатынаста қалыптасады.Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну,
тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды
бірлікте алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-қатынастың
іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-
әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға
тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы.
Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны
грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары

қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой
жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.
2 бөлім Қарым қатынас түрлерін зерттеу мәселесі
2.1 Қарым – қатынасы түрлеріне психологиялық сипаттама
Қарым-атынас-бұл адамдар арасында тең серіктестігі болатын іс-әрекет
формасы және оның барысында психикалық түйсудің (контакт) туындауына
әкеледі. Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен
оқиғаларды біледі, олар туралы мағмұлматтарды меңгереді, білімін өсіреді,
өздірінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады.Қатынастың екі түрі
бар.1.Қоғамдық қатынас. 2.Тұлғаның психологиялық қатынасы.
Қоғамдық қатынас құрылымы: экономикалық, әлеуметтік, саяси,
идеологиялық т.б.болып бөлінеді. Бұл қатынастар белгілі бір ережелерге
лайықталып құрылады.Бұл қатынастар нақты жеке адамның қатынасымен емес,
нақты әлеуметтік рольдері арқылы бейнеленеді.
Қатынас жасау әрекетінде өзге адамдардың санасын, ниет-тілектерін,
сезім күйлері мен эмоциясын танимыз.Қатынас жасаудағы негізгі әрекет
түрлері ең алдымен, білімдік маңызы тар жаңа хабарлармен алмасу, екіншіден,
сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерін бағалау,
үшіншіден, белгілі бір іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептерді
белгілеу, болашақ іс-әрекетін айқындап, болжам жасау.Қарым-қатысауда бұл
жайттардың бәрі психологиялық жағынан түрліше болуы мүмкін.
Қатынасты үлкен екі топқа бөлінеді. Біріншісі тіл арқылы қарым-қатынас
мұндай қатынасқа екі –төрт, немесе оданда көптеген адамдар тобымен болуы
мүмкін.Мұндай қатынасты қоғамдық қатынас дейді.Бұдан өзге топтар арасындағы
қатынаста тар, және екі адам арасындағы да қатынас болады, оны тұлға аралық
қатынас деп атайды.Адамдар арасындағы қатынастың негізгі құралы-тіл
болады.қарым-қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады.Сөйлеу арқылы
әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі.Адамдардың тіл арықылы
сөйлесуі тілді құрал етіп пайдалану әрекеті –күрделі психологиялық процесс.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған
түрінің бірі-зат алмасу қатынасы болып саналады.Этнопсхологияда әрбір
тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрге байланысты, әдет-ғұрыпқа байланысты
жақын адамдар бір-біріне зат алмастыруды әдет еткен.Мұны зат алмасу
дейді.Мұндай зат алмасу қатынасы ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де
адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.Қатынас жасауда ыш-
ишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас арқылы түйсінісу сияқты түрлері де
бар.Сонымен, қатынас дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді,
сезім мен күйді және эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып
саналады.Дегенмен, адамдар қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың
маңызы зор.Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан тұратын заңдылығы
бар.Мұны сөйлеу әрекетінің сатылады деп атайды Олар:Сөйлеуге даярлық,
жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау сатылары
Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетін ұқсас.Ойлау әрекеті адамды
танып білу мақсатына өздесе, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау
(коммуникация) мақсаты көзделеді.Енді жерде тұлғаралық қарым-қатынасты
адамдардың нақты тіршілік әрекетінендегі орнынан, принципті түрде анықтау
керек. Осы орйда тұлға қарым-қатынастың орналасуын жөнінде әлеуметтік
–психологиялық еңбектерде түрлі көзқарастар бар, әсіресе бұл қоғамдық қарым-
қатынас жүйесіне байланысты.Кейбірде оны қоғамдық қарым-қатынаспен бір
қатарда, немесе одан жоғары деңгейде қарастырады.
(Кузьмин,1967,146), ал кей жағдайларда тұлғааралық қарым-қатынаста
қарым-қатынастың санада шағылу қарым-қатынастың санада ретінде қарастырады.
(Платонв, 1974- стр.30) Міне, осындай нақты көзқарастарды келтіре отырып,
тұлғааралық қарым-қатынасты қоғамдық қарымқатынаспен бір қатарға қоймай,
сол әрбір қоғамдық қарым-қатынастың ішінде туындауына байланысты, оған
ерекше қарап, ондан ерекше қарым-қатынастың қатарында көру керек.Сондықтан
тұлға аралық қатынасты қоғамдық қатынастан тыс алып қарастырмай, соның өз
ішінде қарастырылады.Оны схеманы түрде мынадай етіп көруге болады.
Қоғамдық қарым-қатынастағы идеологиялық саяси, әлеуметтік,
экономикалық және т,б, қоғамдық қарым-қатынастың басқа да түрлері тұлға
аралық қарым-қатынаста басқа түрлері тұлға аралық қарым-қатынаста да бар (2
сурет тұлға аралық қарым-қатынас пен қоғамдық қарым-қатынас)
Осындай түсінікте ауқымды әлеуметтік тұтастық тұлғаға жанама түрде
тұлғааралық қатынасына әсер етеді.Дегенмен, тұларалық қатынас қоғамдық
қарым-қатынасқа негізделеді.Сондықтанда екі қатынастың қатары бірге
беріліп, екі қатарда тұрған тұлғааралық қатынасты шынайы терең, талдауы
қажет етеді және оны алдыңғы шеттегі қоғамдық қатынас оны дұрыс бағаланғаны
жөн.
Түрлі қоғамдық қарым-қатынас формаларының ішіндегі тұлға аралық қарым-
қатынастың тіршілік етуінде нақты тұлғалардың іс-әрекеті өзіндігі жоқ
қатынасты іске асыру болып көрінеді.Міне, осында іске асыру кезінде адамдар
арасындағы қатынас қайта жаңғырады.Ал, енді басқа сөзбен айтар болса
қоғамдық қарым-қатынастағы оьективті өмір индивдтің салалы еркі мен ерекше
мақсаттарына қатысады, сүйенеді.Тұлғааралық қатынасқа қатынасушы әрбір адам
үшін ол жалғыз-ақ қатынас түрі болуы ықтимал. Дегенеменде, тұлға аралық
қатынас қоғамдық қатынас болуына қарамастан өзінің мазмұны мен мәні
жағынан құпиялықта болуы мүмкін. Соған қарамастан бір-бірімен пікір алмасы,
өз ойларымен бай еді, сол қатынасын мойындайды, дегенмен бұл мойындау
тұлғааралық түскейін көрсете бермейді.
Тұлға аралық қатынастың табиғаты қоғамдық қатынастан –эмоциялық негіз
сияқты ерекшелігімен өзгешеленеді Сондықтанда, тұлға аралық қатынаста
топтың психологиялық климаты негізгі фактор болып қарастырылады.Тұлғалық
қатынастағы эмоциялық негіз адамдардың бір-бірімен қатынасу кезіндеді
белгілі бір сезім-күйлеріне байланысты туып, жинақталады. Отандық
психологияды эмоционалдық көрінісі үш түріден белгілі : аффект, эмоция,
сезім міне, осы эмоционалдық негізде үшеуіне көрініс береді.
Сондықтан, психология осы сезімдерді жинақтай отырып, үлкен екі топқа
бөледі.
1.Коньюнктивті –бұған сезіміне қарай біріккен адамдар тобы жатады.
Бұл бірге ынтымақтастықты, біре жұмыс істейге даярлықты, біре жұмыс
істеуге даярлықты көрсетеді.
2.дизьюнктивті –сезімдері бір-бірімен үйлеспейтін адамдардың бірлескен
тобын айтамыз.Ынтымақтастық қажет етпеген жағдайда да бірігуді айтады.
Топтағы, коллективтік әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) және жеке
(ресми емес) қатынаста болады. Оның біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге
документке түсірілуі, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек
көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға
шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке
қатынастар адамдардың бір – бірімен қатынас жүйесін құрайды.
Жеке адамдардың бір – бірімен қатынасын зерттеген кезде бақылау,
эксперимент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің
бірі – таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы
Дж. Морено болды. Бұл өз бетінше обьективтік әдіс және оны әлеуметтік
психологияның басқа әдістерімен бірге адамдардың бір – бірімен өзара
қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Алайда бұл әдісті психологиялық
зерттеулерге пайдалана отырып, оны бәріне де айқындап бере алады деуден
үзілді – кесілді аулақ болу керек және әсіресе, оның көмегімен бүкіл бір
қоғамның әлеуметтік өмірін зерттеп, оның заңдарын түсіндіруге болады деп
сену мүлде қате. Оның шағын ғана маңызы бар.
Буржуазия социологтары мен әлеуметтік психология жөніндегі мамандары
марксезім – ленизм классиктері ашқан қоғамның әлеуметтік өмірі заңдарын
адамдардың психологиялық ерекшеліктерімен, олардың шағын топтарындағы өзара
қарым – қатынастарымен алмастыруға тырысады. Олар тіпті капиталистік
қоғамдағы тап күресінің өзін адамдардың сыйыса алмауынан, мінездің
жамандығынан болады дейді. Бужуазия идеологтары өз ойларының дұрыстығын
дәлелдеу үшін социометрия алынады.
Олардың рет саны тордың сол жақ жоғарғы бұрышына жазылады. Тиісті
клеткаларға бірін – біріқалау белгілері қойылады. Содан кейін сол алдыңғы
матрицадан жаңа ғана матрица ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz