Жар таңдау және отау тігу


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖАР ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОТАУ ТІГУ

«Әйелің жақсы болса- бірінші - иманың, екін ші - жиғаның, үшінші - ырысыңның тұрағы »

Төле би

§ 1. Жар тандау

Некеге тұрып, үй болу - үлкен адамгершілік пен зор рухани құндылықтардың бірі. Бірін-бірі сүйген екі жастың болашақта бірлесіп өмір сүруге талпынуы, шынайы махаббаттың моральдиқ көрсеткіші. Некелесу үшін тек іңкәрлік сезім жеткіліксіз. Ол - алдымен, некенік хүктық негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялык даярлықтың болуы, үй ішінде тіршілікке қажетті тұрмыстық дағдыларды игеру, өмірге ұрпақ келтіріп, оны өсіріп, бағып-қағып, тәрбиелей білу. Ғасырлар бойы қа-лыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлеріне сәйкес халқымыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, өсіп-өнген. Бұл салада жинақталған мол тәжірибе бар. Олардың біразы күні бүгінге дейін ұрпақтан-үрпаққа жалғасып келеді.

Қазақ халқы ұл баланы «он бесінде (кейде он үшінде) отау иесі» - дейтіні де осыдан болар. Келін түсіріп, қыз ұзататын үйлердің әңгіме-жыры, іс-әрекеті көбінесе осы мәселелердің көкірегінде болады.

Жар таңдау, келін түсіру мәселесіне халкымыз қай кезде де жеңіл-желпі қарамаған. Бұл жөнінде бізде қалыптасқан толып жагқан салт, дәстүр, сан алуан рәсімдер бар. Мәселен, қыз көруге, жар таңдауға соншалықты күрделі талап қойғанда, жұртымыз көшпелі елдін тыныс-тіршілігінен туындайтын наным-сенімдерді басшылыққа алған.

Әдетте, әрбір бозбала үшін өз отауының шаңырағын көтеріп, үй болу шарасы қыз көруден, жар тандаудан басталады. Үйленетін жігітке оның жақын достары, туыс-тумалары, кұда-жегжаттары, нағашы-жиендері, әсірссе, жеңгелері мен жезделері бұл істе қолынан келген көмегін аямайды. Осыған орай жігіт, алдымен, болашақ қалыңдығы туралы әр түрлі мәліметтер қарастырады. Айталық, қай елде, қанша жерде, қандай бойжеткен ару бар, жасы қай шамада, болашақ қалыңдықтың ата-тегі, ру-тайпасы, оның жаңа жұртқа қандастык, жақындығы, қыз елінің ұлағатты адамдары: батыр-мырзалары, болыс-билері, шежіре-шешендері, қыздың әке-шешесі, олардың қадір-қасиеті, жақын-туыстары, нағашы жұрты, олардың тыныс-тіршілігі; қыз тәрбиесі, іскерлігі, шаруаға бейімділігі т. б. еске алынып, оларға ерекше мән беріледіОсы тұстағы ерекше көңіл бөлінетін бір жайт - жеті атаға дейін кыз алыспау мәселесі. Қазақтар бір рудың (әулеттің) екі жасы біріие-бірі ғашық болып, әке-шеше, туыстарының айтқаиына кенбей, үйленетін болса, оларды тас лақтырып өлтіруге дейін барған. Бұл тағылык емес, келешек ұрпақ қамын ойландыратын, оның дені сау, зерек, ақылды болуына зор жауапкершілікпен қарағандықтың белгісі.

Өйткені, қаны жақын туыс адамдар бір-бірімен қосылса, олардың ұрпақтары не соқыр, не керең, не ақыл-есі кем болып туатынын халқымыз ежелден білген. Осы айтылғанның ғылыми негіздері генетика (тектану), әсіресе, дәрігерлік тектану ғылымының қағидаларымен үйлеседі. Жер бетінде қаншама адам болса, олардың түрі мен ұлты да сан алуан. Сондай-ақ, қазақтың, баласы қазаққа, негрдің баласы негрге ұқсап туа-тыны, баласының әкесі мен шешесіне тартатыны да сезсіз. Өйткені, әр адамның өзіне тән белгілері (көз, құлақ, ауыз, пішіні, бет әлпеті, түрі-түсі т. б. ), яғни тек арқылы беріледі. Ғылым қаны жақын туыстардын, некелесуінен өлім-жітімнің көбірек болатынын да анықтап отыр. Олай болса, осы кезге дейін сакталып келген, ғылыми жағынан дәлелденген халқымыздың жақын рудан Қыз алыспайтын әдет-ғұрпын адамзат, өркениетті елдер алдында мақтаныш етуге тұрарлық ұлттық тәжірибе деп қарауга әбден хақымыз бар.

Ата-ананың, ақыл-кеңесінен кейін болашақ күйеу жарнына ең жақын дос-жарандарын ертіп, қыз еліне аттанады. Ел арасында не көп, той-томалақ көп. Олар қыз-бен танысуға жақсы сылтау. Қейде «құдайы қонақпыз» деп, қыз ағалары үйде жоқ кезде сол отауларға барып қона жатып, қызды сол үйде кездестіреді (мәселен, «Абай» ромавындағы Тоғжан ағасының үйіне ұрлана келген жігіт - Абай секілді) . Сондай-ақ қыз көретін жігіт белгілі жердің баласы болса, оған жолшыбай әр жерден әнші, күйші, қобызшы дегендей өнерлі жігіттер қосылады. Ондайларды барған жері кол қусырып қарсы алады, мал сойып, құрмет көрсетеді. Жастар жиналған жерде ән салынып, күй тартылып, «қонақ кәдесі» жасалынады. Кейде өнерлі жігіттер көңілі жарасса, бір ауыл да бірнеше күнге дейін кідіріп қалатын кездері де болады. Қызға жігіт ұнап қалса, оған өз қолымен тіккен кестелі орамал сыйлайды. Көңілі көншіген жігіт кызбен уәде байласып, кешікпей жаушы жіберетінін айтып, кыз аулынан көңілденіп аттанады. Қыз көру ылғи да жігіт үшін сәтті бола бермейді. Не жігітке қыз ұнамайды, не қыз жігітті менсінбейді. Мұндай жағдайда күйеу жағы бұрын келіп білмеген басқа жаққа аттанып, «қыз көру» сапарын әрі қарай жалғастыруына болады. «Қызды мың адам көріп, бір-ақ адам алады» дейтін аталы сөз осыдан қалса керек. Қазақ ғұрпында қыз жігітке ұнағанымен, шын мәнін де мәселені оның әке-шешесі, тума-туыстары ақылдасып шешкен. Мәселен, болашақ келіннің келбеті мен көркі, сыр-сымбаты каншалықты тартымды болғанымен, оның ата-тегінен, тәлім-тәрбиесінен, мінез-құлқынан, кісілік қасинеттерінен азды-көпті ақау байқалса, ондай ару бүкіл елді де, жігітті де ойландырған. Осы айтылған жағдая тұрмыстың бірі жан-жақты ескеріліп, еркшеліп болған соң ғана жігіттін, әкесі жөн білетін, сөз ұғатын ет жақын туыстарының бірін қыз еліне арнайы жіберетін. Мұндай адам, көбінсе, қыз елінің салтын, жай-жапсарын жақсы білетін кіеі болуы керек.

Әдетте, өзінің кайын жұртының ішінде жүрген, «күшік күйеулер» мұндай міндетті атқа-руға оңтайлы болды. Себебі күйеу жігіттін, және жаңадан болатын кұдалардың жағдайын олармен бірге араласып жүрген жездесінен артық білетін адам табылмайтын. Онын, міндеті - қыз әкесің алдынан өтіп, оный жігіт жағымен құда болуға келісімін алу. Ер бала бойжеткеннің басы бос болып, қыз әкесі кұда болуға көнсе, өзінің мүмкіншілітше карай әлгі адамға (жаушы) сый-сияпат жасап еліне қайтарады. Жаушы қашан қай жерде, жылдың қай мезгілінде кұда түсуге күйеу жақтың келетіні жөнінде келіседі. Екі ел арасындағы құдалықтың ірге тасы, ең алдымен, осылайша қаланатын. Осыдан былай қарай екі жағы да «кұда түсу» рәсімі

• міне қызу дайындалады. Жігіт әкесі ауқатты болса, ез

• нсакындарын (дос-жолдастары, құда-жегжаттары, нағашы-жиендері) жинап алып, олардың ең таңдаулы сыи құда тусуге өзімен ертіп апарады. Беделді адамдардың куда тусу рәсіміне катысу ел арасында үлкен абырой- атак, дәреже болып есептелді, Бұл рәсімге шақырылмай калған жақындары өкпелеп, реніш те білдіретін. Құда түсу рәсіміне қатыскандарды, әдетте, жігіт әкесінің өзі бастап барады. Қазақ дәстүрінде құда - ең сыйлы адам. «Құдаңды құдайдай сыйла» деген сөз соған орай айтылған. Жігіт пен бойжеткеннің әкелері «бауыздау құда» деп қаталады. Ерте кезде құдалықты бұзбау ушін анттасқан да «ақсарбас» айтылып, оның бауыздау қанына бас кұ-далар алақанын батырып, бір-бірінің колдарын қысысатын болған. Одан соң сол қанға найзаларының ұшын батырып, «қанымыз бен жанымыз косылды, мың жылдық кұда болдық» деп бірін-бірі құттықтаған. Жігіт пен калындықтың ет жақындарымен қатар, жалпы руласта да біріне-бірі кұда болып саналады. Кейде олардың да жастары бір-бірімен танысып, екі рулы елдің арасындағы құдалардың саны көбейіп те кетеді. «Күйеу - жүз жылдық, құда - мың жылдық» деген мақал осы саны көбейіп, мерзімі ұзартылран кұда байланысты мегзейтін болуы керек. Құдағилар болса екі жақта да аяулы ана әрі беделі кушті жегжат ретінде ерекше кұрметтелсді. Олардың жаанына еріп жүрген туыстарының әйелдері де қүдағи-Мардеп аталады. Олар туыстық жақындығына, жас рекшелігіне, бәйбіше, тоқалдығына байланысты «үлкен құдағи», «кіші құдағи» деп аталады.

Отбасың өрбуі. Той аяқталған соң, жаңа отаудың өзіндік тарихы басталады. Отау егелерін - жас жұбайлар дейді. Жаңа шаңырақ көтерген отбасы барлық жағдайда жаратылған тіршілік сияқты, осал, морт келеді. Оны статистикалық мәліметтер дәлелдеп отыр; айырылысудың көбі осы кезеңде болады. Мұның себебі не?

Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер - оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Дауылдатып, шулатып, тына қалатын көктемгі нөсердей жеңілі де бар. Ренжісуден соң ұйқы жайсыз болады, көңіл жабырқайды. Ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады.

Екеуара қарым-қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі-зайыптылар бір-біріне өкпе-назын, ренішін жеткізеді. Ал соңынан майдалап кешірім сұрап, еппен шағын «шайқасты» әзілге айналдырады ашуланған жарын еркелетіп, татулыққа жетелейді. Осындай, ұсақ-түйек үшін ұрыс-таласты асқындырып алмаудың жайын ойлаған дұрыс.

Екі мінез-құлықтың нағыз соқтығысы да болады. Оиіл тоқтатуға енді әзіл-қалжыцның әлі келмей қалады. Қарсыластар өзіне жақтастар жинауға кіріседі. Оның құрамына балалары, туыстары, достары кіреді. Әрқайсысы өзінің дұрыстығын жақтап, . жеңілгісі келмейді. Бір-бірінен өш алу, есесін жібермеудің амалын қарастырып, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау тауып отырады. Мұндай қақтығыстар жанды жаралап, екі ортаға сызат түсіреді. Татуласқан күнде де бітеу жарадай сыздап, ойдан кетпейді. Ұрыстың бұл түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайдылық өз міндетіне жауапсыздық т. б. себепші болатындықтан «татулық та оңайлықпен қайта оралмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудын жолдарын таба білуге тырысу керек. Бұл істі белгілі ережелерді сақтай отырып, ақылмен жүзеге асыруға болады. Ол ережелер:

Бірінші : кақтығыстын неден басталғанын, себебін анықтау керек. Ең қиыны, ұрыс әбден өршігенде, алғашқы себебін анықтап көр. Алдымен себеп айтылады, ал оны қалпында түсіне қоймай, қарсыласып, ерегесіп бұрынғыдан да бетер дауды өсіре береді. Кім не үшін риза емес екендігін анықтаудан бастау керек. Ренішті жұбай-ұрыстағы негізгі тұлға. Ол отбасы шырқын бұзушы «агрессор» емес. Ол жәбірленуші және басқалардан көмек күтуші. Оны тек осылай түсінуіміз керек. Ал әрі қарай оны шын ниетімізбен, ойын жинақтап нақты айтуға тырысқын.

Екінші : Ұрыстын, негізгі себебімен, оны тудырушы фактіден ауытқымау керек. Барлық ренішті жағдайларды бір уақытта жиып-теріп шеше алмайсыз. Үрыс неден шықты, ол туралы кім қалай ойлайтынын өзара кекетпей, мұқатпай тыңдап, кезқарастарын қалыпқа келтіруге, түсінісуге тырысу керек.

Үшінші: Қақтығыс кекетіп-мұқатып, бірін-бірі төмендету, жәбірлеу түрінде емес, кеңесіп талдау түрінде өтуі қажет. Сол сияқты таласқа үшінші адамды, балаларын, туыстарын және таныстарын қатыстырмау керек. Олар еріксіз түрде біреуіне жақ болып, аралық теңджті бүза-ды. Әсіресе ата-аналарынын. «соғысы» балаларына қатты батады, сондықтан оларды араға түсірмей, керісінше, сездірмеуге, керсетпеуге тырысу керек. Айқай-шусыз, дауыс көтермей, салмақты ақылдылықпен келісу керек.

Төртшші : Кешірімді болу. Қарсыласып ұрысты өршіте бермей, кей кезде өзін өзі тежеп, серігін тыңдауға тырысу керек. Серігінің кей пікірлерімен келісіп, оның қойған талабын орындаған дұрыс. Ал талап қойған адам ел бойына бір жола бағындырып алудың жолын ойламай, жолдасының аз ғана мойын ұсынғанына қанағаттануы керек. Жұбайлық өмірде және басқа да қарым-қатынастарда ашық түрдегі эгоизм, бір беткейлік, кешірімсіздік келіспеушілікті тудырады және семьяның бұзылуына әкеп соқтырады.

Ерлі-зайыптылардың махаббаты мен жастардыц неке тіркеу орнына келу сезімінде айырмашылық бары даусыз. Бұл табиғи нәрсе. Адам өзгереді, онымен бірге оның сезімі де өзгереді. 15-тегі сүйіспеншілікпен, 25 немесе 50 жастағы сүйіспеншілік бірдей болмайды. Махаббат түр өзгерткенімен, отбасының әрбір жаңа кезеңі жаңа мазмұнымен толығады. Ол өзіне су жинаған өзендей кеңейіп, тереңдей түседі. Махаббат құмарлығына өзара түсінушілік арқылы көп жылдар бойы қалыптасқан достық қосылады да, ерлі-зайыптылар махаббаты ата-ана сезімімен байи түседі. Махаббаттан туған нәресте үшін жауапкершілікті жұбайлар жаңаша ұғына бастайды. Ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін түсінсе, ол ауырып жүре ме, көңілсіз жүре ме соны сезініп, оған көмектессе, оны жұбатса, сонда ғана олардың махаббаты нығая береді. Жақсы жұбайлар бірін-бірі түсінуді, зейін қоюды өмірді жеңілдетуді, қамқоршы болуды отбасының тыныштығы, жайлылығы арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Отбасылың қарым-қатынас ерекшелігін білумен бірге оны емірдің әр кезеңіне сақтай білуді де үйрену керек. Ол жұбайлар қатынасында ерекше шаттық сезім орын тебеді, күш-жігері артып тау қопарарлық сенім пайда болады. Махаббаттың шабытты күші міне осындай.

Бірақ, махаббат болса қалғаны өзінен өзі-ақ келеді деп ойлауға болмайды. Жас жүбайлар ерте ме, кеш пе бірге тұрудың оңай емес екендігін түсінеді, Отбасындағы бақыт тек олардың отау құру сезімдерімен ғана емес, олардың ішкі қасиеттері - мейірімділігімен, адам сүйгштігшен, қамқоршылдығымен, туғандарына деген ізеттілігімен тығыз байланыста екенін аңғарамыз.

Жас жұбайларға тән қүбылыс - олар бір-бірін аз біледі, бірақ бірігіп тұрған кезеңде екеуі бұрынғы өмір сүру дағдысын бұзып, өз қосағының әдептеріне икемделуі керек екенін байқайды. Сондықтан, жас жұбайлардың алғашқы кездегі қиыншылықтары мен ерегестері, негізінен екі мінездің үйкелісінің «мен» дегеннің езара жұғысуының, сөйтіп ортақ «бізге» айналуының өтпелі кезеңдері. Бір-бірімен алғаш кездескен кезде жастар өздерінің жақсы қылықтарын көрсете біледі. Ал күнделікті тіршілікте өздерінің кемшіліктерін қашанғы жасыра береді. Р. Роллан «Суйген жан» деген шығармасында - адам қасындағы кісімен таңертеңнен кешке дейін отырғанда өзін өзі қаншалықты бақыласа да ақырында өзінің кім екендігін білдіріп қояды, - дейді.

Нақты адамның бейнесі, оны сүйген жанының ойлағанмен сәйкес келе бермейді. Сөйтіп сүйген адамның көңілі қалады. Содан кейін өзінің «қосағын» қайткенде де ойлаған жерінен шықса екен деген талап туады, соны жүзеге асыруға, әрекеттенеді. Бірақ ол алдағыдай шешімін таба бермейді. Бір отбасында мерекеге сыйлық әзірлеу дәстүрге айналған, ал басқа біреуінде оның керегі жоқ боп саналады. Жаңа тігілген отауда жанжал үшін осыдан артық себеп бар ма? Мысалы, жас келін мейрамда сыйлық аладаса өкпелейді. Осылайша ұрысып-керісіп қалуға болады. Некелесудің алғашқы жылында жас жұбайлар ұрыс-керісте бір-бірімен тіл табыса білуі керек. Қақтығыссыз отбасы болмайды. Олай болса, әр отбасындағы ұрыс-керіс проблемасы қалай шешілетінін қарастырайық.

Бірінші. Даудың ауқымын азайта білу керек. Яғни бұрынғы қателіктерді еске түсіртен, қазбалаған жөн емес. Сен ылғи естисің, осы сенің әдетің деген сияқты дазмырлықты қысқарту керек.

Екінші . Бір-бірінің кемшіліктерін тым әшкерлемей, жұмсартуға көрсетуге тырысу керек. Өмір тәжірибесі дөрекіліктің дөрекілік тудыратынын көрсетеді. Достық пейілсіз отбасы өмірінде қиыншылық молаяды.

Үшінші. Дауласқан кезде бірін бірі түсінуге, ұғынуға талпыну, түсінгенде, іштей түсіну, яғни оның орнына өзін қоя білу дұрыс. Өзінің қателігін мойындау, өзін өзі тежей білу де маңызды. Кез келген жанжал айғайсыз шешілуі тиіс. Ішің ашудан қыж-қыж қайнап жатқанын сезінсең, ең дұрысы - басқа нәрсеге көңіліңді аудару. Вольтер «Ыза кернегенде әрекеттенбеу де, сөйлемеу де керек» деп бекер айтпаған. Ең дұрысы дауды шешуді келесі күнге қалдыру керек.

Отбасындағы екеудің жеке отырып өзара керісуі өте сирек ұшырасады. Қақтығыс отбасының басқа мүшелерінің көзінше өтеді. Мүндайда, кейде, ата-ене араға түсіп, жанжалды қоздырады, тіпті өздерінің көзқарасын бірден айтып салады, күңкілдеп кімді жақтайтынын білдіреді. Ерлі-зайыптылар татуласуға бет алғанда енесі болған жағдайға өзінің көзқарасын айтып, жанжалды қайтадан өршітетіні де болады. Өкінішке орай, ата-аналар ақылға салуды ұмытып, дұрыс-бұрыстығына қарамай, әйтеуір өздерінен туған баланы жақтауға әзір тұратыны аз емес. Сондықтан да отбасы жанжалына екінші біреуді араластырмауды қарастырған жөн.

Ерлі-зайыптылар бірінші жылы егер ата-анасынан бөлек тұрса, осы уақыт ішінде-ақ отбасы емірінің бет-бедері анықталып қалады. Отбасының қарым-қатынасы қаншалықты дұрыс болса, некенің беріктігі де соншалықты нық болады. Жастар күнделікті емірде өзара табыса

ала ма әрқайсысының істегі жетістіктері екіншісін қызықтыра ма, бос уақыттары маңызды өте ме - осы сияқтылардың бәрі отбасы тағдырын шешеді.

Үй болу - ошақ қасынан басталады. Жас жұбайлар күнделікті қажеттіліктін келем, шама-шарқын дәл ой ластырып отыруы тиіс. Екеуі отыра калып күнделік, апталық, айлык, немесе маусымдық тұрмыс-тіршілік жоба-жоспарын жасағандары да жөн. Әрине ондай іс тізімі ұзақ боп шығады. Үй шаруасының көптігі маңызына. орындау уақытьша, кезегіке байланысты топтастыруға мүмкіндік береді. Талдау жасап, барлық шаруаны өзара белісіп алуға, кім қай шаруаға тұрақты жауап беретіндігін әрбір жұмыстын қай негізде орындалуын анықтап алуға болады. Мысалы, кірді жуатын жерге ері апарып, ал жинау үтіктеу жағын әйелі міндетіне алады. Ірі кірлерді жууға ері көмектессе, ұсақ-түйекті әйелі жуа салады. Айына бір рет олар көп сактауға болатын азық-түлік қорын жинастырады. Мұның өзінде ауыр жүк көтеру ерінің үлесіне тиеді. Аптасына бір рет екеуі дүкен аралап, бір аптаға тоңазытқышта сақтайтындай етіп сатып алады. Сонда күнделікті қажет нәрселерді сатып алуға уақыт көп кетпейді. Өйткені көп нәрсе сатып алмайсың.

Шаруанын, мұндай әдісі дағдыланбағандықтан, алғашында қиын болып көрінуі де мүмкін, бірақ міндеттерді бөлу жүйесі жұбайлардың жағдайына, бейімділігіне дағдысына қарай белгіленіп, өзгеріп отырса, үй шаруасын жоспарлау өз жемісін береді. Біріншіден, керек кезінде бос болу үшін, немен айналысатынды білесің. Екіншіден, шаруа жиналып қалмайды кенеттен туындамайды, өз кезегімен жүріп жатады. Осылайша кітап оқуға, кино көруге, сүйікті істерге уақыт табылады. Тұрмыстағы өзіндік тәртіпке әдеттену ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына да әсерін тигізбей қоймайды. Елмен араласуға, бос уақытты анықтауға мүмкіндік туады - өйткені үй шаруасы апта бойы бір калыпты орындалады, ал демалыс күндері кір жуу, үтіктеу, жинау, тамақ сатып алу сияқты істермен айналыспағандықтан шын мәнісінде демалысқа айналады. Үйдегі еңбекті қалыптастыру, ұйымдастыру күйгелектіктен сақтайды, жайбарақат жағдай жасауға көмектеседі. Үй жүмысын жоспарлау, сонымен катар, еркектің күші-қабілетін тиімді жұмсауға жетелейді, ал бірігіп жасаған тірлік отбасы ынтымағын нығайта түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз ұзату
Қазақ халқының салт дәстүрлері. Қазақтың төрт тойы
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Жеңге және жезде мектебі
ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ
Қазақ халқының отбасы тұрмысындағы діни дәстүрлер
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz