Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі



Жоспар:


І. Кіріспе.
1. Халықаралық валюта жүйесі:
мәні және құрылымы.
2. Халықаралық
валюта жүйесінің даму кезеңдері және оның эволюциясы.
3. Халықаралық резервтегі валюта бірліктері.
4. Еуропалық валюта жүйесі.
5. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
6. Теңге . Тәуелсіздік тірегі.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Қолданған әдебиеттер.
Кіріспе

Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан халықаралық валюта жүйесі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция, Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген.
Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «Вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына әсер еткен жағдайлар:
- өндіргіш күштердің дамуы;
- дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
- халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Демек, халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың алуан түрлі формаларын қалыптастыратын механизм болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Әубәкіров Я. Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері /оқу құралы/: - Алматы : Санат, -1994. – 297-285б.
2. Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері /оқу құралы/: - Аматы : Санат, -1998. – 447-451б.
3. Есентүгелов А. Теңге – тәуелсіздік тірегі // Егемен Қазақстан. –1996. -15 қараша.
4. Жанқұлиев М. Ұлттық валюта : үміт пен күдік // Астана ақшамы, - 1999. – 15.ХІ.
5. Валюта туралы түсінік сөздік // Бухгалтер бюллетені. –1999. - №24. – б25-27.
6. Валюта-банк түсіндірме сөздігі // Ақиқат. –1998. - №1. – б94.
7. Валюта қорының қолдауы // Қаржы-қаражат. –1996. -№9. – 31б.
8. Майдан-Әли Бәйгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар : -Алматы : Санат, -1998. -118-128б.
9. Мамыров Н.Қ, Мадиярова Д.М, Қалдыбаева А.Е. ХЭҚ: -Алматы : Экономика, -1998. -77-90 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

“Экономикалық теория” кафедрасы

Экономикалық теория пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы

валюта жүесі

Орындаған: Закирова Г.
Тобы: ЗЭФ-04-4к1
Қабылдаған:

Шымкент 2005

Жоспар:

І. Кіріспе.
1. Халықаралық валюта жүйесі:
мәні және құрылымы.
2. Халықаралық
валюта жүйесінің даму кезеңдері және оның эволюциясы.
3. Халықаралық резервтегі валюта бірліктері.
4. Еуропалық валюта жүйесі.
5. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
6. Теңге – Тәуелсіздік тірегі.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Қолданған әдебиеттер.

Кіріспе

Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы
экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар
қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған
процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық
қатынастар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан халықаралық валюта жүйесі ХІХ
ғасырдың аяғында қалыптасты.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына
көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция,
Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде
жүргізілген.
Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда,
Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында
Вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық
есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына әсер еткен жағдайлар:
- өндіргіш күштердің дамуы;
- дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
- халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Демек, халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың алуан түрлі формаларын қалыптастыратын механизм болып
табылады.
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-
қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық
экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын
құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Халықаралық валюталық қатынастар өзінің дамуы процесінде белгілі бір
ұйымдастырушылық формаларға ие болды.
Осы контекст бойынша валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды
ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе
мемлекетаралық келісімдермен бекітілген.
Валюта (итальян сөзінен аударғанда valuta - құн).
1. Мемлекеттің ақшалай жүйесі негізінде алынған ақшалай өлшем (АҚШ-та
доллар, ҚР-да теңге);
2. Шетелдердің ақшалай белгілері (монеталар, банкноттар, қазынашылық
билет);
3. Халықаралық есеп айырылысуларында пайдаланылатын чектер, вексельдер
және т.б. түріндегі несиелік және төлемдік құжаттар.
Валюта пайдалану режиміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі –
шетел валютасына еркін және шексіз айырбастауға жарамды валюта. Мұның
өзінде ондай елдердің заңдарында қандай да бір валюталық шектеу қойылмайды.
Ондай валютаға АҚШ-тың, Канаданың доллары, еуропалық экономикалық
ынтымақтастық елдері, Швейцария, Жапония, Швеция және басқа елдер
валюталары жатады.
Тұйық валюта – тек бір елдің ғана шегінде пайдаланылатын
айырбасталмайтын валюта. ҚР кедендік ресімдеу және есеп айырысу
мақсаттарында ТВ 106 валютаны жатқызады.
Төлем валютасы – іс жүзінде тауар төленетін немесе несие берілетін
валюта. Валютаның мәмілесі және төлемі сәйкес келмеген жағдайда мәміле
валютасын төлем валютасына аудару бағамы пайдаланады. Басқа сөзбен
айтқанда, төлем валютасы – сыртқы сауда келісімдерінде тауар үшін нақты
төленетін немесе халықаралық несиені өтеуге жарайтын валюта. Әсіресе, қолма-
қол төлемей есеп айырысатын жағдайда немесе шартқа келісім валютасы ретінде
қандай да бір есеп бірлігін енгізген кезде төлем валютасының келісім
валютасымен сәйкес келуі де, одан өзгешелігі болуы да мүмкін. Олар сәйкес
келмеген жағдайда сыртқы сауда немесе келісім шартын жасаудың ең маңызды
шарты – валюта курсын анықтау болып табылады.
Мәмілелік валюта – тауардың бағасы немесе еңбек шарты бойынша несиенің
сомасы белгіленетін валюта.
Валюталық келісім – кредит беруші мен экспортшыны келісім-шарт
жасасқан кезде оны төлеген сәтке дейін валютасы бағамының құлдырауы
тәуекелдің сақтандыру үшін халықаралық келісім-шарттардың міндетті шарты
(несие, төлем, сауда). Валюталық келісімдердің екі түрі қолданылады.
1. Тауардың бағасы туралы келісімге мәмілелік валюта тұрақты валютаны
енгізу (бағам төмендегенде валюталық төлемде жалпы сома тиісінше
артады);
2. Тауар бағасының (несие сомасының) өзгеруі туралы шартты төлем
валютасының бағамы мәмілелік валютаның бағамымен салыстырғанда қалай
өзгерсе, сондай шамада енгізіледі.
Айырбасталымы еркін валюта – резиденттер үшін де, сондай-ақ
бейрезиденттер үшін де валюталық шектеуді толық жойған елдердің валютасы,
кез келген шетел валютасына еркін айырбасталады. ҚР кедендік ресімдеу және
есеп айырысу мақсатында АЕВ 27 валюта жатады.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми-техникалық айырбастауды, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша
аударуын қамтамасыз етеді.
Валюта қатынасының екі түрін атауға болады: ұлттық және халықаралық
валюта жүйесі. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен
бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.
Ұлттық валюта жүйесінің дамуы және ерекшеліктері мыналарға тәуелді
болады:
- белгілі бір елдің даму дәрежесіне;
- осы елдің экономикалық жағдайына;
- осы елдің сыртқы экономикалық байланыстарына.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- есми алтын-валюта қорының құрылым;
- ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын
механизмі;
- валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- валюталық шектеулердің деңгейі;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі
т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен
паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара
қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Паритет - бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара
қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ паритет пен валюталық курс
ешқашан да бір-біріне тең болмайды.
Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы
байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
Халықаралық валюталық жүйе (ХВЖ) – дүниежүзілік капиталистік
шаруашылықтың эволюциялық дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай
туындады. ХВЖ-нің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық
құрылымына, оның принциптерінің сәйкестігіне, алдыңғы қатарлы елдердің
мүдделеріне тәуелді болады.
ХВЖ – ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші
механизм, сонымен бірге ол ұлттық валюталық жүйемен өзара тығыз байланыста
болады.
Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына
қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері
бір-бірінен ерекшеленеді.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
- халықаралық өтімді (ликвидтік) активтердің құрамы мен құрылымы;
- валюталық паритеттер мен курстардың механизмі;
- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
- халықаралық есептеулердің нысандары;
- халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
- халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (халықаралық
даму банкі – МБ РР).
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық
өсуі, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем
айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберінде халықаралық
есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің
бірі.
Халықаралық валюта жүйесі – динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. Өз дамуы барысында халықаралық
валюта жүйесі негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер халықаралық
валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі деп
атайды. Бұл жүйе ХІХ ғасырдың соңына қарай стихиялы түрде қалыптасты және
заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның
шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Ол
кезде бірқатар мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі рыноктарда алтынға
еркін айырбасталады.
Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның
алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері
белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша
ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс
жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге,
алтын еркін импортталады, экспортталады және халықаралық нарықта алтын
еркін сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы.
Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизмі қатаң
курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттың басқа түрлеріне, алтын монета,
алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады. Алтын стандарттың бір
түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік капитализм жүйесінің дамуы
барысында жүзеге асып отырды.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін
салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт
ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың
масштабына сәйкес болмай қалды.
Дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық
банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын
жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос
кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленеді. Ол алтынға еркін
айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе – алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылы Генуя
к онференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінірек бұл шешімді
капиталистік елдердің көпшілігі құптады.
Алтын – дивиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға
емес, басқа девиздеріне банкноттар, вексельдер, чектерге айырбасталып,
содан кейін ғана алтынға ауыстырылатын болды. Девиз валюта ретінде доллар
мен фунт стерлингі қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік
валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық
жүйенің дағдарысы тереңдей түсті. Алтын девизді стандарт іс жүзінде
реттелетін валюта курсы жүйесіне, ең алдымен алтын-валюталық стандарт
жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары еді.
Алтын – валюталық стандарт жүйесі ХХ ғасырдың 30-жылдарында пайда
болып, 50-жылдардың соңына қарай толық қалыптасты. Бұл жүйе бойынша қағаз
ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын – валюталық стандарт жүйесі
Бреттон - Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық конференцияда
қабылданып, өз күшіне кірді.
Бреттон – Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу
қызметін алтын атқарады;
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар
әр түрлі елдердің құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті,
сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.
3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың
казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс
бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр) тең болды.
Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік
нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Унция – ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның
валюталық бағасы ресми баға негізінде құралып, 1988 жылға
дейін аса көп өзгерістерге ұшыраған жоқ.
4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі
алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер
негізінде жүргізілді.
5. Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз
курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар
көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша +1% және Еуропалық
валюталық келісім бойынша +75%). Халықаралық валюталық операцияларда
алтынның қолдану масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар
болды. Валюталардың рыноктық курсы белгіленген алтын немесе доллар
паритеттерінен 1%-тен артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту
жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана
жүргізіледі.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар халықаралық валюталық қор
(ХВҚ) арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон – Вудс конференциясында
құрылды.
Халықаралық валюталық қордың негізгі функциясы – осы қорға мүше
елдердің валюталық паритеттерді курстар мен валюталардың еркін
айырбасталуын дұрыс жүргізуін бақылау.
Бреттон – Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық
валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.
Бреттон – Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің
өсуіне ықпал етті.
Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере
алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады
және соған сәйкес Бреттон – Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап
шиеленісе түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта
бастады. ГФР маркасы, Швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және
жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем
балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз
резервтері есебінен алтынға төлем баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардың басында Бреттон – Вудс жүйесі іс-жүзінде күйреді. АҚШ
алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты.
Дүниежүзілік рынокта алтынның бағасы жоғарылап кетті.
1976 жылы Халықаралық валюта қорының Кингстондағы (Ямайка) кезекті
кеңесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды. Ямайка
келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта былайша
құрылатын болады:
1. Алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта курстарын анықтаушы қызметі
жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі тауарға
айналды. Сонымен қатар ол ерекше өтімді тауар болып қала береді. Қажет
болған жағдайда алтын сатылады және одан түскен валюта төлемдер үшін
пайдаланылады.
2. СДР (speisial drawing right - SDR) – займ (қарыз) алудың арнаулы құқығы
стандартының мақсаты оны негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты) жасап,
басқа резервтік валюталардың рөлін төмендету.
3. Әр елде ұлттық валюта курсының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру құқығы
беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар ұлттық ақша бірліктерінің
қалықтау курсына негізделеді. Ақшалардың тербелу курсы екі факторға: а)
валютаның ішкі, ұлттық рыноктағы нақты сатып алу қабілетіне; б) халықаралық
рыноктардағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байлаысты
болады.
90-жылдардың бас кезінде қалықтау курсы факторын жүзеге асыруға
байланысты халықаралық валюта жүйесін ұйымдастырудың күрделі схемасы пайда
болды.
Ол үшін, біріншіден, жекелеген ұлттық валюталар өз курстарын анықтау
үшін тірек болар валюта бірліктерін таңдап алады, екіншіден, валюта
курстарының тербелу дәрежесі бірдей емес болғандықтан, тек жекелеген
валюталардың курстары ғана белгіленген диапазонда тербеледі де, басқа
валюталардың курстары еркін өзгере береді.
Ямайка келісімдеріне сәйкес қарыз алудың арнайы құқығы ұжымдық
валюта бірлігі есебінде қабылданды. 1969 жылы СДР қарапайым несие құралы
ретінде ғана құрылып, доллардың алтын мәніне сәйкестендіріледі. 1974 жылдан
бастап валюталардың қалықтау курсы енгізілуіне байланысты СДР-дың алтын
мөлшері жойылды. Ендігі уақытта бұл валюталық бірліктің курсы 16 елдің
валюталарының орта шамасына негізделген валюталық корзина арқылы
анықталатын болды. 1981 жылдан бастап СДР бес валюталар қосындысына:
американдық доллар, немістің маркасы, жапонның иенасы, француз франкі және
ағылшындық фунт стерлингіне қосыла сүйену арқылы есептеледі.
Валюталық корзина дегеніміз – бір валютаның орташа курсын басқа
валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі. Валюталық корзинаның
мөлшері оның құрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты рыноктық
курсына тәуелді. СДР проценттер төлейді. Егер елдің СДР-дағы авуарлары
олардың бөлген қаржысынан кем болса процентті осы елдің өзі төлейді. СДР
бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше елдер үшін бөлінген квота негізінде
есептеліп МВФ-тың арнайы есеп шотында сақталады. Бұл квоталар еркін
ауыстырылатын валюталарды сатып алуға немесе төлем балансының тапшылығын
өтеу үшін пайдаланылады. Дегенмен капиталистік елдердің жалпы валюталық
резервтеріндегі бұл квоталардың үлесі небәрі 6%-тей ғана.

Көптеген экономистердің айтуы бойынша СДР-ді резервтегі валюта емес,
кредит есебінде қарастыру қажет. Жалпы пікір мынадай: СДР резервтегі
валютаның да, кредиттің де ролін ойнайды. Мәселе оны қалай қарастыруда.
Біреулер оны зебра сияқты ақ жолақты қара мал десе, екіншілері – қара
жолақты ақ түсті дегенді айтады.
Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде
1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.
ЭКЮ – Еуропалық Одаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қаржы-валюта қатынастары
Халыққаралық валюталық табыстар
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
XVII-XVIII ғ. ғ. егіншілік жүйесі
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Жапон экономикалық ғажабы
Пәндер