Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
1. Қозғыш тіндер физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Бұлшықеттің жиырылу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары. Парабиоз. (Н.Е. Введенский). Синапстардың физиологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.4 Мәселелік тапсырмалармен тест сұрақтары ... ... ... ... ... . ... ... ..24
2 Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.1. ОЖЖ.нің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Жүйке орталықтары, олардың физиолоиялық қасиеттері. ОЖЖ.нің рефлекстерді үйлестіру қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35.
2.3. Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.
2.4. Мәселелік тапсырмалар мен тест сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... 42
3.Ішкі сөлініс бездер физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.1. ІСБ.нің морфологиялық . функциялдық ерекшеліктері. Гипоталамус . адреналдқ жүйе. Бүйрек үсті безінің физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .45
3.2. Мәселелік тапсырмалар мен сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
4.Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
5.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 104

Көптеген физиологиялық эксперименттерді бақаға жүргізеді. Жедел тәжірибе жасау үшін, бақа қимылын тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.
Жұмыс мақсаты. Бақаны қимылсыздандыру тәсілін үйрену.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, эфир, мақта, дәкелік салфетка, шыны күрке.
Бақа қимылын эфир наркозымен тоқтату. Шыны күркеге бақаны отырғызып, оның бір шетіне эфир ертіндісіне малынған мақтаны қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін, наркоз әсерінен бақаның қимыл-қозғалысы тежеледі. Шалқасынан жатқызылған бақа наркозға елтіп сол күйінде жата береді. Наркоз әсерін ұзарту (немесе қолдау) үшін эфирге малынған мақтаны бақаның танауына қояды.
Бақа қимылын орталық жүйке жүйесін бұзу арқылы тоқтату.
а) Басын бос күйінде қалдырған бақаның алдыңғы аяқтарын кеудесіне қысып, оны дәкелік салфеткамен орайды. Бақа аузына қайшының доғал ұшын енгізеді де, оның көзінің артын жағалай үстіңгі жағын миымен қоса кесіп алып тастайды. Бақаның жұлыны сақталғандықтан, мұндай бақа «жұлынды бақаң - деп аталады. Бақа қимылын тоқтату үшін, омыртқа арнасына жіңішке темір зондты (немесе инені) сұғып, жұлынын зақымдайды.
б) Бақаны жоғарыда көрсетілгендей дәкелік салфеткамен орап, оның басын сұқ саусақпен төмен басып сол қолына алады. Бұл кезде бас пен омыртқа арасында бұрыш пайда болады. Зондты бастың ортаңғы сызығымен каудальды бағытта жүргізе отырып, желке сүйегіндегі шұңқырға түседі (атланто-окципитальды мембрана). Бұл жерде зондпен теріні және мембрананы тесіп, ми-жұлын арнасына енеді. Темір зондты жоғары қарай бағыттап, бас сүйегіндегі миды бұзады. Зондты шығармай омыртқа арнасына сұғып (еніп), жұлынды зақымдайды. Бұл тәсілдің артықшылығы, қанның сыртқа шығуы ең аз мөлшерде болады (1- сурет).
Қимылсызданған бақаны бекіту. Бақаны операция үстеліне шалқасынан жатқызып, аяқтарын инемен (немесе түйреуішпен) шаншып бекітеді.

1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2005. 663 б.
2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.
3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Оқулық. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы, Алматы, 2000.
2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
3. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С.. - Астана, 2006
4. Рахишев А.Р. Адам анатомиясы. В 4-х томах. Алматы, 2004.
5. Рахишев А.Р., Т.А. Момынов Медициналық сөздік (орысша-қазақша), Алматы, ″Кітап баспасы ″, 2002 ж. 550 б.
6. Тағам туралы толғау. А.А.Покровский. Алматы, Қайнар, 1990. - 288 б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Логинов А.В. Физиология с основами анатомии человека. – М.:Медицина, 1983.
2. Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии М.Ф.Румянцева и др., Москва, Медицина, 1986.
3. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2003. – 656 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Нормальная физиология: Учебник./ Под ред. Р.-С.Орлова, А.Д.Ноздрачева. - М.:Геотар-Медиа», 2006.
2. Анатомия человека/ Подред. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич: Учебник для студ. биол. спец. вузов.-М.,Высшая школа, 1989. - 544с.
3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М.,2002.
4. Атлас по нормальной физиологии /Под ред. А.В.Коробкова, А.С.Чеснокова. - М.: Высшая школа, 1986.
5. Основы физиологии человека /Под ред. Б.И.Ткаченко. - С.-Петербург, 2005. Т.I,II.
6. Секреты физиологии //Гершел Рафф. Санкт-Петербург, 2001 г. Стр. 15–62.
7. Шмидт Р.Ф. «Физиология человека» М., «Мир», 1996, т.т. 1-4.
8. Нормальная физиология //под ред. Яковлева В.Н. Москва «Академия», 2006 г.
9. Основы физиологии человека //Агаджанян Н.А., Власова И.Г., Ермакова Н.В., Торшин В.И. Москва, 2003 г.
10. Методы исследования физиологических функций (принципы методов) //Яковлев В.Н. и соавт. Воронеж, 1991 г.
11. Данилова Н.Н., Крылова А.Л. «Физиология высшей нервной деятельности». М. Московский университет, 1989 г.
12. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ред. Ю.В. Наточина, В.А. Ткачука. - М.: Геотар-Медиа». 2007.
13. Судаков К.В. Курс лекций. М.: Медицина, 2000.
14. Клиническая иммунология и аллергология. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2003.
15. Колесинская Р.Д. Возрастные особенности физиологических систем растущего организма. Алма-Ата, 1992.
16. Молдахметов С.К., Дауранов И.Р., Путилина Л.А. Иммунитет в алгоритмах здоровья. – Алматы, 2003.
17. Минеральный обмен. Москалев Ю.И. М.:Медицина, 1985. 288с.
18. Норма в медицинской практике: Справочное пособие. – М.:МЕДпресс-информ, 2003.
Ағылшын тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
1. Guiton / Hall. Medical physiology /Eddited by W.B. Saunders company. - 2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. K.Sembulingam, Prema Sembulingam (eds.). Essentials of Medical Physiology. 2-nd Ed. Jaypec Brothers publ., New Deili, 2000.
2. L.K.Mattews (ed). Cardiopulmonary Anatomy and Physiology. Phyladelphia – New York, 1996.
3. Marion Bennion (ed.). Science of food. New York – Toronto – Singapore. John Wiley & Sons, 1980.
4. Relating Theory and Data: Essays of human Memory. New Jersey - London, 1991.

Жалпы физиология
Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Алматы, 2013 ж.
УДК -612 (072)
ББК -28.073я73
Қ -30
Жауапты редакторлары: Қалыпты физиология кафедрасының доценттері: Жумакова Т.А., Махамбетова М.Б., Байжанова Н.С.
Рецензент:
Нұрмағамбетов А.Д - патофизиология кафедрасының профессоры С.Ж. Асфендяиров атындағы ҚазҰМУ.
Құрастырғандар:
Доцент Жумакова Т.А., доцент Махамбетова М.Б., доцент Байжанова Н.С.
Қ - 30 - қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы, 2013ж.
ISBN № 9965-826-24-2
ББК 28.073
Қ 191000000000 05- 07
ISBN № 9965-826-24-2
1. ҚОЗҒЫШ ТІНДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
І. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
ІІ. Тақырыптың маңыздылығы. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері мен биоэлектрлік құбылыстары туралы білу дәрігер мамандығына қажет. Қазіргі заманда тіндердің электропотенциалын тіркеу әдістері кеңінен қолданылады, мысалы: жүрек (ЭКГ), бұлшықет (ЭМГ), ми (ЭЭГ) және т.б. мүшелер электр потенциалдары. Тірек-қимыл аппаратының патологиясында, бұлшықет пен жүйке тінінің қозғыштығын анықтау үшін хронаксиметрия әдісі қолданылады. Тіс дәрігерлері диагностикалық мақсатпен тіс пульпасының қозғыштығын анықтайды. Электрофизиологиялық әдістер неврологиялық практикада кеңінен қолданылады. Тақырыпты талдау барысында онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керек.
ІІІ. Сабақтың мақсаты.
Студенттер білуі қажет:
:: Қозғыштық - анықтамасы, қозу үрдісі және оның сипаттамасы.
:: Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.
:: Қозғыштықтың көрсеткіштері.
:: Биоэлектрлік потенциалдардың түрлері және олардың пайда болу негізі
(МП, ӘП, жергілікті жауап).
:: Қозғыштықтың кезеңдері және олардың ӘП кезеңдері
мен қатынасы.
:: Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.
:: Тұрақты тоқтың тірі тіндерге әсері.
:: Онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық
қасиеттері.
Студенттер меңгеруі тиіс:
:: Жүйке - ет препаратын даярлау.
:: Түрлі тіндерді тікелей және жанама тітіркендіріп, қозу табалдырығын
анықтау және салыстыра білу.
:: Бірінші және екінші Гальвани тәжірибесін жасай білу.
:: "Екіншілік тетанусты" (Маттеучидің екінші тәжірибесі) анықтау.
VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Қандай тіндердің қозғыш қасиеті бар?
2. Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.
3. Қозғыштық дегеніміз не?
4. Қозғыш тіндердің қозу кезеңінде, қозғыштық қасиеттері қалай өзгереді?
5. Қозғыштық көрсеткіштері және олардың анықтамасы.
6. Қозу табалдырығының өлшемі мен қозғыштық дәрежесі арасындағы қатынас.
7. Гоорвег - Вейс күш пен уақыты қисығы.
8. Биопотенциалдардың пайда болуының мембрана - иондық теориясы.
9. ӘП-ның пайда болу механизмі, оның кезеңдері.
10. Қозғыштық кезеңі мен әрекет потенциалы кезеңінің өзара қатынасы.
11. Тұрақты тоқтың қозғыш тіндерге әсері.
12. Ерте онтогенездегі қозғыш тіндердің электрофизиологиялық ерекшеліктері.
13. Электромиография әдісінің маңызы (стоматология факультетіне).
14. Тістің электрлік қозғыштығын анықтаудың маңызы. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау әдісі (стоматология факультетіне).
15. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және оның темір протезі кезіндегі
маңызы (стоматология факультетіне).
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
Көптеген физиологиялық эксперименттерді бақаға жүргізеді. Жедел тәжірибе жасау үшін, бақа қимылын тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.
Жұмыс мақсаты. Бақаны қимылсыздандыру тәсілін үйрену.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, эфир, мақта, дәкелік салфетка, шыны күрке.
Бақа қимылын эфир наркозымен тоқтату. Шыны күркеге бақаны отырғызып, оның бір шетіне эфир ертіндісіне малынған мақтаны қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін, наркоз әсерінен бақаның қимыл-қозғалысы тежеледі. Шалқасынан жатқызылған бақа наркозға елтіп сол күйінде жата береді. Наркоз әсерін ұзарту (немесе қолдау) үшін эфирге малынған мақтаны бақаның танауына қояды.
Бақа қимылын орталық жүйке жүйесін бұзу арқылы тоқтату.
а) Басын бос күйінде қалдырған бақаның алдыңғы аяқтарын кеудесіне қысып, оны дәкелік салфеткамен орайды. Бақа аузына қайшының доғал ұшын енгізеді де, оның көзінің артын жағалай үстіңгі жағын миымен қоса кесіп алып тастайды. Бақаның жұлыны сақталғандықтан, мұндай бақа жұлынды бақаң - деп аталады. Бақа қимылын тоқтату үшін, омыртқа арнасына жіңішке темір зондты (немесе инені) сұғып, жұлынын зақымдайды.
б) Бақаны жоғарыда көрсетілгендей дәкелік салфеткамен орап, оның басын сұқ саусақпен төмен басып сол қолына алады. Бұл кезде бас пен омыртқа арасында бұрыш пайда болады. Зондты бастың ортаңғы сызығымен каудальды бағытта жүргізе отырып, желке сүйегіндегі шұңқырға түседі (атланто-окципитальды мембрана). Бұл жерде зондпен теріні және мембрананы тесіп, ми-жұлын арнасына енеді. Темір зондты жоғары қарай бағыттап, бас сүйегіндегі миды бұзады. Зондты шығармай омыртқа арнасына сұғып (еніп), жұлынды зақымдайды. Бұл тәсілдің артықшылығы, қанның сыртқа шығуы ең аз мөлшерде болады (1- сурет).
Қимылсызданған бақаны бекіту. Бақаны операция үстеліне шалқасынан жатқызып, аяқтарын инемен (немесе түйреуішпен) шаншып бекітеді.
1-сурет. Бақаны қимылсыздандыру.
Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
Жүйке мен бұлшықеттің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін бақаның артқы аяғынан жүйке - ет препараты жасалады. Бұл препарат шонданай жүйкесі мен балтыр бұлшық етінен тұрады. Бақа организмінен оқшауланып алынған ұлпаны физиологиялық ертіндімен дымқылдап отырса, оның қызметі ұзақ уақыт сақталады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, операциялық үстел, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфеткалар.
Жұмысты орындау. Қимылы тоқтатылған бақаны сол қолмен артқы сирақтарынан ұстап оны тік ұстаса, оның денесі, белі мен сегізкөз арасындағы буынында бүгіледі (2-сурет). Осы буыннан 1,0 - 1,5 см жоғары жерден қайшымен бақа омыртқасын көлденең кесіп, оның алдыңғы кеуде бөлімін ішкі мүшелермен бірге алып тастайды. Артқы аяқтарынан терісін сыдырып алу үшін екі дәкелік салфеткасы (сүлгісі) керек, біреуімен бақа жотасын орап ұстайды да, ал келесісімен артқы сирақтарынан теріні сыдырып алады. Бұл препарат тірі реоскоп деп аталады.
Бақа артқы аяқтары препаратының қалған омыртқасын сұқ саусақпен төмен басып сол қолға алады да, шығып тұрған құйымшақты кесіп алып тастайды. Содан кейін препаратты аударып, сегізкөз өрімінің жүйке бағанын зақымдамай қайшымен омыртқасын және шатын екі айрып кесіп, бақаның екі артқы аяқтары препаратын алады.
Біреуін Рингер ерітіндісіне салып, ал екіншісінен жүйке-ет препаратын жасайды. Ол үшін шонданай жүйкесінің астын ала кіші қайшының ұшын өткізіп, жүйке шығатын жерде аздаған омыртқа кесіндісін қалдырады да қалғанын көлденең кесіп алып тастайды. Шонданай жүйкесін ұршық буынға дейін абайлап іреп, айналасындағы басқа өрімдерден тазартады. Екі қолдың бас бармақтарымен санның артқы бетінде орналасқан жартылай жарғақ және қос басты еттердің арасын ашып сол жерде жатқан шонданай жүйкесін тауып алады. Қалған омыртқамен бірге жүйкені абайлап көтеріп шонданай жүйкесін жалпы бағанмен жалғасқан кіші жүйке тармақтарын тізе тұсына дейін кесіп босатады. Тізенің сәл жоғары жерінен жамбас сүйегі мен сан еттерін кесіп алып тастайды.
2-сурет. Жүйке-бұлшықет препаратын даярлау сатысы.
1. Бақаны жансыздандыру және жұлын бағанын кесу.
2. Артқы аяқтарынан терісін сыдырып алу.
3. Құйымшақты кесіп алу.
4. Бақа артқы аяқтарын екіге бөлу.
5, 6 . Шонданай жүйкесін ажырату.
7. Балтыр етін ахилл сіңірімен бөліп алып, жамбас сүйегі мен сан еттерін
кесіп алып тастау.
8. Жүйке-бұлшықет препараты.
Ахилл сіңірінің астына қайшы ұшын өткізіп, балтыр етін жілігімен бірге ажыратып алады. Содан соң сіңірін кесіп, балтыр етін жоғары көтеріп асық жілікті кесіп алып тастайды. Мұның нәтижесінде балтыр еті мен тізе буынынан және омыртқа бөлігімен жалғасқан шонданай жүйкесінен тұратын, жүйке-ет препараты дайын болады. Тізе буыны мен омыртқаны, жүйке-ет препаратын миографқа бекіту үшін қалдырады. Ол үшін тізе буынының қабын миографтың қозғалмайтын жоғары горизонталды қармағына іледі, ал ахилл сіңірін жазғыштың төменгі горизонталды ілмегіне бекітеді. Шонданай жүйкесіне жалғасқан омыртқа кесіндісін миографтың вертикалды желісінде бекітілген тығын кесіндісінің үстіне орналастырады.
Препаратты кеуіп кетпеу үшін оны физиологиялық ерітіндімен ылғалдап отыру керек.
Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама
тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
Қозу табалдырығы деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін айтады. Сондықтан қозу табалдырығы неғұрлым төмен болса, ұлпаның қозғыштығы соғұрлым жоғары болады.
Даярланған жүйке-ет препарат құрамында екі түрлі тіндер болуына байланысты, олардың қозғыштық қасиеттері де өзгеше болады. Сондықтан жүйке мен бұлшықет талшықтарының қозғыштық қасиеттерінің бастапқы шегін (немесе табалдырық күшін) анықтап, өзара салыстыру керек.
Тәжірибеде бұлшықеттің қозғыштығын анықтау үшін оны тікелей тітіркендіру керек, ал жүйкенің қозғыштығын - бұлшықетті жүйке арқылы (жанама) тітіркендіру керек.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, стимулятор, электродтар, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препаратын операциялық тақтайшаға орналастырады, немесе оны миографқа бекітеді. Электростимуляторды электр торабына қоспай тұрып, оның амплитуда реттеуші тұтқасын "0" белгісіне, ал жиілігін - 1 Гц тұстастырып қояды. Қозу табалдырығын жанама тітіркендіру арқылы табу үшін стимуляторға қосқан электродты препараттың жүйке талшығына тигізіп, оған ұзақтықтығы тұрақты (0,5 мс) жеке стимулмен әсер етіп, тоқтың күшін біртіндеп ұлғайтады (3, б-сурет). Осылай бұлшықет талшықтарының сәл ғана (немесе әлсіз) жиырылуын туғызатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші табылады. Бұл осы жүйкенің қозғыштығының бастапқы шегі (немесе қозу табалдырығы) болып есептеледі. Ал қозу табалдырығын тікелей тітіркендіру арқылы табу үшін бұлшықетті тікелей электродпен тітіркендіреді де, оның әлсіз жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді (3, а-сурет). Табылған көрсеткіш осы бұлшықеттің қозу табалдырығы болып есептеледі. Тоқ күші жетпесе, амплитуданы өзгертетін тұтқаны бұрай отырып, тоқ күшін ұлғайтады.
3-сурет. Тікелей (а) және жанама (б) тітіркендіру.
Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік
құбылыстар.
Тірі организмдегі биоэлектрлік құбылыстарды биологиялық және электрофизиологиялық тәсілдермен тіркеп, анықтауға болады.
4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, биметалды пинцет (іскек), штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка, "балкончик" құралы.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы екі аяғынан жасалған препаратты - тірі реоскоп (4-сурет), сегіз көз омыртқаларынан шығатын жүйкені "балкончик" құралының мыс сымына іледі. Содан кейін "балкончик" құралының екінші шетінде орналасқан темір пластинкасын бұлшықетке тигізеді. Осындай әсерден кейін бақаның артқы аяқ бұлшық еттерінің жиырылғаны байқалады.
4-сурет. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
Л. Гальвани екінші тәжірибесінде алғаш рет тіндердегі электр құбылысын дәлелдеді.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, шыны ілмек, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяғынан жүйке-ет (тәжірибе көрнекі болу үшін бақа аяғының тізеден төменгі бөлігін сақтаған жөн) препаратын жасағаннан соң, шонданай жүйкесін омыртқадан шығатын жерінен дұрыстап кесіп алады. Содан кейін, санның төменгі жағына жақын жердегі бұлшықет кесіледі де, шыныдан жасалған ілмекпен шонданай жүйкесін сан етінің кесілген және кесілмеген беттеріне бірдей тигізеді (5-сурет). Осындай әсерден кейін бақаның балтыр бұлшықетінің жиырылуы байқалады. Жүйкенің қозу
5-сурет. Гальванидің екінші тәжірибесі.
себебі, ол кесілген (теріс зарядты) және кесілмеген (оң зарядты) бұлшықеттер арасындағы потенциалдар айырмашылығына байланысты.
Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің
тәжірибесі).
Қозу нәтижесінде бұлшықетте пайда болған тоқ, өз кезегі келесі жүйке-ет препаратын тітіркендіріп қоздырады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, стимулятор, электродтар, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, шыны ілмек, шыны пластинка.
Жұмысты орындау. Қимылсыздандырылған бақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-ет препаратын даярлайды. Оларды құрғақ ағаш (немесе резинка, әйнек) пластинканың үстіне жеке-жеке орналастырады. Бірінші препараттың балтыр бұлшықетінің үстіне екінші препараттың жүйкесін салады. Сосын бірінші препараттың жүйкесін ырғақты электр тоғымен тітіркендіреді (6-сурет). Осы әсердің салдарынан екі препарат бұлшықеттерінің сіресе жиырылуы байқалады. Себебі бірінші жүйке-ет препараты қозған кезде пайда болатын әрекет тоғы екінші препараттағы жүйкені қоздырады.
6-сурет. Екінші тетанусты алу тәжірибесінің схемасы (Маттеучидің тәжірибесі).
1, 2 - бақа аяқтары;
3 - тітіркендіруші электродтар.
Жұмыс № 6. Электромиография.
Электромиография - бұлшықетердің электрлік белсенділігін (немесе биопотенциалдарын) тіркеу әдісі. Бұл әдісті қолданып бұлшықет ауруларын анықтауға, сонымен қатар қимыл-қозғалыс аппаратының әрекеттік қызметін зерттеуге болады. Қойылған мақсатқа қарай тыныштық, еркін және жүктеме кезіндегі бұлшықеттердің жиырылуының электр миограммасын жазып алуға болады. Электромиограф күшейткіш блоктан, динамиктен, екі осциллоскоптан және фото суретке түсіретін құралдан тұрады. Адамның бұлшықеттері биопотенциалдарын тіркеу үшін тері бетіне байланатын немесе бұлшықетке кіргізетін ине тәрізді электродтар қолданылады. Тері бетінен тіркелген ЭМГ-ма - әртүрлі қозғалтқыш бірлігінің әрекет потенциалдарының жиынтығы болып есептеледі. ЭМГ-ма толқындарының тербелісі 1-2 - ден 3000 мкв-қа дейін, ал жиілігі 15-20 импсек болады.
Жұмыс жасауға қажет. Электромиограф, дәке, электродтар, спирт.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызып, иықтың қос басты бұлшықет биопотенциалын тіркейді. Ол үшін теріні спиртпен сүртіп, физиологиялық ертіндімен ылғалданған дәке салып екі электродтарды бекітеді. Жеке жермен байланыстыратын үшінші электродтарды орналастырады. Аспапты электр торабына қосып, оны жылытады. Күшейткіш коэффициенті (жалпы 100-300 мквмм) мен реттеуші белгілерді анықтап, жазып алады. Аспап экранынан, зерттелуші бұлшықетінің босаңсыған, жиырылған және жүк көтерген кездердегі пайда болатын электр потенциалдарын көруге болады. Динамикті қосып, бұлшықеттер электр құбылысының сипатын дыбыс түрінде естуге болады. Ауыр жүк көтерген кездегі биопотенциалдар шайқалымы мен жиілігінің жоғары болатыны байқалады (7-сурет).
7-сурет. Электромиограмма.
Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, ЭМГ-ма қисығының тыныштық және жүктеме кезіндегі схемасын салып, қорытынды жасау керек.
Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын
жазып алу.
Жұмыс жасауға қажет. Электромиограф, дәке, электродтар, лейкопластырь, спирт.
Жұмысты орындау: Зерттелушіні орындыққа отырғызады. Жақ еті терісі үстін спиртпен сүртіп, физиологиялық ерітіндімен ылғанданған дәкені орналастырады. Электродтарды бір бірінен 2 см арақашықтықта лейкопластырмен бекітеді. Тыныштық және шайнау кездерінде пайда болған электромиограмманы жазып алады.
Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
Хронаксиметрия - ұлпалардың қозғыштық қасиеттерін сипаттайтын әдістерге жатады. Бұл әдіспен хронаксияны анықтайды. Ұлпаларда қозуды тудыратын, екі реобазалық (немесе екі табалдырық) тоқ күшінің әсер ететін ең аз уақыты - хронаксия деп аталады. Ұлпалардың қозғыштығы мен хронаксиясы арасында кері тәуелділік болады (қозғыштығы жоғары ұлпалардың хронаксиясы аз).
Хронаксияны анықтау үшін хронаксиметр аспабын қолданады. Бұл тоқ кернеуін 1 - ден 300 В және ұзақтығын 0,01-ден 40 мс-қа дейін өзгертетін мүмкіндігі бар электростимулятор. Хронаксиметрияны, экспериментте және клиникалық практикада жүйке мен бұлшықет ұлпаларының әрекеттік белсенділігін зерттеу үшін қолданады.
Жұмыс жасауға қажет. Хронаксиметр, арнайы электродтар, 0,9% NaCІ ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Алдын ала физиологиялық ерітіндімен дымқылданған дәкелік салфетканы индиферентті электродтың (анод) астына орналастырып, білектің ішкі жағына бекітеді (8-сурет). Белсенді электродпен (катодпен) білектің ішкі жағында орналасқан саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесін табады.
8-сурет. Қол бұлшықетінің қозғалтқыш нүктелерінің орналасу схемасы.
Стрелкамен саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесі көрсетілген.
Аспапты реобазанің режиміне аударады. Табылған қозғалтқыш нүктесінде орналасқан активті электродпен тоқ кернеуінің табалдырықты шамасын немесе реобазаны табады. Анықтауды әлсіз тоқпен тітіркендіруден бастап, бүгілдіргіш еттердің жиырылуы байқалғанша, біртіндеп ұлғайтады. Тоқ кернеуі шкаласында реобазаның мөлшерін белгілеп, аспапты хронаксияның режиміне ауыстырады. Тоқтың кернеу күші екі реобазаға тең жағдайда хронаксияны анықтайды.
Адамның аяқ-қол бұлшықеттерінің хронаксиясы қалыпты шамамен 0,1-0,7 мс (реобазасы 60-70 В) тең болады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, анықталған реобаза мен хронаксия шамаларын өзара салыстырып, қорытынды жасалады.
Жұмыс № 9. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау.
Тістің электрлік қозғыштығын анықтау үшін, стоматология клиникасында ОД-1, ОД-2 электродиагностикалық аспаптары қолданылады. Аспапқа екі электрод қосылады - пассивті (қолға немесе білекке бекітеді) және белсенді (күміс немесе тот баспайтын болаттан жасалған жіңішке сымды жекеленген). Белсенді электродты дымқылданған мақтаға орап, оны тістің әр жеріне орналастырып, тітіркендіргіш күшін бірте-бірте жоғарлатып қозу табалдырығын (табалдырық күшін) табады. Сау тісте, тоқтың табалдырық күші өткір ауырсынуды тез өткендігін сезетіндей әсер қалдырады. Сау тістің қозу табалдырығы 2 - 6 мкА дейін құрайды. Бұл көрсеткіш жас ұлғая төмендейді.
Егер, табалдырық күші 60-100 мкА-ге дейін жоғарласа - бұл тіс пульпасы патологиясы, ал 100 мкА-ден жоғары болса - тіс пульпасының өлгені. Парадонтоз кезінде қозғыштығы жоғары (табалдырығы 2 мкА-ден төмен).
Пульпаның тіршілік дәрежесін анықтауда, тістің электрлік қозғыштығын зерттеудің маңызы зор.
Жұмыс № 10. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
оның темір протезі кезіндегі маңызы.
Миллиамперметр немесе милливольтметр аспабын қолданып, ауыз қуысындағы микротоқты анықтайды. Күміс немесе платиннен жасалған қысқышты (датчиктерді) спиртпен залалсыздандырып, оны ауыз қуысындағы түрлі металдарға жанастырады. Қышқышты ауыз қуысындағы кілегей қабатына тигізгенде де микротоқ байқалады. Тісті түрлі металдардан (алтын, тот баспайтын болат, амальгам) даярлағанда немесе пломбылағанда, ауыз қуысында микротоқ пайда болады. Кейбір жағдайда гальванизм құбылысына себебкер болады. Бұл кезде, емделуші адам ауыз қуысында: қышқыл, тұз, темір, күйік және т.б. сезеді. Сонымен қатар жүрек айнуы мен құсу байқалады.
Субъективті бұзылу деңгейі (гальванизм құбылысы) микротоқтың пайда болу күшіне байланысты: тоқ күші 5 мкА-де ешқандай шағым болмайды, 25-30 мкА - әлсіз сезіну, 80 мкА-ден жоғарыда - гальванизм құбылысы айқын байқалады.
Объективті түрі - тіс түсінің өзгеруі, протез бен пломбаның бұзылуы (кемірілуі), ауыз қуысының кілегейінің қабынуы және кей жағдайда ішкі мүшелердің ауруы байқалады.
Гальванизм құбылысы - ауыз қуысында аттас металдар болғанда да байқалады. Металл гильзалар (тектес болғанда), тот баспайтын болат пен припой арасында да электр қозғалтқыш күш (ЭҚК) тіркеледі.
І. 1.2. Тақырып: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері.
ІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Бұлшықеттің қимыл қозғалысы - бұл организмнің физиологиялық үрдістерімен байланысты тіршілікке өте қажет қызметі. И.М. Сеченов қаңқа бұлшықеттерін жүйке жүйесінің эффекторлық аппараты ретінде көрсеткен. П.К. Анохин бұлшықет қимыл қозғалысын организмнің әрбір әрекеттік жүйе қызметінің нәтижесінде пайда болатын аса қажетті механизм ретінде қарастырған. Бұлшықет қимыл қозғалысы, өсіп келе жатқан организмнің бір қалыпты дамуына және эмоция мен жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуында маңызы зор. Бұл, дәрігерлерге бұлшықеттің жиырылу түрлері мен механизмін және оның қажуы туралы білімін тірек-қимыл аппаратының ауруларын барабар (адекватты) емдеуге мүмкіншілік береді. Бала емдеу дәрігерлеріне (студенттеріне), бұлшықеттің онтогенезде дамуын білу өте қажет. Сондықтан, бұл балалар қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын, оқып үйренуін және тәрбиелеуінде маңызды орын алады.
ІІІ. Сабақтың мақсаты.
Студенттер білуі тиіс:
:: Еттің негізгі физиологиялық қасиеттерін.
:: Ет жиырылуының түрлері (ЕЖЖ, сіреспе, жинақталу).
:: Оптимум, пессимум жиілектер және тітіркендіргіш күштері.
:: Ет жиырылуының механизмі.
Студенттер білу қажет:
* Еттің жеке жиырылуының қисық сызығын жазу (кезеңдерін белгілеу).
* Тісті және тегіс тетанусты жазып алу.
* Тітіркендіру жиілігінің оптимум және пессимум қисық сызығын жазу.
* Қол бұлшықетінің күшін және жұмыс жасау қабілетін динамометрия әдісі көмегімен анықтау.

1. Қанка етінің құрылысы.
2. Ет ұлпаларының физиологиялық қасиеттері.
3. Еттің жиырылу режимдері мен түрлері.
4. Еттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.
5. Жинақталу (толық және шала).
6. Тетанус (тісті және тегіс).
7. Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.
8. Еттің күші.
9. Еттің жұмысы.
10. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі.
11. Еттің қажуы, оның орналасуы мен механизмі.
12. Жекеленген бұлшықеттің және дене еңбегі кезінде тұтас организмдегі қажудың дамуы механизмі.
13. Статикалық және динамикалық жұмыстар кезіндегі кажу. Белсенді демалу туралы түсінік.
14. Қажуды тудыратын өндіріс факторлары.
15. Бірыңғай салалы етінің әрекеттік сипаттамасы.
16. Жана түған баланың қимыл козғалыс аппараттының ерекшеліетері.
17. Жасқа байланысты бұлшықеттердің дамуы мен ерекшеліктері.
18. Мастикациографияның маңызы (стоматология факультетіне).

Жұмыс №1. Бұлшықеттің жеке жиырылуын тіркеу және оны талдау.
Организмнің қалыпты өмір жағдайында, бұлшықеттің жеке жиырылуы тек жүрек етіне тән қасиет. Барлық қаңқа еттері тетанустық (сіреспе) жиырылады, себебі оларға орталық жүйке жүйесінен жеке серпіністер емес жиі ырғақты серпіністер тарайды. Сондықтан қаңқа бұлшықетінің жеке жиырылуын тек тәжірибе жүзінде дара тітіркендіргіштермен әсер ете отырып, тез айналып тұрған кимографқа жазып алады (9-сурет). Бақаның балтыр бұлшықетінің жеке жиырылу ұзақтығы 0,11 - 0,12 сек, ол 3 кезеңнен тұрады:
1. Жасырын кезеңі - 0,01 сек. Ол тітіркендіргіш әсер еткен сәттен бұлшық еттің жиырыла бастағанға дейінгі уақыты.
2. Жиырылу кезеңі - 0,05 сек.
3. Босаңсу кезеңі - 0,05-0,06 сек.
9-сурет. Бұлшықеттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.
Егер қаңқа етіне бір емес, бірінен соң бірі тез екі тітіркендіргішпен әсер етсе, онда бұлшықет екінші тітіркендіргішке биік шайқалыммен жауап береді, себебі бұлшықет жиырылуының жинақталысы болады. Гельмгольцтің жорамалы бойынша бұлшықет жиырылуының күшею нәтижесінің себебі бірінші жиырылу екінші жиырылуға сәйкес келуіне байланысты. Бұлшықет жиырылу мөлшері - жинақталысының себебін Н.Е. Введенский дәлелдеген болатын. Яғни, екінші тітіркендіргіш еттің жоғары қозғыштық (экзальтация) кезеңіне сәйкес келеді.
Бұлшықеттің толық немесе толық емес жинақталып жиырылуы, тітіркендіргіш жеке жиырылудың қай кезеңіне сәйкес келуіне байланысты. Егер тітіркендіргіш еттің жиырылу кезеңіне сәйкес келсе - толық жинақталу, ал егер босаңсу кезеңіне сәйкес келсе - толық емес жинақталысы байқалады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, кимограф, миограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, стимулятор.
Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа орналастырып, жазғыш ұшын кимограф барабанына жақындатады. Препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Бұлшық еттің дара жиырылуның қисығын жазып алу үшін кимограф барабаның щапшан айналдыру қажет Содан соң тоқ күшін сәл ұлғайтып, еттің жеке жиырылуын айналып тұрған кимографқа жазып алады.
Жұмыс №2. Бұлшықеттің сіреспе (тетанус) жиырылуын
тіркеу және оны талдау.
Бұлшықеттің, ырғақты тітіркендіргішке, ұзақ қысқарып жауап беруін - сіреспе жиырылу (тетанус) деп атайды. Тітіркендіргіш жиілігіне байланысты, сіреспе жиырылу: тісті және тегіс болып бөлінеді. Егер бұлшықетке жиілігі 10-20 Гц аралығындағы ырғақты тітіркендіргішпен әсер еткен кезде, әрбір келесі импульс еттің босаңсуы бастаған кезеңіне сәйкес келсе - тісті сіреспе жиырылу пайда болады. Ал егер тітіркендіру жиілігін 20 Гц және одан әрі ұлғайтса, онда әрбір келесі серпініс еттің қысқару (жиырылу) кезеңіне дәл келу нәтижесінде ұзақ және үздіксіз еттің жиырылуы байқалады. Бұл тегіс сіреспе жиырылу.
Жұмыс жасауға қажет. Миограф, стимулятор, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға арналған қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа бекітіп, препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Миограф қаламның ұшын айналып тұрған кимограф барабанына жақындатып, бұлшық еттің 2-3 жеке тітіркендіргішке жауабы жазып алынады. Сонан кейін тітіркендіру жиілігін 10-20 гц-ке жеткізгенде бұлшықеттің тісті (өркешті) сіреспе жиырылуын көруге болады (10,а-сурет). Егер тітіркендіру жиілігін одан әрі жоғарлататын болса, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуы байқалады (10,б-сурет).
10-сурет. Сіреспе жиырылу түрлері.
Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, кимографқа жазып алынған схеманы дәптерге салып, қорытынды жасау керек.
Жұмыс №3. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.
Н.Е. Введенскийдің пайымдауынша, егер бұлшықетке ырғақты тітіркендіргішпен әсер етсе, сіреспе жиырылудың шайқалымы (амплитудасы) әр түрлі болады. Ол әсер етуші тітіркендіргіш жиілігіне байланысты. Бұл негізінен, бұлшықетке ырғақты тітіркендіргіш әсер еткенде, әрбір алдыңғы (келесі) тітіркендіргіш еттің қозғыштығын өзгертіп, оның келесі жауабына әсерін тигізеді. Бұлшықеттің максимальды сіреспе (шайқалымы) жиырылуын қамтамасыз ететін тітіркендіргіш жиілігі мен күшін оптимум деп атайды. Егер тітіркендіргіш күші мен жиілігін арттырса, сіреспе жиырылудың шайқалымы күрт төмендейді. Бұл тітіркендіргіш жиілігі мен күшінің пессимумы деп аталады.

Жұмысты орындау. Миографқа даярланған жүйке-ет препаратын бекітеді оның қаламының ұшын кимограф барабанына жақындатады. Жүйкені электродпен тітіркендіріп, бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтайды және оның максималды жеке жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді. Сонан кейін, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуына келтіретін тітіркендірудің ең жоғарғы, тиімді жиілігін табады - бұл оптимум (11,а-сурет). Бұлшықеттің осындай жиырылуы, 5-7 сек арасында жай айналып тұрған кимограф бетіндегі қағазға жазылады.
Егер сол уақытта тітіркендірудің жиілігін кенеттен ұлғайтса, онда бұлшықеттің жиырылу шайқалымы төмендеп кетеді. Себебі, бұл тітіркендірудің жиілігі, бұлшықетке ең қолайсыз болады да, оның жауабы төмендеп, пессимум үрдісі байқалады (11,б-сурет).
1 Гц 15 Гц 20 Гц 50 Гц 100 Гц 200 Гц
11-сурет. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.
Бұлшықет препаратының электр тоғының күші мен жиілігінің ұлғайуына әртүрлі жауап қайтаруы, оның лабилдік қасиетіне байланысты.
Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, схемаларын дәптерге салып, қорытынды жасау керек
Жұмыс №4. Динамометрия.
Еттің жиырылу күші оның әрекеттік сипаттамасының бірі болып табылады. Бұлшықеттің жиырылу күші оның іске қосылған қозғалтқыш бірлігінің санына, жиырылуының түрлеріне (тісті немесе тегіс тетанус), физиологиялық қимасының ауданына, яғни ет талшықтарының көлденең қимасының жиынтығына және т.б. тәуелді болады.
Физиологиялық қимасы 1 см2-ге тең бұлшықетте дамитын ең жоғарғы жиырылу күшінің шамасы оның абсолюттік күші деп аталады. Бұл әртүрлі қаңқа бұлшықеттерінде, 6-17 кгсм2-ге (орташа 10 кгсм2) тең болады.
Бұлшықеттің максимальды күшін, төзімділігін, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін және әр түрлі бұлшықет топтарының (қол-аяқ еттері және т.б.) күшін өлшеу үшін арнаулы - динамометр деген құрал қолданылады.
Қол динамометрімен - қол бұлшықетінің күшін, ал тұлға динамометрімен - бел жазылдырғыш бұлшықеттерінің күшін анықтайды (1 кестені қараңыз).
Кесте 1.
Жасқа байланысты бұлшықет топтарының изометрлік
күшінің орташа шамасы
Көрсеткіштер
Жасы, жылы
20
25
35
45
55
Қол күші (кгсм[2]):
- ерлерде
- әйелдерде
55,9
37,5
59,9
38,5
58,5
38,0
55,6
35,6
51,6
32,7
Тұлға жазылдырғыш күші (кгсм[2]):
- ерлерде
- әйелдерде
81,6
56,6
87,4
58,3
90,7
59,2
89,8
57,7
85,7
49,1
Жұмыс жасауға қажет. Динамометр, секундомер.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адам түрегеп тұрып қолын тұлғадан жанына созады да, 10 рет 5 секунд сайын жиілігі 1 реттен қолындағы динамометрді қысады. Сөйтіп, бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіш нәтижесін анықтайды (кесте 2).
Бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетін төменгі формуламен анықтауға болады:
Р= (f1+f2+f3+ . . . f n) n;
- бұнда, Р - жұмыс жасау қабілет деңгейі;
- f1, f2 және т.б. - әр түрлі жағдайдағы бұлшықет
күші - динамометр көрсеткіші;
- n - әрекетті қайталау саны.
Алынған мәлімет көрсеткіштерін пайдаланып, бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін төменгі формуламен анықтауға болады:
S = ﴾ (f1 - fmіn) fmax ﴿ х 100;
- бұнда, S - бұлшық еттің жұмыс жасау қабілетінің
төмендеу көрсеткіші;
- f1 - алғашқы бұлшықет күші көрсеткіші;
- fmіn - бұлшықет күшінің ең төменгі көрсеткіші;
- fmax - бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Қол бұлшықетінің әр түрлі жағдайдағы күшін анықтау үшін: алғашқы күшті анықтағаннан кейін, білек үстіне мұз салынған грелканы 2-3 минутқа қояды. Қол бұлшықет күшін қайталап анықтағанда, оның күшінің төмендегені байқалады. Бұл, сол аймақтағы қан айналымының төмендеуіне байланысты.
Кесте 2.
Динамометрмен анықталған қол басы бұлшықеттері
күшінің орташа шамасы (кгсм2)
№
рр
Аты, жөні
Ж
А
С
Ы
Жынысы
Динамометрия
Ескерту
Оң қол
Сол қол
1.
2.
3.
Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау нәтижесі - организмнің физикалық дамуын, спортсмендерге тиімді физикалық жаттығуды белгілеуге, аяқ-қол протезін жасауда және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды жасалады.
Жұмыс №5. Мастикациография.
Шайнау - ас қорыту үрдісінің алғашқы кезеңі. Ауыз қуысында - түскен ас ұсақталып, ұнтақталып, сілекеймен шылынап нәтижесінде ас кесегі қалыптасады.
Шайнау үрдісі - тағамның құрамына байланысты, ол орташа 10-15 секундқа дейін созылады. Шайнау үрдісінің сілекей бездеріне, қарынның сөлініс және қозғалыс қызметіне рефлекторлы әсерін И.П. Павлов өз еңбегінде анықтады. Шайнау - сонымен қатар қан айналым мен зат алмасуға оң әсерін тигізеді. Шайнау актісі рефлекторлы түрде жүзеге асады. Ас кесегі ауыз қуысындағы қабылдағыштарды тітіркендіреді. Ал олардан шыққан серпіністер афференттік үшкіл жүйке талшықтарымен ОЖЖ-гі шайнау еттерінің жиырушы нейрондарын тітіркендіреді. Шайнау актісінің үйлесімді қызметінде, жақ еттерінің проприорецепторларынан шыққан серпіністердің маңызы зор.
Астың механикалық өңделуіне тіс, жақ пен бет еттері, ерін және тіл қатысады. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақтың горизонтальды және вертикальды бағытта қозғалысын, ал ауыздағы ас кесегінің ұсталуын ерін мен бет бұлшықеттері және тіл қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағам сілекеймен шалынып - ас кесегі қалыптасады.
Шайнау қозғалысы түрлі бағытта жүзеге асады және бірнеше кезеңнен тұрады: 1) бастапқы; 2) жақтың төменге түсуі; 3) жақтың жоғары көтерілуі; 4) тістердің айқасуы (немесе қабысуы).
Шайнау қозғалысын - мастикациограф аспабымен тіркеп, жазып алуға болады. Бұл әдіспен тек адамдарды зерттейді.
Жұмыс жасауға қажет. Кимограф, Марей капсуласы, резеңке манжетка мен түтікшелер.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызады да, оның иегіне резеңке манжетканы таңады. Ал манжетканы резеңке түтікшелер арқылы Марей капсуласына жалғастырып, оны ауаға толтырады. Қалам жазғышын айналып тұрған кимографқа жақындатып, жақ қозғалысын жазып алады. Тағам құрамына байланысты, шайнау кезеңінің ұзақтығы әртүрлі. Ол: қимылсыз күйден, тағамды ауызға енгізуден, бағдарлау, негізгі шайнау, ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңінен тұрады (12-сурет).
12-сурет. Мастикациограмма.
1. Тыныштық күй.
2. Тағамды ауызға енгізу.
3. Бағдарлау.
4. Негізгі шайнау кезеңі.
5. Ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңі.
Жұмыс №6. Шайнау бұлшықетінің күші. Шайнау
қысымы. Гнатодинамометрия.
Шайнау актісі - жақ бұлшықеттерінің қатысуымен жүзеге асады.
Бұлшықеттің максимальды жиырылуын қамтамасыз ететін кернеуді - бұлшықеттің абсолюттік күші деп аталады. Бұлшықеттің күшін анықтау үшін, оның максимальды жүкті көтеру қабілетін анықтайды.
Еттің максималдық күшінің анатомиялық көлденеңінің 1 см2 ауданына қатынасын - салыстырмалы күш деп атайды. Төменгі жақты көтеретін бұлшықеттің абсолюттік күші - бір жағында - 195 кг, ал екі жағында - 390 кг. Сөйтіп шайнау бұлшықеттерінің жоғары дәрежеге жеткізу күші байқалады.
Бұлшықеттің абсолюттік күшінен басқа, шайнау қысымы деген ұғым бар. Бұл, белгілі бір жазықтықтағы бұлшықет күші. Шайнау қысымы азу мен алдыңғы тістерде әртүрлі болады. Оны гнатодинамометр аспабымен анықтайды. Оның құрылысы ауыз кеңейтетін серіппе және шайнау күшін көрсету тілінен тұрады.
Анықтау кезінде алынған сандық көрсеткіштер бұлшықет күшін толық қамтып көрсетпейді, себебі ауырсыну нәтижесінде периодонт аймағында бұлшықеттің жиырылуы тоқтайды. Клиникалық тәжірибеде шайнау бұлшықеттерінің белгілі бір асты ұсақтау немесе уату күшін анықтаудың маңызы зор. Мысалы Шредер мәліметі бойынша:
* қайнатылған ет - 30-47,5 кг;
* қуырылған ет - 24,8-30,2 кг;
* карамель - 31 кг;
* жаңғақ (түрлі) - 43,5-102 кг.
Балалар қозғалтқыш аппаратының
жас ерекшелігі
Ұрықтың қозғалу белсенділігі, оның құрылымдық және әрекеттік қалыптасуына байланысты. Нәресте дүниеге келгенде, оның орталық және шеткі қозғалтқыш аппаратының құрылымдық жетілуі әлі толық аяқталмайды. Сондықтан, қозғалтқыш қызметінің өткізгіш жолдары мен нейромотордың афференттік және эфференттік субстраттары, нәресте дүниеге келгеннен кейін дамып жетіледі.
Жұлынның өткізгіш жолдарының миелинденуі балалық шақ (постнатальдық) кезеңнің 3-8 айына дейін белсенді түрде жүреді. Тек қыртысты пирамидалық және оливо-жұлын жолдарының (ерікті қозғалысты реттейді) миелинденуі 2-3 айда басталып, 3-4 жаста аяқталады.
Шеткі жұлын жүйкесі 3-ші жетіде көп түрде жұмсақ қабықпен қамтамасыз етілуі басталып, 2-3 жаста жетіледі.
Бұлшықет жаңа туғандарда салыстырмалы түрде аз дамыған және ет пен дәнекер талшықтарының ажыратылуы толық жетілмеген. Бірақта, соған қарамастан жаңа туғандар мен емшектегі баланың қабылдағыш жүйкесі, жүйкенің өткізгіш жолдары мен орталықтары қатысуымен көптеген әртүрлі рефлекторлы қимыл іс әрекеттерді жүзеге асырады. Жаңа туғандарға үздіксіз және ретсіз қозғалыстар тән: бас, дене, аяқ-қол (иық, шынтақ, жамбас және тізе буындары).
Қозғалтқыш аппараттың қалыптасуына тұқым қуалаушық фактормен қатар басқада жағдайлар (дененің вертикальды қалпы, қозғалтқыш белсенділігі, еңбек қызметі және т.б.) әсерін тигізеді.
Бұлшықеттің белсенділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
1. Бұлшықет күші.
2. Бұлшықеттің жиырылу жылдамдығы.
3. Дене және қол-аяқ реакциясының жасырын кезеңі.
4. Төзімділік шамасы.
Аталған талаптарға сәйкес, анықталды:
1. Сәбидің, 2-3 жасына дейін қозғалтқыш және вегетативті қызметі әлі толық жетілмеген.
2. 4-5 жаста орталық және шеткі жүйке аппаратының әрекеттік және құрылымдық даму деңгейі жеткілікті, әрі жоғары. Сондықтан, естиярлық шақ кезеңінде, бала өзінің ерікті бұлшықет топтар қозғалыс реакциясын және қимыл қозғалысын белгілі бір бағытта реттейді. Бірақта, бұлшықет топтар түрі және оның қозғалыс қызметі салыстырмалы түрде төменгі даму деңгейінде болады. Бұл даму кезеңінде, бұлшықеттің әртүрлі топтары әлсіз ажырату қызыметімен, қозғалтқыш реакциясының ұзақ жасырын кезеңімен, сонымен қатар бұлшық ет жиырылуының жеткіліксіз реттелуімен және антогонист бұлшықеттердің әрекеттестігінің жеткіліксіздігімен сипатталады. Сөйтіп, 4-5 жасқа дейін бұлшықеттің қозғалтқыш қызметінің алғашқы қалыптасуы жүреді.
3. 4-5 жастан 6-7-ті жасқа дейін бұлшықет белсенділігі әрі қарай қалыптасады. Бұлшықеттің абсолюттік күші артып, қозғалыс жылдамдығы жоғарлағанмен жасырын кезең реакциясы өзгермейді. Осы кезеңде, шеткі жүйке аппаратының қалыптасуы жоғары деңгейіне жетеді.
4. 6-7-ті жастан 13-14 жас аралығында бұлшықет белсенділігінің барлық көрсеткіштері біршама жоғарлайды. Бұл кезеңде қозғалтқыш қызметі толық жетіледі. Бірақта, бала организмі әлі толық қалыптасқан жоқ. Бұл жағдай бұлшықеттің ұзақ және ширақ қозғалыс кезеңінде байқалады. 9-10 жас аралығында бұлшықет қозғалтқыш қызметінің кейбір көрсеткіштері арасында жыныстық (ұлдар мен қыздар) ерекшеліктер білінеді.
5. 13-14 жастан кейін бұлшықеттің қозғалтқыш белсенділігі жетіле түсіп, 17-18 жаста бұл үрдіс аяқталуға таяу болады.
І. 1.3. Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары.
Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
ІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Жүйке талшықтарының ерекше құрылысы мен оның бойымен қозудың өту заңдарын білу, дәрігерге тірек-қимыл аппарат патологиясында ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйесінің ауруларының патогенезін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жүйке талшығының физиологиялық қасиетін білу, жүйке жүйесімен қозудың өтуін реттеуде және жансыздандыру үшін фармакологиялық препараттарды хирургияда, гинекологияда, стоматологияда және т.б. салаларда қолдануға мүмкіндік береді. Бала емдеу студенттеріне жүйке талшықтарының онтогенез кезеңінде миелиндену уақыты мен кезеңдерін білу керек, өйткені бұл үрдіс балалардың қозғалыс әрекетінің қалыптасуының негізін құрайды.
ІІІ. Сабақтың мақсаты.
Студенттер білуі тиіс:
:: Жүйке талшықтарының құрылысы мен түрлері.
:: Жүйке бағаны бойымен қозудың өту заңдары мен механизмі.
:: Жүйке талшықтарының жіктелуі және олар арқылы қозудің өту
ерекшеліктері.
:: Парабиоз құбылысы (Н.В. Введенский), оның механизмі мен маңызы.
Студенттер білу қажет:
:: Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
:: Жүйке талшығының қажымауын бақылау.
:: Жүйке талшығындағы парабиоз кезеңдерінің дамуын бақылау.
VІ. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
1. Жүйке талшықтарының құрылысы мен қызметі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшығының құрылысы.
2. Қозуды өткізудегі жүйке талшығының плазмалық мембранасы мен қабығының маңызы.
3. Жүйке бойымен қозудың өрістеу заңдары.
4. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары арқылы қозудың таралу ерекшеліктері.
5. Жүйке талшықтарының жіктелуі (А, С, В типтері).
6. Жүйке талшықтарының қажымауы немен түсіндіруге болады.
7. Парабиоз құбылысы (Н.П. Введенский).
8. Парабиоз кезеңдерінің сипаттамасы (қисық сызығын салып, тітіркендіру жиілігін белгілеу керек).
9. Н.Е. Введенский ілімінің парабиоз құбылысын зерттеудегі маңызы.
10. Лабилдік туралы түсінік, оның парабиоз кезеңіндегі өзгерісі.
11. Синапстардың құрылысы, жіктелуі мен функционалдық қасиеттері.
12. Қозудың синапс арқылы өту механизмі. Синапс арқылы қозуды өткізетін медиаторлардың (дәнекерші заттар) сипаттамасы. Олардың түзілуі, сөлінісі және әсерлері.
13. Ерте онтогенездегі қозғалтқыш мотонейрон бірлігінің сипаттамасы.

Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
Әрбір жүйке талшығы қозуды қатар жатқан жүйке талшығына өткізбей өз бойымен жеке өткізеді. Себебі, жасуша аралық саңылаудағы сұйықтықтың кедергісі жүйке талшығы мембранасына қарағанда төмен.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, электростимулятор, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, жіптер, физиологиялық ерітінді.
Жұмысты орындау. Қимылсызданған бақаның кеуде омыртқасының төменгі аймағынан көлденең кесіп, оны ішкі мүшелермен бірге алып тастайды да, артқы аяқтары терісін сыдырып алады. Дайын болған препаратты, жұлыннан шыққан жүйке бағаны көрінетіндей етіп, операция столына орналастырады (13-сурет). Шонданай жүйке талшықтары астына жеке-жеке жіп өткізіп, оны байламай бос күйінде қалдырады. Сонан соң әрбір жіпті бөлек тартып жүйке талшығын көтереді де, оны кезек-кезек әлсіз тоқпен тітіркендіреді. Өз кезегі, қозу бір жүйке талшығынан басқа жүйке талшығына тарамай белгілі бір бұлшықет топтарын жиырылтады.
13-сурет. Қозудың жүйке талшығы бойымен жеке
өтуінің схемасы.
Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
Жүйке талшықтарына қажымау қабілеті тән. Себебі, жүйкеде зат алмасу қарқыны өте төмен және қайта синтездеу (ресинтез) өте жоғары деңгейде жүреді. Сонымен қатар қуатты өте аз пайдаланады.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, электростимулятор, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, мұз, физиологиялық ерітінді.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препараттын миографқа бекітіп (немесе операциялық тақтайша), жүйкеге жалғасқан омыртқа бөлігін тығын үстіне орналастырады. Қозу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz