Мемлекеттің типологиясы жайлы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Тарау М емлекеттің типологиясы
1. 1. М емлекеттің типологиясы ұғымы . . . 5
1. 2. М емлекеттің типологиясының түрлері . . . 13
2. Тарау М емлекеттің формалары
2. 1. Мемлекеттік басқару формасы . . . 27
2. 2. Мемлекеттік құрылымы . . . 41
2. 3. Саяси режим . . . 47
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Жалпы мемлекет деген қоғамды басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады.
Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: Формациялық; Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы рстінде танылды.
Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды.
Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сойкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекеттің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді:
Алғашқы қауымдық құрылыс; Құл иленуші экономикалық формация; Феодалдық экономикалық формация; Буржуазиялық экономикалық формация; Социалистік экономикалық формация; Қоғамдық өзін-өзі басқару; Құл иеленуші типтегі мемлекет; Феодалдық типтегі мемлекет; Буржуазиялық типтегі мемлекет; Социалистік типтегі мемлекет. Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш карама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін калыптастырады.
Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады.
1. Тарау М емлекеттің типологиясы
1. 1. М емлекеттің типологиясы ұғымы
Мемлекет деген қоғамды басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты.
Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1. Формациялық; 2. Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы рстінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды.
Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сойкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Формациялық мағынада мемлекеттің тарихи типтері былайша көрініс береді:
Алғашқы қауымдық құрылыс
Құл иленуші экономикалық формация
Феодалдық экономикалық формация
Буржуазиялық экономикалық формация
Социалистік экономикалық формация
Қоғамдық өзін-өзі басқару
Құл иеленуші типтегі мемлекет
Феодалдық типтегі мемлекет
Буржуазиялық типтегі мемлекет
Социалистік типтегі мемлекет
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш карама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады.
Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін калыптастырады. К. Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды:
«Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді . . . Осы өндірістік катынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды.
Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік катынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады.
Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-көпті кысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады». К. Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.
Құл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өңдірістік кұрал-жабдықтарға деісіі жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелсй құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады.
Біріншісі - қоғамның экономикалық негізі, екіншісі - імиси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: Құл иеленушілер және құлдар.
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал тап-і лрының жерге деген жеке меншігі құрайды.
Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде қадалайды.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін буржуазия табының өндірістік құрал жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды.
Маркстің саяси-құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму заңдылықтарымен социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.
Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігін құрайды, ал саяси негізі пролетариат және шаруалар табының билігі ретінде бағаланды. Социалистік мемлекет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе жалпы халықтык мемлекетке айналады.
Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы табының коммунистік партиясы танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т. б. ) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік мағына. Сонымен қатар социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, нилікті болу идеясы кабылданбайды және плюрализмге жол бермейді.
Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік саясаттың негізгі құралдарына айналады.
Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау мен күштерді үш бағытта жүргізді.
Меншікке карсы жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық номенклатура билеген мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды.
Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп төккен жалақысы-ның 36% ғана иемделінді, қалғандары мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.
Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме жасаудан, космос корабіліне дейін) және бәсекелестікті жою саясаты мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.
Жеке адамға қарсы күш қолдану, адам құқын аяққа тап-тайды, еркін пікір білдіруге қатаң түрде тыйым салады.
Оның барлық қимыл-әрекеттері мемлекет тарапынан бақылауға алынады. Социалистік мемлекет жеке адамды қақпанда ұстайды. Соның нәтижесінде тек қана 1919 жылы 1 миллион 114 мың қазақ кұрбандықка ұшырады, меншікті тартып алудың салдарынан 1930-32 жылдары, қолдан жасалған этноцидтен үш миллионға жуық қазақ қырылды, 75 мың бетке ұстар перзенттеріміз қуғын-сүргінге ұшырап түрмелерде қаза тапты, оның 22 мыңы атылды. Бұл социалистік типтегі мемлекеттің қазақ жеріндегі көрінісі. Жалпы алып карағанда мемлекеттердін формациялық типологиясы барлык халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды.
Соған байланысты типологияның түрлерін өркениеттік мағана сипатымен түсіндіру бар. Мысалы, А. Тоинби қоғам мен мемлекеттердің типологиясының негіздерін анықтауда тек экономикалық қатынастарды ескеріп кана қоймай, сонымен қатар мәдени, діни факторларды ескеру кажет екенін дәлелдейді.
Ол дүниежүзілік тарихта 21 астам өркениет қалыптасқанын атап көрсетті. Мысалы, египет, қытай, араб, мексика, православия, иран, сирия, батыстык, мая, инкілер, ацтектер т. б., өркениеттер. Зерттеуші О. Шпенглер 8 өркениеттік дамумен шектеледі.
А. Тоинбидің пікірінше, мемлекеттер пайда болғаннан кейін өзінің биік даму, өркендеп өсу шыңына жеткеннен кейін, міндетті түрде күйрейді осылай даму арқылы мәңгілік айналым болып тұрады. Өркениеттік типология негізінде мемлекеттердің барлығын бір-біріне ұксас даму сатыларынан етеді деген тезисті жоққа шығарып, дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды, ал мемлекеттер мен халықтардыңтарихқа қосқан мәдени үлестерін бүкіл адамзаттың жетістігі деп бағалайды. Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр.
Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен сарапталады.
Жоғарғы технологияны еңгізу мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін халықтың әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндіктер туғызады. XVII ғасырда ойшыл Кристофор Келлер (Целлариус) мемлеке-тердің типологиялық даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп, олардың даму заңдылықтарын зерттеу қажеттілігін дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып, діни мағынадағы сипатқа ұласты.
Жаңа заманда мемлекетті «бірігу» «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы, Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, - жетілдірілген» одағы деп аныктама берсе, Иммануил Кант: «Мемлекет - көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» - деген тұжырымды ұсынды. Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процесін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Теорияда қабылданған мемлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм қалыптастырған мемлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жен.
Негізінде евоцентристік көзқараста болған А. Тоинби, О. Шпенглер және Ресей зерттеушілері көшпенділерді «жабайы орда» ретінде бағалады, олар қалыптастырған мемлекеттік жүйені жалпы мемлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциялық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттеліңді.
Себебі, «Қазақтардың қоғамдык қатынастарын қате баяндау оларды тек қана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістеме-лерінің терістігінен болған.
Олар қоғамдық кұбылыстарды танудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегеңде адал ниетпен байқағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын зандар белгісіз болып қала берді». Сонда көшпенділердің мемлекеті ғылыми жағынан алып қарағанда типологияның кандай түріне кіруі қажет? Көшпенділердің тарихын мол зерттеген Е. И. Кычанов, «біз көшпенділер мемлекеті туралы жазамыз, бірақ жеке алып қарағанда, көшпенділердің мемлекетінің бұрын болғанын осы күнге дейін дәлелдеп келеміз», - деп жазды. Н. Масанов көшпенділердін жалпы қоғамдық экономикалык формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе олардың коғамдық-саяси кұқықтық дамуын әмбебаптық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады. Шын мәнінде назар аударарлық пікір.
Көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша «көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс
Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта «базис», «қондырма» ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері «жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату . . . ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі болып табылады.
Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған».
Осыған байланысты казақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін болсақ оның «билік жүргізу формасы алғашкы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым.
Бұл кезеңде рулық кұрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады».
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Механизмнің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жузіне асыру ушін кәсіби дайындық негізінде қурылган органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігіретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, колдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар зандылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.
Президентінің «Қазақстан-2030». Жолдауында мемлекеттік аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принциптері белгіленген:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
2. Стратегиялар негізіңдегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, іс-шаралардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішіңде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
1. 2. М емлекеттің типологиясының түрлері
Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді:
1 . Формациялық; 2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы рстінде танылды.
Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды.
Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сойкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекеттің тарихи типтері тізбе жүзінде былайша көрініс береді:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс
2. Құл иленуші экономикалық формация
3. Феодалдық экономикалық формация
4. Буржуазиялық экономикалық формация
5. Социалистік экономикалық формация
6. Қоғамдық өзін-өзі басқару
7. Құл иеленуші типтегі мемлекет
8. Феодалдық типтегі мемлекет
9. Буржуазиялық типтегі мемлекет
10. Социалистік типтегі мемлекет
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы құрайды.
Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш карама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін калыптастырады.
К. Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық - С. Ө. ) қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді . . .
Осы өндірістік катынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды.
Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік катынастарға қайшы келеді.
Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-көпті кысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады».
К. Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.
Құл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өңдірістік кұрал-жабдықтарға деісіі жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелсй құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады.
Біріншісі - қоғамның экономикалық негізі, екіншісі - саяси негізі.
Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: Құл иеленушілер және құлдар.
Феодаддық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге деген жеке меншігі құрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады.
Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде қадалайды.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін буржуазия табының өндірістік құрал жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады.
Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды. Маркстің саяси-құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму заңдылықтарымен социалистік мемлекетпен ауыстырылды.
Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.
Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігін құрайды, ал саяси негізі пролетариат және шаруалар табының билігі ретінде бағаланды.
Социалистік мемлекет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе жалпы халықтык мемлекетке айналады. Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы табының коммунистік партиясы танылады.
Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т. б. ) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік мағына.
Сонымен қатар социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, нилікті болу идеясы кабылданбайды және плюрализмге жол бермейді.
Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік саясаттың негізгі құралдарына айналады.
Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау мен күштерді үш бағытта жүргізді.
1. Меншікке қарсы жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық номенклатура билеген мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп төккен жалақысы-ның 36% ғана иемделінді, қалғандары мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz