Әлеуметтанудың объектісі пәні мен әдістері


Жоспар

Кіріспе.

Негізгі болім.

1. Әлеуметтанудың объектісі пәні мен әдістері.

2. Әлеуметтанудың құрлымы мен білім деңгейлері

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі

4. Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі - 19 ғасырдың 40 жылдары

1. Әлеуметтанудың объектісі пәні мен әдістері. Әлеуметтану уғым лотын тілінің Sociltas қоғам және гректің Logos- ілім уғым деген сөзінен шыққан. Сациалогия яғни әлеуметтану қоғамының пайдо болуының ондағы әлуметтік байланыс қатынастардың алуан түрлі әлуметтік адам бірліктерінің уйым мекемелердің институттардың қубылыстардың процестердің дамуның жалпы заңдылықтарын зертейтін ғылым. Әлеуметтану уғымын 19 ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмуны қоғамтану болатын. Объект дегеніміз бізді қоршап турған объективтік нақтылы өмір ол қоғам адамдар оның алуан түрлі бірліктері тіпті адамның өзі оның барлық іс- әрекеті санасы тәртібі т. б Булар зерттелетін объект болғанан кейін субъектіден тәулсіз тыс өмір сүреді оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы ғана қойған мақсатына жету ушін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зертушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғаамдағы қубылыс. Процес немесе алынған мәселенің артықшылығын қасиеттерін сапасын логикалық турғыдан жан- жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік уйымдардың бірігіп уйымдасып еңбек етуін қызмет атқаруын жұміс істеүін жалпы материялдық рухани іс- әрекетердің олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір- біріне әрекетін түрлерін жан- жақты терең танып білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зертулердың басты мақсаты- объект қубылыс процес және мәселелер арасындағы басты қажетті тұрақты қайталанатын мәнді маңызды байланыс қатынастарды логикалық турғыдан зерттеу. Бұл байланыс қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін корсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс қатынастар жиынтығы әлеуметтік қоғамның біртутас жүйесін қүрайтын нақтылы уғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде қубылыста процесте ерекше уйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал әлеуметтану пәнінің қалыптасыу объектінің қасиеті мен зертеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние- танымында қолданатын құрал тәсілдеріне байланысты. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зертелетін обектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті әлеуметтік жүйелерді типологизациялау әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу- бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару оның тәртібін реттеу оның іс- әрекет қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен әлеуметтік байланыспен қатынастарды уйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса ол әлеуметтік заңдылықтар булардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткендк қоғамдық қатынастарының табиғаттың мазмуны мен мәнін олардың қоғамдағы жағдайын ондағы оның алатын орнін ролін меңзегенде әлеуметтік уғымын кең қолданып осыған сәйкес әлеуметтік қатынастар уғымы туралы айтқан Батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын устаушылар қоғамдық әлеуметтік азаматтық уғымдардың одан әрі шатастырды. Бұл жерде біз әлеуметтік уғымының мазмунын терен түсінуіміз керек. Әлеуметтік дегеніміз нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тулғалар мен олардың белгілі бір тобының кеңістікте уақытта іс- әрекеттерінде атқарған.

Қорыта айтқанда әлеуметтілік әр түрлі жеке тулғалардың бірігіп істеген

қызметтің жемісі нәтижесі. Бұл олардың бір- бірімен байланыс қатынатарынан тікелей корінеді. Ал олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны атқаратын рөлі және әртүрлі жағдайларі бір- бірінен өзгеше қоғамдық үдерістерге қатынасынан корінеді.

Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді, әлеуметтік байланыс, әлеуметік қатынас, әлеуметтік процес, әлеуметтіктулға, әлеуметік бірлік, әлеуметтік қурылым, әлеуметтік уйым, әлеуметтік инситут, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ережелер, әлеуметтік стратификация, әлеуметтікрөл статус, әлеуметтік тәртіп, әлеуметтік сана, әлеуметтік талап- тілек, әлеуметік төп, әлеуметтік мүдде, әлеуметтік тутыну, әлеуметтік қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау, әлеуметілік белсенділік, т. б категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалды.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру өзгерту субъектісі болып саналады және бұл- әлеуметтік субъектінің өзін- озі уйымдастыруының турақты түрі Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне отбасы адамдардың әлеуметтік топтық

әлеуметтік демографиялық улттық территориялық мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері қозғалыстары, т. б жатады. Айта кететінтағы бір жай әлеуметтанудың коптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездфеседі. әлеуметтануда құбылыстар мен процестердің бес негізі заңы тужырымдалған.

1. Әлеуметтік қубылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы егер А құбылысы болса ол әруақытта Б құбылысын қажет етеді.

2. Әлеуметтік қубылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

3. Әлеуметтік қубылыстардың арасырдағы алуан түрлі байланыстарды анықтау заңы. Бұл заң іс- қиымыл атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің бөлігінің арасындағы байланысын қатынасын бейнелейді.

4. Әлеуметтік қубылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы әлеуметтік бірліктің негізі қажетті шарты- ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру үйлестіру боліп саналады.

5. Әлеуметтік қубылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігнін білдіретін ықтималдық заңы.

Әлеуметтанудың қурлымы мен білім деңгейлері. Қурылым дегеніміз- біртутас әлеуметтік қубылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын оның белгілі бір қурылымы болады. Бұл қурылым сөл ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану

ғылымы да осындай. Оның қурылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі.

Біріншіден әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу түсіндіру ұғындыру білімдерін қалыптастырып әлеуметтік зерттеу теориясын әдістемесін әдісін талдау тәсілін жасап қоғамның даму мәселелерін шешеді. әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қортындылар жасалады.

Екіншіден әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік қубылыстар мен үдерістерді өзгерту қайта құру үшін оларға жоспарлы әрі тиімді жолдар құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зертейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын қурайды.

Әлеуметтік білім- теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын көрінісін белгілеп отырады. Ал эмпирикалық әлеуметтік зерттулер абстрактім филасофиялықәдістерді іске асырылады.

Теориялық білім- жан- жақты әмбебапты ал әмпирикалық- ақиқатты шындықты белгілеуші білім теориялық білім эмпирикалық

ә) эмпирикалық әлеуметтану,

б) орта деңгей теориялар

осыларға сәйкес әлеуметтік зертеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге боледі.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметі. әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тужырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тужырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл турғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік қубылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым әлеуметтік дағдарыс және катаклизимдер көбейып кетуі мүмкін.

Коптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл турғыдан

алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

Қоғамды ғилыми негізінде зерттеу қажеттілігі әлеуметтану ғылымының пайдо болуының және қалыптасуының басты себебі болді. Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.

  1. кезеңӘлеуметтік 19 ғ/дың екінші жартысы мен 20 ғ/дың 20-30 ж/ның басында қоғамдық қубылыстарды баяндау сипатында болд. Бұл кезенде әлеуметтану филасофиядан бөлініп шығып қоғамды зертудің түсіндірудің жаңа ғылыми әдістемелік тружырымдарын іздестіре бастады.
  2. кезеңҚолданбалы әлеуметтану 20 ғ/дың 30-60 ж/ын қамтиды. Бұл кезенде

әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік апараттың дайындау эксперименталды

ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат қуралдары қалыптасып математикалық апаратты кеңінен қолдана бастады.

  1. кезең20 ғ/дың 60-90 ж/ын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой- тужырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп саясы

серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.

  1. кезеңБугінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналады.

Бұл кезенде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тужырымдамалар көптеген теориялар пайдо болды.

Әлеуметтану тарихына үңілсек будан мыңдаған жылдар бурын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т. б әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар қоғам дамуының кейбір Мәселелерін қарапайым түрде қарағандарымен коптеген унамды жақсы ойлар айтқан. Бірақ әлеуметтану ол кезде өз алдына дербес тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді . . .

Әлеуметтанудың даму тарихы

Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы Социологияның дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерінің жалпы сипаттамасы Социологияның шығуын дайындаған адамзат ойшылдардың әлеуметтік көзқарастары XIX - XX ғасырлардағы ірі қоғамтанушыларндың социологиялық ойдың дамуына қосқан үлесіСоциология XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасқан біршама жас ғалым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туады.

Алайда социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туарлы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғалымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда Ертедегі Шығыс цевилизациясының Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай қоғам туралы пікір мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы ілімінде негізгі мәселе адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін - өзі абыроймен ұстау үрдісін, дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман қылықтарын бойларынан аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілдік», «адамды сүю», «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға қоятын адам мен өз пайдасыгн көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образындағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылғандығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан. Бірінішсінің басқа үшін өз жанын қиюға қиюға баратын, екіншісінің өзіне -өзі ор қазатындығын немесе ыза кеткен өзіне - өзі қол салуға жақын болатынын көрсетеді. Яғнм Конфуцийдің пікірінше, бірінші адам үш нәрседен қорқады аспан құдіретінен, ірі тұлғалардан, ақылды адамның сөзінен. Ал адамдық қасиеті төмен адам - аспан тәңірінен қорықпайды, жоғары лауазымды адамдарды жек көреді, ақылдының сөзіне құлақ салмады.

Сонымен Конфуций лауазымды басқарушылардың басқалар алдында моральдық жағынан таза болып, оларға үлгі болуы қоғамды басқарудың кілті деп көрсетеді. Егер басшылар «дoo» жолымен жүрсе, онда халық оны сыйлайды, соңынан ереді дейді. Қорыта келгенде, Конфуций дұрыс әлеуметтік қатынастың тұтқа көздерін анықтады. Егер басшы жақсылыққа ұмтылса, кең болса, халық та соған ұмтылады деп тұжырымдайды.

Әлеуметтік қатынас жөніндегі заңшылдар мектебінің пікірі конфуцийшілерге кереғар болғанын көруге болады. Мәселен, олар адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты моральдық нормадан гөрі, заң арқылы күштеу тәсілдеріне негіздеуді уағыздайды. Ар - ұяттың орнына «үрейді» қоюды. Қоғамды басқарудағы қаталдықты, қатыгез механизмдерді жақтайды.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтерінде біршама қарастырылған. Мәселен, джайнизмнің кейбір нормалары мен тақуалық (аскетизм) деген «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисоны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі .

Алайда, ежелгі Шығыс елдеріндегі социологиялық ой - пікір проглиистік сипат алды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырылады. Жағымды мінез құлықтардың үлгілерін тек уағыздаумен және адамның міндеттерінің тізбегін атаумен ғана шектеледі.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайды, ежелгі грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болады. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне көңіл аударуға мәжбүр екен. Софистердің ішіндегі біршама көрнекті өкілі - Протогор болған. Ол өндіргіш күштердің рөлінің маңыздылығын көре отырып онымен бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады. Сондай - ақ оның еңбектерінде адамдардың табиғи құқы туралы идеялар болды. Бүкіл қоғамдық қатынасты адамдардың еркіндігімен өлшеуі «Адам барлық нәрсенің өлшемі» деп көрсетеді. Ол өз еңбектерінде азаматтар дұрыс өмір сүру үшін, өз еріктерімен мемлекет құрады деген пікір айтты. Сонымен қатар софистердің ілімінде социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы келісім теориясының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатының абсолютті түрде еркін болған, кейін сол абсолютті еркіндік адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге әкеліп отырғанда адам өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болуы және оның мүшелері ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетеді.

Адамдардың физикалық, эмоциялық және интелектуалдық параметрлерін Спенсер әлеуметтік құбылыстардың бастапқы шарттары деп есептесе, ал одан кейінгі шарттарды әлеуметтік эволюция туғызып отырады деп есептеген. Себебі, ол адам әрекетінің және әлеуметтік құбылыстарының табиғат жағдайына тәуелді екендігін көрсетеді. Яғни, эволюциялық процесс жағдайына тәуелді екенін көрсетеді. Яғни, эвомоциялық процесс барысында қоғамдық прогресс табиғаттың құбылмалы жағдайларына дағдылануға мәжбүр болады деп есептейді. Оның нәтижесінде «табиғи іріктеулер» болады да, өмір сүруге қабілетті элементтер ғана сақталады деп көрсетеді. Демек, жануарлар дүниесіндей «табиғи сұрыптаулар» қасиеті деп таниды. Сондықтан қоғамның әлеуметтік құрылымы элементтерінің өмірге бейімделгендігі ғана қалды, қалғаны жойылып отырады.

Социологиялық ойдың тарихи дамуы адамдық ізгілік қабілетінің қалыптасуына даусыз ықпал жасап келді және болашақта оның әсері арта түсуге тиісті. Социология тарихи социологиялық білімнің қалыптасу жолдарын зерттейтін және ашып беретін, қоғамдық үрдістермен ірі социологияшылардың өмірлік, даралық ерекшеліктерімен байланыстарын көрсететін ғылыми пәні. Социология тарихи әртүрлі әртүрлі құжаттар мен әркелкі деректердің адамдарды социологиялық ойлау мәдениетінде, социологиялық білімнің қалыптастыру қағидаларына, оны қоғамның игілігіне айналдыру ептілігіне үйретеді. Барлық қоғамтану ғылымдардың жетістіктеріне қорытып сұрыпталған білімді социология бір жүйеге келтіріп оны әлеуметтік өмірді реттейтін құралға айналдырған. Социологияның бас мақсаты күрделілігіне және алуандығымен ерекшеленетін қоғамдық өмірдің ағымындағы жеке адамның оның қауымдасуларының жасайтын іс-әрекеттерін талдап көрсету. Адамзат тарихының баршаға ортақ рухани жемісінің, әлеуметтік өркениеттің саяси әлеуметтік ойын жетілдіру, ғылым жолында ақиқаты орнату мақсатында адам болашағы үшін жасаған ірі тұлғалардың жанқиярлық еңбегі мен тағдыры туралы өнегелік тағлымлды біз социология тарихынан аламыз.

Социология тарихы адамдарға өздерінің өмір сүретін ортасы, қоғам туралы түсініктің бірте - бірте ұзақ уақыттан бері қалай қалыптасқанын толық суреттеп береді, оның даму заңдылықтарымен таныстырады. Танымдық үдерістің барысында адам қоғам, әлеуметтік өмір туралы білмеушіліктен неғұрлым толық білім алуға қолы жетеді. Адамдар бірте - бірте әлеуметік құрылым мен қалыптасуын адамдардың әлеуметтік тұрысын, өз өмірін ұйымдастырудың түпкі себептерін тани бастайды.

Социология тарихы түрлі теориялармен, ой - тұжырымдармен абсолюттік ақиқат болмайтындықтан теориялардың бәрі де тең қаралады. Олар бір құбылысты әртүрлі тұрғыдан, өзгеше қырымен алып қарайды.

Социология ақиқаттың көптілігін, сан алуандығын жеке адамның қабылдауы қиын ол бір ақиқат пен шектелуге табиғатынан бейім. Ал социология теориялардың бәрін қамтиды. Адамның рухани дүниесін байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Себебі теориялардың бәрі тағлымды, ақиқатты шамамен, салыстырмалы түрде білдіреді. Социологиялық таным ағымында әр алуан көзқарастарды меңгеру арқылы адамдар арасындағы қатынастар оңды бағытта өзгереді. Социологияның дара тұлғаны жасап шығару мүмкіндігі бар. Ал сонымен бірге әлеуметтік шындықтың өзі де жасалынады. Ол үшін социологиялық ілімнің тікелей бұқара арасында таратылуы, іске асырылғаны қажет.

Ескі теориялар негізінде жаңа ой-тұжырымдар ілгері басып ақиқатқа жаңа қырынан жақындай түседі. Сондықтан қазіргі социология барлық теорияларға, социология мектептеріне, зерттеушілерге бірдей қарайды. Социология қоғамдағы құбылыстарды түсіндірумен қатар, өзі әлеуметтік шындықты жасай алады. Амрикандық социолог Уилъем Томос көрсеткендей, адамдар әлеуметтік жағдайдың теориялық ұғынысына сүйеніп, оған сай нақты салдарын белгілейді. Сонымен не теориялық, не тәжірибелік жолмен әлеуметтік даму бағытын анықтап алу мүмкін болады. Кеңес Одағының ыдырауының соңғы кезеңінде нарықтық қатынастардың артықшылығы теориялық тұрғыдан дәріптелді. Қоғамдық пікір біршама жетілді деген кезеңде 1992 жылы жүзеге асырыла бастады. Сөйтіп, әлеуметтік шындық теориялық түсініктерден туындайды. Ал оны социология тарихы айғақтай алады.

Сондықтан, қорыта айтқанда, социологияда тарихи- әлеуметтік ой - тұжырымның қалай қоғамдық қатынастармен оның құрылымдарын ақиқат ретінде оларды белгілеп, қалыптасуының тарихы.

Социологияның тарихын төрт кезеңге бөліп көрсетуге болады.

  1. Ежелгі дүниедегі қоғам туралы әлеуметтік білімнің шығуы мен қалыптасуын қамтиды.
  2. Ортағасырлық дәуірдегі әлеуметтік білімінің дамуы, дүниетанымдық жүйелердің және тұрпаттардың ауысыуы жатады.
  3. XVII-XVIII ғасырлардағы адам мен қоғам жөніндегі әлеуметтік тұжырымдарды табиғи құқық пен қоғамдық шарт, концервативтік пен либералдық көзқарастарды қамтиды.
  4. Социологияның XIX - XX ғасырларда ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, түрлі мектептер мен ағымдардың, жеке салардың даралауын, эмприкалық зерттеулердің кең өрістеуін ашып таныстырады.

Социологияның шығуы мен қалыптасуын әлеуметтік ойдың, бүкіл тарихы сабақтастығы мен адамзаттың экономикалық дамуын ескермей, одан тыс қаралуы мүмкін емес. Социология адам қоғамының шығуы, құрылымы мен дамуы жөніндегі ілім ретінде барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамға деген көзқарастарының нәтижесі болады. Себебі ежелгі шығыс елдерінен Грекия, Римде қоғамды және жеке қоғамдық құбылыстарды түсіндіруге зор талпыныстар үзінділері заңдарда, есептерде, көптеген көне жазуларда сақталып осы күндерге жеткен. Осындай көзқарас, ойлар, білімдер негізінде бірте - бірте қоғамдық өмір, мемлекет, отбасы, құқық, өнеге туралы білімдер жинақталып дүние танымдық жүйелер, идеалар қалыптаса бастады. Бірақ қоғамдық әлеуметтік жағдайы мен экономикалық деңгейі әлеуметтік ой - тұжырымдар жасауға ондаған ғасырлар бойы әлі орайы келмеген. Сондықтан, капиталистік дамудың қарқыны үдей түскен кезеңге дейін, яғни XVIII - XIX ғасырларға дейін қоғамдық дамуды түсіндіретін теориялар кемде - кем еді. Олар Аристотельдің заманынан айтылып келген «тарихтық айналып оралу» теориясы мен «тамаға - тұйық өркениеттері » ой - тұжырымдарынан аса алмаған, өйткені капитализмге деген баяу өткен дамудың қарқыны бір адамның өмірі бойы болатын өзгерістер арқылы түбегейлі себептерін анық көруге мүмкіндік бермейді ХІХ ғасырдағы саяси - экономикалық тәжірибе теориялардың көбеюіне, ал ХХ ғасырдағы жалпы даму теорилар тасқынын тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Әлеуметтанудың әдісі
Социология ғылым ретінде
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтанудың категориялары
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz