Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы ұлттық Қазақ университеті

ӘОЖ 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында

МАМЫРОВ АЗАМАТ ЫБЫРАЙҰЛЫ

Қажым Жұмалиев - эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші

10. 01. 02 - қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші филология ғылымдарының докторы, профессор Бисенғали З. Қ.

Қазақстан Республикасы

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Қ. Ж¦МАЛИЕВ - БАТЫРЛЫҚ, ТАРИХИ ЖЫРЛАР

ХАҚЫНДА . . . 8

  1. Эпикалық жырлар . . . 8
  2. Тарихи жырлар . . . 23

2 Қ. ЖҰМАЛИЕВ-ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАЗБА ПОЭМАЛАР ЖӘНЕ ОНДАҒЫ АҚЫНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІК ПЕН КЕЗЕҢДЕР СӘУЛЕСІ . . . 51

2. 1 Қ. Жұмалиев - “Ескендір”, “Қисса Жүсіп”, “Медғат - Қасым”

туралы . . . 51

2. 2 Қазақ поэзиясындағы жекелеген ақындардың стилдік ерекшелігі . 64

2. 3 Қазақ поэзиясындағы кезеңдер сәулесі . . . 98

3 Қ. ЖҰМАЛИЕВТІҢ ЫБЫРАЙТАНУ МЕН СӘБИТТАНУДАҒЫ ПАЙЫМДАУЛАРЫ . . . 111

3. 1 Ы. Алтынсарин әңгімелері . . . 111

3. 2 С. Мұқанов романдары . . . 123

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 134

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 137


КІРІСПЕ

Зерттеудіњ µзектілігі . Әр ±лттыњ белгілі бір ѓылым саласын жасаушы, дамытушы, ел игілігіне жаратушы шоқ ж±лдыздай кемел т±лѓалары болатыны анық. Қазақ әдебиеттану ѓылымыныњ қалыптасуында қ±нды пікірлер мен елеулі ењбектер бере білген ±лтымыздыњ мақтанышы санаулы саңлақ ѓалымдар бар. Аѓа буынныњ жетістіктері мен кемшіл т±старын кейінгі буын әдебиет зерттеуші ѓалымдар нақты µмір с‰рген кезењ шындықтарымен бірлікте қарастыра отырып зерттеуде. Әрине, жекелеген әдебиетші ѓалымдардыњ м±расын м‰мкіндігінше жан-жақты танып білу қазақ әдебиеттану ѓылымы ‰шін қазіргі тањда µзекті мәселелердіњ бірі. Б±л ретте қазақ әдебиеттану ѓылымында нақты әрі нәтижелі ғылыми зерттеулер ж‰ргізіліп жатқандыѓын қорѓалѓан кандидаттық, докторлық ж±мыстардан, монографиялық ењбектерден кµруге болады. Дей т±рѓанымен, бұл игі істе айтушысын таппаған ескі әндей осы к‰нге шейін тым аз, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алѓаннан бері м‰лдем арнайы зерттелмеген ѓалымдарымыз бар. Солардың бірі әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны саласында қырық жылға жуық қызмет еткен көрнекті ғалым, академик - Қажым Ж±малиев.

Қ. Ж±малиев қазақ әдебиеттану ѓылымында ењ алѓашқы болып 1941 жылы “Х‡ІІІ-ХІХ ѓѓ. қазақ әдебиеті тарихы” деген тақырыпта кандидаттық, 1946 жылы “Абайѓа дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясыныњ тілі” деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорѓаѓан ѓалым адам.

Іргелі қазақ халқыныњ рухани жан сарайын, болмыс бітімін, ілім-білімін, тыныс-тіршілігін пәрменді етуге, сµз µнері мен мәдениетін µскелењ адамзат баласы ж‰регініњ тµріне кµтеріп, жан азыѓы етуге баѓыштаѓан жазушы, ѓалым, ±стаз Қажыѓали (әдеби лақап аты Қажым) Ж±малы±лы Ж±малиев әлі жіті зерттелмеген т±лѓа.

Тµњкеріске толы ХХ ѓасырдыњ басында д‰ниеге келіп, кіндік қаны тамѓан киелі топырақтыњ қадір-қасиетін т±ла бойына дарытып, жастайынан жиын-тойда “µлењші бала” атанып, елінде м±сылманша, Орынборда орысша сауат ашып, бой т‰зеп, болашаѓын баѓамдаѓан жастыњ сол кездегі Қазақстанныњ орталыѓы Алматыѓа ‰лкен білім іздеп келіп, қазақ әдебиеттану ѓылымында µз ойы т±шымды т±жырымдары бар бірегей т±лѓа болып қалыптасуы кездейсоқ емес, талап пен таланттыњ ±штасуынан туѓан нәтиже деп қабылдау қажет.

Академик Қ. Ж±малиев әдебиет тектерініњ бірі - эпос µмір қ±былыстарын сан алуан жаѓынан келіп, суреттеп беруіне қарай іштей бірнеше т‰рге бµлінетініне тоқталады. Солардыњ басында халықтық м±ра батырлар жырлары т±рса, б±ѓан жалѓаса қазақ даласында нақты тарихи орын алған оқиғаларды баяндайтын, қаһармандарының өмір сүрген уақыты тарихи деректермен расталған, елдің кешегі күнін боямасыз көрсететін тарихи жырлар бар. Және де, қазақ әдебиеттану ѓылымында бергі дәуірде қалыптаса бастаѓан эпостық жанрдыњ т‰рлері поэма, роман, повесть, новелла, мысал т. б. болып жалѓасын таба береді. Б±ѓан қарап, б±лардыњ айырмашылыѓы мен бірлігі жоқ па деген ±ѓым тумаса керек. Б±лардыњ айырмашылыѓы прозалық, поэзиялық шыѓармалар болуымен қатар, белгілі бір оқиѓаны тыњдарманѓа, оқырманѓа жеткізуде қолданылатын әдіс - амалынан кµрінеді, бірлігі адамзат баласына ізгі ой айту. Сонымен қатар б±ларды белгілі бір авторыныњ болу- болмауы және басқа да ерекшеліктерін ескере келіп, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті деп екіге бµліпте қарастырып жатамыз.

Қ. Ж±малиев қай халықтыњ болсын жазба әдебиетінен б±рын ауыз әдебиеті дамыѓандыѓын айта келіп, фольклористика ѓылымындаѓы эпос деген әр халықтыњ ж‰ріп µткен жолын кµрсетеді деген т‰йін жасайды. Осы орайда ѓалымныњ ойын µз сµзімен берер болсақ: “Қай елдіњ эпосы болсын белгілі бір тарихи оқиѓаныњ ізін баса туатынѓа ±қсайды және ол бір к‰н, не бір жылдыњ ѓана жемісі емес, халықтыњ басынан µткізген талай заман, талай ѓасыр, талай тартыстарыныњ нәтижесі” - дейді [1, 10 б] .

Біз б±л жұмысымызды “Қ. Жұмалиев-эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші” дегенімізбен ѓалымныњ бір ѓана фольклористика ғылымындағы батырлық эпосқа қатысты кµзқарастарына тоқталып қана қоймаймыз, б±дан әлде қайда ауқымды әдебиет тектерініњ бірі эпос яғни жоғарыда атап өткен оның жанрлық т‰рлеріне жататын шыѓармалар хақында ғалымның әр жылдарда айтқан т±жырымдарын жинақтап, ѓылыми бір ізге т‰сірмекпіз. ¤йткені к‰ні б‰гінге дейін Қ. Ж±малиевтіњ т±тас эпостық жанр т‰рлеріне жататын кµркем әдеби д‰ниелер жµніндегі ой-толѓамдары арнайы зерттелген емес.

Б±ѓан қарап, Қ. Ж±малиев әдебиет зерттеуші ѓалым, творчество адамы ретінде әлі к‰нге сµз болѓан емес деген ±ѓым тумаса керек. Әрине, кµзі тірісінде газет, журнал беттерінде ѓалым қазақ әдебиетін іргелі зерттеулермен толықтырѓаны аз айтылѓан жоқ. Кейін µзі қайтқасын да ѓалымныњ шәкірттері, т±стастары сµз µнерініњ қадір-қасиетін танып білуде ол жасаѓан пайымдаулардыњ екінші µмір жолы басталатынын айтып, соѓан µздері м±рындық бола білді. М±ныњ барлыѓы ѓалымныњ творчестволық т±лѓасын, адами қадір-қасиетін жан-жақты ашып кµрсетудегі игі істер.

Жалпы б±л баѓытта қазақ әдебиеттану ѓылымында с‰белі ењбектер берген аға буын С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. М±қанов шыѓармалары мен зерттеулерін баѓалау д±рыс жолѓа қойыла білген деп толық айта аламыз. Жақсыныњ атын, ѓалымныњ хатын µшірмеу ѓасырдан-ѓасырѓа, ±рпақтан-±рпаққа желі тартып жалѓаса беретін, ертењі бар елдердіњ әдебиеттану ѓылымындаѓы ізденістер екендігі анық. ¤йткені, қазақ әдебиетінде µзіндік қолтањбалары бар т±лѓалардыњ бай-м±расын әр дәуірдіњ ±рпаѓы жања қырынан танып, зерделеп соны пікірлер айтары даусыз.

Біз академик Қ. Ж±малиев туралы жекелеген мақалалардан басқа нендей ењбектер бар дейтін болсақ, М. Қаратаев, С. Сейітов, З. Қабдоллов, Х. Әдібаев шыѓарѓан “Қ. Ж±малиев” [2] атты ±жымдық жинақпен осы аттас М. Атымов шыѓарѓан монографиялық ењбекті атаймыз [3] . Содан соњ Р. Зайкенованыњ “Қ. Ж±алиев ењбектеріндегі әдебиеттану ѓылымыныњ µзекті мәселелері” деген филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация жұмысы барлыѓы белгілі [4] .

Алдыњѓы ±жымдық жинақ пен монографиялық ењбекте Қ. Ж±малиевті “жазушы”, “ѓалым”, “±стаз” деп ‰ш қырынан алып қарастырады. Осында біз зерттеп отырѓан ѓалымдық қыры дұрыс кµрсетілген, бірақ терењдей жан-жақты ашып берілмеген. М±ны кµлемі шаѓын ењбектен талап ету орынсыз.

Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми ењбектері жµнінде қазақ әдебиеттану ѓылымында біршама тыњ пікірлер қалыптастырѓан зерттеулердіњ бірі Р. Зайкенованыњ жоѓарыда аталѓан кандидаттық ж±мысы.

Қ. Ж±малиев туралы жоѓарыда кµрсетілген бірлі жарлы ењбектер болѓанымен әлі де айтыла берер, ашылып, айқындала т‰сер т±стары да жетерлік. Сан- салалы ѓалым ењбектерініњ әр саласын арнайы зерттеп, б‰гінгі кµзқарас т±рѓысынан байыпты баѓасын беруіміз қажет.

Профессор Қ. Ж±малиевтіњ “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихыныњ мәселелері” деген ењбегі қазақ әдебиеттану ѓылымына ‰лкен бір серпіліс алып келді. М±ны сол кездерде мерзімдік баспасµздерде жарияланѓан мақалалардыњ молдыѓынан байқауѓа болады. Зерттеуші ењбегініњ жањалықтылыѓы ауыз әдебиеті жµніндегі зерттеулерде олқы саналып келген шыѓарманыњ қ±рылысы мен тіліне кµп кµњіл аударуы.

“Эпостық жырларды зерттеудегі автордыњ бір ерекшелгі: қай жырды алмасын, оныњ барлық варианттарынан толық хабар бере кетеді және оларды зерттеушілердіњ ењбектерінде қалдырмай атайды. Қаһармандық жырлардыњ идеялық мазм±нын ашумен бірге олардыњ кµркемдік ерекшеліктері де толық қамтылады. Б±рынѓы зерттеушілер қай жыр жµнінде болса да “тілі бай, әрі кµркем” деген бір µлшеммен µте шыѓатын еді. Ал, Қажым б±л ењбегінде әр жырдыњ кµркемдік әдістері неде, олар не ‰шін қолданылѓан және жеке-жеке кµркемдік әдістер қалай берілген деген с±рақтарѓа толық жауап береді”- дейді [5] .

Ѓалым сонау µткен ѓасырдыњ 40-шы жылдары батырлық жырлар мен тарихи жырлардыњ арасындаѓы жанрлық ерекшеліктері толық ашыла қоймаѓан кездіњ µзінде де, б±лардыњ негізі бір болѓанмен эпос жанрыныњ дамуындаѓы екі сала екендігін нақты мысалдармен дәлелдеп бере алѓандыѓын кµреміз. Зерттеуші сол кездіњ µзінде тарихи жырдыњ табиѓаты туралы: “Жырдаѓы суреттелген персонаждардыњ бәрі болмаса да, кµпшілігі сол тарихи оқиѓаѓа шын қатысқан, тарихта болѓан адамдар жайлы поэма жырлар тарихи жырлар болып саналады” деп д±рыс т±жырым жасай білген [6, 108 б] .

Эпостық жанрдыњ бір т‰рі жазба әдебиеттегі поэмалар деп таныѓан ѓалым, қазақ әдебиетінде м±ны қалыптастырушы, дамытушы Абай деген қорытынды жасайды. Ѓылыми ењбектерінде салыстыра отырып зерттеу әдісін жиі қолданатын ѓалым, жазба әдебиеттегі поэмалардыњ эпостық жырлардан айырмашылыѓы, “- жоққа сенушіліктен арылуы, т±жырымды шындықты кµрсетуі, кейде болѓан шындықтан гµрі, болуы м‰мкін шындықты суреттеуге әдейі, саналы т‰рде баруы, қысқасы, мәдениеттіњ жоѓарылыѓы” деп баѓалайды [7, 233 б] .

Зерттеуші жазба әдебиеттегі поэмаларды талдау барысында әр ақынныњ µзіндік қол тањбасын, стильдік ерекшеліктерін ашып кµрсетуге тырысқан. Қазақ әдебиеттану ѓылымында стильдік даралықты айқындау сияқты к‰рделі зерттеу ж±мысын жолѓа қоя білуде Қ. Ж±малиевтіњ ењбегі ±шањ-тењіз екендігін ешкім жоққа шыѓара алмайды.

Эпостық жанрдыњ және бір т‰рі қара сµзбен жазылѓан әњгіме, повест, роман екендігі белгілі. Міне, осы кµркем д‰ниелер жайында ѓалым пайымдаулары әлі µз баѓасын алып ‰лгерген жоқ.

Біз б±л диссертациялық ж±мысымызда ѓалымныњ эпостық жанр т‰рлеріне байланысты айтылѓан ой-пікірлермен қоса, аталмыш жанрдыњ дамуындаѓы қос сала, батырлық жырлар мен тарихи жырлар туралы б±рын тиым салып айтылмаѓан тыњ кµзқарастарында саралауды алѓа қойып отырмыз.

Зерттеудіњ мақсаты мен міндеті . Ж±мыстыњ мақсаты қазақ әдебиеттану ѓылымыныњ кµрнекті т±лѓасы Қ. Ж±малиевтіњ әдебиет тектерініњ бірі эпостық жанрѓа жататын шыѓармалар хақында айтқан пайымдауларын талдау. Осы баѓдарлы ж±мыста мынадай міндеттерді орындау кµзделді:

  • Батырлық жырларды зерттеудегі ѓалымныњ ерекшелігін анықтау;
  • Эпостық жанрдыњ дамуындаѓы екі саты батырлық жыр мен тарихи жырдыњ бірлігі мен айырмашылыѓы туралы ой-толѓамдарыныњ мањыздылыѓын кµрсету;
  • Абай және оныњ шәкірттерініњ қазақ поэзиясына әкелген жањалықтары туралы зерттеуші пайымдауларыныњ мәнін ашу;
  • Қазақ ақындарыныњ стильдік ерекшелігін айқындауда ѓалым т‰йіндерініњ сырын ашу.
  • Ы. Алтынсаринніњ педагог-жазушылыѓы мен С. М±қановтыњ к‰рескер тап жазушылыѓына қатысты ѓалым кµзқарастарыныњ мәнін ашу;

Зерттеу нысанасы . Дисертациялық ж±мыстыњ басты нысаны, зерттеу материалдары ретінде академик Қ. Ж±малиевтіњ халықтық м±ралар мен қазақ қаламгерлері шыѓармашылыѓына қатысты жазылѓан ѓылыми-зерттеу ењбектерініњ даралық сипаттары екшеліп алынды.

Зерттеу ж±мысыныњ әдістемелік және теориялық негіздері . Диссертациялық зерттеу ж±мысын жазуда әдебиеттану ѓылымындаѓы осы тақырыпқа қатысы бар отандық жғне шетелдік ѓалымдардыњ теориялық т±жырымдары, талдаулары басшылыққа алынды. Ш. Уәлихановтыњ, Х. Досм±хамед±лыныњ, С. Сейфулинніњ, М. Әуезовтіњ, С. М±қановтыњ, Б. Кенжебаевтыњ, Ғ. Қоњыратбаевтыњ, Ә. Марѓ±ланныњ, Т. Н±ртазинніњ, М. Атымовтыњ, А. Н±рқатовтыњ, З. Ахметовтыњ, С. Қирабаевтыњ, Т. Кәкішевтіњ, З. Қабдолловтыњ, Р. Бердібаевтыњ, С. Қасқабасовтыњ, Ш. Сәтбаеваныњ, Н. Дәдебаевтыњ, С. Негимотыњ, Қ. Әбдез±лыныњ, З. Бисенѓалиевтіњ, Ж. Тілеповтіњ, З. Сейітжанұлының, Р. Тұрысбековтың, Ө. Әбдиманұлының, Р. Зайкенованың, Қ. Мәдібайдың және т. б. ѓалымдардыњ ењбектері әдістемелік баѓыт-баѓдар т±рѓысында негізге алынды.

Зерттеу әдістері. Тарихи-салыстырмалы және кешенді-ж‰йелі талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудіњ ѓылыми жањалыѓы . Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми-зерттеу еңбектеріндегі әдебиет тектерінің бірі эпостық жанрдың түрлеріне жататын шыѓармаларѓа қатысты ой т‰йіндерін ж‰йелі, ѓылыми т‰рде нақтылайды. Бұл жанр т‰рлерініњ µзіндік ерешеліктерін айқындау барысында жасалѓан т±жырымдар қазақ әдебиеттану ѓылымын толықтыратын тұжырымдар ретінде сараланады. Жалпы ±лттық әдебиеттану ѓылымына ѓалымныњ қосқан ‰лесі анықталып, ѓылыми кµзқарастары нақтыланады. Ѓалым ењбектерін зерттеуде аталмыш тақырып бойынша әдістемелік негіздер жасалды.

Зерттеудіњ ѓылыми-практикалық мәні . Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиеттануында жинақталѓан ѓылыми т±жырымдар мен теориялық қаѓидаларды толықтырады. Зерттеу ж±мысыныњ негізгі нәтижелерін жоѓары оқу орынарындаѓы қазақ әдебиеті оқытылатын лекцилық дәрістерде және семинар сабақтарда пайдалануѓа болады. Сонымен бірге, б±л зерттеуді арнайы курстарда да кµмекші оқу қ±ралы ретінде пайдалану м‰мкіндігі анық.

Қорѓауѓа ±сынылатын т±жырымдар . Кез келген әдебиет зерттеуші т±лѓа - жалпы ±лттық шыѓармашылық ойдыњ дамуында белгілі бір мән-мањыз иеленетін қ±былыс. ХХ ѓасырдыњ 30-60 жылдары әдеби µмірге белсене араласқан Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми-зерттеу ењбектері де қазақ әдебиеттануыныњ қалыптасу жолында, сол арқылы жалпы әдебиеттану ѓылымыныњ даму ‰рдісінде µзіндік орын алары анық. Сол себепті Қ. Ж±малиевтіњ ѓылыми м±раларын б‰гінгі кµзқарас т±рѓысынан зерттеу, шынайы баѓасын беру, ѓылыми айналымѓа қосу - уақыт талабынан туындап отырѓан қажеттілік. Ѓылыми зерттеу ењбектерінде Қ. Ж±малиев кµтерген мәселелер мен ѓалымныњ ортаѓа салѓан ой-т±жырымдары қазіргі тањда да µзініњ кµкейкестілінін әлсіреткен жоқ. Демек, Қ. Ж±малиев ењбектерініњ мазм±н-мәнін зерделеу қазақ әдебиеттану ѓылымыныњ даму жолын айқындауда, сапалық сипатын белгілеуде нақты мањыз иеленері сµзсіз.

Ж±мыстыњ сарапталуы мен сыннан µтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері мақала, тезистер түрінде ҚазҰУ - де М. Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткен халықаралық конференцияда, ҚазҰУ “Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда баяндамалар жасалып, “Қазақ тілі мен әдебиеті” секілді ғылыми - көпшілік басылымдар мен халықаралық конференциялар материалдары жинақтарында жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан түрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Қ. Ж¦МАЛИЕВ - БАТЫРЛЫҚ, ТАРИХИ ЖЫРЛАР ХАҚЫНДА

  1. Эпикалық жырлар

Академик Қ. Ж±малиев әдебиет тектерінің бірі-эпос олардыњ жанрлық т‰рлері, µзіндік туу, қалыптасу, даму жолдары туралы қазақ әдебиеттану ѓылымында т±шымды ойлар айтып, ѓылыми салмаѓы бар зерттеу ењбектер жазѓан аѓа буын ѓ±лама ѓалымдарымыздыњ бірі.

Ѓалым 1938 жылы алѓаш жарлық кµрген “Әдебиет теориясынан” бастап, соњѓы 1967 жылы шыққан “Х‡ІІІ-ХІХ ѓасырлардаѓы қазақ әдебиетті” аралыѓында эпостық жанрдың түрлеріне қатысты пайымдауларын жетілдіріп отырѓаны әдебиет зерттеушілерге мәлім.

Ғалым өзінің тырнақ алды жоғарыда аталған теориялық еңбегінде эпостық жанр түрлеріне жататын көркем шығармаларды нақтылап тарата түседі: “Эпостық жанрдың ең ескі және көлемді түрінің бірі-эпостық поэмалар немесе батырлар жыры”-дейді [7, 231 б] .

Б±л ретте ол бір жақты социологиялық талдауѓа ±рынбай, батырлық, жырлардыњ туу себептері мен µзіндік ерекшеліктерін ашып кµрсетуге баса назар аударады.

“Қай елдің эпосы болсын белгілі бір тарихи оқиғаның ізін баса туатынға ұқсайды және ол бір күн, не бір жылдың ғана жұмысы емес, халықтың басынан өткізген талай заман, талай ғасыр, талай тартыстардың нәтижесі. Бір батырдың ерлік өмір туралы, не жалғастыра жырланатын көп батырлардың күрестері туралы жырлар талай жылдарды, талай шығарушы, жырлаушыларды бастарынан өткізіп барып халық қазынасына айналады. Қазақ эпостарыда осыны аңғартады”-деп эпостың жанрлық ерекшелігін айқындай түседі [1, 10 б] .

Фольклористика ғылымындағы эпостық жырлардың көбіне тән негізгі белгілердін бірі-батырдың ғажайып туысы екендігін ашып бере алған ғалым пікірін реттік жүйемен көрсетер болсақ: Бірінші - ол қолда бар эпостардыњ кµпшілігінде кездесетін бас қаһармандардыњ тәњірден тілеу арқылы туылѓан жалѓыз ±л болып келетіндігі. Екінші - б±ныњ µзі әке-шешесі бала с‰ю жасынан µткенде кµптеген қиындықтардан кейін барып кµретіндігі. Үшінші - жырлардаѓы тілеп алѓан баланыњ бойѓа бітуіне себепші, жарылқаушы әулие-әмбиелер кейде Баба т‰кті шашты Әзиз немесе Қырық Шілтен. Б±ныњ б±лай болуы халықтыњ ислам дініне дейінгі және кейінгі нанымымен байланыстылығы. Төртінші - туар баланыњ тегін еместігін ањѓартқандай анасыныњ аю, айдаһар, жолбарыс етіне ањсары ауып, жерік болуы. Бесінші -к‰ні жетіп, µмірге келген перзенттіњ ерекшелігі к‰н санап µсіп, алты жасында ат жалын тартып мінуі.

Міне, осы айтылѓандардыњ бәрі қазақ батырлық жырларының табиѓатын танытатын белгілер. Бойк‰йездікті тастап, іргелі ел болу жолында жеделділікті, имандылықты жанына серік етуді ањсаѓаннан туѓан тілектер.

Эпикалық жырларға тән негізгі бір еркешелік елдік мәселесі деп таныған ғалым, бұл патриоттық тілекпен байланысты деген топшылау жасайды.

“Қамбар” жырында ел басына екі талай к‰н туѓанда, батыр қыз Назымныњ аѓаларына деген ренішін ±мытып, елдік мәселесін бірінші орынѓа қояды. М±ны біз мына бір ‰зіндіден кµре аламыз:

Қамбар айтты: Жәдігер,

Қылмањыз кµп уайым.

Әуелі алла, екінші,

Ж±рт ‰шін белді буайын.

Отыњды жанѓан µшіріп,

Асырып қырдан қуайын.

. . .

Әзімбайдыњ ақымақ

Алты итіне µкпелеп,

Жаманныњ ісін қылмайын.

Немесе:

Сайратып тілді кµмейден,

Жаѓымды қайрап безеймін.

Бµтен туѓан бала едіњ,

Ж±ртқа т±лѓа болѓандай.

Сол себеп сені тежеймін.

Қыз Назымныњ аузынан айтылѓан б±л шумақтыњ да тµртінші жолында елдік мәселесі кµтеріліп т±рѓанын байқаймыз. “Ер Тарѓын” жырында елдік мәселесі Тарѓын арқылы ѓана кµрініп қана қоймайды. Елдік м‰ддені кµздеушілер қатарын Сыпыра жырау, Қарт Қожақ, Ақж‰ністер толықтырады. Мысалы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Тарихи роман поэтикасы
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz