Шығыс Қазақстанның табиғи – рекреациялық ресурстары және оларды пайдалану



Қазақстан орманының жартысы дерлік осы Шығыс Казақстан облысында
Бұл өңір тамаша демалыс орны ретінде әйгілі. Мұнда: "Айна", "Садко", "Шуақты", "Көгілдір шығанақ", "Мөлдір бұлақ", "Алтай шығанағы"
Шыңғыстаудың батысындағы Қоңыр Әулие үңгірі
Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше туристік нысандардың
Гидрологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктер туралы
Шығыс Қазақстан облысы - табиғи-рекреациялық ресурстар жағынан бай, туризмнің әр түрлерін дамытуға ыңғайлы аймақ. Мұнда туристер назарын аударатын негізгі бірнеше табиғи – рекреациялық нысандар бар. Олардың қатарына: Алтай тауы және тауалды орманы, табиғаты ерекше Марқакөл көлі, Сауыр мен Тарбағатай таулары, еліміздегі көлемі жөнінен бесінші орын алатын Зайсан көлі, Қазақстандағы ең ірі өзен - Ертіс, сонымен қатар табиғаты ерекше Рахман, Язь, Себі көлдері, т.б. жатады. Ал Қатон-Қарағай ауданындағы Рахман бұлағы және Мақаншы ауданындағы Барлық арасан минералды су бұлағы республика бойынша ерекше орын алады.
Шығыс Қазақстан облысы табиғат жағдайлары бойынша алуан түрлі, өйткені оның аумағы ұсақ төбелі жазықтар мен биіктігі орташа тауларды ғана емес, сондай-ақ, тау арасындағы көлемді қазаншұңқырларды, айтарлықтай кең өзен аңғарларын және мәңгі қар мен мұздықтар басқан биік тауларды қамтиды. Сондықтан, жер бедері мен климатының, топырақ, өсімдік зоналарының барынша алуан түрлілігі бұл облыстың табиғатына ерекше қайталанбас өсімдік береді.
Қазақстан орманының жартысы дерлік осы Шығыс Казақстан облысында. Мұнда, көбінесе, қылқан жапырақты орман кездеседі. Шырша аралас май қарағайлы орман таудың бөліктерін өрмелеп өседі. Қайыңды тоғайы санаторийлер мен демалыс үйлері үшін таптырмайтын орын. Теңіз деңгейінен 1760м. биіктікте Алтай тауларының ішінде табиғаты әсем екі көлдің аралығында "Рахман бұлағы" курорты орналасқан. Ал "Лениногор" санаториі қолайлы климаттық жағдайымен, қызмет көрсету сапасының жоғарылығымен демалушылар арасында белгілі дәрежеге ие болып отыр.
Аймақ флора мен фаунаға өте бай. Жануарлар дүниесінен, әсіресе, терісі бағалы аңдар көп. Ақтиін, ақшыл күзен, сарышұнақ, суыр, борсық, түлкі, қасқыр, аю, марал мекендейді .
Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су жөне әуе, яғни транспорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Облыста туризмнің мейлінше қарқынды дамуынан транспорт жағдайлары біршама қолайлы. Аумақтағы темір жолдың ұзындығы 1200 шқ., тас жол ұзындығы 16,3 мың шқ. авто туризмді дамытудағы ыңғайлы тас жол облыстың Өскемен сияқты ірі туристік орталықтарын Қарағанды, Алматы, республикамыздың бас қаласы Астанамен байланыстырады. Маңызды автомобиль жолдары: Семей –Қарқаралы – Қарағанды, Павлодар – Семей – Алматы, Аягөз – Бақты - Жаңғызтөбе - Өскемен. Алматы, Москва, Ташкент, Новосибирск, Свердловск, Омбы, Қарағанды, Павлодар, Астана арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
1. Природа и хозяйства Восточного Казахстана // Алматы. Наука, 1979, 250-6.
2. Б.Кузьменко. // Ертіс өңірі. Алматы. Қайнар, 1984, 37-135-6.
3. Туристский справочник - К2, 2007, 210-214-6.
4. Ж. Достай. Научные основы управления гидроэкологическим состоянием бессточных бассейнов Центральной Азии на примере бассейна оз.Балкаш). Автореферат дисс. ... д.г.н. Алматы. 1999. с. 48.
5. С. К. Давлетгалиев. Анализ однородности гидрологических данных, Алматы. Қазақ университеті, 2000. с.103.
6. У. М. Ахмедсафин, В. Ф. Шлыгина. Формирование подземных вод. Алматы. Наука КазССР, 185. с.160.
7. Ж. Достаев. Трансформация стока рек северного склона Заилийского Алатау,/ Автореферат дис. ... к.г.н. Л., 1990. с. 20.

Шығыс Қазақстанның табиғи – рекреациялық ресурстары және оларды пайдалану.
Шығыс Қазақстан облысы - табиғи-рекреациялық ресурстар жағынан бай,
туризмнің әр түрлерін дамытуға ыңғайлы аймақ. Мұнда туристер назарын
аударатын негізгі бірнеше табиғи – рекреациялық нысандар бар. Олардың
қатарына: Алтай тауы және тауалды орманы, табиғаты ерекше Марқакөл көлі,
Сауыр мен Тарбағатай таулары, еліміздегі көлемі жөнінен бесінші орын алатын
Зайсан көлі, Қазақстандағы ең ірі өзен - Ертіс, сонымен қатар табиғаты
ерекше Рахман, Язь, Себі көлдері, т.б. жатады. Ал Қатон-Қарағай ауданындағы
Рахман бұлағы және Мақаншы ауданындағы Барлық арасан минералды су бұлағы
республика бойынша ерекше орын алады.
Шығыс Қазақстан облысы табиғат жағдайлары бойынша алуан түрлі, өйткені
оның аумағы ұсақ төбелі жазықтар мен биіктігі орташа тауларды ғана емес,
сондай-ақ, тау арасындағы көлемді қазаншұңқырларды, айтарлықтай кең өзен
аңғарларын және мәңгі қар мен мұздықтар басқан биік тауларды қамтиды.
Сондықтан, жер бедері мен климатының, топырақ, өсімдік зоналарының барынша
алуан түрлілігі бұл облыстың табиғатына ерекше қайталанбас өсімдік береді.
Қазақстан орманының жартысы дерлік осы Шығыс Казақстан облысында.
Мұнда, көбінесе, қылқан жапырақты орман кездеседі. Шырша аралас май
қарағайлы орман таудың бөліктерін өрмелеп өседі. Қайыңды тоғайы
санаторийлер мен демалыс үйлері үшін таптырмайтын орын. Теңіз деңгейінен
1760м. биіктікте Алтай тауларының ішінде табиғаты әсем екі көлдің
аралығында "Рахман бұлағы" курорты орналасқан. Ал "Лениногор" санаториі
қолайлы климаттық жағдайымен, қызмет көрсету сапасының жоғарылығымен
демалушылар арасында белгілі дәрежеге ие болып отыр.
Аймақ флора мен фаунаға өте бай. Жануарлар дүниесінен, әсіресе, терісі
бағалы аңдар көп. Ақтиін, ақшыл күзен, сарышұнақ, суыр, борсық, түлкі,
қасқыр, аю, марал мекендейді .
Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су жөне әуе, яғни
транспорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Облыста туризмнің мейлінше
қарқынды дамуынан транспорт жағдайлары біршама қолайлы. Аумақтағы темір
жолдың ұзындығы 1200 шқ., тас жол ұзындығы 16,3 мың шқ. авто туризмді
дамытудағы ыңғайлы тас жол облыстың Өскемен сияқты ірі туристік
орталықтарын Қарағанды, Алматы, республикамыздың бас қаласы Астанамен
байланыстырады. Маңызды автомобиль жолдары: Семей –Қарқаралы – Қарағанды,
Павлодар – Семей – Алматы, Аягөз – Бақты - Жаңғызтөбе - Өскемен. Алматы,
Москва, Ташкент, Новосибирск, Свердловск, Омбы, Қарағанды, Павлодар, Астана
арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Жалпы, Шығыс Қазақстан бойынша нағыз туристік маусым жаз айларына
келеді. Яғни мамыр айынан қыркүйекке дейін емдік-сауықтыру
(бальнеологиялық, балшықпен емдеу), спорттық (жаяу, тау, су, велосипед)
туризм түрлерін дамытуға қолайлы.
Ал қыста Алтай тауларында шаңғы туризм түрлерін, ал жалпы жыл бойында
мәдени – сауықтыру, коммерциялық – іскерлік, конгрестік, этникалық және дін
мақсатында туризм түрлері ұйымдастырылады.
Шығыс Қазақстан облысының гидрографиялық торы өте жиі. Басты өзендері
Ертіс және оның салалары: Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Уба. Ертіс
оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ағып, аумақты батыс Сібірмен
жалғастырады. Жалпы өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді.
Рахманов су көзінен 10-15 шқ. жерде Ақберелі өзенінің бойында Язь көлі
бар. Көлді қоршаған тау баурайында өскен кедір, қайың, т.б. ағаш көп. Берел
мұзының қуатты табанына ағатын Ақберелі өзенінің ағысы тым қатты. Өзеннің
төменгі сағасы ақбалшықты жынысты жауып өтеді. Осыдан барып оның суы
шынында да ақ болып көрінеді. Сондықтан да өзен Ақберелі аталады. Осы
Ақбереліге Көккөл келіп құяды. Шағын өзен 40-50м. биіктіктен келіп
құлайды. Мұндай биіктіктен құлап ағатын су сирек кездеседі. Сондықтан да
туристер бұған назар аудармай өте алмайды.

Ертіс өзені облыстың негізгі туристік-рекреациялық ресурстарының бірі.
Өзен суының молдығы, оның арнасы мен аумағы, табиғаты танымдық-спорттық,
ғылыми-тәрбиелік туризм түрлерін дамытуға мол мүмкіншілік береді. Өзен
арқылы қала аралық, мемлекеттер аралық туристік су жорықтарын ұйымдастыруға
болады.
Табиғат әуесқойларын Ертіс жолға, сапарға шақырады. Ертіс өңірінің жері
ғажап сұлу. Бұл өңір тамаша демалыс орны ретінде әйгілі. Мұнда: "Айна",
"Садко", "Шуақты", "Көгілдір шығанақ", "Мөлдір бұлақ", "Алтай шығанағы"
сияқты толып жатқан санаторийлер, пансионаттар, лагерьлер бар. Жаз
айларында бұл арада ондаған мың адам дем алады.
Демалысты "Алтай шығанағы" атты туристік лагерьде жақсы өткізуге
болады. Әсіресе, оның бір бағыты тамаша, көңіл сергітер кеп нәрсе көруге
болады. Жаңа келгендерді лагерьден автобусқа отырғызып, орманның
ортасындағы Язевка ауылына апарады. Сол арада олар алғаш рет шатырда түнеп,
ал таңертең саяхат сапары басталады. Орман ішіндегі жалғыз аяқ жолмен Язь
көліне дейін барасыз. Ертеңіне сыңсыған самырсын орманына етіп Кеккелдің су
құламасын нысанаға алып, Берел тау өзенінен өтесіз, Кеккел суы 40-50метр
биіктіктен сарқырап құлап жатыр. Содан кейін бірнеше ұтымды бағыт бойынша
саяхатқа шығасыз да, Үлкен Берелдің мәңгі мұзды шыңына көтерілесіз, саяхат
- соңында Қара Берелдің жағасымен түсесіз. Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ
нағыз табиғат әуесқойы алдынан Алтайдың талай тамаша сырларын ашатынын
айқын аңғаруға әбден болады. Сонымен Ертіс өңірі - алуан түрлі ғажап өлке
табиғат бейнесі, сұлулығы мен мән жағынан алғанда бірінен бірі асып
түседі.
Шығыс Қазақстан облысында аңшылар мен балықшыларды қызықтыратын жерлер
көп. Өзен – көлдері балыққа бай. Ертіс жағалауындағы далаларда қоян,
қасқыр, бөкен мекендейді.
Шыңғыстаудың батысындағы Қоңыр Әулие үңгірі – казақ даласында сирек
кездесетін табиғат ескерткіші. Үңгірдің аузы тар, ішінің биіктігі 25 м,
ұзындығы 100 метрге жуық, түбі мөлдір суға тіреледі. Кіре берісте бетін мүк
басқан қалың тас қорым жатыр.
Сонымен Шығыс Қазақстан облысыңда тау, су, шаңғы туризм түрлерін
дамытуға толық мүмкіндік беретін табиғи-рекреациялық нысандар мол, әрі өте
жиі кездеседі.
Кез келген облыстың географиялық орналасуы маңызды рөл атқарады, яғни
климат, таулы және орманды аудандардың болуы, шет еддермен қарым-қатынасы,
маңызды транзиттік жол үстінде орналасуы, т.б. ерекшеліктері ескеріледі.
Туристерге жағымды әсер қалыптастыратын тарихи, мәдени және басқа
нысандармен қатар көлікпен жету ыңғайлылығы, тиімді баға, жоғары сапалы
сервиспен қамтамасыздандырылған бағыттарды таңдайды. Жоғарыда аталған
элементтердің көрсеткіші, сапасы, деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
туристер үшін аталған географиялық аудан немесе нысан аса тартымды болып
көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысында туризмнің барлық түрлерін дамытуға толық
мүмкіндік бар. Туристер демалуына тамаша жерлер көп. Шығыс Қазақстанның
сарқылмас табиғи емдік байлығы, химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ
көздері, әр түрлі климаты мен әсерлі көрікті жерлері - жергілікті курорт,
санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы.
Облыс табиғатының сұлулығы, әсемдігі, алуан түрлілігі туристерді
қызықтырып, емдік сауықтыру, демалу шараларына зор мүмкіндік тудырады.
Жалпы туризм саласының өркеңдеп өрлеуі, тікелей табиғат жағдайларының
қолайлылығына байланысты.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық
ресурстарын ұтымды пайдаланудың жолдары жөнді зерттелмеген. Жалпы қазіргі
кезге дейін мемлекеттегі туризм тек коммерциялық бағытта дамып келеді,
жекелеген туристік фирмалар, кәсіпорындарда тек сыртқа шығу әрекеттерімен
айналысады. Бұл қабылдаушы мемлекет пен жекеменшік иесінің пайда – мақсатын
ғана көздейді. Болашақта Қазақстанда шаруашылықтың маңызды салаларының бірі
ретіндегі туризмді көтеру, одан әрі дамыту, оған жағдай жасау маңызды
мәселе болмақ.
Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше туристік нысандардың
кестесі.
Демалыс орныОрналасқан жері Туристік фирма Көрсетілетін қызмет
аты түрлері
Демалыс Таулы Үлбінің әсем "Алтай". ШҚО. 150 орынды кафе-бар,
орталығы табиғатында, ӨскеменӨскемен қаласы. камині мен бассейні
"Алтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстары
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Рекреациялық ресурстар
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Туризмнің дамуы
Пәндер