Қызылорда облысындағы өндіріс орындары және олардың экологиялық проблемалары. Мұнай өндірісі



1. Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
2. Мұнай өндірісінің экологияға тигізетін зияны.
3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
Облыс жерінде мұнайгаз барлауы соғыстан кейінгі жылдары жүрді. 1955 жылдары Сырдарияның төменгі ағысы Жосалы төбесі мен Төретам аралықтарында 100м тепеңдіктер бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Көлемді сейсмологиялық барлау жұмыстары 1967 жылы басталды, соның негізінде шығыс Арал өңірі келешегі зор екендігін көрсетті. Мұнай мен газдың пайда болуы мен сақталуына Юра мен төменгі бордың құмшауыт қабаты қолайлы жағдай жасайды.
Облыстағы экономикалық жағынан басымы – мұнай. Бүгінгі таңда облыс жерінде Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Қызылой, Ақсай- Нұралы, Ақшабұлақ, Бектас т.б. кен орындары ашылды. Солтүстік Арал бассейіні (құланды, Қаратуп, Көкарал) Арал- Шалқар темір жолына дейінгі аралықты алып жатыр. 1988 жылы ҚазССР ғылым Академиясының геологич институтының мамандарымен Құланды- Жылан Тасарық зонасының геологиялық құрылысы мен Арысқұм мұнайгаз бассейінінің ұқсастығы анықталған. Барлау кқрсеткендей «Құмкөл» мұнайының барлық қоры 155 млн тонна, ал алынатыны- 90 млн тонна, Арысқұм бассейінде Құмкөлден басқа, барланған кендердің қоры 200 млн тонна. Ал солтүстік Арал бассейіндегі Түнгүріксор кенінің қоры 100-1500 млн тонна деп есептеледі.
Қазіргі таңда бұл өңірде шетелдік инвесторларды тартып, көптеген «мұнай- газ» өндіру фирмалары жұмыс істеуде. Олар бір жағынан жергілікті халықты да жұмыспен қамтуда біршама роль атқаруда.
Облыстың отын- энергетика кешені отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді. Бұл екі ұғым бір сөзбен энергетика деп аталады. Энергетика бүкіл халық шаруашылығының басты, негізгі сапасы. Өйткені қазіргі атом, компьютер заманында халық шаруашылығының ешқандай саласы электр энергиясынсыз өз деңгейінде дамуы емес.
Облысымыз Республикасыздағы энергетиканың маңызды шикізаттық түрлерін өндіруден Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан облысынан кейінг үшінші орында.
Облыс отын- энергетикасы Республикамыздың энергетика базасының маңызды бөлігі болып отыр. Мұнай мен газ отынның қатты түрін пайдалануды азайтудағы бірден бір көз.
Соғысқа дейінгі жылдары облысымыз сыртқа қатты отын дайындайтын орталықтардың бірі болған. Бәйгеқұм станциясында үлкен «Өзтопторг» мекемсі жұмыс істеді. Ол Өзбекстанға сексеуіл отының дайындап, вагон- вагон отын жіберіп отырды.

Қызылорда облысындағы өндіріс орындары және олардың экологиялық
проблемалары. Мұнай өндірісі.

ЖОСПАР

1. Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
2. Мұнай өндірісінің экологияға тигізетін зияны.
3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
Облыс жерінде мұнайгаз барлауы соғыстан кейінгі жылдары жүрді. 1955 жылдары
Сырдарияның төменгі ағысы Жосалы төбесі мен Төретам аралықтарында 100м
тепеңдіктер бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Көлемді сейсмологиялық барлау
жұмыстары 1967 жылы басталды, соның негізінде шығыс Арал өңірі келешегі зор
екендігін көрсетті. Мұнай мен газдың пайда болуы мен сақталуына Юра мен
төменгі бордың құмшауыт қабаты қолайлы жағдай жасайды.
Облыстағы экономикалық жағынан басымы – мұнай. Бүгінгі таңда облыс жерінде
Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Қызылой, Ақсай- Нұралы, Ақшабұлақ, Бектас т.б.
кен орындары ашылды. Солтүстік Арал бассейіні (құланды, Қаратуп, Көкарал)
Арал- Шалқар темір жолына дейінгі аралықты алып жатыр. 1988 жылы ҚазССР
ғылым Академиясының геологич институтының мамандарымен Құланды- Жылан
Тасарық зонасының геологиялық құрылысы мен Арысқұм мұнайгаз бассейінінің
ұқсастығы анықталған. Барлау кқрсеткендей Құмкөл мұнайының барлық қоры
155 млн тонна, ал алынатыны- 90 млн тонна, Арысқұм бассейінде Құмкөлден
басқа, барланған кендердің қоры 200 млн тонна. Ал солтүстік Арал
бассейіндегі Түнгүріксор кенінің қоры 100-1500 млн тонна деп есептеледі.
Қазіргі таңда бұл өңірде шетелдік инвесторларды тартып, көптеген мұнай-
газ өндіру фирмалары жұмыс істеуде. Олар бір жағынан жергілікті халықты да
жұмыспен қамтуда біршама роль атқаруда.

Облыстың отын- энергетика кешені отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын
біріктіреді. Бұл екі ұғым бір сөзбен энергетика деп аталады. Энергетика
бүкіл халық шаруашылығының басты, негізгі сапасы. Өйткені қазіргі атом,
компьютер заманында халық шаруашылығының ешқандай саласы электр
энергиясынсыз өз деңгейінде дамуы емес. 
Облысымыз Республикасыздағы энергетиканың маңызды шикізаттық түрлерін
өндіруден Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан облысынан кейінг үшінші
орында.
Облыс отын- энергетикасы Республикамыздың энергетика базасының маңызды
бөлігі болып отыр. Мұнай мен газ отынның қатты түрін пайдалануды азайтудағы
бірден бір көз.
Соғысқа дейінгі жылдары облысымыз сыртқа қатты отын дайындайтын
орталықтардың бірі болған. Бәйгеқұм станциясында үлкен Өзтопторг мекемсі
жұмыс істеді. Ол Өзбекстанға сексеуіл отының дайындап, вагон- вагон отын
жіберіп отырды.

Арал экологиясы

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Мында өту: шарлау, іздеу

Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді
орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған
экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа
деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км2, көл. 1062 км3 болған. Өзендердің
теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге
бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады
(1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-
жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы
егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің
экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне
құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге
құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет
пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа
айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің
саны 28 (аум. 287,48 км2), антропогендік көлдің саны 195 (аум. 6421,71
км2), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл.
55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж.
ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі
болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы
шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал
өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа
жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына
байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа
салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-
ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты.
Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы
едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден
келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа
созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін
болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың
көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік
(фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті
Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына
әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе
көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75
млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға
дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария
және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер
қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның
көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты.
Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс.,
сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл
сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол.
жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40
км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. Арал-2006 бағдарламасы
бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің
өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен
(нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария
су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су
алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын
тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. Қызыл кітапқа
енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін
өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету
қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да
зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі
улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда.
Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик.
ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал
т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45
мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су
тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады.
1994 ж. Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды.
Қазақстанның Байқоңыр аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш
рет Арал өңірінің экологиялық картасы жасалды (1992). [1

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық ауруханасын оттегі концентраторымен
жабдықтауға бағытталған жоба. 7F-L3 оттегі концентраторы, медициналық
қажеттілік кезінде, атмосфералық ауадан оттегіні өндіруге арналған жабдық.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Арал теңізінің маңында экологиясы нашар
аймақта орналасқан. 1 жылдың, шамамен 240-270 күні бойы жел соғып, ауасы
өте құрғақ және де шаңды болып келеді. Бұл жағдай адамдардың, әсіресе
балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ауданда, жалпы саны 80 000-ға
жуық адам тұрады, соның ішінде 24 754-і бала. Басқа өңірлермен
салыстырғанда, бала туу саны әлдеқайда жоғары. Жыл сайын, бұл ауданда 2000
бала дүниеге келеді. Балалардың 1 жасқа дейінгі ауру саны 4198 бала, орташа
есеппен алғанда , 1 жыл ішінде 32% бала дүниеге ауру болып келеді. Соның
ішінде, тыныс алу жолдарында ақауы бар, көбінесе асфексияға душар болған
балалар, 71% құрап отыр. Бұл жәйт, жүкті әйелдердің қаны аздық ауруымен
ауруына тікелей байланысты, ол болса 82% жетіп отыр. Балалар соматикалық
бөлімшесінде ем алғандардың 60-65%, тыныс алу жолында аурулары бар балалар.

Ауданда орналасқан жалғыз 230 орындық аурухана бар. Бұл аурухана, Оңтүстік
Қазақстаннан баллонмен тасымалданатын оттегімен қамтамасыз етілуде. Осы
тәріздес жағдайларда, оттегі концентраторы, аурухананың оттегімен
қамтамасыз етудегі барлық мәселелерін шешетіні анық. Бұл құрылғылардың,
жаңа туған нәрестелердің тыныс алу жолдарындағы ауруларын емдеуде, әсіресе
шала туған балаларға тигізер септігі мол.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

2000-2009 жылдардағы спутниктік түсірілім

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км²,
тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-
150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі
игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,
Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980
жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі
себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-
1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су
айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін
артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен
химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік
факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.
тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

[өңдеу] Арал апатына себеп болған факторлар:

• жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
• ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
• суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп
жіберу;
• жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
• табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; оң жақта - 2003 жж.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған
қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда.
Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте
жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2
жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20
млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия
республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.
Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып
отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі
климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі
әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне,
экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған
балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз
қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде
соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-
тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241
Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің
негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш
полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған
жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат
аймағын, Байқоңыр ғарыш аймағын және қауіпті Возрождение аралын бұған
жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының
өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке
тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар
178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын
аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі
мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде.
Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер
мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып
отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары
иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта
куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002
жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293
баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала
ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен
жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала
(2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы
мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың
541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар
арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған
әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін
қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш
сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның
лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары
әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге
душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы,
планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін
Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені,
бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты.
Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал
өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп
төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100
шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған
теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте
Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн.
Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге
700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері
теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап
ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл
күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290
млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі
деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд.
тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар
мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар
ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге
құйылады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше облыс орталығында "Арал теңiзi бассейiнiнiң қазақстандық бөлiгiнiң
қазiргi кездегi жағдайын бағдарлау және су ресурстарын бiрлесiп басқаруды
енгiзудiң жолдары" тақырыбында ғылыми конференция болып өттi. Оның жұмысына
облыс әкiмiнiң орынбасары Бақыт Жаханов қатысты.

Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) Атқарушы дирекциясы мен
Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымының (ЕҚЫҰ)
Астанадағы орталығы және Қызылорда облысының әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен
өткен республикалық конференцияға 50-ге жуық мемлекеттiк органдар мен
халықаралық ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ мемлекеттiк емес ұйымдардың
төрағалары және ғылыми зерттеу институттарының жетекшi ғылыми қызметкерлерi
қатысты. Жиынды ашқан облыс әкiмiнiң орынбасары Бақыт Жаханов Кiшi Аралды
сақтап қалу үшiн Үкiмет тарапынан жасалған жұмыстарды, яки тәуелсiздiк
алған 20 жылдың iшiнде Арал теңiзi бассейiнiнiң қазақстандық бөлiгiнде
атқарылған жобалардың өңiр тұрғындарына пайдалы тұстарын саралап, жиынға
қатысушыларға сәттiлік тiледi. Ғылыми конференцияны халықаралық Аралды
құтқару қоры атқарушы дирекциясы төрағасының орынбасары Демесiн
Нұрмағамбетов жүргiзiп отырды. Жиында алғашқылардың бiрi болып сөз кезегiн
алған ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы орталығы директорының орынбасары Жаннет
Клетцер ғалым-мамандардың бас қосуымен өткелi отырған конференцияның
маңыздылығына тоқталды. Ол Арал теңiзiнiң қазақстандық аумағы мен Сырдария
өзенi бойында ұзақ уақыттан берi жасалып келе жатқан түрлi деңгейдегi
жобалардың алдағы күндерi де жалғасын табатынына сенiм бiлдiрдi. Және
ғылыми конференцияның қорытындысымен ұсыныстар дайындалып, ол ел Үкiметiне
жолданатынын атап өттi.

- Бүгiн бiз әлемдiк масшабта сөз болып жүрген Арал проблемасын, оның
iшiнде Сырдария өзенi мен Кiшi Арал теңiзi аумағындағы табиғи сулы-балшықты
жайылымдық жерлер мен көлдер жүйесiн сақтап қалу, ондағы бүкiл тiрi
организмдi қорғауға алу және су ресурстарын тиiмдi пайдаланудың жолдарын
талқылау үшiн жиналып отырмыз. Өйткенi, бұның бәрi тұтас бiр жүйе. Бiз
теңiздегi балықтарды ғана емес, ондағы өсiмдiк түрлерi мен жан-жануарларды,
құстарды да қорғауға алуға тиiспiз. Сонымен қатар, өзеннiң төменгi бөлiгiне
орналасқан оңтүстiктегi екi облыс тұрғындарына су ресурстары жетiспеуi
алаңдаушылық туғызуда. Экологиялық проблемаларды дер кезiнде шешу-
экономиканың дамуына септiгiн тигiзетiн болады, - дейдi ЕҚЫҰ-ның Астана
орталығының директоры Жаннет Клетцер.

Мұнан кейiнгi кезек экология, биология, орнитология саласын түбегейлi
зерттеп жүрген маман - ғалымдардың баяндамаларына берiлдi. Ғылыми
конференцияға қатысушылар ел Үкметi мен Қызылорда облысы әкiмшiлiгiнiң Кiшi
Аралды сақтап қалу жолында жасаған түрлi деңгейдегi жобаларының оң нәтиже
бергенiн, кейiнгi жылдары солтүстiк Арал теңiзiнiң гидроэколгиялық
жағдайының бұрынғыдан әлде қайда жақсарып, аталған аймақтың экожүйесiне
жағымды әсерi болғанын атап өттi. Әсiресе, Сырдария өзенiнiң Кiшi Арал
теңiзiне құятын төменгi бөлiгiндегi қоршаған ортаға оң әсерi болғанына,
яғни, өзеннiң кiшi теңiзге құятын сағасы аумағындағы көлдер жүйесi және
оның флорасы мен фаунасында айтарлықтай өзгерiстер болғанын зерттеушi
ғалымдар өз баяндамаларында ерекше тоқталып отырды. Бүгiнгi ғылыми
конференцияның мақсаты Сырдария өзенiнiң төменгi ағысы мен Кiшi Арал теңiзi
аумағындағы бүкiл тiрi организмдi, яки биологиялық әртүрлiлiктi сақтап
қалудың жолдарын талқылау екендiгi атап өтiлдi. Мәселен, "Сырдария өзенiнiң
төменгi ағысындағы биологиялық әртүрлiлiктiң қазiргi жағдайы" тақырыбында
баяндама жасаған ҚР бiлiм жқне ғылым министрлiгiнiң Ботаника және
фитоинтродукция институтының жетекшi ғылыми маманы, биология ғылымдарының
кандидаты Бақыт Сұлтанованың айтуынша тартылған теңiзбен бiрге мұндағы
өсiмдiктер әлемi де құрып бiтуге айналған-ды. Оритолог-ғалым Сергей
Скляренко Арал теңiзi мен ондағы көлдер жүйесiнде 2000 жылдары құстардың 55
түрi ғана мекен еткен болса, қазiр таңда олардың түрi көбейiп, 250-ге
жеткенiн атап өттi.

- Жалпы, елiмiзде құстардың 500-ге жуық түрi болса, олар елiмiздiң
үстiмен екi негiзгi трнасшекаралық жол арқылы ұшып өтедi екен. Олар -
Орталық Азия-Үндi және Батыс Азия-Африка жолдары. Қазақстан Үкметi соңғы
жылдары табиғатты қорғау, оның iшiнде жан-жануарлар дүниесiн қорғау iсiне
тиiстi көңiл бөлiп, ерекше қоғалатын аймақтар - қорықтардың санын көбейте
бастады. Ондағы жан-жануарлар әлемiн сақтауға мемлекет тарапынан бөлiнетiн
ресурстардың көлемi де артып келедi, - дейдi ол.

Сонымен бiрге, аймағымыздағы өсiмдiктер дүниесiнде де оң өзгерiстер
орын алған. Мұны биолог ғалым Бақыт Сұлтанова атап өттi. Оның айтуынша,
САРАТС жобасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш аймағындағы дауылдар және борасынмен құмтасымалдануын бағалау
Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Экологиялық жағдайдың нашарлауы
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
Пәндер