Шағын - дәріс "Гиперактивті деген не"



1 "Импульсивтілік белгілері" анкета
2 "Гиперактивті баланың портреті"
3 Гиперактивті баланы қалай айқындауға болады
9.Шағын.дәріс „Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады„
10 Гиперактивті баламен қалай ойнау керек
11 Гиперактивті балаларға арналған ойындар
Тренер "гиперактивтілік" терминін тұсіндіреді.
Әдебиеттерде "гиперактивтілік" осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Сонда да болса, көптеген мамандар гиперактивтіліктің сыртай пайда болуын, импульсиетілік, ұқыпсыдық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді.
Әрі қарай тренер, гирперактивті баланың пайда болу себептерін түсіндіре бастайды. Олардын ішінде генетиналық факторлар мен бала туып жатқандағы алған жарақаттар баланың жұқпалы аурулармен ауруы және т.б. болуы мүмкін.
Гирперактивтілік түсінігін ересектер (ұстаздар, ата-аналар) қозғалыс белсенділігінің жоғарлығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез-құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік. Атап айтқанда импульсивтілік көбінесе диагностикалық қиындықтар туғызады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Шағын - дәріс "Гиперактивті деген не"

Тренер "гиперактивтілік" терминін тұсіндіреді.
Әдебиеттерде "гиперактивтілік" осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Сонда да болса, көптеген мамандар гиперактивтіліктің сыртай пайда болуын, импульсиетілік, ұқыпсыдық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді.
Әрі қарай тренер, гирперактивті баланың пайда болу себептерін түсіндіре бастайды. Олардын ішінде генетиналық факторлар мен бала туып жатқандағы алған жарақаттар баланың жұқпалы аурулармен ауруы және т.б. болуы мүмкін.
Гирперактивтілік түсінігін ересектер (ұстаздар, ата-аналар) қозғалыс белсенділігінің жоғарлығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез-құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік. Атап айтқанда импульсивтілік көбінесе диагностикалық қиындықтар туғызады.
"Импульсивтілік белгілері" анкета
Бланк жауаптарын толтырыңыз
Рн
Бала
Иә
Жоқ
1
Одан бірдеңе сұрасаң, әруақытта тез жауап береді (мүмкін дұрыс жауап болмауы, бірақ та тез)

2
Оның көңіл-күйі тез өзгереді

3
Көп заттар оның жүйкесін тоздырады, ашуландырады

4
Оған тез жасайтын жұмыстар ұнайды

5
Өкпелегіш, бірақ та кек ұстамайды

6
Бәрі зеріктірені аса сезіліп тұрады

7
Тез ойланбастан шешім қабылдайды

8
Тамақтан бірден бас тарта алады

9
Сабақтарға жиі көңіл бөлмейді

10
Басқа бала үшін оған айғайлаған уаұытта, ол да айғаймен жауап береді

11
Әдетте, кез келген тапсырманы орындай алатындығына сенімді

12
Ата-анаға, ұстазға дөрекілік көрсетуі мүмкін

13
Кейбір кезде оның энергиясы тасып бара жатқандай сезіледі

14
Талдауды, бір нәрсенің байыбына баруды білмейді, жаны сүймейді, тек істің адамы

15
Өзіне назар аударғанды қалайды, күткісі келмейді

16
Ойын ойнағанда ережелерге бағынбайды

17
Әңгіме кезіңде жиі дауысын көтеріп, қызуқандылыққа салынады

18
Ересектердің берген тапсырмасын ойынға айналып, жеңіл ұмтылады

19
Ұйымдастыру мен алдын алып жүргенді жақсы көреді

20
Басқаларға қарағанда мақтау мен ұялту күштірекмәсер етеді

Егер графада 15-20 "иә" жауабы кездессе, импульсивтіліктің денгейі жоғары болғандығы, 7-14 - орташа дәрежеде, ал 0-5 - болса төменгі дәрежеде.

3 жаттығу "Гиперактивті баланың портреті"
"Бала портреті" жаттығуы:

Топ 3-4 адамнан топшаға бөлінеді. Әрбір топшаға осы тренингте берілетін категориядағы балалардың жеке-жеке ерекшеліктері берілген "Ерекше бала портреті" (№2 қосымша) атты карточка таратылады. Топшаның қатысушылары біріге отырып, осы сабақта қарастырылатын балалар категорияларына сәйкес қасиеттерді белгілеп толықтырады да бала портретін құрастырады. Содан соң әрбір топша өздерінің құрастырған сипаттамсын оқиды, топ бойынша талдау жүргізіледі.
Карточкада жазылған кейбір жекеленген ерекшеліктері және мінез-құлық көріністерді тек бір ғана категорияға жамап қоюға болмайды. Сондықтан да талдау кезіңде арақайшылық туындауы мүмкін. Тренердің жұмысы әрбір ниет еткен қатысушының сөйлеп, өз пікірін айтуға мүмкіншілік жасау, содан соң ғана эксперт рөлін атқаруына болады.
Портрет құрылып біткесін соң, қорытындысында, белгілі категориядағы баланың негізгі қасиеттері тактаға немесе стентке ілініп қойылады. Тренер, барлық кездевулерде керек болған жағдайда оған көңіл аударуыеа болады.

„Ерекше баланың портреті„
Баланың ерекше сипаттамалары
Бала:
Өте көп сөйлейді
Пооперациялық карталардын көмегімен жақсы жұмыс жасайды
Ұжымдық ойындарға қатысқысы келмейді
Шамалан тыс қозғалыста
Өзіне деген талабы жоғары
Басқа адамдардың сезімі мен қайғысын түсінбейді
Өзін жат сезінеді
Дәстүрлерді жақсы көреді
Өзін төмен бағалайды
Ересектермен жиі жанжалдасады
Дау-дамай жағдайн тудырады
Сөйлеу жағынан дамымаған
Шамадан тыс күдікшіл
Бір орында айнала береді
Таптауырынды механикалық қозғалыстар жасайды
Өз мінез-құлқын үнемі қадағалайды
Қандай да бір оқиғалар бойынша шамадан тыс мазасызданады
Кінәні басқаға арта салады
Іс-әрекете мазасыз
Соматикалық проблемалары бар: іші, тамағы, басы ауырады
Ересектермен жиі айтысады
Күйбелең
Айналасындағыларға бейберекет, оқшауланатын сияқты
Мозайкалармен, головоломкалармен айналысуды жақсы көреді
Өз-өзін бақылай алмаушылық жиі кездеседі
Өтінішті орындаудан бас тартады
Импульсивті
Кеңістікте дұрыс бағыт ала алмайды
Көзқарасы тоқталмаған
Өзін-өзі сынғыш
Өз іс-әрекетін адекватты бағалай алмайды
Бұлшық етті ішкі қысымы бар
Коллекция жинауға құмар
Қозғалыста координациясы нашар
Жаңа қызметке кірісуден қорқақтайды
Ересектердің жүйкесіне әдейі жиі тиіседі
Көп сұрақтар қояды, бірақта жауапты күтуге шыдамы жоқ
Ұяң сәлемдеседі
Бір ойынды жылдар бойы ойнауға бар
Аз жә„не мазасыз ұйықтайды
Өзі жөнінде екінші және үшінші адамның атынан сөйлейді
Барлығын да итереді, сындырады, жояды, бұзады
Өзін әлсіз, көмексіз сезінеді.

4 Ойын „Кел сәлемдесейік„
Мақсаты: Өз денесін сезінуге, бұлшық еттер қысымын төмендетуде, өзін топтың мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік беру.
Мазмұны: Ойыншылар бөлмеде өздеріне ыңғайлы күйде, кез келген бағытта қозғалады, тренердің белгілі бір белгісі бойынша әрбір қатысушы мүмкіндігінше адамдардың көбісімен амандасуы қажет.
Тренердің белгісінің нұсқалары:
Шапалақ-мүмкіндігінше барлық партнерлардың өолдарын қысу;
Қоңырау дауысы-партнердің арқасынан сипау;
Ысқырық дыбысы-„арқаларымен„ амандасу.
Тапсырманы орындау барысында, ойыннан тиімді қорытынды алу үшін, сөйлесуге тиым салынғаны жөн.

5 шағын-дәріс „гиперактивті баланы қалай айқындауға болады„
„Гиперактивтілік синдромы„ деген диагнозды невропотолог қояды, және кейбір балаларда медициналық карточкаларында ол туралы жазулар да бар. Мұндай жағдайда диагнозына байланысты бірден коррекциялы жұмыстарды бастап кету керек. Егер диагнозы жоқ болса, ал балада күннен күнге гиперактивтіліктің бөлек белгілері біліне бастаса, онда ересектер (тәрбиеші, мұғалім. психолог, ата-аналар т.б.) қосымша мақсатты бағытта бақылаулар жүргізе бастайды. Практикалық сабақта американдық психологтармен жетілдірілген және автор қлттық психололгиямен ұштастыра отырып берілген, гиперактивті баланы айқындауға көмектесетін критерий, №14 қосымшадан қарауыңызға болады.
Гиперактивті баланы анықтау критерийі
Жоғрғы қозқалыстағы белсенділік

р\с
Тұжырым
Иә
Жоқ
1
Қимыл-қозғалысы мазасыз (саусақтармен тоқылдатады, бір жаққа кет..забирается)

2
Орнында ерігет

3
Үнемі қозғалыста жүреді

4
Өте көп сөйлейді

5
Өте аз ұйықтайды, тіпті сәби кезінен бастап

Белсенді назардың дефициті
р\с
Тұжырым
Иә
Жоқ
1
Іс-ірекетінде тізбекті емес

2
Ұйымдастыруында қиындықтары бар

3
Мінез-құлқында тізбектілік жоқ

4
Аяқталмаған проектілері бар

5
Айтылған сөздерді естімейді

6
Берген тапсырманы үлкен талпыныспен орындауға кіріседі, бірақ та аяғына дейін орындамайды

7
Заттарын жоғалтады

8
Ойлауды қажет ететін мәселелерді шешуден және адамды зеріктіріп жіберетін тапсрмалардан қашады

9
Жиі ұмытшақ

Импульсивтілік
р\с
Тұжырым
Иә
Жоқ
1
Өзінің әрекеттерін бір ретке кетлтіре алмайды

2
Ережелерге бағынғысы келмейді

3
Оған сұрақ қойғанша ол жауап беріп үлгереді

4
Сабақта, ойында өзінің кезегін күте алмайды

5
Сөйлеп тұрған адамнын сөзін бөліп, әңгімеге араласады

6
Зейінге назарын жинақтай алмайды

7
Марапаттауды кейінге қалдыруға мүмкіншілігі жоқ

8
Мінез-құлқының вариативтілігі (бір сабақтарда сабырлы, басқаларында-мазасыз)

Егер 7 жасқа дейін ең болмағанда осы критерийлердің алтауы кездесе, онда ұстаз өзі бақылауындағы баланы гиперактивті деп атауына толық құқығы бар.
Бұл критерий тест күйінде де берілген
6 жаттығу „гиперактивті баланы қалай айқындауға болады„
Берілген жаттығу 1 -- ұстаздар, психологтар, дефектологтар үшін, 2 -- гиперактивті балалардың ата-аналарына арналған. Тренер контингенттерге байланысты вариантты таңдайды. Егер топ аралас болатын болса, онда бір топ ұстаздар үшін, екіншісі ата-аналарға арналған тапсырмаларды орындайды.
Гиперактивті балаларға, мінез-құлықтың өзгеру сипатына байланысты, бақылау тек мектепте, үйде, балабақшада ғана болуы жеткіліксіз. Мұндай жағдайда, басқа да жағдайларда олармен араласып жүретін ересек адамдардан, олар туралы қосымша ақпарат алған жөн. Мысалы, егер біз оларды білім беретін мекемелерде бақылайтын болсақ, бізге қажетті ақпараттарды алу үшін, олардың ата-аналармен әңгімелесуіміз қажет, егер біз оларды үйде қадағалайтын болсақ, онда біз тәрбиешілермен немесе мұғалімдермен (жас ерекшеліктеріне байланысты) әңгімелесуіміз жөн.
Әңгіме уақытында, бала жөнінде мәліметтерді толықтыратын сұрақтар қоюымыз қажет. Және де, обьективті көрініс алу үшін, бәр сұрақты мазмұнын өзгертпей, формасын өзгерту арқылы бірнеше рет қоюға болады.
Жаттығуды орындауда топ екіге бөлінеді, әр жұпқа ата-аналарға

Гиперактивті баланың ата-аналармен әңгәмеге арналған сұрақтар тізімі
1. Бала үшін жүйкені қоздыратын қимылдар сипат алады ма (аяғын тербелту т.б.) ?
2. Баланы көтергенде және туғанда ерешеліктер бола ма?
3. Балаға ересек адам оқыған ертегі немесе әңгімені, тарихты аяғына дейін тыңдау қиынға соғады ма?
4. Баланың ерте даму ерекшеліктері қандай?
5.Бала сабақта өзінің қабілетінен төмен қорытындыны көрсететіндігі рас па?
6. Бала ережені жиі бұзады ма?
7. Отбасында басқа да балалар бар ма?
8. Бала шамадан тыс экспрессивті ме?
9. Бала үшін бірдеңеден көңілі қалушылықты өте төмен қабылдайды ма?
10. Бала ережелер мен нұсқауларға бағынады ма?
11. Балада күйзеліс сезімдері болып тұрады ма?
12.Жаңа заттар болғанда ол қуанып, бірден бас салады ма?
13. Бала агуға жиі келеді ме?
14. Ыза жағдайына бала жеңіл түседі ме?
15. Баланың бірінші жұмыс жасайтын қолы қандай?
16. Отбасында күйзеліске бейім, араққа, есірткеге үйір туысқандарыңыз бар ма?
17. Берген тапсырмадан баланың назарын басқа жаққа бұрмалау оңай ма?
18. Баланың көңіл-күйі жиі өзгереді ме?
19. Балаға өзінің ашу-ызысын жеңу қиын бе? Өз ашуын бақылай ала ма?
20. Балада өз жетістіктерін өзінің қабілетінен төмен күйде көрсете алуға бейім бе?
21. Балада теледидар бағдарламасының бірінен біріне „секіре„ беретін әдеті бар ма?
22. Бала тыңдап отырғанда оның қолына бір заттар ұстап отырады ма?
23. Бала теледидарға қарағанды жақсы көреді ме?
24. Бала агрессиялы ма? Агрессия вербальді немесе вербальсіз түрде ме?
25. Бала ересек адамның тапсырмаларын қаншалықты дәл орындай алады?
26. Балада қаншалықты қимыл координациясы дамыған?
27. Балаға сабақа кірусіге қиын ба?
28. Бала аллергиямен ауырады ма?
29. Баланың отбасын мүшелерінің бірі назар дефициті синдромымен зардап шекті?
30. Балаңыз мазасыз ба?
31. Бала құпияны сақтай алады ма?
32. Бала ересектердің талабы мен өтінішін жиі орындаудан бас тартады ма?
33. Ол өтірік айтатын әдеті бар ма?
34. Баланың өзің-өзі бағалауы қандай?
35. Марапаттауды бала ұзақ уақыт күте алуға қабілетті ме?
36. Үйде басқада гиперактивті балалр бар ма?
37. Ересектердің жасаған ескертулерінен бала қалай қарайды?
38. Ересектердің тапсырмасын бала жиі ұмытады ма?
39. Сыныпта, топта „сайқымазақтық„ рөлі ол үшін сипат алады ма?
40. Баланың ұйқысы бұзылуда ма?
41. Бала ұзақ ұйықтайды ма?
42. Баланың ұзақ моторикасының даму деңгейі қандай?
43. Бала өз іс-әрекетінің тізбегін жоспарлай алады ма?
44. Баланың отбасы толық па?
45. Отбасыдағы осы баланың туу кезегі қандай?
46. Отбасыда ұрыс-жанжал жиі болып тұрады ма?
47. Балаға ойында, сабақта өз кезегңн күту қиынға соғады ма?
48. Бала заттарды қағып кетіп, оларды жиі түсіріп алады ма?
49. Бала ұрыс-керістің бастаушысы жиі болып тұрады ма?
50. Балаға мектепте, үйде, қыдырыста жиі ескерту жасап тұруға тура келеді ме?
51. Балаға үйге қарағанда балабақшада немесе мектепте тапсырманы аяқтау қиынға соғады ма?

Ата-аналардың мұғаліммен әңгімелесудегі сұрақтар тізімі
Сыныпта бала қай қолымен жазады?
Басқа балалардың жауаптарын баланың тыңдауға құлқы бар ма?
Бастаған ісіе ол әруақытта соңына дейін орындайды ма?
Тәрбиешінің немесе мұғалімнің жасаған ескертулеріне бала қалай қарайды?
Қандай тапсырмаларды бала үлкен ынтамен орындайды?
Ол жиі көп сөйлейді ме?
Заттарың жиі жоғалтады ма?
Заттарын үйде жиі қалдырып кетеді ме?
Көп сұрақтар қояды ма?
Оған сұрақ қоймаса ол ұзақ уақыт реніште жүреді ме?
Ережелерге бағвнуды біледі ме?
Түскі ұйқыда бала ұйықтайды ма?
Тәрбиеші (мұғалім) түсіндіріп жатқанда оның қолы бос болмайды ма?
Тақтаға бала ұқыпты жазады ма?
Ересектер мен балалар әңгімелесіп жатқанда бала әңгімені бөледі ме?
Басқа балаларға айғайлайды ма?
Тамақты асығып ішеді ме?
Ұзақ уақыт үндемей жүре алады ма?
Өз заттарын ұқыпты жинақтап қояды ма?
Кітап оқуды жақсы көреді ме?
Бірінші сабаққа барғанды ұнатады ма?
Басқалардаг жақсы болуға ұмтылады ма?
Көп жұмыстарды бірдей бастайды ма?
Бастаған ісін әруақытта соңына дейіе жасайды ма?
Әзілдегенді ұнатады ма?
Басқалардын әзіліне ренжиді ме?
Жиі ашуланады ма?
Оның қимыл координациясы жақсы ма?
Топта (сыныпта) заттарға жанасып кетеді ме?
Құмда ойнағанды ұнатады ма?
Ескерту, нашар баға алғанда қатты күйзеледі ме?
Бала өзінің ашуымен жеңуде қиналады ма?
Бала ұстаздың берген нұсқауын әруақытта орындайды ма?
Сабаққа кірісу балаға қиындыққа түседі ме?
Тапсырманы орындаудан баланы басқаға алаңдатуға жеңіл түседі ме?
Жарыстар мен эстафеталарды бала жақсы көреді ме?
Өз үй ішіндегі істер туралы айтады ма?
Қолдарының ұсақ моторикаларының даму деңгейі қандай?
Әрбір жұп келесі жағдайды ойнайды: бір қатысушы ата-ана, ал екіншісі ұстаз болады. „Ұстаз„ берілген сұрақтар тізімінен, баланын мінез-құлқы тарапынан, ата-аналарға қоюға корректілі, ұстаздың ойынша осы дұрыстау деген сұрақтарды ата-аналарға қояды.
Ата-аналар қойылған сұрақтарға жауап береді. Жұп 5-7 минут жұмыс жасайды.
Жұмыстың соңында, ұстаз (ата-ана) әңгіме уақытында пайдалануға қажетті сұрақтарды құрастыру мақсатында, топ бойынша талдау жасалынады. Кейбір психологтар мен ұстаздар берілген тізімді қабылдауға келген ата-аналарға анкета ретінде қолданады.
Ата-аналар рөлін атқарған қатысушылар талдау кезінде, жаттығуды орындау уақытында ие сезінгендіктерін, кейбір сұрақтар қандай сезім туғызғандықтарын. Ал кейбір сұрақтарға тіптен де жауап бергілері келмегендіктерін айтып ой бөліседі. Ұстаз рөлін атқарған қатысушылар, қандай сұрақтардың қызықты да толық ақпараттарды көбірек жинауға мүмкіндік бергендіктерін, ал қандайлары мақсатсыз болғандықтарын айтады.
Жаттығу децентрацияны үйренуге, ата-ана мен ұстаз арасында сенімді қарым-қатынас жасауға, дау-дамай жағдайларында тиімді шешімді қабылдаудың қалыптасуыеа мүмкіндік жасайды.

7 „Жүз доптар„ ойыны
Мақсаты: назарды бөлуде дағдылануды дамытуда, төңірегіндегілермен жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасайды.
Мазмұны: ойын бірнеше этапқа бөлініп жүргізіледі. Басты шарты -- үндемей ойнау.
1 этап: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Басқарушының қолында -- доп. Ол допты, берушімен алдын ала көз қиығымен „келісіп„ алады да оған лақтырады. Допты қағып алушы, ол да алдын ала көз жанарымен келісіп алады да басқа бір қатысушыға үндемей лақтырады. Ойыншылардың міндеті -- партнердің көз қарасын „ұстап алып„ допты жерге түсіріп алмау.
Екінші этапқа көшу, вербальсіз күйде допты бір-біріне беруді әбден дағдыланғанда ғана мүмкін болады. (балалармен жұмыста 1-кезеңмен 2-кезеңнің арасы бір емес бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Басты жағдайды жылдамдатып алмау керек, әйтпесе балалар ойынға қызығушылығын кетіріп алады).
2 этап: Ойын дәл бірінші этапта өткендей болады, тек басқарушы ойынды күрделендіру үшін тағы бір қосымша доп енгізеді.
Әрі қарайғы этаптарында үш, төрт, бес,, т.б. Доптарды қосымша алады. Бұл жағдайда да доптың жерге түспеуін қадағалау қажет. Егер доп жерге түссе, онда доптардың саны бір допқа азаяды.
Ескерту: жақсы топтасқан аудиторияда (немесе оқушылар тобында) ойыншылар саны мен доптар саны бірдей болған вариантты қолдануға болады.
Шағын-дәріс „Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады„
Гиперактивті балалардың жекеленген ерекшелігін еске ала отырып, олармен кешкілік емес, күннің бірінші жартысында жұмыс жасау керек, жұмыс жүктемесін азайтып, арасында үзіліс жасап отырған жөн. Мұндай балалармен жұмыс жасар кезде, тапсырманы жақсы орындағаны үшін мадақтау (материалды болуы міндетті емес) алатындығы жөнінде және т.б. ережелерді айтып, олармен алдынала жекеленген әңгімеде келісіп алған жөн. Гиперактивті баланы әрбір 15-20 минут сайын мадақтап жетондар беруіңізге болады, ал ол оларды күні бойында марапатталуға ауыстыруына болады: нақтылы бір баланың тілегі мен ерекшеліктеріне байланысты, бірінші сабақтан соң қыдыруға баруға құқықты, түскі тамақ уақытында кезекшілік (егер баламен білім беретін мекемеде жұмыс жасайтын болсаңыз), ойынға қосымша уақыт, ата-аналарымен бірге қыдыру, бірігіп кітап оқу (егер үйде жұмыс жасасақ).
Гиперактивті балаға нұсқау берерде ересектердің есінде болатын нәрсе оларға берілетін нұсқау қысқа да нұсқа (10 сөзден аспауы) болуы керек. Гиперактивті балалар ата-аналары мен тәрбиешілеріне манипуляция жасауға бейім. Мұндай жағдай болмауы үшін, ересектердің есінде болатын жағдай: кез келген жағдайда ол сабырлылық сақтағаны жөн.

9. „Нұсқау„ жаттығуы
Жүргізуші топтың ішінен өз еркімен -- жаттығуды жүргізушіні ортаға шақырады. Оған алдын ала дайындалған фигуралар салынған парақ қағаз беріледі. Жүргізушінің міндеті -- бір минуттың ішінде топқа вербальді күйде қысқа да нұсқа нұсқау беруі керек, қортындысында әр қатысушы алып жүрушінің қолындағы қағаздағы фигураны қайта салуы қажет.
Содан соң жүргізуші, қатысушыларды өздерінің салған суреттерін жоғары көтеріп, көрсетулерін сұрайды және де оларды эталонмен салыстырады. (Мүмкін вариант: жүргізуші эталонды тақтағы немесе блокнотқа іліп қояды. Онда әрбір қатысушы өздері барып, өз жұмыстарын салыстырады).

1-Вариант:
Жаттығу орындалып болғаннан соң, қатысушылар алып жүрушінің берген нұсқасын дәл орындай алды ма жоқ па, осы жөнінде талдау болады. Әдетте қатысушылардың көбісі бірнеше қателер жібереді. Мұндай жағдайда топ не себептен тапсырма дәл орындалмады, соны анықтайды да тапсырманың дәл де қысқа нұсқауларын бірге құрастырады.
Содан соң қатысушылар нұсқаулардың дәл де қысқа түрлерін жасауды жұптанып жаттығады.
Жаттығу. Әрбір қатысушы жұптар параққа күрделі емес кез келген сурет салады. Содан соң бір қатысушы екіншіге, суретті қалай салу керектігін нұсқау береді. Суретті салып бітіргеннен соң ол сурет оның бірінші вариантымен салыстырылады. Содан кейін қатысушылар рөлдерімен алмасады.
Жаттығу орындалып біткеннен оң топта талдау жүреді. Әрбір қатысушы (мүмкіндігінше) шеңбер бойынша сұрақтарға жауап береді; партнердің тапсырмасы аяғына дейін орындалады ма; оны орындау үшін не кедергі болады және не көмектеседі?

10. Шағын-дәріс „Гиперактивті баламен қалай ойнау керек„
Ойынды (әсіресе көп қозғалысты) таңдауда, гиперактивті балалардың жекелік ерекшеліктерін есте ұстаған жөн: ұзақ уақыт топтық ережеге бағынуды үйрене алмаушылықтарын, тез шаршайтындықтары, нұсқауды соңына дейін тыңдамау және оны орындамау (кейбір детальдерінде назарды көбірек салу). Ойында олар өз кезегін ұзақ күте алмайды және басқалардын мүдделерімен санаспайды. Сондықтан да, мұндай балаларды ұжымдық ойындарға этап-этаппен мақсатты (целесообразно) қосқан дұрыс. Мұндай балалармен біріншіден жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың мектепте оқуға дайындығы
Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері
Гиперактивті баланың ата
«Гиперактивті балалар және оларды түзету»
Гиперактивті балалардың импульсивтілігімен белсенділігін бақылауға үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Пәндер