Буынаяқтылар типі


Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Олардың 2, 5 млн астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндег қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және жәндіктер жатады. Бұлардың барлығына тән белгі - аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, типтің аталу себебі осыдан. Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскөкірек, құрсақ немесе бас, көкірек, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануарлардың ішкі мүшелерін зақымдануданқорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Буынаяқтылар мұхиттарды, теңіздерде, тұщы су қоймаларында ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар - адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің және орман шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жағынан буынаяқтылар азық-түлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдыруға қатысады, топырақ құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезек тыныстылар - Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha, хелицералылар - Chelicerata, кеңірдек тыныстылар - Tracheata.
• Желбезек тыныстылар - Branchiata
• Шаян тәрізділер класы - Crustacea
• Трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha
• Трилобита класы- Trilobita
• Хелицералылар - Chelicerata
• Семсер құйрықтылар класы - Xiphosura
• Алып қалқаншалылар класы - Gigantostraca
• Өрмекші тәрізділер класы - Arachnida
• Кеңірдек тыныстылар - Tracheata
• Көпаяқтылар класы - Myriapoda
•
Жәндіктер немесе алты аяқтылар класы - Insecta, S. Hexapoda
Кеңiрдек тыныстылар тип тармағы
Бұған кеңiрдектерi аркылы тыныс алатын, аузының алдыңғы жағында бiр жұп мұрты бар, құрлықта тiршiлiк ететiн буынаяқтылар жатады. Басы мен кеудесiнiң шегi әрдайым оның бiлiнiп жатады, сондықтан олардың денесi үш бөлiктен: бас, көкiрек және құрсақтан тұрады. Кеңiрдек тыныстылар тип тармағын екi класқа бөледi:
І-класс - көп аяқтылар
ІІ-класс - насекомдар
Насекомдар класы
Насекомдар жануарлар дүниесiнде түрге ең бай (1, 4 млн. ) және жер бетiнде кең тараған жануарлар (организмдер) .
Олардың жер бетiнде кең таралуына денелерінің онша iрi болмай (0, 2-ден 30 см-ге дейiн), тiршiлiкке жарамды барлык жерлерге бейiмделуi. Насекомдарды ауада 15 км биiктiкте, Арктиканың суық мұзында, ыстық суларда, жай суларда, топырақта, өсiмдiктердiң тамырларында, жемiстiң жапырак пен сабактың iшiнде және басқа насекомдар мен жануарларда кездеседi. Олардың ішінде көпшiлiгi адамдар мен жануарлардың уақытша паразит.
Насекомдар өсiмдiктердi тозаңдандырады, және көптеген түрлерi пайда келтiредi. Көптеген түрлерi орман шаруашылығына, ауыл шаруашылығына, үй және түз жануарларына мәдени өсiмдiктерге т. б. зиянын тигiзедi.
Насекомдарды зерттейтiн зоология бөлiмiн, этномология деп атайды.
Құрылысы. Насекомдардың дене пiшiнi, кейбiр мүшелерiнiң құрылысы, биологиясы тiршiлiк жағдайына бейiмделген. Бас бөлiмiнде мұртшалары, көздерi және ауыз аппараты болады. Көкiрегiнде үш жұп аяқтары, ал оның үстiңгi жағында қанаттары болады. Аяқтарының бөлiмдерi бiр-бiрiмен буын және құрсақ арқылы байланысқан. Насекомдардың денесi үш бөлiктен бас, көкiректен және құрсақтан тұрады. Насекомдардың басы 6, көкiрегi 3, құрсағы насекомдардың түрiне қарай бiрнеше сегменттерден (6-дан 12 дейiн) құралады.
Насекомдардың денесi кутикулалы хитин қабығымен жабылған. Хитин қабығы денеге жақсы иiлгiштiк қасиет бередi. Насекомдар хитинын тастап түлеп отырады. Басындағы кутикулалы қабық бас миын сактайтын берiк сауыт құрайды
Насекомдардың басында бiр жұп күрделi, немесе фасеттi көздерi, тағы да бiр жұп кiшкентай жай көздер мұртшаларының түбiнiң маңайында орналаскан. Насекомдардың мұртшалары ең маңызды мүшелерiнiң бiрi болып есептеледi, сол мұртшаларда сезiм мен иiс мүшелерi орналаскан.
Насекомдардың реңi әртүрлi болып келедi және ол түрге тән сипат алады. Денесiнiң әртүрлi реңге боялуының насекомдар өмiрi үшiн өте қажет және белгiлi бiр ортаға бейiмделу қабiлетiн арттырады.
Терiсiнде (сыртқы жамылғысында) құрылысы әртүрлi, физиологиялык маңызы зор неше түрлi бездер кездеседi. Ерекше маңызы бар без (воскоотделительные железы) балауыз бөлетiн бездер. Бұл бездер арада, үңгiр арасында, өсiмдiк биттерiнде және т. б. насекомдарда. Насекомдардың өмiрiнде иiс бездерiнiң де ролi зор. Иiс бездерiнiң болуы жыныстық жағынан бiрiн-бiрi табуға себептiгiн тигiзедi (тарақанда, кандалада т. б. ) . Сол сияқты, қорғау қызметін атқарады. Сiлекей, тоқу бездерi (жiбек құртында) және ерекше у бездерi болады.
Нерв жүйесi. Насекомдардың орталық нерв жүйесi басқа буынаяқтыларға қарағанда жақсы дамыған, құрылысы да күрделiрек. Орталық нерв системасы жұтқыншақ үстi, жұтқыншақ асты, құрсақ нерв тiзбегiнің ганглиясынан тұрады. Нерв системасының әртүрлi бөлiктерi түрлiше қызмет атқарады. Құрсақ нерв тiзбегiнiң ганглиясы құрсақ бөлiмiнде орналаскан - тыныс алу, жүрек және тағы басқа мүшелердің жұмысын реттеп отырады. Жұтқыншақ үстi нерв түйiнi барлық тiршiлiкке қатысты мүшелердiң жұмысын реттейдi. Жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты нерв тiзбегiнiң ганглиялары бiрiгiп үш бөлiктен тұратын алдыңғы, ортаңғы және артқы бас миын түзейдi. Алдыңғы бөлiмi көру, тiршiлiк қызметiн және мiнез-құлқын нервпен қамтамасыз етедi, ортаңғы бөлігi -мұртшаларын, иiс сезу мүшелерiн, ал үшiншi бөлiмi бастың алдыңғы бөлiмiн нервтермен қамтамасыз етедi. Нерв жүйесінің қызметiнiң күрделiгi бас миының дамуына байланысты. Олай болса насекомдардыц бас миыныц көлемi мен құрылысы да әртулi дәрежеде болады.
Сезiм мүшелерi. Орталық нерв системасының жоғары дәрежеде дамуына байланысты насекомдарда сезiм мүшелерi де жақсы дамыған: сезу, иiс, дәм, көру, есту және тепе-теңдiк мүшелерi.
Сезу мүшесi мұртшаларында ауыздың айналасында орналасады. Көп жағдайда сезім мүшелерінің арасында терi сезiм мүшелерi (қылшықтар) маңызды орын алады.
Терi сезiм мүшесi қылшықтар мен мұрттар ұзындығына қарай олардың сезу жөнiнде атқаратын қызметi де әртүрлi болады. Мысалы, ұзын сезгiш қылшықтар көбелектiң личинкаларында (гусеница), тарақандарда, сверчоктарда болады және олар дыбыс толқындарын да қабылдайды (ұстайды) .
Белгiлi бiр жағдайларда насекомдардың аса маңызды мүшелерiнiң бiрi - иiс сезiм мүшелерi. Мысалы, көптеген насекомдар (баларасы, көбелектер т. б. ) гүлдiң иісiн бағдарлап тұрады. Өлексе мен шiрiген заттармен қоректенетiн насекомдар оларды иiсiмен табады. Олардың иiс сезiм мүшелерi де мұртында орналасқан.
Насекомдар тәттi, ащы, қышқыл және тұзды дәмдердi ажырата алады. Дәм сезiм мүшелерi мұрттарында, ауыз бөлiктерiнiң қармалағыштарында, табандарында болады. Түрлi мүшелердiң дәмдi сезгiштiгi бiр насекомның өзiнде де түрлiше болады.
Насекомдардың көздерi жақсы дамыған. Насекомдарда күрделi көздер және жай көздер болады. Күрделi көздер бiр-бiрiмен тығыз байланыскан, өзбетiмен жеке-жеке көретiн омматидтерден тұрады. Омматидтердiң саны үй шыбынында шамамен 4 мың, инелiкте - 28 мыңға дейiн болады. Күрделi көздер тек қана ересек насекомдарда ғана болады. Насекомдардың күрделi көздерi заттардың қозғалуын қабылдайды, кейде тiптi заттардың пiшiнiнде қабылдайды. Жарғаққанаттылардың жоғарғы сатыдағы өкiлдерi (баларалары) заттардың түсiн де ажырата алады. Көптеген насекомдарда жай құрылысты көздерде болады. Паразиттерiнде, қараңғы жерде тiршiлiк ететiндерiнде көз мүлдем жойылған.
Есту және тепе-теңдiк мүшелерi насекомдардың әркилы топтарында әртүрлi дәрежеде дамыған. Көптеген насекомдар құбылтып неше түрлi әнге салады. Осындай ән салғыш насекомдарда тимпанальдық мүшелер деп аталатын есту мүшесi болады. Тимпанальды мүше түзуқанаттылар (Оrthoptera) отрядының өкiлдерiнде шекшекте, шiлделiкте және шегiрткелерде болады. Шекшектер мен шiлделiктердiң есту мүшесi тiзе буынының астында, ал шегiрткелерде - құрсак сегменттерiнiң бiрiншi сегментiнiң екi бүйiрiнде орналаскан.
Қозғауыш мүшелерi. Насекомдардың бұлшық ет жүйесi жақсы дамыған. Олар жиырылатын көлденең салалы еттерден тұрады. Сондықтан насекомдардың қозғалыс қимылы да шапшаң болып келедi.
Аяқтары. Атқару қызметiне қарай аяқтарының құрылысы әртүрлi болады. Көкiрегiне бiткен аяқтарының формасы жүгiру аяқтары. Ол аяқтар жүзуге де бейiм болып келедi. Секiретiн аяқтарына үшiншi жұп аяқтары жатады. Ұстап алғыш аяқтарда болады (жыртқыш жәндiктерде) . Бұндай аяқтардың саны мен балтыры ұзын болады. Сондықтан олар жемтiктi қысып ұстап алады. Ұстап алғыштар алдыңғы аяқтар болады. Қазғыш аяқтар болады, олар алдыңғы аяқтары. Қазғыш аяқтардың құрылысы өзгеше қысқа, жуандау келедi. Аяқтың ұшында жүруiн, тоқтатуын реттеп отыратын тырнақтары болады. Кейбiр насекомдардың аяқтары (үй шыбыны, бал арасы т. б. ) бөлменiң тiк тегiс қабырғаларымен еркiн жүре алады. Өйткенi олардың жұмсақ табандарынан жабысқақ сұйықтық зат бөлiп шығып, олардың құламауына себебiн тигiзедi. Көптеген басқа насекомдардың құрсақ аяқтарының түрi өзгерiп секiргiш грифелькиге және церкиге айналса, ұрғашысының жұмыртқа салғышқа айналған жыныстық аяқтары, ал еркегiнде жыныс қосалқыларына айналған (копулятивные органы) .
Насекомдардың тiршiлiк ететiн ортасына, тiршiлiк ету тәсiлiне қарай, аяқтың кейбiр элементтерi өзгерiп, бейiмделiп жүгiргiш, өрмелегiш, жүзгiш, қазғыш, секiргiш тағы басқа аяқтардың түрлерi қалыптасқан. Мысалы, қоңыздарда, тарақандарда, кандалаларда, биттерде т. б. үш жұп аяғы бiркелi дамыған, ондай аяқтарды жүгiргiш аяқтар деп атайды.
Көпшiлiк насекомдарда алдыңғы және артқы екi жұп қанаты бар, бiрақ ересектерiнде ғана қанат болады да, личинкаларында әбден жетiлген қанат болмайды.
Насекомдардың қанаты құстың немесе жарқанаттың қанаттарына ұқсамайды, өйткенi ол түрi өзгерген аяқ емес, ол орта және артқы кеуденiң ерекше өскiнi. Көбелектiң, араның, баларасының, инелiктiң екi жұп қанаттарының тек формасы және мөлшерi жағынан ғана айырмашылығы бар. Шегiрткенiң де, шекшектiнде, кандаланың да алдыңғы жұп қанаттары тығыз келедi. Шыбын мен масаның тек бiр жұп (алдыңғы) қанаты ғана болады. Артқы қанаттары, ұшкан кезде денесiн тепе-тең ұстауга көмектесетiн, ызыңдау мүшесiне айналып кетедi. Насекомдардың қанаты ортаңғы және артқы көкiрек сегменттерiнiң арқа өсiндiсi болып саналады. Сондықтан ол астыңғы және үстіңгі қабаттан тұрады. Екеуiнiң арасындағы қуысқа қан, трахея (кеңiрдек) және нервтер келедi. Сөйтiп қанат дегенiмiз өзiнiң бойынан әртурлi жүйкелер өтетiн жұка екi қабат жарғақ болып табылады.
Қанаттың көлемi, пiшiнi, жүйкеленуi, түсi, орналасуы насекомдардың тiршiлік ортасына және әр түрiнде түрлiше болып келедi. Насекомдардың бұлшық еттерi көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады да, көкiрегi мен аяқтарында шоғырланған. Сол еттер қанаттарының қозғалуын қамтамасыз етедi.
Қан айналу жүйесi. Насекомдардың қан айналу жүйесi тұйық емес, ашық болуы, демек қан дене қуысын және мүшелердiң арасындағы қуыстарды толтырады. Арқа қан тамырлары екi бөлiмнен тұрады: артқы бөлiмi, оны «жүрек» деп атайды, ал алдыңғы бөлiмiн де ондай камералар болмайды (жай түтiк түрiнде), оны қолқа (аорта) деп атайды. Түтiк тәрiздi жүрек жиырылып қанды басқа қарай қолқаға айдайды, қолқадан қан бүкiл денеге тарайды.
Жүректiң камералары метамерлi түрде бiрiмен бiрi бөлiнiп, алға қарай бағытталған қақпақшалары бар бүйiрiнде бiр жұп тесiгi немесе остьялары орналасқан. Осы остьялары арқылы жүректiң камераларының iшiне дене қуысынан қан сорылады. Өйткенi насекомдарда қан жүретiн тамырлар торы жоқ. Насекомдардың қаны оттегiн тасымайды, тек дене клеткалары мен трахея ауасының арасында аралық сұйық зат қызметiн атқарады. Жауын құртының, шаян мен омырткалы жануарлардың денелерiнде қан тамырларының тармақталған торы бар, олардың қаны тек аралық қызмет қана атқармайды, сонымен қатар оттегiн де тасымалдайды.
Тыныс алу жүйесi. Насекомдардың тiршiлiк ету тәсiлiне қарай зат алмасу процесi өте шапшаң жүрiп, органикалық заттар көп шығын болады, сондықтан оттегiнiң көп мөлшерi қажет. Насекомдардың денесiндегi газ алмасу бүкiл денесiн торлап жатқан көптеген трахеялар (кеңiрдек) арқылы жүзеге асырылады. Трахеялар сыртқы ортамен ерекше тыныс тесiктерi арқылы қатысады. Тыныс тесiктерi, немесе стигма сегменттерiнiң бүйiрiнде орналасқан. Құрсақтың бiркелкi тыныс алу қозғалысының арқасында ауа трахеяға енедi, ал құрсақ болса осы сәтте сол ғана тартылып, созылып тұрады. Сөйтiп ауа тыныс тесiгi арқылы трахеяға (кеңiрдекке) сорылып отырады. Мысалы, бұндай қозғалысты бал арасынан, зауза қоңызынан анық көруге болады.
Насекомдардың iшiнде трахея болмай, терi аркылы тыныс алатындары да бар, оларға шаншарлардың iшiндегi паразиттерi мен шыбындар жатады. Инелiктер, шiркейлер мен құмытылардың личинкаларына желбезек пен тыныс алу тән ерекшелiк. Насекомдар қарқыны (интенсивтi) тыныс алу кезiнде, денесiнен көп мөлшерде жылу бөлiп шығарады. Әсiресе, жылдам ұшу кезiнде дененiң температурасы, сыртқы ортаның температурасынан артып түседi.
Зәр шығару жүйесi. Насекомдарда негiзгi зәр шығару қызметiн мальпиги түтiкшелерi атқарады. Ол ортаңғы iшек пен артқы ішектің қиылысқан жерiнде ашылады.
Мальпиги түтiкшелерiнiң саны әр түрде 2-дей 150-ге дейiн жетедi. Мальпиги түтiкшелерiнiң бос ұштары дене қуысында жатады да, зат алмасуының сұйық заттары олардың керегелерi арқылы сорылып, артқы iшекке келiп құйылып, қалдық заттармен бiрге сыртка шығарылады.
Ас қорыту жүйесi. Тынымсыз тiршiлiк етудiң нәтижесiнде насекомдар көптеген қуатпен заттар жұмсайды. Сондықтан олар организмге келген заттардың есебiнен толықтырылып отыру кажет. Басқа буынаяқтылармен салыстырғанда (өрмекшi тәрiздiлер, көп аяқтылар т. б. ) насекомдар жануарлар тектес және өсiмдiк тектi қоректiк заттармен қоректенедi. Олар жыртқыштық жасайды, құстар мен аңдардың қанын сорады. Көпшiлiгi шiрiп, ыдыраған заттардың есебiнен тiршiлiк етедi. Кейбiреулерi тiптi қауырсын, жүн, мүйiз, балауыз сияқты қорекке сирек жарайтын заттармен қоректенедi.
Қоректенетiн заттардың әртүрлi болуы насекомдардың ауызының құрылысына әсер еткен. Олардың кейбiреулерi қорегiн кемiредi, сорады, жалайды т. б. демек, ауыз мүшелерi қоректену әдiсiне сай келедi. Көбелектердiң ауыздары сорғыш болып келедi. Ұзын тұмсықтары қоректiк заттарды кемiре де, жалайда алмайды, ол оны сорады. Бiрақ гүлдiң түбiнде ашық жатқан шырынды тұмсығымен алады. Шырынмен қоректенуге бейiмделгендiктен көбелектердiң ата-тегiнiң ауыздары өзгерiп, ұзын тұмсыққа айналған. Маса мен кандалаларда тұмсық бар, ол өткiр, тiкенектi келедi. Олар тұмсығын жануарлардың терiсiне сұғып жiберiп, қанын сора алады, шөп кандалалары өсімдіктің шырынын сорады. Үй шыбындарының аузы да сұйық заттарды соруға бейi мделген.
Тараканның, шекшектiңц, зауза қоңызының ауыздары кемiргiш болып келедi. Аралардың, шаншарлардың (шмелей) және басқа жарғақ қанаттылардың ауыздары кемiргiш-сорғыш, немесе жалағыш болып келедi.
Ас қорыту жүйесi ауыздан, жұтқыншақтан, өңештен, оныц кеңейген бөлiгi жемсаудан және ет қарыннан тұрады. Ауыз қуысына бір жұп сiлекей безiнiң жолы ашылады, ол тамақты дымқылдайды және басқа да қызмет атқарады. Сiлекей бездерi әр насекомдарда түрлiше ферменттер жасап шығарады. Мысалы, араларда бұл бездерден шыққан заттар шырынды балға айналдырады демек дисахаридтердi жеңiл және тез сiңетiн моносахаридтерге айналдырады. Ал қос қанатты қан сорғыштардың (безгек масаларында) сiлекей бездерiнде тiтiркенудi күшейтiп, қанның ұйымай көп келуiне себепшi болатын фермент кездеседi. Ауыз қуысы жұтқыншақ арқылы өңешпен жалғасады. Ал өңештiң төменгi жағы жеңiл жемсауға айналады. Жемсау тамақ жинайтын орынға айналып, онда тамақ бөртедi. Мысалы, аралардың жемсауына әртүрлi қанты бар өсiмдiк шырыны келедi, ал осы шырындарды балға айналдыру үшiн, сiлекей безiнiң секретiнде фермент - инвертаза болуы керек.
Ортаңғы iшектiң керегесiнде асты қорытатын, әрi сұйылтатын ферменттер жасап шығаратын бездерi болады. Кейбiр насекомдар қиын қорытылатын (целлюлаза-клетчатканы) заттарды ыдырату үшiн бактериялар мен қарапайымдарды пайдаланады. Сөйтiп тамактың толық қорытылуы және денеге сiңуi ортаңғы iшекте орындалады.
Артқы iшекте қорытылған тамактың, немесе қалдық заттың құрамындағы судың қайтадан денеге сiңу процесi жүредi. Артқы iшек пен ортаңғы iшектiң аралары, сырт жағынан қарағанда, түтiк тәрiздес мальпиги бездерiнiң құйылған жерi. Бұл бездер насекомдардың денесiндегi ыдырау өнiмдерiн шығаратын мүшелер. Мальпиги түтiкшелерi iшектiң өсiндiсi сияқтанып тұрады. Бұлардың құйылған жерiнiң артқы жағынан артқы iшек басталады, бұл барып құрсақтың артқы ұшынан аналь тесiгi болып ашылады. Ішектiң ұзындығы жейтiн тамақтарының сипатына байланысты. Әлбетте өсiмдiк тектес азықтарымен қоректенетiн насекомдардың iшегiнiң ұзындығы, денесiнiң ұзындығьнан он есе артық болып келедi.
Көбеюi. Насекомдарда тек қана жынысты жолмен көбею байқалған. Олардың iшiнде партеногенез жолымен көбеюде ұшырасады. Көпшiлiгi дара жынысты. Насекомдарда жыныстық диморфизм жақсы дамыған. Мысалы, еркегiнiң реңi ашық iрi болып келуi ұрғашысымен салыстырғанда, көбелектердiң ұргашыларының iрi, қанаттарының түрлi түстi әсем болып келуi т. б. жьныстық диморфизмдi айқын көрсетедi. Әйткенмен көпшiлiгiнiң еркегiн ұрғашысынан ажырату қиын. Насекомдардың ұрықтануы iште - копуляция нәтижесiнде орындалады.
Еркек насекомдардың iшкi жыныс жүйесi бір жұп ұрық безiнен одан шығатын бiр жұп ұрық жолынан, ол екеуiнiң қосылуынан пайда болған бір ұрық жинағыш (каналдан) тутiктен, қосалқы бездерден және ұрық салғыш пенистен (совокупительный орган) тұрады.
Шар тәрiздi ұрық безi сперматозоидтардың бiрнешеге бөлінуі нәтижесiнде ұрық клеткалары сперматозоидтар пайда болады. Олар ұрық безiнен ұрық жолдарына, одан ұрық жинағыш түтiк арқылы пениске барады. Сперматофорларды насекомдардың еркегi шағылысу кезiнде ұрғашыларының жыныс тесiгiнiң маңына жабыстырып кетедi. Бiраздан соң сперматофорлардың iшiндегi сперматозоидтар жыныс жолына барады.
Ұрғашы насекомдардың iшкi жыныс мүшелерi бiр жұп жұмыртқа безiнен, бiр жұп жұмыртқа жолынан, олардың өзара қосылуынан пайда болған қынап, ұрық қабылдағыш және пiллага қабық жасау үшiн, әртүрлi заттарға жабысып тұруына мүмкiндiк беретiн қажет шырын шығаратьн қосалқы жыныс бездерден тұрады.
Ұрық қабылдағыш ұрғашы насекомның денесiндегi ұрық жиналатын, әрi ұзақ уақыт сакталатын қалта және ол қынапқа ашылады. Мысалы, бал арасының ұрғашысының ұрық қалтасында ұрық 4-5 жылға дейiн сақталады. Сондықтан бiр рет ұрыктанған ұрғашы ара қайталап еркегiмен ұрықтанбай-ақ жұмьртқа сала бередi.
Қос қанатты қан сорғыштардың жұмыртқалары жетiлу үшiн ұрғашылары белгiлi мөлшерде қан сору керек. Жұмыртқалардың жетiлуi үшiн белокты қоректiк заттар қажет. Ондай заттар өсiмдiк тектi қоректiк заттарда болмайды. Сондықтан қос қанаты қан сорғыш насекомдардың барлығының ұрғашылары қан соруға мәжбүр болады.
Насекомдардың ұрғашылары мен еркектерiнiң бiрi мен бiрiнiң кездесiп, шағылысуы - дыбыс, көру мүшелерi және химиялық заттардың иiсi арқылы орындалады. Шағылысқаннан кейiн ұрықтану iште болады. Төменгi сатыдағы насекомдарда (тарақан, дәуiт т. б. ) сперматофорлар арқылы, ол жоғарғы сатыдағы насекомдарда ұрғашысының жыныс жолдарына салу арқылы ұрықтанады. Ұрықтанған соң бiраз уақыт өткенде ұрғашылары жұмыртқа салады. Жұмыртқаның саны пiшiнi, салу тәсiлi насекомдардың әрбiр түрiнде түрлiше болады.
Көптеген насекомдарда ұзақ уақыт партеногенез жолымен көбейедi яғни еркектiң сперматозоидысыз көбеюi. Мысалы, маусымның жылы күндерi қара күйенiң (тля) тек ұрғашысын ғана көресiн, демек бұл насекомдардың бiрнеше ұрпақтары ұрықтанбаған жұмыртқалардан дамып шығады. Араларда еркегi (трутни) ылғи да ұрықтанбаған жұмыртқадан дамиды. Бұл жағдайда партеногенез аралардың жынысын анықтауда үлкен роль атқарады.
Дамуы. Насекомдардың ұрыктанған жұмыртқаларының дамуы екi стадия өтедi. 1. Эмбриональдық 2. Постэмбриональдық даму.
Эмбрионалдық даму кезеңi бiрнеше клеткаларға бөлiнуiнен бастап сыртқы және iшкi қабаттардың түзiлуi мен личинка қалыптасқанға дейiнгi барлық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz