Экономика ғылымы


Жоспар:
Кіріспе
І. ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘН МАҒЫНАСЫ
1. 1. Экономика ғылымының даму кезеңдері
1. 2. Экономикалық теория пәнінің функциялары мен әдістері
1. 3. Экономикалық жүйелердің мәні мен түрлері
1. 4. Тұтынулар, игіліктер, ресурстар және факторлардың түрлері
өзара байланыстары мен мәні
1. 5. Қоғам алдында тұрған экономиканың негізгі проблемалары
1. 6. Экономикалық жұмыс айналымы
1. 7. Экономикалық заңдар мен категориялар: мәні, түсінігі
1. 8. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
1. 9. Меншіктегі экономикалық қатынастар және оның негізгі формалары
1. 10. Қоғамдық шаруашылық және түрлері
ІІ. ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2. 1. Тауар және оның қасиеттері
2. 2. Ақшаның мәні
2. 3. Ақшаның қызметтері
2. 4. Ақшаның түрлері
2. 5. Нарықтың мәні және құрылымы
2. 6. Инфляцияның мәні және түрлері
2. 7. Нарықты құру заңдары
2. 8. Экономикалық өсу
2. 9. Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері.
2. 10. Халықаралық сауда.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады.
Менің курс жұмысымның негізгі мақсаты экономикалық өсуді зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
І. ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘН МАҒЫНАСЫ
1. 1. Экономика ғылымының даму кезеңдері.
Экономика - көне ғылымдардың бірі болып саналады. Оның тамырлары б. э. д. 5-3 ғ. ғ. Көне Шығыс елдерінде Әлемдік қоғам дамуының үшінші сатысы қалыптаса бастаған кездерде жатыр.
Өндірістік қызметтер туралы мәліметтердің жинақталуына және олардың дамуына Ежелгі Грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт өте үлкен үлес қосқан. Нәтижесінде, (б. э. д. 384-322жж) Аристотель «экономия» терминін қолданысқа енгізген (оның тура аудармасы грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу туралы ғылым»), кейіннен одан экономика термині де шықты.
Мағынасына атауы жақсы сәйкес келеді. Ойкономия - гректерде үй мен шаруашылықты жүргізу туралы ойлар мен пікірлердің ортаға салынуы болып табылады. Бұл жерде «үй» деген сөз астарында құлиеленушілік шаруашылық мағынасы жатыр, ал басты мәні құлдардың арзан күшін пайдаланып, «үйдің» байлығын көбейтуді қамтамасыз ету.
Экономика ғылым ретінде 16-17 ғғ шықты. Оның бірінші даму бағыты меркантилизм (италян тілінен аударғанда merkonte - саудагер) . Меркантилизм - байлық көзі сауданы дамыту, ақшаға не айналса сол байлық; экспорт көлемін импорттан асырып түсуге ұмтылған бағыт. Ал, сол кездегі ақша алтын болғандықтан, нағыз байлық - алтын деп білген. Негізін салушы Антуан де Монкретьен.
Меркантилизм дамудың екі сатысынан өтті.
16-шы ғасырда - Ерте мерк-зм - ақша балансы. Талабы - импортты қысқарту, алтын мен күмісті елден сыртқа шығармау, яғни ол монетарлық меркантилизм (барлығын ақшаға айналдыру) .
17-ғасырда - жоғардағының орнына сауда меркантилизмі келді. Басты бағыт экспорт импорттан асып түсу керек деп санайды. Екі мерк-зм де елдің гүлденуін экономикаға тікелей мемлекеттің қатысуымен байланыстырады. Алайда кейінгі мерк-зм абсолютті тү. рдегі шектеу саясатын жоққа шығарады.
17-ғасырда экономика ғылымының саяси экономия деген атауы да шығып үлгерді. Меркантилизмнің өмір сүру барысында айтылған жеке ойшылдардың идеялары классикалық саяси экономия деп аталатын жаңа бағыт п. б. негізін салушылар Англияда У. Петти және Францияда П. Буагильбер. Олар классикалық мектепті оқу негізінде жатқан еңбектік құн теориясының іргетасын қалады.
Классикалық саяси Экономиялық өмірдің бірінші мектебі, біртұтас теориялық концепциясын бірінші рет физиократтар мектебі ұсынған. Физиократтар мектебі Францияда 18-ғасырда Франсуа Кенэ және Анн Робер Жан Тюрго жетекшілігімен құрылды. Оларлдың ойынша, айырбас байлық көзі бола алмайды, сауда қажеттілікті тек алмастырады, бірақ шығармайды. (Аударғанда физиократия - «власть природы», яғни «табиғат билігі» д. б. ) . Таза пайда тек ауыл шаруашылық негізінді ғана туады, ал өндіріс сол затты ештеңе қоспай тек өңдейді. Ф. Кенэ концепцияларына қарағанда, ол экономикалық өмірде үш класс қатысады деген:
1) өндіргіш топ (диқандар) ;
2) Жеке меншік тобы (жер иеленушілер)
3) қарапайым топ (жалданған жұмысшылар, ірі-ұсақ саудагерлер)
Былайша айтқанда физиократтар мектебі меркантилистерге қарсы болды. Экономиканы мемлекет бақылай алмайды деген ұран ұстанған. (Физиократтар «адамдардың өз істерін өздері істеуіне және сол істердің өз қозғалысымен жүруіне мүмкіндік беріңдер», -деген. ) . олардың басты жетістігі - бірінші рет қоғамдық өндіріске анализдеу әдісін сәтті қолданған. Адамдар мемлекетке салық төлейді, ал мемлекет олардың қорғанысын, бостандығын, құқығын қорғайды. Мемлекет пен халық арасындағы қатынастар солай орнауы тиіс.
Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы 1776 жылы өзінің атқты «Табиғат туралы зерттеулер және халықтардың байлықтарының себептері» деген кітабын жазып шығарған экономист Адам Смитт (1723-1790) және Вильям Петти, Давид Рикардо. Оның ілімі: бүтіндей нарықтық экономика мен еңбектік құн теориясына негіз болды. Ол бірінші рет экономика туралы білімдерді жүйеленген түрде ұсынды. Сондай-ақ: 1. Онда зерттелу үстіндегі экономикалық құбылыстың терең мәніне үңілуге мүмкіндік беретін абстракциялау әдісін енгізген; 2. Еңбектік құн теориясының негізін салған; 3. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндіріс механизмін зерттеген; 4. Экономикалық құбылыстарға жетекші ықпал ететін заңдарды түсіндіруге тырысты; 5. Экономикаға мемлекеттің қатысуына қарсы тұрды, яғни сауда еркіндігін талап еткен. А. Смитт физиократтар сияқты байлық көзін өндірістен көреді, бірақ та құндылықтар тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес кез келген басқа да салалардан шығуы мүмкін деп санаған. Смитт экономикалық құбылыстарды түсіндіру барысында экономикалық ойлардың іргетасы болып саналатын «экономикалық адам» моделін қолданады. Ол барлық экон. Процестер негізінде адамның эгоизмі жатыр деп санайды. Жеке тұлғалардың әрқайсысы шекті пайдаға дәнігіп барып, ортақ игілік пайда болады. Осы жерден қазіргі неоклассик-экономистердің де туы болып табылатын «көрінбейтін қол» концепциясы пайда болады. Оның арқасында жеке адам өзінің пайдасы үшін нарықта жұмыс істей отырып, жалпы қоғамға да пайдасын тигізеді. Негізінен ол көңілін еңбектік құн теориясына көп бөлген. Смиттің пікірі, нарықтық баға ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен құрылады, ал олардың негізі еңбекпен анықталатын тауардың нақты бағасы. Осылайша, құн өлшеуіш көзі б. т.
19-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Сисмонди мен Прудона еңбектерінде ұсақ буржуазиялы саяси экономия қалыптаса бастаған, бірақ ол тек ұсақ тауар өндірушілердің көзқарастары мен пікірлерін көрсеткендіктен, экономикалық даму заңдарын аша алмай, сол себепті жалғас таба алмаған.
Өзінің бірнеше томдық «Капитал» кітабында ғылыми социализм туралы жазған неміс экономисті және философы Карл Маркс (1818-1883) жұмыстарында Смиттің ілімі өз жалғасын тапты. Сондай-ақ А. Смитт идеялары маржинализм теориясын жасаған австриялық метептер экономистерінің және математика мектептерінің экономистерінің жұмысында да дамуын жалғастырған. Маржинализм - кез келген өнімнің құндылығы адам тұтынуын қанағаттандыру дәрежесіне байланысты анықталады. Ағылшын тілінен аударғанда шектеулі деген мағынаны білдіреді. Осы концепцияларды әрі қарай зерттеп, Маркс қосымша құн теориясын енгізді.
Қазіргі күндерде ағылшын-американдық әдебиеті «экономиксте» экономикалық ғылым кеңінен таралған экономикалық теория атауын алып жүр. «Экономикс» терминін алғашқы рет өзінің «Экономикс принциптер» деген еңбегінде ағылшын экономисті Альфред Маршалл (1842-1924) енгізген.
Бүгін де бұл үш терминнің қазіргі экономикалық ғылымның теориялық аспектілерін көрсететін синонимдер ретінде қарастырылатыны туралы американдық экономисті Пол Самуэльсон пікір айтқан.
Қазіргі экономикалық ғылымда ескі классикалық мектеп пен үш жаңа бағыттардың синтезі байқалады. Қазіргі замандағы экономикалық теория өте үлкен бағыттар, мектептер мен ағымдар көлемімен сипатталады. Негізгелері:
- Неоклассикалық бағытклассикалық мектептің түп тамырынан таралады. Нарық пен бәсекелестік туралы - экономиканың нағыз дамуы мен құрылуының шарты деп қарайды. Нарықтық экономиканың өзін-өзі жүргізуі экон. дамудың сапалы жолы және мемлекеттің араласуы экон. теңдікті бұзады, шекті пайда мен өнімділік теорияларына негізделген бағыт.
Институциалды-әлеуметтік бағыт шаруашылық өмір проблемаларын шешу. Осы бағытпен бірге меншік құқығы, қоғамдық таңдау, неоиндустриялық қоғам және глобалистика теориялары пайда болған. Негізін салушы американ экономисті Тростейн Веблен б. т.
- Кейнсиандық бағыт, өзінің құрушысы ағлшын экономисті Джон Мейнард Кейнстің (1883-1946) құрметіне атлаған. Кейнсиандік - қазіргі кезде де мемлекеттің қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасына деген сұранысты арттырып, не кеміту арқылы нарықтық экономиканы қалыпқа келтіріп отыру болып табылады. Бұл бағыт саяси экономияда «кейнсиандық революция» деп аталады.
- Монетарлық теория сапалы түрде дамиды. Мақсаты антикризистік шаралар жасау; Қаржылы-несиелі жүйені, ақша айналымын, сұраныс жоғарлау үшін инфляцияны қолдана отырып, экономикалық белсенділікті арттыру.
- Институттік-әлеуметтік. Зерттеу объектілері коорпарациялар, кәсіптік ұйымдар, мемлекет. Негізгі көңіл адам құндылықтарына бөлінген. Экономиканың милитаризациялануына, қоғамдық өмірдің идеологиялық қозғалысына қарсы жүріп, мемлекеттің өнім кепілдігін беретін жоспарлауын, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың кеңеюін, технологиялық жұмыссыздыққа байланысты жұмысшылардың қайта мамандануын жақтаған. Ақпараттық қоғамдық және индустриалды теориялары ерекшеленеді.
1. 2. Экономикалық теория пәнінің функциялары мен әдістері.
Экономикалық теория пәнінің 5 негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады:
- Ғылыми-танымдық функ. Адам эконом. Ғылымды зерттеу барысында қоғам өмірінің негізі болып табылатын өндіру, бөлу және материалдық игіліктер мен қызметтерді пайдалану сияқты процестерді таниды. Яғни түрлі эконом. фактілердің, құбылыстардың және процестердің сипаттамасы.
- Практикалық (құрылымдық) . Шаруашылық қызмет процесінде істейтін адамға эконом. заңдар мен принциптердің ықпалы жоқ. Эконом. саясатты қалыптастыру үшін экономистердің алға қойған байлықты арттырып, жақсы қоғам қалыптастыру б. т.
- Критикалық (идеологиялық) . Эконом. өмірдің формаларына не объективті не позитивті баға беретін; белгілі проблемаларды шешу, ағымдағы эконом. жүйенің әділетті-әділетсіздігін тексеретін, оны не жетілдіру, не алмастыру қажеттіліктерін қарастырады.
- Прогностикалық - терң білім мен эконом. заңдарды анализдеу мүмкіндігі адамға микро- және макродеңгейдегі фактілер, процестер, құбылыстарды таныған соң экономистер болашақ баға, құн, тенденция өзгерістеріне ғылыми болжам жасауы.
- Методологиялық. Бұл аспктісінде эконом. ғылым не істеу керек екенін ғана көрсетпейді, сондай-ақ нені болдырмау керек екенін көрсетеді. өзінің даму барысында методология түрлі жолдармен қозғалған; солардың ішіндегі ең белгілі:
- рационалдық - экономиканың нақты және рационалды заңдарын ашығу бағытталған болатын.
- Субъективті - негізгі зерттелудегі объектіде адам шаруашылықты жүргізетін субъект ретінде қарастырылады.
- Эмперизмдік - эконом. өмірдің нақты фактілерін терең зерттеуге негізделген. Экономикалық модельдер, микро- және макроэкономика осы атлған жолдың нәтижесі болып табылады.
- Диалектикалық - түрлі құбылыстардың қозғалысы және дамуы туралы анализді қажет ететін, эмпиризмдік тәжірибені аз деп санауға негізделген. Бұл әдіс К. Маркс ілімінде негіз алып, жүзеге асқан.
Қазіргі замандағы методология жоғарыда көрсетілген барлық өзінің әдістерін қолданады.
Экономикалық теория пәніндегі бірнеше әдістердің ішіндегі ең қолайлысы абстракциялық әдіс.
Абстракциялық әдіс - экономикалық құбылыстың анализдеуін жеңілдететін, оның жанама жақтарынан ең бастысын, яғни мәнін ашатынжақтарын бөліп алып, оны терең зерттеуге, сол эконом. процеске енуге қолданылады.
Анализдеу - эконо. құбылыстың ерекшеліктерін бөліп алу үшін, қарапайым құбылыс элементтерін ойша күрделі біртұтас түрде қарастыру. Синтездеу - жекелеген және анализденген дара элементтерді біртұтас түрге біріктіру. Эконом-ң ендігі бір әдісі индукциялық әдіс . Бұл дегеніміз теориялық жағдайлар мен принциптерді фактілерден ажырату, ойдың жеке түрінен жалпы түріне өту. Осыған қарсы тағы бір әдіс дедукциялық әдіс , яғни керісінше фактілерден теориялық ойға өту және жалпы ойдан жеке ойға көшу б. т. . Салыстыру әдісі - эконом. құбылыстардың ұқсастығын немесе айырмашылықтарын анықтау. Аналогиялық әдіс - белгілі құбылыс қасиеттерін белгісізге көшіру. Гипотезаны қолдану - құбылыстар мен процестердің себептері мен байланыстары туралы ғылымға негізделген ұсынысрады алға шығару.
Жоғарыда атлаған әдістер формальді-логикалық болып табылады. Олармен қатар келесі әдіс де қолданылады.
Экономикалық-математикалық моделдеу - экон. құбылыстар мен процестерді теңдеулер жүйесі, график, схема түрінде сипаттау. Сол арқылы басты ерекшеліктерін жанамалардан бөліп көрсету.
1. 3. Экономикалық жүйелердің мәні мен түрлері.
Жүйе - оның ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың негізінде белгілі біртұтас құрайтын көптеген элементтер.
Экономикалық жүйелер (economic systems) бүтін нәрсені, қоғамның экономикалық құрылымын; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын қарым-қатынастар бірлігін құрайтын, өзара байланысқан эконом. элементтер жиынтығы. Қазіргі заманда экономикалық жүйенің дәстүрлі экономиканы қоспағанда үш негізгі түрлері бар: Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика.
Дәстүрлі экономика - атауының өзінен белгілі; Не? Қалай? Кім? деген сұрақтарға жауап елдің салт-дәстүрлеріне беріледі. Мысалы, Үндістанда осы эконом. жүйе түрі: егер әкесі көпес болған жағдайда, мұра етіп қалып баласы да көпес болып іс жалғастырады.
Жоспарлы экономика (command economy) - өндіріске мемлекеттің меншігіндегі құралдар пайдаланылатын, эконом. шешімдерді ұжымдасып жасау, мемлекеттік жоспар бойынша орталықтандырылған басқару жүйесі. Оған тән белгі өндіріс монополиясы, техникалық прогрестің бәсең жүруі.
Бұл жүйеде инженерлерден, экономистерден, компьютер мамандарынан, өнеркәсіп өкілдерінен тұратын жоғары деңгейде маманданған жоспарлаушылар топтары кеңесі бойынша экономика салалары үшін жоспарлар құрып, оларды іске асыратын саяси басшылар шешім қабылдайды. Бұл жүйе санға жауап береді, яғни экстенсивті жүйе деп аталатын болады.
Нарықтық экономика (market economy) - жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекелестікке, пайда артынан түсуге негізделетін жүйе; ол жеке мүдделерге сүйеніп, үкіметтің араласуын шектейді.
Қоғамның тарихи даму барысында экономикалық еркіндік нығая түседі - жеке тұлғаның экон. игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және пайдалану арқылы өзінің мүдделері мен мүмкіндіктерін белсенді орындай алады. Ол Не? Қалай? Кім? деген сұрақтарға жауап көптеген тұтынушылар мен сатушылардың әрекеттерін жинақтай беретін шаруашылық болып табылады.
Нарықтық экономика біріншіден, тұтынушыға нарықтағы тауар мен қызметтерді таңдауға еркіндік кепілдігін береді. Өз еркімен қанаусыз орындалатын айырбас тұтынушының егемендігінің шартына айналады.
Өз мүдделеріне сәйкес өз ресурстарын бөледі және өзінің мүмкіндіктері мен капиталының масштабтарына қарайтауар мен қызметтерді өндіру процесін өз бетімен ұйымдастыра алады. Бұл кәсіпкерліктің еркіндігін білдіреді.
Жеке қажеттілік экономиканың басты себебі мен қозғалу күшіне айналады.
Тұтынушылар үшін бұл қажеттілік пайдалылық максимум болса, өндірушілер үшін - ақшалай пайда максимумы. Нәтижеснде, таңдау еркіндігі бәсекелестік негізі болып шығады.
Аралас экономика (mixed economy) - мұнда жоғарғы екі жүйенің элементтері араласып келген қоғамдық шаруашылық типі, яғни нарық механизмі мемлекеттің белсенді қатысуымен толықтырылады.
1. 4. Тұтынулар, игіліктер, ресурстар және факторлардың түрлері,
өзара байланыстары мен мәні.
Экон. теория ең алдымен экон. тұтынулар мен оларды қанағаттандыру тәсілдерін зерттейді . Экономикалық тұтынулар - экономикалық қызметтерге тартатын адамның ішкі қалаулары. Олар екі түрге бөлінеді: бастысы, ол адамның өмір қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтынулары (тамақ, киім және т. б. ) ; қосалқы, оған қалған тұтынулар жатады (бос уақытты өткізу, көрмеге, киноға бару және т. б. ) .
Басты тұтынулар бірін-бірі алмастыра алмайды, қосалқылар алмастыра алады. Бірақ қоғам дамуына қарай басты және қосалқы тұтынулар да, сондай-ақ олардың арақатынасы да өзгеріске ұшыраған. Қоғамның экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты үй шаруашылығының жалпы шығындарына қараса, азық-түлікке кететін шығындар қысқарып, ал техникаға, қыдыруға арналған шығындар өсіп келеді.
Тұтыну - адамдардың өмір сүруіне керекті жетіспеушіліктері немесе қажеттіліктері. Адамдардың сұраныстары қоғамдық экономика мен мәдениеттің дамуымен қатар өсіп келеді.
Түрлі пайдалы заттардың шығарылуы адамдардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. ҒТР-дің дамуы кәсіпкерліктерде заттар әлемін және қоғам мүшелерінің өмір ретін жаңалауда, олардан тағы да басқа сапалы тұтынуларды тудырады. Мысалы, бірінші рет видеомагнитофон шығарылып, сатыла бастағанда көптеген адамдар сол затты өзіне алуға деген ынта білдірген. Тұтынудың бірнеше деңгейлері бар:
- физиологиялық тұтынулар - тамақ, су, киім, тұрғын-үй және т. б. заттарға деген қажеттілік.
- Қорғанысты тұт-у - жаулардан, қылмыскерлерден, ауырғандағы көмек және кедейліктен қорғауға қажеттілік.
- Әлеуметтік қарым-қатынастағы тұтынулар - мүдделері жақын, достық, махаббат қатынастардағы адамдардың бір-бірімен араласуы.
- Сый-құрмет тұтынуы - қоғамда белгілі бір орын ала отырып, басқа адамдар тарапынан сый-құрмет, өзін-өзі сыйлау.
- Өзін -өзі дамытудағы тұтынулар - адамның мүмкіндіктері мен қолдан келетін жетістіктерін орындау үшін қажеттіліктер.
Адамдардың тұтынуларын қанағаттандыратын материалдық құндылықтар игіліктер деп аталады. Олардың кейбіреулері табиғатта өте көп кездеседі деп айтса болады, ал кейбіреулері шектеулі болып келеді, олар экономикалық игіліктер деп аталады. Олар негізінен заттар мен қызметтерден тұрады. Экономикалық игіліктер екіге бөлінеді: көп уақыт пайдаланылатын - ұзақмерзімділер және бір рет пайдалануға жарайтын азмерзімдік.
1. 5. Қоғам алдында тұрған экономиканың негізгі проблемалары.
Экономиканың алдында тұрған басты проблема - шексіз материалдық тұтынулар және оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруға ресурстардың шектеулігі мен сиректігі. Оны шешу мақсатымен өндіріс факторларын дұрыс бөлудің дұрыс жолдарын табу болып табылады. Кез келген қоғам өзінің өндірістік мүмкіндіктерін біле тұра келесі үш сұраққа жауап бере алуы тиіс:
- Қандайтауарлар мен қызметтер қандай мөлшерде өндірілуі тиіс?
- ОлардыҚалайөндіру керек?
- Ол тауарлар мен қызметтерді тұтынуға (пайдалануға) Кімсатып алады?
Жеке адам өзін қажетті тауарлармен түрлі жолдар арқылы қамтамасыз ете алады: оларды өзі өндіру; басқа игіліктерге айырбастау; оларды сыйлыққа алуына болады. Ал жалпы қоғам барлығын бір мезгілде ала алмайды. Сол үшін қоғам ең қажетті нәрсені таңдайды, ал сәл біраз уақыттан соң күтуге болатын заттарын алады, ал кейбіреулерінен мүлдем бас тартады.
Сонымен қоғам алдындағы ең басты проблема - шексіз тұтынулар мен шектеулі ресурстар жағдайында өндірістің қолайлы көлемін анықтау болып отыр.
Дамыған елдер басқа елдермен бәсекелестікте алға шығу мақсатымен бар күштерін салып шектеулі тауарлар шеңберін жақсартуға, яғни кеңейтуге ұмтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz